Здавалка
Главная | Обратная связь

Психологические особенности индивида в толпе



В толпе индивид приобретает ряд специфических психологических особенностей, которые могут быть ему совершенно не свойственны, если он пребывает в изолированном состоянии. Эти особенности оказывают самое непосредственное влияние на его поведение в толпе.

Человека в толпе характеризуют следующие черты.

Анонимность. Немаловажная особенность самовосприятия индивида в толпе — это ощущение собственной анонимности. Затерявшись в «безликой массе», поступая «как все», человек перестает отвечать за собственные поступки. Отсюда и та жестокость, которая обычно сопровождает действия агрессивной толпы. Участник толпы оказывается в ней как бы безымянным. Это создает ложное ощущение независимости от организационных связей, которыми человек, где бы он ни находился, включен в трудовой коллектив, семью и другие социальные общности.

Инстинктивность. В толпе индивид отдает себя во власть таким инстинктам, которым никогда, будучи в иных ситуациях, не дает волю. Этому способствует анонимность и безответственность индивида в толпе. У него уменьшается способность к рациональной переработке воспринимаемой информации. Способность к наблюдению и критике, существующая у изолированных индивидов, полностью исчезает в толпе.

Бессознательность. В толпе исчезает, растворяется сознательная личность. Преобладание личности бессознательной, одинаковое направление чувств и идей, определяемое внушением, и стремление превратить немедленно в действие внушенные идеи характерно для индивида в толпе.

Заражаемость. В толпе всякое действие заразительно до такой степени, что индивид очень легко приносит в жертву свои личные интересы интересу толпы. Подобное поведение противоречит самой человеческой природе, и потому человек оказывается способен на него лишь тогда, когда он составляет частицу толпы.

Аморфность. В толпе полностью стираются индивидуальные черты людей, исчезает их оригинальность и личностная неповторимость.

Утрачивается психическая надстройка каждой личности и вскрывается и выходит на поверхность аморфная однородность. Поведение индивида в толпе обусловливается одинаковыми установками, побуждениями и взаимной стимуляцией. Не замечая оттенков, индивид в толпе воспринимает все впечатления в целом и не знает никаких переходов.

Безответственность. В толпе у человека полностью утрачивается чувство ответственности, практически всегда являющееся сдерживающим началом для индивида.

Социальная деградация. Становясь частицей толпы, человек как бы опускается на несколько ступеней ниже в своем развитии. В изолированном положении — в обычной жизни он скорее всего был культурным человеком, в толпе же — это варвар, т.е. существо инстинктивное.

43. Қауесеттер сипаттамасы. Олардың туындау ерекшеліктері. Үрей ұғымы.

Жауабы:Слухи являются неотъемлемым элементом и структуре неформальной коммуникации любого общества. Они представляют собой недостаточно проверенные сведения неизвестного происхождения, передаваемые в процессе межличностного общения. Существует несколько оснований, по которым производится их классификация: по содержанию (политические, экономические, экологические и т.п.); временной opиентации (касающиеся прошлого, предсказывающие); типу происхождения (спонтанные преднамеренные); отношению к реальности (рациональные, фантастические).

Возможно также распределение слухов на основе того, каким эмоциональным потребностям людей они удовлетворяют. Согласно этому критерию выделяют три вида слухов: слух-мечта, слух-пугало, слух-разделитель.

Природа возникновения слухов может быть объективной (или стихийной) и субъективной (или целенаправленной). Анализ межличностного коммуникативного пространства участников информационного процесса, позволяет выделить три группы причин, которые способствуют довольно широкому распространению слухов: психологические, социально-психологические и социокультурные. – психологические: мотивационная сфера участников; общие желания и интересы; психологическая готовность участников информационного процесса; стереотипность мышления; физиологические особенности; особенности характера и тип темперамента коммуникатора и реципиента; возможности человека (интересы, умения, знания, способности); стратегия поведения и действий; степень осознания, понимания и сопереживания; характеристики волевой сферы. – социально-психологические: динамика внутри- групповых процессов; психологический климат в группе; особенности процесса передачи и усвоения информации; характер взаимодействия участников коммуникативного действия; наличие механизмов психологического воздействия (заражения, подражание, внушение); способность отдельных лиц группы подвергаться воздействию других; устойчивые социальные установки; асоциальное поведение. – социокультурные: морально-психологические и несбалансированные правовые нормы; низкая прозрачность экономики и управления; продажность средств массовой информации; наличие информационных барьеров; высокая степень неопределенности условий политической активности; менталитет населения; культурные ценности. Возникновение слухов может также быть вызванное многими другими причинами, среди которых исследователь А. Бойко [1] выделяет следующие: недостаточное количество информации по вопросам, которые затрагивают интересы людей; стереотипность мышления;

44. Басқару қызметінің психологиялық-педагогикалық мәселелері.

Жауабы:Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін білдіреді.

Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.

Әлеуметтік-психологиялық мәселелері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.

Басқарудың әлеуметтік әдістері

Әлеуметтік әр қилы әдістердің кең спектірін қамти алады:

— әлеуметтік-саяси;

— әлеуметтік реттеу;

— әлеуметтік бастама;

— моральдік ынталандыру.

Әлеуметтік нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік нормаларды енгізу жолымен ұжым және жеклееген жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік қатынасты оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр түрлі кодекстер, өндірістік әдеп ережелері, тәртіпке шақыру формалары жатады.

Әлеуметтік –саяси әдіс – бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал ету әдістері кіреді.

Әлеуметтік реттеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың топтардың, тұлғалардың мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде пайдаланылады.

Моральдік ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды көтермелеу үшін қолданады.

Басқарудың психологиялық тәсілдері адамдар арасындағы қарым-қатынастарды ұжымда үйлесімді ахуал жасау арқылы реттеуге бағытталған.

Басқаруды ұйымдастыру адам психикасының жұмыс істеуі, яғни дүние таным, қиял, ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде жүзеге асады. Соныдқтан, адамның уақыт сәтіндегі психикалық ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және тура әсер етіп қана қоймайды, барлық ұжымның іс-қызмеи қорытындыларына да әсер етеді.

Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде адамдардың іс-қызметтегі мінез-құлқының заңдарын ескеру қажет. Бұлар:

— адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге ұмтылады;

— әрбір адам нәтижесінде жарамды формада өзіне ең көп шамадағы көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатындай әрекет етуге ұмтылады;

— әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын инстанция не айтса, соны істейді;

Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:

— шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау;

— еңбекті ізгілендіру;

Әлеуметтік-психологиялық мәселелерді рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.

45. Басқару қызметі: түрлері, ерекшеліктері, мазмұны. Жетекшілік деңгейлері. Басқару функциялары.

Жауабы: Басқару қызметі - 1.басқару әсерінің мазмұнын анықтайтын, қызметтің тұтас оралымы; 2. басқару оралымының сатысына сәйкес келетін операциялар, басқару субъектісінің қызметі. Басқару қызметінің оқу-тәрбие жүйесі ұйымдастыру-педагогикалық мәні бойынша мақсапылық, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық, нұсқалық-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық болып бөлінеді

Басқару әдістерідегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Басқару ілімінде бірнше әдеістер бар:

1.Әкімшілік әдістері

2.Экономикалық

3.Әлеуметтік-психологиялық

Басқарудың шеберлігі осы әдістерді толық, пайдаланып, алға қойған мақсатқа байланысты олардың ара-салмағын дұрыс ұстауда.

Ең негізгі әдіске — әкімшілік әдіс жатады.

2.Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы керек.

Басқару аппаратында: 1. Линиялық алдынғы саптағы басшыларға:

а)Жалпы басшылық ететін басшылар — директор — ол жоғарғы саптағы басшы.

б)Цех бастығы — орта деңгейдегі басшы.

в)Мастер, бригадир — төменгі деңгейдегі басшылар.

Басқару—бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, ал, лидерлік болса, керісінше бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету процесі.

Басқарушы ұйымның басшылығына алдын-ала қарстырылған ресми әрекет-өкілеттіліктерді беру арқылы келеді. Лидерболса ресми емес әрекеттердің нәтижесінде, өз еңбегімен, абыройымен келеді.

Ұйымның басшысы— лидер, сонымен бірге өз бағыныштыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты-ұйымға берілетін жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ете білу.

Лидерлік (жеке қызметкерлік)— бұл ұйымның мақсатына жету жолын бағыттау арқылы жекелеген адамдар мен топтарға ықпал және әсер ету қабілеті.

Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған классификациясы оны құқықтық және құқықтық емес деп бөлу.

Құқықтық нысандар нақты айқындалған құқықтық салдарларға әкеледі, ал құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық нысандарына мыналар жатады:

1) нормативті-құқықтық актілерді дайындау және қабылдау (құқық шығармашылық депте атауға болады);

2) жеке нормативті актілерді шығару (немесе құқық қолданушылық);

3) әкімшілік-құқықтық шарттар жасасу;

4) әкімшілік – іс жүргізушілік әрекеттер жасау;

5) заңды мәні бар өзге де әрекеттерді жасау.

Басқарудың құқықтық емес нысандарына мыналар жатады:

а) ұйымдық;

б) материалды-техникалық әрекеттер

Басқару функциялары Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету. Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.

Басқару процесі дегеніміз – бұл шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Басқару процесінде кім не істеу керектігін анықтап, шешім шығару қажет, оны орындау үшін жағдай жасап, қалай орындау керектігін айтып түсіндіріп, жұмыс барысында пайда болған кемшіліктерді жою керек.

Әрбір ұйымда көздеген мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып табылады, ол барлық салаларда жүзеге асуры керек.

Ұйымда әртүрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әсіресе әр түрлі типтегі ұймдарға қатысы бар. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, оын жан-жақты интенсивтендіру, ғылыми техникалық прогресті көбейту, ұжымның әлеуметтік дамуы, жоғарғы еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, адамдарды, қоршаған ортаны қорғау және жақсату.

Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін біріне бірі ықпал етуі-бір мақсатқа жетуге қажетті әрекет пен шешім, басқа мақсаттың жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.

Ұйымның мақсатын орындау үшін сыртқы орта мен ішкі мүмкіндіктердің байланысы арқылы нақты міндеттерді жүзеге асыратын басқару ісінің ерекше түрі – менеджменттің функциялары деп аталады.

Іскер менеджер көздеген мақсатына жету үшін басқару функцияларын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқару процесі жүзеге асу үшін мынандай негізгі функциялар орындалуы қажет:

1. Жоспарлау

2. Ұйымдастыру

3. Мотивация

4. Бақылау

 

46. Дәстүрлі басқару стильдеріне сипаттама. Көшбасшы және басшы ұғымдары.

Жауабы:Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (әкімшілік, автократиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) және либералдық.

Директивті стильге биліктің шектен тыс орталықтандырылуы, көпшілікпен және бағыныштылармен санаспаушылық тән, мұнда нені қалай істеу керектігін басшы өзі шешеді.

Демократиялық стильде – бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады.

Либералдық стиль – басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.

Аталып өткен стильдерден басқа әркім нені және қалай істегісі келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль; белгілі бір шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайларға дейін салғыртсу, әрекетсіздік білдіретін кампаниялық стиль (кампанейский), көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі психологиялық қысым жасалатын еріктілік стиль түрлері белгілі. Сонымен қатар нормативтік, яғни көпшілік мойындаған, қоғам қолдайтын жалпы ортақ стильді,нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлеріне және қызметкерлердің қабілетіне байланысты қалыптасатын жеке стильдерді де атауға болады.

Осылайша, басқарушылық қызмет стилі үнемі басқарушының қол астындағылармен жұмыс істеуінің тиімділігіне, ұйымдық ерекшеліктеріне, шешілетін мәселелердің құрылымы және т.б. байланысты болып келеді. Кез келген басқарушылық қызмет стилінің нәтижелілігі туралы тек ұйымдық жағдай мен басқарушының ұйыммен қарым-қатынасының деңгейімен анықталады.

Нақты өмірде аталмыш басқару стильдерінің ешбірі де таза күйінде көрініс таппайды. Әрбір басшының мінез-құлқынан (жүріс-тұрысынан) аталған үш стильдің барлығына тән жалпы ерекшеліктерді кездестіруге болады. Әр түрлі адамдар мен ұжымдарды басқаруға сәйкес келе беретін әмбебап басқару стилі жоқ. Көбіне олар ұштасып, сабақтасып, қандай да бір стильдің басымдыққа ие болуымен сипатталады. Дегенмен мемлекеттік басқарудың демократиялық стилінің мақсатқа сай, нәтижелі және перспективалы екендігін тарихи тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл стиль басқарушылық процестерді тұрақтандыруға және сол арқылы ұтымды әрі тиімді қоғамдық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көшбасшы және басшы ұғымдары

Жауабы:Басшысы (бұйрықпен белгіленген) ресми топ қатынастары мен қызметтеріне жетекшілік жасайды, ал топтағы бейресми тұлғааралық байланыстар көшбасшы (лидер) тарапынан орындалады.

Лидер (көшбасшы) топ мүшелері тарапынан жоғары бағаланатын психикалық сапаларға ие болады да тән де, ал топ бастығы заңмен белгіленген ресми басқару мен бағындыру өкілеттеріне ие.

Лидер – топ ішіндегі бір адамның өзінің белгілі жағдайларда басым келген шешім қабылдау құқығымен топ мүшелері арасында танымал болып, қабылдануы.

Тұлғалық және қызметтік жөн-жосықты жоғары деңгейде тани білген бастық лидер де болып көріне алады, дегенмен басшылардың көбінің, әдетте, әкімдік басқарушы (администратор) дәрежесінен ары көтерілуге шамасы жетпейді.

Лидердің басшыдан айырмашылығы – ол топтың барша тіршілігіне араласа бермейді, әрі топ мақсатына жетекшілік ету оның міндеті емес.

47. Басқару қарым-қатынасының түрлері. Басқару қарым-қатынасының этикалық-психологиялық принциптері.

Жауабы: Еңбек ұйымдары қызметінің орталық осі болып басқару болып табылады. Басқаруға деген әлеуметтік көзқарастың негізгі үш түрлі компонентті бөлуге байланысты. Олардың біріншісі — мақсатты ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы әсер, ол басқарудың негізін құрайды. Мұндай әсер сыртқы (басқару органы объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі басқару (әсер объектке кіретін бөлімше және субъектпен орындалса) түрінде болады. Басқарудың екінші компоненті — әлеуметік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжымшылык реттеудің кездейсоқ процестері (лидерлік, ²престиж шкаласы², бейресми ұйымдасқан топтар, әлеуметтік нормалар). Аталған екі компонент үшінші компонентті тудырады – «бұрынғы» басқару еңбегінің өнімдерімен қатар (тұрақты лауазымдық құрылымда административті тәртіппен, объективтелген шешімдер), ұжым ішіндегі кездейсоқ қалыптасқан ережелер мен қарым-қатынас нормаларын қамтитын ұйымдастыру тәртібі.

Берілген элементтердің оптималды сәйкестігі олардың шекараларын пайдалану мүмкіндіктері мен есептеу, мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды жою негізінде олардың интеграциясын меңзейді. Осылайша, басқарушы шешімдердің көп бөлігін (бұйрық, тапсырма) бір реттік ықпал ету формасынан ұзақ мерзімді тәртіп формасына көшіруге немесе кездейсоқ реттеуіштерді ұйымның алдына қойылған мақсатына «қосуға» мүдделі.

Басқару тәсілдері

Бұл ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше әдістерді құрайды. Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі.

Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін бөлуге болады:

1) тікелей (бұйрық, тапсырма);

2) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру);

3) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім және т.б.)

4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы (административтік және бейресми ұйымдарда және т. б.еңбек жағдайларын, статусты өзгерту).

Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару тәсілдері келесідей бөлінеді:

1) топ құрамының мақсатты құрылуы (квалификациялық, демографиялық, психологиялық белгілері бойынша жұмыс орнының саны мен орналастырылуына байланысты);

2) топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру, басқару стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды және басқа әдістерді қолдану);

Кәсіпорынды әлеуметтік ұйымдастыру денгейінде мынадай тәсілдер қолданылады:

а) ресми және бейресми құрылымдарды үйлестіру (жоспарланған және шындығындағы байланыс пен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтарды жою);

ә) басқаруды демократиялау (қоғамдық ұйымдар рөлін жоғарылату, жұмысшыларды біріккен шешімдерді жасап шығаруға жұмылдыру, өндірістің кейбір баскарушыларын таңдалуы, еңбек активтілігін арттыру және т. б. арқылы);

б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату, ұжымның әлеуметтік құрылымын жетілдіру, тұрмысты жақсарту және басқа шаралар).

48. Іскерлік әңгіме, оның кезеңдері. Іскерлік әңгімені бастау тәсілдері.

Жауабы: Іскерлік – ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі.

Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі. Іскерлікті іс үшін пайдалы олжаларды іздеп тауып, ұтымды пайдалану жолындағы белгілі бір психологиялық бағдар ретінде қарауға болады. Іскерлік кез келген қызметкер үшін, әсіресе, басшылар үшін құнды қасиет болып табылады. Іскерлік жақсы пысықталған, тиімді әлеуметтік технологияларды, ұжымдық еңбекті ұйымдастыру рәсімдері мен ережелерін шеберлікпен пайдалануға негізделеді.

Басшының іскерлігі ұйымды басқаруға және қызметкерлерге басшылық жасауға іскерлікпен қарау қағидатын дәйектілікпен іске асыруды көздейді. Іс жүзінде басшының іскерлігі мақсаттарды, міндеттер мен тапсырмаларды дәл де нақты анықтаудан, тәсілдер мен құралдарды, межеленген міндеттерді шешуге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетін барлық қажетті амалдарды дәл де нақты анықтаудан, межеленген іс-қимылдарды дәйектілікпен, сабырмен (у-шусыз, абыржымай) жүзеге асырудан, жұмыстың кез келген сатысында қызмет нәтижелерін мұқият бағалаудан және бақылаудан, өзінің және өзіне бағынышты адамдардың уақытын ұтымды пайдаланудан және нақты үнемдеуден (бұл әсіресе, іс бабындағы кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысты) көрініс табады.

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.

Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.

Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.

Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.

Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.

Кәсіпорын қызметі құрылатын негіздеуші корпоративтік құндылықтар болып оның қызметкерлерінің мүдделі тұлғалар мен тұтастай кәсіпорынның өзіне қатысты адалдығы, сенімділігі және кәсібилігі болып табылады.

Кәсіпорын іскерлік этиканың мынадай қағидаттарын басшылыққа алады:

1) адалдық;2) әділеттілік;3) ақ ниеттілік;4) ашықтық;5) жауапкершілік;

49. Әңгімелесушіні өзіне баурауға көмектесуші тәсілдер.

Жауабы; Адам сезімін баурап алу - хабарлауға құрылған техника. Мәнісі, экран алдындағы көрерменді ұйыту мәтінін құру және содан кейін оны өзге әдістермен еріту. Хабарлау әдістеріне: 1) сөйлеу - сөз дыбысын өзгерту (қатты-жай); сөйлеу екпінін өзгерту (жылдам, баяу, үзіліс); дауыс ырғағын өзгерту (жоғарылатылған-төмендетілген); дауыс үнін өзгерту (қатты, "сынғыр", жұмсақ, жағымпаздана); 2) визуалды - жұлқынып сөйлеу, пантомимика, дене құрылысының өзгерімі (еңкею, бұрылыс), қолмен, саусақпен әрекет жасау, қимылды, мәнерді өзгерту; 3) кинестетиқалық - қолды қысу, иықтан, арқадан қағу; жай сүйкесу; 4) араласу - әңгімелесушімен арақатынасты өзтерту (жақындау-алыстау, әңгімелесушіге қарай енкею - әңгімелесушіден алшақтау), сөйлеу, басты бұру. Түрлі аралас қимылдағы белгілер, сөйлеумен салыстырғанда ақпаратты 5 есеге дейін артық береді

Есте сақтаңыздар: «бірінші кезекте өзгенің бойындағы ынтаны оятыңыздар, кім осылай істей алса, әлем онымен бірге, кім істей алмаса – жалғыздықпен дос болмақ».

Адамдарды өзіңізге тартудың алты әдісі.

I тарау. Осылай істеңіздер, сонда сіздерді барлық жерде құшақ жая қарсы алады.

1-ереже. Адамдарға шынайы қызығушылық танытыңыз. Телефон компаниясы жиі қолданатын сөзді зерттеген болатын. Сіздер тапқандай: ол жіктеу есімдігі «мен». Бұл сөз 500 реттік телефон әңгімесі барысында «мен» деген сөз 3990 рет айтылыпты.Сіздер, өзіңіз бар, топпен түскен суретті қарағанда бірінші кімге көзіңіз түседі Егер сіз мен адамдарды өте қатты қызықтырамын деп ойласаңыз, мына сұраққа жауап беріңіз: «Егер сіз ертең қайтыс болсаңыз, жерлеуіңізге қанша адам келеді? Сіз адамдарға қызығушылық танытпағанша, неліктен олар сізге қызығушылық таныту керек? Жауабын жазыңыздаршы. Егер сіз адамдарға әсер қалдырғыңыз келіп, оларды қинап қызықтырсаңыз, онда сіз ешқашан шынайы, адал досқа ие бола алмайсыз. Шынайы достық бұндай жолмен қалыптаспайды.

Теодор Рузвельттің асқан атағының құпиясы осында болатын. Тіпті қызметшілері де оны жақсы көретін. Оның малайы Джей И.Амос оған арнап кітап жазып шығарып, атын: «Теодор Рузвельт – өзінің малайының қаһарманы». Бұл кітапта Амос мынандай оқиғаны жазады.Тек шынайылық, жанашырлық қана адамдарға оңтайлы әсер қалдырады.

II тарау. Жақсы әсер қалдырудың қарапайым жолы

2-ереже. Күлімдеңіз.Бұл әлемде барлығы бақыт іздеумен болады және оны іздеп табудың жалғыз жолы бар. Ол – өз ойыңызды бақылауда ұстау.Бақыт сыртқы жағдайларға байланысты емес. Ішкі жан-дүниеміздегі жағдайларға байланысты.

Күлімдеудің құндылықтары

1- көп ештеңені талап етпейді, бірақ көп нәрсеге қол жеткізеді.

2- алатын адамдарды байытып, берген адамдарды кедейлетпейді.

Адамдарды өзіңізге тарқыңыз келсе, күлімдеуді ұмытпаңыз!!!

III тарау. Егер сіздер бұны істемесеңіздер, келеңсіздіктер алыста емес

3-ереже. Ұмытпағайсыздар, адам үшін оның өз атынан асқан тәтті және маңызды сөз жоқ.

IV тарау. Жақсы әңгімелесуші болудың оңай жолы

4-ереже. Жақсы әңгімелесуші болыңыздар. Оны өзі туралы айтуға ынталандырыңыз.

V тарау. Адамдарды қалай қызықтыруға болады

5-ереже.Сөйлесу барысында әңгімелесіп отырған адамның қызығушылығын оятатын нәрселер туралы айтыңыз.

VI тарау. Адамдарды өзіңізге орналастырудың әдісі

6-ереже. Адамдарға өзін маңызды екендігін сезіндіріңіз және бұны шынайы көңілмен істеңіз.

50. Аудитория алдында сөйлеу, оның ерекшеліктері. Сөйлеушінің тартымды имидж құрастыру факторлары.

Сауатты да шешен сөйлей білу дағдысы адамдар арасында жылы да жағымды қарым-қатынас орнатуға және сақтауға мүмкіндік береді. Біздің қарым-қатынасымыз сәтті болу үшін, тек қана тілді, оның грамматикасы мен сөздік қорын жақсы біліп қою жеткіліксіз. Пікірлесушіңді қызықтыра отырып, оған әсер ету үшін, өз бағытыңызға аударып, баурап алу үшін, өзіңізді ұнататын адамдармен, өз қарсыластарыңызбен сөйлесе білу үшін, дос-жаран арасындағы әңгімеге қатыса білу үшін, ақырында шаршы топ алдында сөйлей білу үшін, өз сөзіңізді орынды үйлестіре білуге үйрену аса қажет. Осы түпкі мақсаттан туындата отырып, жоғары оқу орны студенттеріне ілгері іскерлік қатынаста қажетті сөйлеу этикетін қалыптастыруға қатысты негізгі қағидалар шоғырының бірқатары мыналар:

І. Ауызша сөйлеу этикетін қалыптастыруға қатысты:

1) Шаршы топ алды сөз сөйлеуде кітаби стиль түрлерінен (публицистикалық, ресми-іскери;ғылыми;көркем-әдеби) хабардар болуы;

2) Ауызекі сөйлеу стиліне қатысты қағидаларды білуі (сөздердің еркін түрде үйлесе келуі; қысқа сөйлемдер; бейтарап лекика; бағалау мәнді жұрнақтар; тілдің бейнелеуіш құралдары; экспрессивті тұрғыда сөйлеуге бейімділік);

3) Сөйлеуге даярлығы (сөз мақсатының айқындалуы; аудитория мен жағдаятқа талдау жасау; сөз сөйлеуге қажетті қағидаларды іріктеу және шектеу; материал жинау; сөйленер сөз жоспарын құру; сөйлеу сәтіне керекті сөздерді әзірлеу және екшеу; дауыстап сөйлеу тәжірибесі).

Жастардың ауызша сөйлеу этикетін қалыптастыруда шаршы топ алды сөздің стилистикалық ерекшеліктері де есте ұсталғаны жөн. Бұл орайдағы қағидалар үзіктері төмендегіше:

1. Қысқа да нұсқа, жай (аса күрделі емес) сөйлемлер;

2. Сөйлем құрылымдарының еркіндігі;

3. Ауызекі сөйлеу кезеңі;

4. Байланыстырушы (дәнекерші) құрылымдар (және, бірақ, десек те, сондай-ақ, солай десек те, солай ма);

5. Сегментті құрылымдар (бұған байланысты, осыған байланысты, бұған сәйкес);

6. Сөйлемдерді байланыстырғыш сөздер, тіркестер (қарастырайық, алалық, келесісіне көшелік, меніңше, менің ойымша, біріншіден, келесіде атаймыз (сөздердің не оралымдардың қайталануы));

7. Апеллятивтер (көз алдымызға елестетіп көрелікші, келіңіздер, бірлесе ойланып көрелік);

8. Есімшелі оралымнан гөрі бағыныңқы сөйлем дұрыс;

9. Ырықсыз етістен гөрі сабақты етіс дұрыс;

10. Сөздердің «пассивті» қордан гөрі «активті» қордан болғаны, зат есімді етістіктерден гөрі етістіктің өз табиғатынан болуы тиімдірек (Осы аппарат өндіреді – бұл аппараттың өнімділігі);

11. «Өтімді де үйлесімді» сөздер мен сөз тіркестері (мүмкін, сіз байқаған шығарсыз, уақыттың көбірек бөлігін, әрдайым бірге);

12. Жіктеу есімдіктері (мен, сіз, біз);

13. Сілтеу есімдігі (сол, осы, мынау);

14. Жинақтаушы-жалаң және сұраулы сөйлемдер.

Даусыз ауызша сөйлеу этикетін қалыптастыруда баса ескерілер мәселенің бірі – сөйлеу мәнерлігін қалыптастырудағы шешендік құралдар. Мәнерлік құралдарының міндеті - эмоциональды фон құру, айтылған іргелі ойларға қатыстылық сезімін ояту. Мәнерлілік – сөз сөйлеу стилінің сендіргіш сапасы, идеялардың көркем бояуы, ерекше елеңдетер эмоционады толғаныс пен эстетикалық ләззат атмосферасын туындата келе, тыңдаушылар назарын аударту құралы.

51. Психодиагностикалық әдістемелер мен тестерді практикалық қолдану (М.Люшер, Г.Айзенк, Г.Роршах және т.б.)

Практикалық психодиагностика – психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі өте күрделі және жауапты бөлім. Психодиагност білімді, кәсіби шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар әлеуметтік –әтикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-психологтың әтикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға зиян келтіру, тұжырымдардың нақтылығы және ұсынылған практикалық сипаттамалардың өнімділігі. Осы аталған талаптарды психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық.

Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты. Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша әксперименталды зерттеудің бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарды сыналушылардың нақты аты –жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.

Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы ұстаным зерттеу әдістерінің неғұрлым берікті және сенімді болуын талап етеді.

Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері ғылыми негізделуін талап етеді, яғни тұжырымдардың қандай да бір субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берікті әдістеме қорытындысы болуы керек.

 

Роршах əдістемесі

Бұл тест тұлғаның қарапайым шығармашылық қабілетінің сапасы мен қасиеттерін, ерекшеліктерін анықтауға негізделген. Роршахтың тұлғаның тікелей танымдық аясы арқылы сыртқы жəне ішкі құбылыстарды белсенді түрде бейнелеу процесіне, яғни тест барысында даралық бейнесі арқылы диагностикалық жүйесі құрастырылды. Даралық ерекшеліктің бейнесін құру арқылы тұлғалық ерекше қасиеттерді көрсетуге болады деп есептеледі. Сонымен бірге, оның айтуынша, кейбір қасиеттердің мəліметі қабылдаудың таңдаулығын көрсетеді. Тесттің негізгі құралы 10 карточкадан тұратын түрлі-түсті белгісіз формалы симметриялы дақтар. Осы дақтарды зерттеуге көрсеткенде «мынау не жəне неге ұқсайды» деген сұрақтар қойылады. Осылай зерттеуші əрбір карточкадағы дақтардан белгілі бір заттар мен бейнелі суретті көре алуы қажет. Бұл оның жеке тұлғалық қаситеттерінің жобасын береді. Осы суреттегі бейнені ойдан шығара отырып, адамдардың ерекшеліктері мен даралылығын көруге болады. Біріншіден, бұл таңдаулы қабылдау (ассоциативті процестердің негізінде құрылатын ерекшеліктер). Сонымен бірге, көрсетілетін дақтар бейнесі арқылы сол мезеттегі жағдайдың арасында байланыстың болуын қадағалау керек. Дақтарға қарап жасалған болжамдар белгілі бір күрделі ас- социациялар бейнесі түрінде беріледі. Нəтижесінде аяқталған логикалық сурет пайда болады. Тест жүргізілу барысында зерттелушінің айтылған сөздеріне, ойына қосымша көзқарас немесе пікір білдіруге болады. Роршах тестінен алынған материал 2 типтік бағамен есептеледі:

• Сыртқы пішіні бойынша баға;

• Мағынасы бойынша баға.

Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тестілері

Интеллектуалдық қабілеттілікті зерттеуге арналған Айзенк тесті сегіз субтестерден тұрады. Олардың бесеуі адамның жалпы интеллектуалдық даму деңгейін бағалауға арналған: лингвистикалық, математикалық, техникалық, дизайн, көркем-бейнелі жəне көрнекі- логикалық ойлау көрсеткіштерін бағалау үшін, ал үшеуі — арнайы қабілеттерінің даму сатысын зерттеуге арналған. Мақсаты: жасөспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің сөздік интеллектің жəне шығармашылық қабілеттін зерттеу. Вербалдық субтест сөздік интеллектіні немесе логикалық ой- лау процесін зерттеуге арналған. Тесте анаграммалар кеңінен қолданылған. Анаграмма дегеніміз – ретсіз жазылған əріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген əріптердің орындарын ауы- стырып қою арқылы мағыналы сөз шығару керек. Сонымен қатар көптеген сөздердің ортақ жұрнағын, жалғауын т.б. бөліктерін дұрыс табу арқылы шешілетін тапсырмалар келтірілген.

Көпке танымал əдістер: минисотты көп факторлы тұлғалық сауалнама (ММРІ) жəне түрлі түсті Люшер тестісі

Минисотты көпфакторлы тұлғалық сұрақнама (ММРІ). Бұл əдістеме психологиялық дефектісі бар адамдарға, көбінесе, практика жүзінде клиникалық диагностикада сəтті пайдаланады, яғни медицина тілімен айтқанда дұрыс қоғамдық ортаға бейімделу деңгейін анықтайды.

52,Аристотель, Платон, Р.Декарт, В.Вунд еңбектеріндегі психика туралы ілім.

Аристотель ежелгі жан туралы ілімдерді қарастырып, жүйеледі. Оның «Жан» туралы шығармасы адам психикасын жалпылап көрсеткен теория болды.

«Психология» термині ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды. 1590 жылы ГОКЛЕНИУС-тың алғаш «психология» атты кітабы жарық көрді. 1594 жылы оның шәкірті Гасман осы атаумен екінші кітап шығарды.

Параллелді түрде басқа ғылымдар шеңберінде: философия, дінтану, тарих, заңтану, экономикада психология жайлы білімдер жинақталып жатты. Көптеген философтар сонымен қатар психологта болды. Олардың қатарында Френсис Бэкон, Джон Локк, Бенедикт Спиноза, Иммануил Кант, Георг Гегель және т.б.

Олардың кейбіреулері психологиялық жұмыстар жазды:

Георг Гегель – «Жан феноменологиясы және жан философиясы»;

Иммануил Кант – «Прагматикалық көзқарастағы антропология»;

Адам Смит – «Адамгершілік сезімдер теориясы» атты психологиялық тамаша еңбектер жазды.

Басқа ойшылдар мысалы, Рене Декарт тек қана психологиялық шығармалар мен ғана емес, сонымен бірге психологиялық даму жолдарын анықтау идеяларымен де танымал болды.

Рене Декарттың әсерінен психология Зигмунд Фрейдке дейін сана психологиясы ретінде дамыды.

Психологиядағы эмоция теориясының дамуында Бенедикт Спинозаның еңбегі де орасан зор. ХІХ ғасырда психология ғылымы қарқынды дами бастады. Осы кезеңде психология бойынша көптеген кітаптар мен құралдар жарық көрді.

Зерттеудің бірінші бағыты: «Физиологиялық психология», екінші бағыты «Халықтар психологиясы» атауларына ие болды.

В.Вундттың еңбектерінің қатарына 1879 жылы Лейпциг қаласында Әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашуы жатады. Ол соңынан ғылыми зерттеу институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның ішінде атақты Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше ғылыми мектептер пайда бола бастады.

 

53,Тұлғаға психологиялық мінездеме. Тұлғаны тестілеу, темперамент типтерін, мінез акцентуациясы типтерңн анықтау (Леонгард, Личко)

Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына лайық, лайьгқ еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б.

Тест (ағылшын. –test – сынау, сынама).- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмалар;психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Тестік модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипатты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез - құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады.
Адамның мінезін жетік білу, оның іс-әрекеттерін сезінуге мүмкіндік береді.Психологияда мінез ұғымы тұлғаның жеке ерекшеліктерінің тұрақты түрде бірлесуін білдіреді,олар іс-әрекет пен қарым-қатынаста пайда болып,қалыптасады,арнайы тәртіп ережелеріне негізделеді.Мінездің типтік ерекшеліктері өмірлік тәжірибеде көрінеді және қалыптасады.
Кез келген адам мазасыздық жағдайын сезінеді. Мазасыздық – бұл реалды және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу. Егер қауіптілік реалды болса, мазасыздық күшті жұмылдырып, шоғырландыруға көмектесіп, бейімделуді орындайды. Егер адам мұндай жағдайда жиі болса, онда психика жұқарады, ал өнімділік төмендейді. Мазасыздық бұл жерде ішкі тынышсыздыққа, дүрлігуге, қамдануға, қозғыштыққа өтеді. Сондықтан да мінез – бұл тұлғаның фрустрациялық жағдайларға қарсы тұруы, мазасыздықтың шешілуінің индивидуалды тәсілі. Фруструация – бұл қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы.

К.Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі норма варианты деп түсінді. Сондықтан адамның күшті жағына қарағанда, оның жетіспеушілігін тізбелеу әсерін жасау түрін сипаттайды. К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті.

Міне, осы типтер:

1.Гипертимді үлгі (Т) – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық, жест,мимикамен көрсетеді,айналасындағыларға аса зейінді болмағандықтан келіспеушіліктерге бой алдырады,өзін ешкім елемесе ренжіп қалады,өзінің жеке күйін күшпен басқарады. олар әңгіменің алғашқы тақырыбынан жиі ауытқиды. Жақсы жақтары- алғырлық, іс-әрекетке бейім, оптимизм, талапшылдық.Жаман жақтары - алаңғасарлық, тәртіпсіз әрекеттерге бейім, ашуланшақ, өз міндеттеріне жауапкершілігі төмен. Олар қатал тәртіп шарттарын, монотонды қызметті, мәжбүрлі жалғыздықты көтере алмайды.
2.Дистимді үлгі. (Т) – керісінше, төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы жақтарына көп көңіл бөледі,.көп сөйлемейді. мұндай адамдар үйкүшіктер,шулы қоғамман байланысы аз,қоршаған ортадағылармен келіспеушілігі сирек,жабық түрде өмір сүреді.Достасқан адамды жоғары бағалайды және оған бағынуға дайын.Жақсы жақтары: : байыптылық,ісіне адал. Жаман жақтары: енжарлық, ойдың бәсеңдігінің, ақырын қимылдаушылық,асықпау, дарашылдық.
3.Циклотимді үлгі. (Т) – жоғарыда көрсетілген екі типтің кемшіліктерін біріктіреді. көңіл-күйдің едәуір мерзімді ауысулары,соның нітижесінде адамдармен қарым-қатынас та өзгеріп отырады. көтеріңкі көңіл-күй кезінде араласқыш болып,мінездің гипертимді акцентуациясы тән болса, көңіл-күйі төмен кезде тұйықталады ,мінездің дистимді акцентуациясы тән болады.
4. Эпилептоидтық(қозғыш)үлгі. (М) — өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді. Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда эпилептоидты психопатия.

 

54,Зейінді зерттеудің психодиагностикалық әдістері (Шульте кестелері және т.б.)

Зейінді зерттеудің психодиагностикалық әдістері (Шульте кестесі және т.б.)

Зерттелушілердің тапсырмаларды орындау барысындағы мінез-құлын бақылау арқылы оның ақыл-ойын, зейінінің сапасын, шынайылығын, адалдығын, тәртіптілігін, жауапкершілігін, көңіл-күй ерекшелігін, жұмыс қабілеттілігін сиипаттайтын қасиеттері туралы бірқатар мәліметтер алуға болады. Бақылаушының назарына жалпы көпшіліктен жақсы не нашар жағына қарай ерекшеленіп тұратын тұлғалар айрықша түсіп отырады.

Ұғымталдықтың, зеректіктің және жедел еске сақтаудың жеткіліксіздігін көрсететін сінез-құлық белгілері. Нұсқауды оқып түсіндіргеннен кейін:

- мағынасыз сұрақтар қоюы және нұсқаулықтағы айтылған жайларды қайтадан сұрауы;

- жүзіндегі түсінбегендік белгісі, иығын көтеру, абдырағандықтың көрінуі;

- көршілес отырған адамнан түсінбегендерін қайталап сұрастыруы;

- нұсқауды таныстыру барысында жазып алып отыруы;

- жұмысты бастауға рұқсат берілгеннен кейін кідірістеу, көршісінің жұмысын қарауы, жұмысты ортасынан аяқтауы.

Зейіннің ауысып отыруының жеткіліксіздігін көрсететін белгілер.

- тәжірибе жүргізушінің нұсқауларын баяу қабылдауы;

- келесі тапсырмаға көшу туралы нұсқаудан кейін де бұрынғы тапсырмамен отыра беруі.

Жауапкершіліктің, тәртіптіліктің жоқтығын, зерттеуге жағымсыз тұрғыдан қарауын көрсететін белгілер:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.