Здавалка
Главная | Обратная связь

Гастроэнтерология 7 курс 6 страница



2.кіші бауырына

3.ағасына

4.әкесіне

5.шешесіне

 

 

56. Он екі елі ішектің жара ауруы бар науқаста ауырсынудың түрі өзгерді,ауырсыну ас қабылдағаннан кейін күшейе түсті,тез жүргенде және жүгіргенде пайда бола бастады. Қабынудың лабораторлы көріністері анықталды. клинико – Аталған клинико-лабораторлы көріністер келесі асқынулардың дамуын көрсетеді:

1.қан ағу

2.перфорация

3.пенетрация

4.перивисцерит

5.асқазан қалтқысының тарылуы

57. 12 жастағы ұл балаға бір жыл бұрын лет он екі елі ішектің жара ауруы дегн диагноз қойылды .Бала ашты тағамдарды жақсы көреді. Әкесінде де он екі елі ішектің жара ауруы бар. Асқазанның зондауын жүргізгенде тұз қышқылы базальді секрециясының дебит-уақыты 5 ммоль/л. Биоптатпен уреазды тест оң болып келеді. Он екі ішек буылтығының биоптатын морфологиялық зерттеуінде науқаста асқазанның метаплазия көріністері анықталды. Он екі елі ішекте асқазанның метаплазиясының дамуына әкелетін себептер:

1.диетаның бұзылуы

2.гиперацидоз

3.шырышты қабатының H.pylori-мен колонизациясы

4.тұқым қуалаушылық

5.аурудың созылмалығы

58. 11 жастағы ұл бала диетаны бұзғаннан кейін (майлы және қуырылған тағам)бір жұма уақытындай іштегі бату сезімі мен белгілі бір локализациясыз ішінің ауырсынуына шағымданады. Кезеңді түрде жүрек айну мазалайды. Бір рет құсу байқалған. Объективті қарағанда ұйқы без бас бөлімінің проекциясында ауырсыну анықталады. Алғашқы диагноздың негізін верификациялау үшін қай зерттеудің мәні зор:

1.асқазанның рентгенологиялық зерттеуі

2.жайылмалы қан анализі

3.қандағы амилаза мөлшері

4.ұйқы безінің эхографиясы

5.копрограмма

59. Бала 2 айда. Екі жұма аралығындай кезеңді түрде тамақтан кейін құсу байқалады. Құсық массаларында өт қоспасы болуы. Объективті қарауда – көздің ақ қабығы мен тері жабындыларының аздаған сарғыштығы, іштің жоғарғы бөлігінің қампиюы байқалады. Бауыр оң жақ қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Рентгенологиялық зерттеу жүргізгенде асқазанда ауаның болуы және он екі елі ішектің тарылуы анықталған.Жоғарыда айтылған өзгерістердің дамуына әкелетін себеп:

1.ұйқы безінің туа біткен ақауы

2.пилороспазм

3.пилоростеноз

4.фетальді гепатит

5.кардиоспазм

60. 5 айлық балаға қосымша тағам берілгеннен кейін іш өту пайда болды. Үлкен дәреті көп мөлшерде, иісі сасық. Баланың дене салмағы азайған, әлсіздік байқалады. Жалпы қарағанда – бала жүдеу болып келеді, іші қампиған. Лактозаға қарағанда гликемияның өсуі– 3,5 ммоль/л. Іш өтудің себебін ата:

1.инфекционды энтерит

2.дисахаридтердің қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылуы

3.глютенді қабылдай алмаушылық

4.моносахаридтер сіңірілуінің бұзылуы

5.экзокринді бездер патологиясы

61. 14-жастағы қыз бала соңғы 6 ай аралығында іштің жиі ауырсынуына шағымданады.Ауырсыну кіндік аймағында байқалады,жиі тағам қабылдаумен байланысты және жүрек айнуымен қатар жүреді.Осы жағдайдың негізгі себебі болып табылады барлығы,біреуінен басқасы:

1.лактозаны қабылдай алмаушылық

2.жара ауруы

3.ішектің тітіркену синдромы

4.созылмалы панкреатит

5.меккель диввертикуласының ақауы

62. Арнайы емес жаралы кролитте ішек шырышты қабатының созылмалы қабынуы дамиды. Не себепті:

1.т-супрессорлардың белсендігінен

2.т-хелпердің белсендігінен

3.т-киллердің белсендігінен

4.макрофагтардың белсендігінен

5.интерферондардың белсендігінен

63. Созылмалы панкреатитпен ауыратын 13 жасар балада стрессті жағдайдан кейін іштің жоғарғы бөлігінде белдемелі сипатта өткір ауырсыну, жеңілдік әкелмейтін құсу байқалды. Керте, Мейо-Робсон, Шоффар симптомдары оң. Неге қанда протеолитикалық ферменттер мөлшері жоғарылайды:

1.вазоактивті аминдердің бөлінуінен

2.кининдердің бөлінуінен

3.нейтрофилдер протеиназаларының босатылуынан

4.ацинарлы клеткалардың деструкциясынан

5.плазминоген белсендігінен

64. Гиршпрунг ауруын функциональді іш қатулардан ажыратуда ең маңызды көрсеткіш болып табылады:

1.дефекация жұмасына 1 реттен аз

2.жағынды нәжістің болуы

3.өмірінің алғашқы жұмаларынан іштің қатуы

4.тік ішектің түсуі

5.клизмаларды қажет ететін созылмалы іш қатулар

65. Созылмалы іш өтумен қатар жүретін төменде көрсетілген аурулар салыстырмалы диагностиканы қажет етеді: целиакия, ұйқы безінің кистофиброзы, антибиотиктер қабылдауымен байланысты іш өту. Целиакия кезінде информативті әдіс болып табылады:

1.сlostridium difficile токсинінің нәжісте анықталуы

2.колоноскопия

3.аш ішектің биопсиясы

4.тер анализі

5.иммуноферментті анализ

66. Созылмалы іш өтумен қатар жүретін төменде көрсетілген аурулар салыстырмалы диагностиканы қажет етеді: целиакия, ұйқы безінің кистофиброзы, антибиотиктер қабылдауымен байланысты іш өту. Антибиотиктерді қабылдаумен байланысты іш өтуде информативті әдіс болып табылады:

1.сlostridium difficile токсинінің нәжісте анықталуы

2.колоноскопия

3.аш ішектің биопсиясы

4.тер анализі

5.иммуноферментті анализ

67. Созылмалы іш өтумен қатар жүретін төменде көрсетілген аурулар салыстырмалы диагностиканы қажет етеді:целиакия, ұйқы безінің кистофиброзы, антибиотиктер қабылдауымен байланысты іш өту. Ұйқы без кистофиброзында информативті әдіс болып табылады:

1.сlostridium difficile токсинінің нәжісте анықталуы

2.колоноскопия

3.аш ішектің биопсиясы

4.тер анализі

5.иммуноферментті анализ

68. 12 жастағы ұл баланың анасы балада жеңілдік әкелетін үнемі қатты дыбысты ауамен кекіруге, іштің жоғарғы бөлігінде керу сезімінің болуына шағымданатының айтты. Дәрігер балада қатты мазасыздану, лабильділік, немқұрайлық бар екендігін анықтады. Тексеру өткізген соң (құрсақ қуысы УДЗ, ФГДС) органикалық патология анықталмады. Сіздің диагнозыңыз:

1.эзофагит

2.өңеш дивертикулы

3.аэрофагия

4.кардия ахалазиясы

5.абдоминальды сақина (мигрень)

69. 7 жасар қыз бала қан араласқан құсу жайлы дәрігерге жеткізілген. Анасының айтуы бойынша осының алдында бала эпигастрий аймағының ауырсынуына және аппетиттің болмауына шағымданған.Таңертең бала бірнеше рет көп мөлшерде құсты,түсте «кофе қоюы» тәрізді құсу байқалды.Ауруханаға келе жатқанда басы айналды,әкесі баланы көтеріп алып келді. Бала қарқынды ем көрсету бөліміне түскеннен кейін, бірден төменде көрсетілген барлық шараларды жүргізу кажет,біреуінен басқасын:

1.сұйықтықты құю мақсатында ірі тамырдың катетеризациясы

2.гематокритті және топтық сәйкестікті анықтау мақсатында қан алу

3.қан ағу себебін анықтау мақсатында асқазан- ішек жолы жоғарғы бөлімдерінің эндоскопиясы

4.назогастральді зондты еңгізу

5.толық анамнез жинау мақсатында ата-анасынан жақсылап сұрау

 

 

70. Панкреатит кезінде 12 елі ішек саңылауында қышқылдануды төмендету үшін қолданылатын препарат және неліктен:

1.алмагель, себебі қышқылдық валенттілікті бейтараптайды және қаптаушы әсері бар

2.де-нол, себебі тұз қышқылын ингибирлейді және альбуминатты қабық түзеді

3.натрий гидрокарбонаты, себебі асқазан сөлінің тұз қышқылын бейтараптайды

4.рабепразол, себебі антисекреторлы әсері бар және рН жоғарылатады

5.омепразол, себебі антисекреторлы әсер және рН төмендетеді

71. Уақытында туған 3 күндік балада кенеттен тітіркенгіштік, көп рет құсу және екі рет қан араласқан нәжіс байқалған. Объективті қарағанда өзгерістер анықталмаған. Лабораторлы зерттеу көрсеткіштерінде – гематокрит 50%, лейкоцитоз 15 мың (нейтрофилдер 30%, лимфоциттер 50%, моноциттер 5%, эозинофилдер 15%).Зерттеу және ем тағайындау үшін қажет төменде көрсетілген шаралардың барлығы қажет , біреуінен басқасы:

1.ішектің туйілуімен толық бұрылмауын анықтау мақсатында іш қуысын рентгенологиялық зерттеу

2.аллергиялық энтероколитті жоққа шығару үшін ректосигмоидоскопия және тік ішек биопсиясын жүргізу

3.ішектегі сіңірілу процессінің бұзылуы мүмкіндігінен тамақтануында лактозаны шектеу

4.инфекциялық процессті жоққа шығару үшін нәжіс себіндісі

5.бала қабылдаған тағамның түрі мен сапасы

72. 8 айлық сау ұл балада, 4 кү аралығындай іш өту, сіңірілу бұзылыстары, диурездің төмендеуі, тітіркендіргіштік, шырышты қабаттардың құрғақтығы, тері тургорының төмендеуі, тахикардия, тахипноэ байқалады, аяқ –қолдары суық. Баланы зерттеу және емдеу мақсатында қандай шаралар қолданылады:

1.нәжіс, зәр, қан себінділері

2.формалық элементтердің мөлшерін және қанның электролитті құрамын анықтау

3.физиологиялық ертіндіні тамыр ішіне құю

4.зәр жолдарының обструкциясын жоққа шығару үшін тамыр ішілік пиелография

5.ауыз арқылы тамақтандыруды тоқтату 24 сағат аралығында парентеральді сұйықтықтарды еңгізу

73. Бала 5 жаста. Анасының айтуынша құсу кенеттен, жүрек айнусыз, құсық массаларында қорытылмаған тағам қалдықтары, қышқыл иісі жоқ, баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Бұл жағдай тән:

1.руминацияға

2.регургитацияға

3.дуоденогастральды рефлюкске

4.жедел гастритке

5.рефлюкс-эзофагитке

74. Қыз бала 11 жаста, ауамен кекіруге, жүрек айнуға, өтпен периодты түрде құсуға шағымданады. Ішінде ұстама тәрізді ауырсыну, тамақ қабылдауға байланысты емес. Осыған байланысты ФГДС жасалды, онда асқазанның антральды бөлігінде шырышты қабаттың жайылған гиперемиясы, буылтықтың ашылуы, асқазанда өттің болуы анықталды. Бала ауыруы мүмкін:

1.созылмалы калькулезді емес холециститпен

2.дуодено-гастральды рефлюкспен

3.кардия ахалазиясымен

4.регургитациямен

5.функциональды құсумен

75. Балаға 12 күн. Жиі лоқсу, күніне 4-5 ретке дейінгі қышқыл иісті іріген сүтпен көп мөлшерде құсу анықталды. Қараған кезде «құм сағат» симптомы оң, баланың зәр шығаруы сирек, аз мөлшерде, іш қатуға бейім. Рентгенологиялық тексеруде асқазанның қалыпты мөлшері, барий қоспасының ішекте сіңірілуінің тежелуі анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

1.ацетонемиялық құсу

2.функциональды циклдік құсу

3.пилоростеноз

4.регургитация

5.пилороспазм

76. Келесі симптомокомплекс функциональды диспепсияның қай түріне тән: тәбетінің төмендеуі, тағам қабылдаған соң күшейетін ішінің жоғарғы бөлігінде жағымсыз сезім, жүрек айну, құсу, майлы тағамды нашар көтеру:

1.дискинетикалық

2.жара тәрізді

3.арнайы емес

4.рефлюкс тәрізді

5.ауырсынулық

77. ФГДС тексеруде алынған мәлімет: 12-елі ішек пиязшығының шырышты қабатының бұлшық еттік қабатқа дейін жететін, диаметрі 1,0 см дейін, домалақ пішінді, жиегі ісінген, қызарған, түбі фибринмен жабылған дефектісі анықталды. Өзгерістің сипатын анықтаңыз:

1.каллезді жара

2.эрозия

3.жіті жара

4.созылмалы жара

5.фибринозды жара

78. 13 жастағы балада тағам қабылдаған соң 30-40 мин кейін, әсіресе майлы, қуырылған, өткір тағам қабылдаған соң ішінде қақсайтын, басатын ауырсынудың пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде бала жоғары тамақтанудан, тері қабаты бозғылт, тілінде сарғыш жабынды, әсіресе тіл түбірінде. Терең пальпацияда дем алғанда оң жақ қабырға астында бірден ауырсыну байқалып, науқас тіпті дем алуын үзеді. Берілген науқаста қандай симптом сипатталған?

1.Кер симптомы

2.Ортнер симптомы

3.Лепине симптомы

4.Мерфи симптомы

5.Харитонов симптомы

79. Ұл бала 14 жаста диспансерлі есепте гастроэнтерологта созылмалы калькулезді емес холецистит бойынша 7-жасынан бастап тұрады. Мерзімсіз қаралды, стационарлы емнен және профилактикалық қараудан жиі бас тартқан. Диеталық нұсқауларды сақтамайды. Тағамға байланыссыз ішінің оң жағындағы ауырсынудың күшеюіне шағымданды. Ауырсыну тек горизонтальды қалыпта ғана жоғалады, түнде, ұйықтағанда мазаламайды. Құрсақ қуысы УДЗ-де өт қабының қатаң деформациясы, оның қозғалысының шектелуі анықталды. Науқаста қандай асқыну дамыған?

1.диспанкреатизм

2.өт-тас ауруы

3.вербрайк синдромы

4.мирицци синдромы

5.ано-Рессле синдромы

80. Балаға ретроградты холецистография жасалды, онда тегіс емес жиектерімен өт қабының анық емес көлеңкесі, оның қозғалысы төмендігі, иілістері анықталды. Бұл өзгерістер негізделген:

1.өт қабы кемістігі

2.өт қабын жабатын ішастардың кіруі

3.өт қабы концентрациялы қызметінің төмендеуі

4.қап саңылауында конкременттердің болуы

5.өт қабының паразитарлы зақымдануы

81. Кіндіктен 3-5 см жоғары іштің сол жақ тік бұлшық етінің сыртқы жиегінің тығыздалуы мен жедел ауырсынуы тән:

1.Воскресенский симптомына

2.Шоффар аймағына

3.Кач симптомына

4.Керте синдромына

5.Холстед симптомына

82. Ұл бала 10 жаста ішінде керу сезіміне, газдардың көптеп шығуы кезінде құйылу және шұрылдау сезімдеріне шағымданады. Түнгі уақытта бұл шағымдар мазаламайды. Қараған кезде іші қампиған, пальпацияда ішек ілмектерінің шұрылдауы анықталды. Емінде тағайындау қажет:

1.Бускопан

2.Цизаприд

3.Емен ағашының қабығының қайнатпасы

4.Симетикон

5.Дюспаталин

83. 12 жастағы ұл бала 1 жыл бойы сол жақ қабырға астына тарайтын жедел ауырсынуға шағымданады. Жеңілдік әкелмейтін 2 реттік құсу болған. Анамнезінде 2 ай бұрын вирусты гепатит А мен ауырған. Тері жабындылары бозғылт, жеңіл иктериялы түсте. АҚҚ 7О/5О мм.с.б.б, ЖСЖ- 12О рет минутына. Іш пальпациясында кіндік үстінде медиальды сызық бойымен ауырсыну, Шоффар аймағында ауырсыну анықталады. Нәжіс күніне 4 рет, қалыптаспаған, майлы жылтырлығымен. Қан талдауында: нейтрофильді лейкоцитоз. Ауру диагностикасының «Алтын стандарты» болып табылады:

1.фиброгастродуоденоскопия

2.холецистография

3.ұйқы безін радионуклидті сканирлеу

4.қанда және зәрде амилазаны анықтау

5.ретроградты панкреатохолангиография

84.Арнайы емес жаралы колит пен Крон ауруының көптеген ұқсас көріністері бар. Арнайы емес жаралы колит пен Крон ауруын ажырататын негізгі эндоскопиялық көрінісі:

1.ішек қабырғасында жаралардың болуы

2.зақымдалған аймақтың сау аймақтардан шектелуі

3.ішек шырышты қабатының қызаруы

4.тамырлы суреттің жоюлуы

5.жалған полиптердің болуы

85. Ішек сіңірілуінің бұзылыс синдромымен стационарда жатқан 6 айлық баланың ата-анасы,басқа шағымдармен қатар, балада хейлит пен тері асты қан құюларына шағымданады.Осы шағымдар қандай клиникалық синдром барын көрсетеді?

1.ісікті

2.геморрагиялық

3.гиповитаминоз

4.гипокальциемия

5.метаболикалық бұзылыстар

86. Салыстырмалы диагностиканы жүргізуге қажет ететін:пилороспазм,пилоростеноз, адреногенитальді синдром.Жоғарыда көрсетілген аурулардың қандай көріністері ортақ болып келеді:

1.тері пигментациясының болуы

2.қышқыл-негіз жағдайының көрсеткіштері

3.асқазан рентгенографиясының мәлеметтері

4.зәрмен натрийдің экскрециясы

5.«фонтанмен»лоқсу және құсу

87. Кәмпиттерді көп мөлшерде жеген 14 жасар балада крапивница тирі бойынша аллергиялық реакция дамыды. 60 мг преднизолонды тамыр ішіне еңгізген. Аллергиялық көріністер азайған, іштің жоғарғы бөлімінде айқын ауырсыну пайда болды. Жалпы қарағанда –бала мәжбүрлі түрде отырды, тізе-шынтақ жағдайында .Құсу байқалды, бірақ құсу жеңілдік әкелмеді. Іштің пальпациясында кіңдік маңайында аздаған резистенттілік анықталады. Баланы зерттегенде: ЭТЖ-ң жылдаған, лейкоцитоз, нейтрофиллез, қандағы амилаза және зәрдегі диастаза мөлшерінің жоғарлаған.Ұйқы безінің УДЗ-де –ұйқы безі ұлғайған. Патогенетикалық мақсатпен біріншіден нені тағайындаған жөн:

1.карсил

2.церукал

3.фамотидин

4.гастроцепин

5.контрикал

88. Созылмалы панкреатитпен ауыратын 13 жастағы балада стрессті жағдайдан кейін (мектептегі бақылау жұмысы),іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен белдемелі ауырсыну,жеңілдік әкелмейтін құсу болды.Іштің пальпациясында Керте, Мейо-Робсон, Шоффар симптомдары оң болды.Биохимиялық қан анализінде амилаза мөлшері жоғарлаған. Патологиялық процесстің негізінде жатқан маңызды патогенетикалық механизмі болып не табылады?

1.асқазан сөлінің гиперсекрециясы

2.протеолитикалық ферменттердің активациясы

3.өттің гиперпродукциясы

4.май қышқылдар синтезінің жоғарлауы

5.глюкагонның гиперпродукциясы

89. 13 жастағы қыз бала іштің өтуі- күніне 4-5 рет,қан араласқан,жалған сезім,дене салмағының төмендеуі, тізе және жамбас-сан буындарының ауырсынуына шағымданады.Ауырғанына 2 ай болды.Бала тітіркеніш,эмоциональді тұрақты емес, осы симптомдары байқалады. Іш пальпациясында сол жақ мықын аймағында алдыңғы құрсақ қабырға бұлшықеттерінің ауырсынуы мен қатаюы байқалады. Фиброколоноскопияда: шырышты қабаты қызарған,ісінген, аздап қанайды, тамыр суреті жоқ, фибринмен жабылған эрозиялар,жалған полиптер,жаралар. Бұл ауруды гранулематозды колиттен ажырататын басты симптом:

1.эрозиялардың болуы

2.қабынулық процесстің жайылмалығы

3.шырышты қабаттың лимфоциттермен инфильтрациясы

4.тамырлар васкулиті

5.шырыш түзілуінің тежелуі

 

90. 14 жастағы қыз бала эпигастрий аймағындағы іштің ауырсынуына,тәбетінің жоғарлауына,қыжылдауға шағымданады.Ауырғанына бір жыл болды,бірақ бұрын зерттеулерден өтпеген.Әкесінде жара ауруы бар.Фиброгастродуоденоскопияны өткізген кезде келесі өзгерістер анықталған: асқазанның шырышты қабаты ісінген,қызарған,антрумда көптеген эрозиялар бар. Биоптатпен уреазды тест оң.Жіктелуі бойынша диагнозды қойыныз:

1.созылмалы эрозивті гастродуоденит, өршу кезеңі

2.созылмалы эрозивті гастродуоденит, Нр+, өршу кезеңі

3.созылмалы эрозивті антральді гастрит, Нр+, өршу кезеңі

4.асқазанның жара ауруы, Нр+, өршу кезеңі

5.созылмалы эрозивнті антральді гастрит, орташа дәрежелі ауырлықта , Нр+, өршу кезеңі

91. 13 жастағы ұл бала ауруханаға «жедел жәрдем»машинасымен жеткізілді.Анамнезіне-мектепте өткізілген бақылау жұмысынан кейін,бала есінен таңды,содан кейін бір рет құсу байқалды «кофе қоюсымен».Бұрында ауырмаған.Түскен кездегі жалпы жағдайы ауыр,тері жабындылары бозғылт,суық термен жабылған . Тамыр соғысы жіп тәрізді,тахикардия. Жедел түрде эзофагогастродуоденоскопия жүргізілді – он екі елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында диаметрі 2,0 см дефект бар,осыдан қан ағу байқалған. Қан анализінде – гемоглобин 65 г/л, эритроциттер 2,0 млн., гематокрит 0,25. Классификация бойынша диагнозды қойыныз:

1.он екі елі ішек буылтығының жара ауруы, алғаш рет анықталған, «жаңа» жара кезеңі, орташа дәрежелі ауырлықта,қан ағумен асқынған. Постгеморрагиялық анемия III дәрежелі

2.он екі елі ішек буылтығының жара ауруы, алғаш рет анықталған, «жаңа» жара кезеңі, ауыр дәрежелі,қан ағумен асқынған. Постгеморрагиялық анемия III дәрежелі

3.он екі елі ішек буылтығының жара ауруы, алғаш рет анықталған, тыртықтану кезеңі, ауырдәрежелі,қан ағумен асқынған. Постгеморрагиялық анемия III дәрежелі

4.он екі елі ішек буылтығының жара ауруы, алғаш рет анықталған, «жаңа» жара кезеңі, ауыр дәрежелі,қан ағумен асқынған. Постгеморрагиялық анемия II дәрежелі

5.он екі елі ішек буылтығының жара ауруы, алғаш рет анықталған, «жаңа» жара кезеңі, орташа дәрежелі ауырлықта,қан ағумен асқынған. Постгеморрагиялық анемия II дәрежелі

92. 5 жастағы балада нәжістің ағаруымен саргаю пайда болды, тура билирубин 68 мкмоль/л.Өткізілген зерттеу холестаз себебін анықтамады. Гепатитті өт шығару жолдарының атрезиясынан ажыратуға төменгі аталғандардың кайсысы көмектеседі:

1.сарысулық аминотрансферазалар деңгейін зерттеу

2.жалпы белокты анықтау

3.альфафетопротеинді анықтау

4.тура емес билирубинді анықтау

5.өтпен радионуклидтердің экскрециясы

93. 9 күндік балада құрсақ ішілік пневмонияға байланысты антибиотиктерді қабылдаудың 8-ші күнінде сүт түстес, көпіршікті, ботқа тәріздес нәжіс тәулігіне 8 ретке дейін болған. Жалпы қан талдауында : Л-10,0х109/л, лимф.-60%, нейтроф.-25%, э-1%, моноц.-4%; ЭТЖ-2 мм/сағ. Копрограмма: реакция аса қышқыл, бұлшықет талшықтары +++, май қышқылдары +++, крахмал ++++, лейкоциттер- 2-3 к/а. Йодофильді флора ++++. Бөлінген аммиак мөлшері қалыпты. Нәжіс сипаты сәйкес келеді дисбактериозға:

1.дисбактериоз

2.стафилококкты этиологиялы

3.сальмонеллезді этиологиялы

4.саңырауқұлақты этиологиялы

5.клебсиеллезді этиологиялы

94. Бала 10 жаста. Соңғы 3 жылда іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуға шағымданады. Соңғы кезде ауырсыну күнделікті,жиі жағдайда тағам қабылдаған соң 30-40 минуттан кейін,кейде таңертең аш қарынға немесе кешкі уақытта пайда болады. Әкесінде 12 елі ішек жара ауруы. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары бозғылт, тамақтануы төмен, тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ,пальпация кезінде оң жағында ауырсыну. Бауыры +1,0см. Нәжісі қалыптасқан. ФГДС-та өңеш және кардия өтімді, кардия бітіскен, асқазанда шырыш және сары түсті сұйықтық, перистальтика байқалады. Буылтық толық жабылмайды. 12 елі ішектің пиязшығының артқы қабырғасында жұлдызшалы пішінді нәзік тыртық, асқазан және дуоденум шырышы қызарған, ісінген. Жіктеме бойынша сіздің диагнозыңыз:

1.созылмалы атрофиясыз беткей гастродуоденит,өршу кезеңі. Дуодено-гастральді рефлюкс







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.