Здавалка
Главная | Обратная связь

Тайкулакова Гульнура Сериковна

12 12

Мұнда, Қ ЖБ-жылдың басындағы НҚ құны, тенге;

Қ - iске кiрген НҚ құны, тенге;

Қ I Ш - iстен шыққан НҚ құны, тенге;

t - НҚ-дың тұтынуға кiрген немесе тұтынудан шыққан сәттен бiр жылдың iшiнде қызмет еткен айлар саны, ай.

Негiзгi қорлардың пайдалану көрсеткiштерi

Әрбiр кәсiпорында негiзгi қорларды пайдаланудың бiрнеше негiзгi көрсеткiштерi бар.

1. Қор қайтарымы (қор бергiштiгi)Б) – негiзгi қорлардың бiр-бiрлiгiне келетiн өнiм мөлшерiн немесе саның көрсетедi, яғни өнiм өндiру үшiн пайдаланылған негiзгi өндiрiстiк қорлардың тенгеге шағып есептегендегi өндiрiлген өнiм көлемiн сипаттайтын экономикалық көрсеткiш; өндiрiс тиiмдiлiгiнiң аса маңызды көрсеткiшi.

ҚБ = Q / ҚНҚ (10)

Мұнда: Q – жалпы өнiм көлемi, тонн/жыл;

ҚНҚ - негiзгi қорлардың ортажылдық құны, тенге.

2. Қор сыйымдылығы С) – негiзгi өндiрiстiк қорлар құнының өндiрiлген және сатылған өнiм құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткiш, яғни қор бергiштiгiне керi көрсеткiшi болып табылады.

Қ С = ҚНҚ / Q(11)

3. Қор қарулануыҚ) – еңбектiң техникалық қамтамасыз етiлу дәрежесiн көрсететiн экономикалық көрсеткiш.

Қ Қ = ҚНҚ / Ч(12)

Мұнда: Ч – жұмысшылардың орта тiзiмдiк саны, адам.

Негiзгi қорды тиiмдi пайдалану үшiн кәсiпорынның өндiрiстiк iс-әрекетi процестерiнiң мiндеттерi мен талдамдарын тұрақты түрде жоғарлату керек. Негiзгi қорды қолданудағы оның құрамы, қозғалысы, құрылымы қарастырылады, яғни жалпылама сипатындағы жаңару және шығу коэффициенттерiн есептейдi:

4. Жаңару коэффициентi Ж) - өндiрiстiк ортадағы негiзгi қордың iске кiру қарқын-дылығымен сипатталады. Ол талдам жасау мерзiмiнде негiзгi қор құнының iске кiрiумен жыл соңындағы негiзгi қор құнының қатынасы арқылы есептеледi:

К Ж = Қ * 100% / Қ ЖС(13)

Мұнда:

Қ – талданып отырған мезгiл iшiнде iске қосылған негiзгi қорлардың құны, тенге;

Қ ЖА - негiзгi қорлардың жыл соңындағы жалпы құны, тенге;

5. Шығу коэффициентi (КШ) - өндiрiстiк ортадағы негiзгi қордың шығу қарқындылығымен сипатталады. Ол талдам жасау мерзiмiнде негiзгi қор құнының шығуы мен жыл басындағы негiзгi қор құнының қатынасы арқылы есептеледi:

К Ш = Қ * 100% / Қ ЖБ(14)

Мұндағы:

Қ- талданып отырған мезгiл iшiнде iстен шыққан негiзгi қорлардың құны, тенге;

Қ ЖБ – жыл басындағы негiзгi қорлардың құны, тенге.

6. Тозу коэффициентi Т) - негiзгi өндiрiстiк қордың жалпылама техникалық көрсет-кiштерiнiң бiрi болып есептеледi:

К Т = ΣТМ * 100% / Б Қ(15)

Мұнда ΣТМ – жалпы тозу мөлшерi, тенге;

Б Қ – негiзгi қордың баланстық құны, тенге.

7. Жарамдылық коэффициентiЖАР) – негiзгi қордың жарамдылық коэффициентi, оның қалдық құнының бастапқы құ-нына қатынасын көрсетедi.

Негiзгi қордың қалдық құны - бұл жалпы тозу мөлшерiн бастапқы құнынан шегерiп тастағаннан кейiн қалған мөлшерi.

К ЖАР = [Б Қ - ΣТМ ]* 100% / Б Қ(16)

Немесе:

К ЖАР = Қ ҚАЛ * 100% / Б Қ(17)

8. Мұнайгаз өнеркәсiбiнде негiзгi қорлардың ең маңызды бөлiгi - құрал-жабдықтар мен құрылымдар. Үлгi классиффикацияда жабдықтар бiрнеше түрлерiне бөлiнедi, соңдықтан олардың пайдалануын бағалау үшiн бiрнеше техника-экономикалық көрсеткiштер есептеледi:

· Экстенсивтi пайдалану коэфффициентiЭ) – жабдықты белгiлi уақыт iшiнде нәтижелi пайдалануын сипаттайды:

К Э = ТЖ / ТК(18)

Мұнда: ТЖ – жабдықтың iс-жүзiнде жұмыс iстеу уақыты, сағат;

ТКкүнтiзбелiк жұмыс уақыт қоры, сағат.

Интенсивтi пайдалану коэффициентiИ) – жабдықтың өндiрiстiк қуатың сипаттайтың көрсеткiш:

К И = Q / Q Н(19)

Мұнда: Q – жабдықтың уақыт бiрлiгiнде iс-жүзiндегi еңбек өнiмдiлiгi (қуаты);

Q Н-нормативтi (жобалық немесе жоспарлық) өндi-рiстiк қуаты.

 

4 тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы

Айналым капиталының мәні. Айналым қаржылары: өндiрiстiк айналым қоры және айналым қорлар

Айналым қорлар -өзiнiң материалдық-натуралды түрiн өзгертедi, тек қана бiр өндiрiс циклына қатысады, өзiнiң құның дайын өнiмге толығымен тұтас бiрден ауыстырады және өзгертiлген нысанында заттай дайын өнiмге кiредi.

Кез келген фирма, кәсiпорын өндiрiстiк әрекетке кiрiспей тұрып өндiрiстiк үрдiсiн ұздiксiз өткiзу мақсатымен негiзгi қорлардан бөлек белгiлi бiр өндiрiстiк қорлар, яғни өндiрiстiк айналым қаржысына ие болу керек. Және де кәсiпорын шаруашылығында ақшалай қаржы /еңбек ақысын төлеу үшiн, жабдықтаушылармен есеп айырысу үшiн, яғни айналым қоры болу керек. Айналым қорларға жататындар:

· шикiзат;

· негiзгi және қосалқы материалдар;

· жартылай шикiзаттар;

· отын;

· қосымша кепiл бөлшектер.

Сонымен, айналым қаржы дегенiмiз - бұл тек бiр өндiрiстiк циклда қызмет етiп, оның iшiнде толығымен iске асып және өз құның дайын өнiмге толығымен бiрден аударатың өндiрiс құралдары.

Айналым қаржылар екi үлкен топқа бөлiнедi:

1) өндiрiстiк айналу қоры;

2) айналым коры.

Өндiрiстiк айналу қоры мен айналым қорлар бiр-бiрiне ауысып отырады.

Өндiрiстiк айналу қоры құрылады:

· өндiрiс қорлары;

· аяқталмаған өндiрiс;

· басқа еңбек құралдары және алдағы кезеннiң шығындары.

Айналым қорлар:

· кәсiпорынның дайын өнiмi;

· жолдағы түсiрiлген тауар;

· кәсiпорынның касса немесе банктағы шот есебiнде ақшалай қаржылары.

Шикiзат пен негiзгi материалдар – бұл өндiрiлген өнiмнiң негiзiн құрайтың немесе оның керектi компонентi ретiнде iске асқан материалдардың түрi. Ал қосалқы материалдар өнiмнiң негiзiн құрмайды, бiрақ технологиялық үрдiске қатысып, реакция жылдамдығына әсер етедi.

Өндiрiстiк қорлар айналымы - өндiрiстiк қорлардың ауыспалы айналымы, ол бiр жолғы әрекет ретiнде емес, үздiксiз қай-таланып отыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл процестiң нәтижесiнде авансылаңған құн өндiрiлген тауарлар өткiзiлгеннен кейiн капиталдың әрбiр ауыспалы айналымның қорытындысында өндiрушiге ақшалай нысанда толық қайтып оралады.

Айналым қаржылар – бұл тек бiр өндiрiстiк циклда қызмет етiп, оның iшiнде толығымен iске асып және өзiнiң құның дайын өнiмге толығымен бiрден аударатын өндiрiс құралдары.

Айналым құралдар - өндiру мен өткiзудiң үздiксiз процесiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiк айналу қорлары мен айналым қорларын құру үшiн кәсiпорындарға, бiрлестiктерге, ұйымдар-ға авансыға берiлген ақшалай қаражат жиынтығы.

Өндiрiстiк айналу қорларына - өндiрiс аймағында кездесетiн еңбек заты болп табылады. Оған өндiрiстiк босалқы қорлар (шикiзат, материалдар және сатып алуға жарамды жартылай фабрикаттар, отын, ыдыс, босалқы бөлшектер, құнсыздау және тозғыш заттар, т.б.), аяқтал-маған өндiрiс, болашақ кезеңдердiң шығын-дары және басқа еңбек заттары жатады.

Айналым қорларының құрамына - дайын өнiм, жөнелтiлген, бiрақ ақысы төленбеген тауарлар, банкiде ашылған шот есептер-дегi, кассалардағы есеп айырысу, жалақы, дебитор-лық қарыз ақшалай қаражат түрiндегi құралдар кiредi.

Айналым құралдар кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың өндiрiстiк қорлары-ның бiр өндiрiстiк айналымда түгел тұтынылатын және өзiнiң құның дайындалатын өнiмге толық және бiрден көшiретiн бөлiгi. Әдетте, өзiнiң табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейiн ақшалай нысанда қайтарылады.

Өндiрiстiк айналу қоры мен айналым қор бiр-бiрiн қамтып отыратындықтан бiр-бiрiне ауысып отырады:

Ақшалай құралдар → Өндiрiстiк запастары → Аяқталмаған өндiрiс → Дайын өнiм → Тауарлық өнiм → Ақшалай құралдар

Яғни, қысқа сұлбада қарастырсақ:

Ақша → Тауар → Ақша

Айналым қорларының түрлері:

1. Өндiрiстiк запастары (босалқы қорлар) - өндiрiстiк процестiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуге арналған өндiрiс құрал-жабдығының бiр бөлiгi. Материалдық өндiрiс аясы салаларының тұтынушы-кәсiпорындарының қоймаларында сақталады.

Босалқы қорлардың бiрнеше түрлерi болады:

· ағымдағы босалқы қорлар;

· сақтандыру босалқы қорлары;

· дайындалма босалқы қорлар;

· маусымдық босалқы қорлар.

Өндiрiстiк босалқы қорларына жатады:

· негiзгi шикiзат;

· қосалқы материалдар;

· жартылай шикiзат;

· отын;

· ыдыс;

· босалқы бөлшектер;

· тез тозғыш саймандар;

· шаруашылық инвентарь;

· басқада материал-техникалық ресурстар.

Шикiзат пен негiзгi материалдар – бұл өндiрiлген өнiмнiң негiзiн құрайтың немесе оның керектi компонентi ретiнде iске асқан материалдардың түрi болып табылады.

Қосалқы материалдар - өнiмнiң негiзiн құрмайды, бiрақ технологиялық процеске қатысып, реакция жылдамдығына тiкелей әсер етедi.

2. Аяқталмаған өндiрiс – толық бiтпеген өндiрiстен және жартылай шикiзаттан құрылады:

Бiтпеген өндiрiс – берiлген цехта өндеумен бiтпеген еңбек заттары;

Жартылай шикiзат – осы кәсiпорын масштабында аяғына дейiн өнделудi талап ететiн, бiрақ өндеудiң тек бiр стадиясын өткен еңбек заттары.

Айналым қорларын нормалау

Барлық айналым құралдар жоспарлы реттеу әдiсiне байланысты екi бөлiктен тұрады:

· нормаланатың айналым құралдар;

· нормаланбайтың айналым құралдар.

Нормативтер – жұмыс уақыты мен материалдық, ақша, т.б. ресурстар шығындарын есептеу шамасы, ол еңбектi нормалауда, кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметiн ұйымдастыруда қолданылады.

Айналым қаражатың нормалау – кәсiпорындарға жоспарланатын жылы өздерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн керектi ақшалай қаражат жөнiндегi ең аз қажетсiнудiң ғылыми тұрғыда негiзделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану үшiн жағдай жасайды, өндiрiс пен айналыста тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқартуға, өнiмдi өткiзуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына, т.б. септiгiн тигiзедi.

Кәсiпорынның жоспарланатын меншiктi қаражаты, ол тауар-материалдық құндылықтардың ең аз босалқы қорларын жасау және өндiрiстiң толассыз жұмыс iстеуi мен өнiмнiң өткiзiлуiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Өндiрiстiк босалқы қорлардан – шикiзат, материалдар мен сатып алынатын дүмбiлдер, отын, ыдыс, құнсыздау және тез тозатын заттар, жөндеу үшiн қажеттi босалқы бөлшектер, сондай-ақ аяқталмаған өндiрiстен (өздерiнде дайындалған дүмбiлдердi қосқанда), болашақ кезеңдердiң шығындарынан және дайын өнiмнен құралады.

 

5 тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары

Кадрлар және олардың құрамы мен құрылымы

Қоғамның өндiрушi күштерiнiң неғурлым бағалы және маңызды бөлiгi–кадрлар болып табылады. Еңбекшiлердiң мамандандырылу дәрежесiнен, оларды дұрыс пайдаланудан, айналып келгенде өндiрiлген өнiмнiң көлемi мен қосымша өсу қарқыны, ғылыми-техникалық прогрестiң өсу қарқыны, материалдық-техникалық базаны пайдалану және жалпы өндiрiс тиiмдiлiгi тәуелдi болады.

Кадрлар– қоғамның өндiрушi күштерiнiң неғурлым жылжымалы бөлiгi. Кадрлардың құрамы мен құрылымы техника мен технологияның, өндiрiстi ұйымдастыру мен басқарудың өзгеруiне байланысты өзгерiп отырады.

Өндiрiстiк қызметшiлер негiзгi өндiрiс үрдiстерiне тiкелей қатысатындар. Өнеркәсiптiк-өндiрiстiк персонал кәсiпорынның негiзгi және қосалқы өндiрiсте қызмет атқарады. Олар келесi категорияларға бөлiнедi:

· Әкiмшiлiк – басқару қызметшiлерi;

· Қызметкерлер /кадрлар бөлiмi, бухгалтерия, экономисттер, кеңес беру бөлiмдер және т.б./;

· Инженер – техникалық жұмыскерлер;

· Жұмысшылар;

· Кiшi қызмет атқарушылар /қорғау жүйенiң жұмысшылары, өрттен қорғайтын қызметкерлер, сыпырушылар, вахтерлар, қызмет бөлмелерiн күтетiн қызметкерлер/.

Жұмысшылар өндiрiске қатысуына байланысты негiзгi және қосалқы /көмекшi/ болып бөлiнедi.

Еңбек өнiмдiлiгi – тұтыну құнын жасайтың тiрi еңбектiң тиiмдiлiгiн мiнездейтiн жалпылама көрсеткiштердiң бiрi. Еңбек өнiмдiлiгi бiр жұмысшыға өндiрiлген өнiм санымен немесе өнiмнiң бiр бiрлiгiн өндiруге жаратылған жұмыс уақытымен аңықталады.

Жекелiк еңбек өнiмдiлiгi бiр өлшем өнiмге кететiн жанды еңбектiң мөлшерiнiң шығындарымен өлшенедi. Еңбек өнiмдiлiгiнiң бiрқалыпты өсiп отыруы–қоғамдық өндiрiс тиiмдiлiгiнiң барлық көрсеткiштерiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн фактор. Бұл: пайдалылықтың көтерiлуi, өзiндiк құнның төмендеуi, өнiм санын көбейтуi.

Мұнайгаз саласында еңбек өнiмдiлiгi натуралды, ақшалай және еңбек көрсеткiштер арқылы бағаланады. Натуралды нысанында бағалана алмайтын жұмыстарды ескермейдi, сондықтан әртүрлi өндiрiсте едәуiр ақшалай түрi қолданылады.

Еңбек нарығы және жалақы

Еңбек басқа өндiрiс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкеледi. Жалақы еңбекке марапатталу ретiнде көрiнедi.

Жалақы – бұл жұмыс күшiнiң баға және құн нысанында көрiнiс беруi. Жалақы номи-налды және нақты түрлерiне бөлiнедi.

Номиналды жалақы – жұмысшыға өзiнiң еңбегi үшiн төленетiн ақша сомасы деп аталады. Нақты жалақы– алынған ақша сомасына толып жатқан өмiрлiк игiлiктер мен қызметтердi иемдену мөлшерiмен өлшенедi. Ол номиналды жалақымен тiкелей байланыста және тауар мен қызметтерге баға деңгейiне керi байланыста тұр.

Жалақының екi нысаны мен жүйесi iске асырылады:

· Мерзiмдi еңбек ақы – жұмыс ұзақтығымен аңықталады. Оның өлшемi еңбектi сағатына қарай төлем болып табылады.

· Кесiмдi еңбек ақы – жұмысшылардың еңбегiне олардың белгiленген сапада өндiрiлген өнiм өлшемiнiң санына қарай ақы төлеу нысаны.

Еңбек ақысын төлеуде тарифтi жүйе қолданылады:

1) тарифтi – мамандық аңықтама;

2) тарифтi тор;

3) тарифтi ставка;

4) аудандық коэффициенттер.

Қазiргi уақытта заңмен бекiтiлген минималды жалақы 9700 теңгеге тең. Кәсiпорындағы жылдық еңбек ақы қорын анықтағанда бiрнеше көрсеткiштер пайдаланылады. Оның iшiнде:

· минималды жалақы;

· тарифтiк коэффициент;

· айлар саны;

· аудандық коэффициент;

· территориялды коэффициент;

· қосымша жалақы коэффициентi;

· өнеркәсiптi-өндiрiстiк персоналдың саны.

Тарифтi-мамандық анықтама – жұмысшылар мамандықтарының толық мiнездемесi берiлген тiзiм.

Тарифтiк ставка – жұмысшылардың мамандық дәрежесiне, атқаратың жұмыстарының мамандық дәрежесiне байланысты оларға қойылған тарифтi ставканың мөлшерiн аңықтай-тын шкала.

Тарифтi разряд – жұмысшының немесе жұмыстың мамандандыру дәрежесiн көрсетедi.

Тарифтi коэффициент – осы разрядтың еңбек ақысы дәрежесi бiрiншi разрядтан неше есе артық екенiн бiлдiредi. Кез келген разрядтың тарифтi ставкасы минималды еңбек ақысы мен сол разрядтың тарифтi коэффициентiнiң көбейтiндiсiне тең.

Еңбек өнiмдiлiгi – бiр жұмысшыға өндiрiлген өнiм санымен немесе өнiмнiн бiр бiрлiгiн өндiруге жаратылған жұмыс уақытымен анықталады. Яғни, өлшем уақыттағы беретiн өнiмi немесе бiр өлшем өнiмге кететiн жұмыс уақыты.

 

6 тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау

 

Өнімнің өзіндік құны және оның түрлері

Өнім өндіру және өткізу аймағындағы қызмет көрсету, жұмыс күшіне ақы төлеуде өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік қорлардың ақшалай түрдегі шығыны - өнімнің өзіндік құны деп аталады.

Өнімнің өзіндік құны – еңбек ақыны аударым арқылы және өнім өндіру, өткізу қызме-тіне ақы төлеуде, өндіріс қорларын пайдаланудағы ақшалай түрдегі барлық шығындар жиынтығы. Өнімнің өзіндік құны 2 түрде болады: өндірістік және толық өнімнің өзіндік құны.

Өндірістік өзіндік құны – кәсіпорын бойынша өнім өндіруге кеткен жалпы шығындар жиынтығы, яғни онда негізгі өндіріс бойынша қызмет көрсету, басқару, өндірісті ұйым-дастыру, техника, технологияны жетілдіруге кеткен шығындар есептелінеді.

Толық өнімнің өзінік құны – өнімді дайындауға, сондай-ақ оны өткізуге кеткен шығындар.

Өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда мыналар есептеледі:

· өндірістегі шығындардың жалпы сметасы;

· тауарлық (жалпы) өнімнің жоспарлы өзіндік құны;

· бірлік өнімнің өзіндік құны;

· 1 тг тауарлық өнім шығыны және оны төмендету;

Жоспарлы көрсеткіштерді анықтау үшін келесілер анықталады:

· кәсіпорынның негізгі және көмекші бөлімшелері бойынша өндірістегі шығын сметасы;

· шығындар жиынтығы;

· цехтық, жалпы өндірістік, өндірістік емес және басқада шығындар сметасы;

· өзіндік құн калькуляциясы.

Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын жоспарлау – өндірістік өнімнің (барлық түрдегі) шығындар есебін, сондай-ақ өнеркәсіптік сипатағы қызмет көрсету мен жұмыс шығындарын болжамдау. Өндірістік шығындар экономикалық элементтер (өндірістегі шығындар сметасы) мен шығындар статьясы (өнімнің өзіндік құн калькуляциясы) бойынша есептеледі және жоспарланады.

Қазіргі кезде, өнеркәсіптегі экономикалық элементтер бойынша шығындар 1 топқа бірлестірілген. Яғни:

1. Шикізат және негізгі материалдар

2. Көмекші материалдар

3. Отын (шеттен)

4. Энергия (шеттен)

5. Негізгі қорлар амортизациясы

6. Еңбек ақы және әлеуметтік қамсыздандыру салымы

7. Басқа да ақшалай шығындар.

Экономикалық элементтер бойынша топтастырылған мұндай өнеркәсіптік шығындар кәсіпорынның жалпы қажеттіліктерін, яғни материалдық ресурстар, негізгі қор амортизациясының жалпы сомасын, еңбек ақы және басқа да ақшалай шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ айналым қорлары мен оларды қолдануды бақылау мен жоспарлауда қолданылады.

Өндірістік шығындар статьясы дегеніміз – бағытына қарай белгіленген және пайда болған орнына байланысты шығындар.

Өзіндік құн калькуляциясы

Калькуляциялау үшін (бірлік өнімнің өзіндік құнын есептеу), сондай-ақ табиғи шығындарды анықтау, өнімнің өзіндік құнын төмендету шығындар статьясы бойынша келесі түрде топтастырылады:

1. Өнімнің өзіндік құнының әдісіне байланысты: тура және жанама;

2. Өндіріс көлемінің өзгеру сипатына байланысты: шартты түрде-тұрақты, шартты түрде-айнымалы;

3. Өндірістік процесске қатысуына байланысты: негізгі және үстеме (накладные);

4. Құрамына қарай: бірэлементті немесе кешенді.

Тура шығындар дегеніміз – көрсетілген өнім түрін өндіруге байланысты және оның жеке түрін есептегендегі шығындар. Мысалы: газ тасу және жинау газ шығындарына жатса, мұнайды айдау және сақтау – мұнай шығындарына жатады.

Жанама шығын дегеніміз – жалпы кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетіне байланысты болғандықтан, өнімнің бр ғана түріндегі өзіндік құнының мақсатты және мүмкін емес болатын шығындары.

Шартты түрде-тұрақты шығындар дегеніміз – көлемі згерсе де, өнім түрі өзгермейтін, бірақ өнім деңгейі өзгеретін шығындар. Мысалы: ұңғы амортизациясы.

Шартты түрде-айнымалы шығындар – өнім көлемі өзгергенде, сомасы да өзгереді, ал бірақ бір өнім деңгейі тұрақты болатын шығындар. Мысалы: мұнайды сорапты өңдеудегі электроэнергиясы.

Негізгі шығындар - өндірістік процесске тікелей қатысатын шығындар.

Үстеме шығындар - өндірістік процессті басқару және ұйымдастыру шығындары.

Бірэлементті шығындар – бұл шығынның бастапқы элементтері.

Кешенді шығындар - бірнеше бірдей элементерден тұратын шығындар. Мысалы: негізгі қорды ағымдағы жөндеу.

Өнімнің өзіндік құн құрылымы дегеніміз – шығынның жеке бір түрінің жалпы қортындыға (%) қатынасы. Бұл экономикалық элементтер бойынша немесе шығындар статьясы бойынша да берілуі мүмкін.

Өндіріс сметасы – айналым қорының көлемін есептеуге негізделген, қаржылық жоспар құруға және осы кәсіпорынның жабдықтаушы кәсіпорындармен келісім жасауына қажетті, маңызды да жоспарлы құжат.

Өндірістегі шығындар сметасы 3 негізгі бөлімнен тұрады:

1. Шығындар элементі

2. Өнеркәсіптік цехтар қызметі, жалпы шаруашылық шығындары

3. Жалпы тауарлық өнім шығаруға кеткен шығындар.

Ұңғы құрылысындағы өзіндік құн

Жоспарды құру үшін ұңғының өзіндік құны бойынша жоспарланған жылда өндірілген ұңғы құрылысында белгіленген жұмыс көлемін орындау, жалпы бұрғылау кәсіпорынындағы барлық шығындар сомасы, сондай-ақ бұрғылау кәсіпорынның құрамына кіретін әрбір цехтар мен шаруашылықтар шығыны анықталынады.

Бұрғылау жұмысындағы өзіндік құнды жоспарлау үшін мыналарды анықтау керек:

1. Сметалық бағадағы бұрғы жұмысының көлемі;

2. Негізгі, көмекші және қосалқы өндірістегі үстеме шығындар, сондай-ақ әкімшілік, шаруашылық, басқа да шығындар;

3. Ұңғы құрылысындағы кәсіпорынның жалпы шығыны.

Ұңғы құрылысындағы шығындар сомасын анықтайтын сметалар 4 бөлімнен тұрады:

І. Ұңғы құрылысын дайындау жұмысы;

ІІ. Құрылыс-монтаж жұмысы;

ІІІ. Бұрғылау және нығыздау (крепление);

ІV. Ұңғы өнімділігін сынау.

Сметаны құру нәтижесі бойынша өзіндік құн сметасы мен ұңғының құн (баға) сметасы анықталады.

Ұңғы құрылысының сметалық құны – сметалық мөлшер мен баға бойынша техника-лық жоба негізінде есептелген шығындар сомасы болып табылады.

Жоспарлы қор жинау болып тапсырыс берушіге аяқталған ұңғы қызметін беру нәтижесінде алынған бұрғылау кәсіпорынның пайдасы табылады.

Ұңғы құрылысындағы шығындар 6 сметалық шығындардан құралады:

№1 сметалық есеп – бұрғылау алаңдарды жоспарлауға, жолдарды құру, құрылыс, құбыр өткізгіш, электро және телефон желілерін талқылауға байланысты ұңғы құрылысын дайындау жұмысының шығыны.

№2,3 сметалық есеп – құрылыс пен төбе, жоғарғы құрылыс, монтаж, құрал-жбдықтарды қайта монтаждауды талқылауға байлнысты шығындар.

№4 сметалық есеп – бұрғылау шығыны.

№5 сметалық есеп – нығыздау (крепление) шығыны.

№6 сметалық есеп – ұңғыны пайдаланудағы шығындар.

 

Өндірістік шығындар сметасы – бұрғылау кәсіпорындағы ұңғы құрылысының барлық шығындар жиынтығының жоспарын құрайды.

Ұңғы құрылысының жоспарлы өзіндік құны – оның сметалық құнынан СМ) жоспарлы қор жинау П көлемімен белгіленген міндеттегі өзіндік құнның төмендеуінен ΔС аз болуы тиіс, яғни:

Сt+1 = CСМ ­ПΔСt+1

Ұңғы құрылысындағы жиынтық шығын дегеніміз – арнайы түрде әзірленген және өзіндік құн бойынша өріс алған жоспар. Онда бұрғы жұмысы бойынша және шеттегі қызмет түрі бойынша шығындар көрсетіледі. Жиынтық шығындарды құру үшін негізгі және көмекші өндірістің өндірістік бағдарлама көрсеткіші, еңбек және еңбек ақы жоспары, МТЖ жоспары, ұйымдастыру-техникалық шығындар жоспары қолданылады. Материалдар шығы-ны осы технологиялық жоба негізінде олардың қажетті санын анықтайтын шығын мөлшерін және осы материалдарға әсер ететін баға бойынша есептелінеді.

Электроэнергия шығыны жоғары вольтті желідегі қуаттылық қосылған, қолданылған энергия ақысының шығыны бойынша есептеледі. Негізгі қорлардың амортизациялық шығыны тереңдік ара қашықтығы бойынша тозу мөлшері (тг/м) мен ұңғы сомасы арқылы есептеледі. Кәсіптік-геофизикалық жұмыс шығыны әрбір өлшем түріндегі әрекеттік баға мен көлем бойынша анықталынады. Транспорттық шығын әрбір түрдегі транспорттық баға мен транспорттық кәсіпорын қызметінің көлемі бойынша белгіленеді.

Пайда және пайдалылық (рентабельділікті)

Пайда – кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегі арқылы материалдық өндіріс аймағында пайда болған таза кірістің бір бөлігі.

Жоспарлық пайда мөлшері кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша өнім өткізу мен өнімнің өзіндік құн жоспарының арасындағы түсім бойынша анықталынады.

Кәсіпорында: жалпы (баланстық) және есептегі пайда жоспарланады.

Жалпы пайда – бақылау саны бойынша, ал рентабелділік – есептік көрсеткіш бойынша белгіленеді.

Жалпы (баланстық) пайда Пб құрамына кіретіндер:

- негізгі әрекеттегі пайда По (тауарлық өнімді өткізу және ұңғыны тәжірибеге беру бойынша);

- басқа да өткізу бойынша пайда Ппр;

- өткізуден тыс пайда Пвпр.

Пб = По + Ппр + Пвпр

Баланстық пайданың жалпы сомасы негізінен өткізу көлеміне, өнімнің өзіндік құнына және осы кәсіпорынның белгіленген сату бағасына (95 %-дейін) байланысты болады. Есептік пайда мемлекеттік бюджетке қорға ақы Пф және банкке несиелік пайыз енгізгеннен кейінгі қалған баланстық пайданың бір бөлігінен анықталынады:

Прасч = Пб – Пф - Пкр

МГӨК бойынша және өнімді өткізу өнеркәсібіндегі Птбіріккен пайда - өнімді өткізу көлемінен оның өзіндік құнын (Ср) алғанға тең.

Пт = Qр - Ср

Өнімді өтізудің өзіндік құны (Ср) МӨ-гі тауарлық өнімнің жалпы өзіндік құн сомасы (Ст), өнеркәсіптің басқа саласындағы тауардың өзіндік құны (Сдр) және өткен жыл бойнша өнімді өткізуден тыс қалдықтар құнынан (Соt), жоспарлы жыл аяғындағы өнімді өткізуден тыс қалдықтарды шегеру бойынша анықталынады:

Ср = Ст+ Сдр +Соt - Соt+1

Жалпы пайдалылық (рентабельділік) (Роб) %-тік түрде жоспарланады:

Робt+1= *100%(20)

Пб – баланстық пайда;

Фос, Фоб – айналым қоры мөлшері мен орта жылдық негізгі қор құны.

7 тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру

Баға мәні, құрылуы және атқаратын қызметтері

Бұрын, шаруашылықтың жоспарлы-әкiмшiлiктiк жүргiзу жағдайында өнiмге бағалар жоспарлы түрде бекiтiлсе, нарықтық экономика жағдайында бағалар негiзiнде сұраныс пен ұсыныстың арқасында, яғни құн заңы бойынша құрылады. Экономикалық тұлғалар (кәсiп-керлер, капитал иелерi, үй шаруашылығы, фирмалар) үшiн маңызды категория болып баға табылады. Тауардың бағасы өндiрушiлер мен тұтынушылардың жеке мүдделерiн айқындау-ға қызмет етедi. Нарықта басты рөлдердi сатушы мен сатып алушы ойнайды.

Баға құрылуы – бағаның деңгейлерiң, ара салмағын және құрылымын қалыптастырып, өзгерту процессi. Еңбектiң қоғамдық қажеттi шығындары, тауарлардың құны, бағалардың объективтi негiзi болып табылады, олар ақшалай нысан арқылы бағада көрiнiс табады.

Баға –тауар құнының ақшалай көрiнiсi.

Нарықтық экономикада баға үш басты қызметтi атқарады:

· Бағдар берушi – тауарлардың сатушы мен сатып алушылар әрекеттерi үшiн ақпарат бередi;

· Бөлуші – бұл арқылы нарықтық экономика қатысушылары арасында табыстар, өндiрiстiк факторлар және игiлiктер бөлiнедi;

· Ынталандырушы - өндiрiсте өте үнемдi әдiспен жүргiзуге және сұранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етедi.

Бұл қызметтердiң орындалуы тек қана бағалардың табиғи /еркiн/ динамикасын бұзатын монополия және инфляциясыз жағдайдағы еркiн баға қозғалысы арқылы ғана мүмкiн болады. Бұл шарт бұзылса рынокта бейберекет, кездейсоқ құбылыстар орын алады.

Сондықтан, баға – тауар құнының ақшалай тұлғалануы, яғни тауардың немесе қызмет-тердiң бiр өлшемi үшiн төленетiн және алынатын ақша мөлшерi. Өндiрiске жұмсалатын шығындар мен пайданы қамтиды.

Өндiрiс бағасы – тауарлардың нарықтық бағасы негiзiнде жатқан құнның өзгерген нысаны. Тауарды өндiру шығындары мен орташа пайдадан құралады.

Баға түрлері

Нарықта бағаның әр түрлерi бар:

·мемлекеттiк;

·келiсiм бағалары;

·әлемдiк.

Мемлекеттiк бағалар монополист - кәсiпорындар өнiмдерiне елдiң экономикасы үшiн базалық ресурстарға, әлеуметтiк маңызы бар тауарларға тағайындалуы мүмкiн. Мемлекеттiк бағалар жүйесi екi элементтерден тұрады:

- үкiмет қатан тағайындап /ықтиярсыз/ отыратын бекiтiлген бағалар;

- ұсыныс пен сұраныс арақатынасындағы өзгерiстердi есептеп отыратын, реттелетiн бағалар.

Келiсiм /шарттық/ бағалары – өнiмдi өндiрушi /сатушы/ және тұтынушы /сатып алушы/ келiсiмiмен бекiтiлетiн, яғни берiлген тауарға сұраныс пен ұсынысқа назар аудара отырып тағайындалатын бағалар. Келiсiм бағаларының үлес салмағы нақты елдiң экономикасының нарықтық дәрежесiң анықтайды. Келiсiм бағаларының iшiне өндiрушiлердiң көтерме сауда бағасы кiредi. Кәсiпорындар, бiрлестiктер мен ұйымдар өндiрiлген өнiмдi халықтан басқа кәсiпорындар мен ұйымдарға сатқанда қолданылатын баға - өндiрушiнiң көтерме сауда бағасы деп аталады. Осы баға екi түрге бөлінеді:

* кәсiпорынның көтерме сауда бағасы – дайындаушы кәсiпорындар өнiмдi тұтынушылармен және өткiзу ұйымдарымен есеп айырысқанда қолданылатын баға.

* өнеркәсiптiң көтерме сауда бағасы - өнеркәсiптiң өткiзушiұйымдары мен көтерме сауда базалары тауарларды саладан тыс жерлерге, негiзiнен, сауда жасаушы ұйымдарға сатқанда қолданылатын баға.

Әлемдiк баға – халықаралық саудада қолданылады, өте iрi экспорт-импорттық келiсiм-шарттары негiзiнде есептеледi. Әр елдiң баға деңгейi бар.

Баға деңгейi - елде өндiрiлген дайын өнiмдер мен қызметтерге төленетiн баға-лардың орташа шамасы. Баға деңгейiн индекс көрсетедi.

Баға құрамы және құрылымы

Баға құру тетiгiнiң арқасында нарықты экономика пайда болған дефициттi жояды /өте жоғары бағалар сұранысты азайтады және оған сәйкес өнiм өндiру көлемi қысқарады. Неме-се, керiсiнше, бағаны төмендетсе, сұраныс көбейедi, және оған сәйкес өнiм көлемiн жоғары-латады/.

Баға = Өзiндiк құн + Пайда

Пайда – бұл кәсiпорынның жалпы табысы мен шығындары арасындағы айырма, мұнда жалпы табыс шығыннан асып түседi. Өнiмдi өткiзуден алынған пайда – жалпы табыс пен айналыс шығындары арасындағы айырма, мұнда жалпы табыстан есептелген қосылған құнға салынатын салық шегерiп тасталады.

Пайда = Баға - Өзiндiк құн

Бiр жылдың және бүкiл кәсiпорын масштабында пайданың деңгейi келесiдей анықта-лады:

Жалпы табыс = Өнiмдi өткiзуден түскен тұсiм – Жалпы шығын

Инвестициялық жобаның масштабында пайданың мөлшерi:

Таза ағымдағы құн = Күтiлiп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны /КОАҚТА/ – бастапқы инвестициялар /БИ/

Кәсiпорында табыстар төрт түрге бөлiнедi:

·Жиынтық табыс;

·Жалпы табыс;

·Ағымдағы табыс;

·Таза табыс.

Кәсiпорынның жиынтық табысы - тауарлық өнiмдi өткiзуден түскен пайдадан, басқа да өткiзуден түскен және тыс өткiзу операциялардан түскен табыстан құрылады. Жалпы табысты мұнай өндiру көлемiнiң құны, негiзгi iс-әрекеттерiнен түс-кен табыс немесе тауар-лық өнiмдi өткiзуден түскен пайда деп атауға болады.

Тауарлық өнiмдi өткiзуден түскен пайдасын анықтағанда - өткiзiлген өнiм түсiмiнен қосылған құнға салынатын салықты, акцизды және өнiмнiң өзiндiк құнын алып тастау керек. Яғни, жалпы тауар өткiзуден түскен табыстан материалдық және мiндеттi төлемдердi шегеру керек.

Басқа да активтердi откiзуден түскен табысы кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қор-ларды және пайдаланбаған мүлiктердi сатудан тускен табыс болып табылады.

Тыс өткiзу операциялардан түскен табыс бағалы қағаздардың дивиденттерi, жалғау-дан түскен төлемдерi мен аыйптар, өсiмдер және тұрақсыздық айыппұлдар қосындысынан құрылады. Кәсiпорынның ағымдағы табысы жалпы жиынтық табыстаң бастапқы инвести-циялар мен ағымдағы шығындардың шегерiп тастаған көрiнiсi болып табылады.

Қалған таза табыс анықтаған ағымдағы табыспен мемлекеттiк мiндеттi төлемдердiң айырмасын көрсетедi. Мемлекеттiк мiндеттi төлемдерге қойнау-пайдаланушыларға салынатын негiзгi салықтар: роялти, бонустар, жоғары пайдаға салынатын салықтар, корпоративтiк және өнiм бөлу туралы келiсiм шарттары жатады.

Кәсiпорынның басқа да қосымша iс-әрекеттерiнен түскен пайданы өткiзуден тыс пайда дейдi. Тауар мен басқа да өнiмдi өткiзуден түскен және өткiзуден тыс пайдалар бiрiгiп баланстық пайданы құрайды.

ПБАЛ = ПӨТК + ПБАСҚ + ПТЫСӨт

Кәсiпорынның негiзгi қызметiнен түскен пайдасы мұнайгаз өнеркәсiбiнiң мұнай техно-логиялық тiзбектiң әртүрлi кезеңiңде өз ерекшелiктерiн ескередi.

Технологиялық тiзбек үш үлкен стадияға бөлiнедi:

"апстрим" стадиясы

· Барлау /барлаулық және жобалау-iздестiру жұмыстары/;

· Бұрғылау /ұнғы құрылыстары/;

· Мұнай өндiру /мұнайды жер бетiне көтеру/.

“Мидстрим” стадиясы

· Тасымалдау /құбырөткiзгiш арқылы немесе баржа және танкерлермен/;

"даунстрим" стадиясы

· Мұнай өндеу /МӨЗ/;

· Сақтау және өткiзу;

· Маркетинг зерттеулер;

· Түпкi тұтынушы.

Геологиялық барлауда түскен пайда атқарылған барлау жұмыстарының сметалық құны мен iс жүзiндегi өзiндiк құнының айырмасына тең болады. Бұрғылау кәсiпорындардағы пайдасы ұңғы құрылысының сметалық құнынан жалпы жылдық эксплуатациялық шығын-дарды шегерiп тастау керек. Мұнайгаз өндiру басқармасының пайдасы тауарлық мұнай мен газды өткiзуден түскен түсiм мен өндiрiс шығындардың айырмасын көрсетедi. Тасымалдау кәсiпорындарының пайдасы мұнай мен газды айдаған көлемiнен түскен табыстан жалпы эксплуатациялық шығындар алынады. Мұнай сақтау база және автомат-тандырылған құю станциялардаң түпкi тұтынушыға жеткiзудiн пайдасын аңықтау үшiн жалпы түскен табыстан айналыс шығындары шегерiледi.

Басқа да өнiм өткiзуден түскен пайда құрамына кiретiндер:

·шетке өндiрiстiк қызмет атқарудан;

·өнеркәсiптiк жұмыстар атқарудан;

·ауылшаруашылығына көмек беруден /жанармай, дизотын/;

·артық активтердi және бейматериалдық құндылықтарды сатудан түскен пайдалар.

Өткiзу операцияларынан тыс пайдаға жататындар:

·арендалық /жалғау/ төлемдер;

·лизинг;

·айып-пұлдар мен пенялар;

·инвестициялардан түскен пайыздар;

·бағалы қағаздардың дивидендтерi;

·дебиторлық борыштар.

Баланстық пайдадан қойма пайдаланушылар мемлекеттiк салықтар мен барлық мiндеттi төлемдерiн жасайды:

· заңды тұлғаның пайдаға салынатың салығы;

· Қосылған құнға салынатын салық;

· Роялти – қоймаларды пайдалану құқығына салынатын тұрақты салық /өнiм өндiру көлемiне тiкелей байланысты/;

· Бонустар – қойма пайдаланушылардаң, белгiленген территорияда және келiскен операцияларды атқаруға, өзара шарт жасасылатын жағдайда, бiрақ рет алынатын мемлекеттiк төлемдер.

Осыдан қалған пайданы кәсiпорынның таза пайдасы деп есептейдi.

8 тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары

Қаржы саясаты жіне атқаратын қызметтері

Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақша құры-лыс қорының қалыптасуы, бөлінуі және қолдануы. Ақша құралдарын сәйкес мекемелер арқылы пайдалануға байланыста қатынастар жиынтығы қаржының жүйені құрайды. Қаржылық жүйені жүргізетін саясат - қаржылық саясат деп аталады.

Қаржы бірнеше қызмет атқарады:

1. Топтастыру – құралдарды үйлестіру және материалдық негіз құру.

2. Ретеуші –шаруашылық субъекті ынталандыру.

Кредит – (несие қарыз) кең мағынада бұл экономикалық серіктестіктер арасындағы келісім шарт, ссуда нысанындағы яғни, мүлікті не ақшаны басқа тұлғаға (жеке немесе заңды тұлға) % төлеу және қайтарылуының мерзімін ұзарту шартында беру.

Несиені кең мағынада түсіну тек ақшалай ғана емес, сонымен қатар мүліктік несиені де қалай ұғындыратынына дейін қою керек. Несие тар мағынада ссудалық капиталдың қозға-лысы, бұл қозғалыс жеделдіктің қайтарымдылықтың және төлемдерінің бастауында жүзеге асады. Несиенің тар мағынасы тек ақша қарызын ұйғарады. Несие үшін төлем оның бағасы болып табылады және өсім % түрінде болады.

Несие беру тәсілі бойынша несие

– натуралды

- ақшалай несие деп ажыратылады.

Натуралды несие беру – несие нысандары болып инвестициялық тауарлар, тұтыну тауарлары, шикізат, ресурстар, өндірістік тұтыну заттары табылады.

Ақшалай несиенің нысандары – ақшалай сатып алу құралдары, ақша капиталы, акция-лар, вексельдар, облигациялар және басқа да міндеттті қағаздар.

Несие берру мерзіміне байланысты:

1. қысқа мерз.несие – 1жылға дейін беріледі.

2. орта мерз. несие - 2-5 жылға беіледі.

3. ұзақ мерз. несие – 6-10 жылға беріледі.

4. арнайы ұзақ мерз. несие – 20-40 жылға беріледі.

Несие түрлері

Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие

- халықаралық,

- мемлекеттік,банктік,

- коммерциялық,

- тұтынушылық

- және кепілдік болды.

Халықаралық несие - бұл ссудалық капиталдың халықаралық экономикалық қатынас-тың аумағындағы қозғалысы оның тауарлы не ақшалай валюталы нысаны болады. Үкімет, банктер, фирмалар несие беруші де, несие алушы да бола алады.

Бөлу - ақша құрамының қалыптасуы,оларды бюджет, әлеуметтік сақтандыру арқылы пайдалану. Бақылау– салық жинаудың дұрыстығын және оларды дұрыс пайдалануды қамта-масыз ету. Қаржы қатынастарының тұлғалары: мемлекет фирма, бірлестіктер, ұйымдар және жеке азаматтар.

Қаржы халық табысы бөлімінен, жанұяларының алғашқы табыстарынан, шығыс бөлімі-нен, халықаралық қор жинауынан тұрады. Орталықтанбаған (мемлекеттік емес) қаржы – фирма бірлестік және ұйымдар иелігіндегі қаржылар. (шаруашылық тұлғаның қаржысы). Орталықтанған (мемлекеттік) қаржы – қаржы жүйесінің басты бөлігі, мұнда мемлекеттік, әлеуметтік сақтандыру, мемлекеттік және жеке мүліктік сақтандыру, мемлекеттік бюджет кіреді. Бюджет – табыс пен шығыстың тепе теңдігі.

Бюджеттік табысы – кәсіпорын табысына салық сатудан түскен табысқа салық жергілікті салық, сыртқы экономиканың қызметтен табыс, ректа төлемдері, ссуда қорының құралы және т.б. Бюджеттің шығысы – экономиканы қоғамдық мәдени бағдарламаны, FT- бағдарламасын, қорғанысты, басқаруды мақсатты бағдарламаны қаржыландыру және несие және басқа мемлекеттерге көмек.

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда 2 принцип бар:

1 Демократиялық тандыру әкімшілік - әміршілдік жүйеге тән. Ол төменгі сатыдағы қаржылық мекемелерге қаржы орган –ның деректері нұсқауларын орындауға міндеттеген.

2 Фискальдық саясат – бұл рыноктық экономикасы дамыған елдерде бекітілген. Осы принцип мәні жергілікті бюджет өзінің табысы мен шығысынан мемлекет бюджетке кірмейді. Жергілікті орган өзінің бюджетінен қоғам тәртібін сақтауды мектептерді емханаларды т.б. қаржыландыруы керек.

Мемлекеттік қарыз – белгілі бір уақытта жиналған бюджеттік тапшылықтың санасы бұл санада осы уақыттағы бюджеттің оң сольдосы шегеріледі.

Сыртқы мемлекеттік қарыз – шетел мемлекеттіне ұйымдарына жеке тұлғаларына қарыз. Оның мәні теріс себебі мемлекет шетелге өзінің бағалы қағаздарын береді және қарыз жүгін келесі ұрпаққа қалдыра береді.

Ішкі мемлекеттік қарыз – үкіметтің ел азаматтарына қарызы. Мемлекеттік қарыздың болуы шынайы теріс салдарға әкеліп соқтырады:

1 Ішкі қарызды халыққа % төлеу арқылы өтеу әр түрлі әлеуметтік толық табысының сәйкессіздігін өсіреді, себебі мемлекет міндеттерінің көп бөлігі халықтың жағдайы жақсы бөлігіне үйлестірілген.

2 Мемлекет қарызы бойынша % төлеу мақсатымен салықты көтеру немесе азайту өндірістің экоономикалық ынтасын үзеді.

3 Мемлекеттік қарыз бойынша төлеу үшін үкімет капитал нарығында заем алса бұл жағдай ел ішіндегі капитал салымының қысқаруына әкеледі.

Қарыз капитал рыногы және бағалы қағаздар

Ақша массасы – қолма-қол және аударым ақша нысанындағы шаруашылықта бар барлық ақша құралының жиынтығы, ол сонымен қатар, қор жинау, төлем және айналым құралының қызметін атқарады.

Басқа да рынок секілді, ақша рыногында да, ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады.

Ұсыныс – ақша массасының айналымы, яғни ерілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.

Жиынтық ақша ұсынымы қамтиды;

- банкнтоттар

- теңгелер (монеты в обращении)

- банк депозиттері

- бағалы қағаздар.

Ақшаны сатып алу қабілеттілігі – бұл ақша бірлігіне сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көрсетулер саны. Баға деңгейінің жоғарылауында ақшаның сатып алу қабілет-тілігі төмендейді немесе керісінше. Ұсыныс пен бірге сұраныс жүреді. Ақшаға сұранысты талдау кезінде әр түрлі теориялық тәсілдер кездеседі:

Ең басты монетария.

1. Ақша экономикада басты рольді ойнайды.

2. Орталық банк ақша ұсынысына яғни айналымдағы ақша санына әсер ете алады.

М*V=P*Q(21)

Теңдікті өзгертсек:

(22)

Мұндағы МД – ақшаға сұраныстың мөлшері.

М- айналымдағы ақша саны

V-ақшаның айналымдағы жылдамдығы

Q – сатылған тауарлардың саны

Р – тауарлар мен қызмет көрсетулердің орташа бағасы.

Өндіріс қисыны мынандай;

Ақша ылғи айналыста болуы керек. Осыдан кейбір фирмаларда белгілі бір уақытта ақша құралдары уақытша босатылады, ал осы уақытта басқа фирмалар жоқ ақшаға қажеттілікті сезеді. Бұл қайшылық кредит көмегімен шешіледі. Кредит негізін келісім шарт-тың ерекше түрі – несие құрайды. Кредит кең мағынада латын тілден – қарыз, несие, credo – сенемін сенім. Ақшалай немесе тауарлар нысанындағы несие яғни ақша немесе тауарларды қарызға қайтарым шартына негізделген уақытша пайдалану және әдетте процент төлеу шар-тымен беру; Несие беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынастарды білді-реді. Банк комерциялық мемлекеттік тұтыну т.б. несие ретінде қолданылады. Несиенің ерекше түрі халықаралық несие.

Несие- тар мағынада ссудалық капиталдың қозғалысы, бұл қозғалыс жеделдіктің, қайтарымдылықтың және төлемдліктің бастауында жүзеге асады.

Несиенің тар мағынасы тек ақша





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.