Здавалка
Главная | Обратная связь

Партограмманы толтыру



Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін баяндап беріңіз.

Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: берілген мәліметтер негізінде партограмманы толтыру бойынша тәжірибелік дағдыларын төменде келтірілген критерийлерді ескеріп бағалаңыз.

 

Партограмманың жоғарғы бөлігіне босанушы әйелдің аты-жөнін, акушерлік мәліметтерді (босану санын, анамнездегі жүктіліктерін), босану тарихының №, босану бөліміне госпитализацияланған күні мен уақытын, партограмманы толтыру басталған уакыттағы сусыз кезеңді (сағатпен) жазамыз. 0,5
Жатыр мойының ашылуын кестеде "X" әрпімен белгілейміз. Латентті фаза – 0-ден 3см-ге дейін жатыр мойының баяу ашылу кезеңі, жатыр мойнының біртіндеп қысқаруымен жүреді. Белсенді (активті) фаза – бұл жатыр мойының 3-тен 10 см-ге дейін жылдам ашылу кезеңі. Жатыр мойының 0-3 см ашылуын босанудың латентті кезеңі белгіленген жерде көрсетеміз, босану белсенді фазаға ауысқанда, жатыр мойнының ашылуын пунктир сызықпен Дабыл сызығына ауыстырамыз. Егер босану белсенді фазада болса, жатыр мойнының ашылуын Дабыл сызығына жатыр мойының ашылуына сәйкес жерде белгілейміз, ал уакытты «X» астына, сйкес жолға жазамыз. 0,5
Жатырдың жиырылуын штрихтау түрінде: нүкте, қисық штрих, тұтас штрих ретінде уақыт осінен төмен «Жатырдың 10 минутта жиырылуы» белгіленетін жерде көрсетеміз. Клеткалар 1-ден 5-ке дейінгі сандарға сәйкес келеді. Әрбір клетка бір жиырылуды білдіреді, егер 10 минутта 2 жиырылу болса, онда 2 клетканы штрихтаймыз және т.с. 0,5
Ұрық басының жылжуын "О" әрпімен кестенің оң жағына «Ұрық басының жылжуы» шкаласына 5-тен 0-ге дейінгі белгілермен белгілейміз (ұрық басының симфиз жиегінен жоғары 5 саусақтың көлеміндей орналасуы). Ұрық басының өтуіне байланысты, оның жамбас жиегінен жоғары қалатын бөлігін саусақтардың кіші санымен белгілейміз (4/5, 3/5 және т.б.). 0,5
Ұрықтың жүрек соғысының жиілігін партограмманың жоғарғы жағына әрбір жарты сағат сайын тіркейді. 0,5
Қағанақ суының жағдайын «Қағанақ суы» графасында көрсетеміз. Қағанақ суының түсін тіркейміз: таза («С»), қан аралас («В») немесе меконий («М»). Қағанақ қабының бүтіндігі бұзылмаса - «I». 0,5
Ұрықтың бассүйектерінің конфигурациясының бағасын партограммада қағанақ суынан төменгі жолға белгілейміз. Егер сүйектер бір бірінен бөлінген, тігістер оңай сезілсе, онда (0); сүйектер бір біріне аздап тиіссе (+); сүйектер бір бірінің үстіне шығып тұрса (++); сүйектер бір бірінің үстіне айқын шығып тұрса (+++) тіркейміз. 0,5
Сәйкес аймқта тағайындалған окситоцинді ХБ/л және тамшы/мин. белгілейміз. Тағайындалған басқа дәрілер мен тамырішілік ерітіңділерді окситоциннен төменгі жолда белгілейміз. 0,5
Босанушы әйелдің жағдайын партограмманың төменгі жағына жазамыз: босану барысында АҚҚ және ТС әр сағат сайын, температураны әр 4 сағат сайын өлшейді. Несептің көлемін, несепте ақуыз бен ацетонның болуын сәкес аймақта тіркейміз. 0,5
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, ілтипат пен шыдамдылық таныта отырып өз әрекетімізді түсіндіреміз. 0,5

Максимальды берілетін ұпай саны – 10


Бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу

Студентке тапсырма: босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізуді көрсетіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты 5 минут.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

 

Босанушыға өткізілетін манипуляция мәнін түсіндіреміз. Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. 0,5
Жатыр ішінде екінші ұрықты жоққа шығару үшін іштің пальпациясын жүргіземіз. Ұрық туғаннан кейін 1 минут ішінде санның жоғарғы 1/3 бөлігіне 10 ХБ окситоцин б/е енгізіледі. 0,5
Шат аралығына жақын кіндікке қысқыш салынады. Кіндік пен қысқышты бір қолда ұстаймыз. Екінші қолды әйелдің қасағадан жоғары аймағына қоямыз. Кіңдікті тартып ұстап, жатырдың қатты жиырылуын күтеміз (әдетте 2-3 минутта кейін). 0,5
Жатыр жиырылғанда және кіндік бауы ұзарғанда, кіндік бауын төмен және өзімізге қарай плацента шыққанға дейін ақырындап тартамыз, жатырдың айналуын алдын алу үшін бір уақытта екінші қолмен жатырды кіндік бауын тартқан жаққа қарама-қарсы бағытқа итереміз. бала жолдасы шыққан кейін оны екі қолмен ұстап, ұрық қабықшалары шыққанға дейін ақырын айналдырамыз. 0,5
Бала жолдасы шыққаннан кейін бірден әйелдің алдыңғы ішперде қабырғасы арқылы жатыр жиырылғанға дейін массаж жасаймыз. 0,5
Бала жолдасының бүтіндігін тексереміз. Плацентаны шаршы лотокқа аналық бетін жоғары қаратып орналастырамыз және барлық бөліктерін анықтаймыз, жиектерін мұқият тексереміз. Содан кейін плацентаның аналық бетін төмен қаратып, бала жолдасын кіндік бауынан ұстап көтереміз, екінші қолды ұрық қабықшаларының ішіне енгізіп, оларды саусақтармен жазып, бүтіндігіне көз жеткіземіз. 0,5
Осы кезде ұрық қабықшаларының арасында, плацента жиектерінен шығатын, үзілген қан тамырларының бар-жоқтығына көңіл бөлеміз (үзілген тамырлар жатыр қуысында қалған плацентаның қосымша бөліктерінің бар екендігін көрсетеді). 0,5
Барлық қанды өлшегіш колбаға құю арқылы жоғалтқан қанның көлемін анықтаймыз. Сыртқы жыныс мүшелерін қараймыз, егер жыртылулар анықталса, бүтіндігін қалыптастырамыз. 0,5
Босанған әйелдің жалпы жағдайын бағалаймыз, тамыр соғысын тексереміз, АҚ өлшейміз. 0,5
Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. 0,5

Максимальды берілетін ұпай саны – 10

 


Нәрестені босану кезінде бағалау және алғашқы күтімі

Студентке тапсырма: нәрестені туғаннан кейін бағалаңыз және алғашқы күтімін сипаттап беріңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты 5 минут.

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

 

Жаңа туған нәрестеге қажетті жабдықтарды алдын ала дайындау. Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. 0,5
Босанғаннан кейін бірден 30 секунд ішінде нәрестенің жағдайын бағалаймыз. Егер оның жағдайы қауіп туғызбаса, жылы, таза жаялықпен сүрткеннен кейін анасының ішіне жатқызамыз. Басына таза, мүмкін болса үйінен әкелінген қалпақты, аяғына носки кигіземіз. Сулы жаялықты тастап, нәрестені таза, құрғақ жаялықпен және қосымша көрпемен жабамыз. 0,5
Кіндік бауы стерильді қайшымен екі қысқыш арасында тамыр пульсациясы аяқталғаннан кейін кесіледі. 0,5
Нәрестенің алғашқы күтімі: - нәрестенің тыныс алуын және тері жамылғыларының түсін босанғаннан кейінгі алғашқы 1 -сағатта 15 минут сайын және 2-сағатта 30 минут сайын бағалау. Егер терінің түсі көгерсе немесе тыныс алуында киындық туындаса (1 минутта <30немесе>60), маска арқылы оттегі беру және дереу неонатологты шақыру қажет; 0,5
- босанғаннан кейін 30 минуттан соң және басқа бөлімге ауыстырмас бұрын электрондық термометрмен нәрестенің дене температурасын өлшеу, егер температурасы 36,5 С төмен болса – жылы жаялық, қалпақ және носкиді ауыстырып кигізу кажет, нәрестені жылыту үшін қосымша әдістерді колдану (анасымен бірге жатқызып қосымша көрпе жабу, анасы мен баласы жатқан төсектің үстіне жылытқыш лампаны қою және т.б.); 0,5
- бірінші сағаттың соңында нәрестенің көзіне жақпамай жағылады (жеке қаптамадағы тетрациклин немесе эритромицин); 2-ші сағаттың соңында – қайталанады. 0,5
-екінші сағатың соңында кіндікті стерильді салфеткамен сүртіп, пластикалық қысқыш саламыз, кіндік бауының қалдығы ашық қалады, бұл кезде нәресте анасының үстінде жатады. 0,5
- жылу қорғанысын сақтай отырып баланы өлшейді; - 2-сағаттың соңында неонатологпен бірге қарау, содан кейін ауыстыру үшін нәрестеге таза, құрғақ киім (ит көйлек және ползунки) кигізеді немесе кұндақтаймыз (қатты құндақтауға болмайды). 0,5
Омыраумен емізудің, әсіресе ерте емізудің, емізу жиілігінің маңыздылығы, омыраумен емізу ережелері туралы ақпарат беру, және баланың емуге дайындығының алғашқы белгілері пайда болған кезде - емізуге көмектесу. 0,5
Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. 0,5

Максимальды берілетін ұпай саны – 10


Нәресте жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалау

Студентке тапсырма: Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалаңыз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты - 5 минут.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

 

Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. 0,5
Нәресте туа салысымен жүрек соғу жиілігін санау. Нәрестенің ЖСЖ минутына 100 реттен жоғары болса - 2 балл, 100 реттен төмен – 1 балл және жоқ болса - 0 балл. 0,5
Тыныс алу жиілігін санау. Нәрестенің тыныс алу жиілігі минутына 40–50-ден жоғары (айғайы қатты) болса - 2 балл, 40-тан төмен – 1 балл, тыныс алуы жоқ - 0 балл. 0,5
Рефлекторлық қозғыштықты тексеріп бағалау. Қимылы белсенді, айғайы қатты – 2 балл, қимылдары, нәрестенің бетінде наразылық белгісі – 1 балл, реакция жоқ – 0 балл. 0,5
Тері жамылғыларының жағдайын бағалау. Тері жамылғылары қызғылт түсті- 2 балл, акроцианоз- 1 балл, тері жамылғыларының айқын боздығы - 0 балл. 0,5
Нәрестенің бұлшық ет тонусын бағалау. Нәрестенің қимылы белсенді- 2 балл, аяқ колдарының аздағап бүгілуі - 1 балл, қимылы жоқ- 0 балл. 0,5
Туғаннан кейін 1 минут ішінде нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау. 0,5
Туғаннан кейін 5 минуттан соң нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау. 0,5
Жалпы балл саны бойынша нәрестенің жағдайы туралы қорытынды жасау, асфиксия бар-жоғын анықтау. 0,5
Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. 0,5

Максимальды берілетін ұпай саны – 10


Босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру

Студентке тапсырма: пациентке босанудан кейінгі контрацепция туралы кеңес беру. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.

Оқытушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

 

Пациентті мейіріммен қарсы алыңыз. Ыңғайлы орналасып алуын сұраңыз. Өзіңізді таныстырыңыз. Алынған мәліметтердің құпия сақталатындығын пациентке түсіндіріңіз. 0,5
Пациенттен келесі босануларын қашан жоспарлайтындығын немесе жоспарламайтындығы туралы сұрастырыңыз. 0,5
Пациенттің жалпы және репродуктивті анамнезін жинастырыңыз: жасы және тұрмыстық жағдайын, жүктілік және босанулар санын, тірі балаларының санын, олардың жасы мен жынысын, жанұяны жоспарлауда бұрын қандай әдістер қолданғаны жайлы, қолдану ұзақтығын, тоқтату себептері, қиындықтары жайлы сұрастырыңыз. 0,5
Барлық контрацепция жайлы қысқаша мәлімет беріңіз, олардың сипаттамасын, тиімділігі және жағымсыз көрсеткіштері жайлы ақпарат беріңіз. Есте сақтайтын шарт, контрацепция әдісін таңдау әрқашанда әйелдің өз құзырында. 0,5
Әйелдің соматикалық статусын бағалап, жүктілікті жоққа шығарыңыз. 0,5
Егер пациент белгілі бір контрацепция әдісін таңдаса, одан бұл әдіс жайлы не білетіндігі туралы сұраңыз: қате немесе нақты емес ақпаратты түзеңіз. 0,5
Үрейлі сигналдар кезінде дәрігерге бару қажет екендігі туралы пациентке нұсқау берініңіз: ұзақ қабылдағаннан кейін етеккірдің кешігуі, іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну, көп қан кету, жиі кездесетін бас аурулары, бас сақинасы, көру қабілетінің нашарлауы және т.б. 0,5
Нұсқауларды дұрыс меңгергендігіне көз жеткізу үшін пациенттен оларды қайталап беруін сұраңыз. 0,5
Пациенттен қандай да бір сұрақтары немесе күмәндары бар-жоқтығын сұрап біліңіз және оларға жауап беріңіз. 0,5
Қайталап жолығудың күнін белгілеңіз. Егер пациентте бір мәселе туындаған жағдайда немесе сұрақтары пайда болғанда дәрігерге әр уақытта келуге болатындығын айтыңыз. 0,5

Максимальды берілетін ұпай саны – 10

 


Гинекологиялық науқастардан анамнез жинау.

Студентке тапсырма: пациенттен анамнез жинастырыңыз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

 

Пациентті мейіріммен және ілтипатпен қарсы аламыз. Өзімізді таныстырамыз. Алынған ақпарат құпия күйінде сақалатындығын түсіндіреміз. 0,5
Паспорттық мәліметтерін жинастырамыз: аты-жөні, жасы, мекен-жайы, жұмыс орны, отбасылық жағдайы. 0,5
Негізгі шағымдарын сұрастырып анықтаймыз, шағымдардың пайда болу себептерін нақтылаймыз, олардың күшею немесе басылуына әкелетін жағдайларды анықтаймыз. 0,5
Ауру анамнезін анықтаңыз: етеккір циклының нешінші күнінде ауру белгілері пайда болды, симптомдардың пайда болу реттілігі, жүргізілген емі. 0,5
Арнайы анамнезін анықтау: етеккір қызметі (менархе уақыты, етеккір циклының тұрақтануы, реттілігі, ұзақтығы, ауырсынуы), жыныстық өмірі (неше жасынан, некеде/некеден тыс); бала туу қызметі (барлық алдыңғы жүктіліктерінің ағымына және нәтижесіне көңіл бөлу). 0,5
Өмірбаяндық анамнезін анықтау: отбасында нешінші бала, туған кездегі салмағы, пубертатты және постпубертатты кезеңнің ағымы. Жалпы ауырған ауруларын анықтау, гепатит, туберкулез, туберкулезбен ауырғандармен қатынаста болуы, жыныстық жолмен жұғатын аурулары. 0,5
Қолданған контрацепция әдістерін анықтау, олардың нәтижелілігі; ауырған гинекологиялық аурулары, емдеу әдістері, соның ішінде антибиотиктермен емдеу. 0,5
Аллергиялық анамнезін анықтау, тұқымқуалаушылық аурулары. 0,5
Анамнезіндегі гемотрансфузия операциясын белгілеу. 0,5
Алынған мәліметтер негізінде өзіндік қорытынды жасау. 0,5
           

Максимальды берілетін ұпай саны – 10

 

 


Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау

Студентке тапсырма: пациентке зерттеуді жүргізіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

Пациентке жүргізілетін тексеру мәнін түсіндіреміз. 0,5
Пациентті гинекологиялық креслоға жатқызамыз. 0,5
Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. 0,5
Сыртқы жыныс мүшелерін қараймыз, түтіктену түрін, үлкен және кіші жыныс еріндерінің құрылымын, шат аралығының жағдайын, жыныс еріндерінің жабылуын бағалаймыз. 0,5
Сол қолдың бас және сұқ саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашамыз, қынаптың кіреберісін, қынап қабырғаларының және жатырдың төмен түсуін, шырышты қабатының түсін, бөліністердің сипатын, зәр шығару өзегінің сыртқы саңылауын, уретра маңы және қынап кіреберісінің үлкен бездерінің шығару өзектерінің жағдайын қараймыз. 0,5
Жатыр мойны мен қынап қабырғасын айнамен қараймыз, ол үшін қасық тәрізді айнаны тік өлшемде енгізіп, содан кейін кіші жамбас шығаберісінің көлденең өлшеміне ауыстырамыз. Айнаға параллельді көтергішті енгіземіз. 0,5
Айнамен қарауда жатыр мойнының пішінін (конус тәрізді, цилиндр тәрізді, деформацияланған), шырышты қабатының түсін бағалаймыз. Жатыр мойнындағы патологиялық үрдістерді анықтаймыз. Сыртқы аран жағдайын ("қарашық" симптомы), қынаптың шырышты қабатының жағдайын (қатпарлығы, бөліністері) бағалаймыз. 0,5
Көтергішті шығара отырып, қынаптың алдыңғы қабырғасын бағалаймыз, содан кейін айнаны шығара отырып - қынаптың артқы қабырғасының шырышты қабатының жағдайын бағалаймыз. 0.5
Құралдарды дез. ерітіндіге саламыз. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. 0,5
Амбулаториялық картаға немесе ауру тарихына мәліметтерді жазамыз. Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, ілтипат пен шыдамдылық таныта отырып өз әрекетімізді түсіндіреміз. 0,5

Максимальды берілетін ұпай саны – 10


Бимануальды зерттеуді жүргізу

Студентке тапсырма: пациентке қынаптық зерттеуді жүргізіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

 

Пациентке жүргізілетін тексеру мәнін түсіндіреміз. 0,5
Пациентті гинекологиялық креслоға жатқызамыз. 0,5
Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. 0,5
Сол қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарын, жыныс еріндерін аша отырып, қынапқа екі саусақты енгіземіз (бірінші – шат аралығын басатын ортаңғы саусақ, содан кейін сұқ саусақ). Жатырды тексереміз, оның өлшемін, орналасуын, консистенциясын, қозғалмалылығын, ауырсынуын анықтаймыз. 0,5
Сау жағынан бастап жатыр қосалқыларын зерттейміз. Бұл кезде олардың орналасуын, көлемін, консистенциясын, формасын, қозғалмалылығын, ауырсынуын және т.б. анықтаймыз. 0,5
Қынап күмбездерінің ерекшеліктерін анықтаймыз (жазылуын, тығыздалуын, томпаюын, ауырсынуын, флюктуацияны). 0,5
Қынаптан саусақтарды шығарамыз, бөліністер сипатын бағалаймыз (қанды, іріңді, шырышты). 0,5
Қолғапты шешіп, арнайы контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. 0,5
Амбулаториялық картаға немесе ауру тарихына мәліметтерді жазамыз. 0,5
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, ілтипат пен шыдамдылық таныта отырып өз әрекетімізді түсіндіреміз. 0,5

Максимальды берілетін ұпай саны – 10

 


Микроскопияға жағындыны алу

Студентке тапсырма: пациентке зерттеуді жүргізіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

Пациентке жүргізілетін тексеру мәнін түсіндіреміз. 0,5
Пациентті гинекологиялық креслоға жатқызамыз. 0,5
Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. 0,5
Жағынды алу үшін стерильді құралдарды пайдаланамыз, жағынды алуды науқасты гинекологиялық зерттеу және қынаптық емшараларын өткізуге дейін жүргізеді. 0,5
Жағындыны Фолькман қасықшасымен барлық мүмкін инфекция ошақтарынан алады. Алынған материалды таза заттық шыныға жағады. Жатыр мойнынан және қынаптан алынған материалды штрих түрінде бөлек заттық шыныларға сәйкес белгімен жағады: “U”-уретра, “C”–жатыр мойны, “V”-қынап. 0,5
Ең алдымен зәр шығару өзегінен жағынды алады. Ол үшін сол қолдың сұқ саусағымен қынаптың алдыңғы қабырғасы арқылы уретра массажын жүргіземіз. Зәр шығару өзегі бөліндісінің бірінші порциясын стерильді мақта шарикпен сүртеміз, содан кейін 1,5-2 см тереңдікте Фолькман қасықшасымен жағынды аламыз. Алынған материалды заттық шыныға “U”- әріпімен белгілейміз. 0,5
Айнамен жатыр мойнын жалаңаштаймыз, мақта шарикпен сүртеміз, содан кейін мойын өзегінен жағынды аламыз (жеңіл қыру қажет, себебі кейбір қоздырғыштар шырышты қабаттың бетінде емес, эпителиалды жабынның астында орналасады). Алынған жағындыны заттық шыныға сәйкес жатыр мойны - “C” -әрпімен белгілейміз. 0,5
Қынаптық жағындыны артқы күмбезден алып, заттық шыныға қынап - “V” –әрпімен белгілейміз. 0.5
Алынған материал кептіріледі және микроскопияға зертханаға жіберіледі. Қолғапты шешіп, арнайы контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. 0,5
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, ілтипат пен шыдамдылық таныта отырып өз әрекетімізді түсіндіреміз. 0,5

Максимальды берілетін ұпай саны – 10


 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.