Здавалка
Главная | Обратная связь

Пермьдегі ароморфоз.



1. Жұмыртқа салып кебею (жұмыртканың ішіндегі сүйыктык ұрықты кеуіп кетуден сақтайды). Жұмыртқа жасушасының аналық организмнің ішінде ұрыктануы.

2.Дененің мүйізді кабыршакпен қапталуы (кеуіп кетуден сактай­ды).

3. Омыртқа жотасыньщ мойын бөлімінің қозғалмалы болуы, басын еркін бұрып, сыртқы ортада болып жатқан әрекеттерге тез жауап қайтаруы.

4. Бұлшық еттері, тыныс алуы, қанайналым жасы дамып, ми қыртысы бастамасының біліне бастауы.

5. Денесін аяқтарының жерден кәөтеріп ұстап тұруы (тез қозғалуға қажет).

 

ІV.§ 25

V. 1. Жер тарихыньвд тас шежіресі — геологиялық қабаттар.

2. Архей заманында прокариоттардың шығуы.

A. 1. Жер тарихыньщ шежіресі нені анықтайды?

2. Қанша заман бар, олар калай аталады?

B. 1. Архейде пайда болған прокариоттар туралы айтыңдар.

Прокариоттар деп аталу себебін түсіндіріндер.

2. Протерозой заманында тіршілік еткен жануарларды атандар.

C.1. Архей заманынын ерекшеліктерін тізіп корсетіндер.

2. Протерозой заманының ерекшеліктері және өсімдіктерін сипаттандар.

 

Палеозой. Кембрий. Ордовик. Силур. Девон. Тас комір. Пермь. Псилофиттер. Стегоцефалдар. Ашыктүкымдылар.

1. Палеозой заманының кезеңдері.

2. Палеозойдағы ароморфоздар.

*} А. 1. Палеозой заманында канша кезең бар жөне олар калай аталады?

2. Силур мен девонда пайда болтан өсімдіктер мен жануарлардын түрлері.

B. 1. Архей мен протерозоймен салыстырганда палеозой заманынын артык-

шылығын дөлелдеңдер (кестеге толтыруға болады).

2. Ең алғаш курлыкка шыккан өсімдік пен жануарды атаңдар, кай кезеңге жатады?

C. 1. Девон мен тас көмір кезеңдеріндегі дамыған осімдіктер мен жануарларды

бір-бірімен салыстырып, сызбанұска сызып түсіндіріңдер. 2. Пермьдегі өсімдіктер мен жануарларды сипаттап ароморфозды атандар.

 

Жер тарихының шежіресі. Заман. Кезең. Дәуір. Ғасыр. Архей. Строматолиттер. Протерозой.

 

§ 26. Мезозой заманында тіршіліктің дамуы

Мезозой заманы 3 кезеңнен түрады: триас, юра, бор. Триаста қүрлықтың едәуір бөлігі теңіз деңгейінен әлдекайда жоғары болған. Климаты күрғак, жылы. Мезозой заманының ерекшелігі: бауырымен жорғалаушылардың барлык күрлықта, теңіздерде коп таралуы, тіпті ұшуға бейімделген түрлері де болады. Триаста климат өте күрғақ болуына байланысты космекенділердің басым көпшілігі жойылды. Себебі олар сусыз жерде тіршілік ете алмады. Сондыктан күрғак-шылыкка бейімделген бауырымен жорғалаушылар дамыды. Өсімдік-терден ашьщтүкымдылар басым ббйды. Триас кезеңінен біздіц заманға жеткені -— осы күнгі тасбакалар мен гаттериялар.

Жаңа Зеландияның аралдарында сакталып калган гаттерия — нағыз "тірі казба". Соңғы 200 млн жылда гаттерия шамалы ғана өзгерген. Триастағы ата тегінде болған бас сүйегінің қакпағындағы үшінші көзі өлі күнге сакталып калган. Осы күнгі бауырымен жорға-лаушылардың ішінен агама мен батбат кесірткеде үшінші көздін қалдығы бар.

 

Тексерілді / / 9.01-16.01.2010ж.

 

11сынып. Биология. 9.01

Cабақтытың тақырыбы:Антропогенездің қозғаушы күштері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды антропогенездің қозғаушы күштерімен таныстыру.

2.Оқушылардың адамның щығу тарыхы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : Эврикалық

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,эврикалық сұбхат

Сабақтың әдісі:,интеракивті перфокартамен жұмыс,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.

Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары.Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтерілуі биологиялық ж\е әлеуметтік факторларға байланысты деп түсіндіреді. Адамэволюциясына әсер еткен биологиялык факторлар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу. Алайда "саналы адам" түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рол атқарды. Олар: еңбек, сөз, қоғамдасып тіршілік ету, әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы ж\е т.б.

Адам эволюциясында еңбектің рөлі зор. Адамның еңбек етуі еңбек құралдарын жасаудан басталады. Адамның маймылға ұқсас ата тегі еңбек құралын өзі жасап, оны бірте-бірте күрделендіріп, пайдаланып, өзінің тіршілік ортасына бейімделе келе түрлі морфол-қ және физиол-қ өзгерістерге ие болды. Мұның себебі: су тартылып, орман алқаптарының көлемі азайып, ашық далалы жерлер пайда болды. Ағаш басында тіршілік еткен маймылдар енді жерге түсіп, ашық алаңкай жерлерде қоректерін тауып жеп, күн көре бастады. Ашық далада жауының көзіне бірден түсетін болғандықтан, олардан қашып қорғануға тура келді. Қоректік заттары өзгеріп басқа өсімдіктермен, майда жәндіктермен қоректене бастады. Осыған байланысты еңбек құралдары қажет болды. Ол құралдарды іздеп табу немесе жасау керек еді. Міне, осынын бәрі бірте-бірте екі аяқпен тік жүріп қозғалуды кажет етті. Тік жүру адамнын дене құрылысын біршама өзгертті. Бүкіл салмақ омыртқа жотасына түсетіндіктен, оған солқылдактық қасиет беретін иілімдер пайда болды. Аяктың басы жүруге серпімділік беретіндей болып өзгерді, жамбас қуысы кеңейді. Қорегінің өзгеруіне байланысты жақ сүйектері кішірейді. Тік жүрудің нәтижесінде адамның екі қолы босап, қолдың көмегімен қоректік заттарын іздеп тауып жеп, түрлі кұрал-саймандар жасап, жауынан корғана білді. Ендеше, кол — еңбек құралы ғана емес, ол — еңбектің жемісі. Ал еңбек — адам эволюциясының негізгі факторы.

Қоғамдасып тіршілік ету.Еңбек коғамдасып тіршілік етуге бастама берді. Адам төрізді маймылдардың кейбір топтары енбек құралдарын жасай алмады. Ондай топтардың көбісі тіршілік ортасының қолайсыз жағдайларына төзе алмай н\е өздері сияқты басқа топтармен бәсекеде жеңіп шыға алмай, жер бетінен жойылып кетіп отырды. Бейімділік қабілеті жоғары топтар бірлесіп еңбек құралдарын жасап, аң аулап, қоғамдасып жауларынан қорғанып, өз балаларына қамкорлық жасап күн көрді. Топтардың үлкендері еңбек құралдарын жасау жолдарын ж\е аңшылықтың. әдістерін көршілеріне үйретті. Тәжірибе алмасу алғашында бір-бірімен ымдасу арқылы болса, бара-бара дыбыс шығарып белгі беру — сөз арқылы қарым-қатынас жасауға жол ашты. Қоғам мүшелерінің соз арқылы қарым-қатынас жасауы ойлау қабілетінін дамуына әсер етті. Бұл жағдай мидың одан әрі жетіліп, құрылысы мен қызметіеің күрделенуіне себеп болды. Осы кезенде тіршілік еткен адамдарда жануартектес азықтармен қоректену ж\е отты нәтижесінде шайнау бұлшық еттері жетіліп, жақ сүйектері кішірейді, ішектері біршама қыскарды. Аң аулап, жыртқыштардан қорғануда отты пайдалану тиімді болды. Сонымен бірлесіп еңбек етудің нәтижесінде адамдар жануарлар табынынан бөлініп, өз алдына адамзат қоғамын қалыптастырды. Адам өз еңбегі арқылы табиғатты өзгертіп, оны тиімді пайдалана алатын дәрежеге жетті.

. ІІІ. Мына кестені толтырыңдар.

Антропогенездің қозғаушы күштері
Биологиялық факторлар   әлеуметтік факторлар
1.тіршілік үшін күрес 2.тұқым қуалайтын өзгергіштік 3. табиғи сұрыптау     1.еңбек әрекеті 2.ақыл-ой,сана 3.еңбектің қоғамдық сипаты

ІV. §31

 

 

11сынып. Биология. 16.01.

Cабақтың тақырыбы: Адам нәсілдері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды адам нәсілдерінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2.Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы көзқарас қалыптастыру.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : дәріс

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,

Сабақтың әдісі:,интеракивті перфокартамен жұмыс,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын тексеру.

VІ. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу..

Бүкіл жер шарын мекендейтін, екі жарым мыңнан артық тілде сөйлейтін 6,2 млрд адамның барлығы саналы адам (Homo sapiens) түріне жатады. Барлық адамдардың анатомиялық ж\е физиологиялық ерекшеліктері бірдей, олардың тіршілік ерекеттері жалпы биологиялық заңдылықтарға бағынады. Тіршілік еткен табири орта жағдайларына бейімделудің нәтижесінде оларда алуан түрлі морфологиялық айырмашылықтар қалыптаскдн. Атап айтқанда: дене бітімі, бет ішпіні, терісінің түсі, шашының түсі мен бұйралығы жөне т.б. Міне, осы аталған ерекшеліктерше байланысты адамдар негізгі 3 нөсілге бөлінеді: негроидтік (қара нөсіл), еуропеоидтік (ақ нөсіл) ж\е монголоидтік (коңырқай нөсіл)

Негроидтік нәсілге тән белгілер: терісінің түсі қара қошқыл, шаштары толқынды немесе бұйра, мұрындары жалпақ, танаулары кең, еріндері қалың, сақал-мұрттары өте сирек. Бұл аталғандардын бәрі ыстык климат жагдайларына бейімділікті сипаттайтын белгілер. Мысалы, терінің қара коңыркдй түсті болуы ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Шаштың қалын, бұйра болуы оның арасына ауа кіріп ыстық өтуден сақтайды. Негроидтік нөсілдің кеңінен таралған аймағы — Африка

 

 

1 - еуропеоидтік, 2 - монголоидтік; 3 — негроидтік

 

Еуропеоидтік нәсілдердің терісі ақшыл, шаштары аздап толқынды немесе тік, мұрындары ұзынша келген шығыңкы, танау­лары тар, еріндері жүка, ер адамдардьщ бетінде қалың сақал мен мұрт өседі. Мұндай белгілер климаты суық аймактарға бейімделу барысында қалыптаскан. Мысалы, шығыңқы тар танаудың қуыстарында суық ауа жылынады. Еуропеоидтік нәсілдердің алғашқы шоғырланған аймағы Еуропа мен Азиянын кейбір бөлік-тері болса, казіргі кезде олар дүние жүзінде кеңінен таралған.

Монголоидтік нәсілдердің терісінің түсі қоңырқай немесе ақшыл, шаштары қайратты, тік болады; еріндері мен мұрындарының көлемі орташа; бет пішіні жалпақ біртегіс, бет сүйегі шығыңқы, көздері қысыңкы болып, рудименттік (қалдық түріндегі) үшінші қабағы айқын байқалады. Бұл ерекшеліктер — аңызақ жел мен шаңнан, қара суықта үсуден қорғауға бағытталған бейімділік белгілер.

Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Орталық Азияда, Индонезия мен Сібірде таралған. Әр нәсілдің өз ішінде кішігірім нәсілдер немесе нәсіл тармактары болады. Мұндай кішігірім нәсілдер де баскаларынан өздеріне тән нақты бір белгілерімен ажыратылады.

ІІІ.

 

Нәсілдер Морфологиялық ерекшеліктері
еуропеоидтік  
монголоидтік  
негроидтік  

ІV. §32

V. Нәсілдердін шығу тегі туралы не білесіндер?

2. Адам нәсілдерінің морфологиялык ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер.

3- Нәсілшілдік деген не?

4. Адам нөсілдерінің бірлігін калай дәлелдеуге болады?

Адам нәсілдерін атап, олардын тіршілік ортасына байланысты калып-таскан ерекшеліктерін еске түсіріп, берілген кестені толтырыңдар

 

 

Тексерілді / / 18.01-23.01.2010ж.

 

11сынып. Биология. 18.01

Cабақтытың тақырыбы:Экология ғылымының казіргі заманғы өзекті проблемалары

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды экология ғылымының казіргі заманғы өзекті проблемаларымен таныстыру.

2.Оқушылардың экология ғылымын жан-жақты ғылымдармен байланыстыра отырып,білім деңгшейін тереңдету қабілетін дамыту.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : Эврикалық

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,эврикалық сұбхат

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.

ІІ.Экология бүгінгі күннің талаптарын жан-жақты карастыратын көптеген ғылымдар жүйелерінен тұрады. Ғалымдардьщ экология ғылымына берген бірнеше анықтамалары арқылы осы айтылғандарды байкауға болады.

1. Неміс ғалымы Э. Геккель бойынша: "Экология дегеніміз — тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын оларды қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым".

2.1972 жылы Стокгольм каласында БҮҮ-ның жетекшілігімен І халыкаралық конференция ұйымдастырылды. Конференция-ның маңызы қоршаған ортанын сапасына баға бере отырып, экология ғылымының жаңа бағыттарын анықтау болды. Экология ғылымы ендігі жерде тірі организмдерді зерттеу аясынан шығып, адамның іс-өрекетіне бакылау жасау қажеттігін алға қойды.

3. Беларусь ғалымы В.А. Радкевич: "Экология — организмдер тіршілігіндегі барлық заңдылықтар жүйесін табиғи ортасымен және адамның ісәрекетімен байланыстырып зерттейтін ғылым", — деп тұжырымдады.

4.Орыс ғалымы Н.Ф. Реймерс: "Экология — табиғаттағы және адам қоғамындағы барлық өзгерістерді жан-жақты зерттейтін ғылымдар жүйесінін кешенді бағыты" деп түсіндіреді.

Экология ғылымын XVII ғасырда швед ғалымы К. Линней, француз Ж.Б. Ламарк, XVII ғасырда ағылшын Ч. Дарвин, неміс ғалымдары А. Гумбольдт, Э. Геккель, дат ботанигі Й.Варминг, XIX ғасырда америкалык В. Шелфорд, ресейлік ғалымдар В. Вернадский, Д. Кошкаров, В. Сукачев, америкалык Ю. Одум, Б. Комманер жэне ресейлік Н. Реймерс, т.б. ғалымдар дамытты.

Экология ғылымы — географиялык зерттеулермен тығыз бай-ланыста әрекет етеді.

1. Биоэкология— тірі организмдер биологиясын, оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін, адамның іс-әрекетімен байланыстырып зерттейтін экология саласы.

2.Аутэкологияжеке организмдердің (дара,түр) тіршілігін табиғи ортамен байланыстырып зерттейді.

3. Популяциялық экологияпопуляциялардың арақатынасын, даму заңдылыктарын табиғи ортамен үйлесімдік жағдайында зерттейді.

4. Синэкологияпопуляция, бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым-қатынастар жиынтығын зерттейді.

5.Геоэкологияжер кабығының даму зандылықтарын, оның барлык тіршілік ырғағын біртүтас организм ретінде әлемдік деңгейде қарастырады.

6. Адам экологиясы— адамға қатысты биосфера шегіндегі барлық мәселелерді және антропогендік экожүйелерді зерттейді. "Адам — коғам — табиғат" арасындағы жеке адамнын қоғамдағы орнын, табиғаттағы ролін қарастырады.

7. Әлеуметтік экологияадам қауымдастығы мен табиғат ара-сындағы байланыстарды қарастыра отырып, адамның тіршілік ортасын салауаттандыруды зерттейді. Табиғатты тиімді пайдалану мен оны қорғаудың ғылыми-практикалық негізін салуды жөне жүзеге асыруды көздейді.

8. Биосфера— барлык табиғаттағы өзгерістерді, оның даму заң-дылықтарын биосфера деңгейінде ең жоғары жүйе ретінде қарас­тырады.

ІІІ. Тест сұрақтары.

1. Жеке организмдердің тіршілігін табиғи ортамен байланыстырып зерттейдін

А. . Биоэкология Б. Популяциялық экология В. Синэкология С. Геоэкология

2. Популяция, бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым-қатынастар жиынтығын зерттейді.

А. . Биоэкология Б. Популяциялық экология В. Синэкология С. Геоэкология

ІV..§ 33.

V Әрбір носілдің сырткы белгілерін, негізгітаралған аймақтарын көрсететін кестсні толтырып түсіндіріңдер.

Нәсілдер Ерекше белгілері Таралған жерлері
     

БІЛІМЩДІ СЫНА

Тарауды қайталау сұрактары

Антропогенез — адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім

1.Адамнын шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым саласы.

2.Ежелгі адамдардын ғылыми атауы.

3.Қаңка калдығы Ява аралынан табылған ежелгі адамдар тобы.

4.Қазіргіадамдардыц түрлі атауы.

5.ЕжелгІ адамдардың арғы тегі.

6. Аустралопитектердін қарапайым еңбек кұралдарын жасай білген тобы.

7. Адам хромосомасыньщ саны.

8. Адамның омыртқа жотасының пішіні.

9. Ертедегі адамдардын ғылыми атауы.

10. Адамтектес маймылдар мен ежелгі адамдардын арғы тегі.

11.Азияда кеңінен таралған нәсіл.

12.Қазіргі адамдардың морфологиялық белтілеріне сәйкес бөлінетін топтары.

13. Адам эволюциясындағы ең шешуші әлеуметтік фактор.

14. Қытайдан табылған ежелгі адамдар тобы.

15. Адам денесіндегі қалдық мүшелер тобы,

16. Адам денесіиде кейде кездеоетін мүшелер тобы,

17. Адамның ұрпақтарында байкалатын биологиялық фактор.

18.Биологиялық зандылыктарды қоғамнын дамуына колданатын теріс пиғылды теория.

19. Адамды жан-жакты зерттейтін кешенді ғылым.

20.Нәсілдер бәстапкы бір аймақтан ғана таралған деген тұжырым.

21. Қазіргі саналы адамнын тікелей арғы тегі.

22. Қаңқа қалдыры Германиядан табылган ежелгі адамдар тобы.

23.Ежелгі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас кұралы.

24.Ява аралынан ежелгі адамдардыи қанка қалдықтарын тапқан ғалым.

 

11сынып. Биология. 23.01

Cабақтытың тақырыбы:Экология ғылымының зерттеу әдістері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды экология ғылымының зерттеу әдістерімен таныстыру.

2.Оқушылардың экология ғылымын жан-жақты ғылымдармен байланыстыра отырып,білім деңгейін тереңдету қабілетін дамыту.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : Дәріс

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,эврикалық сұбхат

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.

ІІ.Экология ғылымы тірі организмдердің орта жағдайларын зерттеу аясынан шығып, табиғаттағы өзгерістер себептерін ашуға кірісті. Мысалы, зоология гылымы жан-жануарлар туралы біржақты әрі түбегейлі зерттеу лер жүргізіп келді. Ендігі жерде зоология ғылымына: "Биологиялық әртүрлілік не себептен азайып барады? Кейбір түрлердің жойылып кету себебі неде?" — деген сұрактарға жауап беру кажеттігі туындап отыр. Бүл сұрақтарға жауап беру үшін зоологтар ғылымның зерттеу нысанын экологиялык зерттеулерге ұластырды. Белгілі орыс ғалымы, зоолог Д.Н. Кашкаров өзінің "Орта және бірлестіктер" (1933 ж.) деген еңбегінде: "Организмдерді экологиялык тұрғыда тіршілік ортасымен байланыстыра зерттеу — экологиялык зерттеулердің негізгі сипаты", — деген баға берді. Ал көрнекті орыс ғалымы В.В. Докучаев: "Табиғи факторлардың бір-бірімен байланысын және тірі табиғат пен бейорганикалық заттардың арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу өте қажет", — деген болатын.

Қоршаған ортаның экологиялык факторлары тірі организм үшін үлкен рөл аткарады. Әсіресе климат — организм үшін шешуші фактор болып табылады.

Соңғы жылдарда дүниежүзілік климаттың өзгеруі Жер шарындағы барлык экожүйелерге кері әсерін тигізіп отыр. Климаттың өзгеруі кұрлык жөне су экожүйелерін өзгертіп, ондағы барлык тіршілікке жаңа экологиялык проблемалар әкелді. Оған "Озон кабатының тесі-луі", "Қышкыл жауындар", "Жылу эффектісі", "Фотохимиялык тұмшалар", "Шөлге айналу", "Биоәртүрліліктің азаюы", "Су тапшы­лыгы", т.б. проблемалар жатады. Осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізетін "Ғаламдық экология" саласы келіп шыкты.

Экология ғылымының дамуына және зерттеу бағыттарына география ғылымының қоскан үлесі мол.. Осы бағытта көрнекті орыс географтары мен геоботаниктері Л.Г. Раменский, А.Е, Исаченко, В.Н. Сукачев, Ф.Н. Мильков, т.б. ғалымдар экология ғылымының геоэкологиялық зерттеу бағытының негізін қалады. Экология ғылымында "экожүйе", "геожүйе", "әлеуметтік жүйе", "антропогендік ландшафтылар", "биотоп" немесе "экотоп", т.б. терминдер пайда болды. В.И. Вернадскийдің биосфера деңгейіндегі зерттеулері экология ғылымынын теориялық негіздерін қалады. Биосфера туралы ойларын тұжырымдай келіп: "...биосфера — тірі организмдердің литосфера,гидросфера, атмосфера және техносфера арасындағы әрекеттесулері жүретін біртұтас экологиялык жүйе", — деген болатын. Шын мәнінде, кұрлық пен судың кез келген жерінде тірі организмдердің нышаны бар. Тірі организмдердің құрылымына биогенді элемент-терден оттек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, сутек кіреді. Осы заттарсыз тірі организмдер өмір сүре алмайды. Бұл заттар — биосфера деңгейіндегі барлық тіршіліктід қозғаушы күші мен негізгі құрылыс материалы. Табиғаттағы зат айналымы, оның өздігінен реттелу процестері тежеліп, дағдарыстарға ұшырады. Табиғи ортаның өздігінен тазалану процесінің күші келмейтін техногендік бөгде өнімдер дүниеге келді. Олар — өндіріс калдыктары, химиялық қоспа заттар, темір корытпалары, пластикалык және техникалык калдыктар. Бүл заттар "бөгде" зат ретінде ауа, су, топырақ құрамына еніп тіршілікке ете қауіпті зиянды заттарға айналды. Міне, осы техногендік бөгде өнімдерді шығармаудың, оның зардаптарын жоюдың жаңа технологиясын өмірге енгізетін экологияның қолданбалы саласы ғылымға енді.

В.И. Вернадский биосфера денгейіндегі барлық өзгерістерге талдау жасай келіп, озінің ноосфера тұжырымдамасын ұсынды. Ноосфера грекше "noos" — "ақыл-ой" деген мағынаны білдіреді. Ол: "Болашакта адам баласы Жер бетіндегі барлык өзгерістердің негізгі факторы болады", — деген еді.

ІІІ. А. 1. Экология ғылымындағы жаңа үғымдарды атап, мәнін анықтаңдар.

2. Экология ғылымыньщ жаңа бағыттары дамуының алғышарттары қандай болды?

3. Экология ғылымынын дамуындағы жаратылыстану ғымдарының ролі неде?

в 1. Қандай экологиялык проблемаларды білесіңдер?

2. В.И. Вернадскийдін экология ғылымының негізін танылуы туралы не білесіңдер?

ІV..§ 34.

V. А. 1. Экология гылымыныц алғашкы анықтамасы қандай?

2. Экология гылымына бсрілген аныктамалардың әркайсысының мәнін ашып беріңдер.

3. Н.Ф. Реймерс берген аныктаманың мөні неде?

B. 1. Экология ғылымынын негізгі салалары бойынша онын мақсаты мен міңдеттерін анықтаңдар.

2, Экология ғылымының міндеттерін жүзеге асыру үшін экологиялык білім қажет пе?

C.1. Экология ғылымының кязіргі заманғы кұрылымын 3-сызбанұсқа бойынша талдап түсіндіріңдер.

2. Экология мен география ғылымының байланысы неде?

3. Нооэкология ұғымынын мәні неде?

 

 

11сынып. Биология. 28.01.

Cабақтытың тақырыбы:Экологиялык білім мен тәрбие беру ұстанымдары

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды экология лық білім мен тәрбие беру ұстанымдарымен таныстыру.

2.Оқушылардың экология ғылымын жан-жақты ғылымдармен байланыстыра отырып,білім деңгейін тереңдету қабілетін дамыту.

3. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі : Дәріс

Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих.

Сабақтың көрнекілігі: сызба

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау эврикалық сұбхат

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ .

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Бағалау.

І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.

ІІ,Экологиялык білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰденгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам жөне биосфера" атты бағдарламаны қабылдаудан басталды.

1971жылы Швейцарияда Еуропалык конференция өткізіліп, онда қоршаған табиғи орта және табиғат корғау мәселелері көтерілді.1972 жылы Стокгольмде коршаған ортаны корғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси каласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) жөне ЮНЕП (Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы) ұйымдары экологиялык білім беру туралы 40-тан астам шешімдер кабылдап, онын ғаламдық стратегиялык жоспарларын бекітті. Экологиялык білім берудін одан әрі даму кезендері Найроби (1982 ж.), Мәскеу (1987 ж.), т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапты.

Экологиялык білім берудің бүрынғы кезеңдері орыстың көрнекті ағартушылары В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан сон А.Н. Бекетов, К.А. Тимирязев, Д.Н. Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.

XX ғасырдын орта шенінде педагогтер В.Ф. Натали, Н.М. Верзилин, В.М. Корсунская, т.б. экологиялык білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып оқытуды ұсынды. Ал 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялык білім беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мысалы, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. педагог-ғалымдар И.Д.Зверев, С.Д.Дрябь, Н.Т.Суравегина,

А.Н.Захлебный, т.б. халықтык оку жүйесіне экологиялык білім берудің сан қырлы теориялык-практикалық негіздерін енгізуді ұсынды.Экологиялык білім беруде жөне жоғары білімді эколог мамандарын даярлауда Абай атындағы Казак үлттык педагогикальщ университеті-нің (КазҰПУ) орны ерекше. Алғаш рет эколог мамандарын дайындау жолға қойылып, мектеп окушыларына экологиялық білім беру тұжырымдамасы жасалды. Қазір Абай атындағы Қаз ҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оку орындарында "биология-экология", "география-экология", т.б. бөлімлер ашылды. Сонғы жылдары Республикамыздың ғылыми-зерттеу институттары табиғат биоресурстары бойынша экологиялык іргелі жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта егеменді еліміздің жоғары парламент!імен үкіметі "Айнала коршаған табиғи ортаны корғау туралы" заң (1997 ж.), "Қазакстан Республикасында коршаған ортаны қорғаудын ұлттық жоспары" (1996 ж.), "Экологиялык білім беру бағдарламасы" (1999 ж.), "Үздіксіз экологиялык білім калыптастыру тұжырымдамасы" (2002 ж.), т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.

Көпшілікке үздіксіз экологиялык білім беруде казақстандык ғалымдардың еңбегі зор. Шетелдік төжірибелерді ескере отырып, көпшілікке үздіксіз экологиялык білім беруде мол төжірибелер жинакталды.

Экологиялық ұғымдардың мөнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзкарасын қалыптастырыл, экология ғылымын меңгеруге жол ашады жөне пәнге деген кызығушылыкты арттырады.

Экологиялык саналылық— адамның табиғатқа көзкарасының, білімінің және дағдысынын жиынтығы.

Экологиялық ойлау— табиғаттағы болып жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу ж\е терең түсіну.

Экологиялық сауаттылық— экологиялык білімді игере отырып, табиғат қорларын тиімді пайдалануға жол ашу.

Экологиялык этика— табиғатта адамның өзін-әзі ұстай білуі, мінез-қүлык дағдыларын қатаң сақтауы.

Экологиялык мәдениет— адамньщ экологиялык үғымдарды түсіну, ұғу деңгейінің көрінісі.

ІІІ.1. Ғылыми конференциялар кай жылдары ж/е кандай қалаларда өтті?

2. Экологиялык білім мея тәрбие берудін қажеттілігі неде?

3.Экология және табиғат қорғау курстары не үшін оқытылды?

2. Эколог мамандары не үшін қажет болды?

4. Қазақстанда қандай экологиялык заңдар қабылданған?

5. Экологиялык білім мен тәрбие беру қажет пе?

6..Экологиялык білім туралы ұғымдар мен түсініктердін мөнін ашып, өмірден мысалдар келтіріңдер.

ІV § 35.

. А. 1. Экология ғылымындағы жаңа үғымдарды атап, мәнін анықтаңдар.

2. Экология ғылымыньщ жаңа бағыттары дамуының алғышарттары қандай болды?

3. Экология ғылымынын дамуындағы жаратылыстану ғымдарының ролі неде?

в 1. Қандай экологиялык проблемаларды білесіңдер?

2. В.И. Вернадскийдін экология ғылымының негізін танылуы туралы не білесіңдер?







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.