Здавалка
Главная | Обратная связь

Максимальды - 100 балл



СИЛЛАБУС

1. Жалпы мәлімет:

1.1. ЖОО/ВУЗ аты -С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина

Университеті

1.2. Кафедрафтизиопульмонология

1.3. Пәні : -«Ішкі аурулар» (051301)

1.4. Мамандығы: -жалпы медицина (051301)

1.5. Оқу сағатының көлемі -51 сағат

1.6. Оқу курсі және семестрі –4, (VІI – VIII)

Алматы, 2014 ж.

 

 

ҚР университеттерінің, медицина факультеттерінің, медицина және фармацевтикалық жоғарғы оқу орындарының кафедраларында оқу әдістемелік құжаттарды өңдеу жайындағы МЖББС/ГОСО-2006 ж байланыстырып № 6- нұсқаулы хатты негіздеп профессор А.С. Ракишева, доцент Сыздыкова Н.С., доцент Кумисбаева Б.Т. силлабус қайта өңделді.

 

Кафедра отырысында силлабус талқыланды.

хаттама № 1 29 тамыз 2014 жыл

 

 

Кафедраның меңгерушісі м.,ғ.,д., профессор Ракишева А.С.

 


1.7. Оқутышылар жайында мәлімет беру

  АТЫ-ЖӨНІ Дәреже қызметі Приоритетті ғылымы қызығушылық, жетістіктер
1. Ракишева А.С. м.ғ.д. Каф.мең-герушісі Балаларда және жасөспірімдерге, сонымен қатар пенитенциарлы меке-мелерде болатын туберкулездің ағымының ерекшелігі. Туберкулез рецидивының профилактикасы
2. Маскеев К.М. м.ғ.д. Профессор Туберкулездің эпидемиологиясы
3. Муминов Т.А. м.ғ.д. Профессор Туберкулездің бактериологиялық диагностикасының заманауи әдістері
4. Дуйсенбекова Б.С. м.ғ.к. Доцент Балаларда болатын туберкулездің ажырату диагностикасы
5. Сыздыкова Н.С. м.ғ.к. Доцент Туберкулездің ерте диагностикасы
6. Кумисбаева Б.Т. м.ғ.к. Доцент Туберкулез және ілесіп қосылатын аурулар
7. Касенова Л.Ш. м.ғ.к. Доцент БЦЖ вакцинациясына беретін асқы-нулардың диагностикасы, клиника-сы, емі және алдын алу
8. Исаева А.Г. м.ғ.к. доцент Туберкулезге қолданатын аспапты зерттеу әдістері
9. Макулбаева У.Т. м.ғ.к. доцент м.а. Өкпенің диссеминирлі туберкулезі
10. Еркенова Г.С. м.ғ.к. доцент м.а. Ұйымдасқан ұжымдарда тұратын жасөспірімдерде дамитын туберку-лез
11. Жумабаева Ш.К. - Ассистент Туберкулездің қайталануы/рецидиві
12. Сейтханова Н.Р. - Ассистент Туберкулездің қайталануы/рецидиві
13. Даутова Х.М. - Ассистент Созылмалы туберкулездің ағы-мының ерекшелігі
14. Репина Ю.В. - ассистент Балаларда болатын туберкулезді менингиттің ағымының ерекшелері
         

1.8. Контакті информация:Туберкулез мәселесінің Ұлттық орталығының (ТМҰО) клиникасында фтизиопульмонология кафедрасы орналасқан: мекен жайы: 050050 Алматы қаласы, Бекхожин көшесі 5, телефон 2918607, электрондық адресі: asr.kz@mail.ru

1.9. Пәннің политикасы:

- дәріске және машықтану сабағына студент кешікпей келу керек;

- орынсыз себептерге байланысты сабақты жібермеу;

- ауруға байланысты жіберген сабақтарын өтеу үшін деканаттан рұқсат әкелу тиіс. Жіберген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытында өтейді.

- туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелерде өңделген санитарлық гигиеналық ереже талабын мұқият сақтау;

- сабаққа медицина халаттарымен, колпактарымен және маскаларымен келу;

- оқу үрдісіне, конференцияларға белсенді қатысу;

- коллоквиумды уақытылы тапсыру;

- СӨДЖ сапалы және уақытылы орындау;

- Студенттер аралық/рубежды бақылауды тапсырмаған жағдайларда дифференциальды сынақ жіберілмейді.

1. БАҒДАРЛАМА:

Кіріспе

Туберкулез бойынша эпидемиялық ситуацияның соңғы жылдарында өзгеруі жұққандықтың, аурулық, аурушандық, өлім-жітім көрсеткіштерінің жоғарлауымен сипатталады, сонымен қатар туберкулездің клиникалық формаларының структурасы да ауырлады, олар: туберкулез үрдісінің ауыр үдемелі деструкциялы формаларының, туберкулездің полирезистентті формаларының, өкпеден тыс туберкулездің санының өсуі. Осы аталғандардың барлығы республикаға туберкулез қауіпін төндіретін ауру. Сонымен қатар туберкулездің патоморфозының және клиникалық ағымының өзгеруі диагностиканың және ажырату диагностиканың жүргізуін ауырлатады.

Сондықтан, туберкулезді уақытылы анықтауда барлық мамандықтағы дәрігерлер сақ болу керек. Фтизиатрияның негізін болашақ дәрігерлер білу тиіс. Әр болашақ дәрігер пациентте туберкулез бар екенің уақытылы күдектену керек, оны зерттеу және қажетті жағдайда фтизиатрдің кеңесіне жіберу. Дәрігер аурудың бастапқы симптомдарын білу тиіс және Қазақстанда қолданатын бұйырықтарды, әдістемелік нұсқауларды, медицина мекемелерінде жүргізілетін санитарлық эпидемиялық ережелерді білген жөн. Фтизиатрия бойынша жасалған бағдарламаға туберкулезге қолданатын ерте және уақытылы диагностикасы, оны алдын алу, емі және диспансерлік бақылау кіргізілген.

 

2.2 Пәнді оқыту мақсаты:фтизиатрияның негізгі аспектері бойынша студенттердің білімін, ептілігін және дағдыларын, студенттердің клиникалық ойлауын дамыту және туберкулезді алдын алу жайында алған білімін қолдану шеберлігін қалыптастыру.

 

2.3. Оқытудың міндеті:

- фтизиатрияның негізгі бөлімдері бойынша білімін қалыптастыру;

- туберкулезді анықтау үшін қолданатын диагностика әдістеріне студенттерді үйрету;

- туберкулездің ажырату диагностикасына қолданатын алғашқы әдістеріне және принциптеріне үйрету;

- туберкулезді алдын алу принциптеріне үйрету;

- туберкулезде болатын шұғыл жағдайларға көмек көрсетуге үйрету.

 

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері

Студенттің білімін қалыптастыру:

· туберкулездің эпидемиологиясы;

· туберкулездің этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы және патоморфозы;

· туберкулезді ерте және уақытылы анықтау жолдары;

· клиникалық , лабораториялық және аспапты зерттеулерге қолданатын қазіргі әдістер;

· фтизиатрға жіберу көрсеткіші;

· туберкулездің клиникалық жіктелуі;

· туберкулезбен ауыратын науқасқа жүргізілетін курацияның ерекшелігі;

· басқа ішкі аурулардан туберкулезді ажыратын ажырату диагностикасын жүргізу принциптері;

· туберкулездің қазіргі терапиясының негізгі принциптері;

· туберкулезді алдын алу (спецификалық және бейспецификалық).

Студенттің ептілігін қалыптастыру:

· науқастан анамнез жинау;

· оңтайлы клиникалық, лабораториялық және аспапты зерттеу әдістерін таңдау;

· сәулелі диагностиканы қолдану көрсеткішін анықтай білу;

· лабораториялық зерттеулерден алынған мәліметтерді талдау;

· туберкулезде болатын шұғыл жағдайларға көмек көрсету;

· клиникалық жіктелуге және пациенттердің типіне сәйкес ем жоспарын құрастыру;

· туберкулез инфекция ошағында індетке қарсы шараларды өткізу;

· тұрғындардың әртүрлі тобының арасында санитарлық ағарту жұмысын өткізу;

· пациенттермен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкер-лерімен сенімді өзара байланысты қатынастымаксимальды орнату;

· командыда жұмыс істеу.

Дағдыларды қалыптастыру:

· қарап тексеруді, пальпацияны, перкуссияны және аускультацияны дағдылану;

· диагностика және емнің мониторингісін жүргізу үшін қақырықты жинау;

· фтизиатрға жіберу көрсеткішін анықтау.

2.5. Пәндердің пререквизитты және постреквизитты:

Пререквизитты:патологиялық физиология, микробиология, фармакология, ішкі аурулардың пропедевтикасы, визуальды диагностика, эпидемиология, жалпы иммунология, дәлелді медицинаның негізі.

Постреквизитты:ішкі аурулар, инфекциялы аурулар, шұғыл медициналық көмек көрсету.

 

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Фтизиатриялық службаны ұйымдастыру. Диспансеризация.Туберкулезге қарсы күрес жүргізу мекемелері. Ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға туберкулездің диагностикасын жүзеге асыру және ұйымдастыру. Туберкулезбен ауырған науқастарға бақылауды ұйымдастыру және амбулаториялық жағдайда оларға ем жүргізу.Туберкулез инфекция ошағында диспансердің өткізетін жұмысы. Бактерия бөлушілермен қарым қатыныста болып бірге тұратын кісілердің арасында туберкулездің профилактикасын және сауықтыру жайында өткізілетін шараларды ұйымдастыру. Туберкулез инфекция ошағында өткізілетін жұмыстар. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелердің санитарлық режимын бақылау. Туберкулезге өткізілетін профилактикалық зерттеуді бақылау. БЦЖ вакцинациясын және ревакцинациясын жоспарлау.

Өкпе туберкулезімен ауыратын науқасқа жүргізілетін клиникалық зерттеудің ерекшеліктері.

Өкпе туберкулезіне қолданатын диагностика әдістері.Сұрастыру. Аурудың себептері. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым қатынаста болу, жұқтыру қауіпінің факторлары және туберкулезбен ауыру. Туберкулездің клиникалық белгілері. Науқастың тұрмысының және еңбегінің жағдайы, кәсіби зияндылығы. Туберкулезге ілескен және бұрын ауырған аурулары. Зиянды әдеттер. Физикальдық зерттеу әдістері. Диагностикаға қолданатын әдістер (туберкулин диагностикасы, патологиялық материалдарға жүргізілетін микробиологиялық зерттеулер, сәулелі зерттеу).

Біріншілік туберкулез.Туберкулез микобактериясының түрлері, вируленттілігі және инфекцияның массивтігі біріншілік туберкулездің дамуына маңызды әсер тигізеді. Туберкулез инфекциясына организмнің қарсыласуын төмендететің факторлар. Біріншілік жұқтырудан сақтап қалуға қолданатын БЦЖ вакцинациясының маңыздылығы. Біріншілік жұқтыру. Жұқтыру диагностикасы үшін қолданатын туберкулин сынамаларының маңыздылығы. Туберкулин сынамаларының виражы, гиперергиялық реакциялар. Латентті микробизм туралы ұғым. Біріншілік жұқтыруға қолданатын химиопрофилактика.

Өкпенің диссеминирлі туберкулезі.Гематогенді, лимфогенді және бронхогенді диссеминациялардың патогенезі. Өкпенің жедел, жеделдеу және созылмалы диссеминирлі туберкулезі, патологоанатомиялық және рентгендік белгілері. Өкпенің диссеминирлі туберкулезінің клиникасы, диагностикасы және емі. Бастапқы лимфогематогенді диссеминация. Асқынулар: плеврит, көмей және басқа ағзалардың зақымдануы.

Өкпенің екіншілік туберкулезі.Патогенезі, патанатомиясы, рентгендік белгілері, клиникасы, диагностикасы және емі, асқынулар.

Өкпеден тыс туберкулездің формалары.Туберкулезді менингит. Науқасты зерттеу методикасы. Жұлын сұйықтығын зерттеу. Шеткі және шажырқай лимфа бездерінің туберкулезі. Жергілікті және жалпы көріністері. Рентген- және туберкулин диагностика-сының, диагностикалық лапароскопияның және биопсияның маңыздылығы. Сүйек және бұын, зәр және жыныс жүйелерінің, терінің, көздің туберкулезі. Негізгі клиникалық симптомдар. Фтизиатрға жіберу көрсеткіші. Диагностикаға және емге қолданатын принциптер. Асқынулар және емнің соңғы нәтижесі.

 

 


2.7. Дәрістің, практикалық сабақтардың, СӨДЖ тақырыптық жоспары

Барлық сағаты Дәріс практикалық сабақтар өзбетінше дайындау жұмысы семестр Бақылау формасы
VІІ-VІІІІ Дифф. Сынақ

Дәрістің тақырыптық жоспары

ТАҚЫРЫПТАМА Өткізу формасы САҒАТ көлемі
1. Туберкулездің эпидемиологиясы, этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы. Қазіргі туберкулездің патоморфозындағы ерекшеліктері. Шолу формасы 50 мин.
2. Дәлелді медицинаның көзқарасына сүйеніп өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің диагностикасын жүргізу Шолу формасы 50 мин.
3. Туберкулездің біріншілік формалары. Диссеминирлі туберкулез. Туберкулезді менингит. Клиникасы және диагностикасы. Шолу формасы 50 мин.
4. Туберкулездің екіншілік формалары (ошақты, ин-фильтратты туберкулез, туберкулема, кавернозды, фиброзды кавернозды) Шолу формасы 50 мин.
5. Туберкулезді емдеуінің қазіргі принциптері. Дәлелді медицинаның көзқарасына сүйеніп өкпелік және өкпеден туберкулезіне ем жүргізу Шолу формасы 50 мин.
6. ҚР туберкулезге қарсы күрес жүргізу системасы және ұйымы. Туберкулезді алдын алу Шолу формасы 50 мин.
  Барлығы   300 мин. (6 сағат)

 

 


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

 

Т А Қ Ы Р Ы ПТАМА Өткізу формасы Сағат ұзақт.
1. Фтизиатриялық службаны ұйымдас-тыру. Диспансеризация. Туберкулез-дің эпидемиологиясы. Туберкулездің этиологиясы және патогенезі. Туберкулезді емдейтін мекемелерде қолданатын санитарлық эпидемия-лық режим.Өкпе туберкулезімен ауыратын науқасқа қолданатын клиникалық зерттеудің ерекшелік-тері. Тесттеу; тақырыпты талдау – саны аз топпен жұмыс істеу; дискуссия; практикалық дағдыларды игеру (жұппен жұмыс істеу); ситуациялық есептерді шешу
2. Өкпе туберкулезіне қолданатын диагностика әдістері. Туберкулин диагностикасы. Туберкулин сынама-ларын қою техникасы және тәсіл-дері. Нәтижелерді талдау. Тесттеу; тақырыпты талдау – саны аз топпен жұмыс істеу; дискуссия; туберкулин диагностиканы өткізу; практикалық дағдыларды игеру (жұппен жұмыс істеу); ситуациялық есептерді шешу
3. Туберкулездің клиникалық жіктелуі. Анықталған туберкулездің жіктелуі. Біріншілік туберкулез. Біріншілік туберкулездің комплексі. Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі. Клиникасы, диагностикасы, емі. Тесттеу; тақырыпты талдау – саны аз топпен жұмыс істеу; дискуссия; практикалық дағдыларды игеру (жұппен жұмыс істеу); ситуациялық есептерді шешу
4. Өкпенің диссеминирлі туберкулезі. Туберкулезді менингит. Клиникасы, диагностикасы, емі. Тесттеу; тақырыпты талдау – саны аз топпен жұмыс істеу; дискуссия; практикалық дағдыларды игеру (жұппен жұмыс істеу); ситуациялық есептерді шешу
  Аралық/рубежді бақылау Коллоквиум тесттеу түрінде  
5. Туберкулездің өкпеден тыс формалары. Екіншілік туберкулез. Тесттеу; тақырыпты талдау – саны аз топпен жұмыс істеу; дискуссия; практикалық дағдыларды игеру (жұппен жұмыс істеу); ситуациялық есептерді шешу
  Қорытынды бақылау (сынақ)  
  Практикалық сабақтар  
  Дәріс  
  СӨДЖ  
Барлығы  
         

 


2.8. Оқытушының жетекшілігімен өтетін 4 ЖМ студенттерінің өзбетінше дайындау жұмысының тапсырмалары:

- тақырыптық талдау;

- оқу әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып білу, үй жұмысын орындау, күнделікті және аралық/рубежды бақылаудан өту;

- тесттерді және ситуациялық есептерді шешу, іскерлік ойындар, оқу материалын игеру мақсатында презентацияларды өткізу;

- тақырып талдау кезінде студенттер лайықты консультация алу үшін өтініш білдіреді

 

№№ тақырыптама Өткізу түрі және Бақылау Сағат ұзақты-лығы
1. ТМБ культуральды әдіспен анықтау, культуральды зерттеулерден алынған нәтижелерді бағалау Сырқатнаманы талдау
2. Туберкулезде қолданатын есеп формалары. Тб 05, Тб 06 Есеп формаларды толтыру және оларды талдау
3. Туберкулин диагностикасы, «Диаскинтест» препаратымен тері ішілік сынама жасау 2ТБ жасалатын Манту сынамасына берілетін реакция-ларға талдау беру. Виражға және гиперергиялық реакцияларға емдеу схемасын құрасты-ру
4. Дәріге төзімділік (ДСТ/ТЛЧ) Сырқатнама талдау
5. Өкпеден тыс туберкулезінің диагностикасына алгоритм құрастыру презентация

 

Студенттердің өзбетінше дайындау жұмыстарының тапсырмалары

Тақырып Қысқаша мазмұны Өткізу және бақылау формасы Кон-сульта-ция өткізу күні Сағат ұзақты-лығы
1. Туберкулезді ерте анықтау. Туберкулин диагностика-сы 1-вариант. поликлиникаға кеуделік шағыммен қаралған науқастан туберкулезді анықтауға алгоритм құрастыру 2-вариант. Науқасты туберкулезге зерттеуге арналған стандартты жоспар схемасын құрастыру 3-вариант. Баладан туберкулезді анықтауға арналған клиникалық есепті құрастыру 4-вариант. №466 бұйырыққа сүйеніп тұрғындарға дифференци-альды ФГ өткізу көрсеткіштерін анықтау (реферат) 5-вариант. *қауіпті* тобындағы науқастан туберкулезді анықтау деген сценарий бойынша клини-калық есепті құрастыру (таңдап алыңыз- қант диабеті, ӨОСА/ХОБЛ, АИТВ/ВИЧ, ойық жара аурулары, созылмалы маскүнемдік, психикалық аурулар)   жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
2. Өкпенің мили-арлы туберку-лезі 1-вариант. Милиарлы туберкулез-дің патогенезі және патоморфоло-гиясы (реферат) 2-вариант. Өкпенің милиарлы ту-беркулезіне қолданатын диагнос-тикаға алгоритм құрастыру 3-вариант.милиарлы туберкулезбен ауыратын науқасқа емнің схемасын құрастыру 4-вариант. Рентгендік қорытынды беріңіз: өкпе туберкулезінің формасын атаңыз, патологиялық үрдістің орналасқан жерін анықтаңыз, туберкулезді үрдістің фазасын бағалаңыз 5-вариант. Туберкулезбен ауыра-тын науқастардың арасында сала-уатты өмір сұру жайында листовка дайындау 6-вариант. Туберкулезбен ауыра-тын науқастың туысқандарының арасында санитарлық ағарту жұмы-сы жайында сценарий құрастыру жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
3. Туберкулезді алдын алу. 1-вариант. Туберкулезді уақытылы анықтауға алгоритм құрастыру 2-вариант. *туберкулез жазылады* деген сан.бюллетень дайындау 3-вариант. Студенттердің арасында салауатты өмір сұру жайында листовка дайындау 4-вариант. АИТВ-инфицирленген кісілерге туберкулезді алдын алу жайында санитарлық ағарту жұмы-сының сценариясын құрастыру 5-вариант. Вираж және гиперер-гиялық реакцияларға жүргізетін емнің схемасын құрастыру 6-вариант.*спецификалық профи-лактикаға* реферат дайындау жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
4. Туберулезбен ауыратын нау-қастарды ем-деу әдістері және негізгі принциптері 1-вариант. Тікелей қадағаланатын еміне хаттама құрастыру (ТҚЕ/НКЛ). 2-вариант. Қақырықты жинау хаттамасын құрастыру 3-вариант.1-категорияда емделетін нау-қасқа қолданатын емінің схемасын құрастыру 4-вариант. 2-категорияда емделетін науқасқа қолданатын емінің схемасын құрастыру 5-вариант. 4-категорияда емделетін науқасқа қолданатын емінің схемасын құрастыру 6-вариант. 2-категорияда емделетін науқастың емі жайында ситуация-лық есеп құрастыру   жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
5. Казеозды пневмония 1- вариант. Казеозды пневмония-мен ауыратын науқастың ша-ғымдарын, аурудың анамнезін, өмір тарихының анамнезін, қарап тексеруден алынған нәтижелерін сырқатнамын схемасы бойынша баяндап жазу 2 вариант. Казеозды пневмонияның диагностикасының алгоритмін құ-растыру 3 вариант. Казеозды пневмониямен ауыратын науқастың лаборатория-лық мәліметтерін қалыпты көрсет-кіштерін көрсетумен баяндап жазу, (лейкогемограмма, б/хим., ТБ 05 қақырық анализі, рентгенограмма). 4 вариант. Казеозды пневмониямен ауыратын науқастың емінің схемасын құрастыру. жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
6. Туберкулезді менингиттің диагности-касы.   1-вариант. Туберкулезді менин-гиттің диагностикасының алгорит-мін құрасытру. 2-вариант. Жұлын сұйықтығының характерін қалыпты көрсеткіште-рін көрсетіп бағалау (2-3 анализ ұсынылған), жазбаша қорытынды беру. 3-вариант. Туберкулезді менингит-тің ажырату диагностикасының алгоритымын құрастыру. 4- вариант. “Науқаста туберкулезді менингиттің базилирлы түрі”деген сценарий бойынша клиникалық есепті құрастыру 5-вариант. Туберкулезді менинго-энцефалитпен ауыратын науқастың емінің схемасын құрастыру. жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
7. Өкпе туберкулезінің асқынуы 1- вариант. “Науқаста казеозды пневмония, ТМБ+, өкпеден қан кету” деген сценарий бойынша клиникалық есепті құрастыру. 2- вариант. Өкпеден қан кету кезін-де шұғыл көмек көрсету схемасын құрастыру. 3- вариант. Туберкулезбен ауыра-тын науқаста болатын спонтанды пневмоторакстың диагностикасы-ның алгоритымын құрастыру. 4-вариант. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезімен ауыра-тын науқастың ӨЖЖ/ЛСН емінің схемасын құрастыру. 5-вариант. Туберкулезде болатын ішкі ағзалар амилоидозының диаг-ностикасының алгоритымын құра-стыру. жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
8. Туберкулездің деструкциялы түрінің емінде қолданылатын кол-лапсотера Пия 1-вариант. “Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың еміне коллапсотерапияны қолдану” тақырыбына реферат дайындау. 2- вариант. “ЖП/ИП және ПП жасауға болатын көрсеткіштері мен жасауға болмайтын қарсы көрсеткіштері” деген кестені құрастыру. 3-вариант.”Коллапсотерапияның асқынуларына” клиникалық есепті құрастыру. 4-вариант. ЖП/ИП және ПП жасау методикасын схема түрінде (сурет) көрсету. 5- вариант. “ЖП/ИП және ПП жасауға болатын көрсеткіштері мен жасауға болмайтын қарсы көрсеткіштері” деген тақырыпқа тест тапсырмаларын құрастыру. (5 сұрақ 1 дұрыс жауабымен) жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
9. Тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыс-тарын жүргізу 1-вариант. “Тұрғындар арасында туберкулезді алдын алу” деген та-қырыпқа сан. бюллетень дайындау. 2-вариант. “Туберкулез емделеді” деген тақырыпқа сан. бюллетень дайындау. 3-вариант. Студенттер арасында салауатты өмір сұру бойынша листовка дайындау. 4- вариант. *Тұрғындар арасында туберкулезді алдын алу* бойынша санитарлық ағарту жұмысын сценарийін құрастыру. 5 вариант. Туберкулезбен ауыра-тын науқастың туыстарының ара-сында санитарлық ағарту жұмысын өткізу сценарий құрастыру   жазбаша жұмысты баллдық система бойынша оқытушының баға-лауы  
    Барлығы    

2.9. Ұсынған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

 

1. Перельман М.И.Аударған проф. Т.А.Муминов, Фтизиатрия, Алматы, 2006 (на казахском языке)

2.Перельман М.И., Корякин В.А., Богадельникова И,В. «Фтизиатрияң, М, 2004

3.Перельман М.И., Корякин В.А. Фтизиатрия (учебник для студентов медицинских вузов), М., 1996.

  1. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., 2007 г. -304 с.
  2. Помельцов К.В. Рентгенологическая диагностика туберкулеза легких. М., 1971.
  3. Худзик Л.Б. с соавт. Туберкулез у детей и подростков. – М., 2004
  4. Коломиец В.М., Ю.И.Лебедев. Фтизиопульмонология. М., 2005 г.
  5. Сумин С.А. Неотложные состояния. М, «Медицинаң, 2005 г.
  6. Васильев А.В. Внелегочный туберкулез. С-П, 2000 г

Қосымша әдебиет:

1. Т.А.Муминов. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика. Алматы, 2004 г

2. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

3. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

4. Туберкулез у детей и подростков. Учебное пособие./под ред. В.А.Аксеновой, М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

5. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС-плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002 г.

6. Сборник приказов МЗ РК № 245, 452, 466, 467. «О совершенствовании мероприятий по борьбе с туберкулезом в Республике Казахстанң, Алматы, 2008.

7. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контроле над туберкулезом. Астана, 2008.

8. Исмаилов Ш.Ш. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме «DOTS-плюс” //Методические рекомендации – Алматы, 2002


2.10. Оқу әдістері және оқыту (аз топ, дискуссия, ситуациялық есептер, жүппен жүмыс істеу, презентация, кейс-стади және т. б.)

2.11. Білімін бағалау ережесінің критериялары: әр деңгейде (ағымды/күнделікті, аралық, қоры-тынды бақылау) білімін бағалау критериялары және шкаласы, сабақтың барлық түрін бағалау ережесі (аудиторлық, СӨДЖ)

ЖР (жіберу рейтингісі) =ағымды/күнделікті (дәріс+ машықтану сабағы) ортақ баллы + СӨДЖ ортақ баллы +СРПС ортақ баллы + аралық бақылаудың ортақ баллы

 

Ағымды/күнделіктік бақылау:

1. Дәріс – максимальды - 5 балл

 

Критериялар Баллдар
қатысу және бақылау сұрақтарына толық жауап беру 5-4 б.
қатысу және бақылау сұрақтарына толық жауап бермеу 3-2 б.
қатысу, сұрақтарға жауап бермеу 1 б.
дәріске келмеу 0 б.
дәріске кешігіп келу Минус 1б.

 

2. Практикалық сабақ - максимальды 10 балл

 

Дәстүрлі баға Критериялар Баллдар
*5* қатысу, қойылған сұрақтарға ауызша толық жауап беру, тестен * 86-100%* баға алу, барлық тапсырмаларды орындау 9-10 б.
*4* қатысу, сұрағанда шамалы қателектер жіберу, тес-тен *75-85%* баға алу, тапсырмаларды дәл орын-даму 7,5-8,9 б.
*3* қатысу, сұрағанда принципиальды/негізгі қате-лектерді жіберу, тестен *60-74%* баға алу, тапсыр-маларды толық орындамау 5-7,4 б.
*2* қатысу, материалды білмеу, тестен *60% төмен* баға алу, тапсырмаларды орындамау 0,1-4,9 б.
  Сабаққа қатыспау 0б.
  Сабаққа кешігіп келу Минус 1б.
     

 

3. СӨДЖ (максимальды 10 балл)

Дәстүрлі баға Критериялар Баллдар
*5* СӨДЖ/СРС формаларына сәйкес қойылған талаптарды толық орынду 9-10 б.
*4* Шамалы қателектер жіберілді, тапсырмалар дәл орындалмады 7,5-8,9 б.
*3* көптеген қателектер жіберілді, тапсырмалар дәл орындалмады 5-7,4 б.
*2* Принципиальды/негізгі қателектерді жіберу, тапсырмалар орындалмаған СӨДЖ/СРС крите-рияларына сәйкес емес 0,1-4,9 б.
  СӨДЖ/СРС жоқ 0б.

Аралық/рубеждік бағалау:

Комплексті тестеу– максимальды 35 балл

Аралық/рубеждік бағалау баллын келесі формуламен анықтайды:

- 86-100% - 30,1- 35 балл

- 75 - 85% - 26,25- 30,0 балл

- 50-74% - 17,5- 26,2 балл

- 50% төмен – 17,4 және төмен

 

ҚБР/РИК (қорытынды бақылау рейтингісі) - максимальды 40 балл

=тест тапсырып алған баллдар немесе ауызша тапсырып алған баллдар

ҚР (қорытынды рейтинг) = ЖР (жіберу рейтингісі) + ҚБР/РИК (қорытынды

бақылау рейтингісі)

Максимальды - 100 балл

ҚР (қорытынды рейтинг) = бағаның проценттік/пайыздік құрамы

 

Пән бойынша қойылған қорытынды бағасы әриптік және цифрлік эквавалентінде төмен көрсетілген кесте бойынша емтихан ведомосіне қойылады.

 

Пән бойынша әриптік-баллдік- рейтинг бағасы

әриптік система бойынша қойылатын баға Баллдың цифрлік эквиваленті % проценттік-/па-йыздік құрамы Дәстүрлік система бойынша қойылатын баға
А 4,0 95-100 үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Орташа /қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Нашар

 

Күнделікті бақылау: тестеу, ситуациялық есептер, жазбаша немесе ауызша сұрау, науқастан алынған клиникалық анализдерге талдау беру және т.б.

Аралық/рубежді бақылау:коллоквиум

Қорытынды бақылау: дифференциальды сынақ, оның ішіне тестпен бақылау немесе әңгімелесу

Сабақтардың барлық түрін бағалау ережесі (аудиторлы, СӨДЖ, СРСП):

күнделікті , аралық/рубежді, қорытынды бақылау, тесттен алған нәтижелері, ситуациялық есептерді ше-шу, дифференциальды сынақ өткізуге арналған билеттер. СӨДЖ және СРСП жазбаша жұмыстарың оқытушының баллдық жүйе бойынша бағалауы.


1.3. ДӘРІС КОМПЛЕКСІ

Тақырып: Туберкулездің эпидемиологиясы, этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы. Туберкулездің патоморфозындағы қазіргі ерекшеліктері.

 

Мақсат: ҚР қазіргі туберкулездің эпидемиологиясымен, эпидемиялық үрдіспен таныстыру.

Дәріс тезисі:

Жоспары:

1. Инфекция көзі.

2. Эпидемиялық үрдістің сипаты.

3. Эпидемиологиялық көрсеткіштер.

4. Туберкулездің этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы, патоморфозы.

Туберкулезбен ауырған адамдар және малдар - ол туберкулез инфекциясының көзі. Бактерия бөлушілер – туберкулез инфекция резервуарының белсенді бөлімі болғандықтан өте маңызды роль атқарады. Массивті бактерия бөлетін өкпе туберкулезімен ауыратын науқас эпидемиологиялық жағдайға қатысты өте қауіпті болады. Өкпе туберкулезімен ауыратын массивті бактерия бөлетін науқас эпидемиологиялық жөнінде өте қауіпті. Тәулік ішінде осындай бір науқас қақырықпен миллиардтан астам ТМБ бөле алады. Өкпе туберкулезімен ауыратын бактерия бөлетін науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде, өлен айтқанда ауада қақырықтың және слекейдің майда бөлшектердің құрамында туберкулез микобактериясы бар аэрозоль түзеледі. Аэрогенді ауа тамшы және ауа шан-тозан жолда-рымен 90-95% дейін науқастар туберкулезді жұқтырады. Инфицирленген кісілердің тек 5-10% туберкулезбен ауырады. Туберкулез қоздырғышы, түрі, морфологиялық құрылымы және сипаты. Туберкулез қоздырғышы – ол қышқылға төзімді микобактериялар. ТМБ негізгі тұқымдық белгісі- ол патогендігі. Патогендік дәрежесі оның вирулентігінде. ТМБ-нан культуральды және биохимиялық қасиеттерінен өзгеше айырмашылығы бар қышқылға төзімді микобактериялардың арасынан басқа түрлерін ажыратады, оларды атипті микобактериялар деп атайды. Олардың кейбіреуі адамға шартты патогенді. Иммунды тапшылығы бар кісілерде (АИТВ/ВИЧ-инфекциясы) өкпе және басқа ағзаларда олар ауру шақырады, оны микобактериоз дейді, олардың морфологиялық және клиникалық белгілері туберкулезге ұқсас келеді. Туберкулез инфекциясына организм жергілікті және жалпы реакция береді. Туберкулезде болатын эпидемиялық үрдістің ерекшелігі және оның дамуын анықтайтын факторлар. Прокариоттарға ТМБ жатады. ТМБ пішіні сәл иілген немесе тік таяқша және ұштары сәл дөңгелектенген, ұзындығы 1-10 мкм және ені 0,2-0,6 мкм. Клетка қабырғасының құрамына липидтер кіреді. ТМБ негізгі биохимиялық компоненттері – ол протеин, көмір су және липидтер. Тұрғындардың инфицирленгені. Жер жүзіндегі тұрғындардың үште бірі шамамен ТМБ инфицирленген. Әлемде 7,5-8 млн. адам туберкулезбен жылсайын ауырады. Өкпе туберкулезімен аыратын науқас 15 млн-нан 20 млн.-ге дейін ТМБ бөледі. Жылсайын 1,5 млн адам шамамен туберкулезден қайтыс болады. Мынадай мәлі-меттерді мысал келтіреді: әр 4 секундта 1 адам туберкулезге шалдығады және әр 10 секундта 1 адам туберкулезден қайтыс болады. Туберкулез өлімнің себебі ретінде инфекциялы аурулардың арасында алғашқы бірінші орында тұрады. Қазіргі эпидемиологиялық тенденциялар. Эпидемиялық үрдістің қазіргі ілімінің негізін қалаушы Л.В. Громашевский оның структурасын 3 негізгі звеноға бөледі: инфекция көзі; механизімі және инфекцияның жұғу жолдары; бейімделген организм. Туберкулез бойынша қолданатын эпидемиологиялық көрсеткіштер, эпидемиялық ситуацияны анықтау маңыздылығы ҚР оның ерекшелігі. Тұрғындар арасында туберкулездің таралуын анықтаутын негізгі эпидемиоло-гиялық көрсеткіштерге жатады, олар: - жұққандық/инфицирлену, жұғу қауіпі, аурулық, аурушандық және өлім-жітім. Туберкулездің эпидемиологиясында орын алатын дәріге төзімді микобактериялардың ролі. Туберкулездің патоморфозы. Туберкулездің дамуы 2 кезеңге- біріншілік және екіншілік деп бөлінеді. Вирулентті ТМБ организмге алғашқы енген кезден бастап туберкулез инфекциясының біріншілік кезеңі басталады. Туберкулез инфекциясының екінші кезеңі екі жолмен дамиды: туберкулез инфекциясының бірінші кезеңің басынан өткізген адамға ТМБ қайта жұқса (экзогенді суперинфекция) және біріншілік кезеңнің емдік нәтижесінде қалыптасқан қалдықты посттуберкулезді өзгерістерінің реактивациясы (эндогенді реактивациясы). Соңғы 10 жылдықта жаңадан анықталған науқастардың арасында милиарлы туберкулездің, туберкулезді менингиттің және туберкулездің инфильтратты, сонымен бірге деструкциялы формаларының меншікті салмағының өсуімен, мультирезистентті және көптеген дәріге төзімді формаларымен ауыратын науқастардың сандарының көбейюімен сипатталады.

 

Көрнекті /иллюстрациялық материал:кестелер, диаграммалар, ҚР эпидемиологиялық көрсеткіштер, туберкулез микобактериясының микроскопиялық суреті, соның ішінде ТМБ сканирленген көрінісі (10000 рет үлкейткен).

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

5. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

6. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

7. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

8. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

9. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

 

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

- *Туберкулез* ол қандай ауру?

- Туберкулез микобактериясын кім ашты?

- Туберкулез қалай жұғады?

 

Тақырыбы: Дәлелді медицина көзқарасындағы өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің диагностикасы.

 

Мақсаты: Туберкулездің анықталу әдістерімен танысу.

 

Дәріс тезистері:

Жоспар:

  1. туберкулезді анықтау әдістері
  2. туберкулин диагностикасы
  3. микробиологиялық және бактериологиялық диагностика әдістері.
  4. сәулелі диагностика әдістері
  5. ПТР/ПЦР

 

Спецификалық үрдіске күдіктенгенде және сонымен қатар ажырату диагнозын өткізуге науқастарда лабораториялық- аспапты зерттеу әдістерін жалпы емдеу жүйесіндегі дәрігерлер туберкулезді ерте анықтау және уақытылы диагноз қою мақсатында қолдану керек. Алынған мәліметтерді дұрыс талдау өкпелік және өкпеден тыс локализациясының сатыларын, фазаларын анықтауға көмектеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез жұққандығын, виражды уақытылы анықтауда, сонымен қатар поствакцинальді ажырату диагностикасында қолданатын туберкулин диагностикасының басқа әдістермен бірге комплексті жүргізуде диагностикалық маңызы зор.

Туберкулин сынамасы- ол спецификалық диагностикалық тест, БЦЖ вакцинациясының немесе ТМБ жұғу нәтижесінде организмнің оған беретін жоғарғы сезімталдығын анықтайды. Ересек тұрғындар арасында ТМБ-мен инфицирленуі салдарынан 80-85% кісілерде туберкулин сынамасы оң болады. Бірақ гиперергиялық реакциялары бар кісілер фтизиатр кеңесінде болу керек.

Профессор А.С. Рақышеваның оқу құралын қараңыз.

Микробиологиялық, цитологиялық, гистологиялық, биологиялық зерттеу әдістері туберкулездің диагностикасында және ажырату диагностикасында маңызы зор. Бактериологиялық әдіс дәрілерге сезімталдықты, дәріге төзімділік дәрежесін, қоздырғыштың биохимиялық ерекшеліктерін және вируленттілігін анықтауға көмектеседі. өкпені функционалды зерттеу өкпенің тыныс алу қызметінің алғашқы бұзылыстарын анықтайды.

Патологиялық материалдан ТМБ анықталуы эпидемиологиялық және клиникалық маңызы зор. Туберкулездің ерте сатысын анықтау тактикасында басты бағыт- ол туберкулезге күдікті клиникалық симптомдары мен медициналық мекемелерге қаралған кісілердің қақырығына бактериоскопиялық зерттеу жүргізу. Жағынды микроскопиясында анықталған бактерия бөліну анықтау оның массивтілігін әрқашан дәлелдейді. Қоздырғышын анықтау патологиялық материалға әр түрлі микробиологиялық зерттеулер (бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық) жүргізу керек.

Дәрілік препараттарға ТМБ төзімділігін анықтаудың жедел жолы- ол биологиялық микрочиптерді қолдану болып саналады. Оларды ДНК-ның генетикалық полиморфизімін бағалау үшін қолданады. Автоматтандырылған комплекс Бактек-960 – микобактерияның өсуін тіркеу үшін және флюорисценция негізінде химиопрепараттарға сезімталдығын анықтау үшін қолданады. Осы уақытқа дейін биологиялық әдіс ең сезімтал әдіс болып саналған, бірақ, қазіргі кезде туберкулез микобактериясының вируленттілігін жоғалтып алу мүмкіндігі дәлелденді. Бұндай микобактериялар қоректік ортада өсуі мүмкін, бірақ эксперимент жүргізілген жануарларда ауру туғызбайды.

Цитологиялық зерттеу диагностикасы қақырықтың, экссудатының, жұлын сұйықтығының, бронхиалды бөліндісінің және басқалардың клеткаларын зерттейді. Цитологиялық материалда әртүрлі типті жасушалар: қан элементтері, макрофагтар, көпқабатты жалпақ және плазматикалық эпителийлер анықталады. Жасуша субстратының идентификациясы олардың сипатына тәуелді.

Кейбір рентгендік және бронхоскопиялық симптомдардың табиғатын анықтау үшін гистологиялық диагностиканы қолдану орынды. Туберкулездің морфологиялық өзгерістері алуан түрлі, ол жіті некротикалық казеозды ошақтан бастап, аздаған өзгерістерден туберкулез микобактерия тіндерінің параспецификалық , бейспецификалық реакцияға дейін беруі.

Науқастың клинико- лабораториялық зерттеулерінен алынған жан- жақты мәліметтерін ескеру, диагностика үрдісінде шешуші орын алады.

Туберкулезбен ауыратын науқастарды қарау барысында, алты этаптан тұратын, туберкулез диагностикасының жүйелі қадамдарын міндетті түрде сақтау қажет.

Нозологиялық диагнозын қою үшін тыныс алу және қан айналу функциясының зерттеулері әдетте қажет емес, бірақ, науқастың жалпы жағдайына, емдеу тәсілін анықтауда және ауру

ағымын реттеуде маңызды рөл атқарады. Спецификалық үрдістің дамуының әртүрлі этапында орындалатын өкпенің функционалды жағдайын зерттеу, ол туберкулезбен ауыратын науқастың функционалды зерттеуінің бағыттарының бірі болып саналады, өйткені өкпенің тыныс алу қызметінің бұзылуының алғашқы көрінісін анықтауына мүмкіндік тудырады және клиникалық айқын функционалды бұзылыстарын сапалық және сандық сипатын дәлелдейді, сөйтіп олардың патогенетикалы механизмін ашуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу науқастарды хирургиялық емге іріктеп алуға кең қолданады, функционалды қалыптастыру мен патогенетикалық терапияны өткізуін анықтайды.

Өкпеден тыс туберкулезбен жыл ішінде 100 мың халыққа шаққанда 3-4 адам ауырады. Қолайсыз территорияда ірі қара мал арасында туберкулездің жиілігі бойынша, өкпеден тыс туберкулездің ауырлық көрсеткіші аса жоғары болады. Есепте тұратын өкпе және өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастардың қатынасы 12:1.

Сәулелі диагностика- ол тыныс алу ағзаларының ауруымен ауыратын науқастарға қолданатын, жалпы клиникалық зерттеуінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Туберкулездің клиникалық диагностикасы рентгенологиялық зерттеусіз қойылуы мүмкін емес.

Жалпы емдеу жүйені мекемелерінде алғашқы рентгенологиялық зерттеу ретінде, флюорографияны қолданады. Патологиялық өзгерістер болған жағдайда, флюорографияны кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасымен міндетті түрде толықтырылуы керек. Негізгі рентгендік әдістерге жатады: рентгеноскопия, рентгенография және ірі кадрлы флюорография.

Қосымша әдістерге көбінесе: томография, зонография, латероскопия, бронхиалды және қантамыр жүйесін контрасты зерттеуі қолданылады, ал КТ маңызды орын алады.

Өкпенің рентгенологиялық зерттеуінде мынандай өзгерістер анықталуы мүмкін: ошақты, инфильтративті өзгерістер, диссеминация, домалақтанған және қуысты түзілістер, кеуде ішілік лимфа бездерінің ұлғаюы, плевриттер. Осы аталған өзгерістер туберкулезден басқа да ауруларда кездесуі мүмкін.

Рентгеносемиотика: Дерттің рентгенологиялық симптомдары және рентгенологиялық синдромдары. Рентгендік анализ мәліметтері келесі рентген симптомдарын анықтауда келесі кезекпен жүреді: өзгерістің орналасуы мен таралуы; көлеңкенің сипаты; көлеңкенің санын және оның бөлінуі; көлеңке көлемі; көлеңкенің структурасы (құрамы) мен баяу қанықтығы; көлеңкенің контуры немесе шетінің сипаты; көлеңкенің ығысуы.

Буын- сүйек туберкулезімен ауыратын науқасты анықтауды жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігерлер жүзеге асырады, олардың туберкулез ауруына шалдығу қаупі жоғары тобындағы науқастарға аса көңіл аударуы керек, науқастар арқасының және қол- аяғының ауру сезіміне шағымданса, ұзақ ағымды артритпен және остеомиелитпен ауырса. Осы жағдайда КТ мен МРТ аса құнды болады. Ірі буындары зақымданған кеуде қосымша зерттеу ретінде артроскопия қолдануға болады.

Абсцесс, жылан көз, буын қуысында зақымданған тіннің пунктаты мен биоптаттардан алынған заттарға гистологиялық, бактериологиялық, цитологиялық зерттеулер диагнозды верификациялайды. ТМБ- на спецификалы праймермен өткізілетін полимераза тізбекті реакция (ПЦР) кең ауқымда қолданылады. Реакция ТМБ ДНК-ның апликациясына негізделген. Полимераза тізбекті реакция үшін арнайы тест- жүйе және лаборатория қажет.

 

Көрнекті/иллюстрациялық материал: кестелер, диограммалар, ҚР эпидемиологиялық көрсеткіштер, туберкулез микобактериясының микроскопиялық картинасы, соның ішінде туберкулез микобактериясының сканерленген суреті (10000 есе үлкейтілген)

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

2. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

3. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

4. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

5. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

6. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

7. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

8. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

- туберкулез ауруын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?

 

Тақырып: туберкулездің біріншілік формалары. Өкпенің диссеминирлі туберкулезі. Туберкулезді менингит. Клиникасы және диагностикасы.

Мақсаты: туберкулездің клиникалық формаларымен таныстыру

Дәрістің тезистері:

Жоспары:

- өкпенің біріншілік туберкулезі

- өкпенің диссеминирлі туберкулезі

- туберкулезді менингит

 

Туберкулез микобактериясы алғашқы рет жұғу нәтижесінде клиникалық морфологиялық белгілері пайда болса, оны біріншілік туберкулез деп атаған. Егерде, жоғарғы резистентті организмге әлсіз вирулентті микобактериялар және аз мөлшерде түсетін болса, онда “латентті микробизм” клиникалық белгісіз дамиды. Бұл жасырын инфекция макроорганизмнің туберкулез қоздырғышымен өзара қатысының бастапқы фазасын көрсетеді. Бактериемия организмнің спецификалы сенсибилизациясының пайда болуындағы маңызды факторларының бірі және гиперергияның дамуына әкеледі. Микрополиадения байқалады.

Біріншілік туберкулезді комплекстің ағымында тегіс ағыммен өтетін және асқынулармен өтетін ағымды ажыратады және кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі.

Ересектерде біріншілік туберкулез экссудатты реакциялар айқын емес, лимфа бездері сирек зақымдалады, казеозды өзгерістер айқын емес, бірақта 90 % дейін өкпелік түрімен өтеді, біріншілік дәріге төзімдік байқалады.

Ересектерде болатын туберкулездің патогенезі – көне ошақтардан инфекцияның шығу-ымен (экзацербация) және эндогенді жолымен инфекция таралады. Асқынулар – жылан-көз, перифериялық (сыртқы) лимфоаденит.

Мосқал кісілердің туберкулезінің клиникасы: - 23 % -жіті, 35 %-жеделдеу ; 20% - аз симптомды, 15 %- симптомсыз басталады.

Мосқал кісілерден: - 40 %- дәрігерге қаралу арқылы, 30%- профилактикалық тексеру арқылы,30% - басқа ауруханалардан туберкулезді анықтайды.Мосқал кісілерде туберкулез созылмалы ағымды өтеді, сондықтан олар басқа мамандарға жиі қаралады.

Біріншілік туберкулездің барлық формаларына тән микрополиаденияның әртүрлі көрінісі.

Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі – ол біріншілік туберкулездің ең жиі кездесетін клиникалық формасы. Ол тереңдетілген иммундық бұзылыстарда, ТМБ популяциясының көбеюінде және кеуде







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.