Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 1 страница



 

605. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Расында, Мединаның кез келген (күңінің) кішкентай қызы Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын, қолынан жетектеп қалаған жағына тартып алып кете алатын. Аль-Бухари.

 

606. Хабар бойынша,аль-Асуад бин Йазид, былай деді:

Бірде Айшадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің үйінде не істейтін еді?"” - деп сұрады. Сонда ол: “Әдетте ол өз жанұясының тиімді істерімен шұғылданатын, ал намаздың уақыты кірген кезде, намазға шығатын”, - деп жауап берді. Аль-Бухари.

 

607. Хабар бойынша,Абу Рифаъа Тамим бин Усайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде мен хұтпа айтып тұрған Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, шет елдік келіп[360], сенен өз дінінің мәнін сұрап жатыр”, - дедім. Бұл сөздерді естіген Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөзін бөліп маған бұрылып жақындады. Сосын оған тақтайша әкеліп берді, ол болса оған отырып өзіне Аллаһ үйреткендері жайлы маған айтып үйрете бастады, сосын құтпасына қайта оралып оны аяғына дейін жеткізді. Муслим.

 

608. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеп болысымен үш саусағын жалайтын. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

“Сендерден қайсыларыңның бір бөлік астарың жерге түссе, оны шайтанға жем қылмай қоқымынан тазалап жеп қойсын”, - және ол бізге тостағандарымызды жалап жеуді әмір етіп: “Расында, сендер тамақтарыңның қай бөлігінде игілік жасырынғанын білмейсіңдер”, - деп айтатын. Муслим.

 

609. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Аллаһ қай бір пайғамбарды жібермесін, ол әлбетте қой баққандардан болатын.” Сонда одан сахабалары: “Ал сен ше?”, - деп сұрағанда, ол: “Иә, мен де оны меккеліктер үшін бірнеше каратқа баққанмын[361]”, - деді. Бухари.

 

610. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер мені біреу қойдың аяғын жеуге шақырса, мен әлбетте оған барамын, және де егер маған біреу қойдың аяғын сыйласа, оны мен әлбетте қабыл аламын. Аль-Бухари.

 

611. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аль-Ъабда атты, оны ешбір түйе оза аламаған түйесі болатын, бірақта бір жолы алты жасқа толмаған түйесімен келген бір бәдәуи, ол түйеден озып кетті. Мұсылмандардың бұл жайман қапа болғаны соншалық бұны Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сезіп қалып былай деді: “Бұл дүниеде не жоғары көтерілсе, Аллаһ оны әлбетте төмендетеді.” Аль-Бухари.

 

 

ТАРАУ

Көкіректік пен даңққұмарлыққа

рұқсатттың жоқтығы жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Міне Ахірет жұрты: Оны жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін.” “Қасас” сүресі, 83 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Жер жүзінде дандайсып жүрме….” “Ісра” сүресі, 37 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп жүрме. Расында, Аллаһ бүкіл даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді.”“Лұқман” сүресі, 18 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Рас Қарұн[362] Мұсаның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: “Елірме! Расында, Аллаһ еліргендерді жақсы көрмейді“, - деді. “Аллаһтың саған берген дәулетімен Ахырет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Аллаһ саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Аллаһ бұзақыларды сүймейді.” Қарұн: “Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді (баюдың жөнін білуші едім)”, - деді. Негізінде Аллаһтың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкәрләр күнәләрінән сұралмайды (яғни, бәрі жазулы). Ол қауымына сән-салтанат ішінде шықты; дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Бізге де Қарұнға берілген тәрізді болса, өйткені ол зор ырыс иесі», - деді. Өздеріне білім берілгендер: Аллаһтың сыйлығы, иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді», - деді. Ақыр оны да үйін де жерге жұтқыздық. Аллаһтан оған өзге жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек етілмеді.»“Қасас” сүресі, 76-81 аяттар.

 

612. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Жүрегінде тозаңның түйіріндей көкіректік болған Жәннәтқа кірмейді”, - деген сөзін есітіп бір адам: “Дегенмен адам киімі мен аяқ киімінің әдемі болғанын қалайды емес пе?”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Расында, Аллаһ сұлу және Ол сұлулықты жақсы көреді, ал көкіректік жайлы айтатын болсақ, онда ол ақиқатты мойындамау және адамдарды менсінбеу”, - деді. Муслим.

 

613. Хабар бойынша,Амр бин аль-Аква, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзінше сол қолымен жей бастады, сонда ол: “Оң қолыңмен же!”, - деді. Ол адам: “Жей алмаймын”, - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жей алмай қал! Оған көкіректігінен басқа еш нәрсе бөгет жасамайды!”, - деп қалуы мұң еді, ол адам сол кезден бастап (сол) қолын аузына апара алмайтын болды. Муслим.

614. Хабар бойынша, Харис бин Уахб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге Отта болатындардан хабар берейін бе? – Ол әр-бір дөрекі, сараң және өр-көкірек. Аль-Бухари, Муслим.

 

615. Хабар бойынша, Абу Саъид аль-Худри, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде Тозақ пен Жұмақ бір-бірімен тартысып, Тозақ былай деді: «Менде мейірімсіз және өр-көкірек адамдар болады.» Ал Жұмақ: «Ал менде - әлсіз және кедейлер», - деді. Сонда Аллаһ Тағала былай деп араларына төрешілік айтты: «Иә Жұмақ, расында, сен Менің қалағаныма көрсететін мейірімім боласың, ал сен болсаң, иә Тозақ, Менің қалағаныма көрсететін жазам боласың, және Мен екуіңді де толтыруым керек болады!» Муслим.

 

616. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахірет күні Аллаһ Тағала, киімін көкіректіктен артынан сүйретіп жүргенге қарамайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

617. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала Ахіретте үшеумен сөйлеспейді, оларды тазартпайды және оларға қарамайды, олар: зинақор қарт, суайт өтірікші басшы, және көкірек кедей. Муслим.

 

618. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Құдіретті Аллаһ Тағала айтты: “Даңқ (мәртебе) - Менің белдеме киімім, ал ұлылық – Менің шапаным, ал осылардың бірін кім Менен тартып алғысы келсе, Мен оны азапқа саламын!” Муслим.

 

619. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шашы таралған, үстіне ұнайтын киімін киіп бір өр-көкірек адам келе жатты да, кенеттен Аллаһ жарге оны жұтуына әмір берді, енді ол адам Ахірет күніне дейін жерге батумен болады. Аль-Бухари, Муслим.

 

620. Хабар бойынша,Салам бин аль-Акуа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам баласы Аллаһтың жанынды (менсінбейтін) асқақшыл деп жазылып, басқалар ұрынған қайғыға ұрынбайынша, өзін жоғарылатуын қоймайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.[363]

ТАРАУ

Көркем мінезділік жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің.” “Қалам” сүресі, 4 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер…” “Аль-Имран” сүресі, 134 аят.

 

621. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мінезі тұрғысынан Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың ішіндегі ең жақысы еді. Аль-Бухари, Муслим.

622. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алақанынан жұмсақтығына тең келетіндей не жібек, не парша матаны ұстап көрген емеспін және Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бойынан шыққан жұпар иістей иісті еш жерде кездестірген емеспін. Мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, он жыл қызмет еттім, сонда ол маған бірде-бір рет: “Уф! “, - деп айтып көрген емес және мен бір нәрсе істесем: “Мұны неге істедің?”, - деп те айтып көрген емес, және де егер мен бір нәрсе істемесем: “Сен бұны неге істемедің?”, - деп те айтқан емес. Аль-Бухари, Муслим.

 

623. Хабар бойынша,ас-Саьб бин Жассам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оаған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жабайы есекті сыйлағанымда[364] ол маған оны қайтарып берді, сонда менің жүзімнен ренжігенімді байқаған ол: “Расында, біз оны саған ихрамда болғандықтан ғана қайтардық[365]”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

624. Хабар бойынша,Ан-Нууас бин Симъан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ізгілік және күнә жайлы сұрағанымда, ол маған былай деді: “Ізгілік дегеніміз әдептілік, ал күнә дегеніміз, сенің жан дүниеңді мазалап және оны басқаларға білдірткің келмейтін нәрсе.” Муслим.

 

625. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, еш уақытта жағымсыз нәрселер жасап және жағымсыз нәрселер айтып көрген емес және ол: “Расында, сендерден ең жақсыларыңа ең жақсы көркем мінез бұйырған”, - деп жиі айтатын.

 

626. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахірет күні мүминнің таразысында көркем мінезден ауыр еш нәрсе болмайды, (өйткені), расында, Аллаһ ұятсыз жаман сөздерді жек көреді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Сенімді хадис” деп келтіреді.

 

627. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адам үшін Жәннәтқа кіруге ең көп жәрдем беретін не болатындығы жайлы сұрағанда, ол: “Аллаһ алдындығы қорқыныш пен көркем мінез”, - деді, ал одан адамды Отқа көбінше не итермелейтіндігі жайлы сұрағанда, ол: “Ауыз бен жыныс мүшелері[366]”, - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Сенімді әрі жақсы хадис” деп келтіреді.

628. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Көркем мінезді мүмин, Иманның ең жоғарғы сатысында болып табылады, ал аралырыңдағы ең жақсыларың болып жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынста болғандарың саналады. Бұл хадситі ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

629. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, көркем мінез адамды әлбетте (үздіксіз) ораза ұстаушылар мен (түнімен) намаз оқушылардың дәрежесіне жеткізеді. Абу Дауд.

 

630. Хабар бойынша,Абу Умама аль-Бахиль, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен өзініңке рас болса да тартысуды қойған кісі үшін Жәннәттің ауласынан бір үй, ал әзіл болса да өтірік айтуды қойған кісі үшін Жәннәттің ортасынан бір үй, ал көркем мінездіге Жәннәттің ең биігінен бір үй (берілетіндігіне) кепіл боламын. Сенімді хадисті, сәнімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

631. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендерден маған ең сүйкімді және Ахіретте маған ең жақын болатындарың ол көркем мінезділерің, ал маған ең жағымсыздарың және Ахіретте менен алыстатылатындарың ол әр-бір мылжың /сарсаруна/, мақтаншақ /муташаддикуна/ және сөзқұмарлар /мутафайхикуна/. Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, біз “мылжың” және “мақтаншақтың” кімдер екенін білеміз, ал “сөз құмарлар” кімдер?”, - деп сұрады. Сонда ол: “(Бұлар) өр-көкіректер”, - деп жауап берді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

“Сарсар” – ол тым көп сөйлеуші; “муташаддик” – ол әрдайым өз сөзін әдемілеп және сөзінің мәнін көтеріп сөйлеп, адмдарға тіл тигізушілер. “Мутафаихик” сөзі, “факх”, яғни толтырылған деген сөзден шығады; “мутафайхик” – ол өзінің сөзін такаппарлығымен неғұрлым адамдардың көбі біле бермейтін сөздермен толтырып, сол арқылы өзінің үстемдігін көрсеткісі келген адам.

Ат-Тирмизи Абдуллаһ бин аль-Мубарак, оған Аллаһтың рахымы болсын, “көркем мінез” сөзінің мағанасын, былай деп түсіндіргенін жеткізеді:

“Бұл адам көркінің көңілділігі, Шариғаттың сауабты істерін орындауды бар күш-жігерін жұмсау және адамдарды ренжітетін істерден аулақта болу.”

 

ТАРАУ

Жуастық, сабырлық және мейірбандық жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“…олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді.” “Аль-Имран” сүресі, 134 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр.”“Ағраф” сүресі, 199 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алды.”“Фұссилат” сүресі, 34-35 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.”“Шура” сүресі, 43 аят.

632. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Ашаджж Абд аль-Қайсқа былай деді: “Расында сенде Аллаһ жақсы көретін екі мінез бар олар: жуастық пен сабырлық”. Муслим.

 

633. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Расында, Аллаһ мейірбан, және де Ол бәрінде мейірбандықтың (көрінісін) жақсы көреді”. Аль-Бухари, Муслим.

 

634. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ мейірбан, Ол мейірбандықты жақсы көреді және мейірбандыққа бергенін қатаңдыққа да және басқа еш нәрсеге де бермейді. Муслим.

 

635. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мейірбандық, мейірбандық сипаты көрінетіннің бәрін көркемдейді, ал бір нәрсе мейірбандықтан айрылса, онда ол атаусыз қалды (не даңқынан айрылды).Муслим.

636. Хабар бойынша,Абу Хурейра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде, бір бәдәуи мешіттің ішіне кіріп несебін жібере бастаған кезде, адамдар орындарынан оған жабылмақшы болып атып тұрды, бірақта Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға: “Оны жайына қойыңдар да оның сиген жеріне бір шелек су құйыңдар, өйткені, расында, сендер қйыншылық жасауға емес, жеңілдік жасауға жіберілдіңдер!”, - деп бұйырды. Аль-Бухари.

637. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қиыншылық туғызбай, жеңілдетіңдер, адамдарды жирендірмей жақсы хабармен (Исламмен) қуандырыңдар. Муслим.

 

638. Хабар бойынша,Жарир бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мейірбандықтан құр қалған, толығымен игіліктен де құр қалады. Муслим.

 

639. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Маған ақыл айтшы”, - деді. Оған ол: “Ашуланба”, - деді. Содан кейін адам өтінішін бірнеше рет қайталаған уақытында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ашуланба”, - деп айтумен болды. Аль-Бухари.

 

640. Хабар бойынша,Абу Йаъли Шаддад бин Аус, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ барлық істе мейірбандық көрсетуді бұйырды: егер сендер біреуді өлтіруге мәжбүр болсаңдар, онда оны жақсылап істеуге тырысыңдар[367], және де егер құрбан шалатын болсаңдар, оны да жақсылап істеңдер, сондықтан малдарыңды қинамау үшін бәкілеріңді жақсылап қайрап алыңдар. Муцслим.

 

641. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Қайбір уақытта Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екі іс ұсынылған болса ол әрдайым күнәсі болмаса жеңілін қалайтын, ал егер оның күнәсі болса, онда ол адамдардың ішіндегі одан ең алшақтаушысы болатын. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі үшін еш уақытта кек алмайтын, ал егер Аллаһ Тағаланың харам еткен нәрселері орындалса, онда ол Аллаһ Тағала үшін кек алатын. Аль-Бухари, Муслим.

 

642. Хабар бойынша,Абу Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Седерге кімнің Отқа харам болатынын /…не кімге От харам болатындығы/ жайлы хабар берейін бе? Отқа харам болатын әр-бір жақын, жұмсақ және жеңіл[368]. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Кешірімділік және надандардан(білместерден) алшақтау жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр” “Ағраф” сүресі, 199 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…Сондықтан көркем, жұмсақ сыңай байқат.”“Хыжыр” сүресі, 85 аят.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.