Здавалка
Главная | Обратная связь

Гастроэнтерология 7 курс 5 страница



1.3 айда 1 рет

2.6 айда 1 рет

3.жылына 1 рет

4.2 жылда 1 рет

5.жылына 3 рет

 

16. Бала 6 жаста. Кенеттен пайда болатын құсу мазалайды, жүрек айнуынсыз, тамақтанудан кейін 15-20 минуттан кейін туындайды. Құсық құрамы қышқыл иіссіз және қорытылмаған тағам құрамдасынан тұрады. Өзін сезінуі бұзылмаған. Тексеру кезінде өзгерістер анықталмаған:

1.АІЖ функционалды бұзылысы

2.регургитация

3.дуоденальды рефлюкс

4.руминация

5.рефлюкс-эзофагит

 

17. Бала 12 жаста. Күніне 10 ретке дейін қан қосындысы бар сұйық нәжіс, үлкен дәретке отырар алдындағы жалған шақырулар, тітіркенгіштік,арықтау, буындардағы ауырсыну мазалайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 37,5*С, тері жабындылары бозғылт, құрғақ, іштің пальпациясын жүргізу кезінде тоқ ішек бойымен ауырсыну анықталады. Эндоскопиялық зерттеу жүргізу кезінде: тік ішек пен сигматәрізді ішектің шырышты қабаттары гиперемирленген, ісінген, көптеген эрозиялармен көмкерілген, тамыр суреті анықталмайды. Осы ауруда қабыну үрдісінің белсенділігін көрсетететін тиімді бақылау тесті:

1.С-реактивті ақуыз мөлшерінің төмендеуі

2.ЭТЖ деңгейінің төмендеуі

3.нәжісте қанның болмауы

4.антинейтрофильді антиденелер титрінің жоғарылауы

5.нәжістік кальпротектин деңгейінің төмендеуі

 

18.Бала 13 жаста. ФЭГДС жүргізілген: он екі елі ішектің иілімі гиперемирленген, ісінген, иіліи аймағында 2 дефект анықталады, бұлшықеттік қабатқа дейін, өлшемі 9 мм және 1 см, домалақ пішінді. Жара түбі фибринмен жабылған, шеттері тегіс, нақты шекаралы, гиперемирленген, петехиальды қан құйылулармен. Биопсия жүргізу барысында қанау анықталған. Өзгеріс сипаты тән:

1.шырышты қабаттың эрозиялық зақымдалуы

2.жедел жара

3.калезді жара

4.созылмалы жара

5.фибринозды жара

 

19. Бала 14 жаста. Жүрек айну, құсу, іштегі толғақтәрізді ауырсыну, жиі оң жақ қабырға астында, тері жамылғылары мен көз алмасының сарғаюы мазалайды. Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта, дене температурасы 38*С. Тері жамылғылары сары түсті, көз алмасының сарғаюы байқалады. Тілі қалың сары жабынды. Іш пальпациясын жүргізу кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну анықталады, бауыр қабырға доғасы астынан 2,0 см шығыңқы. Кера нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Сіздің диагнозыңыз:

1.созылмалы панкреатит

2.Жильбер синдромы

3.вирусты гепатит

4.созылмалы холецистит

5.өт қабының эмпиемасы

 

20. Бала 14 жаста. Жүрек айну, құсу, іштегі толғақтәрізді ауырсыну, жиі оң жақ қабырға астында, тері жамылғылары мен көз алмасының сарғаюы мазалайды. Жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта, дене температурасы 38*С. Тері жамылғылары сары түсті, көз алмасының сарғаюы байқалады. Тілі қалың сары жабынды. Іш пальпациясын жүргізу кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну анықталады, бауыр қабырға доғасы астынан 2,0 см шығыңқы. Кера нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Тексеру барысында қандай өзгерістерді күтесіз:

1.қан сарысуында ЛДГ төмендеуі

2.холато-холестеринді коэффициент жоғарылауы

3.сілтілі фосфатаза белсенділігінің төмендеуі

4.УДЗ кезінде өт қабының өлшемдерінің азаюы

5.өт қабығы қабырғасының 3 мм артық қалыңдауы

 

21.15 жастағы қыз бала. Іштің жоғарғы бөлігіндегі тұйық, сыздатып ауырсыну, кезеңді – толғақтәрізді, «белдемелі» сипаттағы, сол жақ иық пен жауырынға берілетін ауырсынуға шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Дене температурасы 37,5*С. Тілі қалың жабынды, шеттерінде тіс батыңқылары. Іштің пальпациясы кезінде холедохопанкреатикалық аймақта ауырсыну анықталады. Нәжісі сұйық, «майлы». Осы аурудағы «алтын» стандарт:

1.құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

2.эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография

3.қан сарысуында панкреатикалық ферменттер деңгейінің жоғарылауы

4.қан сарысуында трипсин деңгейінің жоғарылауы

5.зондтық релаксациялық дуоденография

 

22. 15 жастағы қыз бала. Іштің жоғарғы бөлігіндегі тұйық, сыздатып ауырсыну, кезеңді – толғақтәрізді, «белдемелі» сипаттағы, сол жақ иық пен жауырынға берілетін ауырсынуға шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Дене температурасы 37,5*С. Тілі қалың жабынды, шеттерінде тіс батыңқылары. Іштің пальпациясы кезінде холедохопанкреатикалық аймақта ауырсыну анықталады. Нәжісі сұйық, «майлы». Экзокринді панкреатикалық жетіспеушіліктің сезімтал әдісі:

1.стеаторея деңгейі

2.йод-липолді тест

3.эластаза-1 деңгейі

4.рентген- пленкалық тест

5.креаторея айқындылығы

 

23. 15 жастағы қыз бала. Іштің жоғарғы бөлігіндегі тұйық, сыздатып ауырсыну, кезеңді – толғақтәрізді, «белдемелі» сипаттағы, сол жақ иық пен жауырынға берілетін ауырсынуға шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Дене температурасы 37,5*С. Тілі қалың жабынды, шеттерінде тіс батыңқылары. Іштің пальпациясы кезінде холедохопанкреатикалық аймақта ауырсыну анықталады. Нәжісі сұйық, «майлы». Ферментті препаратты таңдау кезінде қандай критерийге сүйенесіз:

1.ауырсынулық синдромның басылуы

2.тәбетінің жақсаруы

3.қабыну үрдісінің басылуы

4.стеаторея азаюы

5.нәжіс қысқалығының азаюы

24. Бала 9 жаста. Бас ауруы, тез шаршау, оң жақ қабырға астындағы толғақтәрізді, майлы тағам қабылдағаннан кейінгі және физикалық шаршаудан кейін пайда болатын ауырсыну мазалайды. Анамнезінде ВТД. Жүргізілген лабораторлы- инструменталды зерттеу нәтижелерінде өзгерістер жоқ. Осы ауруда негізгі ем негізі болып табылады:

1.өт қышқылдары препараттары

2.урсодезоксихоль қышқылы

3.холинолитиктер

4.ферментті препараттар

5.антихолинэргиялық препараттар

25. Констипация – бұл:

1.нәжістің аз мөлшерде шығуы

2.нәжіске жалған шақырулар

3.нәжіс алдындағы іштегі ауырсыну

4.ш қату

5.ішектің толық босамау сезімі

26. Бала 12 жаста. Оң жақ қабырға астындағы, ұзақтығы 20 минуттан артық, құсумен жалғасатын оң жақ қабырға астындағы ауырсыну мазалайды. Тағам ережесін бұзу ауырсынуды күшейтеді. Нәжісі тұрақсыз. Тері жамылғылары құрғақ, нормотермия, іш пальпациясында – оң жақ қабырға астында шамалы ауырсыну, өршу кезеңінде «көпіршік» симптомының оң болуы. Лабораторлы зерттеу кезінде өзгерістер жоқ. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-де: өт қабы – қабырғасы 2 мм, ұзындығы 5 мм, ені 3 мм, сынамалы таңғы астан кейін өт қабы 78 %-ға қысқарған. Осы ауруда ферментті препарат қандай талаптарға сәйкес келуі керек:

1.он екі елі ішек кеңістігіне баяу шығарылуы

2.асқазанда әрекет етуді бастау

3.препарат құрамында өт қышқылдарының болмауы

4.ферментті препарат өсімдік негізді болуы керек

5.қосымша антисекреторлы препараттарды тағайындау

27. Бала 14 жаста. Ішіндегі тұйық, сыздайтын, тырнайтын ауырсынуға, жүрек айнуы мен құсуға шағымданады. Тілі құрғақ, қалың ақ-сары жабынмен көмкерілген. Дене температурасы қалыпты. Іш пальпациясында – оң жақ қабырға астында және гастродуоденальды аймақта ауырсыну, бауыр қабырға шетімен. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-де: өт қабы алмұрттәрізді, ұзындығы 8 мм, ені 4 мм, қабырғасы 1,8 мм, кеңістігінде біртекті емес құрам анықталады, эхопозитивті 1 см көлеміндегі түзіліс, акустикалық «жолды» береді. Сіздің диагнозыңыз:

1.калькулезді холецистит

2.калькулезді емес холецистит

3.өт қабының полипі

4.өт тас ауруы

5.өт қабының ісігі

28. Бала 11 жаста. Күйдіруге, іштегі ауырсынуға, қышқыл кекіруге шағымданады. Ауырсыну ашқарында күшейіп, тағам қабылдағаннан кейін азаяды. Қарау кезінде – жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт, тілі ақ жабынмен көмкерілген. Беткей пальпацияда эпигастрийде және пилородуоденальды аймақта ауырсыну анықталады. Терең пальпацияны алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің қорғаныстық тартылуына байланысты анықтау мүмкін емес. Нәжісі іш қатуға бейім. Сіздің диагнозыңыз:

1.асқазанның жара ауруы

2.он екі елі ішектің жаралық ауруы

3.созылмалы гастродуоденит

4.жедел холецистит

5.созылмалы гастрит

29. Бала 8 жаста. Қайталамалы абдоминальды ауырсынулық синдром және диспепсиялық көріністер бойынша тексерілген. 1 жылдан бері іш аймағындағы ауырсыну, кекіру, жүрек айну, кейде жеңілдік әкелмейтін құсу мазалайды. ФГДС: өңеш шырышы өзгеріссіз, асқазанның барлық бөлімдері диффузды гиперемирленген, ісінген, қақпа босаған, он екі елі ішек шырышты қабаты алқызыл түсті. Морфологиялық зерттеу кезінде асқазан шырышының атрофиясы, эпителийдің ішек типті шамалы құрылымын өзгертуі байқалады. Сіздің диагнозыңыз:

1.созылмалы атрофиялық пангастрит, ішек метаплазиясымен

2.созылмалы беткей пангастрит, ішек метаплазиясымен

3.созылмалы ошақты- атрофиялық пангастрит, жалған метаплазиямен

4.созылмалы гастродуоденит, ішек метаплазиясымен

5.созылмалы беткей пангастрит, жалған атрофиямен

30.Бала 18 айлық. Жиі, көп мөлшердегі көпіршікті нәжіске, бұлшықет әлсіздігіне, тершеңдікке, дамуда артта қалуға шағымданады. Анамнезінен – жоғарыдағы шағымдары 8 айлығынан мазалайды. Бала 1-ші жетілген, физиологиялық жағдайдағы жүктіліктен. Омырау емеді, 5 айлығынан бастап сұлы ботқасы, 6 айлығынан бастап манналық ботқа қосымша берілген. Объективті – тамақтануы төмен, терісі бозғылт, іші ұлғайған, гепатомегалия. Нәжісі жиі, көпіршікті. Копрограммада – нейтральды майлар көп көлемде. Осы жастағы балаларда ауруды анықтаудағы жоғары сезімталды және арнайы тест:

1.антиглиадинді антидене

2.нәжістегі плазмалық ақуыздар

3.лактаза белсенділігі

4.шығарған ауада сутегінің болуы

5.тіндік трансглутаминазаға антиденелер болуы

31.Флатуленция – бұл:

1.үлкен дәретке отыруға жалған шақырулар

2.іш қату

3.ішекте ауа түзілуі

4.нәжісті ұстай алмау

5.каломазание

 

32. Бала 1 жаста. 1 жасқа дейін өсуі мен дамуы жасына сай, ауыр ішек жұқпасынан кейін ауырып қалған. Жағдайы ауыр, жайылмалы ісіну айқындалған, терісі бозғылт. Салмағы 8 кг. Тырысуға дайындық анықталады. Нәжісі жиі, сұйық, сулы. ҚЖА Нв 80 г/л, лейкоциттер 10*109/л, Эр 2,8*1012/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. БХА – жалпы ақуыз 43 г/л, альбуминдер 30 г/л, кальций 1,9 ммоль/л, фосфор 0,8 ммоль/л, холестерин 4,5 ммоль/л. Копрограммада – нейтр.май+++, май қышқылдары ++. Жіңішке ішек қызметін радиоизотопты зерттеу кезінде – сарысулық альбумин енгізуден кейін нәжіс радиобелсенділігінің артуы. Сіздің диагнозыңыз

1.экссудативті энтеропатия

2.нефротикалық синдром

3.дисахаридаз жетіспеушілікті энтеропатия

4.жұқпалы энтероколит, нефротикалық синдроммен асқынған

5.спру

33. Бала 8 жаста. 4-5 күнге дейін нәжістің болмауы, өзіндік үлкен дәретке отырудың болмауы мазалайды. Іш өткізетін дәрілерден кейін жеңілдік туындайды. Емінде қандай стол тағайындайсыз

1.1

2.2

3.3

4.4

5.5

34. Бала 13 жаста. Іштегі ауырсынуға, күйдіру сезіміне, қышқыл кекіруге шағымданады. ФЭГДС: өңеш өтімді, шырышты қабаты гиперемирленген, ісінген. Асқазан – сөлді, шырышты қабаттың ошақты гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гипертрофиясы және антральды бөлікте жалпақ эрозиялар анықталады. Емінде қандай стол тағайындайсыз:

1.+0а

2.1

3.2

4.3

5.4

 

35. Бала 12 жаста. Гастроэнтерологта бақыланады. Жүрек айну, оң жақ қабырғаастындағы және эпигастрийдегі ауырсыну мен ауырлық сезімі мазалайды. Объективті: тері жамылғылары таза, тілі ақ-сары жабынды,құрғақ. Іштің пальпациясында – іштің тік бұлшықетінің сыртқа шеті мен қабырға доғасының қиылысқан жерінде бірден ауырсыну, эпигастрийде ауырсыну, оң қабырға доғасын ұрғалауда ауырсыну анықталады. ҚЖА – Нв 118 г/л, Эр – 3,4*1012/л, лейкоциттер 12*1012/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Диагноз қою үшін алдымен қандай тексеру тағайындау керек

1.фиброгастродуоденоскопия

2.дуоденальды зондтау

3.гастрография

4.құрсақ қуысын УДЗ

5.асқазанішілік рн-метрия

36. Қыз бала 12 жаста, ауамен кекіруге, жүрек айнуға, өтпен периодты түрде құсуға шағымданады. Ішінде ұстама тәрізді ауырсыну, тамақ қабылдауға байланысты емес. Осыған байланысты ФГДС жасалды, онда асқазанның антральды бөлігінде шырышты қабаттың жайылған гиперемиясы, буылтықтың ашылуы, асқазанда өттің болуы анықталды. Бала ауыруы мүмкін:

1.созылмалы калькулезді емес холециститпен

2.дуодено-гастральды рефлюкспен

3.кардия ахалазиясымен

4.регургитациямен

5.функциональды құсумен

37. Іш өткен баланың аш ішек биоптатын қарағанда лимфагиэктазиялар, интерстициальді ісік, май тамшылары және лимфа тамырларында макрофагтар табылған. Бұл көріністер сәйкес келеді:

1.муковисцидозға

2.лактаза жетіспеушілігіне

3.целиакияға

4.экссудативті энтеропатияға

5.созылмалы энтероколитке

38. 7 жастағы қыз бала мектепке барғанда басының ауруына, әлсіздікке, тамақ қабылдаумен байланыссыз эпигастрий аймағында ішінің ауырсынуына шағымданды. Жоғарыда айтылған шағымдар 6 ай уақытындай баланы мазасыздандырады. Бұл балаға біріншіден қандай диагностикалық зерттеу жүргізу қажет?

1.асқазан рентгенографиясын

2.дуоденальді зондтау

3.фиброгастродуоденоскопияны

4.асқазанның рН-метриясын

5.электрогастрографияны

39. ФГДС тексеруде алынған мәлімет: 12елі ішек пиязшығының шырышты қабатының бұлшық еттік қабатқа дейін жететін, диаметрі 1,0 см дейін, домалақ пішінді, жиегі ісінген, қызарған, түбі фибринмен жабылған дефектісі анықталды. Өзгерістің сипатын анықтаңыз:

1.каллезді жара

2.эрозия

3.жіті жара

4.созылмалы жара

5.фибринозды жара

40. Салыстырмалы диагностиканы жүргізуге қажет

ететін:пилороспазм,пилоростеноз, адреногенитальді синдром.Жоғарыда көрсетілген аурулардың қандай көріністері ортақ болып келеді:

1.тері пигментациясының болуы

2.қышқыл-негіз жағдайының көрсеткіштері

3.асқазан рентгенографиясының мәлеметтері

4.зәрмен натрийдің экскрециясы

5.«фонтанмен»лоқсу және құсу

41. Ішек сіңірілуінің бұзылыс синдромымен стационарда жатқан 6 айлық баланың ата-анасы,басқа шағымдармен қатар, балада хейлит пен тері асты қан құюларына шағымданады.Осы шағымдар қандай клиникалық синдром барын көрсетеді?

1. гипокальциемия

2.геморрагиялық

3.гиповитаминоз

4. ісікті

5.метаболикалық бұзылыстар

42. Қыз бала 12 жаста. Белдемелі сипатты, омыртқаға тарайтын, әсіресе эпигастрий аймақта ішінің ауырсынуына шағымданды. Жеңілдік әкелмейтін 2 реттік құсу болды. Жоғарыда айтылған шағымдар 2 жыл бойы мазалайды. Объективті: тері бозғылт, тілінде ақ жабынды, дене қызуы 37,8С, іші ұлғайған, эпигастрий аймағында біраз тітіркенген. Ортнер симтомы күмәнді. Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну. Лейкоцитоз- 12,8х1О9/л. Нәжісі тазалағыш клизмадан соң-нәжіс қоспалары тығыз, майлы. Нәжіс сипаты негізделген:

1.өттің дисперсионды қасиетінің жетіспеушілігінен стеатореяның болуы

2.ұйқы безінің эндокринді жетіспеушілігінен креатореяның болуы

3.ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігінен стеатореяның болуы

4.гипоацидті асқазан сөлі әсерінен стеатореяның болуы

5.ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігінен амилореяның болуы

43. Кәмпиттерді көп мөлшерде жеген 14 жасар балада крапивница тирі бойынша аллергиялық реакция дамыды. 60 мг преднизолонды тамыр ішіне еңгізген. Аллергиялық көріністер азайған, іштің жоғарғы бөлімінде айқын ауырсыну пайда болды. Жалпы қарағанда –бала мәжбүрлі түрде отырды, тізе-шынтақ жағдайында .Құсу байқалды, бірақ құсу жеңілдік әкелмеді. Іштің пальпациясында кіңдік маңайында аздаған резистенттілік анықталады. Баланы зерттегенде: ЭТЖ-ң жылдаған, лейкоцитоз, нейтрофиллез, қандағы амилаза және зәрдегі диастаза мөлшерінің жоғарлаған.Ұйқы безінің УДЗ-де –ұйқы безі ұлғайған. Патогенетикалық мақсатпен біріншіден нені тағайындаған жөн:

1.карсил

2.церукал

3.фамотидин

4.гастроцепин

5.контрикал

44. Созылмалы панкреатитпен ауыратын 13 жастағы балада стрессті жағдайдан кейін (мектептегі бақылау жұмысы),іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен белдемелі ауырсыну,жеңілдік әкелмейтін құсу болды.Іштің пальпациясында Керте, Мейо-Робсон, Шоффар симптомдары оң болды.Биохимиялық қан анализінде амилаза мөлшері жоғарлаған. Патологиялық процесстің негізінде жатқан маңызды патогенетикалық механизмі болып не табылады?

1.асқазан сөлінің гиперсекрециясы

2.протеолитикалық ферменттердің активациясы

3.өттің гиперпродукциясы

4.май қышқылдар синтезінің жоғарлауы

5.глюкагонның гиперпродукциясы

45. Созылмалы панкреатитпен ауыратын ұл бала 13 жаста, 2 күн бойы арқаға таралатын ауырсынудың күшеюімен, дене қызуының 38-39 С дейін жоғарлауына, көп реттік жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданды. Іш пальпациясында іштің жоғарғы бөлігінде, әсіресе сол жақ бөлігінде көбірек қорғаушы бұлшықеттердің тітіркенуі, терең пальпацияда сол жерде тығыз түзіліс анықталды. Бұл жағдайдың пайда болуында орын алады:

1.ұйқы безінің аутолизі және ішастардың реактивті қабынуы

2.ұйқы безінің ацинарлы бөлігінің гиперплазиясы және инкапсуляциясы

3.ұйқы безі паренхимасының фиброзы және Фатер емізігінің тарылуы

4.ұйқы безінің айқын ісінуі және холестаз

5.ұйқы безінің денесінің және басының гипертрофиясы және дуоденостаз

46. 10 жастағы қыз бала физикалық жүктемеден кейін оң жақ қабырға астының сұққылау тәрізді кезеңді, ұзақтылығы қысқа аурсынуға шағымданады. Аурсыну құсу, іштің батып ауруымен қатар жүреді. Ауырсынуды басу үшін тағайындау қажет:

1.викалин

2.фламин

3.минералды су

4.но-шпа

5.омепразол

47. 10 жастағы ұл бала тәбетінің төмендеуіне, ауызға ашты дәмнің келуіне, әлсіздікке,майлы және қуырылған тағамнан кейін, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Ауырғанына 3 жыл болды. Диагнозды нақтылау үшін біріншіден қай зерттеуді жүргізу қажет:

1.дуоденальді зондтау

2.фиброгастродуоденоскопия

3.қандағы биллирубин мөлшері

4.жалпы қан анализі

5.өт шығару жолдарының УДЗ-і

48. Жара ауруы бар науқаста ауырсыну ас қабылдаудан біраз уақыттан кейін байқалады, ауырсынудың орналасуыөсемсе тәрізді өсіндісінің астында,сонымен қатар осы жерде Мендель симптомы оң. Құсу байқалмайды. Жараның орналасу жерін көрсет:

1.асқазанның кардиальді бөлімі

2.асқазанның антральді бөлімі

3.ұлтабар буылтығы

4.он екі елі ішектің постбульбарлы бөлімі

5.асқазанның кіші иілімі

49. Іш өткен баланың аш ішек биоптатын қарағанда лимфагиэктазиялар, интерстициальді ісік, май тамшылары және лимфа тамырларында макрофагтар табылған. Бұл көріністер сәйкес келеді:

1.муковисцидозға

2.лактаза жетіспеушілігіне

3.целиакияға

4.экссудативті энтеропатияға

5.созылмалы энтероколитке

50. 10 жастағы қыз балаға асқазанды фракционды зондтау зерттеуін жүргізді. тұз қышқылы базальді секрециясының дебит уақыты- 3,5 ммоль/л, қоздырушы фракциялары – 4,0 ммоль/л. Асқазанның қышқыл түзу қызметін бағала:

1.сақталған

2.жоғарлаған

3.төмендеген

4.базальді фракцияларында төмендеген, қоздырушы фракцияларында сақталған

5.осы сұраққа жауап беру үшін берілген мағлұматтар аз болып келеді

51. 7 жастағы қыз бала мектепке барғанда басының ауруына, әлсіздікке, тамақ қабылдаумен байланыссыз эпигастрий аймағында ішінің ауырсынуына шағымданды. Жоғарыда айтылған шағымдар 6 ай уақытындай баланы мазасыздандырады. Бұл балаға біріншіден қандай диагностикалық зерттеу жүргізу қажет:

1.асқазан рентгенографиясын

2.дуоденальді зондтау

3.фиброгастродуоденоскопияны

4.асқазанның рН-метриясын

5.электрогастрографияны

52. Секреторлы түрі (секрецияның базальді кезеңінде асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарлаған) бойынша асқазанның функциональді бұзылыстары бар 9 жасар бала іш қатуға бейім. Секреторлы бұзылыстарын қалыпқа келтіру үшін қандай дәріні беру қажет:

1.смекта

2.гастрофарм

3.алмагель

4.квамател

5.викаир

53. 10 жастағы ұл бала ас қабылдағаннан кейін ішінің батып ауруы,кекіру,кейде құсу,іш өтуге бейімділігі мен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Объективті қарағанда –тілі ақ жабындымен жабылған? Іш пальпациясында эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Баланың маңызда клиникалық синдромы қандай:

1.астеновегетативті

2.ауырсыну

3.интоксикациялық

4.диспепсиялық

5.полигиповитаминоз

54. 11 жастағы балаға фиброгастродуоденоскопия зерттеуін өткізгенде эрозиялық гастродуоденит көріністері. Бұл балада осы аурудың дамуына әкелген басты себеп:

1.н. pylori

2.тұқым қуалаушылық

3.асқазанға өттің түсуі

4.стрессті жағдайлар

5.аутоантиденелер

55. Он екі елі ішектің жара ауруы бар Сергейдің жанұясында 5 адам. Кішкентай бауыры бір жыл уақытындай ішінің ауырсынуына шағым айтады.Ағасы 2 жыл бұрын созылмалы гастродуоденит диагнозы бойынша ем алған, қазіргі кезде кейде басының ауруына шағым айтады. Әкесінде он екі елі ішектің жара ауруы бар,оны ас қабылдаумен байланыссыз аздаған ауырсыну мазалайды.Шешесі кекіру мен қыжылдауға шағым айтады. Сергейдің өзі 2 жыл бұрын ем курсын алып шыкты, шағымдары жоқ. Осылардың қайсысына эндоскопиялық зерттеу қажет емес:

+1.сергейге







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.