Здавалка
Главная | Обратная связь

V. Суретте,бейнеле.



Аян бейнесін құрастырамыз. Дәптерімізді алып Аян бейнесін топтастырып жазамыз.

 

Зеректілігі зейінділігі ұстамдылығы

 

Төзімділігі Аянның бейнесі мінезі

 
 


сырт пішіні

VI . Шешен сөз.

Әр топтан бір-бір оқушы шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.

1. Аян мен әңгімені баяндап отырған бала арасындағы шын достық туралы ой өрбіт.

2.Аян тағдыры сені ойландыра ма?

VII. Жорға.

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қойылады.

 

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жинаған ұпайларын есептеп,жеңімпаз қатарды анықтау,белсене қатысқын оқушылырды бағалау.

 

Үйге тапсырма:Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта ертегіні жалғастырыңдар және оған өздеріңше ат қойыңдар.

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Сабақтың мақсаты:

а) Оралхан Бөкейдің өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Жусан иісі рақылы жазушы оқырманына қандай ой тастайды?

2. Аян сендерге қандай әсер қалдырды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Оралхан бөкей 1943 жылы Шығыс Қазақстанның Қатон-Қарағай ауданында қарапайым адамдардың отбасында дүниеге келеді. 1963 жылы ол Қазақ Мемлекеттік униветситетінің журналистка бөліміне түсіп,сырттай оқып, ауылдағы жұмысты атқара береді.

Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұнын қысқаша түсіндіремін.

Шығармашалақ жұмыс:Бас кейіпкерлері еңбекқор талапты да,арманшыл балаларға мінездеме беріңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Тортай қандай бала?

2. Тортай мен Ораштың достығы туралы не айтар едіңдер?

3. Тортай неге арманына жете алмады?

  1. Кітаптың адам өмірі,мінезі үшін қандай маңызы бар?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін оқып келу.

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: А.Пушкин «Ескерткіш»

Сабақтың мақсаты:

а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А.Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен ақын-жазушыларымыз туралы мағлұмат беру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселдіру;

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Тортай қандай бала?

2. Тортай мен Ораштың достығы туралы не айтар едіңдер?

3. Тортай неге арманына жете алмады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин үлкен қайшылықты кезеңде өмірін өткізді. Ол орыс мәдениетінде жаңа дәуір ашты, орыстың әдеби тілін жасады,жаңа әдебиеттің төр ағасы болды.

«Ескерткіш» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Кітаппен жұмыс:Өлеңді мәнерлеп оқиды

Дәптермен жұмыс:Өлең шумақтарын құрылысына қарай талдайды.

4 4 4

Ескерткіш //орнаттым мен //қолдан келмес, 1 шумақ , 4 тармақ ,

Ел ізі// оған салған //суый білмес,

Асқақтап //Александр //мұнарасынан 12 бунақ , 12 буынды

Жоғары //оқшау шығып, //тұрар дербес

Венн диаграммасы:Өлеңді Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен салыстырыңдар.

«Ескерткіш» «Өзім туралы»

 
 

 


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: А.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Шандор Петефи «Ұлт өлеңі»

Сабақтың мақсаты:

а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Орыс халқының ұлы ақыны А.Пушкин туралы не білесіңдер?

2. Ақын ескерткішін қалай қалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

26-ақ жас өмір сүрген шандор Петефи венгер халқының ұлттық поэзиясының негізін қалаған азамат, күрескер ақыны болды. Ол туған халқының бай ауыз әдебиетін үлгі тұтып,оны реалистік әдебиет деңгейіне көтереді.

«Ұлт өлеңі» -жалынды,отты жолдарға ,отаншыл, халықшыл сезімге толы қайсар жырлар. Ол –күрес жыры,азаттық жыры.

Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқиды

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Ақын ұлтын неге шақырады?

2. Петефи мен Махамбет өлеңдерінде үндестік бар ма?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ш.Петефидің «Ұлт өлеңін» мәнерлеп оқып келу.

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: О, Генри «Соңғы жапырақ»

Сабақтың мақсаты:

а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Ақын ұлтын неге шақырады?

2. Петефи мен Махамбет өлеңдерінде үндестік бар ма?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

О,Генри –ХХ ғасыр басында өмір сүрген американдық жазушы, новеллашы Умльям Синди Портердің лақап аты. Жазушы әдеби есіммен танылды.Уильям Портер Американның Солтүстік Каролина штатында Гринсборо қаласында дәрігер отбасында дүниеге келген.

«Соңғы жапырақ» атты новелласы ең әсерлі,жүрек қозғайтын шығармаларының бірі болып саналады.

Кітаппен жұмыс: Сьюди мен Джонсидің өздеріңе ұнаған мінез-құлықтарын шығарма мазмұнына сүйене отырып әңгімелеңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Жазушы Сьюди мен Джонсидің достығын қалай суреттейді?

2. Науқас Джонси терезеден нені көріп санап жатты?

3. «Соңғы жапырақ түскен күні мен өлемін» деуінен неге қауіптенеді?

4. Джонсидің айығуына не себеп болды?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: О,Генридің «Соңғы жапырақ» әңгімесін оқып келу.

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Ғабдолла Тоқай

«Өмір жолына қадам басқандарға»

Сабақтың мақсаты:

а) көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,шығарманы оқып-үйретудің әдіс тәсілдерін дұрыс қолданып,талдай білуге баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Жазушы Сьюди мен Джонсидің достығын қалай суреттейді?

2. Науқас Джонси терезеден нені көріп санап жатты?

3. «Соңғы жапырақ түскен күні мен өлемін» деуінен неге қауіптенеді?

4. Джонсидің айығуына не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Татардың жаңа бағыттағы реалистік әдебиеті мен қазіргі татар әдеби тілінің негізін салушы ақын, көсемсөзші,аудармаш, азаттық жыршысы,гуманист , күрескер Ғ.Тоқай 1886 жылы Татарстанның Арск ауданының Кушлауч ауылында дүниеге келген.

Дәптермен жұмыс:Өлеңнен ақыл- кеңес беретін сөздерді теріп алып,дәптерлеріне жазады.

Шығармашылық жұмыс: «Ел алдындағы қарызым мен парызым» тақырыбының айналасында пікірталас жүргізеді.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Өлеңдегі түйінді ойды қалай түсіндіңдер?

2. Сәби шағын,мектептегі «тұтқын» күндерін неге аңсайды?

3. Өлең құрылысының өзіндік ерекшелігі неде?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, сызба-нұсқаулар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Балалар, біз әдебиеттің қандай түрлерін өттік.

Қазақ әдебиеті

 

 
 

 


Шығармашылық тапсырма: Өткен тақырыптардан өздеріңе ұнаған тақырып бойынша ойтолғау жазыңдар. Неге ұнады?

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы ба?

3. Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

4. Әлем әдебиеті дегеніміз не?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ақын-жазушылардың әңгімелерін,романдарын оқып келу.

 

Тест

1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

а) батырлар жыры ә) ғашықтық жыры б) аңыз әңгіме

2. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңнің авторы кім?

а) Абай ә) Ахмет Байтұрсынұлы б) Сәбит Мұқанов

3. Абай қай жылы туған?

а) 1835-1906ж. ә) 1855-1909ж. б)1845-1904ж

4. «Әнші» әңгімесінің авторы кім?

а) Ж.Аймауытұлы ә) С. Торайғыров Б) С. Сейфуллин

5. «Қоштасу» халық поэзиясының қай түріне жатады?

а) мұң-шер ә) тұрмыс салт б) төрт түлік

6. «Өткен күндер» жинағының авторы кім?

а) Бейімбет Майлин ә) Сәкен Сейфуллин б) Ілияс Жансүгіров

7. «Қыз Жібек» операсын жазған кім?

а) Мұқан Төлебаев ә) Бейімбет Майлин б) Е.Брусиловский

8. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім?

а) Міржақып Дулатұлы ә) Шәкәрім б) Жүсіпбек Аймауытұлы

9. Қазақ тіл білімінің атасы кім?

а) М.Жұмабаев ә) М.Мақатаев б) А.Байтұрсынов

10. Міржақып Дулатұлының «Оян,қазақ!» атты жинағы қай жылы жарық көрді?

а) 1904 ж. ә) 1909 ж. б) 1908 ж.

11. «Көзін ауылға келгенсін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға асырауға көнеді десті» деген жолдар қай әңгімеден алынған?

а) «Көксерек» ә) «Есіл бойында» б) «Саятшы Ораз»

12. Ғабит Мүсіреповтың әңгімесін ата.

а) «Әнші» ә) «Ананың анасы» б) «Бандыны қуған Хамит»

13. Сәкен Сейфуллин қай жылы туған?

а) 1894-1938ж. ә) 1856-1931 ж. б) 1885-1935 ж.

14.Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңі лириканың қай түріне жатады?

а) махаббат лирикасы ә) саяси-әлеуметтік лирика б) табиғат лирикасы

15. Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталануды не деп айтамыз?

а) анафора ә) жай қайталау б) эпифора

16. Әдеби шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиға немесе шығарманың бас-аяғы тиянақты бөлшегі қалай аталады?

а) сюжет ә) эпизод б) әңгіме

17. Шешендік сөздерді айтушылар кімдер?

а) әншілер ә) билер б) жазушылар

18. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуін ата.

а) монолог ә) диалог б) автор сөзі

19. «Көкшетау» поэмасының авторы кім?

а) С.Сейфуллин ә) І. Жансүгіров б) Б.Майлин

 

 

Тестік бақылау

Естіген нәрсені ұмытпауға төрт түрлі себеп бар ...

Абайдың нешінші сөзі?

а) 19

ә) 17

б) 31

Шоқан Уәлихановтың шын аты

а) Ибраһим

ә)Мұхтар

б)Мұхаммедқанафия

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды ...

Абайдың нешінші сөзі?

а) 31

ә) 19

б) 17

Түркі тілдес халықтардың «Алтын ғасыр» деп атаған ғасыры

а) ХІІІ ғ.

ә) ХІІ ғ.

б) ХІғ.

«Невада-Семей» ядролық сынаққа қарсы қозғалысты бастаған кім?

а) М.Шаханов

ә) О.Сүлейменов

б) А.Әшімов

Кіші жүздің атақты биі

а) Мөңке би

ә) Төле би

б) Әйтеке би

«Ақан сері романын кім жазды?

а) І.Жансүгіров

ә) С.Жүнісов

б) Ғ.Мүсірепов

Қаз дауысты Қазыбек кім?

а) жазушы ә)ғалым б)шешен

«Боранды түнде» әңгімесін кім жазды?

а) Қ.Аманжолов ә)М.Әуезов б)Ғ.Мүсірепов

«Бөбек бөлеу» өлеңі қай ақындыкі?

а) Жамбыл ә)І.Жансүгіров б)С.Сейфуллин

Сәби дүниеге келгенде болатын той

а) тілашар ә)тұсау кесер б)шілдехана

Оралхан Бөкей қай жерде дүниеге келді?

а) Оңтүстік Қазақстан облысы.

ә) Шығыс Қазақстан облысы.

б) Батыс қазақстан облысы.

Саятшы Ораздың бейнесі кімнің шығармасында бейнеленген?

а) Аягөздің сол жақ жағасында

ә) Аягөздің оң жақ жағасында

б) Ертістің сол жақ жағасында

Көркем әдебиет стилін кімдер қолданады?

а) жазушылар

ә) ғалымдар

б) әншілер

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі

Сабақтың мақсаты: білімділік -Әбділдә Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру,өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту,өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға,туған жерін сүюге баулу;

дамытушылық -оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны дамыту,ақын тіліне деген көзқарасын білу,өлеңді құрылысына талдай білуге машықтандыру,шығармашылық қабілетін дамыту;

тәрбиелік –адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауға баулу,қоршаған ортаны тануға,ойын еркін жеткізе алатын қолайлы орта туғызу.

Сабақтың түрі:аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілі : сұрақ-жауап,түсіндіру,салыстыра баяндау,ой қозғау,талдау, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың пәнаралық байланысы:қазақ тілі,тарих,география,музыка.

Сабақтың көрнекілігі:ақын суреті,шығармаларынан көрме,Қазақстан картасы,талдау-салыстыру сызбасы,электронды оқулық т.б.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру:а) сәлемдесу,түгендеу; ә) сабаққа даярлығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бекіту.

- Қане,балалар өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? (Поэмадан үзіндіні жатқа айтады)

- Балалар,поэма неге «Ақын өлімі туралы аңыз» деп аталады? Поэмадағы ақын кім? Поэманың тақырыбы не жайында? Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді? Кімнің ерлігі суреттелген? Ол қай жылы туылған? Ал Қасым қандай ақын? Ол өзіне қандай баға берді?

Қорытындылау мақсатында Қ.Бұғыбаеваның «Қасыммен сырласу» атты өлеңін оқып қорытамын.Сонымен, балалар, Т.Ахтанов айтқандай «Ақынның адал,шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ,тамаша өлеңдерінде жүр» екен.Осы пікірдің бәрі ақынның «Өзім туралы» өлеңімен мағыналас,астарлас екендігіне көз жеткіздік.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды,жезтаңдай әншілерді,құдіретті күйшілерді,данышпан,ақылгөй билерді,ақиық ақындарды,Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді.Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Әбділдә Тәжібаев ағамыздың өміріне, «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.

1.Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.

1) Өлеңді үнтаспадан тыңдау 2) Сөздікті жұмыс 3) Салыстыру,талдау

4) топпен жұмыс 5) Шығармашылық жұмыс.

2.Электронды оқулықпен жұмыс.

Әбділдә Тәжібаев туралы мәлімет, «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.

Балалар,өлең ұнады ма,не жайында екен? Картадан «Сырдария өзенін көрсетіп,өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.

3.Кітаппен жұмыс (сөздікпен жұмыс).

Экранға сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады).

1.Гейне – неміс ақыны 2. Рейн – Германиядағы өзен 3. Тарас – украин

4.Днепр – Украинадағы өзен 5. Пушкин – орыс ақыны 6. Еділ (Влога) - өзен

- Қане, балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.

1) Өлең тақырыбы не жайында? 2) Ақын еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді? 3) Оны қай жолдардан байқауға болады? 4) «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? 5) Анаға ұқсас ұғымды қалай,не арқылы білдіреді? 6) Лирика деген не? 7) Бұл өлең лириканың қай түріне жатады? 8. Параллелизм деген не?

(Алгебрамен байланыстыру)

4.Салыстыру,талдау.

Тірек сөздер арқылы

С а л ы с т ы р у

Әбділдә Тәжібаевтың Қалмақан Әбдіқадыровтың

«Сырдария» өлеңі» «Сырдария» өлеңі

1) қарт ана 1) мен анаң

2) Сыр сұлуы 2) суым сүтің

3) туған елі 3) анам десең

4) ел анасы 4) балық,арық қазып

5) сүті кетпеген 5) егіске пайдалан

 

Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі

1) сарқыраған өзен 2) айнадай су 3) өзен рахаты 4) мөлдір су 5) ну орман,тоғайы

Осы үш ақынның өлеңдерін оқи отырып бір-бірімен айырмашылық пен ұқсастығына талдау,салыстыру жасаймыз.Қай өлеңде ақын өлеңге,өлең ақынға тіл қатты? (Айырмашылығы мен ұқсастығын табады.Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау, теңеу метафораларды табады).

5.Шығармашылық жұмыс.

1-топ. «Сырдария» өлеңін әрі «Өзен» өлеңін құрылысына талдайды. (Өлеңнің бір-бір шумағындағы тармақ,бунақ,ұйқасын,айырмашылығын табады).

2-топ. «Сырдария» өлеңіндегі (2,3,5) шумақтарынан инверцияны тауып,қара сөзге айналдырып жазады.

3-топ. Туған жеріміздегі «Машат», «Ақсу» өзені жайлы бір шумақ өлең жазады. «Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазуға да болады.

IV.Сабақты бекіту. Сонымен, балалар,ақын осы «Сырдария» өлеңінде не айтқысы келді?

1.Параллелизм дегеніміз не?

2. Өлеңді оқи отырып,өзен,көлдердің адам өміріндегі пайдасы туралы не айтар едіңдер?

3. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – жасыл желекті,мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Қазақстан-2030 бағдарламасында айтылғандай өз жерімізді көркейтуге қандай үлес қосар едіңдер?

V.Қорытындылау.

 


(Жоғардыда атқарылған жұмыстың бәрі интерактивті тақтада орындалады).

VI.Оқушыларды бағалау.Күнделіктеріне баға қою.

VII. Үйге тапсырма.«Сырдария» өлеңін жаттап, талданбаған шумағын талдап келу.

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы: Ана – теңдесі жоқ құдірет

Сабақтың мақсаты: білімділік -Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» атты әңгімесін қорытындылау, алған білімдерін жинақтап бекіту; тәрбиелік -оқушыларды ананы құрметтей білуге,мейрімділікке,сыйластыққа тәрбиелеу; дамытушылық -оқушылардың белсенділіктерін шыңдау.

Әдісі:сұрақ-жауап,іздендіру,сайыстыру.

Сабақтың түрі:білімді жинақтау қорыту сабағы.

Пәнаралық байланыс:орыс тілі,ағылшын тілі,қазақ тілі.

Көрнекілігі:Н.Г.Хлудовтың «Көш» суреті, Ғ.Мүсіреповтың портреті,бата сөздер.

Сабақтың барысы.

Жоспары

  1. Бәйге (зымыран сұрақтар)
  2. Көкпар (мақал-мәтел айту)
  3. Тіл - өнер,полиглот (тақтамен жұмыс)
  4. Жанды сөз (кітаппен жұмыс)
  5. Білгірлер (дәптермен жұмыс)
  6. Ділмар (түйінді ой айту).

Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды ойынның өту барысымен таныстырамын.

1.Бәйге(зымыран сұрақтар)

1-сұрақ.Аппақ,ақ қарбас,етектей сақалын балуан бармақтарымен сипалап отырған кім? (Әйтілес қарт)

2-сұрақ. Оның әңгімесін тыңдаушылар кім? (балалар,саудагер,Рамазан,молда)

3-сұрақ. Әңгіме Әйтілес қарттың ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтуынан басталады.Мұны әдебиет теориясында не дейді? (Экспозиция)

4-сұрақ. Бала бидің батыры кім? (Жалпақ балуан)

5-сұрақ.Оның шабуға барған елі. (Ергенекті)

6-сұрақ. Ергенекті елінен бірінші рет жеңілгенде Жалпақ балуан нешеде? (Алты жасар)

7-сұрақ. Екінші рет Жалпақ балуан неге жауға шапты? (Намысқа шыдамаған еді)

8-сұрақ. Ергенекті елінде Жалпақ балуанның қандай құнды дүниесі бар деп ойлайсың? (Қалыңдығы)

9-сұрақ. Жалпақ балуанның қасында қанша жігіт бар деп ойлайсың? (Қырық жігіт)

10-сұрақ. Батырдың тілегі не? (Жауға кездесу)

11-сұрақ. Бидің тілегі не? (Жылқыға кездесу)

12-сұрақ. Жылқының бір шетін төңкеріп,қиқулап келе жатқанда барымташыларға кім кездеседі? (Тезек терген қыз)

13-сұрақ.Тұтқынға түскен қызды бірінші болып кім қуып келеді? Оның халі не болды екен? (жылқышы әкесі,өледі)

14-сұрақ. «Жаным,сен неткен жансың? Сен қазақтың қатыны шығарсың да,өзімді батыры шығар деп ойлаймын ... Бұл кімнің сөзі?

15-сұрақ. Батыр мен оның жігіттерінің артынан неге Ергенекті елі қуып келмеді? (Себебі Ергенекті елі басқа елді шауып кетеді.)

2. Көкпар(мақал-мәтел айту)

Біздің оқып танысқан «Ананың анасы» деп аталатын әңгімедегі ана секілді мына суретте де ақылды ана көш бастап келеді.Көш бастаған ананың сендерге берген сәлемін әлі аша қойғаным жоқ.Бұл сәлемді маған аманат етіп мына көш бастап бара жатқан ана тапсырды. «Аманат арға жүк» дейді қазақ.Осы сәлемдемені ашу үшін сендер бірнеше тапсырманы орындауларың керек.осы түйіншекті бір-бірімізге бере отырып,салмақтап көрейік те.Әр ұстаған оқушы бір мақалдан айтады.

 

 

Ана туралы мақалдар:

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.т.б.

3. Тіл-өнер (тақтамен жұмыс)

Әңгімеден сөйлемдер алынып,ішінен бір сөз қалдырылып кетеді.

1.Уа,жалпақ! Ергенекті елімізді ... рет шапты? /екі,два,two/

2.Біз даланың ессіз ерлеріміз ғой.Неге түрткенде ғана селт етеміз. Неге ... түртпесе көрмейміз? /көз,глаза,ear/

3. ... десең өзімді әкет,қызымды қайтарып бер. /еркек,мужчина,man/

4. Артымдағы ... еңіреп жіберді де,белімдегі білегін суырып-ақ алды. /қыз,девушка,girl/

5.Кім қызын,қызы кімін жұбатып өзді-өзі болды да қалды. /шешесі,мать,mother/

Екі сөзді тапқан оқушы математикалық тәсілмен дыбыстарға мінездеме береді.

4. Жанды сөз(кітаппен жұмыс)

Білгірлер

- Жалпақ балуан кім?

- Әділетсіз қара күш иесі.

- Өмірде адасып жүрген жан.

- Адамгершілігін сақтаған,мейірімін жоғалтпаған жан.

- Қалай ойлайсыңдар,қырық жігіт пен батырды тізе бүктірген қандай күш,нендей құдірет?

- Ананың киелі махаббаты.

- Онда әңгімеден Ана бейнесін,мінезін ашатын сөздерді ойлана отырып жазып қойыңдар.

Ана

ақылды қайсар

ашынған қайғылы

сергелдеңде

 

«Автор орындығында» әдісі бойынша орындықта отырып,өз ойларын емін-еркін айта білуі керек.

1-тапсырма.Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған? Өздерің қалай айтар едіңдер?

- Бұл әңгімедегі ана батырлығымен,ақылымен,қайсарлығымен қызын күңдіктен құтқарады.Сондықтан «аналардың мықтысы» дегені шығар.Мен өзім бұл әңгімені «Ана махаббаты» деп қояр едім.

2-тапсырма.Қай кейіпкерге өзің автор ретінде өзгерту енгізер едің? Немесе қай кейіпкердің іс-әрекетін қолдағың келмейді?

3-тапсырма. Сен автор орындығында отырсың,осы шығарманы өзің жазсаң қалай аяқтар едің?

Ділмар

Сәлемдеме түйіншек ашылып,одан төмендегідей қанатты сөздер шығады.

  1. Ана – теңдесі жоқ құдірет.
  2. Ана – сарқылмайтын күш.
  3. Ана махаббаты – киелі күш.

Берілген тақырыптарға ана махаббатының құдіретін дәлелдеу мақсатында бірлесе отырып топ мүшелері мәтін дайындайды.Әр топ өз өкіліне сөз береді.

Қорытынды бөлім.

Оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп,жеңімпаз қатарды анықтау,белсене қатысқан оқушылардың білімін бағалау.

 

Үйге тапсырма.Ғабит Мүсіреповтың ана тақырыбындағы басқа да әңгімелерін оқып,олардың ортақ идеясын табу,осы әңгімемен салыстыру.

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: «Ақтамақ хикаясы»(Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі бойынша)

Сабақтың білімділік мақсаты: 1)әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу; 2) әнші бейнесін тереңірек талдап ашу; 3)жазушы идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:1) оқушыларды өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу; 2) ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге үйрету; 3)ұлтжандылыққа,өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:1)«Әдебиет пен өнер егіз» деген ұғымды ашу; 2)жеке және топтық жұмыста шапшаңдыққа баулу;3)өз ойын еркін жеткізе білуге,сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға баулу.

Сабақтың әдісі:сөзбен түсіндіру,талдау,өзара талқылау,ізденушілік.

Сабақтың түрі:жаңа материалды өздігінен игерту.

Сабақтың көрнекілігі:концептуалдық кесте,тапсырма парақтары,түсіндірме күнделігі,жинақтау плакаты, «Әміре - ән асқары» альбомы, «Әміре жайлы лебіздер» жинақ-кітапшасы.

Пайдаланылған әдебиет:«Портреттер», «Замана бұлбұлдары», «Ән асқары - Әміре».

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушыларды топқа бөлу: І топ «Болашақ», ІІ топ «Ұлан», ІІІ топ «Өнерпаз».

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұнын «Зымыран сұрақтар» әдісімен сұраймын.Барлығы 15 сұрақ. Сұрақ тез оқылады,жауап та тез,қысқа әрі түсінікті болуы керек.

1.Жүсіпбек Аймауытов кім? 2.Әңгімедегі әнші есмі. 3.Жазылған жылы. 4.Әмірханның өмірдегі бейнесі кім? 5.Автор әншімен қайда кездесті? 6.Әнші ән айтуды кімнен үйренді? 7.Әмірхан қандай әнші?

8.Әмірханның тұрмыс-тіршілігі қандай? 9.Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. 10.Жастар не ұйымдастырды? т.б.

Оқушылар әңгімедегі басты тұлға Әмірқан бейнесін концептуалдық кестеге талдайды.

Әр топқа тапсырма қағаздары таратылады: І топ – мінезі; ІІ топ – қарым-қатынасы; ІІІ иоп – кәсібі.

ақкөңіл
бірбеткей
сенгіш
Кестеге орналастыру.

Әр топтан бір оқушы орындады.

 

 


ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Талдау барысында әншінің жан-жақты қыры ашылды.Әншінің бұл қырлары алғашқы әңгімеде анықталса,біз үшін белгісіз бір қыры – сезімталдығы мен сыршылдығы.

Әмірқанның осы қырын ашатын жүрек түкпіріндегі мөлтек сыры іспеттес хикаясы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы,негізгі өзегі екендігіне тоқтала отырып,жаңа сабаққа көшемін.

IV. Жаңа сабаққа көшу.

Ақтамақ хикаясы.

Мұғалімнің сөзі.Оқушылар! Біз өткен сабақта «Әнші» әңгімесі арқылы қазақтың атақты әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері жайында білдік.Талантты жазушы Жүсіпбек Аймауытов әнші Әмірқан бейнесі арқылы қазақ ән өнерін,ұлттық мәдениетімізді қалың оқырманға паш етті.Бүгінгі жаңа сабақта біздер әнші бейнесін тереңірек ашуға бар ынта-жігерімізбен жұмыс істейміз.

  1. Топпен жұмыс

Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады.Әрбір мәтінді /50-52-беттер/ абзацтарға бөліп,оны оқиды,мазмұндайды,тақырып қояды.

Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады.Әрбір мәтінді /50-52-беттер/ абзацтарға бөліп,оны оқиды,мазмұндайды,тақырып қояды.

І топ

1. Әңгімедегі ой бөлігі /4-5 абзац 50-бет/.

2. Ой бөлігіңді оқы. 3. Түсінгеніңді мазмұнда. 4. Тақырып қой. «Ақтамақ ару»

ІІ топ

  1. Әңгімедегі ой бөлігі /2-3-4 абзац 50-51-бет/.
  2. Ой бөлігіңді оқы. 3. Түсінгеніңді мазмұнда. 4. Тақырып қой. «Қос ғашық»

ІІІ топ

  1. Әңгімедегі ой бөлігі /5-7 абзац 51-бет/.
  2. Ой бөлігіңді оқы. 3. Түсінгеніңді мазмұнда. 4.Тақырып қой. «Жолы болған әнші»

2. Мәтінмен жұмыс

Бұл кезеңде хикаяның тілдік ерекшелігі талданады.Әр топ хикаяның толық мәтінімен жұмыс жүргізеді.

  1. Теориялық ұғымдарды еске түсіріп аламыз /Жалқы есім,диалог т.б./.
  2. Талдау жұмысын жүргіземіз.

І топ: жалқы есімдерді түр-түріне ажырату. ІІ топ: диалогтарды тауып,рөлдік оқу. ІІІ. Топ: Ақтамақ бейнесіне ассосиация құру.

3. Әр топ өз жұмысын тақтаға ілінген плакаттарға орындайды. Үлгісі:

І топ

Жер,су аттары Адам есімдері Тау аттары
Ормамбет Жетішатыр Ақтамақ, Әмірқан, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Мәди, Дәулетжан Орда Тижатпас

ІІ топ

Мәтіндегі 4 диалогты тауып,рөлге бөлініп оқиды.

1.Ақтамақ пен әнші 2.Автор мен әнші 3. Ұрылар мен әнші 4. Әнші мен автор

ІІІ топ

 

 


3.Ұжымдық жұмыс.

Хикаяттағы мағынасы түсініксіздеу сөздерді тауып, түсіндірме күнделігіне орындайды.Бұл тапсырма «Сөз төркінін тану» мақсатында жүргізіледі.

Түсіндірме күнделігі

Мәтіндегі ой Оқушы түсінігі
жөпшеңді орамал тастады жанторсық таң асып тұрған анына қош айтысу қоржынбасы анау-мынау,жай ұлттық ойын қымыз құятын ыдыс бабына келген өмірмен қоштасу екі басты қоржын

 

V. Үй тапсырмасы: «Егер мен жазушы болсам» «хикаяны өз ойымен аяқтап жазып келуі)

VI.Тақырыпты бекіту кезеңі.

1.Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан.Ол әнді сүйіп өсті,өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес.Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы – жазушы шығармашылығының өзегі. «Әнші» әңгімесі жазушы ұлылығының айғағы десек те болады.

2. Әміре Қашаубаев - ән асқары,қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті.Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты.Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.

VII. Түйін жасау.

1. «Әміре жайлы лебіздер» жинақ кітапшасымен жұмыс. Р.Роллан,А.В.Затаевич,А.В.Лунчарский,А.Барбюс,Ғ.Мүсірепов сөздерімен таныстырдым.

2. Жинақтау плакатын толтыру.

Тақтаға қазақтың кең даласы мен сұлу табиғаты бейнеленген плакат ілінеді.Плакатқа 5 жұлдызды орналастырамын әр жұлдызда Әміре бейнесін айқындайтын «Дала бұлбұлы», «Ғажайып әнші», «Ұлт мақтанышы», «Дара тұлға», «Алтын мұра» секілді эпитет сөздер жазылған.Осы сөздер арқылы әңгіме түйінін ашып,сабақты аяқтаймын.

 

 

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Көксерек – табиғаттың тағы перзенті

Сабақтың мақсаты: 1)шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету; 2)оқушыларды адалдыққа,табиғатқа қамқор болуға,әр қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу; 3) балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету,іздендіру арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:сот сабақ

Сабақтың әдісі.Сұхбаттасу (қаралаушы,куә,күнәқар),айтыс,дәлелдеу.

Пәнаралық байланыс:жануартану.

Көрнекілігі:Мұхтар портреті,бүктеме,нақыл сөздер,сот киімін,қасқыр «киімін» киген оқушылар.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.Сабақ барысын,мақсатын түсіндіру.Сот,адвокат,прокурор,куәгер сөздерінің мағынасына тоқталу,ашу.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Ұлы жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өміріне шолу жасайық.

Топтастыру әдісімен.

Мұхтар Әуезов кім?

Мұхтар Әуезов туралы суреттермен жұмыс.

Мұхтар Әуезов туралы естеліктер.

Ребус шешу.

Сұрақ-жауап

  1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
  2. «Көкерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
  3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.

«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.

1.Көксерек Қараадыр аулында.

2.Көксерек түз тағысы.

3. Жекпе-жек.

Негізгі бөлім

«Көксерек»оқиғасы неліктен бұлай өтті,осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ.

Сот төрағасысот үдерісін ашық деп жариялайды.

Прокурорсөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.

АқтаушыларКөксеректің ауыл иттерінен,ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,оларды соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп,адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады.Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл – табиғаттың заңы.Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар.Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де,бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті.Себебі ол – қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті.Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.

Қаралаушыөз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып,Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп,оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.

Ақтаушылар.Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді.Себебі ол – тағы.Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады.Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көк шолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап,жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.

«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ-қорқ асайды», «қылқ-қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «дүр-дүр еткізіп келді» - бұл оның арланға тән қимылдары.

Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес», «татулық жоқ,суық», «көксерек оңашада,елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді.Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес,қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән,мінезіне тән әрекет жасады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімессін аяқтадық.жазушының «Көксерегі» - оның ең таңдаулы шығармалардың бірі.

Үйге тапсырма:«Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық» тақырыбына эссе жазып келу.

Бағалау.Қорытынды.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Cабақтың тақырыбы: «Ақын өлімі туралы аңыз»

Сабақтың мақсаты: білімділік –ақынның өзіндік мұратын таныту, «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу; тәрбиелік –автор поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,табандылыққа тәрбиелеу; дамытушылық -оқушының сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын және ой-өрісін кеңейту.

 

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі:аралас.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:Қасым Аманжолов шығармалар жинағы (3-том), интерактивті тақта,теледидар,бүктемелер.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру:амандасу,сынып тазалығын тексеру,оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау.«Өзім туралы» өлеңін жатқа сұрау.Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы,өлең құрылысына талдау.

Жаңа тақырыпты игеру.Тақырыпты меңгертпес,түсіндірмес бұрын оның «Туған жер» әні (клипімен) тыңдалады.

 

Ақын өлімі туралы аңыз

Тақырыбы: ерлік пен батырлық.

Идеясы: Абдолла ерліктерін суреттеу арқылы келешек ұрпақты отансүйгіштікке,ерлікке баулып жігерлендіру.

Алғашқы аты : «Абдолла» (1943ж.)

Кейіпкері : Абдолла Жұмағалиев.

Жанры : поэма.

Жау қоршауында жалғыз қалып арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі.Ол соңғы гранатын немістерге лақтырады да,ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады.

В.Григорьев.

Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін өлең негізінде екі түрлі үлгіде жазылған: жалпы жауынгерлерге тән сипатты біріктірген жиынтық бейне және нақты аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналады.Бұл жауынгердің ерлік тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туады.Поэма Абдолла өмірінің соңғы кезеңдерін суреттеуге құрылған.

Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.

Шығарманың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы,қаһарлы кекке,жан ашуына айналуы.

Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.

Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.

 

 

⇐ Предыдущая12







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.