Здавалка
Главная | Обратная связь

Гастроэнтерология 7 курс 7 страница



2.жара ауруы (12елі ішектің жаңа жарасы), асқынбаған, дуодено-гастральды рефлюкс

3.жара ауруы (12елі ішек жарасы), сақталған гастродуодениттегі жаралық дефектінің эпителизация кезеңі, асқынбаған. Дуодено-гастральды рефлюкс.

4.жара ауруы (12елі ішек жарасы), гастродуодениттегі жаралық дефектінің эпителизация кезеңі, асқынбаған

5.жара ауруы (12елі ішек жарасы), сақталған гастродуодениттегі жаралық дефектінің эпителизация кезеңі, асқынбаған. Дуодено-гастральды рефлюкспен асқынған

95. Қыз бала 12 жаста. Белдемелі сипатты, омыртқаға тарайтын, әсіресе эпигастрий аймақта ішінің ауырсынуына шағымданды. Жеңілдік әкелмейтін 2 реттік құсу болды. Жоғарыда айтылған шағымдар 2 жыл бойы мазалайды. Объективті: тері бозғылт, тілінде ақ жабынды, дене қызуы 37,8С, іші ұлғайған, эпигастрий аймағында біраз тітіркенген. Ортнер симтомы күмәнді. Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну. Лейкоцитоз- 12,8х1О9/л. Нәжісі тазалағыш клизмадан соң-нәжіс қоспалары тығыз, майлы. Нәжіс сипаты негізделген:

1.өттің дисперсионды қасиетінің жетіспеушілігінен стеатореяның болуы

2.ұйқы безінің эндокринді жетіспеушілігінен креатореяның болуы

+3.ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігінен стеатореяның болуы

4.гипоацидті асқазан сөлі әсерінен стеатореяның болуы

5.ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігінен амилореяның болуы

 

96. Қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен 10 жастағы қыз бала келіп түсті. Ішінің жоғары бөлігіндегі ауырсынуға, жүрек айну, құсуға шағымданады. Жағдайы ауыр, беті бозғылт, жер түстес, қиналысты, дене қызуы 38С. Пульсі жиі, әлсіз, 160 рет минутына. Іш пальпациясында жайылған ауырсыну, кіндік үстінде көлденең орналасқан бұлшықеттік әлсіздік байқалады. Қан талдауында: Нв-12О г/л, Эр.-3,95х1О12/л, Л.-12,0х1О9/л, ЭТЖ-18 мм/сағ, э-4%, б-2%, с-66%, м-8%, л-2О%. Қан диастазасы- 124 БР, зәр диастазасы - 64 БР. Емінде мына препараттарды тағайындау қажет және не үшін:

1.кетотифен, ауырсыну синдромын басу үшін

2.фраксипарин, ферментемияны ингибирлеу үшін

3.креон, ферментурияны азайту үшін

4.контрикал,қабынуды жою

5.гордокс, ферментемияны ингибирлеу

 

97. Созылмалы панкреатитпен ауыратын ұл бала 13 жаста, 2 күн бойы арқаға таралатын ауырсынудың күшеюімен, дене қызуының 38-39 С дейін жоғарлауына, көп реттік жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданды. Іш пальпациясында іштің жоғарғы бөлігінде, әсіресе сол жақ бөлігінде көбірек қорғаушы бұлшықеттердің тітіркенуі, терең пальпацияда сол жерде тығыз түзіліс анықталды. Бұл жағдайдың пайда болуында орын алады:

1.ұйқы безінің аутолизі және ішастардың реактивті қабынуы

2.ұйқы безінің ацинарлы бөлігінің гиперплазиясы және инкапсуляциясы

3.ұйқы безі паренхимасының фиброзы және Фатер емізігінің тарылуы

4.ұйқы безінің айқын ісінуі және холестаз

5.ұйқы безінің денесінің және басының гипертрофиясы және дуоденостаз

98. Балада пайда болатын сарғаю байқалады, оың шыңында зәрдің қою түске боялуы және нәжістің түссізденуі байқалады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Биохимиялық қан талдауында жалпы билирубин 27 мкмоль/л, тура емес фракциясы 8,0 мкмоль/л, тура- 19 мкмоль/л. Құрсақ қуысының УДЗ-да патологиялық өзгеріс жоқ. Оральды холецистографияда өт қабы контрастирленеді, бауырда аздаған көлемде пигмент бар. НСV және HBV-теріс. Баланың әкесінде және атасында тура осындай клиникалық әйгіленім байқалады. Сіздің диагноз:

1.Жильбер синдромы

2.конъюгациялық сарғаю

3.ротор синдромы

4.Дабин-Джонсон синдромы

5.Криглер-Найяр синдромы

99. Бала 1 жаста анасы тұрақсыз тәбетке, ішінің қампиюына, газ түзілунің жоғарылауына шағымданады. Қарағанда бала белсенді, дене қызуы қалыпты, тері қабаты кәдімгі түсте. Іші аздап қампиған, пальпацияда шұрылдау анықталды. Нәжісі біркелкі емес боялған. Голд бойынша нәжіс талдауында: бифидобактериялар 108 КОЕ/г, ішек таяқшалары 1012 КОЕ/г, ішек таяқшаларының 20% атипті культуральды қасиеттерімен. Сіздің диагнозыңыз:

1.ішек дисбактериозы, декомпенсирленген түрі

2.ішек дисбактериозы, субкомпенсирленген түрі

3.ішек дисбактериозы, компенсирленген түрі

4.ішек дисбактериозы, латентті түрі

5.ішек дисбактериозы, компенсирленгенэшерихиоз

100. 10 жастағы ұл балада пайда болатын сарғаю байқалады, ол ЖРВИ кезінде, стресстік жағдайларда, физикалық жүктеме кезінде күшейеді. Кезеңді түрде оң жақ қабырға астында тұйық ауырсыну мазалайды. Өткен жылы вирусты гепатит А мен ауырған, сол себепппен емханада ем алған. Қараған кезде бауыры қабырға астынан 2,0 см пальпацияланады, эластикалы. Көкбауыр пальпацияланбайды. Биохимиялық қан талдауында: билирубин- 53 мкмоль/л, тура емес фракциясы- 48 мкмоль/л, тура- 5 мкмоль/л, АЛТ 0,20 мккат/л, АСТ- 0,18 мккат/л, тимол сынамасы 2 ед. Балада орын алады:

1.Ротор синдромы.

2.Криглер-Найяр синдромы

3.созылмалы гепатит А

4.Жильбер синдромы

5.бауыр циррозы

101. Қыз бала 10 жаста ішінің ауырсынуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анансымен әңгімелесу барысында қыз бала жанұяда жалғыз бала, ішіндегі ауырсыну 1 жыл бойы мазалайды, нәжістің тұрақсыздығына бейім. Қарап тексергенде баланың дене бітімі астеникалық типті, терісі бозғылт, тілінде ақ жабынды. Іш пальпациясында кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп мөлшерде, майлы. Копрограммада: бейтарап май +++, қорытылған бұлшықет талшықтары. +, Л-1-3 к/а, Эр-жоқ. Балада болуы мүмкін:

1.іш қату басымдылығымен қызбалық ішек синдромы

2.іш өту басымдылығымен қызбалық ішек синдромы

3.аралас типті қызбалық ішек синдромы

4.арнайы емес созылмалы колит

5.созылмалы панкреатит

102. Бала 12 жаста. Қыжыл, қышқылмен кекіру, кеуде артындағы ауырсынуға, тағам жұтудың қиындауына шағымданады. Науқасты обьективті зерттегенде патология анықталған жоқ. ФЭГДС жүргізгенде келесі өзгерістер: өңеш өтімді. өңештің абдоминальды және кеуделік бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы, жеңіл жараланады. Беткейінде көптеген, бір-бірімен қосылатын, эрозиялар. Сіздің диагнозыңыз:

1.гастроэзофагеалды рефлюксті ауру (рефлюкс-эзофагит I дәреже)

2.гастроэзофагеалды рефлюксті ауру (рефлюкс-эзофагит II дәреже)

3.гастроэзофагеалды рефлюксті ауру (рефлюкс-эзофагит III дәреже)

4.гастроэзофагеалды рефлюксті ауру (рефлюкс-эзофагит IV дәреже)

5.баррет өңеші

103. Қыз бала 14 жаста. Аз порциялы қан қосындысымен нәжіс –күніне 12 рет, дефекация алдындағы толғақ тәрізді ауырсыну, арықтауға шағымданады. Ауырғанына 3 ай болған. Жағдайы ауыр, созылмалы интоксикация симптомдары айқын. Астениялық. Терісі бозғылт, құрғақ. Дене температурасы 38,50С. ЖҚА: Нв 85 г/л, Эр 2,15*1012/л, лейкоциттер 12,0*109/л, СОЭ 40 мм/сағ. Эндоскопиялық зерттеуде: тік және сигма тәрізді ішектің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, эндоскоппен жанасқанда жеңіл қанайды. Қатпарлар жайылған, тамырлық сурет көрінбейді, көптеген эрозивті зақымдану фибринозды жабындымен. Сіздің диагнозыңыз:

1.арнайы емес жаралы колит, орташа ауырлық дәрежеде, дистальді колит, өршу

2.арнайы емес жаралы колит, ауыр дәреже, сол жақтылы колит,өршу

3.арнайы емес жаралы колит, орташа ауыр дәреже, сол жақтылы колит,өршу

4.арнайы емес жаралы колит, ауыр дәреже, дистальный колит,өршу

5.арнайы емес жаралы колит, ауыр дәреже, тотальді колит,өршу

104. Қыз бала 14 жаста. Аз порциялы қан қосындысымен нәжіс –күніне 12 рет, дефекация алдындағы толғақ тәрізді ауырсыну, арықтауға шағымданады. Ауырғанына 3 ай болған. Жағдайы ауыр, созылмалы интоксикация симптомы айқын. Астениялық. Терісі бозғылт, құрғақ. Дене температурасы 38,50С. ЖҚА: Нв 85 г/л, Эр 2,15*1012/л, лейкоциты 12,0*109/л, СОЭ 40 мм/сағ. Эндоскопиялық зерттеуде: тік және сигма тәрізді ішектің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, эндоскоппен тигенде жеңіл қанайды. Қатпарлары жайылған жайылған, тамырлық сурет көрінбейді, көптеген эрозивті зақымдану фибринозды жабындымен. Ем тағайындаңыз:

1.педнизолон+пентаса

2.слофальк+пентаса

3.аатиоприн+салофальк

4.педнизолон +салофальк

5.метотрексат+салофальк

105. Қыз бала 10 жаста. Сұйық нәжіс күніне 6-7 ретке дейін, дефекация актісінің алдында іштегі ауырсынуға шағымданады. Колоноскопия жүргізілген: тік ішек шырышты қабаты толық гиперемияланған,қатпарлары жазылған, тамыр суреті бозғылт, эндоскоппен тигізгенде жеңіл қанайды. Осы патологияда қолданылатын препараттың әсер ету механизмі:

1.цитокиндердің пайда болуын ингибирлеу

2.простагландиндердің пайда болуын потенцирлеу

3.арахидон қышқылының метаболизмін жоғарылату

4.Т-хелперлер активациясы

5.антинейтрофильді антидене пайда болуын потенцирлеу

106. Бала 11 жаста. Дефекация актісінен кейін басылатын, толғақ тәрізді іштегі ауырсынуға, шырышпен қосылған тұрақты емес нәжіс, ішектің толық емес босау сезіміне шағымданады. Ауырғанына 3 ай, жоғарыда аталған симптомдар, осы айда 3 күн бойы байқалған. Комплексті клиникалық және лабораторлы-аспаптық зерттеуде органикалық патология табылмаған. При оценке стула по Бристоль шкаласы бойынша нәжіс бағалауында, дефекацияның 25 %-дан астамы 1-2 типке сәйкес келген. Сіздің диагнозыңыз:

1.ІТС (ішектің тітіркену синдромы) іш қатумен

2.ІТС диареямен

3.ІТС ауырсынумен

4.аралас ІТС

5.классификацияланбайтын ІТС

107. Балаға 10 жас. Соңғы 12 ай бойы диспепсиялық шағымдар және абдоминальды ауырсыну синдромы бойынша тексерілген. ФЭГДС: өңеш өтімді, шырышы интактілі, асқазан шырышы айқын гиперемияланған, асқазанның пилорикалық бөлімі ашық, асқазан қуысында көп мөлшерде өт анықталған. 12-елі ішектің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Сіздің диагнозыңыз:

1.созылмалы антральді гастрит, өршу кезеңі

2.созылмалы пангастрит, Нр ассоцирленген, өршу кезеңі

3.созылмалы реактивті пангастрит, өршу кезеңі

4созылмалы гастродуоденит, Нр ассоциирленген, өршу кезеңі

5.созылмалы реактивті гастродуоденит, өршу кезеңі

108. Қыз бала 15 жаста. Іштің жоғарғы жағындағы тұйық, қақсайтын, периодты-толғақ тәрізді, «белдемелік» сипаттағы, сол жақ иық пен жауырынға иррадиацияланатын ауырсынуға шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауыр дәрежеде, дене температурасы 37,50С. Тілі қалың жабынмен жабылған, шетінде тілдің іздері қалған. Ішті пальпациялағанда холедохопанкреатикалық аймақта ауырсыну анықталған. Нәжісі сұйық, «майлы», жағымсыз иісті. Осы патологияның патогенезіндегі негізгі тізбегі болып:

1.липостатин синтезінің жүре пайда болған жеткіліксіздігі

+2.ұйқы безі тініндегі панкреатикалық ферменттерінің белсенуі

3.ұйқы безі қызметінің экзокринді жеткіліксіздігі

4.ұйқы безі қызметінің эндокринді жеткіліксіздігі

5.панкреатикалық өзектің обтурациясы мен ісінуі

109. Балаға 12 жас. Созылмалы гастродуоденит бойынша есепте тұрады. Кезекті УДЗ тексеру кезінде, келесі көріністер анықталды: ұйқы безі эхогенділігі жоғарылаған, көлемі ұлғайған, паренхима структурасы біртекті емес, ұйқы безі өзегі кеңейген. Осы ауру мен реактивті панкреатитті ажырату диагнозын жүргізетін белгіні көрсетіңіз:

1.ұйқы безі көлемі ұлғаюы

2.қан сары суындағы амилаза жоғары мөлшері

3.стеаторея нейтральды маймен

4.холедохопанкреатикалық аймақта пальпациялағанда ауырсыну

5.кіндік және одан солға қарай ауырсыну

 

110. Бала 5 жаста. Тері мен склера сарғыштығы, вирусты инфекция қосылған кезде және тағамды қабылдау бұзылысында күшейе түседі. Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырға аймағында ауырсыну, бауыр +3,0 см қабырға доғасынан шығыңқы, консистенциясы тығыз, көкбауыр ұлғаймаған. БҚА –де – билирубин 80 мкмоль/л (прямой 14 мкмоль/л), АлТ 0,16 мккат/л, АсТ 0, 18 мккат/л. Фенобарбиталмен сынама-оң. Осы аурудың қай көрінісі Криглера-Найара синдромымен ажырату диагностикасы жүргізіледі:

1.тура емес гипербилирубинемия

2.аутосомно-рецессивный тұқым қуалау типі

3.гепатомегалия

4.спленомегалия

5.ядерлі сарғаю дамуы

 

111. Бала 9 жаста. Бас ауруы, жоғары шаршағыштық, оң жақ қабырға ауырсынуы- ұстама тәрізді сипатта мазалайды. Бұл белгілер майлы тағам қабылдаған соң және физикалық шаршаудан кейін пайда болады. Анамнезінде ВСД. Жүргізілген лабораторлы-инструментальды зерттеулер комплексі- қалыптыдан ауытқу болмаған. Осы жағдайдың еміндегі негізгі препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз:

1.гепатоциттердің мембрана стабилизациясы

2.аденилатциклаза активациясы

3.мускаринді рецепторлар блокадасы

4.өт айдаушы әсер

5.кальций ионының цитоплазмаға түсуінің тоқтауы

 

112.Бала 11 жаста. Соңғы 6 айда, дефекация актісінің алдында күшену мазалайды, 4-6 күнге дейін нәжіс тоқтауы. Іш кебуі, ішектің толық емес босау сезімі. Тағамды коррекциялағаннан нәтиже жоқ. Ішектің босауы босататын дәрілерді қолданған соң жүреді. Сіздің диагнозыңыз:

1.функциональды бұзылыс, компенсирленген стадия

2.тоқ ішектің функциональды бұзылысы, субкомпенсирленген стадия

3.тоқ ішектің функциональды бұзылысы, декомпенсирленген стадия

4.ішек тітіркену синдромы іш қатумен жүретін

5.ішек тітіркену синдром іш қатумен жүретін, аралас түрі

 

113. Бала 12 жаста. Оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауырсыну, ұзақтығы 20 мин созылады, құсумен бірге жүреді. Тағам режимін бұзу ауырсынуды күшейтеді. Нәжісі тұрақты емес. Тері жабындалары құрғақ, нормотермия, іш пальпациясында – оң жақ қабырға шамалы ауырсынуы, «көпіршік» симптомы өршу периодында оң. Құрсақ қуысы УЗИ: өт қабы – қабырғасы 2 мм, ұзындығы 5 мм, ені 3 мм, таңертеңгілік сынамалы астан кейін өт қабы 78 % жиырылды. Осы патологияны созылмалы холициститтен ажырататын белгі:

1.ұстама тәрізді ауырсыну синдромы

2.диспепсиялық көрініс

3.копрограмма нәтижесі бойынша стеаторея

4.қан анализіндегі қабыну өзгерістері

5.шамалы гепатомегалия

114. Бала 13 жаста. Периодты түрдегі іштің оң жағындағы қатты ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну физикалық жүктемеден кейін күшейеді, жүрек айну, құсу, майлы тағамды көтере алмау. Қарағанда жеңіл шеткейлік склера субиктериялығы, терісі құрғақ. Іш пальпациясында оң жақ қабырға аймағындағы ауырсыну, бауыр + 1,5 см қабырға доғасынан шығыңқы. Нәжісі тұрақсыз. Жүргізілген зерттеулерде органикалық патология анықталған жоқ. Өт ағысын қалпына келтіру мақсатында келесі препараттардың әсер ету механизміне байланысты қай препаратты тағайындайсыз:

1.өтте өт қышқылдарының концентрациясын жоғарылататын

2.холецистокинин секрециясын активтейтін

3.миоциттерге натрий каналдарын блокирлейді

4.Na+, K+ АТФ-азаны блокирлейтін

5.Н2-гистаминорецепторды блокирлейтін

115. Бала 14 жаста. Іштегі тұйық, қақсайтын, керулетін ауырсыну мазалайды, жүрек айну, құсу. Тілі құрғақ, құрғақ, ақ-сары жабынмен жабылған. Дене температурасы қалыпты. Іштің пальпациясында – оң жақ қабырғада ауырсыну және гастродуоденальды зонада, бауыр қабырға доғасында. Құрсақ қуысының УДЗ келесі белгілер анықталған: өт жолының алмұрт тәрізді формасы, ұзындығы 8 мм, ені 4 мм, қабырғасы 1,8 мм, өт қуысының құрамы біртекті емес, эхо-позитивті түзіліс 1 мм көлемде, акустикалық «жол». Осы ауруды созылмалы холициститпен ажырату диагностикасын жүргізетін крийтерий:

1.өршуден тыс парестезия зонасының сақталуы

2.спазмолитиктермен ауырсыну сезімінің басылуы

3.ауырсынудың оң жақ жауырынға иррадияциялануы

4.ауырсыну синдромының бірнеше сағатқа созылуы

5.өршудің негізгі факторы – диетаны бұзу

116. Бала 11 жаста. Қыжыл, іштегі ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Ауырсыну аш қарынға күшейіп, тағам қабылдаған соң басылады. Қарағанда – жағдайы орташа ауыр дәрежеде, терісі бозғылт, тілі ақ жабынмен жабылған. Беткей пальпацияда эпигастрий және пилородуоденальды аймақта ауырсыну байқалады, терең пальпацияда жүргізу мүмкін емес, себебі құрсақ алды бұлшық етінің қорғаныштық тітіркенуіне байланысты. Нәжісі іш қатуға бейім. Патогенетикалық мақсатта препараты ретінде келесі препараттардың әсер ету механизміне байланысты қай препаратты тағайындайсыз:

1.бөлінген тұз қышқылының нейтрализациясы

2.асқазанның париетальды клеткаларында АТФ-азамен тежелуі

3.Н.pylori-ге қарағанда бактерицидті әсері

4.Н2-гистаминді рецепторлардың стимуляциясы

5.Н.pylori бактериостатикалық әсері

117. Бала 18 айлық. Жиі көп мөлшердегі көпіршікті нәжіске, бұлшық ет әлсіздігіне, тершеңдік, дамудың артта қалуына шағымданады. Анамнезінен – жоғарыдығы шағымдар 8 айлығынан мазалайды. Бала 1 жетілген физиологиялық ағымда өткен жүктіліктен, 6 айлығында манни ботқасын берілген. Омыраумен тамақтанады, 5 айлығында жүгері кашасы түрінде қосымша тамақ енгізген. Обьективті – бала тамақтануы төмен, терісі бозғылт, ішінің көлемі ұлғайған, гепатомегалия. Нәжісі жиі, көпіршікті. Копрограммада – көп мөлшерде нейтральді май. Осы аурудың патогенезінің негізгі тізбегі болып:

1.ішектің перифериялық иннервациясының жетілмеуі

2.лактазаның туа біткен жеткіліксіздігі

3.ішек қуысында ерімеген дисахаридтердің жиналуы

4.трансмембранды реттеуші белокты кодтайтын ген мутациясы

5.трансглутаминазаның аутоантиденелермен блокирленуі

118. Бала 11 жаста. Қыжыл, іштегі ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Ауырсыну аш қарынға күшейіп, тағам қабылдаған соң басылады. Қарағанда – жағдайы орташа ауыр дәрежеде, терісі бозғылт, тілі ақ жабынмен жабылған. Беткей пальпацияда эпигастрий және пилородуоденальды аймақта ауырсыну байқалады, терң пальпация жүргізу мүмкін емес, себебі құрсақ алды бұлшық етінің қорғаныштық тітіркенуіне байланысты. Нәжісі іш қатуға бейім. Осы аурудағы қай белгі созылмалы панкреатиттің өршуімен ажырату диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді:

1.клойбер табақшаларын табу

2.қан анализіндегі қабынулық өзгерістер

3.абдоминальды ауырсыну синдром

4.«мойниган» ауырсыну ритмі

5.асқынған гастроэнтерологиялық анамнез

119. Ұл бала 13 жаста, созылмалы панкреатитпен ауырады, соңғы 2 күнде ауырсынудың кенеттен үдеп кеткеніне шағымданады, арқаға иррадияцияланатын, дене температурасының 38-39С жоғарылауы, көп ретті, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Іш пальпациясында іштің жоғарғы жағындағы қорғаныштық тітіркену байқалады. Сол жақта көбірек, терең пальпацияда сол жерде тығыз түзіліс анықталынады. Осы берілген жағдайдың генезінде:

1.ұйқы без аутолизі және құрсақ қуысының реактивті қабынуы

2.ұйқы безінің ацинарлы бөлімінің гиперплазиясы және инкапсуляциясы

3.ұйқы безі паренхимасының фиброзы және фатерова емізікшесінің тарылуы

4.ұйқы безінің айқын ісінуі және холестаз

5.ұйқы безінің басы мен денесінің гипертрофиясы және дуоденостаз

120. Бала 13 жаста. Соңғы 2 ай бойы қыжыл, қышқылмен кекіру, кеуде артындығы ауырсыну, дисфагия мазалап жүр. Баланы обьективті қарағанда патология анықталған жоқ. ФЭГДС: өңеш өтімді, өңештің абдоминальді бөлімінің шырышты қабаты гиперемияланған, болбыр, линиялық формадағы беткейінде бірен-саран эрозия анықталады, фибринозды жабынды ошақтар. Таңдау препараты ретінде келесі препараттардың әсер ету механизміне байланысты қай препаратты тағайындайсыз:

1.бөлінген бос HCI инактивациясы

2.қармаушы әсерлі

3.H+/K+-АТФ-аза ферментінің блокадасы

4.М-холиноблоктаушы әсерлі

5.Д2-дофаминді рецепторларды блоктау

 

121. Қыз бала 13 жаста. Соңғы 5 айда периодты түрдегі іштегі ауырсыну, бас ауруы, эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі мазалап жүр. Дефекация актісінен кейін жағдайы жақсарады, бірақ соңынан ішектің толық емес босау сезімі пайда болады. Осы уақытта қыз бала нәжістің жиілігі мен сипатының өзгеруі байқалатынын айтады, нәжіс қатты, тасты түрден бірнеше уақыт аралығында көпіршіктіге дейін өзгереді . Жүргізілген лабораторлы-аспаптық зерттеулер нәтижесінде патология анықталмаған. Нәжіс формасын бағалауда Бристольді шкала бойынша қыз бала 2-ші типті белгілеген (4 дефекацияның 3 -де) және 7-ші тип – солардың біреуінен. Римдік критерий-III бойынша сіздің диагнозыңыз:

1.ішек тітіркену синдромы диареямен жүретін

2.ішек тітіркену синдромы, аралас түрі

3.ішек тітіркену синдромы, ауырсыну синдромымен

4.ішек тітіркену синдромы, классификацияланбайтын

5.ішек тітіркену синдромы іш қатумен жүретін

122. Бала 14 жаста. Соңғы 2 айда қыжыл, қышқылмен кекіру, кеуде артындағы ауырсыну, дисфагия мазалап жүр. Баланы обьективті қарағанда патология анықталған жоқ. ФЭГДС: өңеш өтімді, өңештің абдоминальді бөлімінің шырышты қабаты гиперемияланған, болбыр, беткейінде бірен-саран линия түріндегі эрозия анықталады, фибринозды жабынды ошақтары. Сіздің диагнозыңыз:

1.гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы I дәреже

2.гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы II дәреже

3.гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы III дәреже

4.гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы IV дәреже

5.гастроэзофагеальды рефлюкс эзофагитсіз

123. Бала 6 жаста. Диагнозы: Созылмалы антральды эрозивті гастрит, орташа ауырлық дәреже, өршу сатысы. Дәрігер эрадикационды терапия тағайындаған. Антибактериальды препараттардың дозасын есепте:

1.амоксициллин 550 мг 2 рет тәулігіне, кларитромицин 165 мг 2 рет тәулігіне

2.амоксициллин 220 мг 2 рет тәулігіне, кларитромицин 55 мг 2 рет тәулігіне

3.амоксициллин 275 мг 2 рет тәулігіне, кларитромицин 55 мг 2 рет тәулігіне

4.амоксициллин 1,0 г 2 рет тәулігіне, кларитромицин 500 мг 2 рет тәулігіне

5.амоксициллин 750 мг 2 рет тәулігіне, кларитромицин 500 мг 2 рет тәулігіне

124. Органикалық өзгеріссіз өтетін, қандай да бір қызметінің өзгерісі тән асқорыту жүйесінің ауруын атаңыз:

1.қабыну аурулары

2.асқорыту жүйесі дисфункциялары

3.функциональды аурулар

4.деструктивті аурулар







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.