Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 5 страница



465. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Медина жерінің қара тасты бөлігінен өтіп бара жатып Ухудқа қарай бұрылған уақытта ол: «Иә Абу Зарр!», - деді. Мен: «Мен мұндамын, Аллаһтың елшісі!», - деп дауыстадым. Сонда ол: «Мынандай ғана жағдайда Ухуд тауының көлеміндей алтынды болған, мені қуантар еді, егерде одан ертеңіне тек қана қарыздарымды өтеуге қалатындай мөлшерін қалдырсам, ал қалғанын осылай да осылай таратсам», - деп Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолдарын оңға, солға және артына сермеп көрсетті. Жолдың біраз бөлігін өтіп болған соң ол: «Расында, байлар Ахірет күні, байлығын осылай да осылай таратпағандарынан басқаларының бәрі кедей болып шығады[261]», - деп Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолдарын оңға, солға және артына сермеп көрсетті де: «Бірақта ондайлар аз болады!», - деді. Содан соң ол маған: «Осы жерде қал да, мен саған оралғанымша орныңнан қозғалма!», - деп өзі ары қарай қараңғы түнннің ішіне кіріп (көрінбей) кетті. Ал біраз уақыт өтісімен бір қатты дыбыс естідім. Мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біреу тап бердіме, деп қорықтым да, оған бармақшы болдым, бірақ оның: «Мен саған келгенше орныңнан қозғалма!», - деген сөздерін есіме алдым да, ол оралғанша орнымнан қозғалмай тұрдым. Ол оралған соң: «Мені қорқытқан бір дыбыс естідім», - деп оған естігенімді айттым. Ол: «Сен шынымен-ақ оны естідің бе?», - деп сұрады. Мен: «Иә», - дедім. Сонда ол: «Бұл болған Жебірейіл, ол келіп маған мынаны айтты: «Сенің үмметіңнен Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпегеннің бәрі Жәннәтқа кіреді»», - деді. Мен: «Егер ол зина жасап, ұрласа да ма?», - деп сұрадым. Ол: «Ол ұрласа да, зина жасаса да!», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

466. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер менде Ухуд тауының көлеміндей алтын болса, үш күннен соң одан қарыздарымды өтейтін мөлшерде ғана қалдырып, қалғанын таратып жіберсем, қуанар едім! Аль-Бухари, Муслим.

 

467. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өздеріңнен жоғарыдағыларға қарамаңдар, өздеріңнен төмендегілерге қараңдар, өйткені бұл сендерге Аллаһтың жасаған мейірімін аз деп ойламауларың үшін жақсы. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп отыр.

Бұл хадистің аль-Бухари келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Егер сендерден кім өзінен байырақ не болмаса әдемірек біреуді көретін болса, онда өзінен төменірек біреуге қарауды да ұмытпасын.

 

468. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өздеріне бір нәрсе берілгенде риза болып, ал еш нәрсе берілмесе риза болмайтын динардың, дирхемнің, катифтың, хамистің[262] құлдары, жаман жағдайға душар (яғни опат) болсын! Аль-Бухари.

469. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен перденің арты тұрғандарының жетпісін көрдім[263], сонда оларда үстеріне киетін кіиімнен бір изар[264], не болмаса ұштарын мойындарына байлап алатын, бір дана ғана киімдері болатын, ал шапан деген олардың ешқайсысында болған емес. Олардың ол кйімдері бірінің тізелеріне дейін жетсе, енді бірінің қызыл асықтарына дейін жететін, сонда адамдарға көрінуге болмайтын жерлері[265] ашылып қалмас үшін, киімдерінің ұштарын ұстап тұратын. Аль-Бухари.

 

470. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұл дүние – имандыға түрме де, имансызға Жәннәт. Муслим.

 

471.Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің иығымнан ұстап: “Бұл дүниеде бөтен елдік, не болмаса сапардағы адам секілді бол”, - деді.

Бұл хадисті жеткізуші Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп жиі айтатын: “Егер сен кешке дейін тірі болсаң онда таң атқанша өмір сүремін деп ойлама[266], ал таң атқанда тірі болсаң онда күн батқанша өмір сүремін деп ойлама және деніңнің саулығынан ауруыңа (қажетін) ал, ал өміріңнен - өліміңе (қажетін) ал!”[267] Аль-Бухари.

Бұл хадисті түсіндірушілер былай дейтін, бұл дүниеге сенім артпа, оны өзіңнің отаным деп ойлама және мұнда ұзақ уақытқа қаламын деп қамданба, бұл дүниеге жат елдік кісі қалай үйірленсе сен де солай үйірлен және үйіне оралуға дайындалған жат елдік шетте не ісетемейтін болса, сен де мұнда оны істеме, ал көмек көрсетуші Аллаһ.

 

472. Аубль-Аббас Сахль бин Саъд ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келді де: “Иә Аллаһтың елшісі, маған мен оны орындасам Аллаһ жақсы көретін және адамдар жақсы көретін бір амал көрсетші”, - деп сұрады. Жауап ретінде оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл дүниеден басыңды тарт, сонда сені Аллаһ жақсы көретін болады, адамдардағы нәрселерден басыңды тарт, сонда сені адамдар жақсы көретін болады.” Бұл хадисті “Жақсы” хадис деп жақсы иснадпен Мбн Маджаъ және басқа да мухаддистер келтіреді.[268]

473. Хабар бойынша,ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, осы дүниенің игілігі тиген адамдар жайлы айтып жатып былай деді: “Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, күні бойы жеуге жаман құрмаларды да таба алмай аштықтан бүгіліп жүргенін көрдім!” Муслим.

 

474. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жан тапсырғанда, менің сөремде сақтаулы тұрған кішкене ғана арпадан басқа жейтін еш нәрсе болмады, мен онымен көп уақыттар бойы тамақтанып жүрдім де, ал оны бірде өлшегенімде ол таусылып қалды![269] Аль-Бухари, Муслим.

475. Хабар бойынша,Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелінің бауыры Жуввайрийи бин аль-Хаоис, Амр бин аль-Харис, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Қайтыс болғаннан кейін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, артынан өзі мініп жүрген ақ қашары, қару-жарағы және түскен табысының бәрін садақа ретінде таратуға әмір берген жер бөлігінен басқа не динар, не дирхем, не құл, не күң қалдырған жоқ. Аль-Бухари.

 

476. Хабар бойынша,Хаббаб бин аль-Апатт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Меккеден Мәдинаға Өзінде біздің сауабымызды жазған Аллаһтың дидарына талпынып көштік. Арамызда кейбіреулер бұл дүниеде сыйын алмай кетті. Олардың арасында Мусъаб бин Умайр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, болды. Ол артынан ала жамылғыш қана қалдырып Ухуд шайқасында өлді. Біз онымен оның басын жапқан кезде аяғы ашылып қалатын да, ал аяғын жапқан кезде басы ашылып қалатын, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге оның басын жауып, ал аяғын тәтті иісті қамыспен жабуға әмір берді. Және де арамызда (осы дүниеде) жемістері пісіп, оны үзіп қазір жеп жүргендер де бар[270]! Аль-Бухари, Муслим.

 

477. Хабар бойынша,Сахл бин Саъд ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер Аллаһ үшін бұл дүние масаның қанатына тұрарлықтай болса еді, онда Ол имансызға бір жұтым су да бермес еді! Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

478. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһты еске алғаннан басқа және соған жақын істерден басқа және білуші мен білім алушыдан басқаның бәрі бұл дүниеде лағынеттелген және бұл дүниеге лағынет тиген. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

479. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иемденушіліктің артынан қудаламаңдар, олай істесеңдер бұл дүниені қалап (яғни жақсы көріп) кетесіңдер.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

480. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз лашығымызды жөндеп жатқан кезімізде, жанымыздан өтіп бара жатқан Аллаһтың елшісі, оған Алдлаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізден: “Бұл не?”, - деп сұрады. Біз: “Бұл ескірген соң, біз бұны мықтап жатырмыз”, - дедік. Бұған ол: “Мен бұдан да шұғыл іс бар деп ойлаймын[271]”, - деді. Аль-Бухари, Муслим, Абу Дауд, ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

481. Хабар бойынша,Қаъб бин Ийад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, әр үмметтің өзінің азғырылатын (сынағы) бар, менің үмметімнің азғырылатын (сынағы) байлық болады. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

482. Хабар бойынша,Абу Амр Осамн бин Аффан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам баласы онда тұратын үй, және денесін басқалардың көруіне рұқсат етілмеген жерлерін жабатын киім және су мен үзім наннан басқа еш нәрсеге хақысы жоқ[272]. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді[273].

Ат-Тирмизи былай дейді:“Мен, Абу Дауд Суляйман бин Ас-лям аль-Бахли былай дегенін естідім: “Мен, ан-Надр бин Шумайльдің былай дегенін естідім: “ “аль-Жильф” деген сөз “қоспасыз нан”, дегенді білдіреді. Басқа біреу: “Бұл кебекті нан”, - десе, ал аль-Харави: “Мұнда нан салатын ыдыс жайлы, мысалыға, “қап”, жайлы айтылып тұр”, - дейді.

 

483. Хабар бойынша,Хаббаб бин аль-Апатт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды[274]”, - деп оқып жатқан кезінде келдім. Ол оқуын аяқтап: “Адам баласы: “Менің байлығым, менің байлығым!”, - дейді, - бірақта, иә Адам баласы, саған сен жеп таусқаннан басқадан, киіп тоздырғаннан басқадан, не болмаса садақа ретінде беріп тамамдағаннан басқасы саған бұйырды ма?![275]”, - деді. Муслим.

 

484. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Мутаффаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһтың атымен ант етемін, мен сені жақсы көремін!”, - деді. Жауап ретінде ол: “Сен не айтып жатқаның жайлы ойлан”, - деді. Ол тағы да: “Аллаһтың атымен ант етемін, расында, мен сені жақсы көремін!”, - деп бұл жолы үш рет қайталады. Сонда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Егер сен мені жақсы көрсең, онда кедейлікке қарсы қаруыңды қамдай бер, өйткені мені жақсы көргенге кедейлік (таудан аққан) ағын су (таудың шетіне) жеткеннен де тез жетеді”, - деді. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді[276].

 

485. Хабар бойынша,Қаъб бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі қасқырдың бір отар қойға тигізген зияны, адамның байлыққа деген құштарлығының дініне тигізетін зиянынан артық емес. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

486. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қамыстан жасалған тоқыманың үстінде ұйықтап тұрған кезінде оның денесінде өрменің іздері қалды. Сонда біз: “Иә Аллаһтың елшісі, біз саған бір нәрсе төсеп беруіміз керек еді!”, - дегенімізде – ол: “Бұл дүниені кәйтейін? Мен бұл дүниеде ағаштың көлеңкесіне демалуға келіп, ал одан кейін оны тастап кететін шабандоз секілдімін!”, - деді. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

487. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кедейлер Жәннәтқа, байлардан бес жүз жыл бұрын кіреді. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

488. Хабар бойынша,Ибн Аббас және Имран бин Хусайн, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Жәннәтқа қарап едім ондағылардың көбінің кедейлер екенін көрдім және Тозаққа қарап едім ондағылардың көбісінің байлар екенін көрдім. Аль-Бухари, Муслим.

 

489. Хабар бойынша,Усама бин Зайд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Жәннәттің қақпасының жанында тоқтағанымда, онда көбінше жарлылардың кіргенін көрдім, ал байлар болса бөгелтілді[277]. Ал Тозаққа кіруге шешілген байлар Тозаққа (тезінен) тасталынды[278]. Аль-Бухари, Муслим.

 

490. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ақынның айтқан сөздерінің ең шыншылы болып, Лябид[279] ақынның былай деп айтқаны жатады: “Аллаһтан басқаның бәрінің шарқы (шамасы) жоқ[280] болып табылмай ма?” Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Аштықтың, қатаң өмірдің, аста, суда, киімде және басқа да барлық адамның жанына қуаныш әкелетін істерде азға қанағат етудің, және де нәпсінің артынан еруден бас тартудың мәртебесі жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (Қияметте) адасуларының сазайын тартады. Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай Жәннәтқа кіреді.”“Марйам” сүресі, 59-60 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

“Ол қауымына сән-салтанат ішінде шықты; дүние тіршілігін қалағандар: “Әттең! Бізге де Қарұнға берілген тәрізді болса; өйткені ол зор ырыс иесі”, - деді. Өздеріне білім берілгендер: “Аллаһтың сыйлығы; иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді”, - деді.”“Қысас” сүресі, 79-80 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

“Сол күні (дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар.”“Тәкәсүр” сүресі, 8 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Кім дүниені қаласа. Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз. Содан соң оны жаһаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхеметке ұзақ болған түрде кіреді.”“Ісра” сүресі, 18 аят.

 

491. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мухаммадтың қайтыс болған күніне дейін, оның жанұя мүшелері арпадан жасалған нанды екі күн қатарынан тойып жеген емес. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Аль-Бухари келтірген басқа бір нұсқасында Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мединадан көшіп қайтыс болғанға дейін, оның жанұясы бидайдан жасалған нанды үш күн қатарынан тойып жеген емес.

492. Хабар бойынша,Урва, Айшаның оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын естіген:

Иә менің апамның баласы, Аллаһтың атымен ант етемін, мынадай жағдайлар болған, біз жаңа айдың туғанын көрдік, одан кейін тағы да бір жаңа ай туғанын көрдік, екі ай аралығында біз үш жаңа туған айды көріп, сол аралықта Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйлерінде от тұтатпаған күндер болған еді[281].

Урва былай дейді:

Мен: “Иә апатайым, (сонда) сендер немен қоректендіңдер?”, - деп сұрадым. Сонда ол былай деді: “Құрма мен сумен, дегенмен Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрші болып сауынды түйелері бар ансарлар тұрды да, олар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олардың сүтінен беріп тұратын, ал ол болса оны бізге ішкізетін .” Аль-Бухари, Муслим.

493. Хабар бойынша,Абу Саъйд аль-Макбуридің айтуымен, ол бірде алдарында қуырылған қойдың еті жатқан адамдар, жандарынан өтіп бара жатқан Абу Хурайраны, оған Аллаһтың ризвшылығ болсын, шақырды, бірақ ол тамақтан бас тартып былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл дүниеден (басқа тұрмақ) арпамен жасалған нанды да тойып жемей өтті. Аль-Бухари, Муслим.

 

494. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайтыс болғанынша тамақты тақтайдың үстінен жеп көрмегендей[282], нәзік ұннан жасалған нанды[283] да жеп көрген емес. Аль-Бухари.

Бұл хадистің аль-Бухари келтірген тағы бір нұсқасында Ансатың былай деп айтқаны келтіріледі:

…және ол өмірінде толығымен қуырылғын (отқа қақталған) қозыны көрген де емес.

 

495. Хабар бойынша,ан-Нуъман бин Башир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен сендердің Пайғамбарларыңның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кей-кездері қарнын тойдыру үшін, жаман құрма да таба алмаған күндері болғанын көргенмін. Муслим.

496. Хабар бойынша,Сахл бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ оны (адамдарға) жіберіп және оны Өзіне алғанға дейін ақ нанды көрген емес. Одан: “Сендерде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде елек (елкезер) болды ма?”, - деп сұрады. Сонда ол: “ Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ оны (адамдарға) жіберіп және оны Өзіне алғанға дейін елек көрген емес”, - деді. Одан: “Онда сендер еленбеген (електен өткізбеген) арпаны қалай жедіңдер?”, - деп сұрады. Ол: “Біз оны бірінші ұнтақтайтынбыз, сосын оған үрлейтінбіз, сонда одан ұшқаны ұшып, ал қалғанына су құйып қамыр илейтінбіз”, - деп жауап берді. Аль-Бухари.

 

497. Хабар бойынша,Сахл бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде күндіз /не:…түнде/ Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйінен шыққан кезінде ойламаған жерден Абу Бакр мен Омарды көрді де, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олардан: «Сендерден осындай уақытта үйлеріңнен шығуларыңа не себеп болды?», - деп сұрады. Олар: «Аштық, иә Аллаһтың елшісі», - деді. Бұны естіген ол: «Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, менің де үйден шығуыма себеп болған аштық. Менімен бірге жүріңдер», - деді де бәрі бірге бір ансардың үйіне барды. Олар оған келсе ол үйінде жоқ екен. Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрген ол адамның әйелі: «Қош келдіңіз!», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан: «Пәленше қайда?», - деп сұрады. Ол әйел: «Ол бізге жақсы су алып келуге кетті», - деген уақытында әлгі ансар кіріп келді де, Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның екі жолдасын көріп, одан кейін[284]: «Субхан Аллаһ (Аллаһқа мақтау), бүгін ешкімде менің үйімдегідей қадірлі қонақтар болмайды!», - деді. Содан соң ол барып оларға көктей, піскен, және үлбіреп піскен құрманың бір шоғын алып келді де: «Жеңіздер!», - деп, өзі қолына пышағын алды. (Бұны көрген) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сауындысын бауыздаушы болма!», - десе де, ол барып сол қойды бауыздады. Сосын олар ет жеп, құрма жеп, су ішіп тойған соң, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Бакр мен Омарға, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын: «Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, Ахіретте сендер бүгінгі (тойынып) рахаттанғандарың үшін әлбетте жауап бересіңдер! Аштық сендерді үйлеріңнен шығуларыңа мәжбүр етті, ал сендер рахат алмай (яғни тойынбай) үйлеріңе оралмадыңдар!"» - деді. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.