Здавалка
Главная | Обратная связь

Когнитивті компонент (білім)

СИЛЛАБУС

 

Пән:Балалар аурулары

№ 3 БЛОК:Балалардағы тыныс алу мүшелерінің аурулары

 

Мамандық: 051301 Жалпы медицина

 

Кафедра: № 1 Бала аурулары

Курс:4

Семестр: VІІ, VІІІ

Дәріс:2 сағат

Тәжірибелік сабақ:12 сағат

 

ОБСӨЖ:12 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы:13 сағат

Барлығы:37 сағат

Бақылау түрі:аралық бақылау

 

 

Алматы – 2014ж

«Жалпы медицина» - 051301мамандығына – бала аурулары пәні бойынша силлабусты (3-жинақ) педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының ұжымы (профессор Б.Х. Хабижанов, доцент Құрманбекова С.Қ., доцент Ж.Ж.Нұрғалиева, доцент Қасымова Р.Н.) құрастырды. Кафедра отырысында қаралып, мақұлданды №___ хаттама «___»_________2014 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.,

доцент Нұрғалиева Ж.Ж.

 


1. Жалпы мағлұматтар:

1.1.Жоғары Оқу Орнының атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

Медицина Университеті

1.2.Кафедра: педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура

1.3.Пән: «Бала аурулары», пән коды- БА-4304

1.4.Мамандық: 051301- Жалпы медицина

1.5.Жалпы сағат көлемі: 37 сағат

1.6.Курс -4, оқу семестрі:VII-VIII семестр

1.7.Оқытушылар туралы мағлұматтар

Аты жөні м.ғ.к. Қызметі Ғылыми дәрежесі Маңызды ғылыми бағыттары, жетістіктері, т.б.
Хабижанов Болат Хабижанович Профессор м.ғ.д Педиатрия и кардиология
Кұрманбекова Сауле Қаспаковна Доцент м.ғ.к. Педиатрия, пульмонология, гастроэнтерология
Нұрғалиева Жанар Женісовна Доцент м.ғ.к. Педиатрия, кардиология, эндокринология
Хитуова Лидия Кикбаевна Доцент м.ғ.к. Педиатрия, кардиология, неонатология
Қасымова Раушан Нұрпейісовна Доцент м.ғ.к. Педиатрия, пульмонология, гастроентерология
Шорина Елена Николавна Ассистент м.ғ.к. Педиатрия, кардиология
Қайназарова Сауле Егембердиевна Ассистент   Педиатрия, гематология, кардиология
Баймұратова Айгуль Досжановна Ассистент   Педиатрия, аллергология
Төлебаева Асель Қайратовна Ассистент   Педиатрия, кардиология
Кисленко Анатолий Викторович Ассистент   Педиатрия, эндоскопия гастроэнтерология
Байғабулова Мадина Сырымовна Ассистент   Педиатрия, кардиология

1.8.Байланыс мағлұматтары:

Мекен- жайы: Алматы қ-сы, Аль-Фараби даңғылы, 146

Педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасы, тел: 299-21-26

Студенттерге қойылатын жалпы талаптар: жоғарғы медицина оқу орнының жалпы тәртіптеріне негізделген.

· Студент оқу кестесіне сәйкес барлық сабақтарға қатысуы тиіс.

· Оқу үдерісіне белсенді қатысу (теориялық материалдарды дайындау, клиникалық ситуациялар мен тесттерді шешу, науқасты курациялау, науқастың клиникалық талдауына қатысу)

· Студентің тәртіптің этика-деонтологиялық принциптерін орындау;

· Студенттің өзіндік жұмысын міндетті түрде орындау

· Сабаққа кешікпей келу керек

· Студент сабақта ұялы телефонды сөндіруі тиіс.

· Студенттің таза, ақ халаты болуы тиіс.

· Студент оқытушыларға және студенттерге құрметпен қарау

· Студент ағымды, рубеж және қорытынды бақылаудың барлық шарттарын орындауы керек

· Сабаққа қатыспаған жағдайда сол 1 сабақ ұшін 0 балл қойылады

· Студент оқылған пән соңында емтихан тапсыруы тиіс.

· Студент СЭС рұқсаты бар алған алдын ала егулері жазылған медициналық кітапшасы болуы керек;

· Студенттерге ҚазҰМУ территориясында темекі шегіге тыйым салынады;

· Студенттерге кафедра мүлігін құртуға тыйым салынады.

 

2. Бағдарлама.

Кіріспе

Балаларда тыныс жолдарының аурулары жалпы аурушаңдық көрсеткіштері жүйесінде жетекші орындарды алады. Аурушаңдық құрылымында жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, морфологиялық және функционалдық тыныс мүшелерінің толық жетілмеуі де орын алады. Олар бала организмінің зақымдаушы агенттер мен инфекция қабылдауында жеке реакция түрінде көрінеді.

Тыныс жолдарының инфекциялық емес аурулары әртүрлі жаста ерекше өтеді, сондықтан ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар бронхиолиті, жедел пневмония жеке қарастырылады. Олардың айырмашылығы бронх өкпеде болап жатқан патологиялық өзгерістерге байланысты ғана емес, сонымен қатар организмнің инфекцияға реакциясына және оның таралу дәрежесіне де байланысты болады.

Балаларда тыныс жүйесінде қатерлі ісіктер сирек кездеседі, бірақ ересектерге қарағанда өкпедегі ауыр қабыну үрдісінің себептері генетикалық негізделген туа біткен даму ақаулары болып табылады, ол балалар патологиясының жеке бөлімін құрайды. Өкпелік синдром муковисцидоз, генетикалық детерминиленген альфа1-антитрипсин иммунды тапшылық жағдайлар сияқты тұқымқуалайтын аурулардың бірінші және негізгі клиникалық көрінісі болады.

Балалар жасындағы тыныс жолдары патологиясының көп бөлігін аллергиялық аурулар алады, олар басқа инфекциялық инфекциялық емес тыныс жолдары патологияларының дамуы үшін қолайсыз жағдай жасайды.

Балалардағы тыныс жолдарының патологиясы ерекшелігі оларға жастарын ескере отырып, өзіндік, дифференциялық жолмен шешім қабылдауды қажет етеді. Сондықтан әрбір дәрігер жасқа байланысты аспектіде диагностикасы және еміне методологиялық жолды білуі қажет, ауруды ерте анықтап сәйкес ем тағайындауы қажет.

 

2.2 Пәнді (3-блок) оқыту мақсаты:

Балалардағы тыныс жолдары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу туралы білімі мен дағдыларын қалыптастыру.

2.3 Оқыту міндеттері:

Когнитивті компонент (білім)

· тыныс жолдары ауруларының клиникалық симптоматикасы, этиологиясы, патогенезі, семиотикасын меңгеру

· тыныс мүшелерініңауруларын диагностикалау принциптерін, лабораториялық, функционалды және аспаптық зерттеу әдістерін негізді тағайындау дағдысын қалыптастыру

тыныс мүшелерінің аурулары кезіндегі қазіргі емдеу әдістері бойынша білімін қалыптастыру

Операционды компонент (дағды және қолынан келуі)

· пульмонологиялық науқасты қарау, перкуссия және өкпе аускультациясын жүргізу дағдыларын жетілдіру

· параклиникалық науқасты зерттеу әдістерін талдау дағдысын дамыту

· тыныс жолдарының жедел ауруларын тануға үйрету (бронхит, бронхиолит, пневмония)

· тыныс жолдарының созылмалы ауруларын тануға үйрету (бронх демікпесі, созылмалы бронхит)

· тыныс жолдарының тұқымқуалайтын ауруларын тану дағдысын қалыптастыру (муковисцидоз)

· тыныс жолдарының туа біткен ақауларын тану дағдысын қалыптастыру (Вильямса-Кэмпбэл синдромы, Мунье-Куна синдромы, туа біткен бөліктік эмфизема)

· бронхит, бронхиолит, пневмонияның дифференциялық диагностика алгоритмін құрастыруға үйрету

· балалардағы тыныс жолдары созылмалы ауруларының дифференциялық диагностика алгоритмін құрастыруға үйрету

· тыныс жолдары ауруларымен балаларға этиопатогенетикалық ем жүргізуді негіздеу дағдысын дамыту

· тыныс жолдары ауруларының профилактика негізгі принциптеріне үйрету

· студентте құқықтық педиатр қызметін реттейтін құжаттарды қолдану туралы білімі мен дағдысын үйрету

 

Аксиологиялық компонент (коммуникативті дағдылар)

· науқас бала және оның ата-анасымен сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;

· өзара қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

· командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

 

Құқықтық компонент

· ҚР-ның ана және баланы қорғау заңына және бала құқығы конвенциясы аясында баланы тексеру мен емдеуде этикалық қалыптарды сақтау, білімін жетілдіру және қалыптастыру.

 

Өзін-өзі оқыту және өзін дамыту компоненті

· өз бетінше медициналық әдебиет оқу арқылы, интернетті қолдану, презентация жасау, ситуациялық есеп құрастыру, ажырату диагнозына кесте құру, профессионалды сөйлеу арқылы білім деңгейін көтеру.

2.4 Оқытудың соңғы қорытындысы:

Студент білуі тиіс:

· тыныс жолдары ауруларының этиологиясы мен патогенезі

· балалар жасының тыныс жолдары ауруларын тану

· балаларда тыныс жолдарының аускультация және перкуссиясын жүргізу техникасын

· балалар тыныс жолдары жедел, созылмалы, тұқымқуалайтын ауруларының диагностика критерийлерін

· балалар тыныс жолдары аллергиялық ауруларының диагностикалық критерийлері

· балалар жасындағы тыныс жолдары ауруларының қазіргі клиника-лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін

· пульмонологиялық диагнозды негіздеужәне оның жіктелуі

· балаларда тыныс жолдары ауруларының өту ағымы ерекшеліктерін

· балалардағы тыныс жолдары ауруларының асқыну түрлерін

· балалар жасындағы тыныс жолдары ауруларының болжамын

· балалардағы тыныс жолдары ауруларының қазіргі емдеу принциптерін және алдын алуды

Студенттің қолынан келуі тиіс:

Диагноз қою және емдеу:

· науқас баладан немесе оны күтушіден анемнез жинау

· науқасты объективті қарау жүргізу

· тыныс жолдары мүшелерінің перкуссиясы мен аускультациясын жүргізу

· науқасты объективті қарау нәтижелерін талдау

· тыныс жолдарын аускультациялау және перкуссиялау кезінде өзгерістерді түсіндіру

· тиімді клиника-лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдау

· алынған нәтижелерді талдау

· кеуде қуысы рентгенограммасынан тыныс жолдары ауруларын сипаттайтын өзгерістерді анықтау және оларды нақты бір патологиямен байланыстыру

· диагнозды негіздеуде клиникалық ойлау қабілетін көрсету

· тыныс жолдары ауруларының дифференциялық диагнозын жүргізуде клиникалық ойлау қабілетін көрсету

· науқас баланы реабилитациялау және емдеу жоспарын құрастыру

· берілген тақырыпқа презентация және реферат құрастыру

· науқаспен және оның туысқандарымен, ата анасымен сенімді қатынас орнату

· топта жұмыс істеу, ұжымдастарымен серіктестік, шешім қабылдау дағдыларын көрсету

· науқасты қарау және зерттеу кезінде алған мәліметтері мен сонымен қатар әдебиеттерден алған мәліметтерін талдау

Студенттің қолынан келетін дағдылар:

Науқас баланың ауру және өмір анамнезін жинау

· тыныс жолдары ауруларымен балаларды қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізу

· артериялық қысымды өлшеу, пульс және тыныс жиілігін санау

· науқас жағдайының ауырлығын бағалау

· тыныс жетіспеушілігі дәрежесін бағалау

· баланың физикалық дамуын бағалау

Студент коммуникативті дағдыларын меңгеруі керек

· тыныс жолдарының аурулары бар науқастарды тексергенде және емдегенде этика және деонтология бойынша білімін қолдануы керек;

· топта жұмыс жасау;

· әріптестерімен, пациентпен және оның ата-анасымен қарым-қатынаста дағдыларын меңгеру және қалыптастыру.

 

Студент құқықтың компетенцияларды білуі және қолданыуы керек

· ҚР-ның ана және баланы қорғау заңына және бала құқығы конвенциясы аясында баланы тексеру мен емдеуде этикалық қалыптарды сақтау, білімін жетілдіру және қалыптастыру.

 

Өзін-өзі оқыту және дамыту дағдыларын білуі керек

· өз бетінше медициналық әдебиет оқу арқылы, интернетті қолдану, презентация жасау, ситуациялық есеп құрастыру, ажырату диагнозына кесте құру, профессионалды сөйлеу арқылы білім деңгейін жоғарылату

2.5.1. Дәйектеме алды:

анатомия-2, физиология-2, патологиялық физиология-2, коммуникативті дағдылар, ішкі аурулар пропедевтикасы

2.5.2. Дәйектеме соңы:балалар аурулары – ІІ; балалар аурулары – II; ЖДТ – II.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

«Балалар аурулары» пәні анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерін және әртүрлі жастағы көрініс беру ерекшеліктерін ескере отырып, балалар жасында жиі кездесетін соматикалық, инфекциялық аурулардың себептерін, даму механизмдерін, клиникалық, лабораториялық көріністерін, диагностика және емдеу принциптерін меңгереді.

2.7. Тақырыптық жоспар (дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖ)

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Тақырыбы Дәріс ұзақтығы.
Балалардағы жедел пневмония. Балалардағы пневмонияның этиологиясына байланысты клиникалық ерекшеліктері мен емдеудің қазіргі әдістері.
  Барлығы 2 сағат

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары және сағаттары:

Тақырыптар Сабақ ұзақтығы
Тақырып: Бронхиттер, бронхиолиттер. Жедел бронхит. Жедел обструктивті бронхит. Жедел бронхиолит. Қайталамалы бронхит. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері, Диагностикасы. Емдеу принциптері.
Тақырып:Балалардағы жедел пневмония. Балалардағы жедел пневмония. Этиологиясы. Патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Асқынулары. Жедел пневмонияның емдеу принциптері.
Тақырып: Жоғарғы тыныс жолдары аллергиялық аурулары. Поллиноз. Бронх демікпесі. Тақырып: Тыныс жетіспеушілігі синдромы. Аллергиялық ринит. Поллиноз. Этиологиясы. Клиникасы. Диагноз қою және емдеу принциптері. Балалардағы бронх демікпесі. Жіктелуі. Бронх демікпесінің дамуына әсер ететін және туындататын факторлар. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Базисті емінің баспалдақты тәсілі. Тыныс жетіспеушілігі синдромы. Этиологиясы, патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Емдеу принциптері. Аралық бақылау.
  Барлығы 12 сағат

Оқытушымен жетекшілігімен студентің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары

Тақырыптар Жүргізілу түрі Уақыты, (сағ)
Тыныс мүшелерінің аурулары кезіндегі аспаптық зерттеу әдістері Кеңес беру
Бронхиттер , бронхиолиттер жәнепневмониядағы дифференциальды диагностика Науқасты клиникалық талдау, Ренгенологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау.
Бронх жүйесінің дамуақауларын бронхиальды демікпемен салыстырмалы диагностика жүргізу ТЖ дәрежесі бойынша емдеу. Аралық бақылау.Мини- ОҚКЕ Клиникалық ситуацияларды шешу, КТ, спирография нәтижелерін бағалау Клиникалық ситуацияларды шешу
Барлығы 12 сағат

 

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (СӨЖ)

Тақырыптар Өткізу әдісі Ұзақтығы (сағат)
Муковисцидоз, өкпелік түрі. Балалар арасындағы таралуы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Презентация, дифференциялық диагностикалық кесте құрастыру.
Балалардағы өкпенің интерстициальды аурулары. Идиопатиялық фиброзирдаушы альвеолит. Өкпенің идиопатиялық гемосидерозы.Гудпасчер ауруы Презентация, дифференциялық диагностикалық кесте құрастыру
Балалардағы жөтелдің салыстырмалы диагнозы Презентация, дифференциялық-диагностикалық кесте құрастыру.
Бронхөкпе жүйесінің туа біткен даму ақаулары. Вильямс-Кэмпбэл синдромы.Мунье-Кун синдромы. Картагенер синдромы. Презентация, реферат дифференциялық-диагностикалық кесте құрастыру.
  Барлығы 13 сағат

 

2.8.Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарына тапсырмалар

1.Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары реферат, презентациялар, салыстырмалы диагностика кестелерін, тест тапсырмаларын клиникалық жағдайларды құру түрінде жасалады

2.СӨЖ ұйымдастыру формасы:

Реферат. Презентациялар. Салыстырмалы диагностика кестелерін, емдеу схемаларын, диагностика алгоритмдерін, клиникалық жағдайларды құру. Әдебиетпен, интернетпен, электронды базалармен жұмыс істеу, талаптарға сай дайындап, библиография құрастырылады.

Компетенциялардың қалыптасуын бағалау

Жұмыс түрлері Тақырыбы Қалыптастырылған компетенцияны бағалау
Білім Тәжірибелік дағдылар Коммуникативті дағдылар Құқықтық дағдылар Өзін-өзі оқыту және дамыту
  Практика лық сабақтар Жедел бронхит. Жеделобструктивный бронхит. Жедел бронхиолит. Рецидивті бронхит. Созылмалы бронхит. Сұрау, тестілеу. Клин ситуац   Объек тивті зерттеу кезінде баламен сөйлесу    
СОӨЖ Тыныс мүшелерінің аурулары кезіндегі аспаптық зерттеу әдістері Кеңес жасау    
Практика лық сабақтар Балалардағы жедел пневмония Сұрау, тестілеу,клиникалық науқасты талдау Өкпенің салыст перкуссиясы    
СОӨЖ Бронхиттер , бронхиолиттер жәнепневмониядағы дифференциальды диагностика Клиника лық ситуация ларды шешу Ренгенол- гиялық зерттеу нәтижелері н бағалау.
  Практика лық сабақтар Жоғарғы тыныс жолдары аллергиялық аурулары. Поллиноз. Бронх демікпесі. Тыныс алу жетіспеушілігі синдромы Сұрау, тестілеу,клиникалық науқасты талдау     Баланың құқығы бойынша кеңес (ауызша сұрау)
СОӨЖ Бронх жүйесінің даму ақауларын бронхиальды демікпемен салыстырмалы диагностика жүргізу ТЖ дәрежесі бойынша емдеу. Аралық бақылау Клинико- лабороториялық нәтижелер бойынша ТЖ дәрежесін анықтау КТ, спирография нәтижелерін бағалау   Презентация немесе клиникалық ситуация мына тақырыптарға: 1.Муковисцидоз, өкпелік түрі. 2.ИФА, Гудпасчер ауруы 3.Бронхөкпе жүйесінің туа біткен даму ақаулары 4.Балалардағы жөтелдің салыстырмалы диагнозы

 

2.9.Әдебиет тізімі

Негізгі

1. Шабалов Н.П. - Детские болезни. (Учебник) СПб.: Питер, 2008г., 2009г., 2010г. I, II т.

2. Баранов А.А. - Детские болезни. (Учебник + CD), 2 изд., М., 2007г. I, II т.

3. Мажитова З.Х., Шаким Г.А., Орынбасарова К.К. и др. - Обследование здорового и больного ребенка. (Метод. рекомендации). Алматы, 2007, 50 с.

4. Геппе Н.А.– Педиатрия: учебник + СD. М., 2009, 352с

5. Аюпова С.Х. - Клиническая педиатрия. Алматы. 2008. I т.

Қосымша:

1. Аюпова С.Х. Клиническая педиатрия в 2-х томах. Алматы. «Бауыр», 2008

2. Болезни органов дыхания у детей // под ред. В.К.Таточенко, Москва, Медицина,1987

3. Таточенко В.К., Практическая пульмонология детского возраста, Москва, 2002 год

4. Баранов А.А. Педиатрия. Клинические рекомендации. Бронхиальная астма. Москва, 2005

5. Баранов А.А. Педиатрия. Клинические рекомендации. Пневмонии у детей. Москва, 2005

6. Капранов Н.И., Каширская Н.Ю. Воронкова А.Ю., и др. Муковисцидоз (современные достижения и проблемы): Метод.рекомендации. М.: Медпрактика; 2007.

7. Практическое руководство по детским.болезням. Заболевания органов дыхания у детей. Под редакцией Б.М.Блохина. // МЕДПРАКТИКА–М, Москва 2007

8. Детская аллергология. Под редакцией А.А.Баранова, И.И.Балаболкина. Москва. Издательская группа «ГЭОТАР-Медиа», 2006

9. Инфекции респиратрного тракта у детей раннего возраста. Под редакцией Самсыгиной Г.А., Издательство Миклош, Москва, 2006

10. Педиатрия. Избранные лекции. Под редакцией Самсыгиной Г.А. Москва. «ГЭОТАР-Медиа», 2009

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Хабижанов Б.Х. - Балалар аурулары. Алматы: Ана тілі, 1997.

2. Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. - Педиатрия. Алматы.: Казыгурт, 2005.

3. Аюпова С.Х.- Клиникалық педиатрия. Алматы, 2008, I, II тт.

Қосымша:

1. Дадамбаев Е.Т. Бала дәрігерінің серігі. Алматы, 1998.

Тусупкалиев Б.Т., Жылкыбаева Б., – Балалар ауруларын емдеу және рецептер жинағы: оқуқұралы. Актобе, 2004

2. Түсіпкалиев Б. - «Балалар ауруларының пропедевтикасы». Актобе 2005г.

3. Мажитова З.Х., Шаким Г.А., Орынбасарова К.К. и др. – Дені сау жөне ауру баланы қарап тексеру. Алматы 2007

 

Ағылшын тілінде

Негізгі:

1. Nelson Pediatrics textbook 17 International edition, 2005.

2. Chaurasia D.D. – Pediatrics for students. Practitioners, 2000.

 

Қосымша:

Ghai Essential Pediatrics 6 th Edition Revised and Enlarged, 2005.

2.10. Оқыту және білім беру тәсілдері; дәріс, тәжірибелік сабақ, студенттің өзіндік жұмысы жүргізу формалары.

Дәрістер:тақырып бойынша (презентация түрінде)

· тәжірибелік сабақтар:тақырып бойынша науқастарды курациялау, клиникалық талдау, клиникалық есептерді шешу, лаболраториялық және аспаптық нәтижелерді интерпретациялау, кіші топта жұмыс, мультимедиялық базамен жұмыс, рубеждік бақылау жүргізу.

· СӨЖ ұйымдастыру формасы: реферат дайындау, презентация, схема құру, кесте, клиникалық есеп, тесттік тапсырмалар құрау

Оқыту әдістері мен формасы:

- кейс-стади

- милық штурм

- науқасты клиникалық талдау

-рөльдік ойындар

- іскерлік ойындар

-кіші топта жұмыс

 

2.11 Білім алушылардың білімін және дағдыларын бағалау критерийлері мен ережелері:

Агымдағы бақылау:

-ауызша сұрау (сабаққа әдістемелік нұсқаудағы сұрақтар бойынша даярланып келу);

· тестілеу жазбаша жүргізіледі;

· клиникалық есептерді шешу;

· параклиникалық тексеру әдістерін бағалау.

Күнделікті сабақта студент білімі және оның тәжірибелік дағдылары баллды-рейтинг жүйесі бойынша бағаланады.

 

Студенттердің білімі және тәжірибелік дағдыларын баллдық-рейтингтік жүйемен тексеру

Әріптік жүйемен бағалау   Балдың сандық эквиваленті Бағалау критерийлері % Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 4,0 Тақырып бойынша теоретикалық материалды толық біледі, логикалық ойлауы толық, тәжірибелік дағдыларын толық меңгерген 95-100 Үздік
А- 3,67 Теория бойынша аздаған білмеушіліктері бар, логикалық ойлауы толық, тәжірибелік дағдыларын толық меңгерген 90-94
В+ 3,33 Теория бойынша 1-2 қателіктері бар, логикалық ойлауы жаман емес, тәжірибелік дағдыларын толық меңгерген 85-89 Жақсы
В 3,0 Теория бойынша 3 қателіктері бар, логикалық ойлауы жаман емес, тәжірибелік дағдыларын толық меңгерген 80-84
В- 2,67 Теория бойынша 4 қателіктері бар, логикалық жаман емес, тәжірибелік дағдыларын жеткілікті меңгерген 75-79
С+ 2,33 Теория бойынша 5 қателіктері бар, логикалық қателіктерді жібереді, тәжірибелік дағдыларын меңгерген 70-74
С 2,0 Тақырып бойынша білімі жеткіліксіз.Знания по теме недостаточные, логикалық ойлауы толық емес, тәжірибелік дағдыларын толық меңгермеген 65-69 қанағат-танар-лық
С- 1,67 Тақырып бойынша біліміж жүйесіз. Логикалық ойлауы дамымаған, тәжірибелік дағдыларын толық меңгермеген 60-64
Д+ 1,33 Тақырып бойынша білімі төмен. логикалық ойлауы дамымаған, тәжірибелік дағдыларын көрсетуде қателеседі 55-59
Д 1,0 Тақырып бойынша білімі өте төмен, логикасы жоқ, оңай тәжірибелік дағдыларын көрсетуде қателеседі 50-54
F 0 балл студент сабаққа қатыспаған, 49 балл Тақырып бойынша білімі, логикасы жоқ, оңай тәжірибелік дағдыларын көрсете алмайды. 0-49 қанағат-танар-лықсыз

 

Қорытынды бақылау (ситуациялық есептер шешу) – максималды балл -20 балл

Критерийлер, сипаттамасы балл балл балл балл
1. Науқастың шағымдары бойынша жетекші синдромды айқындау, оны негіздеу Жетекші синдром анықталды, негізделді Жетекші синдром анықталды, бірақ негіздеуде аздаған қателіктер кетті Жетекші синдром анықталды, бірақ негіздеуі жоқ Жетекші синдром анықталмады, негіздеуі жүргізілмеді
2. Сырқаттың объективті мәліметтері талданды Сырқаттың объективті мәліметтері адекватты талданды Сырқаттың объективті мәліметтері талдауда жекелеген қателіктер бар Сырқаттың объективті мәліметтері кемшіліктермен талданды Сырқаттың объективті мәліметтері қате талданды
3. Жүргізілген зерттеу әдістері мәліметтерін талдау және қосымша зерттеуді таңдау Қажетті жүргізілген барлық зерттеу әдістері мәліметтері талданды және қосымша зерттеуді тағайындалды Жүргізілген зерттеу әдістері мәліметтерін талдауда және қосымша зерттеу әдісін таңдауда аздаған қателіктер кетті Жүргізілген зерттеу әдістері мәліметтерін толыққанды талданбады және қосымша зерттеулері негізгі ауруға сәйкес келмейді     Жүргізілген зерттеу әдістері мәліметтерін қате талданды және қосымша зерттеулер анықталмады
4. Емдеу принциптерін анықтау Емдеу принциптерін анықтау дәлелді медицина тарапынан жүргізілді Емдеу принциптерін анықтау аздаған қателікпен жүргізілді Емдеу принциптерінің барлығы анықталған жоқ Емдеудің негізгі принциптері бойынша айқын мәселер туындады

18 -20 балл – өте жақсы

15-17 балл- жақсы

10-14 балл- қанағаттанарлық

10 балдан аз –қанағаттанарлықсыз

 

2.Практикалық дағдыларды бағалау критерийлері - 100:

I.Практикалық дағдыларды меңгеру (тақырыптық науқастарды курациялау, науқасты қарау) – максималды балл - 60 балл

Науқасты қарауды бағалау критерилері

Критерийлер, сипаттамасы 55-60 балл 45-54 балл 30-44 балл балдан аз
1. Ауыз-жұтқыншақты, тері жабындыларын қарады, лимфа түйіндерін пальпациялады, бауыр мен көкбауырдың пальпациясы мен перкуссиясын жүргізді, тыныс жиілігін есептеді, психо-моторлық жағдайын бағалады. Қарау, зерттеу әдістерін сақтай отырып қарау, пальпация, перкуссия жүргізу Қарауда, перкуссия, пальпациясын жасау техникасында аздаған кемшіліктер болды Пальпация, перкуссия жасауда және қарауда техникалық қателіктер кетті Пальпация, перкуссия жасау және қарау айқын техникалық қателіктермен жүргізілді

Баға шкаласы

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
55-60 балл 90 – 100% Өте жақсы
45-54 балл 75-89 Жақсы
30-44 балл 50-74 Қанағаттанарлық
30 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

2.Лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдау – максималды балл -30

Лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдаудың бағалау критерийлері

Критерийлер, сипаттамасы 25-30 балл 20-24 балл 15- 19 балл балдан аз
1. Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді айқындау Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді айқындады Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді таңдауда қателіктер жіберд Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді таңдауда қателіктер жіберді Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді таңдауда айқын қателіктер жіберді
2. Талдауды толық көлемде жүргізу Талдауды толық көлемде жүргізілді Кейбір көрсеткіштерді талдауда аздаған қателіктер кетті Талдау үлкен қателіктермен жүргізілді Таладу болмады

Баға шкаласы

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
25-30 балл 90 – 100% Өте жақсы
20-24 балл 75-89 Жақсы
15-19 балл 50-74 Қанағаттанарлық
15 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

1. Клиникалық диагнозды негіздеу – максималды балл -10 балл

Клиникалық диагнозды негіздеуді бағалаудың критерийлері

Критерий-лер Сипаттамасы 7-10 балл 5-6 балл 3-4 балл балдан аз
Клиникалықдиагнозды негіздеу Айқындады: Осы ауруға қатысты шағымдарын; ауру анамнезі мәліметтерін; өмір анамнезі, негізгі физикалды, лабораторлық –аспаптық мәліметтерін Клиникалық диагнозды негіздеуді аурудың шағымдарын; ауру анамнезі мәліметтерін; өмір анамнезі, негізгі физикалды, лабораторлық –аспаптық мәліметтерін ескере отырып жүргізді Негізгілерін белгілеп берді, бірақ клиникалық диагнозды негіздеуге қажет жеке көрсеткіштерді анықтауға кішкене қателіктер жіберді Клиникалық диагнозды негіздеуге қажет жеке көрсеткіштерді анықтауда үлкен қателіктер жіберді Клиникалық диагнозды негіздеген жоқ

2. Коммуникативті дағдыларды бағалаудың критерийлері – 100 балл:

1. Тақырыптық науқастарды курациялау, шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинау - максималды балл - 100 балл

Бағалау критерийлері

Критерийлер, сипаттамасы 90-100 балл 75-89 балл 50-74 балл балдан аз
1. Шағымдары толық көлемде тармақтау, жетекші синдромды анықтау Шағымдары толық көлемде тармақталды, жетекші синдром анықталды Шағымдары толық көлемде тармақталды, жетекші синдром анықталмады Шағымдары жартылай тармақталды жетекші синдром анықталмады Шағымдары тармақталмады, жетекші синдром анықталмады
2. Осы ауруға қатысты ауру мен өмір анамнезін хронология-лық тәртіппен анықтау – жүргізілген зерттеу және емдеуді көрсету-мен аурудың ағымын динамикада бағалау, өмір анамнезі мәлімет-терін анықтау.   Осы ауруға қатысты ауру мен өмір анамнезін хронологиялық тәртіппен анықтады – жүргізілген зерттеу және емдеуді көрсетумен аурудың ағымын динамикада бағалады, өмір анамнезі мәлімет-терін анықтады. Ауру және өмір анамнезін жинауда аздаған қателіктер кетті Ауру және өмір анамнезін жинауда қателіктер кетті Ауру анамнезін жинауда шатасты

Баға шкаласы

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
90-100 балл 90 – 100% Өте жақсы
75-89 балл 75-89 Жақсы
50-74 балл 50-74 Қанағаттанарлық
50 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

4. Құқықтық сұрақтар – максималды 100 балл

Нормативтік құжаттарды білу.

Құқықтық сұрақтарды бағалау критерийлері

Критерийлер 90-100 балл 75-89 балл 50-74 балл балдан аз
1. Нормативтік құжаттарды білу Нормативтік құжаттарды толық көлемде білу Нормативтік құжаттарды жеткіліксіз білу Нормативтік құжаттарда айқын қателіктер жіберу Нормативтік құжаттарды біле бермеу

Баға шкаласы

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
90-100 балл 90 – 100% Өте жақсы
75-89 балл 75-89 Жақсы
50-74 балл 50-74 Қанағаттанарлық
50 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

5.Студенттің өзіндік жұмысы - 1 СӨЖ = 100 балл

1. Клиникалық ситуациялық есепті шешудің бағалау критерийлері

Критерийлер балл балл балл балл
Аурудың шағымдары мен ауру анамнезін сипаттаудың дұрыстығы Барлық сұрақтар нақты қамтылған Науқастың шағымдары мен ауру анамнезін сипаттауда жекелеген қателіктер бар Науқастың шағымдары мен ауру анамнезі мәліметтері дөрекі қателікпен баяндалды Науқастың шағымдары мен ауру анамнезі қате баяндалды
Аурудың объективті мәліметтерінің дұрыс берілуі Аурудың объективті мәліметтері дұрыс берілді Аурудың объективті мәліметтерінің берілуінде аздаған қателіктер бар Объективті мәліметтер үлкен қателікпен жүргізілді Объективті мәліметтер қате берілді
Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуының дұрыстылығы Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуы дұрыс Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуында аздаған қателіктер бар Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуы үлкен қателіктермен Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуының дұрыс емес
Әдебиет тізімінде осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын (монографиялар, ағымдағы әдебиеттер) негізгі көздерінің болуы Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толығымен көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толық емес көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын ескірген әдебиет көздері көрсетілген Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауаптар Материалды жан-жақты және терең білуі Тақырып материалын білуі, бірақ жауаптарында аздаған қателіктері болуы 3 сұрақтың 1-не ғана жауап алынды Сұрақтарға жауап берген жоқ

Жөндеу коэффициенті: 4

Мысал: 5 критерий бойынша 25 балл алды х 4 =100 балл

2. Емдеу жобасын бағалау критерийлері

Критерийлер балл балл балл балл
1. Маңыздылық пен резюменің болуы Маңыздылық көрсетілген, резюме бар Маңыздылықты көрсету мен резюмеде аздаған қателіктер бар Маңыздылық пен резюме үлкен қателіктермен баяндалған Маңыздылық пен резюме дұрыс көрсетілмеген
2. Талқыланып отырған патология бойынша суреттер мен жобалапдың дұрыс құрастырылуы Барлық суреттер мен жобалар нақты жасалған Аздаған қателіктер бар Мәліметтер үлкен қателіктермен көрсетілген Қате құрастырылған
3. Құрастырылған суреттер мен жобалардың сапасы Жоғары сапалы Сапасы жақсы Сапасы орташа Өте төмен сапалы
Әдебиет тізімінде осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын (монографиялар, ағымдағы әдебиеттер) негізгі көздерінің болуы Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толығымен көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толық емес көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын ескірген әдебиет көздері көрсетілген Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауаптар Материалды жан-жақты және терең білуі Тақырып материалын білуі, бірақ жауаптарында аздаған қателіктері болуы 3 сұрақтың 1-не ғана жауап алынды Сұрақтарға жауап берген жоқ
               

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша 25 балл х 4 =100 балл

3. Диагноз қою алгоритмін бағалау критерийлері

Критерии балл балл балл балл
1. Маңыздылық пен резюменің болуы Маңыздылық көрсетілген, резюме бар Маңыздылықты көрсету мен резюмеде аздаған қателіктер бар Маңыздылық пен резюме үлкен қателіктермен баяндалған Маңыздылық пен резюме дұрыс көрсетілмеген
2. Талқыланып отырған патология бойынша тексеру алгоритм құрастырылуының дұрыстылығы Алгоритм нақты құрылған Алгоритм құруда аздаған қателіктер бар Алгоритм үлкен қателікпен құрылған Алгоритм қате құрылған
3. Алгоритм құруда кесте, жобаны қолдану Иллюстрациялар ақпаратты, жоғары сапалы Иллюстрация ақпаратты, орташа сапалы Иллюстрациялар-дағы ақпарат жеткіліксіз Иллюстрация-лар жоқ
Әдебиет тізімінде осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын (монографиялар, ағымдағы әдебиеттер) негізгі көздерінің болуы Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толығымен көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толық емес көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын ескірген әдебиет көздері көрсетілген Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауаптар Материалды жан-жақты және терең білуі Тақырып материалын білуі, бірақ жауаптарында аздаған қателіктері болуы 3 сұрақтың 1-не ғана жауап алынды Сұрақтарға жауап берген жоқ
               

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша 25 балл х 4 =100 балл

Қорытынды бақылау: 2 кезеңмен өткізіледі

1 кезең тестілеу (барлығы 30 тест), білімін бағалау бойынша тесттік тапсырмалар (15 тест), құқықтық компетенцияны бағалау бойынша тесттік тапсырмалар (5 тест), өзін-өзі дамыту бойынша тесттік тапсырмалар (10 тест) енгізілген – әр компетенция бойынша барлығы 100 балл.

Тесттілеудің бағалау критерийлері

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
90-100 балл 90 – 100% Өте жақсы
75-89 балл 75-89 Жақсы
50-74 балл 50-74 Қанағаттанарлық
50 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

2 кезең – мини ОҚКЕ. Науқастың төсегінде практикалық және коммуникативтік дағдыларды бағалау -максималды балл әр компетенцияға 100 балл.

Білімді және дағдыларды бағалау әдістері:

Студент білімін бақылау жүргізу технологиясы

t= (Z+N+K+P+S)/n

n – барлық компетенция бойынша тапсырмалардың саны

Z: z1+z2+…+zn - білім бойынша бағалар

N: n1+n2+…+nn - дағды бойынша бағалар

K: k1+k2+…+kn - коммуникативті компетенция бойынша бағалар

P: p1+p2+…+pn - құқықтық компетенция бойынша бағалар

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бойынша бағалар

 

Қатысу рейтингі студенттің қорытынды бағасында60 % -дан кем емес, мына формула бойынша анықталады

Rд= (t+r)/2 × 0,6

t– ағымды бақылау

r– қорытынды бақылау,

 

Қорытынды баға қатысу рейтингі және қорытынды бақылаудан құралады:

I = R х 0,6 + E х 0,4,

 

I– қорытынды баға

R– қатысу рейтинг бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (дисциплина бойынша емтихан)

Қорытынды рейтинг 60% қатысу рейтингінен және 40% қорытынды бақылау бағасынан құралады.

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.