Здавалка
Главная | Обратная связь

Сауапты істер жасау жайында.



Аллаһ Тағала айтты:

«Олар тозақта: «Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік», - деп шыңғырады. «Сендерге үгіт алғысы (ойланғысы) келген кісі (үшін), үгіт алатын (ойланатын) өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар, залымдар үшін ешбір көмекші жоқ» «Фатыр» сүресі, 37 аят.

Ибн Аббас және басқа да тәпсірлешілер бұл аят жайлы былай деген: «Бұл дегеніміз: Біз саған алпысқа дейін өмір сүретін уақыт бермеп пе едік?» Бұл түсіндірменің дұрыстығын төменде келтірілген, Аллаһ жазса соңынан біз келтіретін (және сіз оқитын) хадис дәлел. Бұл жайында: «Бұл қырық жас» не болмаса: «он сегіз жас», - деп те ойлағандар болған. Бұлай деп аль-Хасан, аль-Кальби және Масрук айтқан, делінеді. Және де бұлай ибн Аббас та айтқан делінеді. Егер Мединалық тұрғындардың бірі қырық жасқа жетсе, ол өзін құлшылық ісіне толығымен арнаған, деген хабарлар да бар. Және де: «Бұл жас кәмлет жасы», - деген ойлар да бар.

Аллаһ Тағаланың: «Әрі сендерге ескертуші де келген еді»,- сөзі жайлы Ибн Аббас және басқа да ғалымдар: «Бұл – Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын», – деген. Ал Икрима, Иьн Уйаййна және басқалары: «Бұл – ақ шаш», – деген. Ал Аллаһ бұл туралы жақсы біледі.

 

112. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ адамға, алпыс жасқа жеткенінше кешірімін созып отырады. Аль-Бухари.

Ғалымдар бұл жайлы: «Аллаһ оның, осыншама уақытқа шегергендіктен, оның ақталуына мүмкіншілік бермейді», - деген. Арабтар: «Ақталу белгілі бір уақытқа дейін қабыл», - дейді.

 

113. Хабар бойынша,Ибн Аббас, екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Омар мені Бадр шайқасына қатысқан ақсақалдармен бірге өзіне[26] шақыратын. Соңында бұл солардың біреуінің ашуын туғызса керек, ол: «Бұл бала неге саған бізбен бірге кіреді, ол біздің балдарымыздан да жас қой?!», - деді. Жауап ретінде Омар: «Сендер оның жайын[27] (тегін) білесіңдер ғой!», - деді. Бірде ол мені сол қарттармен бірге тағы да өзіне шақырды. Бұл жолы ол мұны әдейі істеді деп ойлаймын. Өйткені Омар: «Сендер Аллаһтың былай деп айтқанына не дейсіңдер: «Аллаһтың жәрдемі және жеңіс келген кезде; Адамдардың, Аллаһтың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Аллаһ, тәубені өте қабыл етуші[28]», - деді. Сонда отырғандардың бірі: «Бізге жәрдем беріліп жеңіске жеткен кезде Аллаһқа мақтау айтыңдар, деп әмір берілген еді», - деді, ал қалғандары еш нәрсе айтпай үндемеді. Сонда ол маған қарап: «Сен де осынын айтасың ба, иә Ибн Аббас?», – деді. Мен: «Жоқ», – дедім. Ол: «Онда сен не айтасың?» – деп сұрады. Мен: «Бұл жерде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірінің өлшемі, яғни соңының таяп қалғандығы жайлы Аллаһ хабарлап жатыр. Аллаһтың: «Аллаһтың көмегі мен жеңіс келген кезде», - дегені, Ол сенің өміріңнің соңы таяп қалды (осы уақыт саған белгі): «…енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Аллаһ тәубені өте қабыл етуші», - дейді.», - дедім. Менің айтқандарымды тыңдап болып, Омар: «Мен де бұл сүре жайлы, сенің айтқаныңнан басқа еш нәрсе білмеймін», - деді. Аль-Бухари.

114. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың көмегі мен жеңісі келген кезде…», – деген сүре түсісімен, ол бірде-бір намазында былай деп айтпай сәжде жасамайтын: «Раббымыз, Сен пәксің, Саған мақтау, иә Аллаһ кешір мені.» /Субханака, Раббана, уа бихамдика, Аллаһумма-ғфирли!/[29] Аль-Бухари, Муслим.

«Сахихтердің» екеуінде де келтірілген нұсқалардың бірінде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын; былай деп айтқаны хабарланады:

Өзінің рукуғы мен сәждесінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Раббымыз, Сен пәксің, Саған мақтау, иә Аллаһ кешір мені», - деп Құранда көрсетілген әмір бойынша, көп қайталайтын.

Құранда көрсетілген әмір бойынша делінгені, онда Құрандағы Аллаһ тағаланың былай деп айтқан әмірі жатады:«…Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле…»

Бұл хадистің Муслим ұсынған хабарында, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Өлер алдында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен ризашылығы болсын, былай деп жиі айтатын: «Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау, иә Аллаһ, Сенен кешірім сұраймын және Сенің алдыңда тәубе келтіремін!» /Субхана-ка Аллаһумма, уа бихамдика, астағфирука уа атубу илайка./

Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, сенен естіп жүрген бұл неғылған жаңа сөздер?», – деп сұрадым. Ол: «Маған бір белгі нақтыланған еді, соны көріп, мен осыны айтатын болдым. Нақтыланған белгісі Аллаһтың: «Аллаһтың көмегі мен жеңісі келген кезде…», - дегені және осы сүренің аяғына дейінгі айтқандары еді.

Муслимнің келтірген бұл хадисінің таға бір нұсқасында, Айшаның былай деп айтқаны келтіріледі:

Бір кездерден бастап, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздерді жиі айтатын болды: «Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау, Аллаһтан кешірім сұраймын және оның алдында тәубе келтіремін» /Субхана-Ллаһи уа бихамдиһи, асағфируллаха, уа атубу илай-һи/

Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, сен: «Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау, Аллаһтан кешірім сұраймын және Оның алдында тәубе келтіремін», - деп жиі айтатыныңды естіп жүрмін?, - дедім. Ол былай деп жауап берді: «Менің Раббым, менің үмметіме байланысты бір белгі көресің, сол белгіні көрісімен: «Аллаһ, Сен пәксің, Саған мақтау, Аллаһтан кешірім сұраймын және оның алдында тәубе келтіремін», - деп айтуым жайлы аян берді, ал мен болсам сол белгіні көрдім. «Аллаһтың көмегі мен жеңісі келген кезде…», - деген сөздер - бұл Меккені жаулап алғанымыз – Адамдардың, Аллаһтың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Аллаһ, тәубені өте қабыл етуші».

 

115. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Расында, Ұлық Аллаһ Тағала, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлерінің алдынан сәл бұрын, аяндарын бірінің артынан бірін түсіріп жатты. Ол аяндардың басқа уақыттарға қарағанда, ең жиі түсіп жатқан уақытында көз жұмды. Аль-Бухари, Муслим.

116. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың әр бір құлы қандай күйде өлсе, сол күйде тірілттіріледі. Муслим.

13 ТАРАУ

Игілікке апаратын жолдың көптігі жалы.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Аллаһ оны біледі…» «Бақара» сүресі, 215 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Не хайыр істесеңдар Аллаһ оны біледі…» «Бақара» сүресі, 197 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әлдекім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін…» «Жасия» сүресі, 15 аят.

Бұл жайында белгілі аяттар көп, ал Хадистер жайлы айтатын болсақ көп-ақ және оның бәрін айтып тауыса алмаймыз. Төменде біз солардың бір бөлігін ұсынып отырмыз:

117. Хабар бойынша,Абу Зарр Жундуб бин Жунада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, амалдардың ішіндегі ең жоғары бағаланатыны қайсысы?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһқа иман келтіру және Аллаһ жолындағы соғыс», – деп жауап берді. Мен: «Ал құлдардың ішіндегі жақсысы қайсы?[30]», – деп сұрадым. Ол: «Қожайындарының ең жоғары бағалаған құлы және қайсысы оларға қымбатқа түскен болса, солар», - деп жауап берді. Мен: «Ал егер мен бұларды істей алмасам[31]?», - деп сұрадым. Ол: «Онда (айтылған) қай бір іспен шұғылданғандарға көмектес, не болмаса істей алмағандардың орнына өзің істе». Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, егер мен айтылғандардың бірін істей аламасам?», - деп сұрадым. Ол: «Онда адамдарға жауыздық жасауды тоқтат, осы сен үшін өзіңе берген садақа болып табылады». Аль-бухари, Муслим.

 

118. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн шыққан әр күні әр қайсысың денелеріңде неше буын болса сонша садақа беруге тиістісіңдер. Әр бір айтылған: «Субхана-Ллаһ», садақа болып табылады және: «Әлхамду ли-Ллаһ», садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Лә иләһә ила-Ллаһ» садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Аллаһу акбар», садақа болып табылады, және жақсылыққа шақыру садақа болып табылады, жамандықтан тыйу садақа болып табылады, бірақ осының бәрін таңертіңгілік оқыған екі бас нәфіл намаз /ад-духа/[32] ауыстыра алады. Муслим.

119. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Менің үмметімнің бүкіл жақсы амалдары маған көрсетілген болатын, мен солардың ішіндегі жақсы амалдардан, жолдың бойынан бүкіл, адамдарға кедергі келтіретін затты алып тастағандарына дейінгісін көрдім, ал жаман амалдардан мешіттің ішінде түкіріп оны көмбегендеріне дейінгісін де көрдім[33]. Муслим.

 

120. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, дүниесі мол байларға бүкіл сауаб бұйырады, олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза ұстайды, бірақ (олардың бізден артықшылығы) дүниелерінен садақа береді!» - деді. Бұған жауап ретінде ол былай деді: «Сендерге де Аллаһ неден садақа берудің жолын көрсетті емес пе? Расында әр бір айтылған «Субхана-Ллаһ» садақа және әр бір айтылған «Аллаһу акбар» садақа және әр бір айтылған «Әлхамду ли-Ллаһ» садақа және әр бір айтылған: «Лә иләһә ила-Ллаһ» садақа және жақсылыққа шақыру садақа, жамандықтан тыйу садақа және керек десеңдер әр қайсысыңның әйелдеріңмен қосылғандарың садақа!» Олар: «Иә Аллаһтың елшісі, егер бізден біреу өзінің құмарын қандырса, сол үшін де сауап табады ма?», - деп сұрады. Ол: «Маған айтыңдаршы, егер біреу құмарын (шариғат) рұқсат етпеген жолмен қандырса (яғни ойнас жасаса), ол күнә табады епес пе? Сол сияқты барлық рұқсат етілген жолмен құмарын қандырса, оған сауап бар!», - деп жауап берді. Муслим.

121. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ешуақытта шариғаттың рұқсат еткенін елемеуші болма, керек десең, ол бауырыңды күлімдеп қарсы алу тұрғысында болса да. Муслим.

122. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн шыққан әр күні әр қайсысың денелеріңде неше буын болса сонша садақа беруге тиістісіңдер: егер сен екеудің таласын әділ шешіп берсең садақа берген боласың, егер адамды көлігіне мінгізіссең, оған оны мінгізіп апарсаң, не болмаса көлікке оның затын көтеріп салсаң, садақа берген боласың, жақсы сөз - садақа және намазға бара жатқан әр бір қадамың үшін, садақа берген боласың және де жолда жатқан адамдарға кедергі жасайтын затты алып тастағаның, садақа бергенің болып табылады. Аль-Бухари, Муслим.

Бұдан бөлек Муслим, Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізуімен бұл хадистің басқа бір нұсқасын келтіреді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Әр бір, Адам атадан тараған адам, үш жүз алпыс буынды мүшеден құралған. Кімде-кім күн ішінде: «Аллаһу акбар», «Әлхамду ли-Ллаһ», «Лә иләһә ила-Ллаһ» және «Субхана-Ллаһ» - десе, не болмаса Аллаһтан кешірім сұраса, не болмаса адамдар жүретін жолдан, тас, тікен, сүйекті алып тастаса, не болмаса адамдарды жамандықтан тыйып жақсылыққа шақырса, оның осындай жақсы амалдары үш жүз алпысқа жетсе, онда ол осы күнге Отты өзінен алыстатады».

123. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мешітке барғанға, не болмаса мешіттен қайтқанға Аллаһ, ол адам үшін, сонысын (яғни мешітке барып келуін) қайталаған сайын, Жәннәтта оған тәтті сыйлық дайындайды.

124. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Мұсылман әйелдер, ешбір көрші, қойдың тұяғы тұрғысында болса да, көршісіне жақсылық жасауды арсынбасын (не болмаса ұмытпасын) (Яғни оған қойдың тұяғын берсе де). Аль-Бухари, Муслим.

125. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иманның жетпістен /не алпыстан/ астам тармағы бар. Оның ішіндегі ең жақсысы: «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ» /Лә иләһә илал-Ллаһ/, - деу, ал ең кішісі жолдың бойынан адамдарға кедергі жасайтынды алып тастау және ұялшақтық – иманның бір тармағы болып саналады. Аль-Бухари, Муслим.

 

126. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Бірде өзінің жолымен келе жатқан адам қатты шөлдей бастайды. Ол бір құдық тауып, онда түсіп шөлін қандырып шыққанда, шөлдегеннен лай топырақты жеп жатқан бір итті көреді. Осыны көрген ол өзіне-өзі: «Бұл ит мен шөлдегендей қатты шөлдеп жатыр», - дейді де, қайтадан құдыққа түсіп аяқ киіміне су толтырып, оны тісімен тістеп сыртқа көтерілгенше тісінен түсірмейді. Сосын сыртқа шығысымен иттің шөлін қандырып су береді. Осы амалы үшін Аллаһ, ол адамның бүкіл күнәләрін кешіріп алғысын білдіреді». Сонда адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, бізге хайуандар үшін де сауап беріледі ме?», - деп сұрады. Ол: «Сауап барлық тірі жан үшін беріледі», - деді.Аль-Бухари, Муслим.

Аль-Бухари келтірген хадистің нұсқасында былай делінеді:

…осы амалы үшін Аллаһ ол адамға алғысы ретінде, бүкіл күнәләрін кешіріп Жәннәтқа кіргізді.

Аль-Бухаридің және Муслимнің келтірген хадистің тағы бір нұсқасында былай делінеді:

Шөлден құдықты айналып өлермен болған итті көрген израйль халқының зинақор әйелі, өзінің аяқ киімін шешіп суға толтырып, онымен иттің шөлін қандырғаны үшін, бүкіл күнәләрі кешірілді.

 

127. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Жәннәтта, осы дүниеде мұсылмандардың жүруіне кедергі жасағандығы үшін, кесіп тастаған ағашының көлеңкесінде рахаттанып жатқан адамды көрдім. Муслим.

Осы хадистің Муслим келтірген нұсқасында былай делінеді:

Бір адам жолда жатқан бұтақтың жанынан өтіп бара жатып өз-өзіне: «Аллаһтың атымен ант етемін, бұның мұсылмандарға кедергі жасамауы үшін жолдан алып тастаймын», – деді (де, оны жолдан алып тастады), сол үшін ол Жәннәтқа кіргізілді.

Аль-Бухаридің және Муслимнің келтірген хадистің тағы бір нұсқасында былай делінеді:

Жол бойымен келе жатқан бір адам, жол үстінде тікен басқан бір бұтақты көрді де, оны жолдан алып тастады, осынынсы үшін, Аллаһ алғыс ретінде оның бүкіл күнәләрін кешірді.

 

128. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім дұрыстап дәрет алып, жұма намазына келіп (имамның айтқан құтпасын) үндемей отырып тыңдайтын болса, оның екі жұма арасындағы және сонан кейінгі үш күндік кішігірім күнәләрі кешіріледі. Ал кімде-кім осы уақытта (мешіттегі) тастарды теріп, ермек қылса, онда ол уақытын бос өткізгені. Муслим.

 

129. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың иманды құлы, дәрет алып бетін жуған кезде, оның бетінен судың соңғы тамшысымен көзімен көрген күнәләрі түседі, ал қолын жуған кезде, сумен бірге, оның қолымен ұстаған күнәләрі түседі, ал аяғын жуған кезде, сумен бірге оның аяғымен барған күнәләрі түседі, осылай барлық күнәләрінен арылғанша жалғасады. Муслим.

 

130. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күнделікті орындалған бес уақыт намаз, әр бір жұма намазына қатысу, Рамадан сайын ұсталған ораза, осы аралықта, үлкен күнәдан басқа жасалған кіші күнәләрдің бәрінің кешірілуіне себеп болады. Муслим.

 

131. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардан: «Сендерге Аллаһ не арқылы кішігірім күнәләрді кешіріп, дәрежелерді көтеретінін[34] айтайын ба?», – деп сұрады. Олар: «Әрине, иә Аллаһтың елшісі!», – деді. Сонда ол: «Бұл – кейбір ыңғайсыздықтарға[35] қарамай дәретті толық алу, Мешітке қарай жасалған көптеген қадамдар және намаздан кейін келесі намазды күту және бұл сендер үшін – рибат (яғни нәпсіңе қарсы жихад)»,-деді. Муслим.

132. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Салқын уақытта екі рет намаз оқыған Жәннәтқа кірді[36]. Аль-Бухари, Муслим.

 

133. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың құлы ауырса не болмаса сапарда болса, оған әдетінше үйінде болып сау кезінде орындайтын бүкіл амалдары жазылады (яғни ол орындай алмаса да).Аль-Бухари, Муслим.

 

134. Хабар бойынша,Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шариғаттың бүкіл рұқсат етілген (ұнатқан) амалдарына сауап бар. Аль-Бухари және Муслим.Абу Хузейфаның жеткізуімен келтіреді.

 

135. Хабар бойынша,Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылман бір ағаш отырғызса, одан желінгеннің бәрі оған міндетті түрде садақа есебінде жазылады, егер одан бір нәрсе ұрланса ол да міндетті түрде оған садақа есебінде жазылады және де ол ағашқа бір зақым келтірілген болса ол да оған міндетті түрде садақа есебінде жазылады. Муслим.

Бұл хадистің басқа хабарында былай делінеді:

Егер мұсылман бір ағаш отырғызса, содан кейін оның өнімінен адам, жануар, не құс жейтін болса, бұл оған Ахіретке дейін садақа ретінде жазылады.

Бұл хадистің үшінші хабарында былай делінеді:

Егер мұсылман, ағаш отырғызса, не болмаса егін ексе, содан кейін одан өскенін адам, жануар, не болмаса тағы басқа біреу жесе, оның бәрі оған садақа есебінде жазылады.

 

136. Хабар бойынша,Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Кезінде абу салима руынан адамдар мешітке жақын жерге көшпекші болады. Бұл хабар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен кезде ол: «Маған седердің мешіттің жанына көшпекші болып жатқандарың жайлы хабар келді», - деді. Олар: «Иә Аллаһтың елшісі, біз солай істемекшіміз», - деді. Сонда ол: «Иә бану салама, үйлеріңде қала беріңдер, өйткені сендердің басқан іздерің жазылып жатыр, иә бану салама, үйлеріңде қала беріңдер, өйткені сендердің басқан іздерің жазылып жатыр!», - деді. Муслим.

Бұл хадистің басқа хабарында былай делінеді:

… расында, әр бір қадам үшін – дәреже!

 

137. Хабар бойынша,Абу-ль-Мунзир Уьайй бин Қаъб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мединада бір адам тұратын, мен ол адамнан мешіттен алыс тұратын адамды білмейтінмін. Бірақ ол соған қарамай ол мешітте жамағатпен оқылатын бірде-бір намазды жібермейтін. Бірде мен оған: «Сен өзіңе түнде жүруің үшн және ыстық жермен жұрмеуің үшін бір есек алсаң еді!», - дедім. Сонда ол маған жауап ретінде: «Менің үйім мешіттің жанында болса, мен оған қуанбас едім. Расында, менің үйден мешітке және мешіттен үйге жүргенімнің жазылуын қалаймын!», - деді. Сол кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ саған (сауабыңды) толығымен жинап қойды!», - деді. Муслим.

Бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Ақиқат, саған сенің үміттенгенің беріледі.

 

138. Хабар бойынша,Абу Мухаммад Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қырық түрлі жақсы амал бар, солардың ішіндегі ең жақсысы мұқтаж адамға сауынды ешкіні қарызға бере тұру. Аллаһтың сауабынан үміт етіп және оны істегенге берілетін уәденің толық орындалатынына бекем сенген мұсылманды, Аллаһ әлбетте Жәннәтқа кіргізеді. Аль-Бухари.

 

139. Хабар бойынша,Ади бин Хатим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құрманың жартысымен болса да, өздеріңді Оттан қорғаңдар. Аль-Бухари, Муслим.

«Сахихтердің» екеуінде де келтірілген бұл хадистің басқа бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сендердің араларыңда өзінің Раббысымен түсіндірушісіз[37] сөйлесетін ешкім болмайды. Сонда ол оң жағына қарағанда өзінің жасаған амалынан басқа еш нәрсе көрмейді, сол жағына қарағанда өзінің жасаған амалынан басқа еш нәрсе көрмейді, ал алдына қараған кезде көз алдында тозақтың жалынынан басқа еш нәрсе көрмейді, сондықта өздеріңді құрманың жартысымен болса да құтқарыңдар, ал егер оны да таппаса, онда – жақсы ақыл айту арқылы.

 

140. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, әр бір жеген тамағына және әр бір ішкен суына Аллаһқа мақтау айтқан құлы үшін, Аллаһ Өзінің ризалығын білдіреді. Муслим.

 

141. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Әр-бір мұсылман садақа беруі керек», - деді. Сонда бір адам: «Маған айтшы, егер адам садақа беруге еш нәрсе таппаса ше?», - деді. Ол: «Онда ол өзінің қолымен еңбек етіп ,өзіне-өзі пайда келтірсін де, садақа берсін», - деді. Ол адам: «Егер адам оны жасай алмаса ше?», - деп сұрады. Ол: «Онда ол қйындыққа тап болғанға көмектессін», - деді. Ол адам: «Ал егер ол бұны да істей алмаса ше?», - деп сұрады. Ол: «Онда жақсылыққа шақырсын», - деді. Ол адам: «Маған мынаны айтшы, егер ол оны да істей алмас ше?», - деп сұрады. Ол: «Онда ол жамандықты істеуден өзін тисын, бұл да садақа болып табылады», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

14 ТАРАУ

Құлшылықтағы біріңғайлық (орташалық) жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Та-ха. Саған Құранды машақат үшін түсірмедік.» «Та-ха» сүресі, 1-2 аяттар

Аллаһ Тағала айтты:

«…Аллаһ сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды…» «Бақара» сүресі,185 аят.

 

142. Хабар бойынша,Абу-ль-Мунзир Уьайй бин Қаъб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, онда бір әйел болған кезде кіріп:

«Бұл кім?», - деп сұрады. Ол (Айша): «Бұл пәленше», - деп оның өзін-өзі шаршатып, жалығып намаз оқитындығы жайлы айтты. Ол: «Бұны тоқтат! Сендер тек қана өздеріңнің әлдерің жететінін ғана орындауларың керек! Аллаһтың атымен ант етемін, сендер өздерің қажымасаңдар Аллаһ қажымайды, ал Аллаһтың, діни амалдардың ішінен бәрінен де жақсы көретіні, ол амал жасаушының (кішкене болса да) әрдайым жасайтын амалы»,-деді. Аль-Бухари, Муслим.

«Аллаһ қажымайды», дегені ол: Аллаһ сендерге сауап жазуды қажып тоқтатпайды және сендер өздерің қажыған секілді, сендер қажып істеріңді тоқтатқанша, Ол сауаб жазуын қажып тоқтатпайды. Сондықтан сендерге Аллаһ Өзінің мейірімін көрсетуі үшін, өздерің әрдайым орындап жүре алатын амалдарға ұмтылыңдар.

 

143. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерінің үйінің жанына, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қалай құлшылық ететіндігі жайлы сұрап үш адам келді. Оларға оның қалай құлшылық ететіндігі жайлы айтқанда, олар оны аз санап былай деді: “Алдыңғы және өткен күнәләрі кешірілген Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, ілесу бізге қайда”. Содан олардың бірі: “Мен болсам түнімен тынымсыз намаз оқимын”, - деді. Екіншісі: “Ал мен болсам үздіксіз ораза ұстаймын”, - десе, ал үшіншісі болса: “Ал мен болсам әйелдерден алшақтап ешқашан үйленбеймін”, – деді. Біраз уақыт өтісімен оларға Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді де: “Осылай да осылай деген сендер ме? Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендерден гөрі Аллаһтан көбірек қорқамын, бырақ мен кейбір күндері ораза ұстаймын да, ал басқа күндері ораза ұстамаймын, мен түнде намаз да оқимын және ұйықтаймын да, және де әйелдермен некелесемін, ал кім менің сүннетіммен жүргісі келмесе, оның маған қатысы жоқ!”, – деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

144. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, оған бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, онымен бір әйел болған кезде кіріп

Шамадан тыс қатаңдық көрсеткендер опат болады – деп үш рет қайталады. Муслим.

Шамадан тыс қатаңдық дегеніміз – ол бір нәрсені шамадан тыс зерттеу және бір іске орынсыз қаталдықпен қарау.

 

145. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, бұл дін оңай, бірақ кімде-кім онымен жарысатын болса, онда дін оны сөссіз жеңеді, сондықтан дұрысын ұстаныңдар да (дінге неғұрлым) жақындаңдар, қуаныңдар да Аллаһтан таңертең, түсте, кешке және түннің бір бөлігінде көмек сұраңдар. Аль-Бухари.

Бұл хадистің бақа бір нұсқасында былай делінеді:

… сондықтан дұрысын ұстаныңдар да (дінге неғұрлым) жақындаңдар, қуаныңдар да Аллаһтан таңертең, түсте, кешке және түннің бір бөлігінде көмек сұраңдар, сонда көздеген мақсаттарыңа жетесіңдер.[38]

 

146. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешітке кіріп, онда екі тіректің арасында жіп ілулі тұрғанын көріп: “Бұл неғылған жіп?”, - деп сұрады. Адамадар оған: “Ол намаз кезінде шаршағанда ұстап тұруы үшін ілген Зайнабтың жібі”, - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Шешіңдер оны, сендерден кім намаз оқығысы келсе, ол тың кезінде оқысын, ал егер шаршаса ұйықтасын (демалсын)”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

147. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кез келгенің намаз уақытында қалғи бастасаңдар, онда ұйқыларың қанғанша ұйықтап алыңдар, өйткені егер бірің қалғып отырып намаз оқысаңдар, онда Аллаһтан кешірім сұраудың орнынан өзіне қарғыс айтып жатқанын сезбей де қалуы мүмкін. Аль-Бухари, Муслим.

 

148. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намазының және құтбасының өте ұзын да емес, әрі өте қысқа да емес намаздарына жиі қатыстым. Муслим.

 

149. Хабар бойынша,Абу Жухайфа Уахб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Салман мен Абу Дарда бір бірімен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, арқасында ағайындас болды[39]. Бірде Абу Сальман Абу Дардаға келген кезде, ол Умм ад-Дарданы (яғни Абу Дарданың әйелін) тозған киіммен жүргенін көріп одан: «Саған не болған?», - деп сұрады. Ол (әйел) болса: «Сенің бауырың Абу Дарда бұл дүниенің сәнін керек қылмайды», - деп жауап берді. Сол уақыт аралығында Абу Дарда Салманға тамақ дайындап ұсынады. Салман болса оның өзіне: «Же», - дейді. Абу Дарда: «Расында, менің аузым берік», - дейді. Салман болса: «Сен жемейінше, мен де жемеймін», - дейді. Сосын ол жеді, ал түн түсісімен, Абу Дарда намазға тұрды. Салман оған: «Ұйықта», - деді, сосын ол жатып ұйықтады. Біраз уақыт өтісімен ол тағы да намазға тұрды, бұл жолы да Салман: «Ұйықта», - деді, ал түннің соңында: «Енді тұр», - деп екеуі бірге намаз оқыды. Содан соң Салман оған: «Расында, сенің Раббыңның, сенде хақы бар және сенің жаныңның да сенде хақы бар, және сенің жанұяңның да сенде хақы бар, сондықтан әр кімнің өзіне тиесілі хақысын беріп отыр!», - деді. Артынан Абу Дарда Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайдың бәрін айтып берді, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Салман саған шындықты айтты”, - деді. Аль-Бухари.

 

150. Хабар бойынша,Абу Мухаммад Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің: “Аллаһтың атымен ант етемін, мен міндетті түрде, өмірімнің соңғы күніне дейін тоқтаусыз күндіз ораза ұстап, түнді намаз оқып өткіземін!”, – деп айтып жүргенімді жеткізеді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менен: “Осылай айтып жүрген сенсің бе?”, - деп сұрады. Мен: “Расында, оны айтып жүрген менмін, иә Аллаһтың елшісі, менің ата-анам сенің төлемің болсын”, – дедім. Ол: “Расында, сен оған төзе алмайсың, сондықтан ораза ұста да оразаны ұстамайтын кездерің болсын, түнде намаз оқы да, ұйықта. Айына үш күннен ораза ұста, расында әр-бір игі амал үшін он есе сауап жазылады, сондықтан оның (яғни айына үш күн ораза ұстау) үздіксіз оразаның дәрежесіне көтереді”, - деді. Мен болсам: “Мен одан да жақсысына қабілеттімін!” -, дедім. Ол: “Онда үш күнде бір ораза ұста”, - деді. Мен болсам: “Мен одан да жақсысына қабілеттімін!”, - дедім. Ол: “Онда күнәрә ораза ұста, бұндай оразаны Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын, ұстаған және бұл – ең әділетті ораза”, - деді.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді:

«… және бұл – ең жақсы ораза», - деген кезінде, мен тағы да: “Мен одан да жақсысына қабілеттімін!”, - дедім. Сонда ол: “Бұдан жақсысы жоқ!”, - деді.

Абдуллаһ бин Амр сөзін былай жалғастырды:

Егер де мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үш күніне келіссем ғой, расында, қазір ол мен үшін менің жанұямнан да, дүниемнен де артық болар еді!

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Абдуллаһ бин Амр дің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Иә Абдуллаһ, маған сенің күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитындығыңды жеткізді», – деді. Мен: «Солай, иә Аллаһтың елшісі», – дедім. Ол: «Олай істеме, ораза ұста, бірақ ұстамайтын күндерің де болсын, түнде намаз оқы және ұйықта да, өйткені сенің денеңнің сенде хақы бар және сенің көзіңнің сенде хақы бар және әйеліңнің сенде хақы бар және қонағыңның сенде хақы бар. Расында, сен үшін ай сайын үш күн ораза ұстау жеткілікті болады, әр бір жақсылық үшін он есе сауап жазылады, сондықтан бұл үзбей ораза ұстағанмен тең болады. Бірақ мен, дегенімде тұрамын деп, артынан жазамды алдым. Мен: «Аллаһтың елшісі, мен өзімде күш сезінемін!», - дедім. Ол: «Онда Аллаһтың пайғамбары Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын, секілді ораза ұста, бірақ одан асырма!», - деді. Мен: «Ал Аллаһтың пайғамбары Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын, қалай ораза ұстаған?», - деп сұрадым. Ол: «Күнәрә», - деп жауап берді.

Ал Абдуллаһ қартайған шағында: «Шіркін мен сонда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шешімін қабылдасам еді!», - деп жиі айтатын.

Бұл хадистің үшінші бір нұсқасында Абдуллаһ бин Амр дің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Маған, сені күнде аузын бекітеді және түн ішінде Құранды толығымен оқып шығады, деп жеткізді, сол рас па?», – деді. Мен: «Рас, иә Аллаһтың елшісі, мен бұл ісіммен тек қана игілікке ұмтыламын», - дедім. Ол: «Оразаны адамдардың ішіндегі Аллаһқа ең көп құлшылық еткен, Аллаһтың пайғамбары Дауд, оған Аллаһтың сәлемі болсын, секілді ұста да, Құранды бір айдың ішінде оқитын бол», - деді. Мен болсам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен одан да жақсысына қабылеттімін!”, - дедім. Ол: “Онда оны жиырма күннің ішінде бір реттен оқып отыр”, - деді. Мен болсам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен одан да жақсысына қабілеттімін!”, - дедім. Ол: “Онда оны он күннің ішінде бір реттен оқып отыр”, - деді. Мен болсам: “Иә Аллаһтың елшісі, мен одан да жақсысына қабілеттімін!”, - дедім. Ол: “Онда оны жеті күннің ішінде бір реттен оқып отыр, бірақ одан басқа жиілетпе”, - деді. Бірақ мен тағы да айтқанымда тұрып қайталай бердім де, артынан сол үшін жазамды алдым, өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Сен білмейсің ғой, бәлкім сен әлі көп өмір сүресің![40]», - деді. Түбінде дәл Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқандай болып шықты, қартайған уақытта оның рұқсат бергеніне көнбегеніме өкіндім!

Бұл хадистің төртінші бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

…расында балаларыңның сенде хақы бар…

Бұл хадистің бесінші бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Үздіксіз ораза ұстаған, еш ораза ұстамаған болып саналады.

Бұл хадистің алтыншы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Аллаһ Тағаланың сүйікті оразасы Дауыдтың оразасы, ал Аллаһ Тағаланың сүйікті намазы Дауыдтың намазы. Дауд түннің жартысын ұйықтап, үштен бірінде намаз оқитын, сосын алтыдан бірінші бөлігінде ұйықтайтын, ал оразаны күнәрә ұстайтын және жауымен кездессе қашпайтын.

Бұл хадистің жетінші нұсқасында Абдуллаһ бин Амрдің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Кезінде мені әкем бір қадірлі әйелге үйлендірді, сосын ол өзінің келініне келіп, оның күйеуі (яғни мен) туралы сұрайтын болды, ал ол (әйелім мен туралы): «Ол – тамаша адам, бірақ менімен әлі төсекке жатқан жоқ, керек десеңіз маған қарамайды да!», - деді. Осы әңгімені көп уақыттан бері естіп жүрген әкем, бір күні бәрін Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтып береді, ал ол оған: «Оған айт, менімен кездессін», – дейді. Арада шамалы уақыт өтісімен мен онымен кездескен кезде, ол менен: «Сен қалай ораза ұстайсың?», – деп сұрады. Мен: «Әр күні», – дедім. Ол менен: «Ал Құранды қанша уақытта оқып шығасың?», - деп сұрады. Мен: «Бір түн ішінде», – дедім.

Бұдан кейін бұл нұсқада да, алдынғы нұсқадағыдай айтылады. Соңынан оның Құранның әдетінше түнде оқитын бөлігінің жетіден бірін күндіз отбасы мүшелеріне оқитындығы, ал оразаны шаршаған уақытта күш жинап алу үшін аузын ашып ұстамаған күндерін санап артынан ұстамаған күндері үшін ораза ұстап, өзінің Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, онымен қоштасқаннан кейін айтқан сөздерінен басын тартпау үшін амал жасағандығы хабарланады. Бұл нұсқалардың барлығы сенімді саналады және олардың көпшілігі «Сахихтердің» екеуінде де кездеседі де, кейбіреуі ғана біреуінде келтіріледі.

 

151. Хабар бойынша,Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жазғыштарының бір болған Абу Рибъи Ханзаля бин Рабиъ аль-Усайди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде мен Абу Бакрді, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездестіргенімде ол менен: «Иә Ханзаля, жағдайың қалай?», – деп сұрады. Мен оған: «Ханзаля екі жүзді (мунафиқ) болды», - деп жауап бердім. Бұны естіген ол: «Субхана-Ллаһ! Сен не деп тұрсың?!», - деді. Мен: «Біз Жәннәт пе Тозақ туралы айтып жатқан Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында болған кезде, оның айтып жатқан екеуін көргендей боламыз, ал одан кетісімен балаларымызбен, әйелдерімізбен және дүние тіршілігімен шұғылданып көбін ұмытамыз!», – дедім. Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Аллаһтың атымен ант етемін, біздің де сезінетініміз сол!», – деді. Содан соң біз Абу Бакр екеуіміз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп мен: «Иә Аллаһтың елшісі, Ханзаля екі жүзді болды!», - дедім. Ол: «Оның қалай білінеді?», – деп сұрады. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, біз Жәннәт пен Тозақ жайлы айтып жатқан сенің жаныңда болған кезде, сен айтып жатқан екеуін де көргендей боламыз, ал сенен кетісімен балаларымызбен, әйелдерімізбен және дүние тіршілігімен шұғылданып көбін ұмытамыз!», - дедім. Менің айтқандарымды тыңдап шығып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, егер сендердің күйлерің әрқашан менің жанымда болған кездеріңдегідей болып, Аллаһты әрдайым есте ұстаған болсаңдар, онда сендер қайда болсаңдар да, төсекте де, жол үстінде де періштелер қолдарыңды қысар еді, бірақ әр нәрсенің өзінің уақыты бар[41], иә Ханзаля!», - деп, соңғы сөздерін үш қайырды.Муслим.

 

152. Хабар бойынша,Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уағыз айтып жатқан кезінде, тұрып тұрған адамды көріп, ол туралы сұрады. Адамдар: «Бұл – күні бойы отырмай, көлеңкеге жасырынбай, сөйлемей және ораза ұстап күнде тұруға серт берген Абу Исрайль», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оның отыруына, сөйлеуіне және көлеңкеде болуына әмір бер, ал оразасын соңына жеткізсін» – деді. Аль-Бухари.

 

 

15 ТАРАУ

Ізгілікті амалдарды әрдайым орындау және

бұндай істерде бостық көрсетпеу жайлы

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар. «Хадид» сүресі, 16 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сосын олардың артынан жалғасты түрде елшілерімізді жібере отырып, Мариям ұлы Исаны жібердік; оған ілескендердің жүректеріне жұмсақтық мейірімділік салдық. Дүниеден безушілікті олар өздері шығарды. Оны оларға жазбадық. Бірақ олар Аллаһтың ризалығын іздеу үшін (шығарды). Сонда олар оны да шын мәнінде меңгере алмады…» «Хадид» сүресі, 27 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан әйел сияқты болмаңдар...» «Нахыл» сүресі, 92 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңа саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл.» «Хыжыр» сүресі, 99 аят.

Бұл тақырыпқа қатысты хадистер туралы айтатын болсақ, онда алдыңғы тарауда келтірілген Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын келтіруге болады:

«…ал Аллаһ діни амалдардың ішінде, оны орындаушының оны әрдайым орындайтынын жақсы көреді.»

 

153. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім әдетінше түнде оқитынының бәрін, не бір бөлігін оқй алмай ұйықтап кетсе, бірақ онысын (алдағы күннің) таң намазы мен бесін намазының арасында оқып шықса, онда оның бұл амалы түнде жасаған ретінде жазылады. Муслим.

 

154. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі маған: «Иә Абдуллаһ, алғашында түнде намаз оқып, соңынан онысын қойғандар секілді болма» – деді.

 

155. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауырып, не болмаса басқа да себептермен түнгі намазын жіберіп алған болса, онда ол күндіз он екі ракаттан тұратын қосымша намаз оқитын. Муслим.

 

 

16 ТАРАУ

Сүннәтті әрдайым ұстану

және оның әдебі жайлы

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Ол (яғни Пайғамбар) өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» «Нәжім» сүресі, 3-4 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Оларға: «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәләріңді жарылқайды. Өйткені Аллаһ аса жарылқаушы, ерекше мейірімді», - де» «Аль-Имран» сүресі, 31 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында, сендер үшін, Аллаһты, Ахірет күнін үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін, Аллаһтың елшісінде көркем өнегелер бар.» «Ахзап» сүресі, 21 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін, мүмин бола алмайды.»«Ниса» сүресі, 65 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар…».»«Ниса» сүресі, 59 аят.

Ғалымдар бұның мағынасын: «Бұны: Құранға және Сүннетке сүйеніңдер, деген сөз», - дейді.

Аллаһ Тағала айтты:

«Кім Пайғамбарға бағынса, расында Аллаһқа бағынған болады…»«Ниса» сүресі, 80 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Расында сен тура жолға бастайсың.» «Зухруф» сүресі, 52 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сонды оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын.» «Нұр» сүресі, 63 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Үйлерінде оқылған Аллаһтың аяттары







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.