Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 8 страница



 

546. Хабар бойынша,Али бин Хатим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құрманың жартысымен болса да, өздеріңді Оттан қорғаңдар. Аль-Бухари, Муслим.

 

547. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, не сұралса да, ол ешқашан: «Жоқ», - деп жауап берген емес. Аль-Бухари, Муслим.

 

548. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың құлдарының оянатын әр-бір күні, көктен екі періште түсіп, олардың бірі: “Иә Аллаһ, (Сенің жолыңда) берушіге, несібеңді арттыр!”, - десе, екіншісі: “Иә Аллаһ, сараңды опат қыл!”, - дейді. Аль-Бухари, Муслим.

 

549. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: “Иә Адам баласы, шығындал (бер), сонда саған да шығындалынады (беріледі)!”[323]Аль-Бухари, Муслим.

 

550. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Исламның қайсы көрінісі жақсы саналады?”, - деп сұрады. Ол: “Жақсысы болып, адамдарды тамақтандыру мен білетін және білмейтін адамдарға сәлем беру саналады,” – деп жауап берді.Аль-Бухари, Муслим.

551. Хабар бойынша,Абу Мухаммад Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қырық түрлі жақсы амал бар, солардың ішіндегі ең жақсысы мұқтаж адамға сауынды ешкіні қарызға бере тұру. Аллаһтың сауабынан үміт етіп, және оны істегенге берілетін уәденің толық орындалатынына бекем сенген мұсылманды, Аллаһ әлбетте Жәннәтқа кіргізеді. Аль-Бухари.

 

552. Хабар бойынша,Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Адам баласы, сен үшін артық затты жұмсау оны жаныңда ұстап қалғаннан жақсы, өйткені сен өзіңе керектіні қалдырғаннан айыпталмайсың (яғни жазаланбайсың). Ал жұмсауды өзіңнің қарамағыңдағыларға беруден баста[324]. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

553. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кім Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір нәрсе сұраса, Ислам жолында ол сұрағанын міндетті түрде беретін. Бірде оған бір адам келді де, оған ол (отарлап) қой бергені соншалық, олар көлемімен екі таудың арасын толық жауып тұрғандай болды. Сонда ол адам өзінің руластарына: “Иә адамдар, тезірек Ислам қабылдаңдар, өйткені, расында Мухаммад, кедей болудан қорықпайтын адамның сыйын жасап жатыр!”, - деп келді. Сонда адам дүниеге қызығып Ислам қабылдаса да, арада біраз уақыт өтісімен ол адам үшін Ислам, бұл дүние мен бұл дүниедегенің бәрінен де абзал болып кететін.Муслим.

 

554. Хабар бойынша,Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған алып келген (олжаны) бөлгенде мен: “Иә Аллаһтың елшісі, басқалар мыналарға қарағанда бұған лайықтырақ еді!”, - дедім. Сонда ол былай деді: “Расында, олар мені, мынаның арасынан біреуін таңдауыма мұқтаж етті: олар мені сұрауларымен мазалап ақыр соңында мен оларға сұрағандарын берер едім де, не болмаса мені сараң деп айыптар еді, ал мен болсам сараң емеспін!” Муслим.

 

555. Хабар бойынша,Жубайр бин Мутъим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірде ол Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге Хунайннан оралған уақытында, бәдәуилер сұрауларында табандылық көрсеткендері соншалық ақыр соңында Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қараған талына ығыстырып, оның бұтақтарына шапаны ілініп қалды. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тоқтады да: “Маған шапанымды беріңдер! Егер менде осындағы тікенді бұта қанша болса, сонша мал болса, мен оны әлбетте сендерге бөліп берер едім, сонда сендер мені, не сараң, не қорқақ, не өтірікші санамас едіңдер!”, - деп айқай салды. Аль-Бухари.

 

556. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Садақа еш уақытта байлықты азайтпайды, өзгелерді кешірушіге Аллаһ даңтан басқа еш нәрсе қоспайды, және Аллаһ үшін бой ұсынып (кішірейгенді), Ұлы Аллаһ Тағала әлбетте жоғарылатады. Муслим.

 

557. Хабар бойынша,Абу Қабши Омар бин Саъад аль-Анмар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен үш нәрсе жайлы ант беремін және бір нәрселер жайлы айтамын, ал сендер болсаңдар оны естеріңе сақтаңдар! Садақа адамның байлығын кемітпейтіндігіне ант беремін, және адамға әділетсіздік көрсетіп, ал ол шыдамдылық танытса, онда Аллаһ әлбетте оның даңқын көтереді, жән егер де адам сұрамшылық есігін ашып қойса[325], онда Аллаһ оның алдында кедейліктің есігін ашып қояды!

Және сендерге басқаны айтамын, ал сендер естеріңде сақтаңдар: расында, бұл дүниеде адамдардың төрт түрлі тобы бар. Олардың бірінші тобына Аллаһ оған білім және байлық берген, ал ол Аллаһтан қорқып, туған-туысқандарымен қарым-қатынасын үзбей және қолындағы барымен не істеу керектігін білетін Аллаһтың құлы жатады – және мұндай адам (мәңгілік өмірде) ең жақсы жағдайда болады. Ал екінші топқа Аллаһ оған білім беріп, бірақ байлық бермеген, және ол шын көңілімен: «Маған егер байлық берілген болса еді, мен пәленше істегендей істер едем», - деп, бірінші адамның ниетіндей ниет ұстанған және сол ниеті үшін (Аллаһ оны) сол адамның дәрежесіне дейін көтеретін құл жатады. Ал үшінші топқа Аллаһ оған білім бермей, бірақ байлық берген, ал ол байлықты ойланбастан Аллаһтан қорықпай туған-туысқандарымен қарым-қатынас жасамай қолданған, және қолындағы барымен Аллаһ жолында не істеу керектігін білмейтін, Аллаһтың құлы жатады – және мұндай адам (мәңгілік өмірде) ең нашар жағдайда болады. Ал төртінші топқа Аллаһ оған білім де, байлық та бермеген, және ол шын көңілімен: «Маған егер байлық берілген болса еді, мен пәленше істегендей істер едем», - деп, үшінші адамның ниетіндей ниет ұстанған құл жатады да, ол сол ниеті үшін (мәңгілік өмірде) сол адамның ауыртпалығындай ауыртпалық тартады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

558. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз қой сойғанымызда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Одан не қалды?», - деп сұрады, мен: «Жауырынынан басқа еш нәрсе қалған жоқ», - деп жауап бердім. Сонда ол: «(Демек бізге) жауырынынан басқасының бәрі қалды», - деді.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

Бұл дегеніміз олар садақа ретінде қойдың жауырынынан басқасының бәрін садақа ретінде таратып жіберіп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның жауырынан басқасының бәрінің мәңгілік дүниеде өздеріне сақталғанын айтып жатыр.

 

559. Хабар бойынша,Асма бин Абу Бакр ас-Сиддик, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Торсығыңды байлама, олай істесең (байласаң) Аллаһ та оны саған байлайды»[326].Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Жұмса да санаспа, сонда саған да толтырылады (есесі қайтарылады), және жасырма, онда Аллаһ та саған тиесіліні жасырып қояды.

 

560. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сараң және жомартты, кеуде мен арқаны жауып тұратын, темір (тордан жасалған) сауытпен салыстыруға болады. Жомарт адам жайлы айтатын болсақ ол не жаратса да оның сауыты кеңіп, оның аяғындағы саусақтарына дейін жетіп, керек десеңіз (сүйретілгеннен) іздерін өшіретін халге жетіп, денесін жабқанша ұзара береді[327]. Ал сараң жайлы айтатын болсақ, ол бір нәрсе жаратуға ниет еткен сайын, оның саутының торлары өзінің орнына бекемделеді де, ол қанша оны ұзартқысы келсе де, ол ұзармайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

561. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім игілікпен тапқан дүниесінен садақа беретін болса – ал Аллаһ болса игліктіден басқаны қабыл алмайды, – Аллаһ оны Өзінің оң қолымен алады да, содан соң оны сендер әр қайсысың өзінің құлынын қалай өсіретін болса, ол садақаны берген адам үшін тура солай таудай болғанша өсіреді. Аль-Бухари, Муслим.

 

562. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде бір адам шөл далада келе жатып бұлттың арасынан: «Пәленшенің бағын суғар!», - деген дауыс естиді де, артынша бұлттар келе жатқан бағытын өзгертіп, қара тастақ жерге тоқтап жаңбыр болып жауады, одан аққан су бір арықты құрайды. Жолаушы аққан судың бағытымен жүріп отырып, өзінің бағының жанында күрегімен суды керек бағытына бұрып жатқан адамды көреді. Жолаушы одан: «Есімің кім?», - деп сұрайды. Ол: «Пәленше», - дегенде, ол есім бұлттың арасынан шыққан есім болып шығады. Ол адам жолаушыдан: «Иә Аллаһтың құлы, сен неге менің есімімді сұрадың?», - дейді. Жолаушы: «Расында, мен бұлттың арасынан: «Пәленшенің бағын суғар», - деген дауыс естідім және ол дауыстың айтқаны сенің есімің болып шықты, сондықтан мен сенің мұндай абыройға қалайша ие болғаныңды білу үшін келдім?», - дейді. Ол: «Сен сұраған соң, бұл жайында айтайын: расында, бұл бақтан шыққан өнімді жинап алып, оның түсімін санап, оның үштен бірін жарлыларға беремін, үштен бірін өзіме қалдырамын, ал үштен бірін өзіне қайтарамын[328]», - деп жауап береді. Муслим.

ТАРАУ

Қаттылық және сараңдылық жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Ал енді кім сараңдық істесе, елемесе, Жақсылықты жасынға шығарса; Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз. (Тозаққа) жығылған сәтте оны, оның малы оған пайда бермейді.» «Лейл» сүресі, 8-11 аяттар.

Аллаһ Тағала айтты:

«…Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар құтылушылар.» «Тағабун» сүресі, 16 аят.

Бұл тарауға қатысты хадистер жайлы айтатын болсақ, онда олардың көбі алдыңғы тарауда келтірілді.

 

563. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әділсіздіктен қорқыңдар, өйткені әділсіздік Қияметте қараңғы түнек болып келеді, және сараңдықтан қорқыңдар, өйткені сендерге дейін өмір сүргендерді сараңдық, бірі-бірінің қанын төгуге және тыйым салынған нәрселерді орындауға түрткі болып, құртқан.Муслим.

 

 

ТАРАУ

Жоғары бағалау және жұбаныш жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді…» «Хашыр» сүресі, 9 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді.[329]» «Інсан» сүресі, 8 аят.

564. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келіп: «Мен (әбден) тозып біттім[330]!», - деді. Мұны естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біреуді өзінің әйелдерінің біріне (оған тамақ берсен деп) жібереді, бірақ ол: «Сені ақиқатпен Жібергеннің атымен ант етемін, менде судан басқа еш нәрсе жоқ!», - деді. Сонда оны басқа әйеліне жібергенінде ол әйелі де сол секілді сөздерді айтты, соңынан ол оның барлық әйелдерін аралап шыққанында оларда сол секілді: «Жоқ, сені ақиқатпен Жібергеннің атымен ант етемін, менде судан басқа еш нәрсе жоқ!», - деген сөздерді айтумен болды. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мына адамды түнемекке кім қабылдайды?», - деп сұрады. Сонда бір ансар: «Мен, иә Аллаһтың елшісі» - дейді де, оны үйіне алып келіп, әйеліне: «Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қонағына құрмет көрсет», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, ансар әйеліне: «Сенде бір нәрсе бар ма?», - дейді. Ол: «Менің балаларыма беретін астан басқа еш нәрсем жоқ», - дейді. Сонда ансар: «Балаларды бір нәрсемен алдандыра тұр, ал егер олар тамақ жегісі келсе ұйықтауға жатқыз, ал қонақ келген кезде шамды өшір де біз де тамақ жеп жатқан секілді қыл», - деді. Содан соң олар өздерінің орындарына отырды да, қонақ тамақ жеп болған соң (өздері) аш қарынға жатты. Ал таңертең үйдің иесі Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын; келген уақытында ол: «Аллаһ сендердің бүгінгі түнде қонақтарыңмен қалай шығысқандарыңа ғажап болды!», - деді

«Ғажаб» - таңырқау, Аллаһтың сипаттарының бірі. Бұл жерде Аллаһ риза болды деген мағынада айтылып тұр.

 

565. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екеудің тамағы үшеуге де жетеді, ал үшеудің тамағы төртеуге де жетеді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, арқылы Муслим келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Біреуге жеткен тамақ екеуге де жетеді, екеуге жеткен тамақ төртеуге де жетеді, ал төртеуге жеткен тамақ сегізге де жетеді.

 

566. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге сапарда болған кезімізде, бізге түйеге мінген бір адам келді де оңға және солға қарай бастады[331]. Мұны көрген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Артық мініс малы бар, малы жоққа берсін, және артық азығы бар, азығы жоққа берсін», - деп, ол біз ешқайсысымыз артық еш нәрсе ұстамауымыз керек екендігін түсінгенімізше, дүние-мүліктерді еске салғандарын, еске салды (не болмаса еске салуын тоқтатпады – аударушыдан). Муслим.

 

567. Хабар бойынша,Сахл бин Саъад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде бір әйел Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тоқылған бүркеме әкеліп берді де: «Мен бұны саған сыйлау үшін өзім тоқыдым», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны қабылдады, өйткені бүркемеге сол кезде мұқтаж болатын. Сосын ол бүркемені изар ретінде орап бізге шыққан уақытында, бір адам оған: «Бұны маған сыйлашы! Ол неткен тамаша!», - деді. Бұны естіген Аллаһтың елшісі: «Иә», - деді де, жиналған адамдармен бірге отырды, сосын үйіне қайтып келіп, бүркенішін орап сол адамға беріп жіберді. Адамдар оны: «Сен дұрыс істемедің! Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны мұқтаж болған соң киді, ал сен болсаң ол ешкімнің қолын қайтармайтынын біле тұра сұрадың!», - деп айыптай бастады. Ал ол болса жауап ретінде: «Расында, Аллаһтың атымен ант етемін, мен бүркенішті киу үшін сұрағаным жоқ, оны (өлгенде) кебін қылу үшін сұрадым!»,- деді.

Сахл сөзін былай жалғастырды:

Артынан ол ораныш шынымен-ақ оған кебін ретінде бұйырды. Аль-Бухари.

 

568. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, ашъариттарда әскери жорық кезінде тамақпен бір қиыншылық болған уақытта, не болмаса қалада балаларына тамақ жетпей жатса, олар өздерінде барын барлығы бір шүберекке жинайтын да, одан кейін оны бір ыдыспен өлшеп бәріне теңдей бөлетін. Мен солар сияқтымын, ал олар мен сияқты. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Мәңгілік өмірге арналған істерде жарысу және өзімен игілік әкелетін істерді көбейтуге талпыну жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Оның сарқыны жұпар аңқиды. Жарысушылар осыған жарыссын» «Мутафиффин» сүресі, 26 аят.

569. Хабар бойынша,Сахл бин Саъад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сусын алып келді, ол оны ыдыстан ішті. Сонда оның оң жағында бір жасөспірім[332] отырды да, ал сол жағында қариялар отырды. Ол жасөспірімнен: «Сен маған мына ыдысты алдымен мыналарға беруге рұқсат бересің бе?», - деді. Жасөспірім: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен сенен маған тиесіліні ешкімге бермеймін!», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол ыдысты оған берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

570. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Аййуб пайғамбар, оған Аллаһтың сәлемі болсын, жалаңаш шомылып жатқан кезінде, оның үстіне алтын шегркелер төгіліп Аййуб оны киіміне жинай бастайды. Сонда оған оның Мәртебелі әрі Құдіретті Құдайы: «Иә Аййуб, мен сені көріп тұрғандырыңнан мұңсыз етпедім бе?», - дейді. Мұны естіген Аййуб: «Иә, Сенің Құдіретіңмен ант етемін, (бұлардың бәрінен мені мұңсыз қылдың), бірақта Сенің сыйыңа әрқашан мұқтажбын!», - деді. Аль-Бухари

 

 

ТАРАУ

Байлығын дұрыс жолмен тауып және оны өзіне бұйырған жеріне дұрыс жұмсайтын, мырзалы байдың дәрежесі жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Ал енді әлде кім Аллаһ жолында берсе, тақуалық қылса, Жақсылықты дұрыс деп білсе. Сонда оның жолын оңайластырамыз.»«Ләйіл» сүресі, 5-7 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Тақуарақ болған одан (тозақтан) алыстатылады. Сондай малын сарып қылып тазарғандар. Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ (яғни біреудің өзіне істеген жақсылығының ақысы үшін емес). Бірақ Ұлы Раббының ризалығын ғана іздейді. Сондай-ақ ол таяуда разы болады.»«Ләйіл» сүресі, 17-21 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Егер садақаларды көрнеу (ашық) берсеңдер, сонда ол қандай жақсы. Егер оны жасырын беріп кедейлерге берсеңдер, әрине сендер үшін сонда да жақсы. Аллаһ сендердің күнәләріңді жарылқайды. Сондай-ақ Аллаһ істегендеріңді толық білуші»«Бақара» сүресі, 271 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар? Не берсеңдер де Аллаһ оны толық біледі.«Аль Имран» сүресі, 92 аят.

Аллаһ жолында қаржы жұмсаудың дәрежесі жайлы аяттар көп.

 

571. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың екі түрлі қасиетіне ғана қызығуға болада, олар: Аллаһ оларға көп байлық беріп, оны дұрыс жолға соңына дейін жұмсағандар және Аллаһ оларға көп білім (ақыл) беріп онымен басшылық еткендер және оны басқаларға үйреткендер. Аль-Бухари, Муслим.

572. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.