Здавалка
Главная | Обратная связь

Step-back(«шаг назад») техникасы.



Бұл техниканың классикалық әдістемесі түбір өзектерін өңдеудің сандартты әдіс негізінде жасалды, яғни түбір өзегін түбір ұшынан түбір сағасына дейін кеңейту. Бұл әдіспен өңделген түбір өзек цилиндр пішіндес (диаметрі барлық жерінде бірдей), бұл оның сапалы жуылуын қиындатты. Бұл әдіс тік тар өзектерде әлдеқайда тиімді болды. Бірақ өзекке конус тәрізді пішінді беру тиімдірек болып табылды, себебі ол өзектің пішінін қайталайды.

Техниканы жүзеге асыру үшін қажет шарттар:

1. Иілген өзектерде болжама иілген аспаптарды қолдану (иілуді рентгенографияны және аспаптың жұмысшы ұзындығын ескеріп жүргізеді).

2. Аспаптарды өзекке енгізбес бұрын арнайы майлы заттармен өңдеу (лубриканттармен – Gly-Oxide, File-Eze, K-Y Jelly немесе сұйық сабынмен). Өзектің қабырғасындағы қақтығысты төмендететін майлы жетуге көмектеседі,өзекте тінді эмульсиялайды. Кейбір майлы заттардың құрамында ЭДТА[Canal+(Septodont), HPU 15 (Spad), RC-prep (Premier)] бар.

3. «Механикалық сағат зауытының» (Watch-Winding) техникасын қолдану, сәйкесінше аспап өзекте жұмысшы тереңдікке жеткенде сағат тілімен және сағат тіліне қарсы ¼ айналымға (2-3 рет) айналады. Кейде 1 мм тереңдікке қысқа жеңіл «итерулер» жасалады.

4. Аспапты шығарғаннан кейін әрбіреуі тазаланып, арнайы заттармен өңделуі керек.

5. Өзекті тұрақты ирригациялау.

Өңдеу жүргізу әдістемесі.Алғашында өзекке дайындалған жіңішке (08-10) К-файл алдын-ала анықталған және аспапта белгіленген тістің бүкіл ұзындығына енгіземіз. Бұл аспаппен жұмысты аспап өзекке бос кірмейінше жалғастырады. Кейін дәл осы процедураны келесі мөлшерлі аспаппен қайталайды. Өзекте бұл файлмен бос қимылға жеткеннен кейін соңғы бақылауды алдыңғы файлмен (кішкентай) жүргіземіз. Осымен бүкіл ұзындыққа 25(файлдың минималды мөлшері) (21-сурет) мөлшерге дейін өзекті кеңейтеміз. Егер басында түбір ұшына жететін аспап мөлшері 25-тен жоғары болса, онда гуттаперча штифті үшін түбірұшылық тірек қалыптастыру үшін апикалды аймақты 1-2 мөлшерге кеңейту керек. Қолданылатын аспаптардың мөлшерінің бірізділігі: 10-15-10-20-15-25-20. Түбір ұшын 25 аспаппен өңдеу біткеннен кейін өзекке 30 мөлшердегі аспапты енгізеді. Бұл аспаппен жұмысты аяқтағаннан кейін рекапитуляция – түзілген баспалдақтарды тегістеу үшін және өзекке дентин қалдықтары тұрып қалмау үшін соңғы апикалды файлмен (25) бақылау өңдеу жүргізу керек. 30-фалдан кейін 35-шіні қолданады, жұмысшы ұзындығы тістің жұмысшы ұзындығынан 2 мм кіші, ал 40 – 3 мм және т.б. (22-сурет). Әр аспапты қолданғаннан кейін H-файлды қолдануға болатын рекапитуляция жүргізу керек (23-сурет). Өзектің сауыттық және сағасының үштен бір бөлігін Gates Glidden немесе саға кеңейткішпен өңдеуге болады (24-сурет). Жұмыс ақтағаннан кейін өзек ұшына 5-10 мин натрий гипохлоритін қосымша өзектерді тазалау үшін енгіземіз. Жіңішке, иілген немесе петрифицирленген өзектерде ЭДТА қолдануға болады. Осындай мақсатта ЭДТА-ны 08 А-файлға жақпа ретінде қолдануға болады.

Апикалды аймақта өзектің физиологиялық тарылымынан 3 мм қашықтықта парллельді қабырғалар қалыптастыру жолы арқылы штифтке арнап ретенционды аймақ құруға болады.

Апикалды-короналды техниканың қателігі мен мүмкін болатын асқынуы болып келесілер табылады: апикалды тесіктен дебристің шығып кетуі немесе дентин қалдықтарымен апикалды тосқауыл құруы, өзекті өңдеу барысында тістің жұмысшы ұзындығының бақыланбайтын өзгеруі, өзек бағытының және апикалды тесіктің орналасуының өзгеруі.

Теңестірілген күштер концепциясы(balanced force). 1985 ж. Roane ұсынған және апикалды-короналды техниканың принциптерін ұсынады. Одан аспаптарды қолдану техникасымен және апикалды аймақ қалыптастырумен ерекшеленеді. Ұшы қауіпсіз аспаптармен ғана жұмыс істеуге болады (флекс-R-файл, нитифлекс). Файл өзекке енгізіледі және сағат тілімен айналғанда 90° бұрышқа дентинге енеді және алға жылжиды. Одан соң аспап дәл сондай бұрышқа сағат тіліне қарсы айналады, осы кезде оның кесу қасиеті пайда болады. Автор өзектің ұшын арнайы егеуді – «апикалды бақылау аймағын» (apical control zone) құруды ұсынды. Сондықтан бұл жағдайда өзекті өңдеу физиологиялық тарылымға дейін емес, рентгенологиялық тарылымға дейін жасалады. Түбір өзегінің диаметріне және қабырғаларының қалыңдығына байланысты тістің бүкіл жұмысшы ұзындығына дейін өзек 25, 30, 40 аспаптармен өңделеді. Келесі (05 үлкен) аспап жұмысшы ұзындығынан 0,5 мм кіші тереңдікке енгізу керек. AMF 25 болғанда өзек 35-мөлшерге дейін өңделеді, AMF 30 – 45-мөлшерге, AMF 40 – 60-мөлшерге. Кейін 1 мм кіші тереңдікте өңдеу жүргізіледі: AMF 25 – 45 мөлшерге, AMF 30 – 60 мөлшерге, AMF 40 – 80мөлшерге (бұл мөлшер соңғы егеу аспабы). Сонымен баспалдақты стандартты апикалды тарылым қалыптасады(25-сурет).

Жұмыстың бірізділігі: алдымен апикалды аймақ қалыптасады (өзек аспаппен бүкіл жұмысшы ұзындығына толтырылады – 25,30,40), кейін тарылым қалыптастырылады. 1(2)-6 Gates-Glidden борларымен өзек өңделеді.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.