Здавалка
Главная | Обратная связь

Факультет: Жалпы медицина

Этиологиясы

 

Жіктелуі

 

 

Клиникалық көріністері.

Жедел гематогенді остеомиелит

I. Токсикалық:

 

Температура бірден 39-40°С ;

Сандырақтау, тырысу(судороги);

Жалпы интоксикация белгілері;

Аяқ-қолда қатты ауыру сезімі;

Жергілікті белгілері дамып үлгермейді, шок жағдайы туындайды;

 

 

II. Септикопиемиялық:

 

ü Жергілікті және жалпы улану өзгерістер;

ü Қалтырау, температура 39°С дейін;

ü Әртүрлі ағзалар мен тіндердегі іріңді ошақтардың түзілуі;

ü Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды;

 

III. Жергілікті:

 

v Жергілікті қабыну көріністері;

v Басталуы жеңіл, сондытан бұл түрін кейде жеңіл түрі деп атайды.

Жедел гематогенді остемиелиттің фазалары.

1. Сүйек кемігінің ісінуі, 1-2 тәулік;

2. Сүйек кемігінің флегмонасы, 2-4 тәулік;

3. Пидокисна флегмона, 4-5 тәулік;

4. Жұмсақ тіндердің флегмонасы, 6-7 тәулік;

Жедел гематогенді остемиелиттің ағымының сатылары.

Жедел (2-4 апта);

Жеделдеу (2-4 аптадан 2-3 айға дейін);

Созылмалы (2-3 айдан басталып);

Диагностикасы

Жалпы қан анализінде: іріңді қабыну үрдісіне байланысты (лейкоцитоз,лейкоцитарлы талдауында теңдеудің солға ығысуы,ЭТЖ жоғарылауы) анықталады.

Қанның биохимиялық анализінде: альбумин азаюы, α және γ-электролиттік алмасу бұзылады глобулиндердің жоғарылауы байқалады, гипокалиемия,гипонатриемия дамиды,сүйек кемігінің деструкциясының салдарынан қанда кальций мен фосфордың мөлшері көбейеді. Міндетті түрде аяқ-қолдың динамикалық рентгенографиясы орындалады. Кейбір жағдайда гамма-сцинтиграфияны қолдану арқылы ауруды анықтауға болады. Сонымен қатар,иненің көмегімен пунктатты алуға болады,оны цитологиялық және бактериологиялық зерттеуден өткізеді.

 

Емдеудің негізгі қағидалары

 

1. Аяқ-қолды иммобилизациялау.

2. Антибактериальды ем (цефалоспориндер, аминогликозидтер, тетрациклиндер, линкомицин т.б.).

3. Дезинтоксикациялық инфузиялық ем ( гемодез, неокомпенсан т.б.) және кейбір жағдайда – экстракорпоральды детоксикация ( плазмосорбция, гемофильтрация және т.б.).

4. Гомеостаз бұзылыстарын түзеу:

· Су-электролиттерді;

· Белок алмасу;

· Қышқыл-сілтілік тепе-теңдік;

· Гиповолемиямен күрес;

 

5. Ағзаның иммунорезистенттілігін жоғарылату;

6. Симптоматикалық ем – ағзаның өмірге қажетті қызметтерінің жедел бұзылыстарын қалпына келтіру;

 

 

Хирургиялық емі аурудың асқынуында жүргізіледі:

 

Ø Сүйек кемігінің флегмонасында – остеоперфорация және сүйекішілік лаваж;

Ø Іріңді артритте – буынға пункция жасап, антибиотиктерді енгізу;

Ø Сүйек қабыастылық абсцессте – абсцесс жұмсақ тіндерге жарылмай тұрып, оны тіліп ашу;

Ø Параоссальді және бұлшықетаралық флегмонасында – флегмонаны тіліп ашу және дренаждарды орнату;

 

 

Созылмалы (екіншілік) гематогенді остеомиелит – сүйек тіндерінің іріңді-өліеттену үрдісімен сипатталады.

Созылмалы остеомиелиттің клиникалық көрінітері аурудың кезеңі мен сүйектің құрылысының өзгеру көлеміне тәуелді болады.Жедел остеомиелиттен созылмалы түріне ауысқанда науқастың жағдайы жақсарады,ауру сезімі төмендейді.Интоксикация белгілері жойылып,дене қызуы төмендейді.Қан көрсеткіштері қалпына келеді.Қабыну ошағында бір немесе бірнеше аздап іріңді бөлінділерімен жыланкөз пайда болады.

 

Жедел гематогенді остеомиелиттің созылмалы түріне өту себептері:

v Сүйектің жедел қабыну үрдісін кеш анықтау;

v Хирургиялық емді кешіктіру;

v Антибактериальды емді дұрыс жүргізбеу;

 

Созылмалы гематогенді остеомиелиттің үш негізгі белгісі:

1. Рецидивті (қайталанбалы) ағымымен;

2. Секвестердің немесе остеомиелиттік қуыстың түзілуімен;

3. Іріңді жыланкөздің пайда болуы;

 

Диагностикасы

 

Созылмалы гематогенді остеомиелитті анықтау қиынға түспейді, өйткені оның жергілікті клиникалық белгілері айқын болып келеді. Диагнозды нақтылау үшін рентгенография, томография, КТ, жыланкөз болса фистулография жүргізіледі.

 

Емі.

Созылмалы гематогенді остеомиелиттің негізгі емі – хирургиялық.

• Науқасты жалпы тексеруден өткізген соң, жоспарлы операцияға дайындайды. Операция кезінде жыланкөздерді бриллиант жасылы ерітіндісімен бояйды. Жұмсақ тіндердегі жыланкөзді зақымдалған сүйекке дейін кесіп алып тастайды,сонан соң остеотомия жүргізіледі, секвестральды қорапты ашып, секвестрді алады. Пайда болған қуысты антисептикалық ерітіндімен өңдейді, содан кейін қуысты әртүрлі заттармен (синтетикалық, биологиялық) тығындайды. Сосын жараны тігеді, ол мүмкін болмаса жараға дренаждарды қойып, белсенді емдейді.

 

Рис. 15. Схематическое изображение промывания полости в бедренной кости после секвестрэктомии в послеоперационном периоде (а) и костные иглы для промывной системы (б).

 

Созылмалы остеомиелиттің асқынуы

· сынық;

· сүйек дефекті;

· сүйек деформациясы;

· анкилозы;

· малигнизация.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

— -Травматология и ортопедия, Г.С.Юмашев , Москва – 1990г.

— -Травматология және ортопедия, Қ.Ғ.Сапарова , Алматы – 2004ж.

— - www.medline.ru

http://medicalplanet.su/125.html

— -www.google.kz

— -Жалпы хирургия, Қ.Д.Дұрманов

 

ЖОСПАРЫ:

v І.Кіріспе

v ІІ.Негізгі бөлім

ü Гематогенді остеомиелиттің этиологиясы,патогенезі

ü Гематогенді остеомиелиттің классификациясы, клиникасы

ü Гематогенді остеомиелиттің диагностикасы және емі.

 

v ІІІ. Қорытынды

v IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Кафедра: Травматология және ортопедия

 

СӨЖ

Тақырыбы: Гематогенді остеомиелит

Дайындаған: Жумашева Ә.П.

Курс: 4

Тобы:11-018-1к

Факультет: Жалпы медицина





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.