Здавалка
Главная | Обратная связь

Бекіту.Венн диаграммасы



Ой дамыту.

Мәтін бойынша жұмыс.

  1. Осы өлеңде оқиға бар ма, әлде ақынның көңіл-күйі сезімі бар ма?
  2. Неше адам қатысып отыр? Мұнда шал сөзі бар, ол қын атынан баяндалады. Сосын ақынның ішкі ойы,монологы берілген.
  3. Ирония дегенді түсіндіру. Бір қарағанда мақтау сияқты көрінгенмен ,астарында зілді кекесін,мысқыл,әжуа жататын астарлы ойды ирония дейміз.

Мәтіннен иронияны тауып оқыту. Екі-үш шумақ.

  1. Ащы мысқылмен,зілді кекесінмен ашық түрде күлкі ете суреттеуді сатира дейміз. Соңғы үш шумағы. Сатиралық ойды табу.

Оқушылардың баяндағанын қорытындылау үшін синхрондық таблица қолдануға болады.

1893 жыл Көкшетау облысы әкесі Шоқпыт (Әбубәкір)

1908 жыл Баянауыл Әбдрахман медресесі.

1911 жыл Баянауыл Нұрғали мұғалім.

Ой шарықтату. Өлең ұйқасын,тармақтарын талдау (5 шумақты)

а әр тармақта үш шумақ

а қара өлең 11 буын

б ұйқас 11 буын

а 11 буын

11 буын

Білімді бекіту: Сөздік жұмысы. Ой қозғау

Оқа-әшекейлі зат.

Бұлды түйме-бағалы ілгек

Шекпен-түйенің жүнінен жасалған сырт киім

Нақақ-адал,бейкүнә

1. 1 шумақты үш қайталап жаттау.

2. Өлеңді бөліп мәнерлеп оқытып шығу.

3. Деңгейлік тапсырма.

І деңгей. 4-шумақты қара сөзге айналдырып жазу.

ІІ деңгей. Осындай ирониялық сарында жазылған А.Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар? Мазмұнын естеріне түсіруі.

І деңгей. Өлең мазмұнын айт.

ІІ деңгей. Осы өлең арқылы Шорманның Садуақасына мін,ездеме бер.

ІІ деңгей. Осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел айт.

ІІ деңгей. Өзің біреуді әжуалап өлең шығарып көр.

 

Ой қорыту.

Insert стратегиясы бойынша жұмыс.

V + ?
Білемін Білдім(мен үшін жаңа ақпарат) Білгім келеді

 

Панасы жоқ таудан без.

Пайдасы жоқ байдан без.

Итті күшігім-күшігім десең,аузыңды жалайды.

Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.

Жеп тоймаған жалағанмен тоймайды.

Басы ауырмағанның құдайда несі бар.

Басы ауырғанның қасында балтырың сыздамасын.

Алма ағашынан алысқа түспейді.

Қарны ашып көрмеген ас қадірін білмейді.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

Тоқ бала аш болам деп ойламайды.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңін жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров

«Шәкірт ойы»

Сабақтың мақсаты:

а) «Шәкірт ойы» өлеңін оқытып, мағынасан ашу,талдату;

ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

б) өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,топтастыру т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, электронды оқулық т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,астрономия

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Сұлтанмахмұттың «Бір адамға» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалім айтқан қимылдарын оқушылар бейнелейді.

1. Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.

2. Енді сазды,балшықты жерде келесіздер.

3. Өзенде жүзіп келесіздер.

4. Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар.(Осы сәтте экранға Қазақстан бейнелеген карта шығады).

5. Не көрдіңіздер?

-Қазақ елін.

-Баянауыл аймағын.

-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.

Тапсырма. Ақынға арнау

Өлең тармақтарының соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді байланыстырып өлең жазу.

арнаған

бар адам.

.................

тараған.

Бүгінгі танысатынымыз С.Торайғыровтың келесі шығармасы –«Шәкірт ойы»

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау.

Шәкірт нені армандайды?

Елдің жүрегі неге мұздаған?

Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?

3. Астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді. (электронды оқулық)

  1. Топтастыру.


  1. «Менің ойым», ой түйін жасау.

6.Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу

Шәкірт ойы Өз халқын сүйеді. Еліне адал қызмет еткісі келеді. Менің ойым

 

7.Өлең құрылысына талдау

Қараңғы қазақ //көгіне// а

Өрмелеп шығып //күн болам!// б

Қараңғылықтың// кегіне// а

Күн болмағанда,//кім болам?// б

Мұздаған //елдің жүрегін // в

Жылытуға //мен кірермін!// в

3 шумақ, 6 тармақ , 2 бунақ , 8 буынды кезектес,шалыс ұйқас.

Бекіту

«Менің арманым», пікірлесу.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 1. Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау

2.Өлең құрылысына талдау

3. «Орны отайып көгерді,Ақын арманын ел көрді» тақырыбында шығарма жазу.

Қорытынды.

Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап,білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып,Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытұлы

«Әнші»

Сабақтың мақсаты:

а) Ж.Аймауытовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;

ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа білім-білік ,дағды қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,сатылай талдау т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Түсіндіру жоспары

  1. Ж.Аймауытұлы өмірі,шығармашылық мұрасына қысқаша шолу.
  2. «Әнші»әңгімесі 3. Әншімен алғаш таныстық 4. Ән құдіреті

5. Наурыздағы сауық той 6. Аруақты әнші 7. Әмірханның үйінде

8. Әншінің жүдеу тұрмысы 9. Ән салу-үлкен өнер 10. Әнші де жылайды екен.

Шығарманы сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту. «Әнші» әңгімесі

1. Авторы: Ж.Аймауытұлы

2. Тақырыбы: әншілік өнер.

3. Әдеби жанры: проза (әңгіме)

4. Шығарманың негізгі идеясы:өнерді жоғары бағалауға,әншілік шеберлікті тереңұғынып қадірлей білуге,өнердің қоғамдық үндеу.

5. Шығарманың композициялық құрылысы

а) Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық.

ә) Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті.

б) Оқиғаның дамуы: Наурыздағы сауық той.

в) Оқиғаның шиеленісуі: Ақтамақ хикаясы

г) Оқиғаның шарықтау шегі: Өлімді жеңген өнер құдіреті

ғ) Оқиғаның шешімі: Әнші де жылайды екен

6. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі

7. Әдеби теориялық ұғымдар.

А) Эпитет: ми дала, меңіреу шөл,күміс көлдер т.б

ә) Теңеу: үйректей,қаздай қалқып т.б

б) Метафора: бұлбұлмын,тұлпармын.

Білімді бекіту: Шығармадағы әрбір оқиға,штрих-детальді жазушы өзінің эстетикалық мұрат-мақсаттарын бейнелеу үшін ұтымды ала алғандығын байқата отырып,шәкірттерге жазушының суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту.

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесін оқып мазмұндап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытұлы

«Ақтамақ хикаясы»

Сабақтың мақсаты:

а) Мәтіннің мазмұнын меңгерту арқылы әншінің мәрттігі мен адамгершілігін,адалдығын ұғындыру;

ә) жазушы тілінің көркемдігіне тінті ете отырып,Ақтамақ хикаясы тақырыбында ой толғату,тілін ұштау;

б) өнер құдіретін сезінуге тәрбиелей отырып,ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге баулу;

Сабақтың түрі: жаңа материалды өздігінен игеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сатылай талдау,өзара талқылау т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?

2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?

3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?

4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Түсіндіру жоспары

1. Әншінің қарапайымдылығы 2. Әншінің орындаушылық шеберлігі

3. Әншінің өнерге сүйіспеншілігі 4. Әншінің адамға үйірсектігі

5. Азаматтық тұлғасы 6. Ән салу шеберлігі 7. Махаббатқа адалдығы

Әмірханның мінездемелік сипатына сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.

Әмірханның мінездемелік сипаты

  1. Қарапайымдылығы:Әмірхан қол ұстасып,сыпайы амандасып отырды.

2. Әншінің орындаушылық шеберлігі:Ұшатын құстай қымтанып,қомданып алды.

  1. Өнерге сүйіспеншілігі:Ән салса өз-өзін ұмытады,даусы көмейінен шықпайды,жүрегінен шығады. ... рахаттанып гүл-гүл жайнайды.
  2. Адамға үйірсектігі:Әмірхан кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.
  3. Азаматтық тұлғасы: Өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады.Кісіні алдауды білмейді.
  4. Махаббатқа адалдығы
  5. Мәтіндегі түсінігі қиын сөздер:

Жетішатыр-Семей қаласының ескі атауы

Орамал тастау-ұлттық ойын

Жанторсық-қымыз құятын ыдыс

Таң асып тұрған-бабына келген

Жөпшеңді-анау-мынау жай.

Білімді бекіту: Әміре Қашаубаев -ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Әміре-ән асқары» тақырыбынды шағын мәтін жазу.

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев

(1846-1945)

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?

2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?

3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?

4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

өлең сөздің даңғылы
Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді. Жастайынан ән мен өнерге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан, өлең шығарады

 
 

 


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Жамбылдың ұстазы кім?

2. Қандай дастанын білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу.

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев

«Аттандыру»

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: арлас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жамбылдың ұстазы кім?

2. Қандай дастанын білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Аттандыру» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлын Ұлы Отан соғысына аттандырғанда айтқан бата іспеттес өлеңі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Топпен жұмыс: Бата туралы және оның қазіргі жағдайда қалай орындалып жүргені жайында ойларын ортаға салып,әңгіме жүргізеді.

Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

5 3

Атаңнан бата// ал,балам,

Арғымақ атқа// мін,балам!

Ақ сақалым// желбіреп,

Артыңнан қарап //мен қалам;

1 шумақ , 4. тармақ , 8 бунақ , 8 буынды

 

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Жамбыл кімдермен айтысқан?

2. Есімін неге Жамбыл деп қойған?

3. Қандай атақты ақынды жеңді?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың «Аттандыру» өлеңін жаттап келу.

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев

«Алғадай туралы әрбір ой»

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: арлас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жамбыл кімдермен айтысқан?

2.Есімін неге Жамбыл деп қойған?

3.Қандай атақты ақынды жеңді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлы Ұлы Отан соғысына барып қаза болғаннан кейін шығарған жоқтау өлеңі..

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Шығармашылық жұмыс: Тұрмыс-салт жырының түрлерін соның ішінде жоқтау туралы айтады.

Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқиды

. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Өлеңнің І-ІІ бөлімдерінің мазмұнынан баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады?

2. ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңін жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин

(1894-1938)

Сабақтың мақсаты:

а) С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

С.Сейфуллин Ақмола облысы,Нілді болысында туған. Ауыл молдасынан арбша хат таныған Сәкенді ата-анасы Нілдідегі орысша оқуға береді. Бұнда екі жыл оқыған Сәкен 1908-1913 жылдары Ақмолада Прихордская школады, қалалық училищеде білім алады.

Тірек сызба арқылы шығармаларымен таныстырамын.


Кітаппен жұмыс:Сәкенің өлеңдерін мәнерлеп оқиды

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сәкен неге жазықсыз жалаға ұшырады?
  2. Үш бәйтерекке тағы кімдерді жатқызамыз?
  3. Қандай газетте еңбек етті?

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:С.Сейфуллиннің өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің

«Сыр сандық» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту, «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып,идеялық көркемдік ерекшелігін таныту;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

-Оқушылар,біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқимыз.

Сәкеннің өмірінен мәлімет беремін

Топтастыру стратегиясы:

Ақын жазушы


Ұстаз драмашы

       
   


Зерттеуші қоғам қайраткері

Оқушылар пікірін толықтырып отырамын.

«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық ,сюжеттік құрылымына с әйкес оқып,мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі: 1-2,3-4, 5-7, 8-11, 12-19, 20-21 шумақтары)

1-топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып,қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса,ол жалт береді. Ол дос емес,жалған дос.

2-топтың жауабы. Нағыз достар сырын ақтарып,бірін-бірі ұғынып,сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы,жүрегі-берік қойма. Оны ақтаруға кез-келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.

3-топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.

4-топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына ,оның қалың нулы орманы,мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме-досының жан дүниесі.

5-топтың жауабы. –Сол тауда биік шың бар,шың басында қойма бар,онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым,ғажап перне,сен оның кілтін тауып аш та,сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы-досының жан дүниесі,жүрегі .

6-топтың жауабы. –Адамның жүрегі-алтын қойма,оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады. Ол-шынайы досың, жаныңның ұғатын жан.

Өлең 21 шумақтан,7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.

Сарыарқаның бір тауы бар,

Бір тауы бар сымбатты.

Сол таудан сен сыр тауып ал,

Сыр тауып ал,қымбаттым! –деп,Сәкен өмір қызығы –достықта,достастықта. Туған топырағыңда досың көп болсын! –деп тілеген екуен. Менің де тілегім-сендерге осы достық,-деп сабақты қорытындылаймын.

«Ой талқы сұрақтары» атты плакатты тақтаға ілемін.

1Достық дегенді қалай түсінесің?

2. Жақсы досты қалай табу керек?

3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?

4. Досыңның кім екенін ата-анаң білу ге тиіс пе?

5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Шығарма

Сабақтың мақсаты:

а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.

Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.

Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.

Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.

Жоспар

I Кіріспе.

II Негізгі бөлім:

а)

ә)

III Қорытынды.

 

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин

«Қамаудан»

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Сәкеннің шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: арлас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С.Сейфуллинің «Сыр сандық» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1Достық дегенді қалай түсінесің?

2. Жақсы досты қалай табу керек?

3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

С.Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы, 20 жасында Қазанда басылады. Жинақтағы өлеңдер ағартушылық бағытта, сыншыл реализммен жазылған.

Сәкен 1918-1919 жылдары Колчак түрмесінде,Аненковтің азап вагонында,Омбының тұтқындар лагерінде азап шегеді. 1919 жылы наурыз айында тұтқындар лагерінен қашып шығып біраз қызметтер атқарады.

1938 жылы сталиндік жазалауға ұшырайды. Міне , осындай қиыншылықта түрмеде отырып «Қамаудан» өлеңін шығарады. Өлеңді мәнерлеп оқып беріп,ақынның айтпақ болған ойын түсіндіремін.

Дәптермен жұмыс: Өлеңдегі тың,бейнелі,айшықты сөздерді тауып дәптерлеріне жазады..

Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?

2. Тұтқын бостандықты неге теңейді?

3. Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: С.Сейфуллиннің «Қамаудан» өлеңін жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров

(1894-1938)

Сабақтың мақсаты:

а) І. Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;

ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін дамыту;

б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С.Сейфуллинің «Қамаудан» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?

2. Тұтқын бостандықты неге теңейді?

3. Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І. Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын ,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді. Біраз уақыт Қарағаш деген жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.

«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі мен қызметіне шолу жасау.

 

1894 1905-1911 1912

 


1938 1915

       
   


1934-1936 1925-1928 1920-1921

 

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: І.Жансүгіровтың өмірбаянын оқып келу.

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров

«Жетісу суреттері»

Сабақтың мақсаты:

а) І. Жансүгіровтің ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу;

ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін дамыту;

б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті ,пейзаждық сурет т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген І.Жансүгіровтің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» өлеңі пейзаждық лирика жанрына жатады. Өлең 1925 жылы жазылған. «Жетісу суреттері» 5 тараудан тұрады.

1. Жалпы сын 2. Тау суреті 3. Жетісуда су суреті

4. Жетісу жәндігі 5. Жер түгі

Өлеңді мәнерлеп оқу

Өлеңде туған жері мен елінің тау-тасын,өзен –көлін беріле сүйген ақынның өзін қоршаған ортадан нәр алған шабытты шалқар сезімі беріледі. Ақын табиғат көрінісін айшықты бояулармен кестелейді.

Енді оқушылар назарымызды мына бейне сөзге аударайық.

Жетісу-жер жаннаты. Қазақстанның ең сұлу өңірі төрт түлікке құт болған,тарихы мол,қазыналы өңір.

Кітаппен жұмыс: 3оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

Өзіндік жұмыс: (Өлеңнен эпитет,теңеу, метофораларды табу)

Эпитеттер: меңіреу құз, ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құм, әсем жер, ақ бура, қоңыр самал, меруерт астау, ерке су, сары бала , қалың құм, қара қазан.

Теңеулер: көшкен керуендей, бурадай, айдағардай, шалдуар шалдай

Метафора: кеудең –асқар, аяғың-көл, Ыстықкөл-жер айнасы.

Пәнаралық байланыс: әсем жер (сын есім-з.е).

Меңіреу құз (сын есім-з.е)

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Ілияс қандай ақын?

2. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?

3. Өлең қандай лирикаға жатады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров

«Бөбек бөлеу»

Сабақтың мақсаты:

а) І. Жансүгіровтің ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу;

ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін дамыту;

б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңін мәнерлеп оқиды.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ілияс қандай ақын?

2. «Жетісу суреттері» неше тараудан тұрады?

3. Өлең қандай лирикаға жатады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І.Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» өлеңі халық арасында көп жырланатын бесік жырларының бірі. Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, оның тақырыбы мен идеясын ашу. Әрбір ана сәбиін ертерек есейіп ,үлкен азамат болуын тілейді.

Кітаппен жұмыс: оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

Өзіндік жұмыс: Өздерің « Бесік жырын» құрастырып (шығарып) көріңдер.

Венн диаграммасы:«Бөбек бөлеу» өлеңін Жамбылдың «Атаның әлдиі» өлеңімен салыстырыңдар

І.Жансүгіров «Бөбек бөлеу» Ж.Жабаев «Атаның әлдиі»

 

айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы
     

 

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген

сұрақтарына жауап беремін.

1. Сәбиін бесікке бөлеген ана баласының қандай болып өсуін тілейді?

2. Халық арасында көп жырланатын бесік жырларының тағы қандай түрлерін білесіңдер?

3.Олар қандай сөздерден басталып,қайталанып отырады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: І.Жансүгіровтің «Бөбек бөлеу» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев

«Сүйемін»

Сабақтың мақсаты:

а) М.Жұмавбаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;

ә) Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;

б) Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген І.Жансүгіровтің «Бөбек бөлеу» өлеңін мәнерлеп оқиды.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Сәбиін бесікке бөлеген ана баласының қандай болып өсуін тілейді?

2. Халық арасында көп жырланатын бесік жырларының тағы қандай түрлерін білесіңдер?

3.Олар қандай сөздерден басталып,қайталанып отырады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мағжанның қандай шығармаларын білесіңдер?

Мағжанға айып тағылғанда қандай айып тағылған еді?

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

1.Ақын 2. Зерттеуші 3. Аудармашы

өлеңдері поэмасы    
«Өмір», «Анама», «Сырым» «Батыр Баян» «Тоқсанның тобы» «Педагогика» «Бернияз Күлеев» «Ақбозат» «Большевик баласы»

 

 
 


А)

 

 
 

 


Ә) Өлең құрылысына талдау.

Күлдей күңгірт шашы бар, а

Тоқсан бесте жасы бар, а

Көз дегенің сұп-сұр көр, ә

Тасбиқ санап бүгіліп, б

Жерге қарап үңіліп, б

Көрсе ауыр күрсінер, а

Менің бір қарт анам бар, а

Неге екенін білмеймін, в

Сол анамды сүйемін. в

(1 шумақ , 9 тармақ, , 7 буын аралас ұйқас)

Б) Өлең мазмұны

І қатар. Ана,өмірдің алтын кіліті сенде ғана

ІІ қатар. Жар-ердің тірегі.

ІІІ қатар. Туған елін сүйе алмаған,

Сүйе ала ма туған жерін.

 

Деңгейлік тапсырмалар

І

<





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
Сөздер Мақал-мәтел
Ата-ана Жанұя- шағын мемлекет. Әке көрген оқ жонар. Ата-ананың ақылы-қакзулы қара жолмен тең.
Жар Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса,айтың-тойың не керек.Жақсы әйел жолдасың,Жоқтан құрап тойғызар.
Туған ел  
Туған жер