Здавалка
Главная | Обратная связь

Векторлар мен матрицаларды тарату



Matlab векторлар мен матрицаларды тарататын бiрнеше функциялардан тұрады.

Zeros(M,N)- Нөлдiк элементтi (M*N) өлшемдi матрицаны тудырады
Ones(M,N)- Бiрлiк элементтi матрицаны тудырады
Eye(M,N)- Басты диагональ бойынша бiрлiктермен және қалған нөлдiк элементтермен матрица құрады
Rand(M,N)- 0-ден 1-ге дейiн бiрқалыпты таратылған кездейсоқ сандардан матрица құрады
Hadamard (N)- (N*N) өлшемдi Адамар матрицасын құрады
Hilb(N)- Гильберт матрицасын құрады
Inhilb(N)- Гильберттiң керi матрицасын құрады
Pascal(N)- Паскаль матрицасын құрады
Fliplr(A)- Вертикаль өске салыстырмалы түрде белгiлi А матрицасының бағаналарын қайта қойып матрица тұрғызады
Flipud(A)- Горизонталь өске салыстырмалы түрде белгiлi А матрицасының жолдарын қайта қойып матрица тұрғызады
ROT90(A)- Белгiлi А матрицасын сағат тiлiне қарсы 900 – қа бұру жолымен матрица тұрғызу
Tril(A) А матрицасының негiзiнде оның элементтерiн басты диагональдан жоғары нөлге теңестiру жолымен төменгi үшбұрышты матрицаны тудырады
Triu(A) А матрицасының негiзiнде оның элементтерiн басты диагональдан төмен нөлге теңестiру жолымен жоғарғы үшбұрышты матрицаны тудырады
Hankel(V) Бiрiншi бағанасы берiлген V векторымен сәйкес келетiн Ганкельдiң квадратты матрицвсын тудырады

 

Жоғарыда қарастырылған мысалды тездету жолдары бар. Бiрiншiден, кестеде көрсетiлген арнайы функцияларды қолданып, массивтер тұрғызу.

12-сурет

Суреттен көрiп отырғанымыздай, ones немесе zeros функцияларын қолданып 1-ге немесе 0-ге тең үш элементтi массив құрдық.

Екiншiден, соңғы элемент нөмiрiнен бастап, бастапқы элементпен аяқтап массив элементтерiне мәндi меншiктеудi жүргiзуге болады.

13-сурет

Бiз массивтердi тұрғызудың негiзгi жолдарымен таныстық. Тағы бiр жолы «: » қос нүктенi қолданып массивтер тұрғызу. Бөл операцияны сандық мәндердiң диапазонын тарату операциясы деп атайды. Мысалы, 3,7 ден 8,947 диапазонында 0,3 өсумен бiр өлшемдi массив тұрғызу қажет. Бұл мәселенi қос нүкте операциясымен тұрғызуға болады:

14-сурет

Массив элементтерi көп болған жағдайда оларды бiрден санау қиын болғандықтан, оны мынадай командалардың көмегiмен жүргiзуге болады:

15-сурет

15- суреттен көрiп отырғанымыздай 14-суреттегi қос нүкте операциясымен алынған массивтiң 18 элементi бар.

Екi өлшемдi массивтермен және векторлармен жұмыс

Екi өлшемдi массив жол және баған сандарымен сипатталады (16-сурет).

16-сурет

Суреттен көрiп отырғанымыздай жолдарды бөлу үшiн үтiр нүкте қолданылады.

Математикада екi өлшемдi массивтердi массивтер деп атайды. Matlab жүйесiнде барлық бiрөлшемдi массивтер вектор-жол, немесе вектор-бағана түрiнде берiледi. Вектор-бағана Matlab жүйесiнде вектор-бағана келесi түрде жазылады:

B = [ 1; 2; 3]

B массивi үшiн length(b) функциясы 3 санын шығарады, өйткенi бұл массив үш элементтен тұрады. Егер Matlab-қа жоғарғы теңдеудi енгiзсек төмендегiдей нәтиже аламыз:

17-сурет

16- суреттегi 3 × 2 өлшемдi матрицаны тiк вектор- жол түрiнде

a=[[1 2]; [3 4]; [5 6]]

немесе горизонталь вектор-бағана түрiнде беруге болады:

a=[[1; 3; 5], [2; 4; 6]]

18-сурет

 

Екi өлшемдi массивтiң өлшемдерiн анықтау үшiн size функциясы қолданылады

бiрiншi көрсетiлген жол саны, екiншiсi- бағана саны.

Матрицаның жол және баған сандарының орындарын ауыстыру үшiн транспонирлеу операциясы қолданылады (ол ' апострофпен белгiленедi). Мысалы:

A=[1 1 1; 2 2 2; 3 3 3];

B=A’

19-cурет

 

 

20-сурет

20-суретте 19-суреттегi матрицаның жол және баған сандарының ауыстырылуы көрсетiлген.

Векторларды қосу – ұзындықтары бiр векторлармен жүргшiзiледi.

 

Z1=X+Y

Z2=X-Y

Векторды транспонирлеу

 

X’

Векторды санға көбейту

Z=r*X=X*r

Екi векторды көбейту – векторлардың ұзындықтары бiр және векторлардың бiреуi жол, ал екiншiсi – бағана болғанда жүредi:

U=X’*Y, V=X*Y’







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.