Здавалка
Главная | Обратная связь

Меншіктеу инструкциясы

Айнымалылар

Айнымалы– ақпараттың бір элементін компьютер жадысында сақтай алатын құрылғы немесе ұяшық деп атауға болады. Программаның орындалу барысында айнымалы өз мәәнін өзгертіп отырады.

Кез-келген программада есептеу үшін арналған бастапқы мәліметтерді сақтау керек. Мысалы, соңғы және аралық нәтижелерді сақтау керек болады (1-сурет).

Программада қолданылатын әрбір айнымалының атауы болуы керек. Айнымалының аты ретінде латын әріптерін, сандарды қолдануға болады. Бірақ, айнымалының атауы саннан басталмауы керек. Айнымалы атауының арасында бос орын тастауға болмайды.

Сонымен қатар, программада қолданылатын айнымалының атауы мен программаға қойылған атау бірдей болуы тиіс.

Сурет.

 
 

 


Айнымалы (жады ұяшығы)

 

 
 

 


 

Айнымалыларды программад қолданғаннан бұрын, ол VAR бөлімінде сипатталуы керек.

Мысалы:

var a:real;

b,c:integer;

 

Өрнектер

Өрнектер операндтардан және орераторлардан тұруы мүмкін.Оперантар деп константаларды немесе айнымалыларды айтуға болады.Операторлар операндтардың арасында орналасады және әрекеттері белгілейді. Төменде көрсетілген кестеде операторлар және олардың орындайтын әрекеттері көрсетілген:

1-кесте:

Оператор Действие
+ қосу
- алу
* көбейту
/ бөлу
div қалдықсыз бөлу
mod бөліндінің қалдығын анықтау

Div және mod операторларынан басқа операторларды қолданғанда бос орын жібермеуге болады.

Мысалы:

0.002

a+b/c

summa*0.75

Cena mod 1000

17 div 6

Операторлардың приоритеттері болады. + және – операторларына қарағанда, *, /, div, mod жоғарғы приоритетке ие. Операторларды приоритеті өрнектердің орындалуына әсерін тигізеді. Өрнектің дұрыс орындалуы үшін жақшаларды () қолданған жөн.

Меншіктеу инструкциясы

Программаны құру барысында келесі әрекеттерді еске түсіру керек:

· меншіктеу инструкциясы айнымалының мәнін өзгертуге және формула бойынша есептеу үшін қолданылады;

· меншіктеу инструкциясының оң жағында орналасқан әрекеттің типі айнымалының типіне сәйкес келуі керек (егер айнымалының типі мен әрекеттің типі сәйкес келмеген болса, компилятор Tipe miss match (типтік сәйкессіздік) деген мәліметті шығарады).

Меншіктеу инструкциясының жалпы түрі:

Аты:=әрекет

мұндағы Аты – айнымалының аты, меншіктеу инструкциясы орындалған кезде оның мәні өзгереді; қос нүкте және одан кейін орналасқан теңдік белгісі – меншіктеу инструкциясының символы.

Меншіктеу инструкциясы келесідей орындалады: алдымен меншіктеу символныңың оң жағында орналасқан өрнектің нәтижесі орындалады, содан кейін есептелген мән меншіктеу символныңың сол жағында орналасқан айнымалыға мәні беріледі.

Мысалы:

· i:=0; - i айнымалысының мәні 0-ге тең болады;

· a:=b+c; - b және с айнымалыларының суммасы а айнымалысының мәні болады.

Программаны орындауға жібергеннен кейін компилятор өрнектер мен айнымалылардың типтерін тексереді. Егер программада көрсетілген тип айнымалының типіне сәйкес келмесе, экранға Error 26: Type mismatch деген қате туралы мәлімет шығады.

Тапсырмалар

1. Программадағы келесі есептеулерде қолданылатын айнымалыларды құрыңыз:

a) Шардың көлемі;

b) Бір атаумен аталған бірнеше килограмм көкеністің бағасын анықтау;

c) 3 түрлі сатылып алынған заттың құнын анықтау;

2. Меншіктеу инструкциясы орындалғаннан кейін А айнымалысының мәні неге тең болады?

a) B:=5;

C:=4;

A:=(B/5+C);

b) B:=5;

A:=B;

A:=A+B;

c) A:=0;

A:=A+1;

A:=A*A;

d) B:=5;

A:=10;

C:=-B;

A:=C;

3. Программада келесідей айнымалылар сипатталсын:

a, b, c, n:integer;

d, e:real;

Келесі өрнектердің типін анықтаңыз:

a) d+1

b) a*d

c) (b/c)*100

d) a-2

e) a+b+(c/n)

f) 15 mod 5

4. Программада келесідей айнымалылар сипатталсын:

h, l, p:integer;

d, v:real;

Келесі инструкциялар дұрыс жазылған ба?

a) p:=(d+h)*2;

b) h:=1.0;

c) l:=d;

d) d:=5.9*h;

e) h:=h+1.0;

 

Бақылау сұрақтары

1. Программалау дегеніміз не?

2. Программа қандай тізбекпен орындалуы керек?

3. Негізгі мәліметтер типтерін атаңыз.

4. Айнымалы деген не?

5. Айнымалға атау қалай беріледі?

6. Өрнектер неден тұрады?

7. Операндтар дегеніміз не?

8. Div және mod операторларының атқаратын қызметі не?

9. Қандай операторлардың приоритеттері жоғары болады?

10. Меншіктеу деп нені айтамыз?

11. Меншіктеу операторының жалпы программада сипатталуы қандай?

12. Меншіктеу инструкциясының орындалуы.

13. Қандай жағдайда экранға Error 26: Type mismatch деген мәлімет шығады?





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.