Здавалка
Главная | Обратная связь

Онкология кафедрасы.

Онкология кафедрасы.

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН АЛГОРИТМ

1 этап: Сүт безінің пальпациясы.

    №     Дағдыны бағалау критериі Балл бойынша бағалау
орында-ған жоқ ескерту-мен орындады барлығын дұрыс орындады
1. Қолды жуады. Аурудың алдында тұрады. Аурудың жағдайы – тұр, қолдарын бел бойында орналастыруды сұрау. 0,5
2. Сүт безін алдынғы және бүйірі жағынан визуальді қарау. 0,5
3. Сүт безінің симметриялығын,формасын, көлемін, ісінуін бағалау. Сүт безінің ұшының жағдайын сипаттайды. 0,5
4. Оң қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен оң жақ содан кейін сол жақ сүт безінің ұшын басады. Сүт безінен бөлінген бөліністерді сипаттайды. 0,5
5. Оң қолдың саусақтарының жастығымен сүт безінің ортаңғы бөлігінен бастап периферияға қарай сүт безін сипап сезеді. 0,5
6. Сүт безінің консистенциясын, ауырсынуын және түйін барын сипаттайды. 0,5
7. Оң қолды науқастың оң иығына қойып сол қолдың саусақтарының жастығымен қолтықасты аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. Осы сияқты қарама қарсы қолтықасты аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. 0,5
8. Бұғана асты және үсті аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. 0,5
9. Сүт безін горизонтальді жағдайда сипап сезеді. Саусақтарының жастығымен оң жақ, сол жақ сүт безін сипап сезеді. 0,5
10. Сүт безінің консистенциясын, ауырсынуын, түйіннің барын сипаттайды. 0,5
  Барлық балл  

Станция рейтингі

Өте жақсы» 9,0 – 10,0 баллов (90 - 100%)

«Жақсы» 7,5 – 8,5 балла (75- 85%)

«Қанағаттанарлық» 5,0 – 7,0 балла (50- 70%)

«Қанағаттанарлықсыз» 4,5 баллдан төмен (0 - 45%)

Емтихан алушының қолы________________ Күні___________

Онкология кафедрасының отырысында Кафедра меңгеушісі

бекітілді №1 хаттама 03.09. 2013 жылы м.ғ.д., профессор А.Қ. Макишев

 

Онкология кафедрасының отырысында Кафедра меңгеушісі

бекітілді №1 хаттама 22.09. 2014 жылы м.ғ.д., профессор А.Қ. Макишев

«Астана Медициналық Университеті» АҚ

Онкология кафедрасы.

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН АЛГОРИТМ

2 этап: Жатыр мойыншасын цитологиялық зерттеу

  №   Дағдыны бағалау критериі Балл бойынша бағалау
орында-ған жоқ ескертумен орындады барлығын дұрыс орындады
1.   Қолды жуады. Стерильді қолғапты киеді. Жұмыс орнын дайындап қояды: қынаптық айнаны, көтергішті, Эйр шпателін, заттық шыныны, цитологиялық зерттеуге жолдама.     0,5  
2. Сол қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен кіші және үлкен жыныстық жапсарды ашады. 0,5
3. Қынаптық айнаны оң қолмен алып қынапқа баяу кіргізеді. Одан кейін қынаптық айнаны сол қолмен ұстаймыз. Оң қолмен көтергішті алып қынапқа баяу байқап кіргіземіз. Айналарды жатыр мойыншасы көрінетін етіп орналастырамыз. 0,5
4. Жатыр мойыншасының формасын және кілегей қабатының, сыртқы аңқаның жағдайын сипаттайды. 0,5
5. Көтергішті көмекшіге ұстауды сұраймыз. 0,5
6. Эйр шпателімен цервикальді каналдан, жатыр мойыншасының қынаптық бөлігінен айналмалы қимыл жасап жұғынды аламыз (360 0). 0,5
7. Көмекшіге айнаны ұстауды сұраймыз. 0,5
8. Алынған материалды заттық шыныға жұқалатып тегіс қабатпен жағамыз (шпательдің екі жағында жағамыз). Кір инструментті - Эйр шпателін шылапшынға утилизацияға тастаймыз. 0,5
9. Қынаптан көтергішті, одан кейін қынаптық айнаны байқап шығарып аламыз. Кір инструменттерді тазартуға шылапшынға тастаймыз. Қолғапты шылапшынға утилизацияға тастаймыз. 0,5
10. Бағыттаманы толтырамыз, онда көрсететініміз: 1) цитологиялық лаборатория; 2) Ә.Ө.А. аурудың; 3) жасы; 4) жіберетін материал (цервикальді каналдан жұғынды); 5) диагноз; 6) зерттеу күні. 0,5
  Барлық балл  

Станция рейтингі

Өте жақсы» 9,0 – 10,0 баллов (90 - 100%)

«Жақсы» 7,5 – 8,5 балла (75- 85%)

«Қанағаттанарлық» 5,0 – 7,0 балла (50- 70%)

«Қанағаттанарлықсыз» 4,5 баллдан төмен (0 - 45%)

Емтихан алушының қолы________________ Күні___________

 

Онкология кафедрасының отырысында Кафедра меңгеушісі

бекітілді №1 хаттама 03.09. 2013 жылы м.ғ.д., профессор А.Қ. Макишев

 

Онкология кафедрасының отырысында Кафедра меңгеушісі

бекітілді №1 хаттама 22.09. 2014 жылы м.ғ.д., профессор А.Қ. Макишев





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.