Здавалка
Главная | Обратная связь

Критерии оценки знаний обучающихся (на казахском языке не нашла)

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасы

 

 

Силлабус

(Syllabus)

Пән:Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Еkо 1106

Мамандық:5В130100,Жалпы медицина факультеті

Оқу сағаттары:90

Курс:1, Семестр:1,2

 

 

 

Семей – 2015

Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасымен Экология және тұрақты даму типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған

 

 

Автор(лар): Оқытушы: Пономарева Р.С.

Аударған: Оқытушы: Темиржанова А.Е.

 

--------- ------------- 2015 күні кафедра отырысында қарастырылған.

Хаттама №-------

Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасының меңгерушісі,

 

профессор------------------------ Токанова Ш.Е.

 

Оқытушылар туралы мәліметтер

 

Т.А.Ә. Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы
Токанова Ш.Е. Кафедра меңгерушісі, профессор Экология және денсаулық
Чайжунусова Н.Ж. Профессор Радиация және денсаулық
Ибраев С.С. Аға оқытушы, м.ғ.к. Экология және денсаулық
Кембаева К.У. Аға оқытушы, м.ғ.к. Еңбек гигиенасы
Довгаль Г.Д. Аға оқытушы, б.ғ.к. Эпидемиология
Токешева Ш.М. Аға оқытушы, м.ғ.к. Еңбек гигиенасы
Голубев П.Г. Оқытушы, м.ғ.к. Еңбек гигиенасы
Кулабухова Н.С. Оқытушы, м.ғ.к. Экология және денсаулық
Пчелинцева Т.Р. Оқытушы, м.ғ.к. Экология және денсаулық
Турдунова Г.К. Аға оқытушы Тамақтану және денсаулық
Пономарева Р.С. Оқытушы Экология және денсаулық
Бейсенгазина М.Б. Оқу ісінің меңгерушісі Экология және денсаулық
Амантаева Г.К. Оқытушы Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Бачевская Е.С. Оқытушы Экология және денсаулық
Фролова Н.Н. Оқытушы Экология және денсаулық
Бекжигитова А.А. Оқытушы Радиация және денсаулық
Нуртазина С.К. Оқытушы Тамақтану және денсаулық
Касымова А.А. Оқытушы Экология және денсаулық

 

 

Байланыс ақпараты: Семей қ., Уранхаева 6 көшесі, ғылыми зерттеу лабораториясының корпусы, 3 этаж.

Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

• Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

• Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

• Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

• Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

• Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

• Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

• Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

• СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

• Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

• Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

• Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

• Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

• Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

• Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

• Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

• Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

• Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

• Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

• Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

• Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

• Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

• Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

• Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

• Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

• Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

• Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

• Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

• Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

• Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% -ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

• Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

• Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

• Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

• Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

• Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

• Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

• Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

• Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

• Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

• Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

• Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

• ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

• Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

• Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

• Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

• Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

• Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

 

 

 

1. Кіріспе. Қазіргі таңда адамзаттың табиғатпен қарым-қатынасы басты экологиялық мәселелердің қатарына жатады. Адам пайда болғаннан батап биосфераға тигізер салмағын уақыт өте келе ұлғайтып келеді. Индустриалды қоғам мен демографиялық жарылыс жағдайларында адамзаттың табиғатқа деген тигізер кері әсері ғаламдық деңгейге көшті. Өте үлкен көлемде қоршаған орта компоненттері зиянды әсерлерге ұшырауда. Минералды және қазба байлықтар қорының азаю тенденциясы байқалуда. Антропогендік іс-әрекеттің әр түрі кейбір өсімдіктер мен жануарлардың тура немесе жанама түрде жойылуына әкеп соқты. Мұндай іс-әрекеттің барлығы қазіргі биосфера жағдайының әлсіреуіне және адамзаттың жан дүниесінің кірлеуіне, денсаулығының нашарлауына әкеп соқты. Алайда барлық іс-шараларды қолға алған кезде мәселенің шешімі табылатынына бірнеше елдер күмән келтірмейді. Мұндай шаралар ғаламдық деңгейде оңай шешіле қоймайтын мәселелер санатына жатады. Осы ғаламдық мәселе бүкіл адамзат алдында Рио-де-Жанейро қаласында 1992 жылы қойылды. Осы жылы Тұрақты дамудың концепциясы бекітілді. «Қоғам – табиғат» ғаламдық жүйесінде Тұрақты даму термині келесі мағынаға ие болады - әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйелердегі динамикалық тепе – теңдікті қадағалау. Адамзат неғұрлым бұл мәселе жайлы ертерек ойланып тұрақты даму жолымен жүретін болса, соғұрлым оның Жер ғаламшарында тіршілік етуі ұзақ болады. Бұл ретте шешуші роль экологиялық білімге тән. Экологялық білімнің мәні мен мағынасы тұлғада экологиялық сананы қалыптастыру болып табылатыны баршылыққа аян. Экологиялық сананың негізі болып өз кезегінде «Экология және тұрақты даму» дирсциплинасы саналады. Пәннің мақсаты - өз денсаулығына және қоршаған ортаға аса бір үлкен жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны (студентті) қалыптастыру болып табылады. Бұндай типтегі әрекеттер жоғарғы білімі бар болашақ мамандарға келешекте дұрыс экологиялық шешім қабылдай алуына септігін тигізеді. Соның негізінде биосфераның тұрақты дамуына үлесін қосады.

2. Пәннің мақсаты:Табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы студенттердің толық түсінігін қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаттары:

• тірі ағзалардың, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар экожүйесінің, жалпы биосфераның негізгі заңдылықтарын және тұрақтылығын меңгеру;

• биосфера компоненттерінің өзара әрекеттесу заңдылықтары туралы және табиғатты пайдаланудың қарқындау шағындағы адамның шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде туындаған экологиялық жағдайлар туралы білімдерді қалыптастыру;

• ҚР және басқа да шет мемлекеттердегі тұрақты дамудың тәжірибелік есептері, бағдарламалары, концепциялары туралы бүгінгі таңға сай ой-санасын қалыптастыру;

• Экологияның, қоршаған ортаның және тұрақты дамудың келелі және күрделі мәселелерін талқылауда кешенді, объективті және творчестволық көзқарастарды қалыптастыру.

4. Реквизитке дейінгі: Қазақстан тарихы, математика, информатика, медициналық биофизика, молекулярлық биология және медициналық генетика, физиология.

5.Реквизиттен кейінгі:Жалпы гигиена, эпидемиология, философия, биохимия, патофизиология, микробиология.

6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Экологияның мақсаты, міндеттері мен әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы. Экология тараулары. Жеке түрлердің экологиясы: организм және оның тіршілік ету жағдайы, экологиялық факторлар және олардың жіктемесі. Либихтың минимум заңы, Шелфордтың толеранттылық заңы. Популяция экологиясы: статистикалық және динамикалық сипаттамасы. Бірлестіктер экологиясы: биоценоз, биогеоценоз, және экожүйе туралы түсініктер. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары. Экожүйедегі энергия ағымы мен химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофтық құрылымы; экожүйелердің өнімділігі. Экожүйелердің тұтастығы мен тұрақтылығы, тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия). Биосфера және оның тұрақтылығы. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімдері. Тірі зат концепциясы. Жаһандық биогеохимиялық циклдер. Қазіргі биосфера. Тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік. Тұрақты даму стратегиялары мен принциптері. Табиғат ресурстары және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану – тұрақты дамудың маңызды аспектісі ретінде. Таза экологиялық альтернативті энергия көздерін пайдалану. Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік себептері (факторлары). Қазіргі таңның әлеуметтік – эологиялық проблемалары және тұрақты даму. Қоршаған ортаны қорғау принциптері мен әдістері. Қорықтық аймақтар қоршаған ортаны қорғаудың формалараның бірі. ҚР тұрақты даумының өзекті экологиялық проблемалары.

7.Сабақтардың тақырыптық жоспары :

 

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

 

Дәріс тақырыптарының аталуы Сағат саны
1. Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты қорғау және табиғатты тиімді пайдалану базасы ретінде.
2. Даралар экологиясы – аутэкология. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары. Негізгі тіршілік орталары және оларға сипаттама.
3. Популяциялар экологиясы – демэкология. Популяция түрдің тіршілік ету формасы ретінде және оның (түрдің) негізгі критерийлері.
4. Бірлестіктер экологиясы – синэкология. Экожүйелердің орта модифицирлеуші ролі және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру мәселелері.
5. Биосфера құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің Тұрақты даму концепциясын даярлаудағы базалық ролі.
6. Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы.
7. Бүгінгі заманның әлуметтік-экологиялық мәселелері және тұрақты даму.
8. Адамзат қауымының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу мәселелері. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану.
9. Бүгінгі таңның ғаламдық экологиялық мәселелері. Олардың шығу себептері және тигізер әсерлері.
10. Қазақстан республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары.
11. Табиғи ортаның сапасы мен тұрғындар денсаулығы.
12. Қазақстан Республикасы тұрақты дамуының келелі экологиялық мәселелері.
  Барлығы 24 сағат  

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыптарының аталуы Сағат саны
1. Экология табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық базасы ретінде.
2. Дара экологиясы – аутэкология. Организм және оның тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі. Негізгі өмір сүру ортасы және оларға сипаттама.
3. Популяция экологиясы – демэкология. Популяцияның статистикалық сипаттамасы: популяцияның саны, тығыздығы және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы.
4. Бірлестіктер экологиясы – синэкология. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсініктер. Экожүйеде түр аралық байланыстың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм).
5. Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфера концепциясының қалыптасуы. В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі заттардың концепциясы.
6. Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуздердің (Өсім шегі, 1972) және Форестердің жұмыстары. Тұрақты даму факторлары, стратегиясы және принциптері. Тұрақты даму үлгісі, оның жұмыс істеу белгілері және принциптері.
7. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу мәселелері. Жердің табиғи ресурстарына сипаттама: атмосфера, гидросфера және литосфера.
8. Биосферада тұрақсыздықтың пайда болуының антропогенді факторлары. Табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің тарихы: негізгі сатылары (биогенді, аграрлы, өнеркәсіптік, ақпараттық), ерекшеліктері және сабақтары.
9. 1-8 тақырыптар бойынша аралық бақылау.
10. Қазіргі заман мен тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Әлеуметтік-экологиялық кризис және тұрақты даму.
11. «Үшінші әлем» мәселелері. Артта қалуды жеңу – тұрақты дамудың өзекті мәселесі.
12. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Қорық аймақтары қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде.
13. Қазақстан республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері.
14. Экологиялық мониторинг, оны ұйымдастыру принциптері.
15. Табиғи ортаның сапасы және тұрғындар денсаулығы.
16. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан республикасының заңдылықтары.
17. Қазіргі заманғы жаһандық экология мәселелері бойынша халықаралық конвекциялар мен келісім шарттар.10-17 тақырыптар бойынша аралық бақылау
18. Қорытынды сабақ.
Барлығы:

Студенттердің өздік жұмысының тақырыптық жоспары:

Сабақ тақырыптарының аталуы Сағат саны
1. Экологиялық мәселелер, қазіргі заманғы экономикалық тенденцияларда олардың орны мен ролі.
2. Тұрақты даму концепциясын реализациялауда экологияның ролі.
3. Негізгі өмір сүру ортасы және оларға сипаттама.
4. Әртүрлі ортада өмір сүруге адамның бейімделуі.
5. Популяция түрдің өмір сүру формасы ретінде және оның негізгі критерийлері.
6. Экожүйенің орта модифицирлеуші ролі және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру мәселелері.
7. Стенобионтты және эврибионтты организмдер. Ортаның экологиялық сиымдылығы.
8. Экологиялық пирамидалар (саны, биомассасы, энергиясы).
9. Экожүйенің табиғи дамуы: бірінші реттік және екінші реттік сукцессия. Экожүйе тұрақтылығының критерийлері және негізгі көрсеткіштері.
10. Биосфераның құрылымы және оның шекаралары.
11. Тұрақты даму концепциясын талдауда В.И.Вернадскийдің негізін қалаушылық ролі.
12. Энергияның альтернативті экологиялық таза шығу көздерін пайдалану тұрақты даму компоненті ретінде.
13. Ауыл шаруашылығының қарқынды дамуымен байланысты туындаған экологиялық мәселелер.
14. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және олардың экологиялық, генетикалық салдарлары.
15. Энергетикалық дағдарыс мәселелері және оларды шешу жолдары.
16. Әлемдік азықтық мәселелер, шешу жолдары.
17. Ресурсты дағдарыс, себептері, салдарлары, шешу жолдары.
18. Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселелері.
19. Адамзат үшін ядролық сынақтың салдарлары.
20. Семейдің ядролық полигоны және ҚР аймағындағы басқа да полигондар.
21. Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері.
22. Невада-Семей антиядролық қозғалысы.
23. Санитарлық-экологиялық мониторинг.
24. Жаһандық экологиялық мәселелер бойынша халықаралық конвенциялар мен келісім-шарттар.
25. Қазақстанның әртүрлі аймақтары мысалында қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін қажетті шаралар.
26. Қазақстанның ауылдық елді мекендері мысалында қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
27. «Экологиялық тәуекел» және «экологиялық қауіпсіздік» түсініктері.
28. Бірыңғай мемлекеттік экологиялық мониторинг жүйесі, мақсаты, міндеттері және қызметтері.
29. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында денсаулықты қалыптастыру факторлары.
30. Қазақстанның экологиялық кодексі.
  Барлығы:

8. Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар

СӨЖ-ді ұйымдастыру жоспары

СӨЖ тақырыбы/ тақырыпшасы СӨЖ тапсырмалары/ өткізу түрі СӨЖ бақылау түрлері СӨЖ бақылау кестесі (мерзімі) Сағаттар саны
Экологиялық мәселелер, қазіргі заманғы экономикалық тенденцияларда олардың орны мен ролі. Эссе Аралық бақылау, қорытнды бақылау 2 апта
Тұрақты даму концепциясын реализациялауда экологияның ролі. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 2 апта
Негізгі өмір сүру ортасы және оларға сипаттама. Реферат Аралық бақылау, қорытынды бақылау 2 апта
Әртүрлі ортада өмір сүруге адамның бейімделуі. Стуационды мәселелер құру Аралық бақылау, қорытынды бақылау 3 апта
Популяция түрдің өмір сүру формасы ретінде және оның негізгі критерийлері. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 3 апта
Экожүйенің орта модифицирлеуші ролі және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру мәселелері. Реферат Аралық бақылау, қорытынды бақылау 3 апта
Стенобиотикалық және эврибиоттық организмдер. Ортаның экологиялық сиымдылығы. Стуационды мәселелер құру Аралық бақылау, қорытынды бақылау 3 апта
Экологиялық пирамидалар (саны, биомассасы, энергиясы). Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 4 апта
Экожүйенің табиғи дамуы: біріншілік және екіншілік сукцессия. Экожүйе тұрақтылығының критерийлері және негізгі көрсеткіштері. Әдебиетке шолу Аралық бақылау, қорытынды бақылау 4 апта
Биосфераның құрылымы және оның шекаралары. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 5 апта
Тұрақты даму концепциясын талдауда В.И.Вернадскийдің негізін қалаушылық ролі. Реферат Аралық бақылау, қорытынды бақылау 5 апта
Энергияның альтернативті экологиялық таза шығу көздерін пайдалану тұрақты даму компоненті ретінде. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 6 апта
Ауыл шаруашылығының интенсификациясымен байланысты экологиялық мәселелер. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 6 апта
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және олардың экологиялық генетикалық салдарлары. Альбом жасау Аралық бақылау, қорытынды бақылау 6 апта
Энергетикалық дағдарыс мәселелері және оларды шешу жолдары. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 7 апта
16. Әлемдік азықтық мәселелер, шешу жолдары. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 7 апта
17. Ресурсты дағдарыс, себептері, салдарлары, шешу жолдары. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 8 апта
18. Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Реферат Аралық бақылау, қорытынды бақылау 8 апта
19. Адамзат үшін ядролық сынақтың салдарлары. Реферат Аралық бақылау, қорытынды бақылау 9 апта
20. Семейдің ядролық полигоны және ҚР аймағындағы басқа да полигондар. Реферат Аралық бақылау, қорытынды бақылау 9 апта
21. Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері. Реферат Аралық бақылау, қорытынды бақылау 9 апта
22. Невада-Семей антиядролық қозғалысы. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 9 апта
23. Санитарлық-экологиялық мониторинг. Альбом жасау Аралық бақылау, қорытынды бақылау 10 апта
24. Жаһандық экологиялық мәселелер бойынша халық аралық конвекциялар мен келісім шарттар. Глоссарий құру Аралық бақылау, қорытынды бақылау 10 апта
25. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін қажетті шаралар. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 11 апта
26. Қазақстанның ауылдық елді мекендерінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Глоссарий құру Аралық бақылау, қорытынды бақылау 11 апта
27. «Экологиялық тәуекел» және «экологиялық қауіпсіздік» түсініктері. Реферат Аралық бақылау, қорытынды бақылау 12 апта
28. Мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесі, мақсаты, міндеттері және қызметтері. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 12 апта
29. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында денсаулықты қалыптастыру факторлары. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 13 апта
30. Қазақстанның экологиялық кодексі. Презентация Аралық бақылау, қорытынды бақылау 14 апта
  Барлығы 30 сағат        

9. Негізгі және қосымша әдебиет:

Негізгі:

1.Кенесариев Ү.И. Экология және халық денсаулығы : учебник / Ү. И. Кенесариев, Н.Ж Жакашов. - Алматы : Эверо, 2009. - 250 с. : ил.

2.Оспанова Г.С. Экология : учебник / Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. - 2-е изд. - Алматы, 2009. - 405 б.

3.Бейсенова Р.Р. Экология және тұрақты даму пәнінен лекциялар жинағы. Алматы: «Эверо», 2012 ж.-146 с.

4.Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық : учебник / Ж. Ж. Жатқанбаев. - Алматы : Зият, 2004. - 210 с.

5.Алишева, Куляш. Экология. : учебник / К. Алишева. - [б. м.] : НАS, 2006. - 303 с. : ил

6.Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау : учебное пособие / Ұ. Б. Асқарова. - Алматы : Заң әдебиеті, 2007. - 90 с.

7.Иванов В.П. Общая и медицинская экология. : учебник / В. П. Иванов, О. В. Васильева, Н. В. Иванова ; ред. В. П. Иванова. - Ростов н/Д : Феникс, 2010. - 507 с. : ил

8. Миркин Б.М., Наумова Л.Г. – Устойчивое развитие, вводный курс – Логос. Москва – 2006.

Қосымша:

1.Экология : учебник / ред. В. В. Денисов. - Изд. третье, исправл. идопол. - Ростов н/Д ; М. : Издательский центр"МаРТ", 2006. - 768 с.

2.Коробкин В.И. Экология : учебник / В. И. Коробкин, Л. В. Передельский. - 12-е изд., доп. и перераб. - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 602 с. - (Высшее образование)

3.Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек : учебное пособие / Ю. В. Новиков. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : ФАИР-ПРЕСС, 2005. - 729 с.

4.Концепция экологической безопасности РК, Астана, 2002.

5.Доклад конференции 00Н по окружающей среде и устойчивому развитию, Рио-де-Жанейро, 1992. Том 1, Нью_Йорк,1993.

6.Экологический кодекс РК, Астана 2007.

7.Марфенин Н.Н. Концепция устойчивого развития» в развитии / Россия в окружающем мире: 2002 (Аналитич кий ежегодник)

8.Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека : учеб. пособие для студ.высш. учеб.заведений / Пивоваров Ю.П., Королик В.В. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Издательский центр "Академия", 2006. - 512 с

9.Әлібеков А.С.Жалпы экология атауларыныңтүсіндірмесөздігі : словарь / А. С. Әлібекова , З. К. Тоқмолдаева , С. С. Әлібеков ; ред.: Ү. И. Кенесариев, Н. Ж. Жакашов. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. - 144 с.

10.Әлібеков А.С. Жалпы экологияатауларыныңтүсіндірмесөздігі : словарь / А. С. Әлібеков, З. К. Тоқмолдаева, С. С. Әлібеков. - Алматы :Эверо, 2009. - 142 с. : ил

11.Қуатбаев А.Т. Экология пәніненпрактикум : учебное пособие / А. Т. Қуатбаев. - Алматы, 2006. - 172 с. - (Қазақстанреспубликасының білімжәнеғылымминистрлігі)

12.Қазақ тілітерминдерініңсалалықғылымитүсіндірмесөздігі: Экология жәнетабиғатқорғау: 4000-ға жуықтермин. : словарь. - Алматы :Мектеп, 2002. - 389 б.

13.Шилов И.А. Экология : учебное пособие / И. А. Шилов. - 4-е изд., стериотип. - М. : Высшая школа, 2003. - 512 с.

14.Экологиялық энциклопедия. - Алматы, 2007. - 302 б.

15.Экология человека Ю.А. Габов Караганда, 2012.

 

10. Оқыту және білім беру әдістері:

- Дәрістер:шолу, мәселелі және инновациялық тәсілді пайдалану CBL технологиясы;-

- Тәжірибелік сабақтар:семинарлар, шағын топтар, дискуссия, жағдайлық есептер, жұппен жұмыс, презентация, дәрістер, жағдайға үлгі жасау, TBL технологиясын пайдалану;

- Студенттің өздік жұмысы:әдебитттермен, электронды ақпарат базаларымен, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, ситуационды жағдайларды құру мен шешімін табу, тесттік есептерді шешу, рефератты, глоссарий, альбом, презентациялар әдебиетке шолу парақтарын даярлау және оларды қорғау.

11. Білімді бағалаудың критерийлері және ережелері:тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, т.б.

· Ағымды бақылау: тестілеу, жағдайлық есептер құрастыру, ауызша және жазбаша сұрау, есептер нәтижелерін жазуын бақылау, өзін-өзі бағалау және кіші топтарда топтық бағалау.- Ауызша сұрау – сұраққа жауап және жағдайды талқылау түріндегі бір не бірнеше бөлім материалдарын өткеннен кейін жүргізілетін бақылау;

Жазбаша сұрау- қойылған сұрақпен жұмыс, есеп шығару, жағдайды талдау, курстың жеке бөлімдері бойынша тәжірибелік сабақтарды орындау түріндегі бақылау;

Тесттер – пәннің жеке бөлімдері бойынша қойылған сұрақ түріндегі жазбаша жұмыс.

Эссе – шығарма жазу.

Аралық бақылау:коллоквиум

Қорытынды бақылау:дифференциалды сынақ

Студенттердің білімін және дағдыларын бағалау мақсатында бағалар шкаласы іске пайдаланылады. Бұл бағалар шкаласы баллдық - әріптік жүйеге негізделген. Есептеу үшін студенттердің ағымды бақылау бойынша үлгерімі, аралық аттестация және қорытынды мемлекеттік бақылау қорытындылары алынады.

 

Таңбалық жүйе бойынша бағалау Баллдардың сандық эквиваленті Пайыздық қатынасы Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A 4.0 95-100 өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89   Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74     Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Критерии оценки знаний обучающихся (на казахском языке не нашла)




©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
Оценка по буквенной системе Цифровой эквива-лент % содержа ние Оценка по традицион-ной системе Критерии оценки знаний
А 4,0 100 Отлично Ответ исчерпывающе полный, развернутый, правильный. Отличается логичностью, доказательностью, демонстрирует авторскую позицию обучающегося. Обучающийся умеет увязать теоретические аспекты учебной дисциплины с задачами практического здравоохранения. Глубоко изучил основную и дополнительную литературу, рекомендованную программой. При ответе использует знания, приобретенные ранее. Свободно понимает и оперирует учебным материалом повышенной сложности. Грамотно и осмысленно оперирует основными терминами по дисциплине, использует специфическую терминологию. Умеет интегрировать полученные знания со знаниями смежных учебных дисциплин. Умеет творчески и самостоятельно применять теоретические знания при решении практических задач, демонстрации практических навыков. Владеет навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины) и интерпретирует полученные экспериментальные данные с теоретической позиции, анализирует и аргументировано делает выводы.
95 Ответ полный, развернутый, правильный. В ответе прослеживается четкая структура, логическая последовательность, доказательность. Обучающийся глубоко изучил основную литературу и демонстрирует знания дополнительной литературы, рекомендованной программой. Понимает и оперирует учебным материалом повышенной сложности. Грамотно оперирует основными терминами по дисциплине, использует специфическую терминологию. Умеет интегрировать полученные знания со знаниями смежных учебных дисциплин. Умеет творчески и самостоятельно применять теоретические знания при решении практических задач, демонстрации практических навыков. Владеет навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины) и интерпретирует полученные экспериментальные данные с теоретической позиции, анализирует и делает выводы.
А- 3,67 90-94 Ответ полный, правильный. Обучающийся обладает систематическими и глубокими знаниями по учебному материалу, глубоко усвоил основную и знаком с дополнительной литературой, рекомендованной программой. Грамотно излагает материал с использованием специфической терминологии, умеет связывать полученные знания со знаниями смежных учебных дисциплин. Умеет самостоятельно применять теоретические знания при решении практических задач, демонстрации практических навыков. Владеет навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины), может проанализировать и оформить результаты эксперимента.
В+ 3,33 85-89 Хорошо Ответ достаточно полный. Обучающийся владеет программным материалом, усвоил основную литературу, рекомендованную программой. Правильно использует специфическую терминологию. Правильно применяет теоретические положения при решении практических вопросов и задач, владеет необходимыми приемами их решения. В ходе ответа допускает единичные несущественные ошибки, которые самостоятельно исправляет. Умеет увязать теорию и практику при выполнении практических заданий, демонстрации практических навыков. Владеет навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины), может проанализировать и оформить результаты эксперимента.
В 3,0 80-89 Ответ полный. Обучающийся владеет учебным материалом, усвоил основную литературу, рекомендованную программой. Правильно использует, понимает и объясняет специфическую терминологию, но допускает несколько несущественных ошибок в знаниях и действиях, которые устраняет при наводящих вопросах преподавателя. Неуверенно, но правильно применяет теоретические положения при выполнении практических заданий, навыков. Владеет навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины), может проанализировать и оформить результаты эксперимента.
В- 2,67 75-79 Ответ правильный, но недостаточно полный. Обучающийся допускает незначительные неточности при изложении материала, несколько несущественных ошибок, которые исправляет при участии преподавателя. Усвоил основную литературу, рекомендованную программой, правильно использует специфическую терминологию, но допускает недочеты в определении понятий. Владеет навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины). Затрудняется в анализе и оформлении результатов эксперимента.
С+ 2,33 70-74 Удовлетворительно Ответ неполный, недостаточно последовательный, содержит несущественные ошибки, которые обучающийся исправляет при наводящих вопросах преподавателя. Обучающийся владеет знаниями основного учебного материала в объеме, необходимом для дальнейшем учебы, усвоил основную литературу, рекомендованную программой. Использует специфическую терминологию, называет основные механизмы, но не может их написать по стадиям, испытывает затруднения в свободном применении знаний на конкретных примерах. Владеет основными навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины). Затрудняется в анализе и оформлении результатов эксперимента.
С 2,0 65-69 Ответ неполно воспроизводит знания, предусмотренные учебной программой, содержит несущественные и единичные существенные ошибки, которые обучающийся исправляет при наводящих (дополнительных) вопросах преподавателя. Обладает навыками использования специфической терминологии, но затрудняется в определении более сложных механизмов. Владеет основными навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины), но не может проанализировать и обобщить результаты эксперимента.
С- 1,67 60-64 Неполное воспроизведение программного учебного материала. Обучающийся допускает несущественные и существенные ошибки, часть которых может устранить с помощью преподавателя. Использует специфическую терминологию, но затрудняется в определении основных механизмов, допускает ошибки в написании формул и др. Не всегда может интегрировать свои знания с другими смежными дисциплинами, установить взаимосвязь. Владеет основными навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины), но не может проанализировать и обобщить результаты эксперимента.
Д+ 1,33 55-59 Ответ неполный, много неточностей. Есть существенные и несущественные ошибки. В отдельных случаях обучающийся использует специфическую терминологию, но испытывает затруднения в указании механизмов, не может установить взаимосвязи, не может правильно дать определение основных понятий и терминов по дисциплине. Не полностью владеет навыками проведения эксперимента (химического или др. в зависимости от дисциплины), не может проанализировать и обобщить результаты эксперимента.
Д 1,0 50-54 Ответ с многочисленными существенными ошибками, которые обучающийся не может устранить даже при дополнительных (наводящих) вопросах преподавателя. Существенные ошибки: неправильно использует терминологию, не умеет давать определения понятий и терминов, формулировки основных законов, положений, не знает классификации. Обучающийся не понимает сути основных процессов, механизмов, не может письменно изложить материал с применением специфической терминологии. Владеет частично навыками проведения эксперимента, не может проанализировать и обобщить результаты эксперимента.