Здавалка
Главная | Обратная связь

n – компетенция бойынша тапсырмалар саны

СИЛЛАБУС

 

Пән ішкі аурулар - №5 блок «Эндокринология»

Мамандығы - 051301 «Жалпы медицина»

 

Кафедра – Эндокринология

 

 

Курсы - төртінші Семестр – 7-8

 

Барлығы - 48 сағат

 

Дәрістер - 2 сағат

 

Тәжірибелік

(семинарлық) сабақтар - 15 сағат

 

Оқытушының жетекшілігімен студенттің

өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ) - 15 сағат

 

Барлығы аудиториялық – 30 сағат

 

Аудиториядан тыс студенттің

өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ) – 16 сағат

 

Бақылау түрі: емтихан

 

Алматы 2013

«Жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттеріне арналған «Эндокринология» пәні бойынша силлабус кафедра қызметкерлерімен құрастырылып, эндокринология кафедрасы отырысында талқыланған және бекітілген.

Хаттама №1, 31.08.2012 жыл.

Эндокринология кафедрасының отырысында қайта қаралған және бекітілген, № 2 хаттама, 12.09.2013 ж.

 

Кафедра меңгерушісі,

профессор ___________________________ Абылайұлы Ж.А.

 

 
 


1. Жалпы мағлұматтар:

1.1 ЖОО атауы: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазақҰлттық Медициналық университеті .

 

1.2 Кафедра:Ішкі аурулар №2

 

1.3 Пән, пәннің коды: «Ішкі аурулар» БДО -11.

 

1.4 Мамандығы: 051101 - Жалпы медицина, ПДО - 01

 

1.5 «Эндокринология» блогы бойынша оқу сағаттарының көлемі:48 сағат

 

1.6 Оқу курсы мен семестрі: 4 курс, 7-8 семестр.

1.7 Оқытушылар туралы мағлұматтар:

Профессорлар мен оқытушылар құрамының тізімі

Ф.И.О     Ғылыми дәрежелері Қызметі Ғылыми жетістіктері
Жангентхан Абылайұлы м.ғ.д., профессор   Эндокринология кафедрасының меңгерушісі эндокринология
Нұрбекова Ақмарал Асыловна м.ғ.д. профессор эндокринология
Жапарханова Зауре Слямхановна м.ғ.к. доцент эндокринология
Жұматова Майра Габбасовна м.ғ.к. доцент эндокринология
Молдабек Гульнар Қоңырбаевна м.ғ.к. доцент эндокринология
Алипова Азиза Тоқтасыновна м.ғ.к. ассистент эндокринология
Ильмалиева Ақтоты   педагог-стажер эндокринология
Қалдарбеков Олжас Айдарбекович   педагог-стажер эндокринология
Тлегенов Аскар Шындалиевич   педагог-стажер эндокринология

1.8 Байланыс ақпараттары: кафедраның орналасқан жері

Мекен-жайы: Райымбек 50-а, КазҰМУклиникасы, сайт: endocrinology.kz

 

Байланыс ақпараттары:

Кафедраның базасы Оқытушылар құрамы Мекен-жайы Байланыс телефондары
1. ҚазҰМУ клиникасы Кафедра мең. – Абылайұлы Ж. Райымбек 50-а 8(727)3862867
доценттер – Молдабек Г.К., Жапарханова З.С.,Жуматова М.Г., ассистент Алипова А.Т.    

1.9 Пән саясаты:Оқу үрдісінің кезеңді және мақсатты орындалуына бағытталған. Оқытушылардың студенттерден талабы медициналық оқу орындарында жалпы оқыту ұстанымдарына негізделген.

Кафедраның жалпы талабы:

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті, ретті түрде қатысу.

2. Студент сабаққа өзімен бірге алып келуі керек: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, жеке маска, ауыстыратын аяқ киім.

3. Студент дәрістер мен тәжірибелік сабаққа кешікпеуі керек.

4. Оқу үрдісіне студенттің белсенді қатысуы; дәріс жазбаларының болуы, теориялық материалды білу, ситуациялық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, науқастарды қарап-тексеру әдістерін пальпация, перкуссия, аускультацияны игеру және қолдану.

5. Когнитивті компетенцияны бағалау үшін күн сайын сабақ тақырыбына сай ауызша сұрау, тестілеу және ситуациялық есептерді шешу жүргізіледі. Тәжірибелік сабақтардың қорытынды бағасы ауызша сұрау, тестілеу және ситуациялық есептерді шешудің орташа арифметикалық бағасы болып табылады.

6. Пәнді оқыту барынсында 2 рубеждік бақылау жүргізіледі (бастапқы және қорытынды білім деңгейін бағалау үшін).

7. Ұсынылған тақырыптардың арасынан 1 тақырып бойынша СӨЖ-ді міндетті түрде орындау.

8. СӨЖ материалын (ситуациялық есептер, диагностика алгоритмі, емдеу сызбалары) тапсыру және СӨЖ тақырыбын қорғау уақыты тақырып жоспары бойынша белгіленген уақытқа сәйкес келуі керек, ол туралы өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген.

9. Студент СӨЖ белгіленген уақыттан кешіктіріп тапсырған жағдайда 10 балл кемітіледі.

10. СӨЖ орындау барысында плагиат анықталатын болса, 0 балл қойылады және СӨЖ қайта тапсырылмайды.

11. Студенттердің науқастармен және клиникалық база қызметкерлерімен дұрыс қарым-қатынасы.

12.Топтағы ыңғайсыз жағдайлардың кафедра меңгерушісінің және кафедраның оқу-ісі меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылануы.

13. Студент сабақ уақытында мобильді телефонды қоспау керек.

14. Егер студент сабақты себепсіз жіберген жағдайда, сабақ қайта тапсырылмайды.

15. Егер студент сабақты белгілі себепке байланысты жіберген жағдайда, «Жалпы медицина» факультетінің деканының рұқсатымен қайта тапсырылады.

2. Бағдарлама

Кіріспе

«Ішкі аурулар » медицинаның негізі болып табылады.

4 курста «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Ішкі аурулар» пәнінің профильдік маңызы зор және негізгі 9 блоктан тұрады. «Эндокринология» блогы бойынша оқытушының негізгі мақсаты студенттерге дәлелді медицина ұстанымдарына негізделген кең таралған эндокриндік аурулардың диагностикасы мен емін үйрету.

Медицина бакалавры квалификациялық талаптарға сәйкес эндокриндік аурулардың типтік көріністері, олардың алдын-алу, дәлелді медицина тұрғысынан емдеу ұстанымдары сұрақтары бойынша компетентті болуы тиіс.

 

2.2 Пәннің мақсаты:негізгі эндокринді аурулардың типті түрлерінің диагностикасы мен олардың заманауи емдеу әдістері, алдын-алу шаралары жөнінде білімі мен дағдыларын қалыптастыру.

2.3 Оқыту тапсырмалары:

  • Негізгі эндокринді аурулардың типті ағымы кезіндегі симптомдар мен синдромдарды анықтау.
  • Зерттеу жоспарын құру және негізгі зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерінің мәліметтерін оқи білу;
  • Дәлелді медицина ұстанымдарына сәйкес кең тараған эндокринді аурулардың емдеу ұстанымдарымен танысу;
  • Тұлғааралық қатынас пен науқасқа кеңес беру дағдыларын дамыту;

 

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент білуі тиіс:

· Кең тараған эндокринді аурулардың этиологиясы мен патогенезін;

· Кең тараған эндокринді аурулардың жіктелуін, клиникасын, ағымын, асқынуларын, болжамын;

· Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің заманауи әдістерін;

· Кең тараған эндокринді ауруларды емдеудің заманауи ұстанымдары мен әдістерін;

Жасай алуы тиіс:

· Науқастан анамнез жинау;

· Зерттеудің қарап-тексеру әдістерін қолдану;

· Зерттеудің оптимальды клиникалық-зертханалық және аспаптық әдістерін таңдай білу және мәліметтерді оқи алу;

· Науқастың емдеу және реабилитация жоспарын құру;

· Науқастармен, оның туысқандарымен, әріптестермен, басқа да медициналық қызметкерлермен максимальды сенімді қарым-қатынас орнату;

· Топта жұмыс жасау.

Дағдыларды білу:

· Диабеттік табан синдромы бар қант диабетімен ауыратын науқасты қарап тексеру;

· Гликемиялық профильді бағалау.

· Қалқанша безді пальпациялау.

2.5 Реквизитке дейінгі: патологиялық физиология, фармакология, ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, визуальды диагностика, коммуникативті дағдылар 1,2, жалпы иммунология, дәлелді медицина негіздері.

Реквизиттен кейінгі: жалпы дәрігерлік тәжірибе, жедел медициналық көмек, ішкі аурулар бойынша интернатура , жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Эндокринология» блогын оқығанда студенттер клиникалық зерттеу әдістерінің негізін қамтиды (сұрап білу, қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация), эндокринді аурулардың типті ағымдарының негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтауды үйренеді, дәлелді медицина негіздеріне сүйеніп, зертханалық-аспапты әдістермен диагностикалау және емдеу негізімен танысады.

2.7 Тақырыптық жоспар

Дәрістердің тақырыптық жоспары және олардың сағат бойынша көлемі

Дәріс тақырыбы Сағат
1.   Гипо- және гипергликемии синдромы 1 сағат
2.   Қалқанша бездің зақымдану синдромы 1 сағат
  Барлығы: 2 сағат

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары және олардың сағат бойынша көлемі

Сабақтардың тақырыбы Сағаттар
Гипо- және гипергликемия синдромы. Қант диабеті. 3,5 сағат
Қалқанша бездің зақымдану синдромы (гипотиреоз, гипертиреоз). 3,5 сағат
Гипоталамус-гипофизарлық жүйенің зақымдану синдромы. Иценко-Кушинг ауруы. Қантсыз диабет. 4 сағат
Бүйрек үсті безінің зақымдану синдромы. Созылмалы бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі. Конн синдромы. Феохромоцитома. 4 сағат
Барлығы: 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ)

Тақырыптың аты Өткізу түрі Сағаттар
1. Гипер- және гипогликемия синдромы бар науқасты жүргізу Кіші топтарда жұмыс; гипогликемия синдромы бар науқастың диагностика алгоритмі мен емдеу жоспарын құрастыру, ситуациялық есептерді шығару. Сабақ тақырыбына сай СӨЖ қорғау. 3,5 сағат
2. Тиреотоксикоз синдромы бар науқасты жүргізу Қалқанша без патологиясымен ауыратын науқасты курация жасау- аурудың шағымдары мен анамнезін жинау, қалқанша без пальпациясын жасау, көздік симптомдарды бағалау, тиреотоксикоз синдромы бар науқасты тексеру жоспарын құрастыру; ситуациялық есептерді шығару, тестілеу. Тәжірибелік дағдыны қабылдау- қалқанша бездің пальпациясы. 3,5 сағат
3. Гиперкортицизм синдромымен ауыратын науқасты жүргізу Иценко-Кушинг ауруымен ауыратын науқасты кураци жасау (шағымдарды мен анамнезді жинау, қарап тексеру, науқасты тексеру жоспарын құру); кіші топта жұмыс жасау- гиперкортицизмен ауыратын науқастың сараптамалар жинағын құрастыру. Тестілеу. Тәжірибелік дағдылырды қабылдау- семіздік дәрежесі мен түрін анықтау. СӨЖ қорғау. 4 сағат
4. Бүйрек үсті безінің зақымдану синдромымен ауыратын науқасты жүргізу Кіші топтарда жұмыс- гиперальдостеронизммен ауыратын науқастың сараптамалар жинағын және диагностика алгоритмін құрастыру. Ситуациялық есептер мен сөзжұмбақтарды шешу. Сабақ тақырыбына сай СӨЖ қорғау. Тестілеу. Қорытынды рубеждік бақылау. 4 сағат
  Барлық сағаттар: 15 сағат

 

2.8 Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың сағат бойынша көлемі

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары Сағаттары
1. Қант диабеті. Қант диабетінің жедел асқынулары 4 сағат
2. Қалқанша без аурулары. Тиреоидиттер 4 сағат
3. Бүйрек үсті безінің аурулары. Конн синдромы. Феохромоцитома. 4 сағат
4. Қалқанша маңы безінің аурулары. Гипопаратиреоз. Гиперпаратиреоз. 4 сағат
  Барлығы: 16 сағат

СӨЖ орындауға арналған тапсырма нұсқалары өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқауларда көрсетілген.

СӨЖ ұйымдастыру түрлері:

1. Пән ерекшелігін ескере отырып, сабақ тақырыбы бойынша реферат дайындау.

2. Тақырыпқа сай эндокринді аурудың клиникалық көрінісінің, диагностикасы мен емінің ерекшеліктерін аша отырып, клиникалық ситуациялық есепті құрастыру.

3. Пән ерекшелігін ескере отырып, сабақ тақырыбы бойынша презентация (мультимедиялы) дайындау.

4. Сабақ тақырыбы бойынша диагностикалық зерттеу алгоритмін құрастыру.

5. Сабақ тақырыбы бойынша эндокринді аурудың емдеу сызбасын дайындау.

6. СӨЖ тақырыптарына сәйкес эссе дайындау.

7. Сөзжұмбақ құрастыру.

 

Тәжірибелік дағдылар

1) Гликемиялық профильді бағалау.

2) Қалқанша безді пальпациялау

Коммуникативті дағдылар

1) Дәрігердің коммуникативті мәдениеті: дәрігер-дәрігер (топтағы жұмыс), дәрігер –науқас (нау қасты емдеудегі дәрігердің рөлі мен жауапкершілігі).

 

Құқықтық сұрақтар:

1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы 2011-2015жж «Саламатты Қазақстан» мемлектеттік реформасы.

2.9 Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: учебник.- М., 2008.- 432 с.

2. Нурбекова А.А. Сахарный диабет (диагностика, осложнения, лечение). Учебное пособие. Алматы, 2011, 80с.

3.Джакупова А. Диагностика хронической надпочечниковой недостаточности. Учебно-методическое пособие. Алматы, 2009.-41с.

4. Нұрбекова А.А. Қалқанша без аурулары (оқe-әдістемелік құрал). Алматы қ, 2005,23б.;

5. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: учебник.- М., 2008.- 432 с. (қазақша, аударғандар Абылайұлы Ж., Алипова А.Т. электронды нұсқасы).

Қосымша әдебиеттер:

1. 1. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: оқулық.- М., 2008.- 432 бет (Аударғандар: Абылайұлы Ж, Алипова А.Т.).

2. Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушений обмена веществ/ под общ. Ред. И.И.Дедова, Г.А.Мельниченко.- М., 2008.-584с. (электронный вариант)

3. П.Дж.Уоткинс. Сахарный диабет/2-е издание. Пер. с англ., М.: Издательство БИНОМ, 2006-134с (электронды нұсқасы).

4. Дедов И.И., Мельниченко Г.А. Несахарный диабет (клиника, диагностика, лечение). Методические рекомендации для врачей (электронды нұсқасы).

5. Фадеев В.В., Мельниченко Г.А. Надпочечниковая недостаточности (клиника, диагностика, лечение). Методические рекомендации для врачей. М.-Медпрактика-М, 2003.-48с (электронды нұсқасы).

6. Алгоритмы специализированной медицинской помощи больным сахарным диабетом. Под редакцией И.И. Дедова, М.Б. Шестаковой. 5-й выпуск. Москва, 2011, 116с (электронды нұсқасы).

7. Мкртумян А.М. Инсулин – в норме и при патологии: учебное пособие.- М., 2008- 64с.

8. Мкртумян А.М., Нелаева А.А. Неотложная эндокринология: руководство/ пер. с англ. Под ред.-2-е изд.М., 2008.-128 с.

9. Схемы лечения. Эндокринология/ под общ. Ред. И.И.Дедова и Г.А. Мельниченко.-М.,2007.-304 с

10. Эндокринология. Клинические рекомендации/ под ред. И.И.Дедова, Г.А. Мельниченко.-М., 2008.-300с.

Әдебиеттер туралы мәліметтің электронды нұсқасын кафедрадан (СD-дискіде) немесе кафедраның сайтта алуға боладыendocrinology.kz

 

ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі медициналық іздеу сайттары, шетел медициналық журналдары мен кітапханаларының сайттарының адрестері:

1. Medscape http://www.medscape.com Глобальная поисковая медицинская система.

2. Pub Med http://www4.ncbi.nlm.nih.gov/PubMed/ База данных Medline.

3. National Library of Medicine http://www.nlm.nih.gov/
Национальная медицинская библиотека США

4. Hardin MD http://www.lib.uiowa.edu/hardin/md/index.html
Глобальная медицинская поисковая система

5. WebDoctor http://fs.dai.net/ac/232481/E01.html?http://www.gretmar.com/webdoctor/
Медицинские ресурсы в интернет. Имеется рубрикатор для поиска.

6. Cliniweb http://www.ohsu.edu/cliniweb/ Медицинский поиск в Интернет

7. Am. Medical Association http://www.ama-assn.org/
Американская Медицинская Ассоциация. Медицинская литература.

8. HealthGate http://www.healthgate.com
Медицинская база данных, поиск литературы по различным темам.

9. Galaxy
http://www.galaxy.com/galaxy/Medicine.html Медицинская поисковая система

10. http://www.consilium-medicum.com/ Журнал «Сonsilium-Medicum»

11. http://www.rmj.ru/ - Русский медицинский журнал

12. www.medliter.ru – специализированная медицинская литература (монографии, учбники, справочники)

 

2.10 Оқыту әдістері

· Шолу дәрістерін оқу (презентациялар)

· Тәжірибелік сабақтарды өткізу:

бастапқы білім деңгейін бағалау (тестілеу); инновациялық зерттеу тәсілдерін (кейс-стади, «сүйікті сұрақ», «тізбек», «балық қаңқасы») қолдана отырып, сабақ тақырыбын талқылау (кіші топтар жұмысы, дискуссия); тақырыптық науқастарды курациялау, тәжірибелік дағдыны ұғу (жұппен жұмыс жасау); қорытынды бақылау (ситуациялық есептерді шығару, тесттілеу, қант диабеті бойынша интерактивті оқу бағдарламасы) .

2.11 Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері:

 

Когнитивті компетенцияны бағалау критерийлері

Тесттілеуді бағалау критерийлері

Балл боынша бағасы Орындау % Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
90-100 90 – 100 үздік
75 -89 89 – 75 жақсы
74-50 74 – 50 қанағаттанарлық
49 және төмен 49 – 0 қанағаттанарлықсыз

Студент жауабын бағалау критерийлері

Жауаптың сипаттамасы Баллдары Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
Қойылған сұраққа толық және жан-жақты жауап берілді, нысан туралы білімді толық түсініп, меңгергені байқалады және ұғымдарды еркін пайдаланып, оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Нысан туралы білімін сол ғылыми жүйе мен пәнаралық байланыстар тұрғысынан көрсете алды. Жауап ғылыми терминдермен құрастырылып, әдеби тілмен жеткізілді, көңілге қонымды, дәлелді, студенттің авторлық позициясын көрсетеді. үздік
Қойылған сұраққа толық және жан-жақты жауап берілді, нысан туралы білімді толық түсініп, меңгергені байқалады,тақырыптың негізгі мәселелерін дәлелді ашып көрсетті; жауабында талқыланып отырған түсініктердің, теорияның, құбылыстың маңызын ашатын, логикалық жүйелілік, нақты құрылым аңғарылады. Нысан туралы білімін сол ғылыми жүйе мен пәнаралық байланыстар тұрғысынан көрсете алады. Жауабы ғылыми терминдерді қолдана отырып, әдеби тілмен жеткізілді. Жауап барысында түсініктер анықтамасында студенттің өзі байқап, өзі түзеткен шамалы кемшіліктері болды. 90-94 үздік
Қойылған сұраққа толық және жан-жақты жауап берілді, түсініктердің маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Жауап нақты құрылымдалып, ойластырылған, ғылыми терминдерді қолдана отырып, әдеби тілмен жеткізілген. Жауап барысында студенттің мұғалім көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктері болды. 80-89 жақсы
Қойылған сұраққа толық және жан-жақты жауап берілді, түсініктердің маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Жауап нақты құрылымдалып, ойластырылған, ғылыми терминдерді қолданып, баяндалған. Дегенмен, студенттің мұғалімнің «қосымша» сұрақтары көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктері болды. 75-79 жақсы
Қойылған сұраққа толық, дегенмен жүйелілік жағынан аздаған кемшіліктері бар жауап берілді, бірақ түсініктердің маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Жауап ойластырылған, ғылыми терминдерді қолданып, баяндалған. Негізгі түсініктер анықтамасында студенттің өз бетінше түзете алмайтын 1–2 қателіктері болды. 70-74 қанағаттанарлық
Қойылған сұраққа берген жауабы толық емес және жеткілікті ашылмаған. Логикасы мен баяндау жүйелілігінде кемшіліктер бар. Түсініктерді ашуда және терминдерді қолдануда қателіктер жіберілді. Студент өз бетінше маңызды және маңызсыз тұстар мен себеп-салдарлық байланыстарды ажырата алмайды. Студент жалпы білімді қорытындылай алады, дегенмен негізгі қағидаларды мұғалім көмегімен ғана дәлелдей алады. Сөйлемді құрастыруы жөндеулер мен түзетулерді қажет етеді. 65-69 қанағаттанарлық
Қойылған сұраққа жауабы толық емес, логикасы мен баяндау жүйелілігінде айтарлықтай кемшіліктер бар. Жауабында талқыланып отырған түсініктердің, теорияның, құбылыстың маңызын ашуда, маңызды және маңызсыз тұстар мен себеп-салдарлық байланыстарды түсінбеуіне байланысты дөрекі қателіктер жіберілді. Жауабында қорытынды жоқ. Жалпы алған білімінде нақты көріністерді ашып көрсете алмайды. Сөйлемді құрастыруы жөндеулер мен түзетулерді қажет етеді. 60-64 қанағаттанарлық
Қойылған сұраққа жауабы толық емес, сұрақ тақырыбына байланысты анықтамаларды беруінде білімінің жеткіліксіздігінен күрделі қателіктер жіберді. Баяндауында фрагменттілік бар және ойластырылмаған. Студент берілген түсініктердің, теорияның, құбылыстың басқа пәндермен байланысын түсінбейді. Ойын қорытындылай, нақтылай және дәлелдей алмайды. Сөздері сауатсыз. Мұғалімнің қосымша және нақтылау үшін қойған сұрақтарына, тек сол сұраққа ғана емес, пәннің басқа да сұрақтарына студент жауап бере алмайды. 50-59 қанағаттанарлық
Пәннің негізгі сұрақтары жөнінде жауаптар алынған жоқ.   0-49 қанағаттанарлықсыз

Коммуникативті компетенцияны бағалау критерийлері

Дағдылар Алгоритм Балдар
Студенттің балы Мах. балл
Науқаспен әңгімелесу Науқасты жылы қарсы алу  
Өзін таныстыру  
Науқаспен ара-қатынасты сақтау  
Науқаспен сұхбатты орнату  
Белгілі бір патологиямен келген науқасты тыңдау Ашық сұрақтар қоя білу  
Мәселені анықтау  
Қосымша шағымдарын анықтау  
Науқасты көбірек тыңдау  
Науқастың көңіл-күйлік өзгерісін, қобалжуын төмендете білу Науқастың көңіл-күйін бақылап отыру    
Әңгімелесу кезінде науқасты сендіру қабілеті Құралған сөйлемдердің сауаттылығы  
Айтылған ойдың қарапайымдылығы мен дәлдігі  
Дәрігер тарапынан айтылған ақпаратқа нақты аргументация беру  
Науқастың жағдайына түсінушілікпен қарау (эмпатия)  
Науқасты қарап-тексеру кезінде дәрігер өзінің қимылына түсінік беру (комментарий) Науқасты қарап-тексеру кезінде дәрігер өзінің қимылын науқасқа түсінікті тілде түсіндіру  
Іс-шараны жүргізу алдында науқастың қорқыныш сезімін басу  
Ақпарат беру дағдысы Дәрігер тарапынан айтылған ақпаратты науқастың түсінгенін тексеру  
Науқастан жиналған ақпаратты дәрігердің қорытындылауы  
Қорытынды:   100 балл
           

Тәжірибелік дағдыларды бағалау критерийлері

Тәжірибелік дағдыларды бағалау критерийлері

Тәжірибелік дағдыны сипаттау балл балл балл балл
  Қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқастың гликемилық профильін бағалау(глюкоза толеранттылық тесті) Гликемиялық профиль нәтижесі бойынша дұрыс тұжырым берілді барлықкөмірсу алмасуының бұзылыстарына (ҚД, ГТБ, АГБ) Тестің нәтижесі бойынша дұрыс нәтиже бермеді тек қана біреуі көмірсу алмасуының бұзылысы берілді (ҚД, ГТБ, АГБ) Глюкозаға толеранттылық тесті көмірсу алмасуының бұзылысының 2 түріне дұрыс нәтиже берілмеді. Гликемиялық профиль нәтижесі бойынша дұрыс тұжырым берілген жоқ
Қалқанша безге пальпация жасау барлық зерттеу тәсілдерін сақтай отырып орындалды Қалқанша безге пальпация жасау барлық зерттеу тәсілдерін сақтай отырып орындалды Қалқанша безін пальпация жасау барысында техника жағынан аздаған қателіктер жіберді Қалқанша безін пальпация жасау барысында күрделі техникалық қателіктер жіберді Қалқанша безін пальпация жасау орындалған жоқ

 

Құқықтық компетенцияны бағалау критерийлері

Құқықтық компетенцияны бағалау үшін тесттілеу өткізіледі – 10 тест. Тесттілеуді бағалау критерийлері жоғарыда көрсетілген.

Өзін-өзі дамыту компетенциясын бағалау критерийлері (студенттің өзіндік жұмысы СӨЖ)

Емдеу кестесін бағалау критерийлері

Критерийлер балл балл балл балл
Өзектілігі және резюмесі Өзектілігі көрсетілген және резюмесі бар Өзектілігі және резюмесінде жеке кемшіліктер бар Өзектілігі және резюмесінде күрделі кемшіліктері бар Өзектілігі және резюме дұрыс берілмеген
Қарастырылып жатқан патологияның кестесі мен суреттерінің дұрыс құрастырылуы   Барлық суреттер мен кестелер дұрыс берілген Жеке қателіктер бар Күрделі кемшіліктермен Дұрыс құрастырылмаған
Құрастырылған суреттер мен кестесінің сапасы Жоғары сапалы Жақсы сапалы Орташа сапалы Өте төмен сапалы
Әдебиет тізімінде негізгісі қазіргі заманғы сұрақтардың қамтылуының болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес. Тізімде ескі әдебиеттер, қазіргі заманғы сұрақтарды қамтымайды. Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

Түзету коэффициенті: 4

Клиникалық ситуациялық есептерді құрастыруды бағалау критерийлері

Критерийлер 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
Аурудың шағымдары мен анамнезінің дұрыс жазылуы Барлық сұрақтар толық қамтылған Аурудың шағымдары мен анамнезінің жазылуында жеке қателіктері бар Берілген шағымдар мен анамнезде күрделі кемшіліктер жіберілген Шағымдар мен анамнезі дұрыс берілмеген
Аурудың объективті мағлұматтарының дұрыс берілуі объективті мағлұматтарды дұрыс берген объективті мағлұматтарын сипаттауда жеке қателіктер жіберілген объективті мағлұматтарында күрделі кемшіліктер жіберілген объективті мағлұматтарының дұрыс берілмеген
Қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретация берілуі ,дәлелді медицина позициясына сүйеніп емдеу принциптерінің көрсетілуі. Барлық қажетті қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретация берілген, дәлелді медицина позициясымен емдеу принциптері көрсетілген. Қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретациясында және дәлелді медицина позициясымен терапия принциптерінде жеке қателіктер жіберілген. Қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретациясында күрделі кемшіліктер жіберілген және терапия принциптері берілген, бірақ дәлелді медицина позициясымен берілмеген. Қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретациясы дұрыс берілмеген. Терапия принциптері берілмеген.
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы жағдай сұрақтарын қамтитын толық әдеби тізім бар. Қазіргі заманғы жағдай сұрақтарын қамтитын әдеби тізімі толық емес. Тізімде ескі әдебиеттер, қазіргі заманғы жағдайды қамтымайды. Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша алды 25 балл х 4 =100 балл

Диагностикалау алгоритмін бағалау критерийлері

Критериилер балл балл балл балл
Өзектілігі және резюмесі Өзектілігі көрсетілген және резюмесі бар Өзектілігі және резюмесінде жеке кемшіліктер бар Өзектілігі және резюмесінде күрделі кемшіліктері бар Өзектілігі және резюме дұрыс берілмеген
Талданып жатқан патологияның диагностика алгоритімінің дұрыс құрастырылуы   Барлық диагностика алгоритмі дұрыс берілген Жеке қателіктер бар Күрделі кемшіліктер жіберілген Дұрыс құрастырылмаған
Алгоритм құрастырылуында кестелер мен сызбаларды дұрыс қолдану Иллюстрацияның ақпараттылығы жоғарғы сапалы Иллюстрацияның ақпараттылығы орташа сапалы Иллюстрацияның ақпараттылығы жеткіліксіз Иллюстрациясы жоқ
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар. Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес. Тізімде ескі әдебиеттер, қазіргі заманғы жағдайды қамтымайды. Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша алды 25 балл х 4 =100 балл

Мультимедиялы презентацияны бағалау критерийлері

критерийлер балл балл балл балл
Аурудың анықтамасы, этиологиясы мен патогенезін дұрыс сипаттау Барлық сұрақтар толық қамтылған Аурудың анықтамасы, этиологиясы мен патогенезін сипаттауда аздаған қателіктері бар Берілген мәліметтерді сипаттауда күрделі кемшіліктер жіберілген Аурудың анықтамасы, этиологиясы мен патогенезі дұрыс сипатталмаған
Аурудың объективті мағлұматтарының дұрыс берілуі объективті мағлұматтарының дұрыс берілген объективті мағлұматтарының жеке қателіктері бар объективті мағлұматтарында күрделі кемшіліктер жіберілген объективті мағлұматтарының дұрыс берілмеген
Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс интерпретациялау және сипаттау Барлық қажетті қосымша зерттеу әдістеріне дұрыс интерпретация мен сипаттау берілген Қосымша зерттеу әдістерін интерпретация мен сипаттауда жеке қателіктер жіберілген Қосымша зерттеу әдістерін интерпретациялау мен сипаттауда күрделі кемшіліктер жіберілген Қосымша зерттеу әдістерінің интерпретациясы мен сипаты дұрыс берілмеген
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес Тізімде ескі әдебиеттер, қазіргі заманғы жағдайды қамтымайды Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша алды 25 балл х 4 =100 балл

Сөзжұмбақ түрінде орындалған СӨЖ бағалау критерийлері

Критерийлері 0 балл 2 балл 3 балл 4 балл 5 балл
1. Сөзжұмбақта қойылған сұрақтар (көлденеңі мен тігінен) СӨЖ тапсырмасына сай келуі Сұрақтар СӨЖ тақырыбына сәйкес емес Көп сұрақтар СӨЖ тақырыбына сәйкес емес Кейбір сұрақтар СӨЖ тақырыбына сәйкес емес Аздаған сұрақтар СӨЖ тақырыбымен байланыспаған Сөзжұмбақ сұрақтары дұрыс жасалған
2. Сөзжұмбақта таңдалған сұрақтар клиникалық ойлаудың дамуына көмектесуі мүмкін Клиникалық ойлаудың дамуына көмектеспейді Көптеген сұрақтар клиникалық ойлаудың дамуына көмектеспейді Клиникалық ойлаудың дамуына аздап әсер етуі мүмкін Белгілі деңгейде әсер етуі мүмкін Клиникалық ойлаудың дамуына әсер етеді
3. Бағаланып отырған сөзжұмбақ құрастырушының тақырыпты терең меңгергенін көрсетеді Тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетеді Тақырып бойынша білімінің аз екендігін көрсетеді Тақырып бойынша терең білімінің жоқтығын көрсетеді Құрастырушының тақырып бойынша жалпы білімі бар Тақырып бойынша білімі терең
4. Сөзжұмбақ диффере-нциальды диагностиканы жүргізу қабылетін дамытуға көмектесуі Көмектеспейді Көп көмектеспейді Аз көмектеседі Жалпы көмектесуі мүмкін Көп көмектеседі
5. Автормен құрастырылған сөзжұмбақ шығармашылық немесе оған талпыныс ретінде бағалануы мүмкін Дидактикалық маңызы жоқ Сөзжұмбақ дұрыс құрастырылмаған Шығармашылық элементтері жоқ Шығармашылық элементтері бар Сөзжұмбақ шығармашылық болып табылады және кафедра шешімімен кафедраның дидактикалық құралдарына енгізілді

* Баллдар жиынтығы "4" түзету коэффициентіне көбейтіледі

 

Рефератты бағалау критерийлері

Критерийлер 5 балл 4 балл 3 балл 2 балл
Реферат жоспары мен тақырып өзектілігінің болуы Реферат жоспары бар, тақырып өзектілігі көрсетілген Реферат жоспары мен тақырып өзектілігінде аздаған кемшіліктер бар Реферат жоспары мен тақырып өзектілігінде күрделі кемшіліктер бар Реферат жоспары мен тақырып өзектілігі дұрыс көрсетілмеген
Рефератты баяндауында тақырыпты толық түсініп, меңгергені байқалады және ұғымдарды еркін пайдаланып, оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Берілген тақырыпқа сай толық, жан-жақты реферат баяндалды, тақырыпты толық түсініп, меңгергені байқалады және ұғымдарды еркін пайдаланып, оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Эндокринология және басқа да пәнаралық байланыстар шеңберінде тақырыпты түсініп, меңгергені көрінеді. Берілген тақырыпқа сай толық, жан-жақты реферат баяндалды, оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Cтуденттің мұғалім көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктері болуы мүмкін. Берілген тақырыпқа бойынша толық, бірақ жүйелі емес реферат баяндалды, дегенмен студент оның маңызды және маңызсыз тұстары мен себеп-салдарлық байланыстарын ажырата алады. Негізгі түсініктер анықтамасында студент өз бетінше түзете алмайтын 1-2 қателіктер болуы мүмкін Баяндаған рефераты толық емес, логикасы мен баяндау жүйелілігінде айтарлықтай кемшіліктер бар. Жауабында талқыланып отырған түсініктердің, теорияның, құбылыстың маңызын ашуда, маңызды және маңызсыз тұстар мен себеп-салдарлық байланыстарды түсінбеуіне байланысты дөрекі қателіктер жіберілді. Жалпы алған білімінде нақты көріністерді ашып көрсете алмайды.  
Баяндаманы ғылыми терминдерді пайдаланып, әдеби тілмен жеткізуі, ойластырылуы, дәлелді және студенттің авторлық позициясын көрсетуі Баяндаманы ғылыми терминдерді пайдаланып,әдеби тілмен жеткізді, ойластырылған, дәлелді және студенттің авторлық позициясын көрсетеді Баяндама ойластырылған ғылыми терминдерді пайдаланып,әдеби тілмен жеткізді. Мұғалім көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктер жіберілді. Баяндама ойластырылған, ғылыми терминдермен баяндалған. Негізгі түсініктердің анықтамаларында студент өз бетінше түзете алмайтын 1–2 қате жіберілуі мүмкін. Баяндамада қорытынды жоқ. Жалпы білімнің нақты тұстарын ашу қабылетін көрсеткен жоқ. Сөйлеуі жөндеулер мен түзетулерді қажет етеді.
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер) Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар. Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес. Тізімдегі ескі әдебиеттер қазіргі заманғы сұрақтарды қамтымайды Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауап беруі Тақырып материалын жан-жақты және терең біледі Тақырыптың материалын біледі, бірақ жауабында аздаған кемшіліктер бар 3-сұрақтың 1 ғана жауап алынды Сұраққа жауап берген жоқ

* Баллдар жиынтығы "4" түзету коэффициентіне көбейтіледі

Клиникалық диагнозды негіздеуді бағалау критерийлері (эссе)

Сипаттау балл балл балл 0-49 балл
Шағымдарын, ауру анамнезін, өмір тарихынан, физикалық, зертханалық-аспаптық зерттеулерден осы ауруға қатысты мәліметтерді - студент анықтады   Шағымдарын, ауру анамнезін, өмір тарихынан, физикалық, зертханалық-аспаптық зерттеулерден осы ауруға қатысты мәліметтерді ескере отырып, клиникалық диагнозды негіздеді   Негізгі моменттерді көрсетті, бірақ диагноз қоюға қажетті жекелеген көрсеткіштерді анықтауда азадаған сәйкессіздіктер жіберді   Диагнозды негіздеуге қажетті негізгі көрсеткіштерді анықтауда біршама қателіктер жіберді   Клиникалық диагнозды негіздемеді

 

Ағымды бақылау бағасыt – студенттің компетенция жиынтығы деңгейінің бағасы, мына формула бойынша анықталады

t= (Z+N+K+P+S)/9

мұндағы

n – компетенция бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+zn - білімі бойынша бағасы

N: n1+n2+…+nn - дағдылар бойынша бағасы

K: k1+k2+…+kn - коммуникативті дағдылар бойынша бағасы

P: p1+p2+…+pn - құқықтық сұрақтар бойынша бағасы

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бойынша бағасы

Әрбір компетенция 100-баллды шкала бойынша бағаланады.

Жіберілу рейтингісі студенттің қорытынды бағасында 60 % төмен болмауы тиіс, мына формула бойынша есептеледі

Rд= (t+r)/2×0,6

где t– ағымды бақылау

r – қорытынды бақылау (рубеждік бақылау)

Пән бойынша студенттің білімін бағалау суммасы

Әріптік жүйе бойынша бағалау Сандық эквивалент Балдар Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 Өте жақсы  
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық  
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.