Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 2 страница



396. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Шынышыл әрі сенімге лайықты Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге былай деді:

Расында, сендердің әрқайсысың әуелі өзінің анасының құрсағында қырық күн ішінде тамшы болып қалыптасады, одан кейін соншама аралықта ұйыған қан ретінде және соншама – кесек ет ретінде, ал содан оған кейін жан үрлеу үшін Аллаһ періштені жіберіп оған төрт нәрсені жазуға әмір береді:

1) оның үлесін,

2) оның мерзімін[198],

3) оның амалдарын,

4) және ол бақытты бола ма, әлде бақытсыз бола ма.

Сонымен Өзінен басқа құдай болмағанның атымен ант етемін, сендерден кез-келгенің Жәннәтқа бір білек қалғанға дейін, Жәннәт тұрғындарының амалын жасай аласыңдар, сонда оның пешенесінде жазылғаны Тозақ болса, ол Тозақ тұрғындарының амалдарын орындай бастайды да, Тозаққа кіреді.[199] Расында, дәл солай сендерден кез-келгенің Тозаққа бір білек қалғанға дейін, Тозақ тұрғындарының амалын жасай аласыңдар, сонда оның пешенесінде жазылғаны Жәннәт болса, ол Жәннәт тұрғындарының амалдарын орындай бастайды да, Жәннәтқа кіреді. [200] Аль-Бухари, Муслим.

 

397. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ол күні[201] үстіне жетпіс мың тізгін тартылған және әр тізгінінен жетпіс мың періште сүйреген, отты алып келеді. Муслим.

398. Хабар бойынша,ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Ахіретте Тозақ тұрғындарының ішінде ең жеңіл жазаға тартылатынның табанына қызуынан миы қайнайтын екі шоқ бастырылады, Сонда ол жазасының ең жеңіл болғанына қарамай, өзінен басқа ешкім олай қатты қиналып жатқан жоқ, деп ойлайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

399. Хабар бойынша,Самур бинЖундуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Олардың арасында отқа балтырына дейін оранғанғандар болады, және олардың арасында отқа тізесне дейін оранғанғандар болады, және олардың арасында отқа беліне дейін оранғанғандар болады, және олардың арасында отқа бұғанасына дейін оранғанғандар болады! Муслим.

400. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдар бүкіл әлемнің Раббысының алдында тұрады, сонда олардың кейбірі өздерінің терлерінің суы құлағының ортасына жетіп тұрады[202]. Аль-Бухари, Муслим.

401. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұрын мен естімеген хұтпа айтты, сөздерінің арасында былай деді: «Егер сендер мен білетінді білсеңдер еді, аз күліп, көп жылар едіңдер!», - сонда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары қолдарымен беттерін жауып ауыздарын ашпастан жылай бастады. Аль-Бухари, Мслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында, Анастың, былай деп айтқаны келтіріледі:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің схабалары жайлы бір нәрсе естіп[203], оларға хұтпа айтып былай деді: “Маған Жәннәт пен Тозақ көрсетілді, мен ешқашан, сол күнденгідей одан жақсы және одан жаман нәрсені көрмедім! Егер сендер мен білетінді білсеңдер еді, аз күліп, көп жылар едіңдер!». Сонда сол күн, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары үшін өте ауыр болды, олар бастарын бүркеп алып ауыздарын ашпай жылаумен болды.

 

402. Хабар бойынша,аль Микдад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте адамдарға күн жақындатылады да, ол адамдардан бір миль[204] ара қашықтықтығында болады.

Бұл хадисті аль Микдатың айтуымен жеткізген Сулайм бин Амр былай деді:

Сонымен, Аллаһтың атымен ант етемін, білмеймін оның миль дегені – ұзындық өлшемі ме, әлде көзге сүрме жағатын таяқты айтты ма, білмеймін[205].

Ары қарай Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөзіне былай жалғастырлы:

Ал адамдар болса, әр қайсысы өздерінің амалдарына байланысты терлерінің суына батып тұрады, сонда олардың кебіпеулері қызыл асығына дейін, кейбіреулері – тізесіне дейін, үшіншісі – беліне дейін, ал кейбіреулері батып кетеді (не терілері оларды өзіне бағындырып алады)[206], - деді де Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолымен аузын көрсетті. Муслим.

 

403. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахірет күні адамдардан тер аққаны сонша, олардың терлері жерге, жетпіс білекке дейін сіңеді, ал кейбіреулерінің терлері оларды батырғаны соншама, оның суы құлағына дейін көтеріледі. Аль-Бухари, Муслим.

 

404. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге отырған кезде ол бір заттың құлаған гүрсілін естіді де, бізден: «Сендер бұның не екенін білесіңдер ме?», - деп сұрады. Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі бұл туралы жақсырақ біледі?», - дедік. Сонда ол: «Бұл – жетпіс жыл бұрын тозақтың жалынына тасталған тас. Қазір ол тас оттың түбіне жетті де, сендер оның гүрсілін естідіңдер», - деді. Муслим.

 

405. Хабар бойынша,Ади бин Хатим., оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендердің араларыңда оның Раббысы сөйлеспейтін және (сол уақытта) араларында түсіндіруші болмайтын адам табылмайды. Сосын адам оң жағына қарайды да, өзінің амалынан басқа еш нәрсе көрмейді, сосын сол жағына қарайды да, өзінің амалынан басқа еш нәрсе көрмейді, сосын алдына караған кезде, бет алдында тозақ отынан басқа еш нәрсе көрмейді, сондықтан өзіңді Оттан құрманың жартысымен болса да қорға![207] Аль-бухари, Муслим.

 

406. Хабар бойынша,Абу Зар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, мен сендер көрмегенді көремін: аспан сықырлады да, оның олай істеуіне хақы болды, өйткені әр бір төрт исбаға[208] Аллаһқа сәжде жасап жатқан бір періштеден келеді! Аллаһтың атымен ант етемін, егер сендер мен білгенді білген болсаңдар, онда аз күліп көп жылар едіңдер, әйелдеріңмен төсектіріңде рахаттанып жатпас едіңдер де, көшеге шығып Аллаһқа дауыстап, құтылу үшін дұға жасар едіңдер! Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

Бұл жерде:«Сықырлады», - деген сөз ол араб тілінде ер тоқымның сықырынан шыққан сықырды білдеретін дыбысты айтып тұр. Яғни, аспан сәжде жасап жатқан періштелердің көптігінің ауырлығынан сықырлап жатыр.

 

407. Хабар бойынша,Абу Барз Надл бин Убайд аль-Аслам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте құл, өмірі жайлы: оны қалай өткізгені? білімі жайлы: оны қалай қолданғаны? ақшасы жайлы: оны қалай тапқаны және қайда жаратқаны? денесі жайлы: оны қалай қолданғаны? - туралы сұралынбайынша орнынан қозғалмайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

408. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына аятты: «Ол күні жер уақиғасын түсіндіреді», - оқыды да: «Сендер оның уақиғасының қандай болатынын білесіңдер ме?»[209], - деп сұрады. Біз: «Аллаһ және Оның елшісі бәрінен де жақсы біледі», - дедік. Сонда ол: «Оның оқиғасының мәні – Аллаһтың әр бір құлына қарсы оның үстінде не істегені жайлы куәлік беруде болады, ол: «Сен сол күні мынаны және мынаны істедің», - деумен болады. Оның уақиғасы осындай болады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді[210].

 

409. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Сүр ұстаушы[211], (қазір) оны аузына тақап үрлеуге әмір күтіп тыңдап тұр, осы уақытта мен өміріммен қалайша рахаттанамын?» Бұл айтылған сөздер Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауыр тиген болса керек, сонда ол: «Бізге Аллаһ жетіп асады, Ол нендей жақсы Ие (Қамқоршы)!»[212], - деп айтыңдар. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

Аллаһ Тағала айтты: «Сүр үріліп…»[213]

 

410. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қорыққан адам, жолға түннің басында шығуға асығады, ал осыны істеуге асыққан, көздеген жеріне жетеді. Расында Аллаһтың бұйымы қамбат тұрады, ал Аллаһтың бұйымы - ол Жәннәт.[214] ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы хадис», деп келтіреді.

411. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінің: «Ахіретте адамдар жалаңаш киімсіз, жалаң аяқ, сүндеттелмеген күйде жиналады.», - дегенін естідім де: «Иә Аллаһтың елшісі ерлер мен әйелдер бірге жиналып бір-бірін көреді ме?», - деп сұрадым. Ол: «Иә Айша, оларға ол (күн) өте ауыр болып ол жайлы ойлауға (шамалары болмайды)!», - деді.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былй дегені келтіріледі:

Олардың бірі-біріне қарайтын мұрша болмайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Үміт жайлы

Аллаһ Тағала айтты:

«(Оларға): «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Аллаһтың рахметінен күдер үзбеңдер. Аллаһ біртұтас күнәләрді жарылқайды. Өйткені Ол Жарылқаушы, Мейірімді», - де.» «Зүмәр» сүресі, 53 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Қарсы келгендерді ғана жазаландырамыз»«Сәбә» сүресі, 17 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Бізді жасынға шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді.»«Таһа» сүресі, 48 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Менің рахымым әр нәрсені (яғни бәрін) сидырады…»«Ағраф» сүресі, 156 аят.

412. Хабар бойынша,Убад бин ас-Самит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім серігі болмаған Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мухаммад - Оның құлы әрі елшісі, Иса – Аллаһтың құлы әрі елшісі және Оның Марйамға сөйлеген сөзі әрі Оның жаратқан рухы[215], Жәннәт – рас, Тозақ – рас, деп куәлік беретін болса, онда оны Аллаһ оның амалының қандай екендігіне қармай Жәннәтқа кіргізеді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былй дегені келтіріледі:

Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мухаммад – Аллаһтың елшісі, дегенді Аллаһ Отқа тигізбеіді[216].

 

413. Хабар бойынша,Абу Зар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала Айтты: Кімде-кім бір жақсы амал жасаса оны он сауап күтіп тұр, не болмаса Мен оған және қосамын, ал жамандықты жасағанды соншама жамандық күтіп тұрады, не болмаса Мен оны кешіремін. Кім Маған бір алақанға жақындаса, Мен оған бір білекке жақындаймын, ал кім Маған бір білекке жақындаса Мен оған бір құлашқа жақындаймын. Кім маған қарай жүрсе, Мен оған қарай жүгіре жөнелемін, ал кімде-кім Маған, күнә жасап келсе, ал күнәсінің көлемі бүкіл жерді жауып, бірақ та Менен басқа ешкімге табынбай келген болса, Мен оның бүкіл күнәсін жабатын кешіріммен қарсы аламын. Муслим.

Бұл хадистің мәні: кім Маған бой ұсынып «жақындайтын болса» Мен оған рақымшылық көрсетіп «жақындаймын», ал егер ол бұдан да көп жасаса, Мен ол үшін одан да көп жасаймын; Маған бой ұсынып «Маған қарай жүргенге», «Мен жүгіре жөнелемін», яғни оған Өзімнің рақымымды төгемін және оны алдын-ала беріп одан озамын және оны мақсатына қарай ұзақ жүргізбеймін, ал Аллаһ бұл жайында жақсырақ біледі.

414. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір бәдәуи келді де: «Иә Аллаһтың елшісі, маған соңы әлбетте орындалатын екі себеп не?», - деді. Ол: «Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпей өткен Жәннәтқа кіреді де, ал Аллаһпен бірге тағы да басқаға құлшылық етіп өлген Тозаққа түседі». Муслим.

 

415. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көліктің үстінде, ал Муъаз оның артында отырған кезде: «Иә Муъаз!», - деді. Муъаз: «Мен алдыңдамын және қызмет етуге бақыттымын!», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да: «Иә Муъаз»!, - деді. Муъаз: «Мен алдыңдамын және қызмет етуге бақыттымын!», - деді. Бұл жай үш рет қайталанды. Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қай бір құл шын жүрегімен, Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі, деп куәлік берсе, Онда оны Аллаһ Отқа харам етеді[217]», - деді. Муъаз: «Иә Аллаһтың елшісі, адамдарды қуандыру үшін бұны хабарлайын ба?», - деп сұрады. Ол: «Онда адамдар осыған ғана сенім артып қалады», - деді. Бұны Муъаз өлер алдында ғана, бұдан былай бұл жайлы айтпауым күнә болады, деп хабарлаған. Аль-Бухари, Муслим.

«Бұл жайлы айтпауым күнә», - деген сөз, ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөзін адамдарға жеткізбей жанында сақтап қалу күнә, деп санаған.

 

416. Хабар бойынша,Абу Хурайра ма әлде Абу Саъид аль-Худри ма (хадисті жеткізуші осы екеуінің қайсысынан естігенін ұмытып отыр, дегенмен одан хадистің құндылығы кемімейді), олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Табук жорығында аштықтан қалжыраған адамдар Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, егер сен бізге түйелерімізді сойуға рұқсат берсең, біз олардың етін жеп, майын қолданар едік», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Солай істеңдер», - деді. Сонда оған Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, егер сен оларға бұны рұқсат етсең, онда бізде көлік аз қалады. Одан да сен оларда қалған тамақтарды алдыр да, одан кейін Аллаһтан оған ол адамдар үшін берекесін сұрап дұға жаса, бәлкім Аллаһ берер оны!», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә», - деді де өзінің теріден жасалған көпшігін алдырды да, оған қалған тамақтарын салуға әмір берді. Адамдар болса кім бір уыс тарысын, кім бір уыс құрмасын, ал енді кім бір бөлік нандарын әкеліп сала бастады. Соңында сол көпшіктің үстінде азын-аулақ тамақ жиналды да Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол тамаққа береке тіледі, сосын: «Мынаны ыдыстарыңа салыңдар!», - деді. Сосын адмадар бәрі ыдыстары толғанша салып алды және бәрінің қарындары тойғанша жеді және көпшіктегі тамақтан әлі де болса қалды. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтан басқа құдай жоқ және мен - Аллаһтың елшісімін, деп куәлік беремін, ал Аллаһтың құлдарының ішінен кімде-кім, Аллаһты осы екі куәлікпен (оған нық сеніп) кездестіретін болса, Онда оған Жәннәт, шексіз бұйырады!», - деді. Муслим.

 

417. Хабар бойынша,Ъитбан бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Бадр соғысына қатысқандардың бірі, ол былай деді:

Әдетте мен намазды өзімнің руым бану салимнің адамдарымен бірге оқитынмын, бірақта олардың мешіті мен менің үйімнің арасын бір сай бөлетін де, жаңбыр жауған кезде одан өтуге маған қиын болатын. Сонда мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Расында, менің көзімнің жанары әлсіреді, жаңбыр жауған кезде мен үшін руластарыма сай арқылы аққан судан өтіп жету қиын болып барады, сондықтан мен сенің біздің үйге келіп намаз оқып кетуіңді сұраймын, сонда мен сенің намаз оқыған жеріңді өзімнің намаз оқитын жерім қылар едім», - дедім. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен әлбетте оны істеймін!», - деді. Ал ертеңіне таңертең күн әжептеуір көтерілген кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Бакрмен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірге келді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйге кіруге рұқсат сұрады да мен оған үйге кіруді ұсындым. Үйге кіріп отырмастан: «Менің намазым үшін, үйіңнің қайсы жерін таңдадың?», - деп сұрады да, мен оның намазы үшін, өзімнің таңдаған орнымды көрсеттім. Содан соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің таңдаған орныма тұрып: «Аллаһу акбар!», - деп намазға кірісіп кетті, ал біз болсақ артынан сапқа тұра қалдық. Сонымен ол екі ракағат намазын екі жағына сәлем берумен аяқтады да, оның артынан біз де айтқандарын қайталадық. Осыдан кейін мен оны, әдейі өзіңе дайындаған хизардың дәмін тат, деп бөгедім. Осы арада адамдар менің үйіме Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келгенін есітіп жинала бастады да, ақыр аяғында көп ер кісілер жиналып қалды. Олардың бірі: «Мен мұнда көрмей тұрған Мәлік ше?», - деп сұрады. Басқа бірі: «Ол – Аллаһ пен Аллаһтың елшісін жақтырмайтын екіжүзді», - деді. Бұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Олай деме! Ол сенің көзіңше Аллаһтың дидарына талпынып: «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», - деп айтпап па еді?», - деді. Ол адам: «Аллаһ және Оның елшісі бұл жайында жақсырақ біледі, ал біз жайлы айтатын болсақ, онда Аллаһтың атымен ант етемін, біз оның екіжүзділермен араласып, оларды жақсы көретінін білеміз!», - деді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, Аллаһ, «Аллаһтан басқа құдай жоқ!», деп Аллаһтың дидарынан үміттеніп айтқан әр бір адамды, Отқа харам (тигізбейтін) етті!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

418. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

БірдеАллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұтқынға түскендерді алып келді, олардың ішінде біреуді іздеп, одан кейін олардың ішінен бір баланы тапса омырауына апарып емізіп жүрген бір әйел болды[218]. Бұны көрген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізден: «Сендер қалай ойлайсыңдар, осы әйел өз баласын отқа тастауға дәрменді ме?», - деп сұрады. Біз: «Аллаһтың атымен ант етеміз, жоқ!», - дедік. Сонда ол: «Ал Аллаһ болса Өзінің құлдары үшін, бұл әйел өз баласына (жақсылық) қалағаннан да көп (жақсылық) қалайды!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

419. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала бүкілін жаратқанда, Өзіне жазмыш етіп Өзінің Аршысындағы Өзінің Кітабына мынаны жазды: “Расында Менің рахымым, Менің қаһарымнан (ашуымнан) үстем болады”. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің “Сахихтардың” екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында:“…Менің қаһарымнан жоғары болады”,- делінсе, ал енді үшінші бір нұсқада:“…Менің ашуымнан озады”, - делінеді.

420. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.