Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 4 страница



 

ТАРАУ

Үміттің дәрежесі жайлы

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Таяуда менің айтқанымды түсінесіңдер. Мен ісімді Аллаһқа тапсырамын. Күдіксіз Аллаһ, құлдарын толық көруші» деді. Енді Аллаһ, оны, олар жасаған сұмдықтарынан қорғады…» «Ғафыр» сүресі, 44-45 аяттар.

 

440. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала айтты: Менің құлым Мен турлы қалай ойласа сондай боламын[240] және ол қай жерде Мені есіне алса, Мен сол жерде онымен біргемін[241]. Аллаһтың атымен ант етемін, расында, Аллаһ Өзінің құлының тәубесіне, шөл далада түйесін жоғалтып одан кейін оны тапқан адамның қуанғанынан да артық қуанады! Кім Маған бір алақан жақындаса Мен (оған) бір білекке жақындаймын, кім Маған бір білекке жақындаса, Мен (оған) бір құлашқа жақындаймын, ал кім Маған қарай жүрсе, онда Мен (оған қарай) жүгіре жөнелемін! Аль-Бухари, Муслим.

Бұл жерде Муслимнің “Сахихінда” келтірілген нұсқасы беріліп тұр. Ал “Сахихтердің” екеуінде де былай деп айтылған нұсқа келтіріледі:“…Мен ол Мені есіне алып жатқан уақытында жанында боламын” Бұл екі нұсқада сенімді саналады.

 

441. Хабар бойынша,Жәбір бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлер алдында үш күн бұрын былай деп айтқанын естіген:

Сендер кез-келгенің өлімді, Ұлы Аллаһ Тағаладан тек жақсылық күтіп қарсы алуларың керек![242] Муслим.

 

442. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: «Иә Адам баласы, сен Менен үмітіңді үзбей кешірім сұрап жүрсең Мен де сенің күнәләріңнің аз-көбіне қарамай кешіріп отырамын! Иә Адам баласы, егер сен аспандағы бұлттарға жететін күнә жасап, одан кейін Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін! Иә Адам баласы, расында, егер сен сонша күнә жасасаң, ол күнәңнің көлемі бүкіл жерді жабатындай болса (қаптаса), бірақ Менің алдыма Маған ешкімді ортақ қоспай[243] келсең, Мен саған әлбетте сол күнәләріңді жабатын кешірім сыйлаймын.» Ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

“Аспандағы бұлттар” – дегенде, адамның көкке қарағанда көзі жететін ара қашықтық делінеді және де бұлттар деп те айтылады.

ТАРАУ

Қорқыныш пен үмітті біріктіру жайлы.

 

Біл, егер де Аллаһтың құлының денсаулығы жақсы болса, онда ол әрі қорқып әрі үміттенуі жақсырақ, яғни үміт пен қорқыныш тепе-тең болғаны жақсы. Ал егер ауырып қалса[244], онда тек қана үміттенуі керек, бұған Құран мен Сүннетте келтірілген Шариғаттың шарттары және ғалымдардың айтқандары дәлел.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай-ақ Аллаһтың кәрінен (қулығынан)[245] аман бола ала ма? Аллаһтың бейнетінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды[246].» «Ағраф» сүресі, 99 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Аллаһтың рахметіне қарсы болған (имансыз) қауым ғана күдер үзеді...» «Йусуф» сүресі, 87 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Қиямет күні кей беттер ағарып, кей беттер қараяды…» «Аль-Имран» сүресі, 106 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында, Раббың тез жазалаушы, әрі аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» «Ағраф» сүресі, 167 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Шын мәнінде ізгілер, әлбетте нығмет ішінде болады. Негізінен бұзықтар, тозақта болады.» «Ынфитар» сүресі, 13-14 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«Міне, сонда біреудің таразысы[247] ауыр тартса. Онда ол, разы болатын тіршілікте болады. Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса, онда оның орны «Һауя» болады. Ол Һауяның не екенін білесің бе? Ол, жалындаған от.» «Қариға» сүресі, 6-11 аяттар.

Осы мағынада көптеген аяттар бар. Кей кездері үміт пен қорқыныш жайлы бір-бірімен байланысты аяттарда айтылса, кейде әр түрлі аяттарда айтылады, ал кей жерлерде бір ятта да айтылады.

 

443. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер мүминдер, Аллаһтың қандай жазаға тарта алатынын білсе еді, онда олар Жәннәтті армандамас та еді. Және де имансыздар Аллаһтың мейірімінң кеңдігін білсе еді, онда олардың ешқайсысы Оның Жәннәтінан күдер үзбес еді. Муслим.

 

444. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер жерлеуге дайындалған табытта жатқан мәйіт мүмин болған болса, онда сол табытты жайғастырып, ерлер иықтарына салған кезде ол (мәйіт): «Мені тезірек апарыңдар!», - дейді. Ал егер мәйіт мүмин болмаған болса, онда ол: «Мен құрыдым, мені қайда апара жатырсыңдар?», - дейді де оның даусын адамнан басқаларының бәрі естиді, ал егер ол (адамдар) оны естісе, естерінен танып (құлар) еді. Аль-Бухари.

 

445. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жәннәт сендерден әр кімге аяқ киімдеріңнің бауынан да жақын және От та сендерге сондай жақын. Аль-Бухари.

 

ТАРАУ

Аллаһ Тағаладан қорқып жылаудың және Оған ұмтылудың дәрежесі жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар жылап етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласын арттырады.»«Ісра» сүресі, 109 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Ал енді сендер осы сөзге таңырқайсыңдар ма? Күлесіңдер, жыламайсыңдар.»«Нәжім» сүресі, 59-60 аяттар.

 

446. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Маған Құран оқышы”, - деді. Мен: “Иә Аллаһтың елшісі, Құран саған түсірілген болса, оны мен саған қалайша оқимын”, - дедім. Ол: “Расында, мен оны басқа біреуден естігім келеді”, - деді. Сонда мен оған “Ниса” сүресін оқи бастадым да: «Әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?»[248], - деген аятқа жеткен кезімде, - ол: «Енді болды», - деді, ал мен оған қарасам, оның көзі жасаурап жылап жатқанын көрдім. Аль-Бухари.

 

447. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұрын мен естімеген хұтпа айтты, сөздерінің арасында былай деді: «Егер сендер мен білетінді білсеңдер еді, аз күліп, көп жылар едіңдер!», - сонда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары қолдарымен беттерін жауып ауыздарын ашпастан жылай бастады. Аль-Бухари, Мслим.

448. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтан қорқып жылаған адам, сауылған сүт қайтадан желініне кірмейінше, ол да отқа кірмейді[249] және Аллаһ жолындағы шаң мен Тозақ отының түтінінің бір бірімен қосылуы мүмкін емес[250]. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

449. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтан басқа ешкімнің көлеңкесі болмаған күні, Аллаһ Тағала жеті (түрлі) адамды Өзінің көлеңкесіне алады: әділ басқарушы; Ұлы Аллаһ Тағалаға құлшылық етумен есейген жас; жүрегі мешіттерде байланған[251]; тек қана Аллаһ Тағала үшін кездесіп-қоштасатын және бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көргендер; абыройлы әрі әдемі әйел қалап шақырып, бірақ: «Расында, Мен Аллаһтан қорқамын», - деп бармаған еркек; садақаны жасырын бергені соншалық, оның сол қолы оң қолының бергенін көрмейтін; оңашада Аллаһ Тағланы еске алғанда көзіне жас толатын (адамдар). Аль-Бухари, Муслим.

 

450. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин аш-Шаххир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бріде мен Аллһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайнап жатқан қазаннан шығатын дауысқа ұқсаған дауыспен, сыңсып жылап намаз оқып тұрған уақытында көрдім. Абу Дауд ат-Тирмизи «Аш-Шамаъил» кітабында сенімді хадис деп келтіреді.

451. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Убай бин Қаъбқа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Расында Ұлы Аллаһ Тағала маған мына аятты саған оқы деді: “Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел қарсылықтарынан айырылмақшы емес еді”[252], - деді. Убай, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Ол саған менің атымды атады ма?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә”, - деді. Бұны естіген Убай, оған Аллаһтың ризашылығы болсын жылап жіберді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Мулим ғана келтірген нұсқасында, былай делінеді:

…сонда Убай жылауға кірісті.

 

452. Хабар бойынша,Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жан тапсырғанына біраз уақыт өткеннен кейін Абу Бакр Омарға, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын келіп: «Бізбен бірге Умм Айманға[253] жүр оны Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, секілді барып қайтайық», - деді. Олар Умм Айманға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келген кезде, ол жылай бастады да олар: «Сен неге жылайсың? Сен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһтың жанындағы жақсы екенін білмейсің бе?» – деді. Ол: «Расында мен, Аллаһтың жанындағы ол үшін жақсы екендігін білмегеннен жылап жатқаным жоқ, менің жылап жатқаным, Көктен уахидың тоқтағанына жылап жатырмын?» – деп еді, олар да оның айтқан сөзінің әсерінен жылай бастады.Муслим.

 

453. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кеселі (ауруы) қатайған кезінде, одан намаз туралы сұрады[254], да ол: «Абу Бакрге айтыңдар, ол адамдармен намаз өткізсін!», - деді. Бұны естіген Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Расында, Абу Бакр жұмсақ жүректі, сондықтан Құран оқығанда жылауын тоқтата алмайды!», - деді. Бірақта ол тағы да: «Абу Бакрге айтыңдар, ол адамдармен намаз өткізсін!», - деді.

Бұл хадистің Айша жеткізген нұсқасында, оның былай деп айтқаны жеткізіліді:

Мен: “Расында, егер Абу Бакр сенің орныңа тұрса, онда ол адамдарға көз жасынан ештеңке айта алмайды!”, - дедім. Аль-Бухари, Муслим.

 

454. Хабар бойынша,Ибраһим бин Абд ар-Рахман бин Ауф былай дейді:

Бірде Абд ар-Рахман бин Ауф, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ораза ұстап, оған аузын ашу үшін тамақ алып келген кезде, былай деді: “Менен жақсырақ болған Мусъаб Ибн Умайрды, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, өлтірген уақытта оны орайтын шапанынан басқа еш нәрсе табылмады. Шапанымен басын жапқан уақытта аяғы ашылатын, ал аяғын жапқан уақытта басы ашылатын. Ал содан кейін бізге осы дүниенің жақсылығынан берілгендері берілді де, ал біз болсақ біздің сауабты амалдарымыздың сыйы ерте берілді ме деп қорқа бастадық![255]” Осыны айтысымен жылағаны соншама, ол тамақ жеуден бас тартты. Аль-Бухари.

 

455. Хабар бойынша,Абу Умама Судаййа бин Ажлян аль-Бахили, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың екі заттан қатты жақсы көретіні жоқ, олар екі тамшы мен екі із. Тамшы жайлы айтатын болсақ, ол – Аллаһтан қорқып аққан жас пен Аллаһ Тағаланың жолында төгілген тамшы қан. Ал екі із жайлы айтатын болсақ, ол – Аллаһ жолындағы із[256] бен Аллаһ Тағаланың парыздаған амалын орындағаннан кейінгі қалған із[257]. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

456. Хабар бойынша,Абу Наджих аль-Ъибрад бин Сарйиа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уағызы уақытында біздің жүрегімізге қорқыныш ұялап, көздерімізге жас келді. Сонда біз: “Иә Аллаһтың елшісі, сенің бұл уағызың қоштасатын адамның уағызы секілді, сондықтан бізге насихат айтшы!” – дедік. Ол былай деді: “Менің насихатым мынау: Ұлық Аллаһ Тағаладан қорқыңдар, егер сендерге құл әмір болса да оны тыңдаңдар және оған бойұсыныңдар. Расында, араларыңдағы көп өмір сүргендер әлі көп ұрыс-керіске (фитнаға) тап болады, сондықтан сендерге еш ауытқымай менің Сүннетімді және дұрыс жолмен жүрген діндар халифалардың сүннетін ұстану керек болады, және сендерге бүкіл (діндегі) жаңалықтан (бидғаттан) қашу керек болады, өйткені әр бір (діндегі) жаңалық адасу болып табылады!” Бұл хадисті Абу Дауд және ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

ТАРАУ

Бұл дүниеден бас тартудың дәрежесі, аз нәрсеге қанағат етуге ұмтылдыру, және кедейліктің дәрежесі жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“Шын мәнінде дүние тіршілігінің мысалы: Біз көктен жаудырған жаңбыр тәрізді. Ол арқылы адамдар, малдар жейтін өсімдіктер аралас өсіп, жер жүзі құлпырып зейнеттенген кезде, жер иесі; пайдалануға күшіміз жетеді деп ойлаған сәтте, түнде не күндіз әміріміз келіп, тіпті кеше болмаған тәрізді түбінен орылғанға айналдырдық. Ойланатын қауымға аяттарымызды осылай айырып баян етеміз.” “Йунус” сүресі, 24 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Оларға дүние тіршілігінен мысал бер: (Дүние тіршілігі) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы: Жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ Аллаһ әр нәрседен үстем күш иесі! Мал мен балалар дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы, әрі үміт тұрғысында да жақсы.”“Қеһф” сүресі, 45-46 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

“Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңыртқатқан жаңбыр тәрізді. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады, Ахіретте қатты азап және Аллаһтан, ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі.”“Хадид” сүресі, 20 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Адам баласы үшін әйелдер, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Аллаһтың қасында.”“Аль-Имран” сүресі, 14 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй адам баласы! Сөз жоқ, Аллаһтың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш[258] та сендерді Аллаһ туралы алдамасын” “Фатыр” сүресі, 5 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Сендерді көбейтуде[259] бәсекелесу айналдырды. Тіпті қабырларыңа барғандарыңа дейін. Жоқ олай емес тез білесіңдер. Тағы олай емес. Жуырда білесіңдер. Жоқ олай емес, анық білген боласыңдар.” “Тәкәсур” сүресі, 1-5 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

“Бұл дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ахірет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе.”“Ғанкабут” сүресі, 64 аят.

457. Хабар бойынша,Амр бин Ауф аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Убай бин аль-Жаррахты Бахрейнге сол жерде жиналған жизианы (салық) алып келуге жіберді. Абу Убайда ақшаны алып келді, оны білген ансарлар, таң нмазына Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге келді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олармен таң намазын өткізгеннен кейін өз істерімен кетпекші болып еді, бірақта олар оның қасына келді. Оларды көрген ол жымиып: “Сендер Абу Убайа Бахрейіннен бір нәрсе әкелгенін есітіп келіп тұрсыңдар, деп ойлаймын”, - деді. Олар: “Иә, иә Аллаһтың елшісі”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда сендерді қуандыратын нәрсеге қуаныңдар да үміттеніңдер! Бірақта, Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендер үшін кедейліктен қорқпаймын, менің сендер үшін қорқатыным, сендерге дейін өмір сүргендерге берілгені сияқты сендерге де осы дүниенің жақсылықтарының бәрі беріледі ме деп және олар сияқты бір-біріңмен бәсекелесесіңдер ме деп қорқамын, сонда ол сендерді де оларды жойғандай жояды!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

458. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын мінберге отырды, ал біз болсақ оны қоршай отыра кеттік те, ол: «Расында, мен сендер үшін өлімімнен де қатты қорқатыным ол, сендерге бұйырылатын осы дүниенің жылтырағы мен әшекейлері.Аль-Бухари, Муслим.

 

459. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, бұл дүние тәтті, әрі көк, Аллаһ сендерді қайтер екен деп, жер бетінде Өзінің уәкілі етті. Бұл дүниеден сақ болыңдар және әйелдерден сақ болыңдар! Муслим.

 

460. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә, Аллаһ о дүниедегі өмірден басқа, өмір жоқ! Аль-Бухари, Муслим.

461. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

(Қабірге) өлген адамның артынан үшеуі ереді, олар: отбасы мүшелері, оның дүниесі және амалдары. Олардың екеуі қайтады да, ал біреуі өзімен қалады. Қайтатындары, отбасы мүшелері мен дүниесі, ал амалдары болса өзімен қалады. Аль-Бухари, Муслим.

462. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Осы дүниеде ең көп молшылықта болған, ал Ахірет күні Отқа кесілгенді алып келіп, біраз уақыт Отта ұстайды да одан: “Иә Адам баласы, сен қашанда болса бір жақсылық көріп рахаттанып па едің?”, - деп сұрағанда, ол: “Жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін, иә Раббым”, - деп жауап береді. Одан кейін бұл дүниеде қай бір қиыншылықтар көріп бәлеге душар болып Жәннәтқа шешілгенді алып келеді де, оны біраз уақыт Жәннәтқа кіргізіп: “Иә Адам баласы, сен қай бір жамандық көріп қайғырып көріп пе едің?”, - деп сұрайды. Сонда ол: “Жоқ, Аллаһтың атымен ант етемін, мен ешқашан жамандық көріп және қайғырып көрген емеспін!”, - деп жауап береді. Муслим.

 

463. Хабар бойынша,Аль-Мустаурид бин Шадад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұл дүние мен мәңгілік дүниенің айырмашылығын білу үшін, сендерден кез келгенің саусағын теңізге салсын да, одан кейін одан не алғанын қарасын[260]. Муслим.

 

464. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оң жағынан және сол жағынан еріп қоршаған адамдарымен базардың ішінде жүргенде, бір өліп жатқан кішкене құлақты лақты көріп, оны көтеріп құлағынан ұстап: «Қайсыларың мынаны дирхемге сатып аласың?», - деп сұрады. Адамдар: «Біз оны ешқандай ақшаға сатып алғымыз келмейді, біз онымен не істейміз?», - деді. Ол: «Сендер осының сендерге бұйырғанын қалар ма едіңдер?», - деді. Адамдар: «Аллаһтың атымен ант етеміз, өлексе түгіл, тірі болса да біз оны қаламас едік, өйткені оның құлағы тым кішкентай?», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: "Аллаһтың атымен ант етемін, бұл дүние Аллаһ үшін бұл лақтан да мардымсыз!", - деді. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.