Здавалка
Главная | Обратная связь

Илья Ильич Мечников (1845-1916) 9 страница



 

10- сынып. Генетика .   1. Генетика дегеніміз қандай ғылым саласы ? Бұл терминді нешінші жылы қай ғалым ұсынды. 2. Тұқым қуалаушылық деген не ? 3.Гиппократ тұқым қуалаушылықты қалай тұжырымдады? 4. Аристотель тұқым қуалаушылық туалы не айтты? 5. Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы туалы не айтуға болады? 6. Г. Мендельдің алғаш еңбегі қалай аталады,оның маңызы неде? 7. Г. Мендельдің заңының дұрыстығын дәлелдейтін деректерді келтіріп баяндап бер. 8.Фенотип.Ген.Гетерозиготалы. Гомозиготалы. Аллельді ген. Доминатты.Рецессивті.Генотип. Гамета. Ғ1,Ғ2,Р ұғымдарына түсінік бер. 9.Мендельдің біркелкілік заңын түсіндір. 10. Мендельдің Ажырау заңын түсіндіріп, белгілердің сандық қатынастарына тоқтал. 11.Гаматалардың тазалық ережесін қалай түсіндіруге болады? 12. Мендельдің толымсыз доминанттылық заңын мысалмен белгілердің сандық қатынасына көңіл бөле отырып түсіндір. 13.Талдау будандастыру не үшін қажет, нәтижесінде не білеміз? 14. Мендельдің тәуелсіз ажырау заңын түсіндір,белгілердің сандық қатынасын фенотипі және гентипі бойынша ажыратып бер.  

 

 


10-сынып 28.01.

Сабақтың тақырыбы: Дигибритті будандастырудың цитологиялық

негіздері

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға дигибритті будандастырудың цитологиялық

негіздерімен таныстыру.

2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен

байланыстыру, есептер шығару арқылы білім-біліктігін дамыту.

3.Оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп,адамгершілікке тәрбиелеу Сабақтың әдісі: интерактивті, сұрақ-жауап,СТО элементін пай-у.

Есептар шығару.

Сабақтың пән аралық байланысы: Өсімдіктану, Жануартану,

Математика. шеттілі.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, есептер жинағы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV Үйге тапсырма беру.

V. үй тапсырмасын сұрау.

VІ. Бағалау.

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу,.

§40. Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Таякша тәрізді хромосомаларда тұқымның сары жене жасыл түсін анықтайтьш А және а гендері, нүкте тәрізді хромосомаларда тегіс ж\е кедір-бұдыр қабықты анықтайтын В және b гендері орналаскан делік. Олай болса, аналык, дарадағы екі кызыл таякша тәрізді хромосома­ларда АА; екі қызыл нүкте тәрізді хромосомаларда ВВ гендері; аталық дарадағы дәл сондай көк түсті хромосомаларда аа жөне bb гендері орналасады. Бұл даралардың әркайсысынан тек бір-бір сортты гаметалар түзіледі. Гаметаларда мейозды бөлінуге байланысты ұқсас хромосомалардың әр жұбынан бір хромосомадан ғана бар. Мұндай гаметалар қосылғанда дигетерозиготалық, яғни белгінің екі жұбы бойынша да гетерозиготалы АаВЬ генотипі қалыптасады. Генотипі дигетерозиготалы организмнен мейоз кезінде хромосомалардьщ экватор жазықтығында кездейсок; орналасу ретіне байланысты олардың әр жұбынан бір-бір сыңардан екі жақ полюске тартылады. Полюске жеткен ұқсас емес екі жұп хромосомадан төрт түрлі үйлесім түзіледі. Соған сәйкес терт түрлі гаметалардың қалыптасу мүмкіндігі болады.

Ұрыктану кезінде гаметалардың қосылуы да кездейсок жүреді. Міне, соның нәтижесінде, екінші ұрпақта Ғ2 9 түрлі генотип түзіліп, 4 түрлі фенотип көрініс береді. Бұл фенотиптердің екеуі ата-аналық

Доминантты гендерді жеткізуші хромосомалар — қызыл, рецеесивтілері —көк түспен көрсетілген

дараларға ұқсас келеді. Олар: сары ж\е тегіс, жасыл және кедір-бүдыр тұқымдар. Қалған екі түрлі фенотип ата-аналарына мүлде ұқсамайды. Олар: сары және кедір-бұдыр, жасыл және тегіс тұқымдар. Мұны мейоз кезіндегі қосылу (конъюгация) құбылысьша байланысты гендердің алмасуының нәтижесінде түзілген жаңа үйлесімдер деп түсінеміз. Полигибридті будандастыру. Бір-бірінен үш немесе одан да кеп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастырудыпюлигибридті будандастыру деп атайды. Оларда белгілердін ажырау сипаты дигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек болады. Мысалы, егер тұқымы сары тегіс, қызыл гүлді бұршақ өсімдігін тұқымы жасыл кедір-бұдыр, ак гүлді бүршакпен будандастырса, доминанттылык заңына сәйкес Ғ1 -де алынған будан ұрпактың барлығы да біркелкі, яғни аналык өсімдікке ұқсас болып шығады.

 

Дигибридті будандастырудын цитологиялык негіздері.

Ғ2-де күрделі ажырау жүреді. Тұқымның пішінін анықтай-тын гендерді Аа, түсін ВЬ, ал гүлдің түсін Сс деп белгілейік. Сонда ата-аналық формалардың біреуінін генотипі — ААВВСС, ал екіншісінікі — aabbcc, ал Ғ1-де алынатын будан организмдікі АаВЬСс болып келеді Мүндай будан осімдік сегіз түрлі гамета түзеді: ABC, АВс, AbC, Abe, аВС, аВс, abC, abc. Сегіз типті аналык. жыңыс жасушалары сегіз типті аталык гаметалармен кездейсок кездесіп, өздігінен тозанданудың нөтижесінде Ғ2-де зиготалардың 64 түрлі

Ғ2-дегі даралар фенотип бойынша 8 түрлі топқа бөлінеді.аракатынасы: 27 ABC: 9ABc: 9АЬС: 9аВС: ЗАЪс: ЗаВс: ЗаЪС: labc. Сонда фенотип бойынша 27:9:9:9:3:3:3:1 ара-қатьшасындай болып келуі три-гибридті будандастыру кезінде гендердің төуелсіз ажырауына байланысты болады (110-сурет). Қорыта келгенде, Мендель жогарыда келтірілген зерттеу-лерінің негізінде тұкым куалау-шылықтың аса маңызды зан-дылыктарын ашты және оның табиғатын анықтады. Бір бел-гінің тұқым қуалауының екін-ші белгіге төуелсіз екендігін дө-лелдей отырып, ол тұкым куа-лаушылықтың дискреттілігін (окшаулығын), бөлшектене ала-тындығын және генотиптің организмдегі белгі-касиеттерді анықтайтын бірліктердің жиынтыгынан түратындығын көрсетті.

ІІІ. Есептер

ІV. Үйге 1.§40. 0қу.

V. Есептер шығару. Тест.

Тақырыптың түйіні

1. Мендель өзінін заңдарын ашканда, жасушаның мейозды бөлінуі, ДНҚ-ның редупликациялануы, түкым куалаушылыктьщ хромосома-лык теориясы жөне т.б. белгісіз болатын.

2. Г.Мендель моногибридті және дигибридті будандастыруға тәжірибе жасап, түкым куалаушылыктың сырьш ашты.

3. Мендель заңдары кейіннен цитологиялык тұрғыдан толық дәлелденді.

4. Моногибридті будандастыруда (3 + 1) = 3 :1 екі түрлі фенотип, дигибридті будандастыруда (3 + I)2 = 9: 3 : 3:1 төрт түрлі фенотип, ал тригибридті будандастыруда (3 + I)3 = 27 : 9 : 9 : 9 : 3 : 3 : 3 : 1 сегіз түрлі фенотип түзіледі.

 

10-сынып 25.01.

Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға генетикалық есептер шығару жолдарымен толығырақ таныстыру.

2. Оқушылардың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен

байланыстыру, есептер шығару арқылы білім-біліктігін дамыту.

3.Оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: есептер шығару, сұрақ-жауап,СТО элементін пай-у. .

Сабақтың пән аралық байланысы: Өсімдіктану, Жануартану,

Математика. шеттілі.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, есептер жинағы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Бекіту.

ІV Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу,.

ІІ. Қайталау сұрақтары:

1. Генетика дегеніміз қандай ғылым саласы ?

Бұл терминді нешінші жылы қай ғалым ұсынды.

2. Тұқым қуалаушылық деген не ?

3.Гиппократ тұқым қуалаушылықты қалай тұжырымдады?

4. Аристотель тұқым қуалаушылық туралы не айтты?

5. Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы туалы не айтуға болады?

6. Г. Мендельдің алғаш еңбегі қалай аталады,оның маңызы неде?

7. Г. Мендельдің заңының дұрыстығын дәлелдейтін деректерді келтіріп баяндап бер.

8.Фенотип.Ген.Гетерозиготалы. Гомозиготалы. Аллельді ген. Доминатты.Рецессивті.Генотип. Гамета. Ғ1,Ғ2,Р ұғымдарына түсінік бер.

9.Мендельдің Біркелкілік заңын түсіндір.

10. Мендельдің Ажырау заңын түсіндіріп, белгілердің сандық қатынастарына тоқтал.

11.Гаматалардың тазалық ережесін қалай түсіндіруге болады?

12. Мендельдің толымсыз доминанттылық заңын мысалмен белгілердің сандық қатынасына көңіл бөле отырып түсіндір.

13.Талдау будандастыру не үшін қажет, нәтижесінде не білеміз?

14. Мендельдің тәуелсіз ажырау заңын түсіндір,белгілердің сандық қатынасын фенотипі және гентипі бойынша ажыратып бер.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.