Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 3 страница



Аллаһ Тағала мейірімділікті жүз бөлік етіп жасады да, оның тоқсан тоғызын Өзінде ұстап бір бөлігін Жерге түсірді. Сол түсірілген мейірдің әсерімен жаратылыстың бәрі бір-біріне мейір көрсетеді, (керек десеңіз) мініс малдары да, (туған кезде) балларын басып кетпес үшін аяқтарын көтереді.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, Аллаһ Тағаланың (қорында) жүз бөлік мейірім бар, солардан Жерге бір бөлігін түсірді де, оны бүкіл жындар, адамдар, хайуандар және құрт-құмырсқалардың арасында бөлді. Сол арқылы бүкіл адамдар бір-бірін аяп мейір көрсетеді және сол арқылы жабайы аң да өзінің баласын жақсы көреді. Ал қалған тоқсан тоғыз бөлігі жайлы айтатын болсақ, оны Аллаһ Өзінің мейірімін, құлдарына Ахірет күні көрсету үшін сақтап қойды. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Сальман Фараси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, хабары бойынша келтірген Муслимнің нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, Аллаһ Тағалада жүз бөлік меірім бар, солардың бір бөлігінің ғана арқасында адамдар бір-біріне мейір көрсетеді, ал тоқсан тоғыз бөлігін Ол Ахірет күніне сақтап қойды.

Бұл хадистің Муслим келтірген үшінші бір бөлігінде, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп йтқаны келтіріледі:

Расында, Аллаһ Тағала жер мен көкті жаратқанда, әр қайсысы жер мен көктің арасында орын алатын жүз бөлік мейірімді де жаратты. Олардан жерге бір бөлігін ғана орналастырды, бірақ та (сол бір) бөлігінің арқасында ана өз баласын жақсы көреді, ал құстар мен айуандар бір-бірін жақсы көреді. Ақірет күні болған кезде, Аллаһ мейірдің сол бөлігіне тоқсан тоғыз бөлігін толықтырды.

 

421. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің Мәртебелі де Жоғары Раббысының сөзін жеткізіп жатып, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың құлдарынан бірі күнә жасап: “Иә Аллаһ, менің күнәмді кешір!”, - деген кезінде, Аллаһ Тағала: “Менің құлым күнәләрді кешіруші және күнәләр үшін жаза беруші Раббысы бар екенін біліп күнә жасады”, - деді. Сосын ол тағыда күнә жасап[219]: “Иә Аллаһ, менің күнәмді кешір!”, - деген кезінде, Аллаһ Тағала: “Менің құлым күнәләрді кешіруші және күнәләр үшін жаза беруші Раббысы бар екенін біліп күнә жасады”, - деді. Сосын ол тағыда күнә жасап: “Иә Аллаһ, менің күнәмді кешір!”, - деген кезінде, Ұлы Мәртебелі Аллаһ Тағала: “Менің құлым күнәләрді кешіруші және күнәләр үшін жаза беруші Раббысы бар екенін біліп күнә жасады, ал Мен болсам құлымды кешірдім де, енді не істесе де өз еркінде!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

“…не істегісі келсе өз еркінде!”, - деген сөз, ол: егер ол күнә жасап артынан тәубеге келіп отыратын болса, Мен оны кешіріп отырамын, өйткені, расында, тәубеге келу алдыңғы бүкіл күнәләрді кешіреді, деген сөз.

 

422. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, егер сендер күнә жасамасаңдар еді, онда Аллаһ Тағала сендерді әлбетте жояр еді де, сендердің орындарыңа, күнә жасап артынан Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап отыратын халық жаратып, оларды кешіріп отырар еді! Муслим.

 

423. Хабар бойынша,Абу Аййуб Халид бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендер күнә жасамасаңдар, онда Аллаһ әлбетте күнә жасап артынан кешірім сұрайтын халық жаратып, оларды кешіріп отырар еді! Муслим.

 

424. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз арасында Абу Бакр мен Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, бірнеше адамдармен отырған кезімізде, кенеттен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орнынан тұрды да бізді тастап кетіп қалды. Ол бізге көп уақыт ішінде қайта оралмады да, біз болсақ ешкім жоқта оған біреу қастандық жасады ма екен, деп уайымдай бастадық. Одан кейін бізді үрей биледі де, біз орнымыздан тұрдық. Мен болсам қорқып, бірінші болып оны іздеп шыққан кезімде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ансарлардың бірінің бағында екен.

Сосын ол бұл хадисті сөзбе-сөз былай деп келтірді:

Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бар да осы бақтың сыртында кезіктірген кез келген, Аллаһтан басқа құдай жоқ, деп жүрегімен нық сеніп куәлік берген адамға, Жұмақты хабарлап қуандыр!”, - деді. Муслим.

425. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бріде Пайғамбар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Ибраһимнің, оған Аллаһтың сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген Аллаһ Тағаланың мынадай сөздерін оқыды: «Раббым, олар[220] адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреуі маған ерсе, рас ол менен…»[221] және Исаның, оған Аллаһтың сәлемі болсын, былай деп айтқанын оқыды: «Егер оларды азаптасаң да олар құлдарың, егер оларды жарылқасаң да күдіксіз Сен аса үстем, хикмет иесісің».[222] Осыдан кейін қолын көкке көтерді де: «Иә Аллаһ, менің үмметім, менің үмметім!», - деп жылап жіберді. Сонда Ұла Аллаһ Тағала: «Иә Жәбірейіл Мухаммадқа бар да – ал сенің Раббың бәрін жақсы білуші! – одан: «Сенің жылауыңа не себеп болып жатыр?», - деп сұра», - деді. Жебірейіл келіп одан сұрағанда, ол Аллаһқа бәрінен де жақсы мәлім сөздерін айтты[223]. Сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Иә Жебірейіл Мухаммадқа бар да: «Расында, Біз сені, сенің үмметіңмен риза еткіземіз және сені ренжітпейміз!», - деп айт.» Муслим.

 

426. Хабар бойынша,Муъаз бин Жабіл, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, есегінің артында отырғанымда: “Иә Муъаз, Аллаһтың құлдарында кандай хақысы бар және Оның құлдарының Аллаһтан не үміттенулерне хақылары бар, екендігін сен білесің бе?”, - деп сұрады. Мен: “Аллаһ пен Оның елшісі бұл жайында жақсырақ біледі”, - дедім. Сонда ол: “Расында, Аллаһтың құлдарындағы хақысы, ол олардың Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеулерінде, ал Аллаһтың құлдарының хақысы, ол егерде олар Одан басқа ешкімге құлшылық етпесе, Оның азаптамайтындығына үміттенулерінде”, - деді. Мен: “Ия Аллаһтың елшісі, мен бұл хабармен адамдарды қуандырайын ба?”, - деп сұрадым. Ол жауап ретінде: “Олай істеме, өйткені оны айтсаң олар соған ғана сеніп қалады!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

427. Хабар бойынша,аль Бар бин Ъазиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылманға оның қабірінде сұрақтар қойылған кезде, ол Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – оның елшісі, деп куәлік сөзін айтады, оған Аллаһ Тағаланың мына сөздері: “Аллаһ сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ақіретте де мықты сөзбен бекітеді…”[224], - дәлел деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

428. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер имансыз, бір жақсы амал жасаса, ол үшін үлесін осы дүниеде ғана алады, ал мүмин жайлы айтатын болсақ, расында, Аллаһ оның жақсы амалын мәңгілік өмірге жазады да, осы дүниеде де амалының үлесін береді.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, Аллаһ, жақсы амал жасаған мүминді, әрбір жасаған амалы үшін осы дүниеден үлесін беріп және мәңгілік дүниеге сауабын жазып оны ренжітпейді. Ал имансыз жайлы айтатын болсақ, ол әрбір Аллаһ үшін жасаған амалына осы дүниеде үлесін алады да, ал басқа дүниеге барған кезінде, оның сауап алатын еш бір жақсы амалы болмайды. Муслим.

 

429. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бес намаз, әр қайсысыңның үйлеріңнің есігінің алдында ағып жатқан және онда бес рет шомылатын суы толық өзен секілді. Муслим.

 

430. Хабар бойынша,ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер кез-келген мұсылманның мәйітінің жанында, Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеген қырық мұсылман тұратын болса[225], онда Аллаһ әлбетте олардың шапағатын (болысқанын) қабыл алады.[226] Муслим.

 

431. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Брде біз қырық шақты адам Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір шатырда болған кезімізде ол: “Сендер Жәннәтқа кіретіндердің төрттен бірін құрағыларың келеді ме?”, - деп сұрады. Біз: “Иә!”, - дедік. Ол: “Ал сендер солардың үштен бірін құрағыларың келеді ме?”, - деп сұрды. Біз: “Иә!”, - дедік. Сонда ол: “Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, мен сендердің Жәннәтқа кіретіндердің жартысын құрайды деп үміттенемін, өйткені онда бой ұсынушысылар ғана кіреді, ал сендердің қазір жағдайларың, көпқұдайшылдардың ішінде қара бұқаның үстіндегі ақ шашы секілді /немесе: … ақ бұқаның терісіндегі қара шаш секілді/ (болғандарыңа қарамай бой ұсынушылырдансыңдар)”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

432. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ақыр заман болғанда Аллаһ әр бір мұсылманға бір христианды немесе иудейді беріп: “Мынау – сенің Оттан құтылуың”, - дейді. Муслим.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:

Ахіретте Мұсылмандардың ішінде күнәсі таудай болған адамдар келеді де, Аллаһ оларды кешіреді. Муслим.

“Аллаһ әр бір мұсылманға бір христианды немесе иудейді беріп: “Мынау – сенің Оттан құтылуың”, - дейді”,- деген сөздердің мағынасын, Абу Хурайрадан келген басқа хадис түсіндіреді, онда Аллаһтың елшісінің былай деп айтқаны келтіріледі: «Әркімнің Жәннәтта және Тозақта өзінің орны бар, сондықтан мүмин Жәннәттан орын алғанда, имансыз өзімен оның тозақтағы орнын толтырады, өйткені оған ол өзінің имансыздығымен лайық». Сонымен «сенің құтылуың», деген сөздің мағынасы: Сенде Тозаққа түсу қауіпі болды, бірақта бұл – сенің құтылуың, өйткені Аллаһ Тағала Тозақты белгілі мөлшердегі адамдармен толтыруды шешті, сондықтан имансыз өзінің күнәсі мен имансыздығы үшін Тозаққа түскенде, олар мұсылмандар үшін құтылуы секілді болады, ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі.

 

433. Хабар бойынша,ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте мүмин өзінің Раббына жақындатылып, Ол оны Өзінің қорғанына алады. Сонда Ол оның бүкіл күнәләрін мойындаттырады да: “Сен мына күнәңді мойындайсың ба, сен мына күнәңді мойындайсың ба?”, - деп сұрайды. Ол жауап ретінде: “Мойындаймын, Раббым менің!”, - дейді. Сонда Ол: “Расында, Мен сенің күнәләріңді жердегі өміріңде жаптым (жасырдым), ал бүгін оларды кешіремін!”, дейді де, оған жақсы амалдарының кітабы беріледі. Аль-Бухари, Муслим.

 

434. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам бір әйелдің бетінен сүйді[227], сосын Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайды айтып берді. Сонда Аллаһ мына аяттарды түсірді: “Күндіздің екі жағында[228], түннің күндізге таяу кезінде намазын[229] толық орында. Расында, жақсылықтар жамандықтарды жояды…”[230] Сонда әлгі адам: “Иә Аллаһтың елшісі бұл маған ғана қатысты ма?”, - деп сұрады. Ол: “Бұл – менің барлық үмметім үшін”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

435. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келіп: «Мен (Исламның) бір қағидасын бұздым[231], сондықтан мені жазаға тартшы!», - деді. Сол екі арада намаздың уақыты келді де, намазды ол адам Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге оқыды. Намаз оқылып бітісімен ол адам тағы да: «Иә Аллаһтың елшісі, расында, мен бір қағиданы бұздым, сондықтан Аллаһтың Кітабының үкіміне сай мені жазаға тартшы!», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен бізбен бірге намазға қатыстың ба?», - деп сұрады. Ол: «Иә», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен кешірілдің», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Ол адамның: “Мен бір қағиданы бұздым”, - деп жатқан сөздері, оның ғибратты жазаға лайықты (кішігірім) күнә жасағандығын көрсетіп тұр. Әрине бұл жерде әңгіме шариғаттың үкіміне сай жазаланатын үлкен ойнас үшін, не болмаса маскүнемдік үшін осы сияқты күнәләр жайында болып тұрған жоқ, өйткені олар тек қана намаз оқығанмен кешірілмейді, ал имам болса оны ескерусіз қалдыра алмайды.

 

436. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ, (Өзінің) құлдарының ішінде, әр-бір жеген тамағының үзімі үшін және ішкен суының жұтымы үшін, Өзіне мақтау айтқан құлына риза болады. Муслим.

 

437. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала, күндіз қай бір жамандық жасағанның тәубесін қабыл алу үшін, оған түнде Өзінің қолын созады. Ал түнде қай бір жамандық жасағанның тәубесін қабыл алу үшін, оған күндіз Өзінің қолын созады[232]. Және бұл, күн бататын жағынан шықпайынша жалғасады[233]Муслим.

 

438. Хабар бойынша,Абу Наджих Амр бин Абас ас-Сулами, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Жахилия уақытында адамдар бұттарға табынатын, сондықтан мен оларды әр уақытта мардымды еш нәрсе істемеуде және адасуда, деп ойлайтынмын, бірақта мен сол уақытта, Меккеде бір адам өте мәнді әрі таң қаларлық нәрсе айтып жүр деп естідім. Сонда мен түйеге отырып оны іздеп Меккеге келсем, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің руластары жәбір көрсетіп оған байланысты әділетсіздік көрсеткендіктен, ол адамдардың арасында көрінбей (жасырын) жүреді екен. Сонымен оны табу үшін маған бір құрайыштан ол туралы сыпайы түрде сұрау керек болды. Мен оған келгенімде, одан: “Сен кімсің?”, - деп сұрадым. Ол: “Мен – пайғамбармын”, - деді. Мен: “Ал пайғамбар деген кім?”, - дедім. Ол: “Мені Аллаһ жіберді”, - деді. Мен: “Ол сені немен жіберді?”, - деп сұрадым. Ол: “Ол маған адамдарға, туған-туысқандық қарым-қатынасты ұстануға, бұттарды бұзуға және тек қана Аллаһ Тағалаға құлшылық етуге және Онымен қатар ешкімге құлшылық етпеуге, - деген әмірлерін жеткізуге жіберді”, - деді. Мен: “Осы ісіңде сені кім қолдайды?”, - деп сұрадым. Ол: “Бас бостандығы бар мен құл”, - деп жауап берді, өйткені ол кезде онымен бірге Абу Бакр мен Билял ғана, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, болатын. Мен: “Расында, мен саған ілесемін!”, - дедім. Бірақ ол менің сөзіме: “Сен қазір бұны істей алмайсың, сен менің қандай жағдайда екенімді және бұлардың маған қарсы қандай әрекеттер жасап жатқанын көріп тұрсың ғой! Өзіңнің жанұяңа орал да, мені жеңіске жетті, дегенді естісімен маған кел!”, - деді.

Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Сонымен мен үйіме оралдым, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болса біраз уқыт өтісімен Меккеден Мәдинаға көшті. Осы жай болған уақытта мен адамдардан ол туралы көбірек сұрай бастадым да, бізге Мәдинадан бірнеше адам келген уақытта олардан: “Мединаға көшіп келген адам не істеп жүр?”, - деп сұрадым. Олар: “Адамдар оған асығуда, ал оның руластары оны өлтірмекші болды, бірақта олардың қолынан ештеңе келмеді”, - деді. Сосын мен өзім Мәдинаға келдім де, одан: “Иә Аллаһтың елшісі, сен мені таныдың ба?”, - деп сұрадым. Ол: “Иә, сен – менімен Меккеде кездескен адамсың”, - деді.

Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

“Сонда мен: “Иә Аллаһтың елшісі, маған Аллаһтың саған үйреткендерінен хабарла және мен білетін намаз туралы маған айтшы”[234], - дедім. Ол былай деп жауап берді: “Таң намазын орында да, одан кейін күн найза бойына көтерілгенше намаз оқыма, өйткені, расында, бұл (уақытта күн) шайтанның мүйізінің арасынан шығады[235], және бұл уақытта оған (шайтанға) имансыздар иіледі (құлшылық етеді). Ал бұдан кейін найзаның көлеңкесі кішірейіп қысқарғанша намаз оқи берсең болады, өйткені ол уақыттағы намаздың куәгерлері мен қатысушылары болады. Осы уақыттан (көлеңкені ең кішкене болған кезінде) намаз оқудан өзіңді ұста, өйткені бұл уақытта Тозаққа отын тасталады, ал көлеңке күн шығыс жаққа бұрылғаннан бастап намаз оқи беруіңе болады, бұл намаздың да қатысушылары мен куәгерлері болады және бұл уақыт екінді намазының уақытына дейін созылады. Ал одан кейін күн батқанша намаз оқуды тоқтата тұр, өйткені, расында, ол (күн) шйтанның мүйізінің арасында батады және бұл уақытта оған (шайтанға) имансыздар иіледі.»

Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

“Одан кейін мен: “Иә Аллаһтың елшісі, маған дәрет жайлы айтып берші”, - деп сұрадым. Ол: “Егер сендерден біреулерің дәрет алуға су дайындап, одан кейін аузын және мұрнын шайса, онда оның бетінен, аузынан және мұрнынан оның жасаған кішігірім күнәләрі түседі. Ал одан кейін ол Аллаһ әмір еткендей бетін жуса, онда сумен бірге оның сақалының ұштарынан міндетті түрде бетінің кішігірім күнәләрі түседі[236]. Ал одан кейін ол қолдарын шынтақтарына дейін жуса, онда оның саусақтарының ұштарынан міндетті түрде оның қолының кішігірім күнәләрі түседі. Ал одан кейін ол басын сүртсе, онда шашының ұштарынан міндетті түрде оның басының кішігірім күнәләрі түседі. Ал одан кейін аяқтарын қызыл асықтарына дейін жуса, онда аяқтарының саусақтарының ұшынан міндетті түрде кішігірім күнәләрі түседі. Егер де осыдан кейін Аллаһқа лайықты түрде, Оған мақтау айтып, Оны мәртебелеп, Оны дәріптеп, жүрегін Аллаһ Тағаладан басқаның бәрінен тазартып[237] намаз оқыса, онда анасынан жаңа туған баладай, (кішігірім) күнәләрінен арылады.”

Амр бин Абас бұл хадисті сахабалардың бірі Абу Умамаға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізгенде, Абу Умама оған: “Иә Амр бин Абас, сен мына бір жеріңде не айтып жатқаныңа қара: шынымен-ақ соны жасаған адамға (кешірілу) бұйырады ма?!”, - деді. Жауап ретінде Амр: “Иә Абу Умама, мен қартайып сүйектерім тозып жіңішкерді және маған өмір сүруге көп уақыт қалған жоқ, сондықтан мен Аллаһ пен Аллаһтың елшісіне жала жауып өтірік айтуға мұқтаж емеспін! Егер мен бұл айтқанымда Аллаһтың елшісінің өзінен бір рет, не екі рет, не үш рет…”, - деп жетіге дейін жетті де – “есітпесем, онда мен бұл сөздерді қайталамас едім, бірақ та мен бұл сөздерді жеті реттен көп естідім!”, - деді. Муслим.

 

439. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер Аллаһ қай бір үмметке жақсылық қалайтын болса, Ол үмметтің Пайғамбарын, оны оларға керек жабдықтарын дайындаушы[238] және кепілі[239] ретінде (үмметі өлгенше) Өзіне алады. Ал егер Ол бір үмметті опат еткісі келсе, онда ол үмметті пайғамбарының өмірі кезінде пайғамбарының әмірін орындамағаны және пайғамбарын олардың жазаланғанын көріп қуандыру үшін, пайғамбарының өмірі кезінде жазалайды. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.