Здавалка
Главная | Обратная связь

Жана терминдер. Билік, легитимдік, харизма, монархия, республика, парламент.



5 Дәріс. Саясат субъектілері

6 Дәріс. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер

1. Саяси жүйе ұғымы, құрылымы

2, Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер, Саяси жүйе институттары

3. Тоталитаризм, авторитаризм

4. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режимдер.

5. Демократия туралы жалпы түсінік, демократияның антикалық, классикалық теориялары.

6. Демократиялық қоғамның белгілері.

«Жүйе» ұғымын XX ғасырдың 20-жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи. Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері бар. Д.Истон мен Г.Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді: 1 топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2 өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3 қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4 әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімделушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П.Шарон бұл төртеуіне бесіншісін – ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекеттерінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды. Солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.с.с. Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады.Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.

Саяси жүйенің құрылымы:Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1.Саяси институттар; 2.Саяси қатынастар; 3.Саяси ережелер; 4. Саяси мәдениет.

Саяси жүйенің жіктелуі:Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді пайдаланады. Саяси жүйені оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұндай топтастырулардың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы болады. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді. Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1.либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2. коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 3. дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4. дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5. авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

«Демократия»- сөзі гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен шыққан, яғни «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады.

1. Мемлекет түрі.

2. Теңдік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әр түрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғарғы билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгеріп отырады.

2. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны оындауда, т.с.с. теңдік болады.

3. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.

4. Демократияда сонымен қатар бостандық , еркіндік болуы керек.

Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д.V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда «халық кеңесі» жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с.

Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп қорықты.

Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны бесжүздік деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

Сонымен қатар халық соты жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды.

Афиналық демократия Периклдің (б.з.д. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді.

Демократия ежелгі Римде болған. Мұнда халықтық мінбе жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ , себебі қоғам адам өміріне араласты.

Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болады. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.

Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның «Шумпетерлік» теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойындағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:

1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдер тобы болуы тиіс.

2. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.

3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.

4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші қоюы керек

 

Жана терминдер: жүйе, саяси институт, мемлекет, саяси тәртіп, демократия, тоталитаризм, авторитаризм

 

7 Дәріс. Сайлаулар мен сайлау жүйелері

1. Сайлау жүйесі, сайлау науқанының тактикасы

2. ҚР сайлау жүйесінің типі

Сайлау жүйесі. Прогюрционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлык сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі. Сайлау науқанын ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанының стратегиясы. Сайлау науқанының тактикасы. Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (РК). Еліміздегі сайлау. Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар. Сайлау комиссиялары: республикалық Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары, округтік сайлау комиссиялары, учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау комиссиясының өкілеттілігі. Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері. ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау. Азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделері. Шешімдер қабылдау: әділ және тәуелсіздік. Кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметі. Сайлау округтері; бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық. Сайлау учаскелері.

Саяси сайлау технологиялары - сайлау науқанын басқару және сайлаушылар таңдауына ықпал ету технологияларының жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі блоктары: науқанның стратегиясын қалыптастыру, сайлау штабтарын құру және оны басқару, бұқаралық акцияларды өткізу, белсенділермен жұмыс жүргізу әдістері, үміткердің негізгі бейнесін (имиджін) қалыптастыру. Науқанды жүргізу дегеніміз:

Саяси сайлау технологиясы - БАҚ

1) саяси хал-ахуалды бағалау, үміткер мен қарсыластың әлді және әлсіз жақтарын, саяси кеңістік құрылымын талдау;

2) округтың электоралдық паспортын жасау (дауыс беру тарихын, негізгі аймақтық және әлеуметтік ерекшеліктерін, сауалнама нәтижелерін есепке ала отырып);

3) науқанның негізгі мақсаттарын анықтау;

4) электораттың мақсаттық топтарын анықтау және оларға талдау жасау;

5) науқанның негізгі идеяларын, тұжырымдарын дайындау:

6) сайлаушыларды негізгі идеялармен таныстыру әдістерін таңдау, үміткермен және оның өкілдерімен кездесулер, телефон, БАҚ, көшедегі жарнама, пикеттер ұйымдастыру, хат жіберу арқылы үгіт;

7) саяси жоспарлау - сайлау алдындағы белсенділіктің сызба-жоспарын құрастыру; 8) сайлау науқанының штабын құрып, бюджетін және т.б. жоспарлау.

 

8 Дәріс. Мемлекет және азаматтық қоғам

1. Мемлекеттің шығуы және оның мәні

2. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері

3. Азаматтық қоғам ұғымы

4. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілер

Мемлекеттің пайда болуы мен мәні. Мемлекеттік ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері. Әлемдік саясаттану қоғам өміріндегі мемлекеттің пайда болуы туралы. Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары: теологиялық және патриархалдық, қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо), «күш көрсету теориясы» (Л.Гумплович), марксистік теория. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің универсалды және негізгі институты ретінде. Оның басқа, тұрғындары, мемлекеттік аппарат, салық жинау құқығы.

Мемлекет функцияларының классификациясы. Әр түрлі елдердегі оларды жүзеге асырудың ерекшеліктері. Либерализм, плюрализм, марксизм, анархизм және кейнсиандық қоғамдағы мемлекет рөлі туралы.

Саяси мәселелерді шешу – мемлекет қызметінің ең қиын әрі жауапты сферасы. Қәзіргі әлемдегі мемлекет эволюциясының тенденциясы.

Мемлекеттік басқару органдары. Мемлекеттік аппараттың рөлі мен функциясы. Қәзіргі заманғы мемлекеттің негізгі функциялары.

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.“Билікті бөлшектеудегі” заң шығарушы, атқарушы, және сот жүйесінің өзара қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекет және оның қоғамдағы рөлі. Құқықтық мемлекет: пайда болу тарихы және қәзіргі зерттеу бағыттары. Демократиялық мәні мен принциптері. Құқықтық мемлекетті ұйымдастыру, негізгі белгілері және критерийлері. Қ.Р.-нда құқықтық мемлекеттің қалыптасу мәселесі.

Азаматтық қоғам- қәзіргі саяси ғылымның негізгі түсініктерінің бірі. Азаматтық қоғам мәселесінің тарихы, мәні, ұғым мазмұны, экономикалық негізі және саяси критерийлері. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланыс диалектикасы.

Азаматтық қоғамның қызмет ету және өзіндік дамуының шарты: демократиялық мемлекеттік құрылымдардың болуы, жалпыға ортақ нормалар (ережелер) мен процедураларды, заңдарды мемлекеттің қатаң ұстануы; қоғамда әр алуан дамыған әлеуметтік құрылымдардың болуы; тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының, сондай-ақ мәдениеттің және саяси мәдениеттің жоғары деңгейі.

Жана терминдер: мемлекет, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, унитарлық, федерация.

9 Дәріс. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

1. Саяси партиялардың пайда болуы

2. Саяси партиялардың жіктелуі

3. Партиялық жүйелер ұғымы

4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі ХVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек ХХ ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әртүрлі әлеуметтік топтардың сынынан өткен нағыз саяси партияға айналды.

«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.

Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкінділігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құра бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:

1. Аристократиялық үйірмелер.

2. Саяси клубтар.

3. Көпшілік партиялар.

Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін қорғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әртүрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.

Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.

Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:

1.Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;

Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін ұзақ, біріктіретін ұйым.

Партияның мақсаты — билікті қолга алып, жүзеге асыру;

Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Партиялардың өмір сүру ұзақтығы дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы сая­си партиялардың мынандай сипатты белгілері болады:

1.Партия бағдарламасының болуы;

2.Саяси билік үшін күрестің болуы;

3.Партиялық тәртіптің болуы;

4.Партияға мүшелік ету;

5.Мүшелік жарна төлеу;

6.Партияның жарғысының болуы;

7.Баспа органдарының болуы;

8.Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;

9.Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы.

Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.

Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, казіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:

1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау:

3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

5. Қоғамдың пікірді қалыптастыру;

6. Жалпы қоғамды, топты саяси тәрбиелеу;

7. Саяси жүйелерді, оның принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу;

8.Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;

9.Мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.

Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:

Саяси, ұйымдастырушылық, теориялық, идеологиялық.

Жана терминдер партия, идеология, бағдарлама, консерватизм, либерализм.

 

10 Дәріс. Саяси даму мен модернизация

1. Саяси модернизация

2. Саяси модернизация теориялары

3. ҚР саяси модернизация

Дәріс тезисі: Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу. ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.

Саяси модернизация теориялары - XX ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.

Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.

Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.

Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.

11 Дәріс. Саясаттвғы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар

1. Саяси шиелініс

2. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары

3. Саяси қайшылықтар

Саяси шиелініс ұғымы. Конфликтология. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары, Саяси қайшылықтар. Саяси қақтығыс, саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру. Билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күрес. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштер. Саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері.Саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі. Саяси қақтығыстардың саяси-мемлекеттік, билікті жүзеге асыру мен бөлісу, әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығы. Саяси қақтығыстардың шығуы. Саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатыллары. Саяси құқықтар мен бостандықтар. теңсіздік. Саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері. Саяси қақтығыстар пәні

Саяси қақтығыстардың кезеңдері келіспеушілік, наразылық. Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: мәмілеге келу, кешірімділік, ымыраға келуін, зорлық негізінде бітістіру, келістіру, келіссөздер.

12 Дәріс. Саяси сана және саяси идеология

1. Қазіргі саяси идеологияның негізгі түрлері мен бағыттары

2. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену

Идеологияның тұжырымы. Идеологияның сендіру жүйесі ретіндегі түсініктемесі. Идеология және нормативистика. Мемлекет және идеология. Қоғамдық макроконсенсус принципі. Экологизм, ұлтшылдық идеологиясының әсері.Идеологияның саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық философиялық тәсілдері. Саяси идеология тұжырымдары мен пікірлері. Саяси идеологияның ағартушылық дәуірдегі мәні мен бастуы. Қоғам өмірінде идеологияның қызметтері: танымдық, бағдарламалық, жұмылдыру, іске асыру, амортизациялық, бағалау қызметі. Саяси идеология теориялық тұрғыдағы топтың, таптың негізгі мүдделерін тануы. Ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесі. Саяси идеологияның санаға, жеке тұтастық сезімге ие болу қабілеті. Саяси идеологияның прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалыдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық т.б. түрлері. Саяси идеология және БАҚ. Саяси идеологияның либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар. Идеология және патриотизм.

Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортак анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек.

Саяси мәдениеттің мағьнасьн айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалык саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси казыналардың, нанымдардың, нұскаулардың жиынтығы деп санайды.

Сонымен қатар баска да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси нанымның табиғаты жөне оның мүшелерінің қазыналары жатады.

Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара катынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұскаулар, казыналар жатады.

Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамга немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси санамен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтыгын айтады.

Саяси мәдениеттің өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық кызметтері жатады.

Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын зандылықтар мен принциптерді танып-білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.

Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті камтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.

Тәрбиелік қызметі — әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыкка, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.

Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.

Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, казыналарды сақтау.

Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін

Жана терминдер мәдениет, әлеуметтену (социализация), субмәдениет, бихевиоризм.

 

13 Дәріс. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар

1. Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері.

2.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы, жаһандық проблемалардың типтері.

3. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық.

4. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан

5. Геосаясат

Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі, саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.

Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдын алу жөне шешу тәсілдері.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты. Қазіргі заманның жаһандьгқ проблемалары

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметгік-саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

 

14. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. ҚР сыртқы саясатының негізгі басымдықтары

1. Егемен Қазақстанның саяси шынайылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы

2. Жалпыреспубликалық референдум және ҚР жаңа Конституциясының қабылдануы

3. Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарын дамыту

4. Республиканың халықаралық форумдарға қатысуы

КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді».

Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.

Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.

Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.

 

15. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы

1. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты

2. ҚР мемлекеттік жастар саясаты

3. Экономикалық және сауда дипломатиясының дамуы

Еліміздің сыртқы саяси мүдделерін кең ауқымды қамтуы мен ұлттық мүдделерін қорғау барысында маңызды ұсыныстарының ішінен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастама да тарихи маңыздылығы зор шешімдер қатарынан табылады (1992 ж.). Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) – жалпы алғанда 3 миллиард халқы бар, 18 мемлекетті біріктірген, дүниежүзілік ішкі жалпы өнімнің үштен бірі тиесілі, Еуразия континентіндегі қауіпсіздікті нығайтуға өзінің қомақты үлесін қоса алған беделді халықаралық ұйым. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты бағыты халықаралық экономикалық одақтармен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық экономикаға кіру болды. Осы мақсатта Біртұтас экономикалық кеңістік, ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Орта Азиялық ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыстарды белсенді түрде атқаруда. Қазақстанның Азия Даму банкі, Бүкіләлемдік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуропа инвестициялық қоры, Еуропа инвестициялық банкі одақтарындағы өзінің орнын нығайтуы еліміздің экономикалық даму кеңістігін әлемдік деңгейге көтерді. Осындай жан-жақты ішкі және сырқы саясаттың нәтижесінде Қазақстанда тиімді халықаралық ынтымақтастықтың берік жүйесі жасалды, еліміздің әлемдегі беделі жоғарылады. Бұған дәлел – Қазақстан Республикасына әр жыл сайын халықаралық беделді ұйымдарға төрағалық ету құрметті міндетінің жүктелуі. Ал осы ұйымдардағы төрағалық ету мерзімі төмендегідей: Азиядағы ынтымақтастық үнқатысуы – 2008-2009 жылдар, АӨСШК – 2006-2010 жылдар, ЕҚЫҰ – 2010 жыл, ШЫҰ – 2011 жыл, ИКҰ – 2011 жыл. Бұл ұйымдардың бәрі де әлемдегі ықпалды, көпқырлы саяси қызметтерімен танылған ұйымдар. Мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ – ОБСЕ - OSCE) әлемнің ең дамыған демократиялық мемлекеттері құрған халықаралық ұйымы. Бұл ұйымға төрағалық етуге халықаралық сенім білдіру Қазақстан үшін, жоғары саяси бедел мен мәртебе. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы және Еуразия құрлығында осындай құрметті және жауапты миссия жүктелген бірінші ел болып табылады. 158 Ал Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) - халықаралық ұйымдардың ішіндегі ең ірі, ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. Қазіргі кезде халқы 1,4 млрд –тан астам адам санын құрайтын 57 елді біріктіреді. ИҚҰ БҰҰ- дан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша әлемде екінші орын алады. Ислам Конференциясы Ұйымының қауымдастырылған мекемелерінің кең жүйесі құрылған. Солардың ішінде Бүкіләлемдік банктің баламасы – Ислам даму банкі, қызметі ЮНЕСКО –мен ИСЕСКО-ға ұқсас және т.б. Осының бәрі Қазақстанға кең ауқымды мәселелер шешімдеріне қатысу мүмкіндігін береді. Осындай экономикалық және саяси одақтар мен қауымдастықтарға қатысу арқылы Қазақстан жаһандық экономикаға кірігу саясатын жүзеге асыруда. Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі деңгейіне жетуіне басты негіз болған - - нақты іс жүзіне асырылған ішкі саясат. Олардың бірінші орынға қойылған басымдықтары: экономика, әлеуметтік саясат, мемлекеттің рөлін арттыру және т.б.

 

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1. Д.Жамбылов. Саясаттану. Алматы. 2005.

2. Н.Қапесов. Саясаттану. Алматы. 2003.

3. К.Кенжебеков. Саясаттану негіздері. Алматы. 1998.

4. Е.Қуандық. Саясаттану негіздері. Алматы. 2005.

5. Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы Астана 2006 -208бет

6. Балғымбаев А.С. саясаттану негіздері. – Алматы, 2004

7. Балғымбаев А.С. саясаттану негіздері. – Алматы, 2004

8. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. 1 том. Н.Ә.Назарбаев

және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: 3 том. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 256 б.

9. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. II том. Н.Ә.Назарбаев

және саяси реформалардың Қазақстандық стратегиясы: 3 том. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 280 б.

10. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. III том. Н.Ә.Назарбаев

және Қазақстанның сыртқы саясаты: 3 том. Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 256 б.

11. Байделдинов Л.Ә. Теоретикалық саясаттану. – Алматы 2005

12. Әлемдік саяси ой антологиясы – 2007 ж.

13. Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе. Хабаршы.

Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002

№2. – 104-123 беттер

 

 

Қосымша әдебиеттер:

14.Пугачев В. П. Введение в политологию [Электронный ресурс] / В. П. Пугачев,

А. И. Соловьев.- М.: КНОРУС, 2010.

15. Вебер М. Политика как признание и профессия. М., 1990.

16. Макиавелли И. Государь. М., 1991.

17. Гаджиев К.С. Политическая наука. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.

18. М. Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. А., 1996.

19. И. Азаркин. История политических учений. М., 1994.

20. Ы.Алтынсарин . Таңдамалы шығармалары Алматы 1994

21. Ә.Бөкейханов . Шығармалар. Алматы 1994

22. Д. Жамбыл Саясаттану Оқу құралы. Алматы1994

23. Н.Назарбаев Ғасырлар тоғысында Алматы 1994

24. Всеобщая декларация прав человека. М., 1995.

25. Азаркин Н. История политических учений Москва., 1994Выпуск оска.

Элементы литической науки. Социс. 1995. № 4, 5, 8.

26. Ашин Т.К. Основы элитологии. А., 1996.

27. Олжабаева.К.Т. Қазақстан саяси жетекшілігі. Саясат. 2000. № 2.

28. Қалесов. ҚР саяси элита қалыптасуы. Саясат. 2002. № 12.

29. Молдабеков Ж.Ж. Ұлтшылдық мәселесі. Ақиқат. 2001. №2.

30. Здравомыслов А.Т. Межнациональные конфликты в постсоветском пространстве. М., 1997.

31. Қадыржанов Р. Қазақстандағы орыс ұлты жайлы. Егеменді Қазақстан, 2004

32. Мурзалин Ж.А. О модернизации / Саясат. 2000. № 2.

33. Нысанбаев А. ҚР даму ерекшеліктері / Саясат 2001. № 6.

34. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.

35. ҚР Конституциясы. А., 1995.

36. Қасымбеков М.Б. ҚР президенттік билік / Ақиқат. 2001. № 2.

37. Айталы А. Казахстанский парламентаризм / Саясат. 2001. № 4.

38. Фукуяма Ф. Конец истории / Вопросы философии. 1990. № 3.

40. Саясаттану. Энциклопедиялық сөздік. А., 2000.

41. Сатпаев Д. Особенности национального лоббизма / Саясат. 1999. № 2.

42. Мустафин. Саяси партиялар сайлау қарқында / Егеменді Қазақстан. 2002. № 4.

43. Артемьев А.И. Политическая культура в реалиях современного Казахстана.

Саясат. 2000. № 4, 5.

44. Ибраева М.Б. Массмедиа, саясаттағы орны. Ақиқат. 2001.

45. Елишбеков А. Вступление Казахстана в ООН Евразийское сообщество. 2004. № 1.

46. Сарсекеев М.М. Национальные интересы и внешняя политика Казахстана /

Евразийское сообщество. 2002. № 1.

47. Шахаман З. Государственная власть в РК в 21 веке. Саясат.2002 №2, ҚР Конституциясы. А., 1995.

48. Байдильдинов Н. Саяси тұрақтылық. Саясат. 2003. № 5.

49. Артықбаев М. К вопросу о прогнозировании современных политических систем / Евразиское сообщество. 2004. № 1.

 

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-47
01.09.2012 ж.

 

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

 

Саясаттану

(пәнің атауы)

Кафедра: философия және саясаттану

Тьютор: В.Т. Енсеева

Мамандық: барлық мамандықтар үшін

Кредит саны: 2

Пән циклі: міндетті

Студенттер саны: 800

 

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту
Кітапханада және кафедрада %
Негізгі   Ф01(2К)я73 Қуандық Есенғазы Сламғазыұлы. Саясаттану негіздері: Оқу құралы / Е.С. Қуандық.- Толықтырылған 2-ші басылым.- Алматы: Дәуiр, 2005.- 224б.    
  20. Ф01я73   Қапесов Н. Саясаттану: Лекциялардың қысқаша курсы / Н. Қапесов.- Алматы: Жетi жарғы, 2003.- 216б.    
  Ф01(2К)я73   Ж 25 Жамбылов Д. Саясаттану: Оқулық / Д. Жамбылов.- Өзгеріссіз 3-басылымы.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 280бет.      
  Ф01я73 Б22 Балғымбаев А.С. Саясаттану - Политология. 1-ші бөлім: Оқу құралы / А.С. Балғымбаев.- Алматы, 2003ж.- 304б  
  Ф01я73 Б22 Б17 Байділдинов Л.Ә. Теориялық саясаттану: Оқулық / Л.Ә. Байділдинов.- Алматы: Интерлигал, 2005.- 264б.    
Қосымша   Ф . Ф01я73   Абсаттаров Р.Б. Тесты по политологии: Вопросы и ответы: Учебное пособие / Р.Б. Абсаттаров.- Алматы: Ғылым, 2005.- 312с. (Общее кол-во-10,Ост.-  
  Ф01 А43   Актуальные проблемы современной идеологической борьбы: Учебно-методическое пособие.- М.: Политиздат, 1977.- 302 с.      
    Кенжалин Жұмабек. Шындықты шырақ етіп ұстаңыз: Байыптамалар, деректі әңгімелер, очерктер / Ж. Кенжалин.- Алматы: Қазақстан, 1998.- 239бет.    
  22. Ф019   Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы / Б. Қуатов.- Алматы: Бiлiм, 1993.- 272бет.    
    Молдабеков Ж. Антикоммунизм идеологиясының дағдарысы / Ж. Молдабеков.- Алматы: Қазақстан, 1982.- 64бет.    
анықтамалық   16. Ф01я73   Коротец И.Д. Политология: 100 экзаменационных ответов / И.Д. Коротец.- 5-е изд. , испр. и доп.- Москва: МарТ, 2005.- 256с.    
  14. Ф01(2К Казахстанская политологическая энциклопедия.- Алматы: Қазақстан даму институты, 1998.- 447с.    
  Ф01(2К) 1. Ф01в6   Абсаттаров Р.Б. Тесты по политологии: Вопросы и ответы: Учебное пособие / Р.Б. Абсаттаров.- Алматы: Ғылым, 2005  

 

 

Емтихан сұрақтары:

1. Саяси элита құрылымы, қызметі.

2. Саяси лидерлік түрлері.

3. Тоталитаризм теоретиктері.

4. Тоталитаризм және диктатура ерекшеліктері, ұқсастығы.

5. Қазіргі дәуірде тоталитарлық саяси тәртіп қандай мемлекеттерде бар.

6. Тоталитаризмнің белгілері.

7. Саяси идеология мәні, қызметі.

8. Либерализм және неолиберализм.

9. Консерватизм және неоконсерватизм.

1. Социализм және социал-демократизм.

2. Фашизм.

3. Саяси идеологияның қоғамдағы мәні.

4. Идеологияның діннен, уағыздаушылықтан ерекшелігі.

5. Фашизмнің пайда болу себептері.

6. Қазақстандық қоғамдағы басты идеяның басты мәні.

16. Саяси мәдениет ұғымы.

17. Саяси мәдениет типологиясы.

18. Саяси әлеуметтену.

19.Мәдениет және саяси мәдениет.

20. Саяси мәдениет теориясының негізін қалаушы.

21. Саяси мәдениет қызметі.

22. Саяси әлеуметтену, тұлғ







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.