Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 2 страница



Аллаһ Тағала айтты:

“…Ғапу етіп, кешірсін. Аллаһтың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме?…”“Нұр” сүресі, 22 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер…”“Аль-Имран” сүресі, 34 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.”“Шура” сүресі, 43 аят.

643. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:

“Сен үшін Ухуд соғысынан[369] да ауыр болған күн болды ма?”, - деп сұрағанында, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Мен сенің руластарыңнан[370] көп жәбір көрдім, бірақ Ақаба күні[371] менің жаныма қатты батты, сол жерде мен Ибн Абд Йаляйлю бин Абд Кулялға[372] маған еруді ұсынғанымда, ол маған мен күткен жауапты бермеді[373]. Сонда мен жабырқап кері қайттым, ал сонда менің ренжігенімді, түріме қарап білуге болушы еді. Мен (сол жерден шыққаннан) Карн ас Салиб (тауының)[374] жанында өз-өзіме келдім. Басымды көтерсем төбемде, маған көлеңкесі түскен бұлтты байқадым. Оның ішінде Жебірейіл (періште), оған Аллаһтың сәлемі болсын, бар екен, ол маған: “Расында, Аллаһ Тағала саған сенің руластарыңның не дегенін және қандай жауап бергенін естіді, сондықтан Ол саған тау періштелерін жіберіп, оларға қалағаныңды бұйыр, деді”, - деді. Ал сосын тау періштесі менімен сәлемдесті де: “Иә Мухаммад, расында, Аллаһ сенің руластарыңның саған не дегенін естіді. Ал мен – тау періштесімін, сонымен не қалайсың? Қаласаң мен оларға ал-Ахшабейін (тауын) құлатайын!”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жоқ, мен Аллаһтан, олардан тек қана Өзіне табынатын және Өзінен басқа ешкімге табынбайтын ұрпақ шығарсын, деп сұраймын!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

644. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһ жолындағы соғыстарды есептемегенде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өз қолымен ешнәрсені[375] соққан (ұрған) емес, ол не әйелдерді, не малайларды ұрған емес, оны қаншама ренжіткенмен, егер де сол уақытта Аллаһтың тыйым салынған нәрселері бұзылмаса, ол өзі үшін ешкімге кек қайтарған емес, ал егер Аллаһ Тағаланың тыйым салған нәрселерін кім аттап өтсе, ол кезде ол Аллаһ Тағала үшін кек алатын. Муслим.

 

645. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде, мен үстіне дөрекі (қатқыл) жимекті Нажранда (тоқылған) шапанды жамылған Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір жерге кетіп бара жатқанымда, бір бәдәуи оны қуып жетіп шапанының жиегінен қатты тартты. Оның қатты тартқаны соншалық Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, иығында шапанның астарының ізі қалғанын көрдім, ал бәдәуи болса: “Иә Мухаммад, өзіңдегі Аллаһтың байлығынан маған бір нәрсе беруін бұйыр”, - деді. Бұны естіген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұрылып қарап күлді де, оған бір нәрсе берілуіне әмір етті. Аль-Бухари, Муслим.

 

646. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір пайғамбарлардан біреуі жайлы әңгіме айтып, оны руластары ұрып ал ол болса бетіндегі қанын сүртіп: “Иә Аллаһ, менің руластарымды кешір, олар не істеп жатқандарын білмейді”, - дегенін айтып жатқаны әлі де көз алдымда. Аль-Бухари, Муслим.

647. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Көпті жеңген мықты емес, өз-өзін ызаланғанда ұстай алған мықты. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

(Қолайсыздыққа), реніштерге төзу жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“…олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді.” “Аль-Имран” сүресі, 134 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әрине кім сабыр етіп, кешірімді болса, дау жоқ, істердің ең маңыздысы осы.”“Шура” сүресі, 43 аят.

 

648. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, менің туысқандарым бар. Мен олармен туысқандық байланысымды үзбеймін, ал олар болса араласқысы келмейді, мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар болса маған залымдық жасайды, мен оларды сыйлайымын, ал олар болса менімен надан адамдар секілді сөйлеседі», – деді. Бұған ол: «Егер жағдай, шынымен-ақ сен айтқандай болса, онда сен олардың аузын ыстық күлмен толтырып жатырсың, және Аллаһтан саған оларға қарсы көмекші болады!», – деді. Муслим.

«Олардың ауыздарын ыстық күлмен толтырасың», деген сөз, ол «сен оларды ыстық күлмен тамақтандырасың», дегені. Сонымен оларға сол істеген күнәләрі үшін жіберілетін жаза, ауызға салынған ыстық күлмен тең болғаны. Және де оларға біреу жақсылық жасағаннан жақсылық жасаушыға ештеңе болмайды, ал олар болса оны ренжіткені үшін үлкен күнәға батады, ал Аллаһ болса бұл туралы жақсырақ біледі».

ТАРАУ

Аллаһтың шегінен шығушыларға ашулану және Аллаһ Тағаланың дінінде көмек көрсету жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Міне осы, кім Аллаһтың ардақтағандарын жоғары бағаласа, сонда оған Раббыларының қасында хайырлы…” “Хаж” сүресі, 30 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй мүминдер! Егер Аллаһқа (дінінде) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді.” “Хұжрат” сүресі, 9 аят.

 

649. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын келіп: «Расында, пәленше имам намазды ұзақ өткізетіндіктен, таң намазы мені бөгейді», - деді. Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сол күндегідей адамдарға насихат айтып ашуланғанын ешқашан көрген емеспін. Ол: «Иә адамдар! Расында, сендерден кейбіреуің адамдарды діннен қашырасыңдар! Адамдармен намаз өткізуші намазын созбасын, өйткені оның артында кәрілер мен жастар және шұғыл шаруалары барлар болады!» аль-Бухари, Муслим.

 

650. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, Мединаға бір жорықтан қайтып оралды, ал мен болсам түкпір бөлмеге суреті бар перде іліп қойдым, бұны көрген Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болын, түрі өзгеріп, оны жартып тастады да: “Иә Айша, Ахіретте Аллаһтың жарату сипатына еліктегендерді, Аллаһ ең ауыр жазаға тартады!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

651. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде, махзум руынан ұрлық жасаған әйелдің ісімен бастары қатқан құрайыштар: “Кім бұл әйел жайында Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөйлеседі?”[376], - деп сұрастыра бастады. Сонда басқалар: “Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүйіктісі Усама бин Зайдтан басқа кімнің бұған дәті барады?”, - дей бастады. Бірақта Усама оған бұл мәселемен барғанда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Шыныменақ сен, Аллаһтың үкімі бар істе біреуге болыспақшысың ба!?”, - деді. Содан соң ол орнынан тұрда да адамдарға насихатпен былай деді: “Расында, сендерге дейін өмір сүргендердің опат болуына мына жай себепкер болған, егер олардың арасынан әйгілі (құрметті) адамдар ұрлық жасаған болса, оған олар тиіспейтін де, ал ұрлықты әлсіздерінен біреу жасаған болса, онда олар оны шариғаттың үкіміне сай жазалайтын. Аллаһтың атымен ант етемін, егерде Мухаммадтың қызы Фатима ұрлық жасаған болса, онда мен міндетті түрде оның да қолын кестірген болар едім!” Аль-Бухари, Муслим.

 

652. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешіттің қибла жағындағы қабырғасынан сілекейді көріп, қатты ренжігенін оның түрінен байқадық. Ол орнынан тұрып өз қолымен сол жерді сүртті де: “Расында, әр қайсысың намазға кіріскенде өзінің Тәңірімен құпия сұхбатта болады, және де, расында, Оның Тәңірі, онымен қибланың арасында, сондықтан сендерден ешкімге ешуақытта қибла бағытында түкірулеріңе рұқсат жоқ, (түкіргісі келсе) тек қана өзінен солға не аяғының астына түкірсін!”, - деді. Содан кейін ол шапанының бір ұшын алды да оған түкіріп, оны шапанының екінші ұшымен жауып: “Не болмаса осылай істесін!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл жердегі солға және аяғының астына түкірудің міндеттілігі мешіттен тысқары жерде істейтін амалға жатады, ал егер адам мешітте болса, онда тек қана киіміне ғана түкіруіне болады.

 

 

ТАРАУ

Биліктегілерге өзінің қарамағындағы адамдарға байланысты жұмсақ, мейірбан, оларға қарасулары және оларды алдамау, тым қатал болмау, оларға және олардың ісіне байыпсыздық көрсетпеуі жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Мүминдерге саған ергендерге қанатыңды жай” “Шұғара” сүресі, 215 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыйады. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер” “Нахыл” сүресі, 90 аят.

 

653. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Сендердің әр-қайсыларың бақташысыңдар және сендердің әр-қайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші бақташы саналады және өзінің баққанына жауапкер, еркек өзінің жанұясының бақташысы және өзінің баққанына жауапкер, әйел де күйеуінің үйі мен балаларының бақташысы саналады және өзінің баққанына жауапкер, қызметші өз иесінің дүнесіне бақташы және өзінің баққанына жауапкер. Сонымен әр-қайсысың бақташысыңдар және әр-қайсысың баққандарыңа жауапкерсіңдер. Аль-Бухари, Муслим.

 

654. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ кімнің қарамағына Өзінің құлдарын тапсырып, ал ол болса өзіне өлім келген күні, оларды алдап өлсе, онда Аллаһ оған Жәннәтті харам етеді. Аль-Бухари, Муслим.

Ал бұл хадистің тек қана аль-Бухари келтірген нұскқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп йтқаны келтріледі:

… және ол оларға шын жүректен ақ пейілдік танытпаса, онда ол Жәннәтің жұпар иісін сезінбейді.

Ал бұл хадистің тек қана аль-Бухари келтірген нұскқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп йтқаны келтріледі:

Мұсылмандарға өкім жүргізуші кез келген әмірші, өзінің қарамағындағылардың игілігі үшін еңбек етпесе, не оларға шын жүректен ақ пейілдік танытпаса, олармен бірге Жәннәтқа кірмейді.

 

655. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің үйімде болған уақытында, былай деп айтқанын естідім: “Иә Аллаһ, менің үмметімнің үстінен кімде-кім әмір жүргізіп, олармен қатал болса Сен де оған қатал бол, ал менің үмметімнің үстінен кімде-кім әмір жүргізіп, олармен жұмсақ болса Сен де оған жұмсақ бол!” Муслим

 

656. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Бұрын израйлдықтармен пайғамбарлар басқаратын, және әрдайым қай бір пайғамбар дүниеден өтпесін оның орнын басқа пайғамбар басатын. Ал мен жайлы айттын болсақ, онда менен кейін пайғамбар болмайды, бірақта көптеген халифтар болады.” Сонда адамдар: “Бізге не бұйырасың?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Оларға ант берілгендердің алғашқысына адал болыңдар, олардың хақыларын орындаңдар[377] және Аллаһтан өздеріңе тиесілісін сұраңдар, ал Аллаһ болса оларға сеніп тапсырылғандарынан міндетті түрде сұрайды”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

657. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Хасана аль-Басри айтуымен:

Бірде Ъаиз бин Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Убайдуллаһ бин Зайдқа келіп былай деді: «Иә балам, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бақташылардың ең жаманы қаттылары (мейірімсіздері)», – деп айтқанын естідім, сондықтан солардың бірі болудан сақтан»[378].Аль-Бухари, Муслим.

 

658. Хабар бойынша, бірде Абу Марйам аль-Азди, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, Муъавияға, оған Алаһтың ризашылығ болсын, былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Егер Аллаһ біреуге бір істе болса да мұсылмандардың үстінен әмір жүргізуді берсе, ал ол болса олардың мұқтаждары мен керектерінен тасаланса, Аллаһ Ақыретте оның мұқтаждары мен керектерінен тасаланады», - деді. Содан кейін Муъавийа бір адамға, адамдардың мұқтаждықтарымен айналысуын әмір етті. Абу Дауд, ат-Тирмизи.

 

 

79 ТАРАУ

Әділ әмірші жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“Негізінде Аллаһ әділеттілік пен игілікті ұстанып және ағайынға қайырласуды бұйырады….” “Нахыл” сүресі, 90 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…Расында, Аллаһ туралық істеушілерді жақсы көреді.” “Хұжрат” сүресі, 9 аят.

 

659. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтан басқа ешкімнің көлеңкесі болмаған күні, Аллаһ Тағала жеті (түрлі) адамды Өзінің көлеңкесіне алады: Әділ басқарушыны, Ұлы Аллаһ Тағалаға құлшылық етумен есейген жасты, жүрегі мешіттерде байланғанды[379], тек қана Аллаһ Тағала үшін кездесіп-қоштасатын және бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көргендерді, абыройлы әрі әдемі әйел қалап шақырып, бірақ ол: «Расында, Мен Аллаһтан қорқамын», - деп бармаған еркекті, садақаны жасырын бергені сонша, оның сол қолы оң қолының бергенін көрмейтінді, оңашада Аллаһ Тағаланы еске алғанда көзіне жас толатын (адамдарды). Аль-Бухари, Муслим.

 

660. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, алаламаушылар, Аллаһ алдындағы нұрдан жасалған мінберлерден өз орындарын табады, ал олардың қатарына жататындар, олар өздерінің жанұясына байланысты және барлық өздерінің әмірі жүретіндерге байланысты шешімдерінде әділдікті ұстанатындар. Муслим.

 

661. Хабар бойынша,Ауф бин Малик, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: “Сендердің әміршілеріңнің ішіндегілерден жақсылары болып, оларды сендер жақсы көріп және олар сендерді жақсы көретін, олар үшін сендер Аллаһтын сұрап дұға жасайтын және олар сендер үшін Аллаһтан сұрап дұға жасайтын әміршілер болады, ал нашарлары – ол сендер оларды жек көретін және олар сендерді жек көретін, сендер оларды қарғайтын және олар сендерді қарғайтын әміршілер болады”, - сонда біз: “Иә Аллаһтың елшісі, бізге сондайларға бағынбау керек болады ма?”, - деп сұрадық. Ол: “Олар сендердің араларыңда намаз оқып жүргенше олай істеулеріңе болмайды”, - деді. Муслим.

 

662. Хабар бойынша,ЪИйад бин Химар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үш (түрлі) адам Жәннәт тұрғындарынан болады: жәрдем көрсетілген әділ әмірші[380], өзінің туыстарына және барлық мұсылмандарға рахымшылық танытатын рахымды адам және (сұрамшылықтан) ұстамдылық танытатын және ұстамдылыққа тырысатын балалары бар адам[381]. Муслим.

 

 

80 ТАРАУ

Күнәсіз істерде әмршілерге бағынудың міндеттілігі және күнәлі істерде әміршілерге бағынбаудың міндеттілігі жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй мүминлер! Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар…” “Ниса” сүресі, 59 аят.

663. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Егер күнәсі болмаса, өздеріңе ұнасын ұнамасын әмірлеріңді тыңдап бой ұсынуларың керек, ал күнәсі болса, онда оны тыңдамаңдар да, орындамаңдар да. аль-Бухари, Муслим.

 

664. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тыңдап және бой ұсынамыз, деп оған ант бергенде, ол әдетте: “Күштерің жететінінде”, - дейтін.аль-Бухари, Муслим.

 

665. Хабар бойынша, Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әміршісіне бой ұсынудан бас тартқан, Ахіретте Аллаһты, ақталуына еш бір айғақсыз кездестіреді, ал әміршісіне ант бермей өлген, жаһил заманында өлгенмен теңеседі![382] Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізеді:

… және басқа мұсылмандардан бөлектенгендер[383], жаһил заманында өлгенмен теңеседі!

 

666. Хабар бойынша, Анас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Басы (қара) мейізге ұқсаған эфиопиялық құл сендерге әмірші болса да оны тыңдап бағыныңдар. Аль-Бухари.

 

667. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кедейлікте де байлықта да, саған ұнайтында да ұнамайтында да және сені құр қалдырса да[384] әміршіңді тыңдап, оған бағынуға тиістісің. Муслим.

668. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге сапарда болған кезімізде, біз бір жерге тоқтадық, сонда бірі шатырларын орната бастады, бірі жебе атып жарыса бастады, ал енді бірі малдарын оттатуға асығып кетті, арада біраз уақыт өтісімен азаншы: “Жамағат намазы!”, - деп хабарлады. Сонда бәріміз бізге былай деп айтқан Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанына жинала қалдық: “Расында, маған дейін өмір сүрген пайғамбарлардың міндетіне, өзіне мәлім болған олар үшін қайырлы деген істерді хабарлау мен өзіне мәлім болған олар ұшін зұлымдықққа апаратын істерден тыйу болған. Ал менің үмметім жайлы айтатын болсақ, оның алғашқы уақытында хайыр болады да, ал соңында түрлі қайғалар келіп және сендер жақтырмайтын істер бола бастайды[385]. Содан соң алғашқысы соңғысына қарағанда жеңіл көрінетін сынақтар келеді, сонда имандылар: “Бұл мені құртады”, - дейтін сынақ келеді, - сосын ол тоқтатылады да, имандалар; “Осы, осы!”[386], - дейтін сынақ келеді. Сондықтан кімде-кім өзін Тозақтан алыстатып және Жәннәтқа кіргізілуін қаласа, өлім келген уақытта Аллаһқа және Ақірет күніне иман келтіргендерден болсын және адамдармен қарым-қатынасында өзіне адамдардың қандай қарым-қатынас жасауын қаласа, өзі де сондай қарым-қатынаста болсын. Және кім әміршісіне ант беріп алақанын соғып онымен шын жүректен адал болып, әміршісіне қолынан келгенше бағынса, ал егер басқа біреу келіп онымен билік үшін таласатын болса, онда оның басын шабыңдар. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.