Здавалка
Главная | Обратная связь

Delphi программалау ортасы

КІРІСПЕ

 

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық процестің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық процесті ақпараттандыру мәселесі маңызды болып саналады. Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де бұл жағдайда оқу материалының мазмұны мен құрылымында өзгеріс болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мынадай бағыттарда жұмыс жасай алады:

· компьютерлік оқу бағдарламаларымен танысу;

· бақылау жұмыстарын орындау.

Бақылау жұмысының кең тараған түрі – тест әдісі болып табылады. Тест оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексеретін немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Оқыту программаларын тез әрі тиянақты құрастыруға мүмкіндік беретін программалау жүйесі оқу үрдісінде оқушылардың білімін бағалауда компьютерлерді кеңінен қолдануға жол ашады.

 

Курстық жұмыстың қойылымы:

Бұл курстық жұмыста білім деңгейін тексеруде Delphi бағдарламалау ортасында қолданылатын көп деңгейлі, әмбебап тест программасын құру тапсырылған еді. Осыған байланысты курстық жұмыс келесі мәселелерді зерттеуден тұрады:

· компьютерлік тесттің маңыздылығы, түрлері;

· компьютерлік тестке қойылатын талаптар;

· компьютерлік тесттерді құру технологиясы;

· Delphi программалау ортасында құрылған көп деңгейлі әмбебап компьютерлік тест түріндегі қосымша құру.

 

Курстық жұмысының өзектілігі:

· оқушылардың білімін тексерудегі көп деңгейлі компьютерлік тест бағдарламасының алатын орнын ашып көрсету;

· тест бағдарламасының әмбебаптығын көрсету.

 

Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері, әдістері:

· болашақта оқушылар мен білім алушылар білімін тексеріп, бақылауда тест әдісінің кеңінен қолданылуына жол ашу, білім беру жүйесіндегі компьютердің алатын орнын, маңыздылығын анықтауға өз үлесімізді қосу;

· компьютерлік тесттерді типтерге жіктеуді, оларға қойылатын талаптарды қарастыру, зерттеу;

· білімді тексеруде олардың алатын орнын анықтау;

· көп деңгейлі компьютерлік тест бағдарламасын құру;

· бағдарлама жазылған Delphi7программалау тіліне сипаттама беру.

 

Курстық жұмысының практикалық маңыздылығы:

· тест бағдарламасының әмбебаптығы, яғни кез-келген пән бойынша жүргізіле беретіндігі;

· бағдарламаның оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту мақсаттарына бағытталуы;

· бағдарламаның қолдануға тиімді, қарапайымдылығы, есте сақтау қабілетінің күшеюі.

 

Курстық жұмысының құрылымы:

Курстық жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім 3 тарауға бөлінеді. Соңынан қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша беріледі.

Бірінші тарауда оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері туралы жазылған. Екінші тарауда қосымша құруға қолданылған программа туралыкөрсетілген. Үшінші тарауда Delphi ортасында дайындалған тестілеу программасының құрылымы мен қолданылуы жазылған.

 

 


1. ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

1.1 Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың

негізгі бағыттары

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез-келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез-келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді және оларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз–оқытуға арналған материалдың мазмұнын таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы, оқытуға автоматтандырылған оқыту программаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпараттық орта жасау және барлық танымдық процестердің өзара байланысын, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара білу болып табылады. Басқаша айтқанда, оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланылатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Осындай оңай іске аса қоймайтын мәселелерді шешу педагогтардың күннен-күнге тасқындап бара жатқан ақпараттар ағынының көбеюі кезінде мәліметтерді бейнелеу, іздеу және өңдеу тәсілдерінің қазіргі деңгейінде жұмыс істей білуіне дайындығына байланысты болып отыр. Педагогтардың жаңа ақпараттық кеңістікте жұмысқа дайын болуы, олардың көзқарастарының алдыңғы сатыға көтерілуі-білім беру ісінің жаңа формалары мен технологияларын жасау мен соларды өмірге енгізуінің басты шарты болуы тиіс.

Кез-келген ғылым өз саласында қолданылатын терминологиялық аппаратқа көп көңіл бөлуі қажет. Ақпараттық технологиялар өте тез дамып келеді. Бір жағынан, ол көптеген түсініктердің тұрақты бола алмауын көрсетсе, екінші жағынан, осындай динамизм бұрынғы тұрақты деп саналатын түсініктерді қайта қарап, соларды толықтыруды талап етеді. Білім саласындағы ақпараттық технологияларды қарастыру кезінде ғылым тілінің осындай проблемалары өте өзекті мәселеге айналып отыр. Енді жиі пайдаланылатын бірсыпыра түсініктердің мағынасын ашуға тырысайық, олар:

· оқыту технологиялары;

· оқытудың қазіргі ақпараттық технологиялары;

· оқытудың интерактивті режимі;

· оқытудың компьютерлік технологиялары;

· мультимедия технологиялар;

· ақпараттық білім ортасына байланысты түсініктердің әр түрлері.

Білімді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық – педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясы мен практикасын қамтамасыз ету процесі.

Қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Ақпараттық технологиялардың жиі кездесетін осы анықтамасын біз де пайдаланамыз. Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары – қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық - әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін қазіргі компьютерлік техника, телекомуникациялық байланыс құралдары, инструментальдық программалық құралдар жиыны. Оқыту ісіндегі қазіргі ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері - танымдық әрекеттерді басқару процесі мен қазіргі ақпараттық білім ресурстарына қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау ісі болып табылады.

Ақпараттандыру үрдісінің әсерімен жаңа қоғамдық құрылым қалыптасуда. Қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағытының бірі – білім беру ісін ақпараттандыру - бұл жаңа ақпарат құралдары мен әдістерін, дамыта отырудың идеяларын жүзеге асыруға оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-бірімен тығыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген сөз.

Бүгінде ақпараттық – білімдік желі құру жұмысы басталды, оған еліміздің негізгі фирмалары - Қазақтелеком мен Алси қатысады. Бұл желінің негізгі міндеті білім беру үрдісі болатыны сөзсіз. Әрбір деңгейге және тұтас алғанда бүкіл білім беру жүйесіне кеңінен қол жеткізетін ақпараттық қарым-қатынастық технологияның барлық мүмкіндіктерін еркін пайдаланады.

Екінші ерекшелік - басқару. Елдің бүкіл білім беру желісін жүйелеу барысында басқарылатын біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптастырылады. Басқаша, айтқанда Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ашық ақпараттық инфрақұрылымы жасалды.

Үшінші ерекшелік - бұл желінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталуы, яғни виртуаль және ашық университеттер, халықаралық қауымдастықтар, білім беру сипатындағы корпорациялар құру т.с.с. Бұл жерде ішкі және сыртқы ресурстарды қорғау мен сақтандыру шаралары ескерілген.

Ең соңында, бүкіл ақпараттық - білімдік желіні орталық телекоммуникация орталығы басқарады, оны қалыптастыру қолға алынған. Орталық ақпараттық білім беру ресурстарының деректер базасын қалыптастырып, Білім және ғылым министрлігінде орналасқан.

Ақпараттық технологиялар дәуірі - объективті мәні бар үрдіс, ол адам мүліктерін толық жүзеге асыруға жол ашады. Ал, оларды қолдану адам бойындағы қабілетті дамыту негізінде қоғамның алға басуына үлкен ықпал етеді.

 

 

1.2 Тест туралы жалпы түсінік

 

Жалпы тестті – база мәліметтеріндегі оқушылардың және басқа да оқу орындарының әр-түрлі пәндерден білімін бақылау программасы деп қарастыруға болады.

Жалпы тестке мына тапсырмаларды кірістіруге болады:

біріншіден, оқушыларды бақылау және бақылау тестілеуін әр-түрлі

пәндерден оқушыларға жүргізу программасы;

екіншіден, жаңа тест құру программасы;

үшіншіден, мектеп курсындағы пәндер бойынша: геометрия, физика, орыс тілі, информатика, ОБЖ, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарындағы пәндер бойынша: программалау, алгебра, математикалық анализ және т.б пәндер бойынша тесттер жиынтығы(банкі).

 

 

1.3 Тестілеудің мақсаттары мен оның сапасын жетілдіру ережелері

 

Тестілеу қиын жүйенің ашық көрсетілген белгілеріне ие.

Тестілеу – құрылымдық жүйеге сәйкестендірілген қысқа сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі, жауап іздеуді уақыт бойынша шектеу және оқушылардың сандық әрі сапалық жеке айырмашылығын белгілеуге, оқушы мен оқытушы жетістігін айқындайтын жүйе. Тестілеу сынақтамалық тапсырмалардан тұрады – оқулық сұрақтары, міндеттер, мәселелік жағдайлар.

Тестілеу мен сынақтаудың негізгі мақсаттары мен функциялары:

1. Ақпараттық – оқытуды жүйелі тұрақтандыру және талдау нәтижесі, профиль құру, білім кесілімдері.

2. Диагностикалық – жинақталған ақпарат негізінде оқытудың бейімделу әдістемесі.

3. Білімділік – оқушылардың білімдерін бекіту және тереңдету, дағды мен икемін қалыптастыру.

4. Мотивациялық – оқушыларды білім алу, икем, дағды бойынша әрі қарай күш салуға, өз бетімен оқу технологиясын меңгеруге – жоғары білім формасына ынталандыру.

5. Аттестациялық – оқушылар мен оқытушыларда білім, икем, дағдыға оқып үйретуде (өзі оқып үйренгенде) алынған сандық, сапалық деңгейі сипатын анықтау.

Тестілеу мен сынақтаудың сапасын жетілдіру ережелері:

1. Тестілеу – ақпараттық сенімді болу керек. Ақпараттық сенімді – тестілеу шамасы білім, икем, дағды өлшеміне сәйкестілігі, оны тексеру үшін арнайы мәтін әзірленген, оқыту бағдарламасы мен қалыпқа шара сәйкестігі, сонымен қатар тестілеу нәтижесіне сәйкестігі. Бұл барынша маңыздырақ, кешенді сипаттама, өйткені ол тестілеудің «құралдық» дәлдігін көрсетеді.

2. Тестілеу керекті және жеткілікті деңгейде күрделі болу керек. Күрделілік – бұл ой күші шарасы, жауап таңдауды талап етеді. Жиі бұл шара дұрыс емес жауаптар үлесі ретінде тестілеу алынғандар тобындағы тапсырма жауаптары кезінде анықталады.

3. Тестілеу объективті және сенімді болу керек. Сенімділік – дұрыстық шарасы және тестілеуде оқушы білімі деңгейінің балама көрсетілімі. Сенімді тестілеу әр топтағы оқушылардың және әрбір топтағы оқушының тең құқын қамтамасыз етеді.

4. Тестілеу тұрақты болу керек. Тұрақты тестілеу – бұл сенімділікті, ақпаратты сенімділікті тестілеу басқаға ауыстырғанда, осыған ұқсас ортаға ауыстырғанда сақтау шарасы, әртүрлі топтағы оқушылардың тестілеуінің тең мағыналылығы мен бірыңғайлылығы шарасы. Тестілеуде тестілеу қабілеттілігі кейбір берілген баға, балл жүйесін (шәкілде) оқу жетістігі нәтижесін дәл көрсетеді.

5. Тестілеу – көрнекті болу керек. Тестілеу көрнектілігі (немесе тестілеу базасында) – оқытуда әртүрлі деңгейдегі тестілеу көрсетілімі оқулық материалындағы тапсырмаларды, бағдарламаларды толық қамту шарасы.

6. Тестілеу мәнді және дискриминантты болу керек. Тестілеу мәнділігі – тестілеуге негізгі білімді ендіру қажеттілігі және көкейтесті шарасы. Тестілеудің дискриминанттығы – оқытудың жоғары немесе төменгі деңгейіне қатысты тестілеушілерді саралау.

7. Тестілеу ақиқат, ғылыми, қарама - қайшылықсыз болу керек. Тестілеудің рас, ғылыми, қарама - қайшылықсыздығы - тестілеудің шыншылдығы, байланыстылығы, қазіргі жағдайдағы ғылым мен технологияға сәйкестік шарасы. Тестілеу тапсырмасының өзара (іштей байланыстылығы), осылай және басқа да тестілеумен (сырттай байланыстылығы) байланыстылығын қамтамасыз ету.

1 – 7 ережелер жалпы жүйелі болып келеді.

8. Тестілеуді тестология талаптарына толығымен сай келтіріп оқытушы - әдіскер әзірлеу керек. Тестология туралы негізгі мәліметтер мен түсінектер 1 ережеде айтылған.

9. Тестілеу тапсырманы анық әрі түсінекті болып берілуі тиіс, екі ойлы түсінікті жіберуге болмайды, дұрыс жауап беруге мынадай принцип жұмыс жасайды: «Егер тапсырма оңай оқылса, онда түсінуге де оңай», тестілеу тапсырмасына бөлінген уақыт, сұрақтың шартын түсінуге емес, жауабын іздеуге жұмсалу керек. Тапсырманы бір сөйлем түрінде жазуға тырысу керек.

10. Тестілеудің әрбір тапсырмасы функциональды аяқталған, яғни нақты білім, икем, дағдыны тексеру керек.

11. Тестілеу тапсырмалары таңдағанда және тестілеу тапсырмаларының өзі қиындық, деңгейі барлық диапазонда өзгеруі информативтік болу керек, тек қана оның жеке бөлімшелерінде емес.

12. Барынша 5 - 20 сөзден тұратын сөйлем түрінде жай, бірақ грамматикалық дұрыс ақиқаттағы тапсырма түрін пайдаланған дұрыс.

13. «Қатаң» емес сөздерді сирек қолдану, мысалға «кейде», «жиі», «барлық кезде», «барлық», «ешқашан», «үлкен», «үлкен емес», «кіші», «көп», «азырақ», «көбірек» және грамматикалық айналым түрінде «Неліктен бұлай істей алмайды...», «Шын ба, ол...», «Мүмкін бе...», екі қайтара жоққа шығару, кванторлардың жоққа шығаруы және т.б. (егер тестілеу тапсырмасы олардың түсінуіне есептеліп жасалмаса).

14. Жауаптар сұрақтың шарты бойынша 2 – 3 негізгі сөзден тұру керек.

15. Жауаптардың формасы және ұзындығын бірдей құрған дұрыс.

16. Сандық жауаптарды өсуіне немесе азаюына қарай реттеген дұрыс, бірақ оның бірінші жауабы көрсетілмеуі керек.

17. Дұрыс (немесе дұрыс емес) жауабы интуиция және ассоциативті түрде, жауапты жобалап, шешіп, ауызша таңдауды айрықшалау, ал дұрыс жауаптың орнын күтпеген жағдайда таңдау.

18. Жауаптар тәуелсіз, таңдауға бірдей тартымды болып, ал осылай болуы мүмкін деп дұрыс жауапты шешудің әсері тестілеу нәтижесінде мүмкіндігінше азырақ болу керек.

19. Егерде тестілеу арнайы аббревиатура мен қысқарған сөздерді түсінуге есептелген болса, онда шартында да және тестілеу тапсырмаларының дистракторларында дұрысқа жуық жауаптар нұсқаларында олар қатыса алады.

20. Әрбір тапсырмада дистракторлар саны 3- тен 5- ке дейін болу керек.

21. Кез-келген нұсқаның жауабын қойғанда мағынаны қабылдамау керек, яғни шарттың айтылған формасы, барлық уақытта ақиқат немесе жалған деген мағынаны кез-келген жағдайда болатынын, ал тек берілген дистракторларда ғана емес, барлық форманың болатын мағынасының көпшілігінде қолданады.

22. Барлық дистракторлар сауатты шебер, қулық – сұмдықсыз таңдалу керек, бірақ беталды емес, ал берілген тапсырмада жіберілетін типтес қателермен сәйкес.

23. Тапсырманың ұйғарынды шарты өзгергенде, бірде бір дистрактор дұрыс жауап болып табылмайды.

24. Жауаптағы қайталанатын сөздер мен сөзтіркестері шарттық жауаптан алып тасталады және шарттың негізгі бөлігіне ауыстырылады.

25. Бір тектілік тапсырманың жауабынан қандай да бір жолмен (мысалға, экристикалық) басқа бір тапсырмаға жауап алуға болмайды.

26. Егер жабық түрде сапалы тестілік тапсырманы құруға болса, онда мейлінше осы түрді пайдаланған тиімді. Жабық түрдегі тестілік тапсырманың жауабын білуге болатындығы оның жетімсіз жағы болып есептеледі, оны білмей, бірақ егер сауатты, шебер түрде тестіге талдама жасалатын болса, дұрыс әлеуетті мүмкін жауаптарды таңдап, бұл мәселені шешуге болады. Қарапайым құрылымды оның қасиетіне жатқызуға болады, қабылдау тиімділігі, оңтайлы шешім қабылдауға әсерін тигізеді. Ашық түрдегі тапсырманы қарайық, мұнда тестілеуші сөздің қорытынды бөлігін өзі қосады.

27. Егер сапалы бір түрдегі тестілеу қолдануға жеткілікті болса, онда түрлі формадағы тапсырмаларды қолданудың қажеттілігі жоқ. Қалай жабық түрдегі тестілеу тапсырмаларына өтуге болады және бір түрдегі тестілеуді қалай әзірлеуге болатындығы алдында қаралған мәселелерде көрсетілген.

28. Егер (бір пәннің шегінде немесе бір ірі тақырып, бөлімге арналған) гомогендік тестілеулер жеткілікті болса, онда (бірнеше пән шегінде, бірнеше ірі тақырып бөлімге арналған) гетерогендік тестілеу пайдаланудың қажеттілігі жоқ.

29. Тапсырмалар толық айқын болу керек. Оқушыларда шартты анықтау бойынша ешқандай сұрақ тумауы керек, дистракторға немесе тиімді үрдіс құруға дұрыс жауап іздеуге мынадай принцип жұмыс жасау керек: «Егерде оқушыларда тестілеу бойынша сұрақ туатын болса, онда оның тапсырмасының бұл тақырыбы бойынша білімінің жеткіліксіздігі». Өйткені сенімді сапаны анықтайтын тестілеу осыған қатысты ұқсас сұрақтар.

30. Қандай жағдайда болса да тапсырма оқу материалынан, бағдарламасынан шегінен шығып кететін білімді мүмкін дейді. Тек ескеретін жағдай олимпиадалық тестілеу мұнда икемді, талапты оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.

31. Тестілеуде (тестілеу ұзындығы) тестілеулік тапсырма саны 30 – 50 құрау керек. Аз сандық тапсырма сынақтамада беріледі, бірақ ол көрініп болмайды.

32. Берілген тестілеулік тапсырма қорында сынақтама ұзындығынан тапсырма саны жобамен 10 – 20 есе көп болу керек. (яғни 300 ден 1000 тапсырмаға дейін).

33. Тестілеу жүргізудің орташа уақыты 60 – 90 минут құрайды, гетерогендік тестілеу үшін шамасы бірнеше есеге өседі, бірақ бұл оқушылардың психологиялық – физиологиялық жағдайына айтқандай зиян келтіреді. Бұған осындай тестілеу өткізілгеннен кейін психологиялық – физиологиялық мониторинг өткізіп көз жеткізуге болады. төмендегідей эмпирикалық орташаланған деректерді ұсынамыз: тестілеу алудың орташа уақыты 05- тен 3 мин. дейін А тобындағы әрбір сұраққа, 3 – 5 мин – В тобындағы әр сұраққа, 5 – 10 минут С тобындағы әрбір сұраққа. Сондықтан көп уақытта қажет етпейтін тапсырмаларды таңдау керек.

34. Тестілеуде көптеген тапсырмалар жабық түрде болу керек. Әртүрлі түрдегі тестілеуді жабық түрдегі тестілеуге өзгертіп алуға болады. (26 ереже) Негізгі белгілеріне зиян келтірмейді.

35. Оқу деңгейін жеткілікті әрі толығынан анықтау үшін тестілеу ең аз деген тапсырма санынан тұру керек. Тексеріліп жатқан білімді, икем және дағдыны қосарланушылықтан қашуды, сонымен қатар барлық қажеттіні қарау.

36. Тестілеудегі тапсырмалар қиындық деңгейінің өсуіне қарай реттелуі керек. Тестілеу тапсырмаларын ұсыну реті: А тобы (ең жеңіл тапсырмалар); В тобы (көтеріңкі қиындықта тапсырмалар); С тобы (қиын тапсырмалар).

37. Тестілеу қортындысының бағасын баллменен есептеген жақсы. Мысалға: 1 – 2 балл – А тобы сұрағының бағасы, 2 – 3 балл – В тобы сұрақтарының бағасы, 3 – 5 балл – С тобы сұрақтарының бағасы. Бұл баға классикалық бесбалдық бағаға ауысуы мүмкін немесе басқа тиісті баға шәкіліне ауысады. Бұл тестілеудің сапалылығының бір белгісі – жетістіктер бағасының әділдігін жоғарлатады.

38. Кез-келген тестілеу тек қана баға (балл) қоюымен ғана аяқталмайды, сонымен қатар оқыту деңгейін және тестілеу сапалығын анықтайды. Тестілеу қорытындысын талдау мен аяқталады.

39. Тестілеу тапсырмасында сұрақ қойғанда бірнеше қосымша сөздер арқылы тестілеу қиындығын әрі көтеруге болмайды.

40. Тестілеу қалыптасуына адаптивтік тестілеу (оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатындағы тестілеулер) өткізген пайдалы. Мүмкін, мысалға, адаптация нұсқасы: 1) жеңіл тапсырмадан – қиыныраққа; 2) орташа тапсырмадан – ең жеңілірек немесе қиынырақ жауабына қарай т.б.

41. Тестілеу құрылысын анықтауда (А,В,С тобы тапсырмасы сандарын) шектік мағынаны анықтауда статистикалық әдісті пайдаланған тиісті.

42. Егер тестілеу екі нұсқадағы (иә, жоқ) жауабын бағалау жүйесінде өткізілетін болса, онда тестілеу қорытындысы полярлық шкала бойынша бағаланады: сынақ, сынақ емес, тапсырылды, тапсырылған жоқ. Бұл жерде 26, 27, 34 ережелерінің маңыздылығы көрінеді. Полярдан тыс жүйе 20 ережемен және мәтіндердің қарама – қарсылығынсыз қағидасымен 7 ережемен жаңа жолға түседі.

43. Тестілеумен жұмыс жасайтын бірдей және жеткілікті тәжірибесі бар балалар бірдей операциялық жағдайға орналастыру керек. Бір балалардың білімін тестілеуден өткізгенде компьютер білімдерін қағаз нұсқада тексеруге баламалы тестілеу болса да жол берілмейді.

44. Тек қана сауатты, қызықты сұрақтар және жағдайлар оқушылар да тек жауап таңдау емес, жауап беруге деген ұмтылыс тудырады.

45. Егер тестілеу қорытындысын бағалауда балл пайдаланылатын болса, онда олардың саны тақ болу керек. (1 – 5, 0 – 10, 1 – 101 және т.б.).

46. Тестілеуде аутсорсингта кең түрде қолдану керек, яғни ол тестілеу технологиясы және тестілеу саласындағы кәсіптік – мамандарға тестілеу мәселелерін табыстау деген сөз. Өкінішке орай жоғарыда аталған барлық талаптарға жеке – дара тестілеулер сәйкес келеді. Мәтін жұмысшы деп есептеледі, егер ол ең негізгі 1 – 7 ережені қанағаттаңдыра алса, ең болмаса қалған ережелерден жартысына, басқа жағдайда біз тестілеулік тапсырмамен емес, тестілеулік түрдегі тапсырмалармен жұмыс жасаймыз (информатикада жиі кездеседі).

Тестілеуде сапасын жетілдіру ережелері неғұрлым көп болса, онда тестілеу жақсы жауаптарға жақын болады.

Ашық жауапты тесттер.

Ашық жауапты тесттер оқушыларға өз білімін толық көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай сұрақтар қысқа бір–екі жол немесе бірнеше жол, шағын текст түрде жауап беруді талап етеді. Ашық жауапты тесттер оқушыға осы тақырып бойынша өткен барлық материалдарды есіне түсіруге, ойша жауап дайындауға, содан соң оны жазбаша түрде көрсетуге итермелейді. Мұндай сұрақтар оқушылар білімін оқыту мақсаттарының жүйесіне қарай (талдау, жинақтау, бағалау) жоғары деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Ашық жауапты тесттердің артықшылықтары мыналар:

· жоғары сенімділік (оқушы дұрыс жауапты оңай біле алмайды);

· жоғары тиімділік (оқушы оқу курсы бойына алған білімін толық қоса алады);

· оқу қабілеттерін арттыруға ықпал етеді, бағыт береді.

Ашық жауапты тесттердің осындай артықшылықтарына, олар электрондық оқулықтың материалдарында сирек қолданылады. Өйткені олардың кең қолданысқа ие болуына тосқауыл болатын маңызды кемшіліктер бар, атап айтқанда:

· оқушылар жауабын бағалау формасын алдын –ала дайындап алу қиын;

· бағалау нәтижесі оқушының қаншалықты жазбаша тілді жақсы білетіндігіне байланысты. Өз тілін дұрыс білмейтіндер үшін өте қолайсыз шарт болып табылады;

· жауаптарды «қолмен» тексеру барлық кезде сенімді емес. Мұғалім көп оқушылардың жауабын тексере отырып, барлық уақытта бағалау критерийлерін қатаң сақтай бермейді;

· ашық сұраққа жауап беру салыстырмалы түрде көп уақыт қажет етеді (бұлай ету тексерілетін білім көлеміне шек қояды);

· оқушы нақты тақырыптан ауытқып, тым ұзақ, көп сөзді текст дайындауы мүмкін (егер сұрақты құрастырушы жауап көлеміне шек қоймаса немесе қандай пункттерді ашу керектігін нақты көрсетпесе).

Көптеген тест құрушылардың ойынша, ашық жауапты тесттерді ерекше жағдай болмаса қолданбаған дұрыс. Алайда бұлай деген сөз «ашық жауапты тесттер электрондық оқулық материалдарында мүлдем қолданылмайды» дегенді білдірмейді.

Ашық жауапты тесттерді электрондық оқулық материалдарын жасауда сәтті қолдануға болады. Оларды дайындау барысында төмендегідей тәртіпті басшылыққа алған жөн:

1. сұрақ қоймас бұрын, оқушыларға олардың алдында тұрған міндетті түсіндіріп алыңыз;

2. ашық жауапты тесттер үшін таңдалып алынған тапсырманың дұрыс қойылғандығын көз жеткізіп алыңыз, оқушыларға олардан не керек екендігін көз алдына келтіруге мүмкіндік беріңіз;

3. оқушылардың өз жауаптарын дәйекті дәлелдер келтіріп, дәлелдеуін талап етіңіз;

4. жауап дайындауға жетерлік уақыт (минутпен) беріңіз және жауап көлемін (жолмен) көрсетіңіз. Жауапты қысқа беруді талап етіңіз. Өйткені қысқа жауап оқушылар ойын жақсы қалыптастырады;

5. оқушылар жауабын бағалау критерийін дайындаңыз: дұрыс жауап құрамында болуы керек негізгі кілт сөздермен сөйлемшелерді, идеяларды жазып қойыңыз: әрбір дұрыс жауаптың қанша балл жинайтындығын (тұратындығын) көрсетіңіз.

Критерийлер дайындау – ашық жауапты тесттермен жұмыс жасаудың барынша нәзік бөлігі (өте шебер дайындалуы тиіс). Критерийлерді дұрыс сипаттау ашық тест жауабын әділ бағалауға мүмкіндік береді, сұрақ жауабын бағалау кезінде оқушы мен оқытушы арасында болатын өзара түсініспеушілікке жол бермейді.

1.4 Компьютерлік тесттерді құру технологиясы

 

Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз.

Тестілеуде компьютерді қолдану оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды, олардың өзін-өзі бақылауын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады және бұл технология оқушы жауабын таңдау принципіне немесе өте қысқа да нұсқа жауаптар алу принципіне негізделген.

Қазіргі компьютерлік құралдар мұғалім мен оқушының шығармашылықпен еңбек етуіне жаңа мүмкіндіктер береді, олар оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. Оқыту программаларын тез әрі тиянақты құрастыруға мүмкіндік беретін программалау жүйесі оқу үрдісінде, оқушылардың білімін бағалауда компьютерлерді кеңінен қолдануға жол ашады.

Қазіргі уақытта компьютерлік тесттердің жасалуына және оқу процесінде оның қолданылуына көп көңіл бөлінеді. Оқу процесі күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөлімді қамтиды: оқу жоспары, курс мазмұны және құрылымы, оқыту ортасы (педагог, оқыту технологиясы және құралы) және білім беру процесін бақылау. Алғашқы екі бөлім пән бойынша білімнің педагогикалық моделін бейнелейді.

Оқытуды бақылау білімнің жеке моделінің білім деңгейін, дағдыларын және шеберліктерін аралық және қорытынды өлшеу көмегімен оқушының білімінің жеке моделі мен білімнің педагогикалық моделі арасындағы сәйкестікті бағалау жолымен жүзеге асырылады.

Білімнің моделін жобалау білім процесі үшін маңызды роль атқарады. Бұдан ақыр соңында оқыту ортасы тәуелді болады: мұғалім, оның тәжірибесі мен квалификациясы, оқыту технологиясы және құралы, ал ең бастысы – қазіргі уақытта кең тараған компьютерлік тест көмегімен білімді бақылау.

Компьютерлік тесттің негізгі ұғымдары:

Тестілеу – бұл білімнің жеке және педагогикалық модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі.

Тестілеудің негізгі мақсаты – осы модельдердің өзара үйлеспеушілігін және олардың үйлеспеу деңгейінің бағасын табу. Тестілеу тестік тапсырмалардың белгілі бір жиынынан тұратын арнайы тесттердің көмегімен жүргізіледі.

Тестік тапсырма – бұл біркелкі анықталатын жауапты және әрекеттердің белгілі бір алгоритмінің орындалуын талап ететін нақты пәндік облыс бойынша анық және түсінікті тапсырмалар.

Тест – оқушы білімінің пән білімінің эксперттік моделімен сәйкестігін бағалауды мүмкін ететін, өзара байланысты тестік тапсырмалардың жиынтығы.

Эквиваленттілік класы – оқушылардың біреуін орындауы басқаларының да орындалуына кепілдік беретін көп тестік тапсырмалар.

Тесттік кеңістік – білім моделінің барлық модулі бойынша әртүрлі көптеген тесттік тапсырмалар.

Толық тест – көлемі және уақыты бойынша оптимальды толық тест.

Бақылау бойынша эксперттің ең күрделі міндеті – білімнің жеке моделі мен педагогикалық моделінің үйлесу немесе үйлеспеу деңгейін максимальды обьективті бағалауды болдыратын тесттік тапсырмаларды дайындау. (1-сурет)

Компьютерлік тестті құруды келесі тізбектелген қадамдар бойынша жүзеге асыруға болады:

1. білімнің экспертті мақсаттық моделінің формализациясы;

2. тесттік кеңістіктің кішірейтілген жобасы;

3. тесттік тапсырмаларды толтыру және қалыптастыру;

4. толық компьютерлік тестті қалыптастыру;

5. тесттік эксперимент;

6. тиімді тестті таңдау;

7. эксплуатация түріне дейін тесттің талдамасы, дәлелі және түзетілуі.

Көптеген тесттік тапсырмалар толық тестілеу принципіне сәйкес, жалпы айтқанда шексіз болуы мүмкін. Бірақ білімнің жеке моделі мен білімнің эксперттік моделінің сәйкестігін үлкен ықтималдықпен дәл бағалауға мүмкіндік беретін тесттік тапсырмалардың ақырғы ішкі жиыны бар екендігі анық. Толық тесттен тиімді тестті бөліп алуға болады. Тиімді тестті таңдау тесттік кеңістіктің эквиваленттілік топтарға, қолайлы тесттің шекаралық жағдайларына, түсініктер мен модульдер арасындағы жолдар мен логикалық байланыстардың жабылуына сәтті бөлінуінен тәуелді. Тесттерді дайындауда маңызды элемент болып тесттік тапсырмалардың эквиваленттілік класы табылады.

Тест «ақ жәшік» принципі бойынша эксперттік модельге, содан кейін білімнің жеке моделінен «тесттен өткен» болуы керек. Бұған қарамастан келесі сатыларға эксплуатациялық түрге дейін тест дәлелін және түзетуін жүргізуге мүмкіндік беретін оқушылар тобына тесттік эксперимент қажет. Пән бойынша тесттер құру үшін тесттік тапсырмалар жиынынан берілгендер базасын қалыптастыру жолымен компьютерлік тесттерді жасауды мүмкін ететін арнайы инструментальды программалар - қабықшалар бар және дайындалуда.

Тест тапсырмаларын құру төмендегідей сатылардан тұрғаны жөн:

1. тест мақсатын анықтау;

2. тапсырманы таңдап алу және құру;

3. эксперимент және статистикалық ақпараттарды жинақтау;

4. тесттің сенімділік және тәндік қасиеттерін тексеру;

5. тесттің ретін тексеру және оптимизациялау;

6. тесттің ұзындығын оптимизациялау;

7. тестті экспериментте тексеру;

8. тестті автоматтандырылған диалогты жүйеге енгізу;

9. тестті автоматты режимде тексеру.

Тесттің мақсатын анықтау үшін бақылаудың түрін таңдап алу қажет. Бақылаудың диагностикалық, басқарушы, оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші функциялары бар. Тестілеу кезінде жоғарыдағы бақылау функциялары ішінен диагностикалық және басқарушы функциялар айқын көрінеді. Оның біріншісі оқушы білімінің жетіспеушілігін көрсетеді, ал екіншісі оның жою жолдарын анықтайды.

1.5 Оқу процесінде тесттік бақылау жүргізу арқылы оқушылардың білім деңгейін бағалау мүмкіндіктері

 

Оқу процесін жетілдіруді оның құрамды бөліктері болып табылатын оқытудың мақсатын, оқу пәнінің мазмұнын, әдістері мен түрлерін, оларды оқытуда қолданатын дидактикалық құралдарды өзара байланыстырып оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Оқытудың мақсаты - оның мазмұнын, әдістерін, қандай формаларда және қандай құрал-жабдықтармен жүзеге асырылатынын анықтайды.

Оқыту процесінде оқушылардың өткен тақырыпты қандай деңгейде меңгергені есепке алынып отырмаса, оның нәтижелі болуы екі талай. Сондықтан оқу процесінің құрамды бөліктерін оның нәтижелерін есепке алумен біріктіре қарастыру қажет.

Оқу процесі тек нәтижелі болуымен ғана бағаланады. Оқу процесі нәтижелі болу үшін оны бағалай білу керек.

Қазіргі кезде информатикадан жазба жұмыстарының кең тараған мынадай түрлері бар: өздік және бақылау жұмыстары, тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстары және тесттер. Бұл жазба жұмыстарының барлығында 4 қызмет (функция) орындалуы керек: үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік.

Енді тест жұмыстарына кеңінен тоқталайық:

1) Тест жұмысының үйретушілік мәні - оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағды деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту.

2) Тест жұмысының бағыттаушылық мәні - жеке оқушы мен бүкіл сыныпты оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу.

3) Тест жұмысының тексерушілік қызметі – оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен біліктілігі, оларды қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау

4) Тест жұмысының тәрбиелік мәні - оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыру, сол арқылы еңбек сүйгіштікке, әділдікке, төзімділікке баулу.

Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі.

Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің тездігі арқасында мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

Тест негізінен мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1. Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары қысқа және қарапайым болуы керек. Қарапайымдылық оқушының тапсырманы орындау тездігімен бағаланады.

2. Тапсырманың сұрағынан оқушыға қандай амалдарды орындалып, қандай тәсілді қолдана білу керектігі айқын болуы тиіс.

3. Дұрыс жауап беру керек. Кейде бірде - бір дұрыс жауап болмауы мүмкін.

4. Тест бірнеше нұсқада жасалынатын болса, оның қиындық дәрежесі шамалас болып, тапсырма сұрақтары бірдей мазмұнда болғаны пайдалы.

Тест тапсырмалары оқушылардың пән бойынша дайындығына қойылатын талаптар мазмұнына сәйкес алынады. Нәтижеде әрбір оқушының бағдарламалық материалдың минимальді деңгейін қалай игергенін дәл анықтауға мүмкіндік болады. Әрине тапсырмаға барлық оқушыға бірдей міндетті емес, білім дәрежесі жоғары, қабілетті оқушылар үшін арнайы есептер мен сұрақтар енгізілуі мүмкін. Барлық оқушының шамасына лайықтап тапсырмалар таңдап алу білімі нашар және орта дәрежедегі оқушылар үшін өз ісі мен біліміне деген сенімділік туғызып, пәнге деген ынтасын арттырса, қабілетті оқушыларды терең білім алуына бағыттайды. Оқу тесті негізінен тақырыпты, тарауды немесе курсты оқушылардың қандай дәрежеде меңгергенін қысқа мерзімде анықтау үшін құрылады. Ол мұғалімнің оқушы білімінде қандай олқылықтар бар екенін анықтаумен қатар, оқушының өзі де қандай қажетті білімдерді игермегенін біледі. Тест жүйесі оқушының тоқсандық, жылдық және қорытынды білім дәрежесін тексерудің тиімді жолы болып табылады.

Тест материалдары 2 дейгейде құрылуы мүмкін:

· міндетті оқу нәтижесі талаптарына сай дейгейдегі бөлім;

· қиындық дәрежесі жоғарырақ, оқушының алған білімін жаңа жағдайларға қолдана білу мен шығармашылық іс-әрекеттерді қажет ететін деңгейдегі тапсырмалар.

1-деңгейдің тапсырмаларын барлық оқушылардың орындауы міндетті. Тест бойынша білімді анықтау үшін оқушыларға тест сұрақтары мен жауап парақтары да беріледі. Оқушы сұрақ қағазынан дұрыс жауапты таңдап алып, жауап парағына дұрыс тапқан әріпті белгілейді. Жауап қағазы трафаретпен тексерілуге ыңғайлы етіп жасалған болуы мүмкін. Мұғамімнің жауап кілтінде дұрыс жауаптардың орыны тесіктер болады. Бұл дұрыс жауаптар көрінгенде тез санап шығу мүмкіндіктерін береді.

Оқушы білімін бағалаудың екі жолы бар:

1-пайызбен 2-ұпай санымен

Тестке енген сұрақтар дұрыс жауаптарының процентіне қарай оқушы білімі мынадай ретпен бағаланады.

85-100% -«5»

60-84% -«4»

40-59% -«3»

40-0% -«2»

1. Оқушылар негізгі бөлімді 40% -тен асыра орындаған жағдайда «3» бағасы қойылады. Тапсырманы сыныптағы оқушылардың 70 пайызы орындай алмаса мұғалім сол тақырыпты қайталауға тура келеді.

Негізгі бөлімнің тапсырмаларын толық орындаған оқушы «4» деген бағамен бағаланып, ал негізгі бөлімнің тапсырмаларын толық орындаған, екінші деңгейдегі тапсырмаларын ішінара орындаса ол оқушыға «5» деген баға қойылады.

2. Оқушы білімін ұпай санымен бағалау үшін әрбір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Әрбір бағаға қанша ұпай сәйкес келетінін білу үшін сұрақтар санын 4-ке бөледі. Сонда әрбір баға қанша ұпаймен анықталатыны шығады. Мысалы: 40 сұрақ болса әрбір баға 10 ұпай, 20 сұрақ болса 5 ұпай

Бағалау тәртібі мына кестемен беріледі.

40 сұрақ баға 20 сұрақ баға

31-40 5 16-20 5

21-30 4 11-15 4

11-20 3 6-10 3

10 2 5 2

 

Тесттік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б.э.д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақтан өткен адам 2-ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда жүргізілген.

Сынақтардың түрлері Қытайда чань-буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма-қол

жауап беру қолданылған.

Тест жекелеген ерекшеліктерді зерттеп білу әдісі ретінде пайда болған. Одан бері көп уақыт өткен жоқ. Тесттің шығу уақыты XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы деп есептеледі, сол кезде адамның физикалық, физиологиялық, психикалық ерекшеліктерін анықтау үшін психологтар өлшеудің әртүрлі тәсілдерін қолдануға ұмтылды.

Тест-бұл тапсырмалардың немесе сұрақтардың жиынтығынан тұратын және мінез-құлық типтерін, қандай да бір әрекет түрін үйрену деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін стандартты жағдайларда өтетін арнаулы құрал.

Тест-сандық және сапалық жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтауға арналған, көбінесе уақыт жағынан шектеулі, стандарттық сынақ. Бұл анықтамалар әртүрлі көрінгенімен, бір-біріне жақын. Біз үшін олардың ең маңыздысы: тест деген сөздің психологиялық педагогикалық ұғымда тексеру, сынақ деген мағына беретіндігі. Бірақ бұл қандай да бір сапаның немесе қасиеттің бар жоғын жай ғана анықтау емес.

Тест-тұлғаның жеке ерекшеліктерін анықтау құралы ретінде қызмет ететін арнаулы аспап. Тест арнайы тапсырмалар жиынтығынан және әдістемеліктен тұрады.

Тест тапсырмалары - жас деңгейлері бойынша топталған, арнайы даярланған және сынақтан өткізілген тапсырмалар жиынтығы, ол статистикалық мәліметтерді пайдалану негізінде зерттелетін сапалар мен қасиеттерді объективті әрі сенімді бағалауға жол ашады.

Оқушылардың жеке ерекшелікерін анықтауға арналған тест тапсырмалары мынадай болуы тиіс:

· белгілі бір ережелерді ескеріп құрастырылған;

· тестілеу мақсаттарына және оны әзірлеуiшілердің ресурстық әлеуметіне сәйкес;

· өмірде тексерілген;

· лайықты сапа көрсеткіштері: күрделі және дскриманттығы бар.

Әдістемелік жабдықталуы:

· барлық сынаушылар үшін бірдей жағдайды қамтамасыз ету;

· өткізу уақытын шектеу;

· нұсқаулардың бірдейлігі және сыналушылардың не істеу керектігін айқын түсінуін қамтамасыз ету;

· нәтижелердің статистикалық талдауын және түсіндірілуін алдын ала қарастыру.

Тестті тұтас алғанда:

а) метрологиялық негізделген;

ә) сапа көрсеткіштеріне: түгелдік пен сенімділікке сәйкес келетін;

б) нормасы немесе салыстыруға арналған басқа да негізі болуы тиіс.

Бағыты, яғни берілген тест көмегімен нені білу көзделетіні бойынша: зерде тестілері -жеке тұлғаның ақыл-ой әлеуметін анықтайды.

Тұлғалық тестілер-жеке тұлғаның мотивациялық қажеттілік саласын диагностикалауға арналған, индивидум не нәрсеге бағытталғанын, өз қылығын қалай реттейтінін анықтауға мүмкіндік береді.

Көңіл-күй және хал-ахуал тестілері, олар уақытша жай күйді, мысалы, эмоцияны зерттеуге бағытталған.

Жетістік тестілері оқушылардың белгілі бір әрекет саласындағы нақты жетістіктерін бейнелейді.

Сұрақтарға берілетін жауаптардың сипаты бойынша олар мынадай болады:

· ашық типті(еркін жауап түрінде, яғни, сынаушы сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді, таңбаны, формуланы т.б. өзі қосып жазуы қажет);

· жабық типті(алдын-ала жауабы жазылған, яғни, ұсынылған жауаптардың бірнеше нұсқасынан сынаушы біреуін таңдауы тиіс).

Сонымен қоса, мектептегі жетістіктер тестілерінде пайдаланылатын жауаптардың мынадай ықтимал нұсқаларын да бөліп қарайды.

Ашық типті:

· толықтыру тапсырмаларын(жауапқа шектеулері бар, берілген шектеулері бар) сынацшы өз жауабын тапсырмада қарастырылған шектеулерді ескере отырып дайындайды;

· еркін орындау(еркін құрастырылады, берілген шектеулері жоқ)-сынаушы жауапты өз бетінше дайындауы тиіс, өйткені, тапсырмада оларға ешбір шектеу қойылмаған.

Жабық типті:

· баламалы жауаптар - сынаушы «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс;

· сәйкестік (сәйкестікті қалпына келтіру) - сынаушыға екі тізімдегі элементтердің сәйкестігін қалпына келтіру ұсынылады;

· көп таңдаулы(таңдау нұсқалары бар жауаптар) - сынаушы, әдетте, мүмкін жауаптардың келтірілген тізімінен бір дұрыс жауапты таңдауы тиіс;

· артығын алып тастау (артық элементті шығару, «артығы кездессе, алып таста»);

· ұқсастық - сынаушы элементтердің (сөздердің, сапалардың) жұбы арасынағы ұқсастық қатынасты көрсетуі тиіс;

· тізбектестік (тізбекті аяқтау) - сынаушы элементтердің қандай да бір тізбегін аяқтауы тиіс.

Тесттерді осылай классификациялау мүмкіндігі ең аз дегенде екі негіз бойынша тесттердің жеке ерекшеліктерді анықтау құралы ретіндегі күрделілігін, көп профилдігін білдіреді.

Жалпы іс жүзінде осы заманғы тестілердің барлығы жеке тұлғаның параметрлерін және тапсырма сапасын бағалаудың математикалық теориясына сүйеніп жасалған. Ең бастысы, педагогикалық тестілеудің халықаралық тәжірибесі мектептегі жетістіктер тестілерін оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау үшін қолдану ауқымын анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

1.6 Компьютерлік тесттердің типтері. Тестке қойылатын талаптар

 

Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғалымдар зерттеуіне өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдарын да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тесттердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта кететін мәселе – кез-келген бір тесттің қолданылу аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны, осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр. Тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да бір болмасын қасиеттерге, технологияларға және т.б. қарай реттеуге тура келеді. Кейде жіктеу негізіне тест материалдарына кіретін пәндер саны алынуы мүмкін. Мұндайда тесттерді гомогенді (біркелкі) және гетерогенді (әркелкі) деп екі топқа бөледі. Егер әркелкі тесттер бірнеше біркелкі тест топтарынан тұрса, онда олар көпсалалы тест болып табылады. Ал, салааралық тесттер көптеген пәнаралық тапсырмаларды бір тест тобына біріктіруден шығады.

Компьютерлік тесттерде білімді және кәсіптік қабілеттерді тестілеуді де қарастыру қажет. Компьютерлік тесттерді педагогикалық пайдаланудың негізгі мақсаты білім сапасын және көлемін, дағдылар мен шеберліктер деңгейлерін анықтау болып табылады. Осыған байланысты компьютерлік тесттерді үш класқа бөлген ыңғайлы: білімділік, дағдылық және шеберлік. Компьютерлік тесттік тапсырмалардың типі тестіленушінің жауап беру әрекеттерінің біркелкі танып білу әдістерімен анықталады.

1. «Білім» блогы бойынша тесттік тапсырмалардың типі:

· баламалы сұрақтар – «иә», «жоқ» жауаптарын талап етеді;

· таңдауы бар сұрақтар–жауап дайын нұсқалар жиынынан таңдалады;

· жауаптарын өзекті сөздер жиынтығы бойынша бақылауға болатын сұрақтар;

· жауаптарын қандай да бір әдіспен біркелкі білуге болатын сұрақтар.

2. «Дағды» блогы бойынша тесттік тапсырмалардың типі:

· стандартты алгоритмдерге тапсырма (баламалы «иә», «жоқ» және нұсқалар жиынтығынан таңдау);

· белгілі әрекеттерді орындау.

3. «Шеберлік» блогы бойынша тесттік тапсырмалар типі:

· стандартты емес алгоритмдерге тапсырма;

· белгілі бір әрекеттерді орындау.

Әйгілі тесттік қабықшаларда тесттік тапсырмалардың компьютерлік формалары келесі түрде болады:

· фасетті сұрақтар – қандай да бір белгілері өзгеретін сұрақтың типтік формасы. Мысалы: Дүниежүзілік желілер бірлігі қалай аталады?

· анықтау тестілері, яғни альтернативті жауабы бар тестілер. Жазылған сөйлемнің дұрыстығын анықтауды талап етеді, қорытындысында жауаптары «иә» немесе «жоқ», «болады» немесе «болмайды», «ақиқат» немесе «жалған» түрінде беріледі. Мысалы: Ақпаратты өлшеуге бола ма? Болады.

· толықтыруды қажет ететін тестілер. Мысалы: Паскаль тілінде ех –ті анықтайтын функция …

· сәйкестікті анықтау және сұрыптау тестілері. Мысалы:

1) if – then – else a) цикл «әзір» операторы.

2) while – do ә) тармақталу операторы.

3) case – of б) шартсыз көшу операторы.

4) goto в) цикл «дейін» операторы.

5) repeat – until г) таңдау операторы.

· дұрыс тізбек құру тестілері, яғни тапсырмалар тізбегінің орналасу реті кездейсоқ түрде ауыстырылып, орындау барысында дұрыс нәтиже алынатындай реттелген тізбек құру ұсынылады. Мысалы:

Паскаль тілінде программаның құрылымын реті бойынша жазу керек:

1) оператор




©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.