Здавалка
Главная | Обратная связь

Step-down немесе crown-down техникасы («шаг вперед» немесе «от коронки вниз»)



Әдіс артықшылықтары: инфицирленген материалдың апикалды аймақтан шығып кету қаупі төмен; өзекті сапалы үшін қолайлы жағдайдың болуы; апикалды тесіктің кеңеюінің төмендеуі. Өтпейтін өзектерде бұл әдіс тиімді. Тістің жұмысшы ұзындығын апикалды тесікке жол тапқаннан кейін анықтаймыз.

Өңдеу жүргізу тәсілі.Өзек сағасыннатрий гипохлоритімен толтырады, одан кейін «Gates егеу алды» жүзеге асырылады: 35 файлды өзекке тірелгенше дейін енгізіп, ұзындығын фиксациялайды. Ең тиімдісі болыпи 16 мм мөлшер табылады. Егер бұндай мөлшерлі файл кірмесе, кішірегін енгізеді. Файл өзекте бос жүргенше өңдейді. Дәл осы ұзындықта №1 және №2 Gates-Glidden типті борлармен ( өңдеу жүргізеді. Кейін 30 файлды енгізіп, ұзындығын фиксациялап, өзек аймағын өңдейді. Кейін 25 мөлшермен өңдеп, ары қарай кіші мөлшерлермен өзектің жұмысшы ұзындығына дейін өңдеу жасайды.

Өзекті толық жұмысшы ұзындығына өткеннен кейін операция қайталанады, 40 аспаппен бастайды. Осыған орай өзек ұшы үлкен мөлшерге кеңейтіледі. Процедура 50-файлдан қайталанады – 25-мөлшерге жетпегенше. Қабырғалары Н-файлмен тегістеледі. Аспаптармен жұмыс істеудің реттілігі: 35 (тірелгенше – 16 мм)-30 (тірелгенше) – 25 (тірелгенше) – 20(тірелгенше) – 15 (тірелгенше). Егер аспап 15-ке жеткенде, түбір өзегін реттілігі: 40(тірелгенше)-35(тірелгенше) – 30 (тірелгенше) – 25 (тірелгенше). Егер аспап 25-ке жеткенде, аспаптық өңдеуді тоқтатуға болады, ал егер жетпесе, 50-мөлшерден қайталау керек.

Бұл әдіс өзекті жақсы қалыптастыруға болады, ротация техникасын қолданғандықтан дөңгелек кесіндісі бар. Сондықтан бұл әдісте қателіктер болуы мүмкін.

 

Гибридті техника

(step-down + step-back)

Бұл техниканы кейде модифицирленген короналды-апикалды техника дейді.

Түбір өзектерін өңдеуді 1-6 Gates-Glidden типті бормен сауыттық бөлігін кеңейтуден бастайды. Егер 1-ші типті Gates-Glidden сыймаса, файлмен жұмыс істейді. 3 Gates-Glidden борын ½ ұзындыққа кіргізеді, 4,5 және 6 Gates-Glidden сағада ғана жұмыс істейді. Содан кейін өзекті step-back әдісімен өңдейді. Өзек қабырғасын Н-файлмен тегістейді.

Бұл техниканың модификациясы ретінде double-flared technique әдісін атауға болады. Бұның мәні – өзекті кішірейтілген аспаптармен өту; жұмысшы ұзындыққа жеткеннен кейін step-back әдісімен өңдейді. Бұл топқа Canal master римерлерін қолдану арқылы түбір өзегін өңдейтін егеуді қолдануға болады. Бұның артықшылығы аспаптың ұзындағы мөлшері дәстүрлік аспаптан кішкентай.

 

Машиналы ротациялық техника

Профайлды қолдану арқылы егеу(Profile 04 Taper Series 29 Rotary Instruments). Өңдеуді төмендеткіш 150-350 (250) айн/мин бұрыштық ұштықтарды қолдана отырып жүргізеді.Өзектің үштен екі бөлігі (сауыттық және ортаңғы) профайл .04 қалыптасады, ал ұшына жақын бөлігі профайлдармен және дәстүрлі эндодонтиялық аспаптармен өңделеді. Профайлдармен жұмыс істеу реттілігі: .04: 25/.04 және 30/.04 – өзектің жұмысшы ұзындығының ортасына дейін, 20/.04 – 2/3 бөлігі, 15/.04, 20/.04 және 25/.04 – өзектің бүкіл жұмысшы ұзындығына. 04 және 06 профалдарымен жұмыс істеу реттілігі: 25/.06 – жұмысшы ұзындығының ортасына дейін, 25/.04 және 20/.04 – 2/3 бөлігі, 15/.04, 20/.04 және 25/.04 – бүкіл жұмысшы ұзындығына.

Lightspeed жүйесін қолдану арқылы егеу.Жұмысты никельтитаннан жасалған аспаппен өңдейміз. Оның жұмыс бөлігі кішкентай (0,25-1,75 мм) U-файл типтес, ұшының бұрышы (апикалды мөлшері 20-30 және ұзындығы – 0,25 мм) 75°жасайды (32,5 және 0,25 мм)- 33° (35 – 100 және 1, 75 мм) - 15° (26-сурет). Жиынтықтағы аспаптардың жалпы саны – 22 (20-100 аралықты қосқанда). Өзекті өңдеуді 750-2000 айн/мин жылдамдықта step-back әдісін қолдана отырып жүргізеді. Апикалды бөліктің алғашқы өңдеуін 15 қол файлымен жүзеге асырады.

Quantec series 2000 жүйесін қолдана отырып егеу. Өңдеуді 10 машиналы (340 айн/мин) никель титанды арнайы құрылымды әр түрлі өлшемді қысымды қабырғаға біркелкі тарататын аспаптарымен жүргізеді. Аспаптардың маркировкасы - №1-25/.04, №2 – 15/.02, №3 – 20/.02, №4 – 25/.02, №5 – 25/.03, №6 – 25/.04, №7 – 25/.05, №8 – 25/.06, №9 – 40/.02, №10 – 45/.02. Өңдеу реттілігі: №1 – сауыттық бөлігі, №2,3,4 – апикалды бөлігі, №5,6,7,8,9,10 – ортаңғы бөлігі. Үш мөлшермен ғана жұмыс істеу мүмкін – 1(сауыттық бөлігі), 4(апикалды бөлігі) және 9(ортаңғы бөлігі).

Түбір қуысын егеуді сонымен қатар дыбыстық, ультрадыбыстық және лазерлі ұштықтармен іске асыруға болады.

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптар мен материалдар.

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптар

Өзектолтырғыш(paste filler, root filler «L»). Бұл құрылымды француз стоматологы Lentulo 1928 жылы ұсынды (27, а – сурет). Жұмысшы бөлігі орталықтанған конус спиралді, өзектің анатомиялық пішінін қайталайтын машиналы немесе қолмен жұмыс жасайтын аспап. Қойыртпақ тәрізді пломбылық материалдарды өзекке енгізуге арналған. Оптималды айналу жылдамдығы – 100-200 айн/мин. Белгісі – спираль. Ленталық өзектолтырғыш (Hawes-Neos типті) дрильбор пішінді, кері бағытта айналған.

Гутта-конденсатор(gutta-condensor) – жұмысшы бөлігі кері Н-файлға ұқсас аспап (27, б-сурет). Бұрыштық ұштықта 8000-10000 айн/мин жылдамдықта қолданылады. Айналғанда гуттаперчаны өзекке итереді.

Спредер(гуттаперчаның бүйірлік нығыздағышы; ағыл. Spreader –таратқыш) – жұмыс бөлігі тегіс өткірленген, түбір өзегінде гуттаперча штифтерін бүйір(латеральды) конденсациялауға арналған аспап(27,в – сурет). Бармақтық спредер (finger spreader) бармаққа арналған қолсабы бар, қолдық спредер (біржақты немесе екіжақты) (handle spreader) – қолда ұстауға арналған. Мөлшері басқа эндодонтиялық аспаптармен бірдей, сонымен қатар конустылығы үлкен стандартты емес гуттаперчалық штифтердің пішінін қайталайтын спредерлер де шығарылады.

Плаггер(гуттаперчаның вертикалды нығыздағышы, түбірлік штопфер, plugger; ағыл. plug – тығындау) – жұмысшы бөлігі тегіс кесілген өзегі бар, түбір өзегінде гуттаперча штифтерін вертикалды конденсациялауға арналған аспап (27,г – сурет). Бармақтық плаггер (finger plugger) бармаққа арналған қолсабы бар, қолдық плаггер (біржақты немесе екіжақты) (handle plugger) – қолда ұстауға арналған. Мөлшері басқа эндодонтиялық аспаптармен бірдей7

Жылытқыш плаггер(жылуды көтеретін плаггер, heart-carrier plugger) – жылытылған гуттаперчаны вертикалды конденсациялауға арналған екіжақты аспап (27,д-сурет). Екі түрлі жұмысшы бөлігі бар: гуттаперчаны жылытатын және енгізетін спредер типті өзек және оны конденсациялауға арналған градуирленген плаггер.

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған аспаптарға түбір ұшын резекциялағанда амальгамамен ретроградты пломбылауға арналған штопферлерді, сонымен қатар пломбылық материалдарды өзекке енгізуге арналған түрлі аспаптарды (инелер, пинцеттер және т.б.) жатқызуға болады.

 

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған заттар

Түбір өзектерін обтурациялауға арналған заттарға қазіргі эндодонтияда түрлі материалдардан жасалған гуттаперча мен штифт ретіндегі қатты толықтырғыштар (филлерлер), және толықтырғыш (гуттаперча, штифт) пен өзек қабырғасының арасындағы аралықты толтыратын тіркейтін цементтер (силерлер) жатады.

 

Обтурациялайтын заттарға қойылатын талаптар:

1. Өзекке оңай енуі.

2. Өзекті апикалды және латералды герметизациямен қамтамасыз ету.

3. Енгізгеннен кейін отырмауы.

4. Ылғалға сезімтал емес.

5. Бактериостатикалық қасиеті және бактериялардың көбеюінің қолдауға қабілетсіз.

6. Рентгенконтрастты.

7. Тіс тіндерінің боялмауы.

8. Түбір маңы тіндерінің тітіркенбеуі.

9. Стерилділік және енгізуден бұрын стерилдеудің оңай болуы.

10. Өзектен оңай шығарылуы.

Қатты материалдар (филерлер)

Гуттаперча -Manilkara bidentata деген Бразилия ағашының шырынынан алынған, қоюлатылған және арнаулы өңдеуден өтілген латекс. Гуттаперча алуға Рауеnа және Paloquium деген Малазия ағаштарының да шырындары пайдаланылады. Екі түрде кездеседі: кристаллқұрылымды (α және β) және аморфтықұрылымды (28-сурет).

α – төмен температурада салыстырмалы түрде жібитін жабысқақ және аққыш масса;

β – штифтті дайындауға арналған иілгіш әрі берік масса.

Түбір өзектерін пломбылау үшін 100 жылдан аса уақыт пайдаланылып келеді. Гуттаперча жылу әсерінен көлемін ұлғайтады,салқын әсерінен көлемін кішірейтеді.

Түбір өзектерін обтурациялау үшін гуттаперчадан штифтер (ISO-стандартына сай) және стандартқа сай емес гуттаперча конустар дайындайды. Штифттің нақты мөлшерінің күрделілігін машиналық дайындауда атап өту керек: диаметрі көрсетілгеннен 1-2 өлшемге басқа болуы мүмкін. Штифті калибрлеу үшін дәрігер арнайы калибрлеуге арналған сызғышты қолданады (29-сурет). Егер штифт көрсетілген мөлшерден үлкен болса, онда ол калибрлік тесікке сыймайды, ал кіші болса – оған итеріледі (бұл кезде керек мөлшерді алуымызға болады).

Гуттаперча штифтерін дайындауға арналған массаның құрамы:

гуттаперча - 18,9-21,8% - штифтің формасының тұрақтылығын, көлемін, серпінділігін сақтайды);

мырыш тотығы -59,1-75,3% - минералды толықтырғыш қызметін атқарады;

балауыз немесе шайыр-1,0-4,1% - жақсы нығыздалғыштық, созымталдық береді;

металдар тұздары (барий тұзы-барий сульфаты)рентгенайқындық береді – 1,5-17,3%;

тотығуды тежейтін биологиялық бояғыш заттар.

Күміс штифтертүбір өзектерін толтырғыш ретінде 50 жылдан бері қолданып келеді. Кемшіліктері: күміс қышқылдарының тіндері мен жасушаларына улы заттардың түзілуімен жүретін сұйық орталардағы коррозиясы, обтурациядан кейін тістің түсінің өзгеруі, қатты болғандықтан өзекке үйренбеуі, қатты домалақтанған ұшы, дөңгелек кесінді. Дөңгелек кесіндісі бар аса үлкен емес тік өзектерде қолданылады.

Титан штифтертүбір өзектерін обтурациялауға арналған материал ретінде 20 жыл бұрын ұсынылды. Коррозияға ұшырамайды, бірақ күміс штифтердің басқа кемшіліктеріне ие.

Түбір өзектерін обтурациялыуға арналған цементтер (силерлер)

Силерлерге қойылатын талаптар:

1. Жабысқақтық, өзек қабырғаларына адгезиясы.

2. Өзекке оңай енуі.

3. Өзекті апикалды және латералды герметизациямен қамтамасыз ету.

4. Рентгенконтрастты.

5. Енгізгеннен кейін отырмауы.

6. Толықтырғыш бөлшектерінің жеткілікті кішкентац мөлшері.

7. Тіс тіндерінің боялмауы.

8. Бактериостатикалық қасиеті және бактериялардың көбеюінің қолдауға қабілетсіз.

9. Қатаюы баяу.

10. Тін сұйықтығында ерімеуі.

11. Тіндерге толеранттылық, тітіркендіргіш қасиеттердің болмауы.

12. Өзектен шығару үшін нақты еріткіштерде еру қасиеті.

13. Иммунды жауапты атыстыру қабілетсіздігі.

14. Мутагенді және кариесогенді қасиеттердің болмауы.

Қазіргі кезде түбір өзегін обтурациялайтын қойыртпақтарды өздігінен қолдану тиімсіз болып саналады. Ол материалдың қысымның артық болуынан сыртқа шығып кетуіне, қысымның жеткіліксіз болуынан қанағатсыз обтурацияға, сонымен қатар өзектен шайылуна алып келеді. Сондықтан силерлерді щтифтпен бірге қолданады. Силерді қолданбасақ, гуттаперча өзекті тығыз емес бітейді, бүйір тармақтарының обтурациясы жүрмейді.

Түбір өзектерін обтурациялайтын қойыртпақтарды өздігінен қолдануға қысқа уақытқа ғана болады, уақытша тістерде және тұрақты тістерде түбірі толық қалыптаспаған.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.