Здавалка
Главная | Обратная связь

Паспорт 2009 жылы 3 данада жасалды.

Мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Экскурсиялық маршруттың ПАСПОРТЫ

№ 3 экскурсиялық соқпақ

Басши-Қатутау-Ақтау-700 ж ағаш-Басши

Ж

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы

комитеті төрағасының 2007 жылғы

«9» ақпан № 56 бұйрығымен

бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер

аумағындағы реттелмелі туризм мен рекреация ережесіне

қосымша

 

 

ТУРИСТІК СОҚПАҚТЫҢ (МАРШРУТТЫҢ) ПАСПОРТЫ

1. ЕҚТА атауы:«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркі

2. Соқпақтың (маршруттың) атауы: №2 экскурсиялық соқпақ.

3. Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:

1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу жүріс,автомобиль;

2) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы;

3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке;

4. Басши-Қатутау-Ақтау –Қосбастау_________________

(негізгі географиялық пункттердің атауы)

5. Қашықтығы 156 км, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы 6 сағат 40 мин.

6. Соқпақтың (маршруттың) жұмыс істеу мерзімі:жыл бойы

7. Топтағы адамдардың ең көп саны; күніне 10-16 адам, аптасына 1 ден-5 топқа дейін

 

8. Экскурсия маусымының ішіндегі әртүрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер 16 адам/күніне, 490 адам/айына және 5880 адам жылына.

9. Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі (тек қорғау зонасында ғана): жоқ. Топ тек ұлттық парктің гид- жолсілтеушісімен ғана жіберіледі.

Маршрут жолкөрсеткіштермен жабдықталған. Маршрутта қолайлы спорттық киімдер (аяқ киім, бас киім, ) қажет.

 

10. Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері Ақтау тауының кез-келген шатқалдарына көліктің кіруіне тиым салынған, тек рұқсат етілген маршрут бойынша ғана өтуге болады. Жартастарға сурет салуға, төбесіне шығуға, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын алуға, оларды іздеуге болмайды. От жағуға және шатырларды рұқсат етілмеген орындарға тігуге, қоқыс тастауға тиым салынады.

11. Қауіпсіздік шаралары: маршруттың объектілерін қарауға жаяу шыққанда туристер өздеріне қауіп тудыратын жағдайлардан сақ болу қажет, әртүрлі зиянды жәндіктер қарақұрт, жылан т.б. Сондай-ақ Ақтау тауында жауын-шашын болғанда тек рұқсат етілген демалу алаңқайларында тоқтау керек, мұнда сел жүруі мүмкін.

 

 

12. Соқпақпен (маршрутпен) жүріп өту жоспары

 

р/с № Соқпақ (маршрут) учаскелері Ұзақтығы, км Қозғалыс уақыты Аялдау уақыты Тамашалау алаңының, суретке түсіру бекеттерінің №
бастап дейін
Басши с Қатутау 1с 50 мин №9
Қатутау Ақтау 30 мин №10
Ақтау 700 ж ағаш 40мин №11
700 ж ағаш Басши с 40 мин    
Барлығы: 156 км 4 с 2с 40 мин    

 

13. Соқпақ (маршрут) сызбасы - бар.

 

14. Шартты белгілер:

соқпақтар (маршруттың)

паналайтын орындар

медициналық жәрдем бекеттері

түнеу орындары

байланыс бекетттері

қонақ үйлер

 

15. Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы (сипаты).

Алматыдан 245 км жерде Басши селосынан ұлттық парк территориясы басталады. Мұнда ұлттық парктің бас кеңсесі орналасқан. Негізгі көретін объектілер: 12 адамға арналған «Алтынемел» қонақ үйі, парктің табиғат мұражай. Басши селосынан шығысқа қарай 70 км жерде әртүрлі образдарды сомдайтын жұмбақ тау Қатутау тауы мен одан 15 км жерде Ақтау борлы тауын көруге болады. Қосбастау кордонында Ақтау тауынан 50 км жерде орналасқан 700 ж ағашты тамашалауға болады. Қайтар жол кері бағытта автобуспен Алматы қаласына беттейді.

 

16. Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы.

1. Басши селосы. Басши селосында 2500-ден аса адам қоныстанған, мұнда 2002 жылы салынған мешіт, саяхатшыларға арналған 12 орынды «Алтынемел» қонақ үйі, парктің бас кеңсесі, мұражай орналасқан. Табиғат мұражайында табиғат ескерткіштері «Айғайқұм», Ақтау, «Бесшатыр» сақ қорғандарының макеттерін көруге болады.

2. Қатутау тауы.Қатутау таулары – шынымен де жұмбақ болып келеді, ондағы сусыз терең шатқалдар мен жартасты таулар көрген адамның бойында ерекше әсер қалдырады. Мұнда сексеуіл өседі. Сондай-ақ парктің басқа шатқалдарында кездесетін тастағы таңбаларды кездестіруге болады.

3. Ақтау. Ақтау тауынан табылған ертедегі жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарына қарап бұл тауды табиғаттың палеонтологиялық ескерткіші деуге болады. Жоңғар Алатауының оңтүстік сілемдерінде орналасқан. Шатқалдардың биіктігі 1000 м дейін жетеді, ал жалпы аумағы 50 кв/км құрайды. Ақтаудың ең негізгі ерекшелігі әртүрлі кезеңдердегі эоценнен бастап осы заманға дейінгі жануарлар қалдығының табылуы. Ең алғашқы сүйек қалдықтары бұл жерден 50 –ші жылдары табылған, ол сүйек қалдықтары әртүрлі кезеңге жатады. Табылған сүйектің бірі алып мүйізтұмсыққа ұқсайды. Ал төменгі қабаттан бұдан 40-45 млн. жыл бұрын мекен еткен орта немесе кейінгі эоцен кезеңіне жататын жануар табылған. Бұл сүйектер бұрын бұл жерде алып мүйізтұмсықтардың мекен еткенін айғақтайды. 1995-1997 жылдары Қазақстан мен америкалықтардың біріккен зерттеуі нәтижесінде бронтотерия алып мүйізтұмсығының қалдығы табылған.

4. 700 ж ағаш.Басши селосынан 50 км жерде Қосбастау кордонында 700 жылдық жасы бар делінетін ағаш өседі. Бұл ағаш халық арасында өте қасиетті деп саналады. Егер де оның жапырағын жұлып, бұтақтарын сындыратын болса, ондай адамды алдынан үлкен бақытсыздық күтеді екен. Аңыз бойынша бұл ағаштың аясында 12 ғасырда Шыңғыс хан аялдап демалған деседі.

17. Соқпақтың (маршруттың) күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы. жоқ.

 

18. Ықтимал стихиялық құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың іс-қимылы.

Бұршақ, нөсер жаңбыр болған кездерде жар қабақ жағалауларына, су, өзен жағалауларына жақындамау қажет.

Сел, су тасқыны болған кезде сол жердің рельефіне байланысты биіктеу жерге тез арада көтерілу қажет.

19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтіні үшін ұсынымдар.

Туристер парк территориясында аңдардың терісі, мүйізі, қаңқалары кездескен жағдайда оны алып шығуға, жартастарға сурет салуға рұқсат берілмейді. Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда әкімшілік белгілеген мөлшерде төлемақы алынады.

 

20. Соқпақты (маршрутты) абаттандыру

Таңбалау: маршрут жол бойы карта-сызба, аншлагтармен, жолнұсқаушы белгілермен жабдықталған.

Соқпақтың (маршруттың) аялдау, паналау орындары, оны абаттандыру: барлық туристік нысандар аялдау және паналау орындары көру алаңқайларымен, отырғыштар, қоқыс жәшіктерімен абаттандырылған.

21. «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-техникалық кеңесінің«5» қараша 2009 жылғы №10 шешімі: «Паспорт бекітіліп Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне бекітуге және Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясына келісуге жіберілсін».

Соқпақтың паспортын жасауға міндетті адамдар:

Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы - Мұқамеденқызы Г

Туризм бөлімінің маман гид-аудармашысы – Ахметова Ш.К

Паспорт 2009 жылы 3 данада жасалды.

23. Өзгертулер енгізілді200__ж ____бетке.

200__ж ____ бетке.

24. Паспорттың даналары жіберілді:

1. Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясына.

2. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы

комитетіне.

«Алтынемел» МҰТП Бас директоры

______________ С.Құрманалиев

«___» _________________ 200__ ж.

 

«Келісілді» Алматы облыстық орман және аңшылық

шаруашылығы аумақтық инспекциясы

бастығы

________________ ЖДүйсенбеков.

«___» _________________ 200__ ж.





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.