Здавалка
Главная | Обратная связь

Неонатология 7 курс



1. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес (ҚР, 2014) гестациялық мерзімі 29 апта және одан кем шала туған балалардың реанимация ерекшелігін көрсетіңіз:

1.барлық балаларға туғаннан кейін реанимациялық шараларды бастайды

2.баланың басы қосымша бас киіммен оралмайды

3.баланы туғаннан кейін бірден полиэтиленді пакетке орналастырады

4.баланың аз салмағын ескеріп, жүректің тура емес массажы жүргізілмейді

5.тыныс жолдарының санациясы реанимацияның соңғы қадамы болып табылады

2. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес (ҚР, 2014), жаңа туған нәресте жүргізілетін реанимациялық шараларға жауап бермесе және гиповолемиялық шок белгілері байқалса (бозару, әлсіз пульс, жүрек тондарының тұйықтығы, «ақ дақ» симптомы оң болса) немесе плацентаның жолда жатуы, вагинальды қан кету немесе кіндік тамырларынан қан жоғалту болса, нені ойлау керек:

1.алмастырып қан құю операциясын жүргізу

2.айналымдағы қан көлемін толтыру

3.тырысуға қарсы препараттарды тағайындау

4.белсенді тактильді стимуляция жүргізу

5.ларингеальді маска қолдану жөнінде

3. Жаңа туған нәрестеде алғашқы екі тәулікте тәуліктік диурездің қалыпты көлемі құрайды

1.0,2-0,3 мл/кг/сағ

2.1,0-5,0 мл/кг/сағ

3.2,5-3,0 мл/кг/тәул

4.0,5-2,5 мл/кг/сағ

5.5,0-7,0 мл/кг/тәул

4. Жаңа туған нәрестеде зәрдегі нәруыз қандай көрсеткіштен жоғарласа, протеинурия патологиялық болып саналады:

1.0,03 г/л//

2.0,044 г/л//

3.0,2мг/л//

5.4мг/л//

+6.0,33 г/л

 

5. Тура Кумбс сынамасы қай патология кезінде оң болады:

1.Rh-фактор бойынша нәрестелердің гемолитикалық ауруы

2.АВО жүйесі бойынша нәрестелердің гемолитикалық ауруы

3.нәрестелердің геморрагиялық ауруы

4.гемолитикалық анемия – талассемия

5.нәрестелердің постгеморрагиялық анемиясы

6. Эмбрионың қалыпты дамуын бұзатын және әр түрлi тума ақаулары мен аномалияларды тудыратын дәрiлер әсерi аталады:

1.эмбриотоксикалық әсер

2.тератогендi әсер

3.мутагендiк әсер

4.фетотоксикалық әсер

5.генотоксикалық әсер

7. РДС ауырлық дәрежесі төмендегі шкала бойынша бағаланады:

1.Апгар шкаласы

2.Дубович шкаласы

3.Сильверман шкаласы

4.Дементьева шкаласы

5.Залинг шкаласы

8. Оң қысыммен кеуде қуысының компрессиясымен желдету координациясы кезінде әр бір қимыл минутына қанша рет қайталанады:

1.40 тыныс алу қозғалыстары, 120 компрессия

2.30 тыныс алу қозғалыстары, 90 компрессия

3.60 тыныс алу қозғалыстары, 120 компрессия

4.20 тыныс алу қозғалыстары, 80 компрессия

5.30 тыныс алу қозғалыстары, 120 компрессия

9. ЖӨЖ- де ұзақ болған нәрестелерде негізгі асқыну болып табылады:

1.тыныс алу бұзылыстары синдромы

2.персистирлейтін фетальді коммуникация синдромы

3.бронх-өкпелік дисплазия

4.тахипноэ синдромы

5.геморрагиялық синдром

3?

10. «Көпіршікті» сынама анықтайды:

1.асқазан құрылымының құрамын

2.өкпенің жетілуін

3.жатыр маңы суының құрамын

4.қандағы рН

5.кадиоциттердің жетілуін

11. Неге СДР-мен шала туған балаға А, Е витаминдерін тағайындауға кеңес беріледі:

1.дене салмағының жоғарылауына әсер етеді

2.инфекцияға төзімділікті дамытады

3.бронхөкпелік дисплазияның даму мүмкіндігін төмендетеді

4.пневмонияның даму мүмкіндігін төмендетеді

5.гипоксемияны жояды

12. Нәрестелердің геморрагиялық ауруына қандай лабораториялық көрсеткіштер тән:

1.тромбоцитопения
2.қан ағу уақытының ұзаруы

3.қан ұю уақытының ұзаруы

4.этанолды тестінің оң болуы

5.гиперфибриногенемия

13. Нәрестелердің геморрагиялық ауруының негізгі алдын алу әдісі болып табылады:

1.витамин К тағайындау

2.этамзилат тағайындау

3.жаңа мұздатылған плазма құю

4.ε-аминокапрон қышқылын тағайындау

5.эритроцитарлы массаны құю

1?

14. Нәрестелердің жетілу дәрежесі қай межемен бағаланады:

1.Апгар

2.Сильверман

3.Довнес

4.Крамер

5.Баллард

15. Қазақстанға ДДСҰ тірі туу критериі енгізілді:

1.2002 жылдан

2.2004жылдан

3.2006жылдан

4.2008жылдан

5.2010жылдан

16. Реанимациялық дағдыларды меңгерген және босану кезінде нәрестелерді жүргізуге міндетті минимум қанша адам босандыруға қатысулары қажет:

1.1

2.2

3.3

4.4

5.5

17. Егер нәресте оң қысымды қапшық және маска көмегімен бірнеше минуттан артық желдетуді қажет еткен жағдайда жүргізу керек:

1.асқазанға зонд енгізу

2.ауыз ауаөткізгішін енгізу

3.адреналин енгізу

4.жүрекке тура емес массаж жүргізу

5.нәрестені қайта дұрыс қалыпқа келтіру

18. Шала туған балаларда ему, жұтыну және тыныс алу координацияларының қалыптасуы қай гестациялық мерзімге сәйкес келеді:

1.20 аптаға

2.22 аптаға

3.24 аптаға

4.28 аптаға

5.32 аптаға

19. Ұл бала жүктіліктің 36 аптасында дене салмағы 1600 гр.болып ешбір ақаусыз туды. Тыныс алуы қалыпты, жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет, тері жабындыларының түсі қызғылт, реакциялары жақсы, бірақ соруы қиындық туғызады. Баланың адекватты қоректенуі үшін қандай амал қарастырасыз:

1.парентеральді қоректенуге көшу

2.альтернативті әдіспен сауылған ана сүтімен қоректендіру

3.омыраумен емізу

4.адаптирленген сүт қоспаларымен қоректендіру

5.альтернативті әдіспен адаптирленген сүт қоспаларымен қоректендіру

20. Нәрестеде өмірінің 3-ші тәулігінде тері жабындыларының сарғыш түске боялуы, ал 2 күннен кейін (5 – ші тәулігінде) гепатомегалия, құсу пайда болған. Келесі күндері дене салмағының қатты төмендеуі, летаргиялық, гипогликемия ұстамалары, көздің қарашығында судың тамшылары пайда болды. Қандай тұқым қуалаушылық энзимопатия туралы ойлауға болады:

1.гистидинемия

2.цистинурия

3.тирозинемия

4.фенилкетонурия

5.галактоземия

21. Туғаннан соң 4 сағаттан кейін нәрестеде мұрын мен ауыздан сілекейдің көптеп бөлінуі байқалған.Сорғызудан кейін де, қайтадан көп мөлшерде бөлініп, жиналып қалған. Ары қарай бақылау барысында балада айқын тыныс алудың бұзылу белгілері пайда бола бастады:ентігу, акроцианоз, мазасыздану.

Осы жағдайда аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

1.лобарлы эмфизема

2.диафрагмальді жарық

3.өңеш атрезиясы

4.туа пайда болған диафрагмальді жарық

5.гастроэзофагальді рефлюкс

22. Туғаннан кейін 5 сағаттан кейін нәрестеде өт аралас асқазан құрамымен құсу пайда болды. Қарап тексерген кезде эпигастрий аймағындағы ішінің кебуі және іштің басқа бөлігінің кірігуі байқалады. Берілген клиникалық симптомдар төменде көрсетілген аурулардың қайсысына тән болып табылады:

1.өңеш атрезиясы

2.пилоростеноз

3.туа пайда болған диафрагмалық жарық

4.он екі елі ішек атрезиясы

5.тоқ ішектің атрезиясы.

23. Ұл бала І жедел босанудан, туғандағы салмағы 2500 г, бойы 51 см, бас аумағы 36 см, кеуде аумағы 31 см. Анасы 18 жаста, аң фермасының жұмысшысы. Баланың жалпы жағдайы туған кезден бастап неврологиялық симптомдарға байланысты орташа ауырлықты. Үлкен еңбегі 0,5 х 0,5 см. Бауыры қабырға доғасынан 3 см, көк бауыры 2 см шығып тұр. Бас миының УДЗ –де көптеген кальцификаттар анықталған. Зерттеу жоспарындағы сіздің ең алғашқы тактикаңыз:

1.стерильдікке қанды тексеру

2.люмбальды пункция

3.құрсақішілік инфекцияларға анализ

4.қанның биохимиялық анализі

5.коагулограмма

24. Жаңа туған ұл бала бірінші жедел босанудан туылған, туғандағы дене салмағы 2500гр., дене ұзындығы 51 см, бас аумағы 36 см, кеде аумағы 31 см. Анасы 18 жаста, жануарлар фермасының жұмысшысы. Туғаннан бастап баланың жалпы жағдай орташа, неврологиялық симптомдарға байланысты. Үлкен еңбегі 4х5 см, сагитальді тігісі ашық 1 см дейін, кіші еңбегі ашық 0,5 х 0,5 см. Бауыры 3 см-ге және көкбауыры 2 см-ге қабырға доғасынан төмен пальпацияланады. Офтальмологтың қарауы кезінде хориоретинит анықталды. Бас миының УДЗ-де көптеген кальцификаттар анықталды. Сіздің қойған диагнозыңыз:

1.туа пайда болған токсоплазмоз

2.туа пайда болған қызамық

3.туа пайда болған листериоз

4.туа пайда болған цитомегаловирусты инфекция

5.менингококкты менингит

25. Баланың туғанына 1 күн болған. Қарау кезінде тері жабындыларының сарғыштығы анықталды. Анамнезінен бала 3-ші жүктіліктен, 2- жедел босанудан екені анықталды.1-я жүктілік – медициналық аборт, 2-ші жүктілік – босану, 3-ші жүктілік – қазіргі. Анасының қан тобы А (II), резус-теріс. Осы жүктілік кезінде анти-Rh-антиденелерінің титрі 1/64 болған. Қосымша зерттеу барысында анықталды: қан анализінде – Нв 140 г/л. Эр . 4,5*1012л. Рет . – 26 %. Лейкоциттер 10*109л. Э – 2 %, т.я. – 1 %, С – 62 %, Л – 27 %, М – 8 %. Нормобласттар 2 нің 100 қатынасы. Қан анализін билирубинге тексеру: кіндік қанындағы тура емес билирубин деңгейі 80 мкмоль / л, Туғаннан кейін 6 сағаттан соң жалпы билирубин деңгейі – 160 мкмоль / л, тура емес – 158,4 мкмоль /л, тура – 1,6 мкмоль / л.Баланың қан тобы - B(III), резус – оң. Кумбс сынамасы тура оң. Баланы жүргізудегі тактикаңыз:

1.фототерапия, инфузионды терапия

2.қанды ауыстырып құю

3.фенобарбитал, адсорбенттер

4.инфузионды терапия, фенобарбитал

5.өт айдаушы препараттар, фенобарбитал

26. Нәресте кесарь тілігі операциясы арқылы жедел босанудан туған. Анасы 10 жыл бойы ревматизм ауруымен ауырады, кезеңмен аспиринді ішке қабылдап отырады. Ұл бала 3100гр. дене салмағымен асфиксиясыз туылды. Өмірінің бірінші күнінің соңында жаялықта шие тәрізді жағындылар қалдыратын күңгірт түсті нәжіс пайда болды. Клиникалық зерттеу барысында ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан анализінде аздап эритроциттер мен гемоглобиннің төмендеуі байқалады, қабыну белгілері жоқ. Апта сынамасы теріс. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.ішек инвагинациясы

2.нәрестелердің геморрагиялық ауруы

3.«жұтылған қан» синдромы

4.гемофилия А

5.ДВС-синдром

27. Нәресте кесарь тілігі операциясы арқылы жедел босанудан туған. Анасы 10 жыл бойы ревматизм ауруымен ауырады, кезеңмен аспиринді ішке қабылдап отырады. Ұл бала 3100гр. дене салмағымен асфиксиясыз туылды.Өмірінің бірінші күнінің соңында жаялықта шие тәрізді жағындылар қалтыратын күңгірт түсті нәжіс пайда болды. Клиникалық зерттеу барысында ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан анализінде аздап эритроциттер мен гемоглобиннің төмендеуі байқалады, қабыну белгілері жоқ. Тамақтандыру жөніндегі сіздің ұсыныстарыңыз:

1.сауылған омырау сүтімен тамақтандыру

2.сұрау бойынша омырау сүтімен тамақтандыру

3.парентеральді қоректендіру

4.тек сүт қоспасымен тамақтандыру

5.омырау сүтімен тамақтандыруды шектеу

28. Жаңа туған қыз баланың, өмірінің 2-күнінде, неонатолог дәрігер кіндік жарасынан қан аққанын байқаған.Анамнезінен бала IV жүктіліктен, 36 гестациялық аптасындағы II босанудан екені анықталды.Босануға 2 апта қалғанда ол жедел бронхитпен ауырып, соған байланысты ампициллинмен емделген.Босану патологиясыз өткен.Туған кездегі салмағы 2150 г.Бірден айғайлады.Апгар межесі бойынша бағалау 7 – 8 балл.Босану залында омырауға салынған. Өмірінің 3-ші күнінде балада экхимоздар мен петехиялар, қанды құсық, қара түстіфекальдімассалар пайда болған.Терісінің түсі боз, аяқ-қолдары суық. Пульстің толымдылығы әлсіз. Артериальді қан қысымы 45/20 мм сын.бағ. ТАЖ 80/мин. дейін, ЖСЖ 188 с/мин.негізгі аурудың асқынуы қандай:

1.гиповолемиялық шок

2.ДВС-синдром

3.респираторлы дистресс синдром

4.некротикалық энтероколит

5.қарыншаішілік қан кету

29. Бала жедел босанудан, кесарь тілігі операциясы арқылы асфиксиясыз дүниеге келген. Дене салмағы 4400 г. Анасы қант диабетімен ауырады. Өмірінің 3-ші күнінде жағдайының күрт нашарлауы байқалды: айқын әлсіздік, бұлшық еттің декортикационды тырысуымен периодты ауысып отыратын « бақа» позасы, аяқ – қол треморы, тері түсінің боз болуы, бет бұлшықеттерінің тартуы.Бабинский симптомы және сіңір рефлексі ғана сақталған, ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауаптың болмауы байқалады. Тыныс алуы ырғақты емес, «пуэрильді». Тахикардия. Көзге көрінетін шырышты қабаттары құрғақ. Іші жұмсақ. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі мен зәрі тұрақты.Қан глюкозасы 1,2 ммоль/л. Негізгі аурудың асқынуы қандай?

1.гипергликемиялық кома

2.қант диабеті

3.гипогликемиялық кома

4.туа біткен жүрек ақауы

5.гиповолемиялық шок

30. Сіздің 2 апталық баланы қарауға барған кезіңізде баланың анасы балада іш қатуына, терісінің сарғыш болуына, әлсіздігі мен ұйқышылдығына шағымданды. Физикальді тексеру кезінде ұйқтап жатқан балада терісінің аздаған сарғыштығы мен ішінің кепкендігі байқалады. Сіздің зерттеу жоспарыңыздағы бірінші ретті тактикаңыз:

1.анасының қан сарысуын аутоаниденелердің болуына тексеру

2.анасының тиреоидты статусын тексеру

3.нәрестенің метаболикалық статусын бағалау

4.балада ТТГ, Т3,Т4 мөлшерін анықтау

5.баланың тамақтану кезінде пайда болатын симптомдары мен баланың өсуін бақылап отырасыз

31. Бала 1-ші жүктіліктен. Жүктілік ерекшеліксіз өтті. Босану қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажыраумен асқынған. Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Апгар межесі бойынша 7 – 8 балл. 12 сағат өткеннен кейін нәрестеде кенеттен қанды нәжіс пайда болды. Бірінші кезеңде балаға қандай диагностикалық шаралар жүргізу керек:

1.барий сульфатымен клизма

2.Апта сынамасы

3.новокаинмен асқазанды жуу

4.АІЖ –ның жоғарғы бөлігін зондтау

5.коагулограмма

32. Бала И. , 1-ші жүктіліктен. Анасы 22 жаста, Жүктіліктің соңында әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінде көпіршікті бөртпе анықталған. Жүктіліктің 20 аптасында ЖРА – ң жеңіл түрімен ауырған. Босану уақытында болды.Қыз бала дүниеге келді, бірден айқайлады.Туғандағы дене салмағы 3400 г. Апгар межесі бойынша бағалау 8/9 балл. Өмірінің 4-ші күнінде жағдайы нашарлады. Бала әлсіз, нашар емеді, лоқсиды, бұлшықет гипотониясы байқалады, гипорефлексия байқалады. Қайта-қайта мазасызданып отырды.Денесінде және аяқ-қолында көпіршікті бөртпе пайда болды. Склерлары гиперемияланған, қабақтары ісінген, көзінде аздаған бөліністер байқалады. Сипатталған патологияның этиологиясы қандай:

1.цитомегаловирусты инфекция

2.қызамық

3.токсоплазмоз

4.герпетикалық инфекция

5.сифилис

33. Қыз бала 1 –ші жүктіліктің 36 аптадасында даму ақауларымен дүниеге келді: микрофтальмия, колобома, гидроцефалия. Туғаннан балада мазасыздық, аяқ-қол треморы, бұлшықеттік дистония, кейде діріл байқалды. Анамнезінен, әйел жүктіліктің бірінші триместрінде ауылдық жерде тұрғаны , онда мысық, ит, сиыр, ешкі сияқты үй жануарларымен қатынаста болғаны анықталды. Бірнеше рет тамаққа шикі жұмыртқа мен сиыр сүтін қолданған. Жүктілік кезінде ешқандай аурумен ауыриаған, ешқандай дәрі-дәрмек қолданбаған, зиянды факторлармен әрекет болмаған. Босану асқынусыз өткен. Осы даму ақауларына қарап, қай ауру туралы ойлауға болады?

1.цитомегаловирусты инфекция

2.қызамық

3.токсоплазмоз

4.герпетикалық инфекция

5.сифилис

34. Уақытында туған дені сау нәрестедетуғаннан кейін 1-аптадан соң терісінде және шырышты қабаттарында көптеген экхимоздар пайда болған. Анасы бала кезінде идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурамен ауырған. Ауруынан сауыққан.Сіздің болжам диагнозыңыз?

1.Бернара-Сулье тромбоцитопатиясы

2.Ландольт синдромы

3.трансиммунды тромбоцитопения

4.алоиммуннды тромбоцитопения

5.Вискота-Олдрич синдромы

35. Нәресте туғаннан кейін ішінің кебуі пайда болды, мазасызданды. Бірінші рет емізу әрекеті кезінде жөтел пайда болып, тұншығып, сүт аузы мен мұрыны арқылы аға бастады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.трахеоөңешті жыланкөз

2.12-елі ішектің атрезиясы

3.ішектің ортаңғы бөлігінің айналуы

4.өңеш атрезиясы

5.ішек өтімсіздігі

1?

36. Әйелдің босануы кезінде қағанақ суының көп болуы анықталады. Босанудан 6 сағат өткен соң нәрестеде өт аралас сұйықтықпен және аздаған шырышпен құсу пайда болды. Физикальдітексеруде – нормаға сай. Қай диагноз неғұрлым болжамды?

1.асқазанның екіге бөлінуі

2.пилоростеноз

3.өңеш атрезиясы

4.12-елі ішектің атрезиясы

5.ішектің ортаңғы бөлігінің айналуы

37. Жаңа туған ұл балаға 27 күн, стационарға келесі шағымдармен түсті: 10 күн бұрын пайда болған құсу, динамикасында жиілеп, құсық массаларының көлемінің ұлғаюымен қатар жүреді. Құсық массалары өтпен боялмаған.Тері жабындылары құрғақ, бозғылт, эластикалылығы төмендеген. Бала қомағайлана емеді, бірақ салмағын жоғалтуда. Қай диагноз неғұрлым болжамды?

1.пилоростеноз

2.ашы ішектік өтімсіздік

3.гастроэнтерит

4.инвагинация

5.бас миының ісігі

38. Бала туғанынан көп уақыт өтпей, цианозбен қатар жүретін тыныс алудың қиындауы пайда болған.Ауыз қуысын ашқанда тыныс алуы жақсарады, ентігу мен цианоз азаяды.Суреттелген клиникалық жағдай аталған қай ауру түріне сәйкес келеді?

1.Пьер-Робен синдромы

2.макроглоссия

3.хоаналар атрезиясы

4.инвагинация

5.бас миының ісігі

39. Бала өмірінің алғашқы 12 сағатында мұрынынан және аузынан көп мөлшерде көпіршікті бөліністер бөлінуімен қатар, баланың жалпы жағдайы цианоз, ентігу және өкпесінде ылғалды сырылдардың пайда болуымен асқынып нашарлады. Неонатолог қандай диагностикалық зерттеу жүргізуі керек?

1.кеуде қуысы мүшелерінің жалпы рентгенографиясы

2.өңешті контрастты рентгенологиялық зерттеу

3.кеуде қуысы мүшелерінің компьютерлі томографиясы

4.кеуде қуысы мүшелерінің УДЗ-і

5.өңешті зондтау

40. Акушер-гинеколог қабылдауына жүкті әйел ішіндегі ауырсыну шағымымен келді, акушерлік анамнезі (алдыңғы 2 жүктілік жүктіліктің 15 аптасында өздігімен түсікпен аяқталған).Жүктілік уақыты- 30 апта.Қараудан кейін диагноз қойылды:уақытынан бұрын босануға қауіп. Акушер-гинекологтың әрекеті:

1.госпитализация I деңгейде

2.госпитализация II деңгейде

3.госпитализация III деңгейде

4.амбулаторлы ем

5.амбулаторлы бақылау

41. Босану бөліміне 27 жастағы әйел ауыр гестозбен келіп түсті, жүктіліктің 23 апта мерзімінде салмағы 560 г нәресте уақытынан бұрын дүниеге келді. Баланың жағдайы ауыр болды, 2 ші тәулікте бала шетінеп кетті. Бұл өлімділік қандай өлімділік түріне жатады:

1.антенаталды

2.интранаталды

3.неонаталды

4.перинаталды

5.кеш неонаталды

42. Нәрестенің сол жақ қолы денесіне жабысқан, шыңтағы жазылған, ішке бұрылып, иық буынында ротацияланған, білекте пронацияланған, қол басы алақандық бүгілуде артқа және сыртқа бұралған қалпында жатыр. Басы бүйіріне бұрылған, мойны қысқа сияқты, көп көлдеңен қатпарлармен, айқын суланумен. Қандай патология орын алған:

1.Дежерин—Клюмпке салдануы

2.Кофферат синдромы

3.Бернар—Горнер синдромы

4.Дюшенн—Эрб салдануы

5.Жұлынның кеуде бөлігінің зақымдануы

43. Нәрестеде келесі белгілер байқалды : қолдың дистальді бөлігінде бұлшықет тонусы төмен, шынтақ буынында қозғалыс жоқ, шынтақ «итбалық табаны» формалы. Қарау кезінде шынтақ бозғылт, көгерген реңді, ұстағанда суық, саусақтар жазылған. Иық буынында қозғалыс сақталған, Моро рефлексі төмен, Бабкин және ұстау рефлексі жоқ. Жұлынның қай деңгейде зақымдалуы осындай клиникаға әкеледі:

1.Cv -Cvi

2.Сvii-Тhi

3.Тhiii-Тhvi

4.Ciii-Civ

5.Ci-Cii

44. Нәрестеде омыртқа бағаны мен жұлынның туылу кезіндегі жарақаты байқалды, бас пен мойынның иммобилизациясы жасалды,ауырсыну синдромын басу үшін седуксен енгізу қажет, препараттың қажетті дозасын санаңызегер баланың салмағы 3000г болса:

1.0,3г 1рет тәулігіне

2.60мг 2рет тәулігіне

3.0,1мг 2-3 рет тәулігіне

4.15мг 2 рет тәулігіне

5.0,3мг 2-3 рет тәулігіне

45. Жаңа туған қызды ынталандырған, оның аузының туалетін жүргізген және бос оттегі ағымын тағайындады. Туғаннан бері 30 секунд өтті, бірақ ол әлі де тыныс алмайды және бозғылт. Оның ЖСЖ минутына 80 соққы. Келесі әрекет болуы керек:

1.оттегіні беруді жалғастыру

2.трахея интубациясын жүргізу

3.ауыздан және мұрыннан груша немесе катетер көмегімен сору жүргізу

4.оң қысыммен 100 % оттегімен қап және маска арқылы желдету енгізу

5.жүрекке тура емес массаж

46. Нәресте ұл бала 1 жүктілік, 1 шұғыл босану. Анасында созылмалы пиелонефрит, 30-32 аптасында аурудың тез өршуі болған. Дене салмағы 3500 грамм болып туылды. Өмірінің 3-ші күнінде баланың тері қатпарларында, басының шашты бөлігінде пустулалар табылды. Баланың жалпы жағдайы бұзылған жоқ. Болжам диагноз қойыңыз:

1.тершеңдік

2.токсикалық эритема

3.везикулопустуллез

4.псевдофурункуллез

5.көпіршік

47. Шала туылған нәресте, 3 ші күн, тері жабындылары бозғылт, ұстағанда қолға суық. Мықын, балтыр, гениталий және табан аймағында тері мен теріасты май қабатының ісінуі мен тығыздануы. Берілген ауру мен нәрестенің склеремасының ажырату белгілерін атаңыз:

1.терісі бозғылт, ұстағанда суық

2.тері қатпарланбайды

3.гипотермияға тенденция

4.басу орнында шұңқыр қалады

5.Никольский синдромы теріс

48. Ұл бала К. жасы 5 күн 2-ші жүктілік 2 босанудан. Анасы созылмалы пиелонефритпен ауырады. Осы жүктіліктің 26-28 аптасында өршу байқалды. Босану шұғыл, жылдам. Туғандағы салмағы– 3000 г. Апгар шкаласы бойынша 7/9 балл. Үйіне өмірінің 3-ші күні қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Үйінде 2-ші күні мазасыздық, қақалу, дене қызуының 37,8º дейін жоғарылауы байқалды. Қарағанда алдыңғы құрсақ қабырғасы, мықын және кіндік қатпарларында овальді және домалақ формалы көпіршіктер әлсіз әжімделген қабығы бар, айналасында көлемі 5-15 мм. Гиперемияланған жабынжеңіл алынады. Берілген ауруға және жай генерализденген буллезді эпидермолизге тән ортақ белгілерді ата:

1.ауру тұқым қуалайды

2.туғаннан кейін ауру бірден байқалады

3.көпіршіктер киіммен қажалған және қысылған жерлерде орналасады

4.көпіршіктер эрозивті беткейді құрап жарылады

5.алақан мен табан гипергидрозы

49. Жаңа ғана жетіліп туылған салмағы 2400г нәресте ұл балада байқалды: тригоноцефалия, жоғарғы еріні мен таңдайының кеңуі, көз саңылауының жіңішкеруі, құлақ қалқанының төмен орналасуы және деформациялануы, микрогения, білезіктің флексорлы орналасуы. Бұл клиникалық көріністер қай тұқым қуалаушылық синдромға тән:

1.Даун синдромы

2.Патау синдром
3.Эдвардс синдромы

4.Пьер-Робин синдромы

5.Шерешевский-Тернер синдромы

50. 39 жастағы әйел дәрігер генетикке кеңес алуға нәрестесімен келген. Баланы қарау кезінде көзі саңылауы қисық, беті жалпақ. Басы домалақ, маңдайы тар, құлақ қалқаны вертикальді бағытта кішірейген, құлақ сырғалығымен бітісіп кеткен. Алақанында тек көлденең бір жүлге бар. Жүрек аускультациясында төстің сол жағында дөрекі систолалық шу естіледі. Берілген синдромда қай хромосоманың бұзылысы бар?

1.8 хромосомада

2.13 хромосомада

318 хромосомада

4.21 хромосомада

5.22 хромосомада

51. Бала IV жүктіліктен, II уақытында босанудан. Босану өзгеріссіз. Бала салмағы 3200. Анасында О(I) қан тобы, резус теріс, балада О(I) қан тобы, резус оң. 1-ші тәуліктің соңында балада дене терісі мен көздің ақ қабығының сарғаюы пайда болды, бауыры + 3,5 см, көк бауыр+1,0 см. Бала әлсізденген Жалпы қан анализі: Нв-100 г/л, эр.-3,0х1012/л, билирубиннің сағат сайын өсуі 9,6 мкмоль/л, сіздің біріншілік шараңыз:

1.инфузиялық ем

2.фототем

3.қан алмастыру операциясы

4.өт айдау препараттары

5.адсорбенттер

52. Нәресте I-ші асқынбаған жүктілік және босанудан.Өмірінің 3 тәулігінде баланың денесінде, аяқ-қолдарында ортасы дөңгелек тығыз ақ папуласы бар

көлемі 1-1,5 см, қызыл дақтар пайда болды.Баланы жалпы жағдайы өзгермеген.Сіздің дәрігерлік шараңыз:

1.антибиотик тағайындау

2.УФО

3.фотоем

4.теріні өңдеу

5.ем қажет емес

53. Бала ІV жүктіліктен, ІІ босанудан, жетілген, тез айқайлайды (жүктілік сау бала, 2-3 жүктілік түсік). Жүктіліктің соңғы апатасында анасының дене қызуы 39 градус көтерілген, цистит байқалып, бел аймағы ауырсынған. Бала туғаннан кейін 2 сағаттан соң баланың дене қызуы 38,5 көтеріледі, өкпесінде-пневмония көрінісі. Тәулік санында дене терісінің де популезді және петехиалды бөртпелер, бауыры ұлғайған. Қандай инфекциялы эмбриофетопатияны ойлауға болады:

1.токсоплазмоз

2.қызамық

3.листериоз

4.феталды гепатит

5.цитомегалия

54. Нәресте А, фето-планцетарлы жетіспеушілікпен өткен бірінші жүктіліктен, 32 аптадағы уақытына жетпей босану. Сильверман бойынша 7 балл. Нәрестеде өмірінің алғашқы сағаттарында жүрек ЖСЖ 70 рет/мин, «экспираторлы қорылдауы», қабырға аралығының томпаюы. Аускультативті тыныс алу әлсіздігі, 3-ші күнде әлсіз сырылдар байқалады. Рентгенограммада қараю аймақтары ашық аймақтармен араласқан. Мынадай диагноз қойылған: 1 типтегі РДС, біріншілік ателектаздар, ауыр дәрежеде. Нәрестеге сурфактант енгізу мына мөлшерде тағайындалған:

1.50 мг/кг

2.100 мг/кг

3.150 мг/кг

4.200 мг/кг

5.250 мг/кг

55. Нәресте жасы 4 сағат, төбе-шүйде аймағында жұмсақ эластикалық консистенциялы жұмсақ тіндердің жайылмалы ісінуі байқалады.Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.бастың шашты бөлімінің флегмонасы

2.босану ісігі

3.кефалогематома

4.бас сүйегінің сынуы

5.төбе сүйегінің соғылуы

56. Нәресте салмағы 4200 г, жасы 2 күн, оң қолын қозғағанда ауырсыну, оң бұғана тұсында ісіну, крепитация, анықталады. Моро рефлексі оң жақта анықталмайды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.бұғана сынуы

2.жұмсақ тіннің соғылуы

3.иық сүйегінің сынуы

4.церебралды ишемия

5.Эрба-Дюшен парезі

57. Нәресте жүктіліктің 32 аптасында 2000 г. салмақпен туған. Терісі сарғыш,гепатоспленомегалия, дене терісінде петехиалды бөртпелер бар. Ұртының шырышты қабатынан алынған жағындыда көп ядролы гигантты клеткалар анықталды.Гемограммада тромбоцитопения. Сіздің диагнозыңыз:

1.токсоплазмоз

2.листериоз

3.мерез

4.гепатит

5.цитомегалия

58. Туғанда қыз баланың денесінде мөлшері 20см, түкпен жабылған қоңыр түсті дақтар байқалған. Жоғарыдағы клиникалық көріністері тән:

1.нейротерілік меланозаға

2.монғол дақтарына

3.телеангиоэктазияға

4.гемангиомаға

5.витилиго

59. Егер балада спастикалық тетрапарез, вегетовицералды синдром, тыныс алу, жүрек соғу аритмиясы, асқазан-ішек дискенезиясы,терморегуляциялық бұзылыс, шок болса, жүйке жүйесінің зақымдалуы қай деңгейде:

1.құлақ маңы безі деңгейінде ,бет нервісінің бағанасы

2.жұлынның мойын бөлімі

3.бел-құйымшақ бөлімі

4.краниоспиналды орналасуы

5.үштік нерв

60. 5-күндік бала нәрестелер патологиясы бөліміне ОНЖ перинатальді зақымдалуына байланысты ауыстырылды. Айқын мазасыздану, тырысуға дайындық, бұлшықет гипертониясы, жиі көп мөлшерде лоқсу.

Балаға ең бірінші не тағайындау қажет:

1.антибиотиктер

2.массаж, гимнастика

3.дегидратациялық ем

4.церебролизин

5.«В» тобындағы витаминдер

61. 5-күндік қыз бала сиген сайын жаялықта қызыл дақтар қалады. Жиналған зәр лайлы, тұрған кезде қызыл-қоңыр тұнба шөгеді, бірақ эритроциттер көру аймағында 1-2 ден аспайды. Аталған өзгерістердің себебі қандай:

1.жыныстық криз

2.зәрқышқылды диатез (инфаркт)

3.геморрагиялық диатез салдарынан макрогематурия

4.нефролитиаз

5.бүйрек ісігі

62. 7 күндік нәресте қызының жаялығын ауыстырған кезде анасы онда қынаптан қанды бөліністердің шығуын, сүт бездерінің қатаюынбайқап, дәрігерге келді. Бұл жағдайда қандай ем тағайындау қажет:

1.б/етке витамин К

2.аминокапрон қышқылы per os

3.ем қажет емес

4.дицинон көктамырға

5.гемостатикалық губка

3?

63. Бала асфиксиямен туды. Туғаннан соң 2 сағаттан кейін ентігу пайда болды (ЧСС 66 рет минутына), "қорсылдап" дем шығару, кеуденің ішке кіруі, кейін цианоз дамыды, мұрын желбезектерінің керілуі, парадоксальды тыныс, ерінінде көпіршік. Өкпесінде өте әлсіз тыныс. Бала солбыр, бұлшықет гипотониясы, гипорефлексия, олигурия, іштің желденуі. Жүрек тондары әлсіреген, тахикардия. Балада қандай ауруды болжауға болады?

1.нәресте пневмониясы

2.жатырішілік пневмония

3.тыныс бұзылысы синдромы

4.туу кезіндегі бас сүйек жарақаты

5.асқазан-кеңірдек тесігі

64. Жаңа туған нәрестеде қарау кезінде мұрынымен тыныс алуының қиындауы байқалады. Терісі бозғылт-сұр түсті, күлдіреуік элементтерімен, алақаны мен өкшесінде диффузды дақты-папуллезді бөртпелер байқалады. Ішкі ағзалары бойынша ерекшеліксіз. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.туа пайда болған токсоплазмоз

2.туа пайда болған листериоз

3.туа пайда болған сифилис

4.туа пайда болған гепатит

5.туа пайда болған цитомегалия

65. Нейротоксикоз бен менингит арасында ажырату диагнозын жүргізу үшін қажет:

1.меннингеальді белгілерді анықтау

2.компьютерлік томография жасау

3.бассүйек 2 кескінде R-графия

4.ликворды зерттеу

5.көз түбін зерттеу

66. 22 күндік бала ауру нәрестелер бөлмесіне белгісіз коньюгациялық сарғаю диагнозбен түсті. Жағдайы ауыр: дел-сал, емшекті нашар емеді, беті ісінген, денесі, аяқ-қолы ісік, терісі құрғап, сарғайған, түлеп жатыр. Шашы құрғап, түсуде. Ауызы жартылай ашық, тілі үлкен, дауысы қарлыққан, жүрек тондары күңгірт, өкпеде ауытқуы жоқ. Іші жұмсақ, бауыры +3 см. Іші қатып қала береді. Сіздің мүмкін деген диагнозыңыз:

1.Дауна ауруы

2.тума гипотиреоз

3.паратрофия

4.диабеттік фетопатия

5.Гиршпрунг ауруы

2?

67. Босану бөлмесінде терісінде меконий қалдықтары бар нәрестеге бір сағаттан соң оң қысыммен желдету жүргізілді, онда оттегімен қаныққан гемоглобин төмендеуі және кеуде қуысының бір жағында әлсіреген тыныс анықталды. Мүмкін болатын диагноз:

1.туа пайда болған жарық

2.гемоторакс

3.гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия

4.пневмоторакс

5.пневмония

5?

68. Туылған бала демалмайды, көгерген. Тыныс алу жолдарына санация жүргізіліп, стимуляцияланды. Туылғаннан кейін 30с соң жақсару байқалмайды. Келесі жүргізілетін қадам:

1.тактильды стимуляция

2.ауыз бен мұрынын шырышты бөліністерді сорып алу

3.үнемі оң қысыммен өкпені жасанды желдету

4.жүрекке тура емес массаж

5.трахея интубациясы

3?

69. Жаға туған нәрестеге стимуляция жүргізіліп, ауыз қуысын тазалап оттегі еркін ағымын тағайындады. Туылғаннан кейін 30 секунд өтті, бырак ол әлі тыныс алмайды және бозарған. ЖСЖ - 80 рет минутына. Келесі жасалатын әрекет:

1.ағымды оттегі беруді жалғастыру

2.трахея интубациясын жүргізу

3.груша мен катетер арқылы мұрын және ауыз қуыстарына тазалау жүргізу

4.қапшық пен маска арқылы оң қысымды оттегімен 100% өкпені жасанды желдету

5.жүрекке тура емес массаж

4?

70. Бала 1 айда ІІІ-ші жүктіліктен, жүктілік кольпит пен созылмалы пиелонефрит фонында өткен. III-ші босану 35 аптада, туылғандағы салмағы 2000 г. ІІ-ші дәрежелі асфиксиямен туылған. Алғашқы күндерден бастап жөтел, ентігу, бұлшықет гипотониясы, лоқсу. Салмағын нашар қосады. Терісі сарғыш-сұр түсті, аяқтарында склерема. Перкуторлы – жауырын бұрышының төменгі аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Әлсіреген тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған. Кіндік сақинасы дымқыл, кіндіктен іріңді бөліністер. Рентгенографияда қандай өзгерістерді күтесіз:

1.өкпе паренхимасының эмфизематоздылығы мен керілуі

2.өкпе түбірінің кеңеюі

3.өкпедегі фиброзды өзгерістер

4.өкпе алаңының мөлдірлігінің төмендеуі және инфильтрациялануы

5.көкірік арқалық көлеңкесінің ығысуымен өкпе агенезиясының

71. 1 айлық бала стационарда жатыр. 1-ші жүктіліктен туылған, жүктілік токсикоз фонында өткен, 24-26 аптада – анасында катаральды белгілерсіз дене қызуының жоғарылауы. I-ші жүктілігі 37 аптада босанудан, салмағы 2700г. 1 айдағы салмақ қосуы 200 г құрайды. Түскен кездегі жағдайы ауыр, тамақтануы төмен, терісі құрғақ. Грефе симптомы оң, горизонтальды нистагм. Бауыры 2,5см, көкбауыры – 1,0см қабырға доғасынан шығыңқы. Балада токсоплазмозмалы антигенмен комплемен байланыстырушы реакциясы 1:64, анасында 1:192. Диагнозды нақтылауға қажетті тексерулер:

1.«жуан» тамшы микроскопиясы

2.полимеразды тізбекті реакция

3.гемокультураны зерттеу

4.иммунофлюоресценция реакциясы

5.пассивтігемагглютинация реакциясы

72. 4 күндік ұл бала нәрестелер патологиясы бөлімшесінен босану үйінен келіп түсті. Анамнезінен – анасы 21 жаста, І-ші жүктілік, І-ші үштігінде дене қызуы екі күн бойы 38,0*С-ге дейін жоғарылаған. Кеудесінде және аяқ-өқолдарында ұсақ қызғылт бөртпелер. Жедел босану 38 аптасында. Туғандағы салмағы 2750гр. Апгар межесі бойынша 5-6 балл. Денесінде – петехиялар және ұсақ экхимоздар түріндегі геморрагиялық бөртпелер. Жүрек тұсында – дөрекі систолалық шу, өкпесінде қатқыл тыныс. Бауыры қабырға доғасынан 3 см, көкбауыры 1см-ге шығыңқы. Окулист қарауы кезінде катаракта анықталған. Петехия және экхимоз түріндегі бөртпелердің пайда болуы неге негізделген:

1.гемоглобинопатиямен

2.тромбоцитопатиямен

3.анемииямен

4.вазопатиямен

5.тромбоцитопениямен

73. Жаңа туған нәрестеде әлсіздік, жиі лоқсу, бұлшықет гипотониясы байқалады, анасы жаялықтан жағымсыз «тышқан» иісін сезеді. Сипатталған ауру берілуі кезінде мутантты ген тасымалдаушысы болып табылады:

1.әкесі

2.анасы

3.ата-анасының екеуі

4.ата-анасының ешқайсысы

5.ата-анасының бірі

74. Балада ауыр РДС клиникасы дамыды. Белгілердің қайсысы РДС клиникалық көрінісіне жатпайды:

1.тыныс алғанда құрсақ көтеріліп, кеуде торы төмен түсуі

2.тыныс алғанда барлық қабырға аралықтар ішке кірігуі

3.кеуде торы мен семсертәрізді өсіндінің ішке кірігуі жоқ

4.тыныс алғанда иек төмен түсіп, ауыз ашылады

5.экспираторлы шулар стетоскопсыз естіледі

75. Жаңа туған нәрестеде ауыз бен мұрыннан көп мөлшерде бөліністер пайда болды. Сорғышпен тазалағаннан кейін шырыш көп мөлшерде қайта түзіледі. Әрі қарай бақылағанда балада тыныс бұзылыстарының айқын белгілері дамыды: ентікпе, акроцианоз, мазасыздық. Нәрестеде ең алдымен қай патологияны болжау керек:

1.лобарлы эмфизема

2.диафрагмальды жарық

3.туа біткен диафрагмальды жарық

4.өңеш атрезиясы

5.гастроэзофагальды рефлюкс

76. Әйел 18 жаста, ауыл шаруашылығының қызметкері, І жедел босанудан салмағы 2450 г, бойы 50 см, бас айналымы 35 см, кеуде айналымы 32 см ұл баланы босанды. Баланың жағдайы туғаннан неврологиялық симптомдар есебінен орташа ауырлықта. Үлкен еңбегі 4,0х5,0 см, сагитальді тігістің 1см-ге ажырауы бар, кіші еңбегі – 0,5х0,5 см. Бауыры 3 см, көкбауыры 2 см-ге қабырға доғасы жиегінен шығыңқы. Офтальмологтың қарауында хориоретинит анықталған. Бас миы УДЗ-де көптеген кальцификаттар анықталған. Балаға алдымен қандай зерттеу тағайындау керек:

1.қанды стерильділікке тексеру

2.люмбальды пункция

3.құрсақішілік инфекцияға анализ

4.электроэнцефалография

5.коагулограмма

77. Нәрестені туғаннан кейін 1-тәулікте қарау кезінде тері жабындыларының сарғаюы байқалды. Бала 4-жүктілік, 2-жедел босанудан. 1- және 2-жүктіліктер – медициналық аборттар, 3-жүктілік – босану, 4-жүктілік – қазіргі. Бала анасында қан тобы А (ІІ), резус-теріс. Қазіргі жүктілігі барысында анти-Rh-антиденелер титрі 1/68. Баланың жалпы қан анализі: Нв 140 г/л. Эр - 4,5*1012л. Рет . - 26 %. Лейкоцит 10*109л. Э – 2 %, т/я – 1 %, с – 62 %, л – 27 %, м – 8 %. Нормобласттар 100-ге 2. Биохимиялық анализде: кіндік қанында тура емес билирубиннің деңгейі 80 мкмоль/л, туғаннан 6 сағаттан кейін жалпы билирубин – 165 мкмоль/л, тура емес – 158,4 мкмоль/л, тура – 6,6 мкмоль/л. Баланың қан тобы– B(III) үшінші, резус – оң. Тура Кумбс сынамасы оң. Әрі қарай жүргізу бағытын таңдаңыз:

1.фототерапия, инфузиялық терапия

2.алмастырып қан құю операциясы

3.фенобарбитал, адсорбенттер

4.инфузиялық терапия, фенобарбитал

5.өт айдаушы препараттар, фенобарбитал

78. Өмірінің алғашқы тәулігінің соңына таман анасы баласында жаялықта шие тәрізді дақтар қалдыратын қара түсті нәжіс пайда болғанын байқады. Клиникалық зерттеуде ішкі ағзалар тарапынан бұзылыстар анықталған жоқ. Апт сынамасын жүргізгенде тұнбаүсті сұйықтық түсі өзгерген жоқ. Сынама нәтижелері қандай жағдайды сипаттайды:

1.ішек инвагинациясы

2.нәрестелердің геморрагиялық ауруы

3.«жұтылған қан» синдромы

4.гемофилия А

5.ТШҚҰ-синдром

79. Жаңа туған нәрестеде өмірінің 3-тәулігінде экхимоздар мен петехиялар, кіндік жарасынан қанағыштық, мелена байқалады. Анамнезінен: босануға дейін 2 апта бұрын анасы ампициллин қабылдаған. Босану табиғи жолдар арқылы, туған кездегі салмағы 2550г. Бірден айқайлады. Қарау кезінде терісі бозарған, аяқ-қолдары суық. Пульс толымдылығы әлсіз. Артериялық қысымы 45/20 мм с.б. ТАЖ 82/мин дейін, ЖСЖ 180 соққы/мин. Қандай асқыну дамыған:

1.ТШҚҰ-синдром

2.респираторлы дистресс синдром

3.гиповолемиялық шок

4.некротикалық энтероколит

5.қарыншаішілік қан кету

3?

80. Қант диабетінің 1-типімен ауыратын әйел кесар тілігі жолымен салмағы 4700 г балаға босанды. Нәрестенің өмірінің 2-тәулігінде жағдайының нашарлауы байқалған: әлсіздің, гипотония, кезеңді түрде ауысатын бұлшықет декортикационды ригидтілігі, аяқ-қолдардың треморы, бозару, бет бұлшықеттерінің дірілдеуі. Рефлекстерден тек сіңірлік және Бабинский рефлекстері сақталған, ауырсыну тітіркенгішіне жауап жоқ. Тыныс аритмиялы. Тахикардия. Шырышты қабаттардың құрғақтығы. Іші жұмсақ. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Нәжіс пен зәр шығару ретті. Гликемия – 1,2 ммоль/л. Дамыған асқынуды атаңыз:

1.гипергликемиялық кома

2.қант диабеті

3.жүректің туа біткен ақауы

4.гиповолемиялық шок

5.гипогликемиялық кома

81. Жаңа туған нәресте қыз, бірінші жүктіліктен, туған кездегі салмағы 3500 г. Апгар межесі бойынша 8/8 ұпай. Анасында жүктілік соңында сыртқы жыныс ағзаларында везикулалар байқалған. Әйел жүктіліктің 22 аптасында ЖРА жеңіл формасымен ауырғаны белгілі болды. Өмірінің 4-күні бала әлсіз болып, нашар еміп, құсып, бұлшықет гипотониясы, гипорефлексия дамып, кезеңді мазасызданды. Нәресте терісінде көпіршікті бөртпелер байқалады. Склералары гиперемияланған, қабақтары ісінген, көзден шамалы бөліністер. Қандай инфекциялы процесс орын алғанын көрсетіңіз:

1.цитомегаловирусты инфекция

2.герпестік инфекция

3.қызамық

4.токсоплазмоз

5.мерез

82. Нәрестелер патологиясы бөліміне 20 күндік ұл бала 5-6 күн бұрын басталған, динамикада күшейген «фонтан» тәрізді құсу шағымдарымен түскен. Құсық массаларға өт араласпаған, динамикада құсық көлемі ұлғаю үстінде. Бала құмарланып емеді, бірақ дене салмағын қоспайды, жетіспеушілігі байқалады. Зәр шығару жиілігі азайған, зәрінде қызылдау рең пайда болған. Қандай патология жөнінде ойлауға болады:

1.пилоростеноз

2.12-елі ішек атрезиясы

3.гастроэнтероколит

4.ішек инвагинациясы

5.бүйрек агенезиясы

83. Акушер-гинеколог қабылдауына жүкті әйел іштің төменгі бөлігінде тартып ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінде: алдыңғы 2 жүктіліктері 14, 16 апталарда өздігінен түсікпен аяқталған. Қазіргі жүктілігінің мерзімі – 30 апта. Қараудан кейін уақытынан бұрын босану қаупі диагнозы қойылды. Акушер-гинекологтың тактикасы қандай болу керек:

1.I деңгейге госпитализация

2.IІ деңгейге госпитализация

3.амбулаторлы ем

4.IІІ деңгейде госпитализация

5.күндізгі стационар

84. Перзентханаға 28 жастағы әйел преэклампсияның ауыр дәрежесімен келіп түсті, жүктілік 23 апта. Кесар тілігі жасалған, дене салмағы 570 г нәресте алынды. Баланың жағдайы өте ауыр, алғашқы тәуліктің соңына қарай нәресте шетінеді. Аталған жағдай қандай өлім көрсеткішіне жатқызылады:

1.антенатальды

2.интранатальды

3.неонатальды

4.перинатальды

5.кеш неонатальды

85. Бала бетпен келіп туылған. Қарау кезінде: нәрестенің сол қолы тұлғаға әкелінген, шынтақ буынында жазылған, ішке қарай бұрылған, йық буынында ротацияланған, білекте пронацияланған, білезік алақан бүгілісінде артқа және сыртқа бұрылған. Мойын қысқа болып көрінеде, көптеген көлденең қатпарлар мен сулану байқалады. Басы иілген және бұрылған. Моро, Бабкин рефлекстері және ұстау рефлексі төмендеген. Сипатталған клиника қандай патологияға сай келеді:

1.Дежерин-Клюмпке салдануы

2.Дюшенна-Эрба салдануы

3.Кофферат синдромы

4.Бернара-Горнер синдромы

5.Мишық зақымдануы

86. Жамбаспен келіп туылған балада келесі көрініс байқалады: қолдың дистальді бөліктерінде бұлшықет тонусы төмендеген, шынтақ буынында қозғалыс анықталмайды, білезік «итбалық» формасына ие. Білезік терісі бозарған, көгерген реңмен, ұстағанда салқын, білезігі жалпайған. Йық буынында қозғалыс сақталған, Моро рефлексі төмендеген, Бабкин және ұстау рефлексі анықталмайды. Жұлынның қандай деңгейде зақымдануы осындай клиникаға әкелуі мүмкін:

1.СV –CVI

2.ThIII-ТhVI

3.CIII-CIV

4.CI-CII

5.CVII-ТhI

87. Жаңа туған нәресте қыздың тыныс жолдарын шырыштан тазалап, сәйкес қалыпқа келтірді, тактильді стимуляцияны жүргізді, оттегінің еркін ағынымен қамтамасыз етті. Туғаннан кейін 30 секундтан кейін ол әлі тыныс алмайды, ЖСЖ 80 соққы/мин. Неонатологтың келесі әрекеті қандай болу керек:

1.өкпенің оң қысыммен мәжбүрлі вентиляциясын жүргізу

2.ағынды оттегінің берілуін жалғастыру

3.кеңірдек интубациясын жүргізу

4.груша немесе катетер көмегімен ауыз бен мұрыннан сорып алуды жүргізу

5.жүректің тура емес массажын жүргізу

88. Өмірінің 3-тәулігінде балада қарау кезінде терінің табиғи қатпарларында және бастың шашты бөлігінде пустулалар анықталды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Анамнезінен: нәресте 1-жүктіліктен, 1-жедел босанудан. Туған кездегі салмағы 3400 г. Анасында созылмалы пиелонефрит, 30-32 аптасында аурудың өршуі болған. Сіздің болжам диагноз:

1.баздану

2.токсикалық эритема

3.псевдофурункуллез

4.везикулопустуллез

5.күлбіреуік

89. Туған кездегі салмағы 2500 г нәресте ұлда анықталды: тригоноцефалия, жоғарғы ерін мен таңдайдың екі жақты жырығы, көз саңылауының тар болуы, төмен орналасқан және деформацияланған құлақ қалқандары, микрогения, білезіктердің флексиялық орналасуы. Қандай тұқым қуалайтын патологияға аталған клиникалық көріністер тән:

1.21 хромосоманың трисомиясы

2.13 хромосоманың трисомиясы

3.18 хромосоманың трисомиясы

4.Пьер-Робин синдромы

5.Шерешевский-Тернер синдромы

90. Бала 4-жүктіліктен, 2-жедел босанудан, бірден айқайлады. Анасында 1-жүктіліктен баласы дені сау, 2, 3-жүктіліктері – түсік тастау, ауылдық жерде тұрады. Берілген жүктіліктің соңғы апталарында әйелдің дене температурасы 39оС жоғарылаған, цистит белгілері, белдегі ауырсыну мазалаған. Бала туғаннан кейін 2 сағаттан кейін балада дене температурасы 38,5оС, өкпесінде – пневмония белгілері. Тұлға терісінде тәулік соңында папулезді және петехиальді бөртпелер, бауыр ұлғайған. Балада қандай инфекциялық процесс орын алған:

1.токсоплазмоз

2.қызылшалық қызамық

3.фетальды гепатит

4.мерез

5.листериоз

91. Балада өмірінің алғашқы сағаттарынан ТАЖ 1 минутына 78 дейін, «экспираторлы қорсылдау», қабырға аралықтардың кірігуі. Сильверман межесі бойынша 7 ұпай. Аускультативті өкпеде әлсіреген тыныс, бірен-саран ылғалды сырылдар. Анамнезінен: бала созылмалы фето-плацентарлы жетіспеушілік фонында өткен 1-жүктіліктен, гестациялық мерзімі 27 апта. Баланың өкпе рентгенограммасында мөлдірліктің жоғарылау аймақтарымен алмасатын қараю ошақтары. Диагноз қойылған: РДС, біріншілік ателектаздар, ауыр дәрежедегі ауырлықта. Балаға сурфактантты қандай дозада енгізу керек:

1.50 мг/кг

2.200 мг/кг

3.100 г/кг

4.150 мг/м2

5.250 мг/кг

92. Баланың дене салмағы 1700 г, гестациялық мерзімі 36 апта. Тыныс алуы өздігінен 44 р/мин., ЖСЖ 142 соққы/мин., тері жабындыларының түсі қызғылт, реакциялары жақсы, бірақ емуінде қиындықтар. Адекватты тамақтануын қамтамасыз ету үшін не істеу керек:

1.толық парентеральді тамақтануға көшу

2.талап бойынша ана сүтімен тамақтандыруды жалғастыру

3.альтернативді әдіспен сауылған ана сүтімен тамақтандыру

4.адаптирленген жасанды қоспалармен тамақтандыру

5.альтернативді әдіспен жасанды қоспалармен тамақтандыру

93. Ұл балада өмірінің 4-тәулігінде әр зәр шығарудан кейін жаялықта қызғылт дақтар қалады. Баланың зәрі лайлы, сақтау кезінде кірпіш-қоңыр түсті тұнба түзіледі, эритроциттер саны көру алаңында 2-3 аспайды. Бұл балада зәрдегі өзгерістердің себебі болып табылады:

1.зәрқышқылды диатез

2.жыныстық криз

3.макрогематурия

4.нефролитиаз

5.бүйрек ісігі

94. Жаңа туған нәрестеде эпигастральды аймақтың үрленуі, айқын мазасыздық байқалады. Баланы алғаш емізуге әрекеттенгенде бала тұншығып, көгереді, сүт аузы мен мұрнынан ағады. Ең алдымен қандай патология жөнінде ойлау керек:

1.12-елі ішек атрезиясы

2.ішектің ортаңғы бөлімінде түйілуі

3.өңеш атрезиясы

4.ішек өтімсіздігі

5.кеңірдек-өңеш жыланкөзі

 

95. Патологиялық сарғаюы бар нәрестеде эритробластозбе







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.