Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 6 страница



Рахаттану жайлы сұраулар, ол рахаттарды тізіп естеріне салу ретінде болып, ол үшін жазаланып айыпталмайды (деп ойлаймыз), ал Аллаһ бұл жайында жақсырақ біледі. Ал әлгі ансар жайлы айтатын болсақ, ол ат-Тирмизидің және басқа мухадситердің келтірген риуаяттарында Абуль-Хайсам бин ат-Тайхан, делінеді.

 

498. Хабар бойынша,Халид бин Омар аль-Адауи, ол былай деді:

Бірде Баср қаласының басшысы болған Утба бин Газуан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бізге былай деп құтпа айтты. Алдымен ол Аллаһқа мақтауларын айтты да, сосын: “Ал содан соң, расында бұл дүниеге оның ақыры жайлы хабар берілді, оның ақыры жақындап қалды, расында, одан оны иесі жинап алып, ыдыста қалған қалдықтай қалдық қалады. Расында, сендер бүл дүниеден, басқа таусылмайтын дүниеге көшесіңдер, сондықтан оған өздеріңмен бірге алып кете алатын игілікті (істеріңмен) көшіңдер. Расында, бізге мынау айтылды, Жаһаннамның жағасынан тасталған тас жетпіс жыл бойы құлап оның түбіне жете алмайды, бірақта Аллаһтың атымен ант етемін, ол толығымен толтырылады, ал сендер неліктен бұған таңырқамайсыңдар?! Және бізге мыналар айтылды, Жәннәт қақпаларының жарма[285] арасының ұзындығы қырық жылдық сапарға тең, бірақта әлбетте солардың бәрі адамдармен толтырылатын күн болады! Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге жеті адам болып, оның ішінде мен де бармын, бізге ағаштың жапырағынан басқа жейтін еш нәрсе болмай, оны жеп аузымыздың ұштары жарамен қаптаған күндер де болған. Бірде маған ойламаған жерден шапан бұйырып, оны екіге бөліп жартысын Саъд бин Маликке бердім, сонда оның жартысын мен, ал екінші жартысын Саъд (белге орайтын) изар ретінде қолдандық. Ал қазір болса біз әр қайсысымыз кем дегенде бүтін бір қаланың басшысымыз, бірақта расында, мен Аллаһқа Оның алдында бишара бола тұра өзімді ұлы (мәртебелі) санаудан сыйынамын (яғни сақта деймін)! Муслим.

 

499. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын бізге қиса[286] мен дөрекі изар алып шығып[287] былай деді: “Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Өзіне алғанда үстінде осы киімдері болды.” Аль-Бухари, Муслим.

 

500. Хабар бойынша,Саъд бин Абу Уақас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Расында, мен Аллаһ жолында жебесінен оқ атқан арабтардың ішінде біріншісі болдым. Біздердің Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тікенді бұтаның және әлгіні жегеннен қиы қойдың құмалағы секілді араласпай түсетін, қарағанның жапырағынан басқа жейтін еш нәрсе болмаған жорықтарда, бірге болған кездер болды. Аль-Бухари, Муслим.

 

501. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Аллаһ, Мухаммадтың жанұясының ризығын күндізгі қоректену қыл![288] Аль-Бухари, Муслим.

 

502. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Өзінен басқа құдай болмаған Аллаһтың атымен ант етемін, расында, менің аштықтан бауырыммен жерге жатып не болмаса оның қиындығын жеңілдету үшін ішіме тас байлап жүрген кездерім болды да, бірде мен олардың[289] жүретін жеріне отырып алдым. Біраз уақыт өтісімен менің жанымнан Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өтіп бара жатып, менің түрімді көріп жан дүниемде не болып жатқанын түсініп жымиып, маған: “Абу Хирр[290]!”, - деді. Мен: “Мен мұндамын, иә Аллаһтың елшісі!”, - дедім. Ол: “Менің артымнан жүр”, - деді де, мен оның артынан жүріп отырдым. Сосын ол үйіне кірді де, ал мен болсам одан кіруге рұқсат сұрадым, ол маған рұқсат берді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйге кіріп бір ыдыстағы сүтті көріп: “Мынау қайдан келген сүт?”, - деп сұрады. Оған: “Оны саған пәленше сыйлады?”, - деді. Сонда ол: “Абу Хирр!”, - деді. Мен: “Мен мұндамын, иә Аллаһтың елшісі!”, - деп үн қаттым, ол болса: “Перденің арты тұратындарына бар да, оларды маған шақырып кел!”, - деді.

Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Перденің артында тұратындар жайлы айтатын болсақ, олар Исламның қонақтары еді, олардың Мединада көмектесетін ешкімі болмағаны секілді, олардың жанұялары да, ақшалары да жоқ еді, ал Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, садақа әкелетін болса, ол оның бір бөлігін соларға беретін, ал өзі болса оған тиіспейтін, ал егерде оған бір сый беретін болса, онда да оларды ұмытпай соларға бір бөлігін беретін де, ал бір бөлігін өзіне қалдыратын. Оның бұл сөздері мені қапаландырып мен ішімнен: “Бұл ыдыстағы (сүт) перденің артында тұратындар үшін не болады?![291] Бұл сүтті мен ғана ішіп, қуаттанып алуға лайықтымын. Ал егер олар мұнда келсе, онда ол маған ыдыстағы сүтті оларға беріп, сосын кезек маған жеткенше бұл сүттен не қалады!”, - деп ойладым, - бірақта Аллаһ пен Оның елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірін орындамау жайлы сөз де болуы мүкін емес, сондықтан мен оларды барып шақырып келдім. Олар оның үйінің жанына келді де, кіруге рұқсат сұрады, ол оларға рұқсат бергенде, олар ішке кіріп отырды. Сонда ол: “Абу Хирр!”, - деді. Мен: “Мен мұндамын, иә Аллаһтың елшісі!”, - дедім, ол: “Ыдысты алып әр қайсысына бер!”, - деді.

Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Мен ыдысты алдым да, әр қайсысына бере бастадым, олар тойғандарынша ішіп, ыдысты маған қайтарып отырды. Кезек Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткенше, осылай қайталанып отырды, сосын ол ыдысты қолына алды да маған күлімдеп қарап: “Абу Хирр!”, - деді. Мен: “Мен мұндамын, иә Аллаһтың елшісі!”, - дедім, сонда ол: “Біз екеуіміз ғана қалдық”, - деді. Мен: “Сен дұрысын айтып тұрсың”, - дедім. Ол: “Отыр да іш!”, - деді. Мен отырдым да ыдыстағыны ішіп қойдым, сосын ол тағы да: “Іш!”, - деді, - мен тағы да іштім. Ол Маған: “Іш!”, - деп айтуын, мен: “Сені ақиқатпен Жібергеннің атымен ант етемін, бұдан басқа іше алмаймын”, - дегенімше жалғастыра берді. Ол: “Онда оны маған бер”, - деп, Аллаһ Тағалаға мақтаулар айтты[292] да: “Аллаһтың атымен /Бисми-Лләһи/”, - деп қалғанын ішіп қойды. Аль-Бухари.

 

503. Хабар бойынша,Мухаммад бин Сирин, ол Абу Хурайраның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мінбері мен Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, үйінің арасында талып құлаған кездерім болды. Сол кезде мені жынданды деп, адамдардың ішінен бірі келіп мойнымнан аяғымен басатын, ал мен болсам жынды емес едім, ал құлайтын себебім, аштық еді. Аль-Бухари.

 

504. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қайтыс болғанда оның сауыт-сайманы бір саъ[293] арпа үшін, яһудиде кепілдікте еді. Аль-Бухари, Муслим.

 

505. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сауыт-сайманын арпа үшін кепілдікке берді, ал мен оған арпадан жасалған нан мен ащылау шыжғырылған май алып келгенімде оның былай деп айтып жатқанын естідім: “Не таң ертең, не кешке ешуақытта Мухаммадтың жанұясында тоғыз үйге[294] бір саъдан артық тамақтанатын еш нәрсе болған емес.” Аль-Бухари.

 

506. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен перденің арты тұрғандарының жетпісін көрдім[295], сонда оларда үстеріне киетін кіиімнен бір изар[296], не болмаса ұштарын мойындарына байлап алатын басқа, бір дана ғана киімдері болатын, ал шапан деген олардың ешқайсысында болған емес. Олардың ол кйімдері бірінің тізелеріне дейін жетсе, енді бірінің қызыл асықтарына дейін жететін, сонда адамдарға көрінуге болмайтын жерлері ашылып қалмас үшін, киімдерінің ұштарын ұстап жүретін. Аль-Бухари.

 

507. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, төсегі - ол іші пальманың қылымен толтырылған теріден иленген көрпеше болатын. Аль-Бухари.

508. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге отырған кезімізде, ансарлардың ішінен бірі келді де, сәлем беріп артқа қарай кетті. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан: “Иә ансар бауырым, менің бауырым Саъд бин Убаданың халы қалай[297]?”, - деп сұрады. Ол адам: “Жақсы”, - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орнынан тұрып жатып: “Кайсысың оған кіріп шығасың?”, - деді. Біз де онымен бірге тұрдық. Біз оннан көп адам болдық, сонда біздің еш қайсысымызда не сандалымыз, не мәсіміз, не бас киіміміз, не жидеміз болмады, және біз сор жермен үстімізде барымызбен оған жеткенше жүріп отырдық. Сонда аурудың жанындағылар (бізге орын беріп) шығып кетті де, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанындағыларымен оған жақындады. Муслим.

 

509. Хабар бойынша,Имран бин аль-Хусайн, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Араларыңдағы жақсыларың менің замандастарым болады, одан кейін – олардан кейінгілер, одан кейін – одан кейінгілір. Имран айтты:

Бұл сөздерін Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, неше рет қайталағанын екі рет пе, әлде үш рет пе білмеймін, әйтеуір сосын былай деді: “Ал одан кейін олардың орнына куә беріп, бірақ куәсінен тайып (сатып) кететін, сондықтан сенімсіз болып куәлікке оларды қатыстырмайтын адамдар келеді. Олар ант беріп бірақ анттарын орындамайды және олардың арасында дөкейлері көп болады[298]. Аль-Бухари, Муслим.

 

510. Хабар бойынша,Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Адам баласы, сен үшін артық затты жұмсау оны жаныңда ұстап қалғаннан жақсы, өйткені сен өзіңе керектіні қалдырғаннан айыпталмайсың (яғни жазаланбайсың). Ал жұмсауды өзіңнің қарамғыңдағыларға беруден баста[299]. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

511. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Михсан аль-Ансари аль-Хатми, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Араларыңнан таңертең жүрегі тыныштықпен, дені сау және күндізге жетерлік тамағымен тұрғандарыңа, бүкіл дүние бұйырды деп айтуға болады. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

512. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оғларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ислам дінін қабылдап, өзінің несібесіне жеткіліктісі[300] бұйырып және Аллаһтың қалауымен Оның бергеніне риза болатын адам, мол табысқа кенеледі. Муслим.

 

513. Хабар бойынша,Абу Мухасммад Фадали бин Убайда аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рахат (не бахыт) сонда, кім Ислам дінін қабылдап жеткілікті тамағы болып және барына қанағат етсе. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

514. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірнеше күн қатарынан Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аш ұйықтауға тура келетін кездері болатын және оның жанұясына да кешкілік тамақтарына еш нәрсе табуға мүкіншіліктері болмайтын, ал жейтін нандары көбінше арпадан жасалған нан болатын. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

515. Хабар бойынша,Фадаля бин Убайд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдармен өткізген намаздарында, қатарда ұйып намаз оқып тұрған еркекетердің ішінен, ал турасын айтатын болсақ перденің арты тұрғындары аштық салдарынан естерінен танып құлауы жиі болып тұратын да оларға бәдәуилер: “Бұл адамдардың есі дұрыс емес!”, - дейтін. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болса намаздан кейін оларға келіп: “Егер сендер Аллаһ Тағала сендер үшін не дайындап қойғанын білсеңдер еді, онда бұдан да ауыр кедейлік пен мұқтаждықты қалар едіңдер!”, - дейтін. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

516. Хабар бойынша,Абу Карима аль-Микдам бин Маъдикариб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам өзінің қарнынан артық жаман ыдыс толтырған емес! Адам баласына өзінің денесін ұстап жүру үшін бірнеше үзім тамақтан артық керек емес, ал егер де көп жеуге мәжбүр болса, онда асқазанының үштен бірін тамаққа толтырсын, үштен бірін - суға, ал қалған үштен бірін – жеңіл демалу үшін қалдырсын. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

517. Хабар бойынша,Абу Умам Ийас бин Саъляб аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары бұл дүниенің игіліктері жайлы әңгіме айтып жатқан кезінде, ол : “Сендер естімеп пе едіңдер? Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, тозу – иманнан, тозу – иманнан!”, - деп, ауыр өмірдің ізін меңзеді. Абу Дауд.

“Тозу”, деп тозған киімді (айтады) және сәнді киімнен бас тартуды айтады. Ал катаң өмірдің ізі, дегеніміз ол ауыр өмірден терісі кеуіп (жарылып), рахат өмірден бас тартқан адамның халінде өмір сүрген адамның өмірі жайлы айтуға болады.

 

518. Хабар бойынша,Абу Абдуллаһ Жабір бин Абдуллаһ, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жасақтың әміршісі етіп Абу Убайданы, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, тағайындап, құрайыштардың азық-түлік тиеген көшін басып алу үшін, жорыққа аттандырды. Сонда бізге теріден жасалған қапқа құрма ғана салып берілді, ал Абу Убайда, оны күніне әрқайсысымызға бір-бірден беріп отырды.

Сонда Жәбірден: «Сонда сендер онымен не істедіңдер?», - деп сұрады. Ол: «Біз оны нәресте секілді сорып, артынан су ішіп отырдық та ол бізге күні бойы қараңғы түскенше жететін және бұдан бөлек, біз талда өсіп тұрған түйелер жейтін жапырқты таяғымызбен қағып түсіріп, оны суда жібітіп жейтінбіз. Теңіздің жағасына жетісімен үлкен құмды қыр сияқты төбені көрдік те, оның жанына жақындап келсек, ол «анбар[301]», деп аталатын жануардың тұтас тушасы болып шықты. Алдымен Абу Убайда: «Бұл өлексе», - деді де, артынан: «Жоқ, біз Аллаһ жолындағы Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, елшілеріміз және біз бұны істеуге мәжбүрміз, сондықтан – жеңдер!», - деді. Біздің санымыз шамамен үш жүз адам болды да ол жерде оның етін жеп күйленгенімізше толығымен бір ай болдық. Сонда біз оның көзі орналасқан үңгірінен көз майын құмандап, ал етін бір бүтін бұқаның тушасының көлеміндей көлеммен кесіп алып отырдық. Бір күні Абу Убайда арамыздан он үш адамды таңдап алып, бәрімізді сол жануардың көз үңгіріне отырғызды, сосын оның бір қабырғасын алып құмның үстіне бекітіп астынан үлкен бір түйенің үстіне мініп өтті[302]. Және біз оның қақталған етінен қорек жинап алдық. Артынан Мединаға оралған кезімізде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп болған жайды айтып бергенімізде ол: «Ол - Аллаһтың сендерге жіберген ризығы! Сол еттеріңнен бізге де қалды ма?», - деді. Сонда біз оған еттің бір бөлігін жібердік те, ол одан жеді. Муслим.

 

519. Хабар бойынша,Асма бинт Йазид, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің көйлегінің (жейдесінің) жеңі білегінің ортасына дейін жететін[303]. Абу Дауд, ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.[304]

 

520. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Ор соғысы кезінде, біз сол орды қазып жатқан кезімізде бізге бір қатты, кетпен өтпейтін жер кезікті, сонда адамдар Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Бізге орда, осындай да осындай жер кезікті”, - деді. Ол: “Ол жерге өзім түсемін”, - деп орнынан тұрғанда, ішіне тас байлап алғанын көрдік, өйткені сол күнге дейін біз қатарынан үш күн еш нәрсе жемеген болатынбыз. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолына кетпенді алды да сол жерді ұрған кезінде ол үйіме құмға айналды. Сонда мен одан: “Иә Аллаһтың елшісі, маған үйге барып келуіме рұқсат бер”, - деп сұрандым да, үйге келісімен әйеліме: “Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, халінің мүшкілдігі соншама, енді шыдауға болмайды деп ойлаймын! Сенде бір нәрсе табылады ма?”, - деп сұрадым. Ол: “Менде арпа мен лақ бар”, - деп жауап берді. Сонда мен лақты бауыздадым да, ал ол болса арпаны үгітті. Сосын мен етті қазанға салдым, ал қамыр иленіп, қазан отқа қойылып бәрі дайын бола бастаған кезде, мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оралып: “Иә Аллаһтың елшісі, менде азын-аулақ тамақ бар, өзіңмен бір-екі адамды ерт те жүр!”, - дедім. Ол: “Сенде қанша тамақ бар?”, - деп сұрады да, мен (қанша тамақ барын айтып) жауап бердім. Менің айтқанымды естіп ол: “Жақсы, көп екен! Әйеліңе айт, мен келгенше қазанды оттан түсірмесін және нанды ошақтан алмасын!”, - деді де адамдарға: “Тұрыңдар!”, - деп бұйырды, ал мухажирлер мен ансарлар орындарынан тұрды, ал мен болсам әйеліме келіп: “Пайғамбар мухажирлер мен ансарларды және сонда жанында болғандардың бәрімен келді!”, - дедім. Әйелім: “Сен (бізде қанша тамақ бар екенін) айттың ба?”, - деді, мен: “Айттым”, - дедім. Біздің үйдің жанына келісімен, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға: “Кіріңдер де қысылспаңдар!”, - деді де, қазан мен ошақтан, одан бір нәрсе алып жатқан кезде қалқалап жауып нанды бөліп үстіне ет қойып өзінің сахабаларына бере бастады, сосын қайтадан қазаннан ет алып отырды. Сосын бәрі тойынғанша, солай нанды бөліп ет алуын жалғастырып отырды. Сонда әлі де тамақ қалып, менің әйеліме ол: “Өзің же де, қалғанын адамдарға тарат, расында адамдар аштыққа ұрынды!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің “Сахихтердің” екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында Жәбірдің былай деп айтқаны келтіріледі:

Ал бұл ор қазылып болған соң мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аштықтан қиналып жүргенін байқадым да, мен әйеліме оралып: “Сенде бір нәрсе бар ма? Расында, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аштықтан қиналып жүргенін көрдім!”, - дедім. Сонда ол ішінде бір саъ арпасы бар қапты алып шықты және біздің қолымызда кішігірім лақ болатын. Мен оны бауыздадым, ал әйелім болса мен етті мүшелеп біткенімше арпаны илеп болды. Сосын мен етті бөліп қазанға салдым да, Аллаһтың елшісініе, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарай тарттым. Ал шығар алдымда әйелім маған: “Сен мені Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және онымен бірге келетіндердің алдында ұялтпа[305]”, - деген соң, мен ақырын ғана ешкімге естіртпей: “Иә Аллаһтың елшісі, біз лағымызды бауыздадық та, мен бір саъ арпа илеп қойдым, өзіңмен бірге біраз адам ертіп, біздіңкіне кел!”, - дедім. Бірақта бұны естігіен Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айқайлап: “Иә ор қазғандар, Жәбір (бізге) тамақ дайындапты, асығыңдар!», - деп жар салды да, маған: «Мен келгенше қазанды оттан түсіруші болма және нанды пісіруші болма!», - деп қатаң нұсқаулар берді. Сонымен мен үйге оралдым, артымша соңынан адамдар ерген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді, ал мен үйге келген кезімде әйелім маған: «Осының бәрі сенің кесірің![306]», - деді, мен болсам: «Мен бәрін сен айтқандай істедім!», - деп (шырылдадым). Осыдан кейін әйелім біздің илеп қойған нанымызды[307] алып шықты, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол иленген нанға түкіріп оған береке шақырып дұға жасады, сосын отта тұрған етке де жақындап түкіріп береке тіледі, осыдан кейін менің әйеліме: «Сенімен бірге нан пісіру үшін бір әйелді шақыр да қазаннан ет алып отыр, бірақта оны оттан түсіруші болма!», - деді. Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге мыңға жуық адам келді, бірақта Аллаһтың атымен ант етемін, олардың бәрі тамақ жеп кетті және содан кейін де біздің қазанның (ет пісірген) үні тоқтамады[308], ал иленген нан кемімеді.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.