Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 1 страница



377. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Ахірет күні Аллаһ Тағала: «Бірін-бірі Менің ұлылығым үшін жақсы көргендер қайда? Бүгін Менің көлеңкемнен басқа ешкімнің көлеңкесі болмаған Күні, Мен оларды Өзімнің көлеңкеме аламын!», - дейді. Муслим.

 

378. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, сендер иман келтірмейінше Жәннәтқа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше иман келтірмейсіңдер, сондықтан сендерге бір-біріңе деген сүйіспеншілікке қандай амал алып келетінін айтайын ба? Араларыңда сәлем таратыңдар![177] Муслим.

 

379. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде бір адам басқа ауылда тұратын бауырымен[178] көрісу үшін жолға шығады, ал Аллаһ Тағала оған жолда кездесетін бір періштені жібереді. Ол адаммен жолда кездескенде: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрайды. Ол: «Мен ана ауылда тұратын бауырыммен жолығуға бара жатырмын», - деп жауап береді. Періште: «Сен оған бір жақсылық жасаған шығарсың, ал енді сол жақсылығыңнан бір пайда тапқың келіп бара жатқан шығарсың?», - дейді. Ол адам: «Жоқ, расында, мен оны Аллаһ Тағала үшін жақсы көремін», - деп жауап береді. Сонда періште: «Мен болсам, шындығында: «Сен ол адамды Аллаһ үшін қалай жақсы көрсең, Аллаһ та сені солай жақсы көреді!», - деп айту үшін саған Аллһтан жіберілдім.», - дейді. Мувлим.

380. Хабар бойынша,аль-Бари бин Азиб оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тек қана иманды оларды жақсы көреді және тек қана иманды оларды жек көреді. Аллаһ оларды жақсы көргендерді жақсы көреді де, оларды жек көргендерді Аллаһ жек көреді. Аль-Бухари, Муслим.

 

381. Хабар бойынша,Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала айтты: «Мен үшін бір-бірін жақсы көргендер үшін нұрдан жасалған мінберлер бар, және оларға пайғамбарлар мен дін үшін мерт болғандар (шаһидтер) қызығады!» Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

382. Хабар бойынша,Абу Идрис аль-Хаулян, оларға Алллаһтың мейірімі болсын, ол былай деді:

Бірде Дамаскідегі мешітке кіргенімде, адамдардың ортасында отырған, тістері жарқыраған ақ тісті жас жігітті көрдім. Оған адамдар сұрақтар қойып, оның айтқанын дұрыс санап, өздерінің істерінде соның жауабына сүйеніп амал қылатын. Мен ол туралы сұрай бастадым да, маған: «Ол Муъаз бин Жабал[179], оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын», – деді. Ертеңіне мен мешітке ертерек келсем, ол онда менен де ерте келіп намаз оқып жатыр екен. Мен оның намазын оқып болуын күттім де, ол намаз оқып болысымен, алдына келіп сәлем беріп: «Аллаһтың атымен ант етемін, расында, мен сені Аллаһ үшін жақсы көремін!», - дедім. Ол: «Аллаһ үшін екеніне ант бересің бе?», - деді. Мен: «Аллаһ үшін екеніне, ант беремін!», - дедім. Ол тағы да: «Аллаһ үшін екеніне ант бересің бе?», - деді. Мен тағы да: «Ант беремін!», - дедім. Сонда ол мені шапанымның шетінен тартып: «Қуана бер, өйткені, расында, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ Тағала айтты: «Мен үшін бір-бірін жақсы көріп, Мен үшін бір-бірімен кездесіп, Мен үшін бір-бірімен жолығатындарды Мен де міндетті түрде жақсы көремін (сүйемін)!», - дегенін естідім», - деді. Сенімді иснадтарымен «Сенімді хадисті» Малик «Аль-Муаттада» келтіреді.

 

383. Хабар бойынша,Абу Карим аль-Макдим бин Маъдикари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам өзінің бауырын жақсы көрсе, онда оған жақсы көретіндігін хабарласын. Бұл хадисті «Жақсы әрі сенімді», хадис деп, Абу Дауд пен ат-Тирмизи жеткіздеді.

384. Хабар бойынша,Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның қолынан ұстап былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Муъаз, Аллаһтың атымен ант етемін, расында, мен сені жақсы көремін, иә Муаз мен саған әр намаздан кейін мынаны айтуды міндеттеймін: «Иә Аллаһ, маған Өзіңді есімде ұстауға, саған шүкіршілік етуіге және дұрыстап құлшылық етуге көмектес». /Аллаһумма аъини ъала зикрика, уа шукрика, уа хусни ъибадатика/ [180]Жақсы хадис сенімді иснадпен Абу Дауд пен ан-Насаи келтіреді.

 

385. Хабар бойынша,Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отырған көпшіліктің арасында бір адам, олардың жанынан өткен бір кісі жайлы: "Иә Аллаһтың елшісі, мен мына адамды, Аллаһ үшін жақсы көремін", - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен ол жайлы оған хабарладың ба?», - деп сұрады. Ол: «Жоқ», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онда оған оны айт!», - деді. Ол адам оны қуып жетті де: «Расында, мен Аллаһ үшін сені жақсы көремін!», - деді, ал ол: «Аллаһ сені, Өзі үшін мені жақсы көргеніңе, сені де жақсы көрсін!», - деді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Аллаһ Тағаланың құлын жақсы көргенінің белгілері жайлы және сондай белгілері бар мінезді тәрбиелеу және соған құлшыну жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«“Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәләріңді жарылқайды. Өйткені, Аллаһ аса жарылқаушы, ерекше мейірімді“, - деп айт.» “Аль-Имран” сүресі, 31 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Сендерден кім діннен шықса, Аллаһ жедел бір қауым әкеледі; Аллаһ оларды жақсы көреді және олар да Аллаһты жақсы көреді. Мүминдерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Аллаһ жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Аллаһтың қалағанына беретін ілтипаты. Өйткені Аллаһ Кең, Білуші». «Мәида» сүресі, 54 аят.

 

386. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала айтты: “Маған жақын болғанмен жауласқанға Мен соғыс жариалаймын! Құлымның Маған жақындамақшы болып істеген істерінің ішіндегілерінен Мен үшін ең сүйкімдісі, Менің орындауға парыз етіп жүктеген амалдарымды орындағаны және де Менің құлым, Менің парыз еткен амалдарымнан да артық (нәфіл) амалдар жасап Маған, Мен оны Өзім сүйгенімше жақындай түседі (береді). Ал Мен оны сүйген кезімде, Мен оның көретін көзі, еститін құлағы, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын және егер де ол Менен бір нәрсе сұрайтын болса, онда Мен оған (сұрағанын) әлбетте беремін, ал егер Менен қорғау сұраса, онда Мен оны әлбетте қорғаймын!” аль-Бухари.

387. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер Аллаһ Өзінің бір құлын жақсы көрсе. Жебірейілге: «Расында, Аллаһ пәленшені жақсы көреді, сен де оны жақсы көр!», - дейді. Содан кейін оны Жебірейіл жақсы көре бастайды да, аспан тұрғындарына[181]: «Расында, Аллаһ пәленшені жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер!», - дейді. Осыдан кейін оны аспан тұрғындары жақсы көре бастайды да, оған жерде де құрмет көрсете бастайды! Аль-Бухари, Муслим.

Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Егер Аллаһ Өзінің бір құлын жақсы көрсе, Жебірейілге: «Расында, Аллаһ пәленшені жақсы көреді, сен де оны жақсы көр!», - дейді. Содан кейін оны Жебірейіл жақсы көре бастайды да, аспан тұрғындарына: «Расында, Аллаһ пәленшені жақсы көреді, сендер да оны жақсы көріңдер!», - дейді. Осыдан кейін оны аспан тұрғындары жақсы көре бастайды да, оған жерде де құрмет көрсете бастайды! Егер Аллаһ Өзінің бір құлын жек көрсе. Жебірейілге: «Расында, Аллаһ пәленшені жек көреді, сен де оны жек көр!», - дейді. Содан кейін оны Жебірейіл жек көре бастайды да, аспан тұрғындарына: «Расында, Аллаһ пәленшені жек көреді, сендер де оны жек көріңдер!», - дейді. Осыдан кейін оны аспан тұрғындары жек көре бастайды да, оны жердегілер де жек көре бастайды!

 

388. Хабар бойынша,Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адамды басшы етіп, жорыққа жасақ жібереді. Ол адам жорық кезінде оларға намазда имам болып, намазын әрдайым: «Айт: «Ол Аллаһ Біреу…»[182], - деген сөздермен аяқтайтын. Олар жорықтан оралған кезде, болған жайды Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты. Ол: «Одан оны неге істегенін сұраңдаршы?», - дейді. Оған сол сұрақты қойған кезде: «Онда (ол сүреде) Қамқоршының (Аллаһтың) сипаттары еске алынады, сондықтан мен оны оқығанды жақсы көремін», - деді. Оның айтқанын естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оған, Аллаһ Тағала да оны жақсы көреді, деп айта барыңдар!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Тақуаларға, әлсіздерге және кедейлерге жәбір көрсетудің қатерлігі жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай мүмин ер, мумин әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.» «Ахзап» сүресі, 58 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Ендеше жетімді қорлама, сұраушыны зекіме.» «Дұха» сүресі, 9-10 аяттар.

 

Егер бұл тарауға байланысты хадистер жайлы айтатын болсақ олар көп-ақ.

Олардың қатарына алдыңғы тарауда айтылып кеткен Абу Хурайраның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген Аллаһ Тағала айтты: «Маған жақын болғанмен жауласқанға Мен соғыс жариалаймын!»[183], - деген хадис жатады.

Олардың қатарына «Жетімдерге жақсы қарым-қатынас көрсету», жайлы тарауында, Саъд бин Абу Уаққастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген хадисі[184] және Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, егер сен оларды ашуландырсаң, онда Раббыңды ашуландырдың!», - деп айтылған хадисі[185] жатады.

 

389. Хабар бойынша,Жундуб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң намазын орындаушы[186] Аллаһтың қорғанында болады және Аллаһ Өзінің қорғаны үшін сендерден еш нәрсе талап етпейді, өйткені, расында, кімнен Ол қорғаны үшін бір нәрсе талап ететін болса, Ол жетеді де (сұлатады да), сосын етбетінен Тозақтың жалынына лақтырылды! Муслим.

 

 

ТАРАУ

Адамдарды тек қана сыртқы көріністерімен ғана тұжырымдап, ал ішкі жан-дүнисінің жайын Аллаһ Тағалаға тапсыру жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар...» «Тәубә» сүресі, 5 аят.

 

390. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған бұл адамдармен[187], олар Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деп куәлік бермейінше және намаз оқып зекет төлемейінше, соғысуға әмір етілді. Ал егер олар бұны орындаса, онда менен өздерінің өмірі мен дүниесін қорғайды және бұдан былай олары тек қана Исламның хақымен ғана адамдарға тиесілі бола алады да, ал содан соң олардан есеп сұрауға тек қана Аллаһ хақылы болады.[188]Аль-Бухари, Муслим.

 

391. Хабар бойынша,Абу Абдаллаһ Тариқ бин Ашйам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Аллаһтан басқа құдай жоқ», - деп айтқан және Аллаһтан басқаға құлшылық еткенге сенбегеннің дүниесі мен жанына қол салуға тыйым салынады, ал олардан есебті тек қана Аллаһ алады. Муслим.

 

392. Хабар бойынша,Абу Маъбад аль-Макдад бин аль-Асуад, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған айтшы, егер де мен бір имансызбен кездесіп, екеуіміз шайқасып ол менің қолымды қылышпен шауып түсірсе, ал одан кейін менен құтылмақшы болып, ағашқа шығып: «Мен Аллаһқа бығындым![189]», - десе, осыдан кейін, иә Аллаһтың елшісі, менің оны өлтіруге хақым бар ма?», - деп сұрадым. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Саған оны өлтіруге болмайды», - деді. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, ол менің қолымды шапты ғой және ол сөздерді соны істегеннен (шапқаннан) кейін айтты ғой!», - дедім. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Саған оны өлтіруге болмайды, өйткені егерде сен оны өлтірсең, онда ол, сен оны өлтіргенге дейін қандай күйде болсаң, ол сондай күйде болады, ал сен болсаң, ол сол сөздерді айтқанға дейін қандай күйде болса, сен де сондай күйге түсесің!», - деп айтты. Аль-Бухари, Муслим.

«Сен оны өлтіргенге дейін қандай болсаң, ол сондай күйде болады», - дегені, оның өміріне қол салуға болмайды, өйткені оның ісі ислам қабылдаған адамның ісі ретінде қаралуы керек; «Ал сен болсаң, ол сол сөздерді айтқанға дейін қандай күйде болса, сен де сол күйге түсесің», - дегені, оның мұрагерлері сені адам өлімі тиісінше (қысас) өлтіре алады. Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөзі, сен сол сияқты имансыз болдың, дегенді әрине білдірмейді, ал Аллаһ бұны жақсырақ біледі.

 

393. Хабар бойынша,Усама бин Зайд, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді жухайн тайпасының аль-хурака руына жорыққа аттандырды да, біз оларға таң ертең бұлақтың жанында шаптық. Олардың бірін мен бір ансармен бірге қуа бастадым, ал біз оған жақындаған кезде ол: «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», - деп айқайлап қалды. Бұны естіген жанымдағы ансар оны қуғанын тоқтата қойды, ал мен болсам оны найзаның соққысына жығып өлтірдім. Біз Мединаға қайта оралғанымызда, бұл оқиға жайлы Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, белгілі болды да ол: «Иә Усама, шынымен-ақ сен оны ол: «Лә иләһә илә-Ллаһу», - дегеннен кейін өлтірдің бе?!», - деп сұрады. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, ол сөздерді ол құтылу үшін ғана айтты ғой!», - деп едім, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да: «Шынымен-ақ сен оны ол: «Лә иләһә иля-Ллаһу», - дегеннен кейін өлтірдің бе?![190]», - деп айтуын қайталап айта бергені соншама[191], мен Исламды бұдан ерте қабылдағаныма өкіндім![192] Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Усаманың, былай деп айтқаны келтіріледі:

Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол: «Лә илаһа илля-Ллаһу», - деп айтқаннан кейін, сен оны өлтірдің бе не?», - деп сұрады. Мен: «Иә Аллаһтың елшісі, ол бұл сөздерді біздің қаруымыздан қорыққанынан кейін айтты ғой!», - дедім. Бұл сөзіме ол: «Сен онда неге, ол жүрегімен айтып тұр ма әлде жоқ па екндігін білу үшін, оның жүрегін кесіп қарамадың?![193]», - деп, қайталай бергені соншама, менде, осы күні ғана Исламды қабылдасам еді, деген құштарлық туды.

 

394. Хабар бойынша,Жундуб бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көпқұдайшылдарға қарсы жорық аттандырды. Олар біраз уақыт өтісімен бір-бірімен кездесті. Көпқұдайшылдардың арасында біреу болды, ол мұсылмандардың біреуін таңдап алып оны аңдып жүріп өлтіретін, ал мұсылмандардың бірі жайлы айтатын болсақ (оның Усама бин Зайд екенін айтқанбыз), ол оның бір қателік жасауын күтіп жүрді. Сонымен оның бір қателік жасағанын көріп, оған қылышын көтеріп қалғанда, ол көпқұдайшыл: «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», - деп айқайлап жіберді, бірақта Усама оны бәрібір өлтірді. Ал одан кейін Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүйіншілеп шабарман келді де, оның бүкіл қойған сұрақтарына жауап беріп соның ішінде, ол адамның істеген ісін баяндады. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны өзіне шақырып: «Сен оны неге өлтірдің?», - деп сұрады. Усама: «Иә Аллаһтың елшісі, ол мұсылмандарға жәбірлік жасады, пәленше мен пәленшені өлтірді!», - деп бірталай адамның есімін атады да: «Мен, расында оған бас салдым, ал ол қылышты көрген кезде: «Лә иләһә иллә-Ллаһу!», - деп айқайлап қалды», - деп жауап берді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: «Сосын сен оны өлтірдің бе?!», - деп сұрады. Ол. «Иә», - деп жауап берді. Сонда ол: «Сен Ахірет күні: «Лә илаһа илля-Ллаһу», - деген сөздермен не істейсің?», - деп сұрады[194]. Муслим.

 

395. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Утба бин Масъуд, ол былай деді:

Мен Омар бин аль-Хаттабтың былай деп айтқанын естідім: «Расында, Аллаһтың елшісінің уақытында, адамдардан түсіп отырған аяндар нұсқауымен сұралатын, ал енді аяндардың түсуі тоқтатылды[195]. Енді біз сендерден, сендердің жасаған істеріңнен көргенімізге сәйкес сұраймыз, ал сендерден кім жақсы амалдарымен көрінсе, біз олардың жан дүниесінде не жасырын тұрғанына қарамай оларға сеніп, оларды өзімізге жақындатамыз, өйткені олардың жан дүниесі жайлы есебті, тек қана Аллаһ талап ете алады! Ал өздерін жаман жағынан көрсететіндерге, олар өздерін еш жамандық ойламаймыз, деп сендіргеніне қарамастан, оларға сенім артпаймыз да сенбейміз!» Аль-Бухари.

 

 

ТАРАУ

Қорқыныш жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…Әрі Менен ғана қорқыңдар.»«Бақара» сүресі, 40 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты.»«Буруж» сүресі, 12 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббың қолға алғанда, кенттердің залым халқын өстіп алады; күдіксіз Оның соққысы қатты күйзелтеді. Күдіксіз осыдан Ахірет азабынан қорыққан кісілерге әрине дәлел бар. Қиямет, адамдардың жиналатын күні. Сондай-ақ ол әзір болатын бір күн. Ол Қиямет күнін санаулы мерзімге ғана кешіктіреміз. Ол күн келсе Аллаһтың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді. Олардың сорлысы да бақыттысы да бар. Ал енді сорлылар тозақта ыңыранып шыңғырады.» «Һұд» сүресі, 102-106 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ сендерді Өзі қорқытады»[196] «Аль-Имран» сүресі, 28 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сол күні кісі туысынан қашады; Шешесінен, әкесінен, Әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі ауыр. (Әркім өз халімен әлек.)» «Ғәбәсә» сүресі, 34-37 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе. Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Аллаһтың азабы қатты.»«Хаж» сүресі, 1-2 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңның хұзырынан шығуға қорыққанға екі пейіш[197] бар» «рахман» сүресі, 46 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады: «Расында, біз бұрын жанұямызда да қорқушы едік», - деседі. «Сондықтан Аллаһ бізге игілік етті де заһарлы азаптан құтқарды.» «Расында, біз бұрын. Аллаһқа жалбарынушы едік. Өйткені Ол игілік істеуші, ерекше меірімді», - (десед!).» «Тұр» сүресі, 25-28 аяттар.

Ал хадистер жайлы айтатын болсақ, онда олар өте көп, біз болсақ солардың бір бөлігін ғана келтіреміз, ал көмек көрсетуші Аллаһ қана.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.