Здавалка
Главная | Обратная связь

Полимерлер мен шайырлар негізіндегі силерлер



Бұл топқа Diaket (поливинил шайыры негізінде 1951 ж. шығарылды), AH-26 және AH Plus (күміс ұнтағы қосылған бифенол-А-эпоксигексаметилентетрамин негізінде), ThermaSeal, TopSeal, Lee Endo-Fill (гидроксил диметил-полисилоксан және 10-30 миллимикрон бөлшекті гидрофобты аморфты силикат негіндегі силиконды материал), шыныиономерлі материалдар (Ketac-Endo ESPE шығарған, Endion VOCO шығарған). Төмпешікті герметиктерге және дентинді бондинг-агентке ұқсас Бис-ГМА негізіндегі цементтер жүйесі өңделуде.

Тістің түбір өзегін обтурациялау әдістері

Түбір өзегін обтурациялау – бұл оның қуысын және қосымша тармақтарын герметизациялаушы материалдармен тығыз бітеу.

Түбір өзегін ботурациялау алдында егеу барысында пайда болған қабырғасындағы майлы қабатты алып тастау керек. Бұл үрдіс келесі қышқылдарды ұолдану арқылы жүзеге асырылады – лимон, фосфор, сүт және ЭДТА. Өзекті дезинфекциялап, кептіру керек.

Түбір өзектерін обтурациялау әдістері:

1. Салқын гуттаперча штифтермен обтурациялау: а) бір штифпен пломбылау әдісі; б) гуттаперчаны бүйірлеп нығыздау және оның варианттары.

2. Арнаулы майлармен және еріткіштермен жұмсартылған суық гуттаперчамен химиялық обтурациялау.

3. Қыздырылған гуттаперчамен обтурациялау: а)тік нығыздау арқылы гуттаперчамен обтурациялау; б)бөлшектенген гуттаперчамен обтурациялау; в)бүйірлеп және тік нығыздау; г)термомеханикалық нығыздау (гутта-конденсор,ультрадыбысты жұмсартқыш қолданып).

4. Жылумен жұмсартылған гуттаперчамен обтурациялау: а)шприцтің көмегімен немесе Ультрафил жүйесін қолданып обтурациялау, екіфазалы гуттаперчаны қолдану; б)қатты стерженнің көмегімен бітеу (Thermafill жүйесін, Successfil жүйелерін қолданып).

 

Бір штифтпен пломбылау әдісі

Бұл әдісте түбір өзегі бір ғана штифтпен силермен толтырылады. Кемшіліктері: тығыз обтурацияға жету қиын (макроканал ғана обтурацияланады) және цементтің өзектен шайылуы. Өзектердің дөңгелек кесіндісінде қолданылады. Штифт өзекті бүкіл жұмысшы ұзындығына өңделген соңғы файлдың өлшеміне сәйкес келуі керек. Жұмысшы ұзындығы гуттаперчада немесе күміс штифте белгіленеді. Штифтті енгізбес бұрын оны силермен өңдейді, цементті де өзекке енгізеді (өзектолтырғышпен, файлмен).

Гуттаперчаны бүйірлеп нығыздау әдісі

Түбір өзегін обтурациялауда бірнеше штифт қолданылады. Келесі кезеңдерден тұрады:

1. Керекті мөлшерді спредер таңдау: оның ұзындығы өзектің жұмысшы қзындығынан 1-2мм қысқа болу керек, диаметрі – соңғы апикалды файлға тең не одан 1 нөмірге үлкен болуы керек.

2. Бірінші штифтің мөлшерін анықтау (master point). Штифт мөлшері соңғы аспаптың мөлшеріне сәйкес келуі керек. Штифті арнайы калибрлеуші сызғыштармен калибрлеп алу керек. Штифті дәлдеу келесі тесттерді құрайды:

А. Визуалды тест.

Пинцеттің браншын қысу арқылы штифт ұзындығын белгілейді (өзектің жұмысшы ұзындығынан 1 мм кішкентай). Штифтті өзекке енгізгенде керекті ұзындыққа кіргеніне көз жеткізіп алу керек. Егер штифт жетпесе оны кішкентай штиятпен ауыстырады, ал асып кетсе - үлкен. Егер үлкен штифт өзекке қажетті ұзындыққа кірмесе, алдыңғыға қайтып келу керек, ұшын 2 мм кесу керек.

Б. Тактильді тест.

Жүргізу шарты – өзектің апикалды бөлігінде 3-4 мм параллель қабырғалар ретінде «ретенционды аймақ» құру. Тесттің мәні – штифтті енгізіп-шығарғанда оны қандай да бір күштің болуы.

В. Рентгенологиялық тест.

Өзектегі штифтің орналасуына рентгенологиялық бақылау жүргізіледі.

3. Таңдаудан кейін негізгі штифтті өзектен шығару.

4. Өзекті шаю, кептіру(қағаз штифт көмегімен).

5. Өзеккем цемент (силер) қою – өзектолтырғыш, спредер, қағаз штифттің түбір инесі, файл, ример көмегімен, оларды сағат тіліне қарсы айналдыру арқылы немесе ультрадыбысты қолдану арқылы.

6. Силерге батырылған негізгі штифті өзекке жұмысшы ұзындығына енгізу (30-сурет).

7. Көп штифтті обтурация және бүйір нығыздау.

Әдістемесі.

Өзекке бірнеше секундқа(бұл уақытта гуттперча штифті деформацияланып, қабырғаға бейімделеді) спредер енгізеді, кейін 1 мин ішінде қосымша штифтке орын қалдыру үшін сағат тілімен және сағат тіліне қарсы айналмалы-тік қимылдар жасайды(31-сурет). Спредер алынады, және негізгі штифт пен өзек қабырғасы арасына силермен жағылған қосымша штифт (32-сурет) енгізеді, спредермен жұмысты қайталайды (33-сурет), келесі қосымша штифті енгізеді(34-сурет) және т.б. қосымша штифт мөлшері оның алдында нығыздалған спредердің мөлшеріне тең. Қосымша штифт ретінде көбінесе стандартты емес штифттер қолданылады, бірақ олардың таңдалуы негізінде өзектің конустылығына байланысты. Спредер өзекке кіре алмаған жағдайда обтурация толық деп саналады. Штифттердің шығып тұрған жуан ұштарын қыздырылған аспаппен өзек сағасына дейін кесіп алып тастайды (35-сурет). Үрдіс өзек сағасында плаггермен немесе штопфермен тік нығыздаумен аяқталады.

Майысқан өзектерде спредер сыртқы жақпен жүруі керек, себебі ол гуттаперча штифтіне қарағанда қаттылау. Бұл кезде штифтті ұшына итеру мақсатында спредермен тік қимылдар көп жасалуы керек. Негізгі штифтті тістің жұмысшы ұзындығынан 2 мм қысқа алады.

Бүйірлеп нығыздағаннан кейін бос жерлерді толтыру үшін кейде гуттаперчаны тік нығыздауды жасайды. Сонымен қатар жылытылған бүйірлеп нығыздау да кеңінен тараған. Ол кезде негізгі және бірнеше қосымша штифттерді өзекке қарапайым енгізгеннен кейін және бүйірлеп нығыздағаннан кейін жылытылған плаггердің қыздырылған спредерлік бөлігі енгізіледі, 45° бұрылып, алынады, одан кейін суық спредермен стандартты нығыздау жүргізіледі. Бұл манипуляция түбір өзегі толық обтурацияланғанша әр қосымша штифтпен жүргізіледі.

Бүйірлеп нығыздау тәсілі біркелкі тарылған өзектерде тиімді.

Бүйірлеп нығыздаудың кемшілігі: негізгі штифт дөңгелек апикалды тесікті ғана сапалы обтурациялайды. Дөңгелек кесіндіде де обтурация өзектің қосымша тармақтарына байланысты толық болмауы мүмкін. Бұл кемшілікті жою үшін обтурация алдында таңдап болғаннан және калибрлеуден кейін негізгі штифтті 1 мм ұшын 1 сек ішінде хлороформға батыру керек және алдын-ала ылғалды өзекке бүкіл жұмысшы ұзындығына енгізу керек. Ылғалды өзек ерітіндіні қабырғасына жабыспайды, ал ұшы өзектен шыққаннан кейін дәл ізін қалдырады, солай өзек ұшын тығыз обтурациялай алуға мүмкіндік береді.

Қарқынды нығыздау және жіңішке өзек қабырғаларында қарқынды нығыздаудың әсерінен түбірді тесіп алу мүмкін. Кемшілігі: гуттаперча көп кетеді.

Автомат плаггерді қолданып өзекті обтурациялау

Арнайы аспап – Canal finder plugger көмегімен жүзеге асырылады, жұмысшы бөлігі телескопты еске түсіреді (36-сурет). 0,3-1,0 мм амплитудасы бар тік қимылдар жасайтын ұштықта қолданылад ы. Құрылымына және қозғалысына байланысты негізгі гуттаперча штифтерінің тік және бүйірлеп нығыздауын жүргізеді, кейін – қосыма штифтер.

Арнаулы майлармен және еріткіштермен жұмсартылған суық гуттаперчамен химиялық обтурациялау («хлороперча»)

Обтурациялық материал жиектік жақсы жатады және өзектің анатомиясын дәл қайталайды. Гуттаперча хлороформмен бірге Callahan-Johnston(1911) қолданылады және кейбір еріткіштерде жұмсарғыш қасиетінде негізделген (хлороформ, эвкалиптол, галотан).

Бастапқы штифтті өзектің жұмысшы ұзындығынан 2 мм қысқа ғып алады, өзекке енгізіп көреді және 1 секундқа еріткішке енгізіледі. Штифт шығарғаннан кейін силер енгізеді. Осы сәтте еріткіш ұшып кетеді. Штифтті өзекке енгізеді және спредер көмегімен нығыздайды (15-30 сек жұмсақ боп тұрады). Кейін қосымша штифттер енгізеді.

Қыздырылған гуттаперчамен тік нығыздау

Shilder 30 жыл бұрын ұсынды. Өзекті гуттаперчамен максималды түрде, силермен минималды түрде толтырады. Бұл әдістің шарттары:

1. Стандартты емес гуттаперча штифтерін немесе жеке дайындалған штифтерде қолдану ( мұндай штифтер бірнеше қыздырылған стандартты штифтерден жасалады).

2. Үш, болмаған жағдайда екі плаггерді қолдану: үлкен мөлшерлі – сауыттық, орташа – ортаңғы, кіші – апикалды бөлігі (37-сурет). Плаггер гуттаперчаның сапалы нығыздалуы үшін максималды аймақты толтыру керек.

3. Қатаю уақыты қысқа және ерігіштігі төмен цементтерді (силерлерді) қолдану (Kerr Pulp Canal Sealer, Richer’s original ZnO eugenol канфильмен бірге).

4. Қыздырылған плаггерді немесе оның электронды нұсқасын қолдану.

Өзекті обтурациялау кезеңдері:

1. Өзекті қағаз штифтпен кептіру және апикалды тесікті соңғы апикалды файлдан кіші аспаппен тексеру.

2. Штифтті рентгенологиялық тесікке дейін тексеру (бүкіл жұмысшы ұзындығын толтыру) және жуан ұшын алып тастау.

3. Штифті алу және ұшын 0,5-1,0 мм кесу. Қайтадан енгізу және ретенция тексеру.

4. Плаггер дайындау: біріншісі өзекке 10 мм жетпей, екіншісі -15 мм жетпей, соңғысы – 3-4 мм жетпей кіру керек. Әр плаггердің ұзындығын белгілеу.

5. Өзекті ирригациялау және кептіру.

6. Қолмен жұмыс жасайтын өзектолтырғышпен силерді кішкене енгізу және қабырғаларын жеңіл жабу.

7. Штифтің апикалды бөлігін силермен жабу.

8. Штифтті енгізу, пинцет браншын қысу арқылы ұзындығын белгілеу.

9. Қыздырылған экскаватор не плаггер көмегімен артық штифтті алу.

10. Нығыздалудың басталуы: ең үлкен плаггерді цемент ұнтағына енгізеді де, гуттаперчаны апикалды бағытта нығыздайды(ортаңғы бөлігінің обтурациясы).

11. Екінші жылы толқынды өзекке ыстық плаггерді енгізу арқылы құру.

12. Орташа плаггермен тік және бүйір қысым.

13. Қыздырылған плаггермен екінші қыздыру.

14. Ең жіңішке плаггермен тік нығыздау.

15. Ұшын пломбылауды аяқтау(қабырғасынан плаггер көмегімен артық гуттаперчаны алып тастау).

16. Backpacking – өзекті кесілкен гуттаперчамен толтыру, плаггермен суық нығыздау, қыздыру, нығыздау және толық бітелу үшін соңыңа дейін толтыру. Гуттаперчаны шприц көмегімен енгізу мүмкін.

17. Тіс қуысын эмаль-дентин байланысына дейін тазалау, уақытша реставрация. Азу тістерде кейде мойын деңгейінде цемент қосады.

Иілген өзектерде салыстырмалы түрде плаггерлердің иілуі төмен болғандықтан бұл әдіс тиімсіз.

 

 

Жылы бөлшектелген гуттаперчамен обтурациялау

Бұл әдісте гуттаперчаның қыздырылған ұсақ бөлшектері (Webster, 1911) қолданылады. «Чикаго-техника» деген атпен белгілі. Әдіс келесі кезеңдерден тұрады:

1. Плаггерді таңдау (жұмысшы ұзындығынан 3 мм қысқа).

2. Гуттаперча штифтін жұмысшы ұзындығынан 1 мм қысқа етіп таңдау және енгізу.

3. Штифті рентгенологиялық бақылау.

4. Штифті шығару және ұшын 3 мм кесу; кесілген ұшын жылы плаггердің ұшына салу.

5. Силерді өзекке енгізу.

6. Гуттаперчаны спирт шамында қыздыру және өзекке енгізу (38-сурет).

7. Плаггермен қысу және айналдыру.

8. Апикалды тесіктің обтурациясын рентгенологиялық бақылау.

9. Бүкіл өзекті қыздырылған гуттаперча бөлшектерімен толтыру.

Көрсетілген әдісте хлороформ немесе галотанда жұмсартылған гуттаперча қолданылуы мүмкін.

 

Қыздырылған гуттаперчаны бүйірлеп және тік нығыздау

Бұл әдісте жылытылған плаггердің электронды аналогы – батареясы бар қолмен жұмыс істейтін ұштықты температуралық конденсатор қолданылады (Endotec). Жұмыстың басы гуттаперчаның бүйірлеп нығыздалуын қайталайды; негізгі және бір-екі қосымша штифті қолмен жұмыс істейтін спредер арқылы бейімдейді. Кейін қыздырылған Endotec спредерін өзектің бүкіл ұзындығына енгізеді және сағат тілі бойымен қозғайды. Суытылғаннан кейін сағат тіліне қарсы қимылдардың көмегімен өзектен шығарады. Қосымша штифтті енгізгеннен кейін аспапты қайтадан өзекке енгізеді, іске қосады және 10-15 сек ішінде спредерді қимылдатады. Одан кейін суық плаггермен тік нығыздау, келесі штифті енгізу үшін қыздырып, бүйір нығыздау жүргізеді.

 

Гуттаперчаны термомеханикалық тығыздау

Бұл әдісті 1979 ж. McSpadden ұсынған. Бұл кезде арнайы аспап – McSpadden тығыздағышы немесе пішіні кері Н-файлға ұқсайтын гутта-конденсор қолданылады. Әдіс өзекте гуттаперчаның 8000-10000 айн/мин жылдамдықта пайда болған жылудың әсеріне негізделген. Гутта-кон денсордың жұмысшы бөлігі өңделген өзектің ұзындығынан 1 мм кіші болуы керек, ал мөлшері – соңғы апикалды файлдың мөлшеріне сәйкес келеді. Гуттаперча штифті соңғы апикалды файлға қарағанда 1 не 2 мөлшерге үлкенірек таңдайды. Силер мен гуттаперча штифтін енгізгеннен кейін аспапты өзекке тірелгенше дейін (3-4 мм тереңдікке) енгізеді және айналдырады (қысымсыз). Шамамен 1 секундтан кейін гуттаперча жұмсарады да, айналып тұрған аспап тағы 1 секундқа бүкіл жұмысшы ұзындыққа жеңіл енеді. Жұмсарған гуттаперча тығыздалғаннан кейінгі өзектен шығатын аспаптың жиектерімен нығыздалады. Өзектің сауыттық бөлігінде жиі конденсордың үлкен бөлігін қолдануға тура келеді.

Осыған ұқсас Quickfill жүйесі α-фазалы гуттаперча қойылған аспаптарды (гуттакомпакторларды) қолдануды ұсынады.

 

Ультрадыбыстық жұмсартылған гуттаперчаны қолдану

Бұл әдісте штифтпен өзекке салынған эндодонтиялық аспапты(файл) салқындатусыз ультрадыбыс көмегімен белсендіру арқылы гуттаперча штифті жұмсаруы болады. Бұл жолмен қыздырылған гуттаперча өзекте жеткілікті түрде тығыздалады. Соңғы нығыздалуды қолмен жұмыс істейтін плаггермен жүргізеді.

 

Гуттаперчаны термопластикалық иньекциямен обтурациялау

Бұл әдіс 1977 ж. ұсынылды. Бұл кезде өзекке шприцтен 160° (материалдың температурасы) қыздырылған гуттаперча енгізіледі. Шприц инесі апикалды тесікке 3,5-5 мм жетпеуі керек. Гуттаперча мен өзек қабырғасының арасындағы кеңістікті толтыру үшін силер қолданылады. Материалдың бірінші бөлігін енгізгеннен кейін гуттаперчаны апикалды бөлікке алдын-ала дайындалған плаггермен апикалды тесікке 3,5-5 мм жетпей тез тығыздайды. Апикалды бөлікті обтурациялағаннан кейін оның рентгенологиялық бақылауын жүргізеді. Қазіргі кезде бұл әдісті жүргізу үшін 160°С-200°С температурадағы Obtura II Heated Hutta-Percha System қолданады.

 

Ультрафил жүйесі

Алдыңғы әдіс сияқты өзекке қыздырылған жұмсартылған гуттаперча енгізіледі, бірақ гуттаперча канюлада болады және соларда арнайы қыздырушының көмегімен жұмсарады. Қыздырылған канюлаларды арнайы құрылымды пистолетке қойылады, одан кейін өзекке материал қойылады.

 

Екіфазалы гуттаперчамен түбір өзегін обтурациялау

Обтурацияны құрылымы гутта-конденсорға ұқсайтын конденсор қолданып жүргізеді және өзектің қайтадан пломбылануын жоятын апикалды емес, қабырғаларынаа пломбылық материалдың қысымын қамтамасыз етеді. Әр түрлі жолдармен алғашқы шикізат жолымен өңдеу арқылы дайындалған қыздырылған гуттаперчаның екі фазасын қолданады: алдымен арный қыздыратын аппараттың және шприцтің көмегімен аспапқа тығыз фазаны (β-гуттаперча), үстінен – сұйық фазаны (α-фаза) жағады. Конденсорды өзекке енгізеді, айналғанда (3000-5000айн/мин) ол гуттаперчаны тығыздайды және өзінің құрылымының және қақтығысының арқасында гуттаперча өзектен өзі шығады. Пломбылау нәтижесінде макроканал гуттаперчамен тығыз бітеледі, ал бүйір өзектері және қабырға жанындағы аймақтар – аққыштау болады.

 

Thermafil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау

Бұл әдісті 1978 ж. B.W.Johnson ұсынды. Ол болат, никель титан және пластмассалы өзекке қойылған гуттаперчамен (әдетте α-фаза) обтурациялауға негізделген. Өзектің жеткілікті обтурациясын, нақты апикалды бағалауын және өзекті обтурациялағанда жақсы кері тактилді байланысты қамтамасыз етеді. “Tusla Dental Products” –пен модифцирленген қазіргі заманауи әдіске құрамында Thermafil типті обтураторлар(иілгіш пластмассалық өзектер, α-фазамен біркелкі жабылған; өзек біруақытта тасымалдағыш пен конденсор қызметін атқарады), силер (Thermaseal, тұтқыр, адгезиясы және минималды отырғыштық қасиетіне ие; сонымен қатар TopSeal және AH Plus қолданылады, TubliSeal типті тез қатаятын цементтер қолданылмайды), обтураторларды біркелкі қыздыруға арналған ақпараттық жылу көзі – Thermaprep бар «Термажүйе» жатады. Өзекті обтурациялаудан бұрын вериферді (Verifer) (қазіргі кезде –никелтитан) қолданып калибровкасын жүргізеді. Қисайған өзектерде соңғы апикалды файлдан 1 мөлшер кіші обтураторларды қолдануға болады. Обтураторды қыздырылған құрылымға орналастырады, одан кейін өзекке енгізеді. Жұмысшы температураға дейін қыздырылған α-фазалы гуттаперча жабысқақ болады, және аққыштықтың барлық сипаттамаларына ие болып, енгізген уақытта орталық өзектен бөлінбейді. Өзекті(стержень) өзектің сағасы деңгейінде кесіп тастайды, соңында үрдісті 30 сек ішінде суық плаггермен нығыздаумен аяқтайды.

 

SuccessFil жүйесін қолдана отырып өзекті обтурациялау

Әдіс принципі Thermafil жүйесіндегідей. Ерекшелігі – қыздырылған жұмсарған α-фазалы гуттаперча өзекке енгізбес бұрын ғана арнайы шприцтің көмегімен өзектасымалдаушыға енгізіледі.

 

Дентин үгінділерінің көмегімен өзектің апикалды бөлігін толтыру (дентинопластика)

Бұл әдіс остеогенез бен цементогенез стимуляциясын қамтамасыз етеді. Жүргізу техникасы: өзекті өңдеуді аяқтағаннан кейін ішінде Gates-Glidden типті борлар мен H-файл көмегімен қосымша қимылдар жүргізеді, бұл кезде дентин үгінділері алынбайды да, олар болса өзек ұшына қарай өткір емес эндодонтиялық аспаппен немесе қағаз штифтпен итеріледі.

 

Гуттаперчаны қолданып обтурацияланған өзектерді қайтадан пломбылау

Қайтадан пломбылау әдістері:

1. Механикалық – эндодонтиялық аспаптарды қолдану.

2. Физикалық – гуттаперчаны жұмсарту және оны ары қарай жұмсарту.

3. Химиялық – гуттаперча ерітінділерін қолдану (галотан, эвкалиптол, ксилен, хлороформ): алдын-ала босатылған өзек сағасына шприц көмегімен енгізу. Гуттаперчаны сәйкесінше К-файлдармен алады, ал қабырға жанындағы бөлігін – натрий гипохлориті ерітіндісімен тығыздағаннан кейін Н-файлдармен алады. Штифті ұшынан шығарғаннан кейін жұмсаруға 3-4 мм жетпей тоқтату керек, ал шығарылған бөлікті айналған Н-файлмен алып тастау керек.

 

Балаларда эндодонтиялық техниканың ерекшеліктері

Уақытша тістердің эндодонтиясы

Уақытша тістердегі түбір өзектерін эндодонтиялық өңдеу тұрақты тістерге қарағанда сирек жасалады. Эндодонтиялық емдеудің барлық кезеңдерінде уақытша тістердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Клиникалық диагностика кезеңінде уақытша тістердегі ұлпа қабынуы мен периодонт қабынуының ағымының ерекшеліктері және салыстырмалы диагностикасы, әлі қалыптаспаған және сорылған түбірлердегі электроодонтометрияның қалыптыдан жоғары көрсеткіштері, стандартты сыналар мен әдістерге баланың адекватты емес жауаптары ескерілуі керек. Әсіресе емдеу тактикасының оптималды таңдауына көп көңіл бөлу керек. Жансыздандырудыбаланың жасын ескеріп, оған керек барлық жағдайларды жасау керек. Тіс қуысын ашқан кезде уақытша тістердегі кішкене қалыңдықтағы және тығыздықтағы қатты тіндері кезіндегі оның салыстырмалы мөлшерін, сонымен қатар тұрақты тістермен салыстырғандағы ұлпа қуысының топографо-анатомиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Уақытша тістердегі түбір өзектерінің анатомиясының үлкен вариабелділігін есте сақтау қажет. Тістің жұмысшы ұзындығын анықтағанкезде уақытша тістің өзегінің аспаптық өңдеуін рентгенологиялық ұшынан 1-2 мм шықпау керек. Уақытша тістердің түбірі мен сауыттарының орташа ұзындығы 2-кестеде көрсетілген.

Уақытша тістерде түбірлерді аспаптық өңдеуді түбір қабырғалары жіңішке, дентин минерализациясы деңгейі төмен және ұшының тесігі үлкен болғандықтан абайлап жүргізу керек. Түбірді ирригациялау қысымсыз ерітіндінің апикалды тесіктен шығып кету мүмкіндігіне байланысты жүзеге асырады. Түбірді шаюға арналған ерітінді ретінде натрий хлоридінің, натрий гипохлоритінің стерилді изотоникалық ерітіндісін қолдануға болады.

Уақытша тістерді емдеу үшін қолданылатын обтурациялайтын материалдардың тұрақты тістерді емдейтін материалдардан айырмашылығы – тұрақты тістің ұрығына улы емес болуы және түбірмен бірге сорылуы. Әдетте цинк эвгенолды қойыртпағы, йодоформ қойыртпағы, кальций гидроксиді негізіндегі заттарды қолданады.

2-кесте. Уақытша тістердің түбірі мен сауыттарының орташа ұзындығы (Berkovitz B.K.B. et al., 1992)

Жақ Тіс Сауыт биіктігі, мм Түбір ұзындығы, мм Сауыт ұзындығының түбір ұзындығына қатынасы
Жоғарғы I 6.0 10.0 1:1,7
II 5.6 10.2 1:1,8
III 6.5 13.0 1:2
IV 5.1 10.0 1:2
V 5.7 11.7 1:2
Төменгі I 5.0 9.0 1:1,8
II 5.2 9.8 1:1,9
III 6.0 11.2 1:1,9
IV 6.0 9.8 1:1,6
V 5.5 12.5 1:2,3

 

Цинк және эвгенол негізіндегі материалдардың кемшіліктері – периапикалды тіндерді тітіркендіру арқылы өзектен шығып кетуі. Кейде қойыртпақтың қалдықтарын ұзақ уақыт альвеолярлы сүйекте сүт тістердің түбірінің сорылуынан кейін де болуы мүмкін.

Йодоформ қойыртпағының (KRI- қойыртпағы, Pharmachemie, Швейцария) құрамында йодоформ, камфора, парахлорфенол, ментол бар(B.C.W. et al., 1971; Rifkin A.., 1982). Тез резорбцияланады (кейде өзек ішінде), салыстырмалы түрде улы емес. Maisto қойыртпағы жоғары аталғандардан басқа құрамында мырыш тотығы, тимол және ланолин бар.

Кальций гидроксиді негізіндегі қойыртпақтар уақытша тістерде таза күйінде қолданбайды, бірақ йодоформ қоспасын қолданады (Nishino M., 1980; Mashida Y., 1983; Endoflas препараты, АҚШ).

Фронталды тістердегі кең өзектерді пломбылауды қабырғаларына сұйық қойырпақты жағудан бастайды, кейін плаггер немесе амальгама конденсор көмегімен тығыз консистенциялы материал енгізеді. Сонымен қатар материал нығыздауға – қағаз штифтке өзектолтырғыш қолданады.

 

 

Түбірі қалыптаспаған тұрақты тістердегі эндодонтия

Түбірі қалыптаспаған тұрақты тістердегі эндодонтиялық емдеу кезінде қалыптасатын мәселелерге кең апикалды тесік, апикалды тарылымның болмауы және түбір өзегінің жіңішке қабырғалары жатады.

Бұл мәселердің шешу жолы ретінде апексификация (apexification)деген түбір ұшының тығыз тосқауылы болып табылады. Тосқауыл кейде тығыз болады, әдетте тіс қуысы мен периапикалды тін арасында кеңістік сақталады. Түбірдің ұзындығының өсуін апексогенез(apexogenesis) дейді (Dannenberg J.L., 1974ж.)

Апексификация мақсатында түрлі материалдар қолданады: антисептиктер мен антибиотиктердің негізіндегі қойыртпақтар, мырыш тотығы және метакрезилацетат – камфорлы парахлорфенол, үшкальцийфосфат, коллаген-кальций-фосфат гелі, резорбцияланған үшкальцийфосфат, керамика, кальций гидроксиді, өзекті бос, кейде – емделмей қалдыруға да болады. Қазіргі кезде суда, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде араласқан кальций гидроксидін қолдану тиімді, кейде – жергілікті анестетикте. Бұл материалды ұшынан шыққан жағдайда да ол жеңіл сорылады.

Кальций гидроксидінің апексогенез бен апексификация кезіндегі әсер ету механизмі келесіде:

1. Гидроксилді иондары бар жоғары сілтілік орта (рН шамамен 12,4); остеокластқа (осы жасушалардың сүт қышқылының бейтараптануы) әсер еткендіктен сүйек резорбциясын тоқтатуын; остеобласттардың белсенділігіне әсер ету арқылы сүйек түзілісінің стимуляциясын; некроздалған тіндерге қатысты антибактериалды және еріткіш эффект; тірі ұлпаны жапқанда – оның талшықтарының дистрофиялық кальцификациясы мен беткей дентин тосқауылының пайда болуынан коагуляциялы некроздың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

2. Кальций иондары сүйектүзілісінің реакциясына (бірақ жаңа түзілген тіннің құрамына кірмейді), сонымен қатар қан ұю реакциясына қатысады.

3. Өзектегі ылғалмен қосылғанда материал макро- және микроөзектерді бітеп 2,5 есе үлкейеді, олардың уақытша оқшаулануын қамтамасыз етеді.

Тіс қуысын ашуды олардың үлкен көлемін, кішкентай қалыңдығын және қабырғаларының қалыңдығын ескеріп қалыптасқан тістерге қарағанда кеңірек қарастырады. Жұмысшы ұзындығы қалыптасқан тістердің түбір ұзындығына сәйкес келеді. Өзекті ирригациялау оның кері тарылуына байланысты қиынға соғады және оны абайлап жүргізу керек. Өзекті тазалауды қабырғаларын орташа файлдармен (30-35) жақсылап шаю мен өңдеу құрайды (39-сурет). Файлинг жіңішке қабырғаның бұзылуына алып келуі мүмкін, сондықтан оны абайлап жасау керек. Өзекті обтурациялауды оны кептіргеннен кейін жүргізеді (қағаз штифтермен). Кальций гидроксидін өзекке плаггер, амальгамтрегер, өзектолтырғыш немесе шприцтің көмегімен енгізуге болады; инедегі тежегіш оның ұшы 2-3 мм түбір ұшына жетпей орналастырады; қойыртпақты енгізгенде ине өзек сағасына қарай бағыттайды (40-сурет). Обтурациядан кейін қағаз шарикпен енгізілген қойыртпаққа жеңіл қысым жасайды, ол сағасында қалады. Тістегі қуысты цинкоксидэвгенолмен немесе шыны иономерлі цементпен толтырады (41-сурет).

Нақты бір уақыттан кейін (орташа есеппен 3-6 ай) апикалды бөлікте тығыз көпіршіктің түзілуіне рентгенбақылау жүргізеді, егер ол болса, онда оны 35 файлмен тексереді: аспап жеңіл пенетрленсе, кальций гидроксидін қайтадан енгізу керек. Егер рентген суретте көпіршік болмаса, онда 3 айдан кейін қайтадан тексеру жүргізеді. Тығыз көпіршіктің қалыптасуы әдетте бір жылға дейін жүреді (42-сурет). Ол қалыптасқаннан кейін өзектің дәстүрлі обтурациясын жүргізеді (3-кесте).

Қалыптаспаған түбірлі тістерді апексификация әдісімен емдеу түрлері 43-суретте көрсетілген.

Апексификациядан кейінгі жіңішке қабырғалы кең (тубулярлы) өзектерді гуттаперчамен обтурациялау техникасында өте үлкен біріншілік штифтерді, гуттаперча конустарын немесе арнайы дайындалған штифтерді (бірнеше жуан өыздырылған штифтерден) қолданады.

Осындай кең өзектерді обтурациялау үшін кері айналған штифтің де техникасы қолдануға болады. Бұл кезде жуан гуттаперча конусының өзекке орналасып, түбір ұшында орналасуын рентгенде тексеруінде негізделеді (44-сурет).

Штифті цементпен бірге енгізгенде, ол біруақытта плаггердің қызметін атқарады, сондықтан оны цементтің перапикалды бөлігінен шығып кетпес үшін баяу енгізеді. Негізгі штифттен кейін қосымша штифтерді бүйірлеп нығыздап енгізеді.

Сонымен қатар апикалды тесіктің бітелуімен тубулярлы өзектерді обтурациялау техникасы жасалды. Бұл әдісте өзек арнайы жылы жұмсарған

3-кесте. Түбір өзегін кальций гидроксидімен үш айлық обтурациядан кейін қалыптаспаған тұрақты тістердің түбірлерінің түрлі күйіне әсер ету сызбасы.

Рентген көрінісі Клиникалық көрінісі Дәрігер тактикасы
Түбір ұзына бойы өскен (апексогенез), ұшы қалыптаспаған, апикалды тесігі ашық Периодонттың қабыну белгілері жоқ Өзектен кальций гидроксидін алып тастау, шаю, кептіру, жаңа кальций гидроксидімен герметикалық ұзақ байламды қайтадан обтурациялау; 3-6 айдан кейін қайтадан бақылау
Түбірдің қалыптасуының аяқталуы (түбір ұзындығы қалыпты, ұшы қалыптасқан, апикалды тесігі жабық) Периодонттың қабыну белгілері жоқ Кальций гидроксидін өзектен алып тастау және оны дәстүрлі әдіспен тұрықты обтурациялау
Түбір өсуі бақыланбайды (ұзындығы өспейді), түбір ұшында рентгенайқынды көпіршік бақыланады (түбір ұшы жабық) Кальций гидроксидін алып тастағаннан кейін апикалды аймақты зондтағаннан кейін зонд файлымен пенетрленбейтін тығыз тін анықталады Тубулярлы өзектерді обтурациялайтын әдістердің біреуімен өзекті тұрақты обтурациялау
Түбір өсуі бақыланбайды (ұзындығы өспейді), түбір ұшында рентгенайқынды көпіршік бақыланады (түбір ұшы жабық) Кальций гидроксидін алып тастағаннан кейін апикалды аймақты зондтағаннан кейін зонд файлымен пенетрленетін аса тығыз емес тін анықталады Өзекті шаю, кептіру, жаңа кальций гидроксидімен герметикалық ұзақ байламды қайтадан обтурациялау; 3-6 айдан кейін қайтадан бақылау
Түбір өсуі бақыланбайды (ұзындығы өспейді), ұшы қалыптаспаған, апикалды тесігі ашық, периодонттың созылмалы қабынуының белгілері жоқ Периодонттың қабыну белгілері жоқ 3 айдан кейін қайталап бақылау (уақытша пломбаның герметикасы сақталғанда және асқыну болмағанда)
Түбір өсуі бақыланбайды (ұзындығы өспейді), ұшы қалыптаспаған, апикалды тесігі ашық, сүйекте гранулемалы не гранулематозды периодонтитке сәйкес келетін кесу ошағы байқалады, Созылмалы периодонт қабыну белгілері бар Өзектен кальций гидроксидін алып тастау, оны аспаптық және медикаментозды өңдеу (натрий гипохлоритімен шаюды қосқанда), жаңа кальций гидроксидімен герметикалық ұзақ байламды қайтадан обтурациялау; 3-6 айдан кейін қайтадан бақылау

 

гуттаперча штифтімен (силерді қолданғанда) бітеледі. Гуттаперча суығаннан кейін плаггер қыздырылады және өзек толғанша дейін нығыздалады.

Мұндай өзектерді обтурациялау үшін Thermafil жүйесін де қолданады.

 

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.