Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 3 страница



669. Хабар бойынша,Абу Хунайд Уайль бин Худжр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Салама бин Йазид бин Худжр, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың пайғамбары, айтшы, егер бізге өздерінің бізден талап ететін істерінде табандылық көрсететін, ал өздерінің бізге қатысты талаптарын орындамайтын әміршілер келсе, біз не істеуіміз керек?”, - деп сұраған кезді, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, теріс айналып кетті[387], ал ол сұрағын кешірек тағы да қайталаған кезінде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Тыңдаңдар да бой ұсыныңдар, өйткені олар өздеріне тапсырылғанға жауап береді, ал сендер - өздеріңе тапсырылғанға жауап бересіңдер[388]. Муслим.

 

670. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Менен кейін сендерді алалайтын болады[389], және сендерге ұнамайтын амалдар істеліне бастайды”. Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, бізге не бұйырасың?”, - деп сұрады. Ол: “Сендер беруге тиісті нәрселеріңді берулерің керек те, ал сендерге тиесіліні Аллаһтан сұрауларың керек”, аль-Бухари, Муслим.

 

671. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған бағынған Аллаһқа бағынғаны, ал маған бағынбаған Аллаһқа бағынбағаны, ал әміршісіне бағынбаған маған бағынбағаны. Аль-Бухари, Муслим.

 

672. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімге әміршісінің бір ісі ұнамаса шыдамдылық танытсын, өйткені, расында, әміршісінің бұйырғанынан бір қарысқа болса да ауытқығанның өлімі жәхил заманында өлгенмен теңеседі! Аль-Бухари, Муслим.

 

673. Хабар бойынша,Абу Бакра (Нуфаъи бин аль-Харис), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің әміршісін қорлағанды Аллаһ қорлайды. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

Бұл тарауға бұның алдындағы тарауда келтірілген “Сахихтердің” бір бөлігі де жатады.

 

 

81 ТАРАУ

Егер адам тағайындалған не болмаса солай істеудің қажеттілігі болмаса (не мәжбүр болмаса), билікке таласуға рұқсаттың жоқтығы және әмір болудан бас тартудың үстемдігі жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“Міне ахірет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін” “Қасас” сүресі, 83 аят.

 

674. Хабар бойынша,Абу Саъид Абд ар-Рахман бин Самур, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: “Иә Абд ар-Рахман бин Самура, билікке таласпа, өйткені ол (билік) саған сенің өтінішіңсіз келетін болса, онда Аллаһ саған бұл ісіңде көмектеседі, ал егер саған (билік) сенің өтінішіңмен бұйыратын болса, онда сол билікке тапсырыласың[390]. Егер сен бір нәрсеге ант берсең, ал одан кейін сенің ант бергеніңнен басқа бір нәрсенің жақсырақ екенін көрсең онда антыңның күнәсін өте де, сол жақсырақ істі жаса. Аль-Бухари, Муслим.

 

675. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Иә Абу Зарр, расында, мен сенің әлсіз екендігіңді көремін, және де мен өзіме қалағанымды саған да қалаймын, сондықтан саған ақыл айтамын: ешқашан екі адамға болса да билік жүргізбе, және жетімнің дүниесімен басқарма!” Муслим.

 

676. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Брде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, мені бір-нәрсеге әмірші етіп тағайындамайсың ба?”, - деп сұрағанымда, ол менің иығымнан қағып: “Иә Абу Зарр, расында сен әлсізсің, ал әмірлік болса ол бір тапсырылған аманат саналады, ал Ахіретте оны өз хақымен иеленгендер[391] мен әмірші ретінде ісін дұрыс орындағандардан басқаларының бәріне, ол (әмірлік) өкініш пен сұмдық болып орлады”, - деді.

 

677. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, сендер билікке ұмтыласыңдар, ал Ахіретте ол өкініштердің себебі болады! Аль-Бухари.

 

 

82 ТАРАУ

Әміршілерге, қазыларға және басқа да биліктегі адамдарға жақсы уәзір[392] таңдуларына талпындыру және оларды жаман достар мен жаман насихаттардан сақатндыру жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“Сол күні тақуалардан басқа достар бір-біріне дұшпан болады” “Зұхрұф” сүресі, 67 аят.

 

678. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри менАбу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қай бір пайғамбарды Аллаһ адамдарға жібермесін және олардың қайсы бірі өзінің артынан уәкілін қалдырмасын, сол уәкілдің міндетті түрде екі топ ақылшылары пайда болатын: олардың бірі оны жақсылыққа шақырып соған ұмтылдырса, екіншісі жауыздыққа шақырып соған ұмтылдыратын, ал бұдан қорғалатындар Аллаһтың сақтағандары ғана. Аль-Бухари.

 

679. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер Аллаһ қай бір әміршіге игілік қаласа оған ұмытқанын есіне салатын және есінде болса оған көмек көрсететін турашыл уәзір береді. Ал егер Аллаһ оған (игіліктен) басқаны қаласа, оған ұмытқанын есіне салмайтын және есінде болса оған көмек көрсетпейтін нашар уәзір береді. Бұл хадисті Муслимнің шарттарын қанағаттандыратын жақсы иснадымен Абу Дауд келтіреді.

83 ТАРАУ

Әміршінің, қазының және басқа да билікке қатысы бар қызметке өзін ұсынып соған ұмтылғандарды не болмаса соны қалағандарды тағайындауға рұқсаттың жоқтығы жайлы.

 

680. Хабар бойынша,Абу Муса аль*Ашъари, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен өзімнің бөле бауырларымның екеуімен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, келіп, олардың бірі: “Иә Аллаһтың елшісі, Ұлы Аллаһ Тағаланың саған тәуелді еткендеріңнің бір бөлігіне мен әмірші етіп тағайында”, - деді және екіншісі де осыған ұқсас сөздерді айтты. Оларды тыңдап болған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһтың атымен ант етемін, расында, біз бұл істі бұны сұрағанға да және оған ұмтылғанға да тапсырмаймыз!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

ӘДЕП ЖАЙЛЫ КІТАП

84 ТАРАУ

Ұялшақтық және оның дәрежесі мен мұндай қасиетті қабылдауға ұмтылдыру жайлы.

681. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұят жайлы өзінің бауырына ақыл айтып жатқан[393] бір ансардың жанынан өтіп бара жатып, оған: “Оны қой, өйткені, расында, ұялшақтық – ол иманнан!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

682. Хабар бойынша,Имран бин Хусайн, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұялшақтық игіліктен басқа ешнәрсеге алып келмейді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тек қана Муслим келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Ұялшақтықта игіліктен басқа ешнәрсе жоқ.

 

683. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иманның жетпістен астам тармақтары бар, оның ішіндегі ең жақсысы болып: “Аллаһтан басқа құдай жоқ! /Лә иләһәа илла-аллаһу/”, - деп айту жатады, ал ең кішісіне – жолдан кедергі жасайтынды алып тастау жатады, және ұялшақтық та иманның тармақтарының біріне жатады. Аль-Бухари, Муслим.

 

684. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, перденің артында отырған қыздың ұялшақтығынан да артық ұялшақ мінезімен ерекшеленетін. Егер оның жан дүниесіне ұнамайтын іс жасалса, біз оны оның бет әлпетінің өзгергенінен байқайтынбыз. Аль-Бухари, Муслим.

Ғалымдар: “Ұялақтықтың түп нұсқасына, бүкіл жағымсыз нәрселерден бас тарту мен адамдардың хақысы бар (кез-келген) істе олардың хақына қол сұқпау жатады”, - деп айтады. Ал бізге Абуль-Қасым аль-Жунайдтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны жетті: “Ұят дегеніміз ол Аллаһтың игіліктерін тану мен өз кемшіліктерін көре алу, мінеки осылардың арасында ұят деп аталатын сезім туады.”

 

 

85 ТАРАУ

Сыр сақтау жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Сертті орындаңдар, сөз жоқ, уәде сұралады.” “Ісра” сүресі, 34 аят.

 

685. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Түнімен әйелімен төсекті бөлісіп, ал таңертең екеуінің арасында не болғаны жөнінде адамдарға жария қылған еркек, Ахіретте адамдардың ішінен, Аллаһтың алдында ең жаманы болады. Муслим.

 

686. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Омар бин аль-Хаттабтың қызы Хафса, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, жесір қалған кезде[394], Омар мынаны айтты:

Мен Осман бин Аффанмен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездесіп, оған: “Егер қаласаң Омардың қызы Хафсаға үйлен”, - деп (қызым) Хафсаны ұсындым. Ол жауап ретінде маған: “Мен бұл жөнінде ойланайын”, - деді. Мен бірнеше күн күттім, сосын маған келіп: “Мен қазір үйленбейтін шығармын”, - деді. Арада біраз уақыт өтісімен Абу Бакр ас-Сиддиқты, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кездестіріп: “Егер қаласаң Омардың қызы Хафсаға үйлен”, - дедім, бірақ та Абу Бакр еш нәрсе айтпай үндемеді де, мен оған Османнан да қатты ренжідім. Сонымен арада тағы бірнеше күн өтісімен оған (қызыма) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, құда түсті де мен оған қызымды үйлендірдім. Сосын мені Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кездестірді де: “Сен маған Хафсаны ұсынған уақытта менің жауап бермегеніме ренжіген шығарсың?”, - деп сұрады. Мен: “Иә”, - дедім. Ол: “Сенің ұсынысыңа жауап бермеуіме Аллаһтың елшісінің (сенің қызың жайлы) еске алғаны кедергі болды, өәткені мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, сырын айта алмаймын, егерде ол сенің қызыңа үйленбегенде, онда оған мен міндетті түрде үйленер едім!”, - деді. Аль-Бухари.

 

687. Хабар бойынша,Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдері онымен бірге болған уақытында, жүрісі Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, жүрісінен айнымайтын Фатима, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келді. Қызын көріп, ол сәлемдесті де: “Менің қызым қош келдің!”, - деп өзнің оң /не: …сол/ жағына отырғызды, сосын құлағына бір нәрсе айтып еді, (қызы) жылап жіберді. Оның тұнжырағанын көріп, тағы да құлағына бір нәрселер айтты да, (қызы) күле бастады, ал мен болсам оған (қызына): “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, әйелдерінің жанында саған ғана бір нәрсе айтады да, ал сен болсаң содан кейін жылайсың!”, - дедім. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұрып кеткен соң, оған: “Саған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, не айтты?”, - деп сұрадым. Ол: “Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сырын айтпаймын!”, - деді. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын қайтыс болған соң, мен (Фатимаға): “Мен өз хақыммен сенен сұраймын[395], саған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, не айтты?”,- дедім. Ол: “Иә, енді айта аламын. Бірінші ретінде ол, оған Жәбірейіл (періште), оған Аллаһтың игілігі болсын, жылда онымен Құранды бір рет тексеріп салыстыратындығын[396], ал бұл жолы онымен екі рет тексергенін айтып: “Расында, оның бұлай істегені менің өмірімнің соңы тақалғандығының белгісі деп ойлаймын. Аллаһтан қорқып шыда, өйткені мен сенің алдын ала білдіруші хабаршың боламын[397]”, - деді - сонда мен өзің көргендей жылап жібердім. Ал ол менің тұнжырағанымды көргенде: “Иә Фатима, сен Жәннәтта діндар әйелдірдің /не: …осы үммет әйелдерінің/ ханымы болатындығыңа қуанбайсың ба?” – дегенде, сен өзің көргендей, қуанып күлдім”. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.

 

688. Хабар бойынша,Сәбит, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Анастың, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, былай деді:

Бірде мен басқа балалармен ойнап жүрген кезімде, маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, бізге сәлем берді де мені бір тапсырмамен жіберді. Содан мен анама кеш оралдым, ал мен үйге оралған кезімде, (анам): “Неге кешіктің?”, - деп сұрады. Мен: “Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған бір іс тапсырды”, - дедім. (Анам): “Оған не керек болды?”, - деп сұрады. Мен: “Бұл құпия”, - дедім. Сонда ол: “Ешқашан ешкімге Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сырын айтушы болма!”, - деді.

Сосын Анас была деді: “Аллаһтың атымен ант етемін, егер мен бұны біреуге айтқан болсам еді, онда бұны Сәбит саған да айтқан болар едім!” Бұл хадисті Муслим келтіреді, ал аль-Бухари болса бұның бөлігін ғана келтіреді.

 

 

86 ТАРАУ

Шартты бұзбау және уәдені орындау жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“ Сертті орындаңдар, сөз жоқ, уәде сұралады.” “Ісра” сүресі, 34 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Қашан серттессеңдер, Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар...” “Нахыл” сүресі, 91 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй мүминдер уәделеріңді орындаңдар...” “Мәида” сүресі, 1 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй мүминдер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар. Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың қасында зор ашуға себеп болады.” “Саф” сүресі, 2-3 аяттар.

 

689. Хабар бойынша,Абу Хурайры, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі жүздіні үш белгісімен айыруға болады: ол бір нәрсе айтса - өтірік айтады; бір нәрсе уәде етсе – оны орындамайды; ал оған сеніп тапсырылса - ол опасыздық етеді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа нұсқасында былай делінеді:

…керек десеңіз ол ораза ұстап, намаз оқып және өзін мұсылманмын, деп есептесе де.

 

690. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Төрт түрлі белгісімен ерекшеленетіндер (толығымен) екі жүзді есептеледі, ал кімнің бойында осылардың бірі болса, одан құтылмайынша оның бойында екі жүзділіктің бір белгісі болады. Бұндай белгілер мына адамдарда болады: оған сеніп тапсырылса опасыздық жасайды, әңгіме айтса өтірік айтады, шарттасса шартын орындамайды, ал егер біреумен бір істе ортақ шешім таппаса заңсыз түрде шектен шығады. Аль-Бухари, Муслим.

 

691. Хабар бойынша,Ибн Жәбір, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: «Егерде Бахрейіннен ақша түссе мен саған мынынша, мынынша және мынанша ақша бергізер едім,» – деді, бірақта Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде Бахрейіннен ақша түспеді. Ал ол жерден ақша түскен кезде Абу Бакрдің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірімен: «Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кімге бір нәрсе уәде берсе не болса кімге бір нәрсе берешек болса, бізге келсін», - деп хабарландырды. Сонда мен (Абу Бакрге) келдім де: «Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған мұншама беремін, деп уәде еткен», - дедім, сонда ол бір уыс тенге салды, мен оларды санап шыққанымда бес жұз дана болып шықты, содан соң ол маған: «Және екі рет соншама ал», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

87 ТАРАУ

Адамға дағды болған игілікті істерді мүмкіндігінше әрдайым орындау жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“…Расында бір қауым өзін өзгертпейінше, Аллаһ оны өзгертпейді.” “Рағыд ” сүресі, 11 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан әйел сияқты болмаңдар… ” “Нахыл ” сүресі, 92 аят.

692. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин ал-Ас, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: “Иә Абдуллаһ, кезінде түндерде Аллаһқа құлшылық ететін, ал артынан онысын орындауды қойған пәленше секілді болма”.

 

 

88 ТАРАУ

Кездескенде игілігті сөздерді айту мен көңілді күйде болу жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

“Мұсылмандарға қанатыңды жай.” “Хыжыр” сүресі, 88 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді…” “Әль-Имран” сүресі, 159 аят.

 

693. Хабар бойынша,Ади бин Хатим, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзіңді құрманың жартысымен болса да Оттан қорға, ал мұны да таппаған – қайырымды сөздің көмегімен! Аль-Бухари, Муслим.

 

694. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

…қайырымды сөз де – садақа. Аль-Бухари, Муслим. Бұл сөздер жоғарыда келтірілген ұзын хадистің бөлігі ретінде келтіріледі.

 

695. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Бауырыңды Жар0ын ж8збен қарсы алу тұрғысында болса да, шариғаттың кез-келген қоштаған амалдарын орындауды ескерусіз қалдырушы болма”. Муслим.

 

 

89 ТАРАУ

Егер сұхбаттасушы адамың түсінбесе, онда оған анық сөйлеп және айтқаныңды қайталау жайлы.

 

696. Хабар бойынша,Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтң игілігі мен сәлемі болсын, егер бір нәрсе сөйлесе, айтқандарын адамдар түсіну үшін, үш рет қайталайтын, ал кімнің үйіне келсе үй иелеріне де үш реттен сәлем беретін[398]. Аль-Бухари.

 

697. Хабар бойынша,Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздері анық болатын және оны естіген адамдардың бәрі түсінетін. Муслим.

90 ТАРАУ

Әңгімесінде тыйым салынбаған сөздері

жоқ сөйлеушінің бірі, екіншісінің сөздерін мұқият тыңдау және білімі бар насихат айтушы адамның, тыңдаушылардан тыныштық сақтап тыңдауларын талап етуі жайлы.

 

698. Хабар бойынша,Жарир бин Абдуллаһ, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Қоштасу қажылығы кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Адамдарға айт, үндемей мені тыңдасын!”, - деп бұйырды да, сосын: “Менен кейін[399] бір-бірінің басын шапқан имансыздардан болмаңдар!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.