Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 5 страница



 

713. Хабар бойынша,Малик бин аль-Хувайрис, ол былай деді:

Кезінде біз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келдік ол кезде біз бәріміз бір рудан және жас шамасында тететелес жас жігіттер болатынбыз. Біз Аллаһтың елшісінде, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жиырма күн тұрдық, сол аралықта ол бізбен жұмсақ әрі сыпайы болды және біздің үйімізді сағанап жүргенімізді сезіп жанұямыз жайлы онда кімнің қалғандығын сұрады, біз бәрін айтып бердік. Сонда ол бізге: «Жанұяларыңа қайтыңдар, олармен бірге тұрыңдар, оларға дінді үйретіңдер де оларға игілікті істерді жасауды бұйырыңдар. Ал пәлен намазды пәлен уақытта оқыңдар және пәлен намазды – пәлен уақытта оқыңдар, ал намаздың уақыты келген кезде бірің намазға шақырып (қамат түсіріңдер де), ал араларыңдағы жас тұрғысында үлкенің намаздарыңда (имамдарың болып) басқарсын. Муслим.

Бұл хадистің аль-Бухари келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…және намазды сендердің көз алдарыңда мен қалай орындасам, сендер де дәл солай орындаңдар.

 

714. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, умра жасау үшін рұқсат сұрап бардым. Ол Маған рұқсат берді де: «Иә бауырым, өзіңнің дұғаңда бізді де ұмытпа!», - деді. Мен бұл сөздерді бүкіл дүниеге ауыстырмас едім!

Бұл хадистің басқа нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Иә бауырым, бізді де дұғаңа қос! Абу Дауд пен ат-Тирмизидің «Жақсы хадис» деп келтірген сенімді хадис.[413]

 

715. Хабар бойынша,Салим бин Абдуллаһ бин Омар, ол әрдайым Абдуллах бин Омар, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, сапарға аттанайын деп тұрған адамға былай деп айтатынын жеткізді:

Мен сенімен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, секілді қоштасуым үшін, маған жақында дейтін де, мынаны айтатын: «Дініңді, аманатыңды[414] және амалыңның соңын Аллаһқа тапсырамын!» /Астаудиъу-Ллаһа динака, уа аманатака, уа хауатима амалика!/[415] Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

716. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Йазид ал-Хатми, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әскерді жорыққа аттандырып олармен қоштасқысы келсе былай дейтін: «Дініңді, аманатыңды және амалыңның соңын Аллаһқа тапсырамын!» /Астаудиъу-Ллаһа динака, уа аманатака, уа хауатима амалика!/ Сенімді хадис, сенімді иснадтарымен Абу Дауд және басқа мұхаддистер келтіреді.

 

717. Хабар бойынша,Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам келіп: “Мен сапарға аттанғалы жатырмын, маған жол батасын берші”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһ саған тақуалық нәсіп етсін!” /Зауадака-Ллаһу-т-тақуа/, - деді. Ол адам: «Бұған тағы да мен үшін қосшы», - деді де – Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол сенің күнәләріңді кешірсін» /Уа ғаффара занбака/, - деді. Ол адам: «Бұған тағы да мен үшін қосшы», - деді де – Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен қай жерде болсаң да, Ол сенің игілікке жетуіңді жеңілдетсін!» /Уа иассара лакаль-хайра хайсума кунта!/ Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

 

97 ТАРАУ

Игілік сұрау (истихара) және кеңес сұрау жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“…іс жөнінде олармен кеңес қыл…” “Аль-Имран сүресі 159 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…сондай-ақ істерін кеңеспен жүргізгендер…” “Шура” сүресі, 38 аят.

 

718. Хабар бойынша,Жәбір, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге Аллаһтан сұрап дұға жасауды, Құранның сүрелерін үйреткендей үйрететін және былай дейтін: “Сендерден қайсыларың бір іс істегің келсе екі ракағат (нәфіл) намаз оқысын да, былай десін: “Иә Аллаһ! Маған іліміңнен игілік бергейсің, құдіретіңмен мені қуатты еткейсің, кең пейіліңмен мені қуанышты еткейсің. Расында, менің күш-құдіретім (түкке) жетпейді. Мен (еш нәрсені) білмеймін. Ал Сен барлық нәрсені білесің. Әрі сен көместерді (ғайыпты) де толық көрушісің. Иә Аллаһ, егер бұл істің[416] дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: “Қзіргі (өмір) тіршілігімде немесе келешекте бұл істің) мен үшін қайырлы екендігін білсең, оны маған нәсіп ете көр! Әрі (ол істі) маған оңтайлы етіп, кейін оны мен үшін берекелі ет! Ал егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: “Қазіргі (өмір) тіршілігімде немесе келешекте бұл істің) мен үшін жаман екендігін білсең, онда (оны) менен алыстат! Әрі мені де одан аулақ ет! Қай жерде болса да мен үшін жақсылықты нәсіп ет те, мені сол жақсылықпен разы ете көр!” /Аллуһумма, инни астахирука би-ильмика уа астағдирука би қудратика уа асалука мин фадликаль-ъазими, фа-иннака тақдиру, уа ла ақдиру, уа таъламу, уа ла аъламу уа анта ъламул ғуюб, Аллаһумма ин кунта таъламу анна һазал амра хойрун ли фи дини, уа маъаши уа ъақибати амри (ъажалиһи уа ажалиһи) фақдурһу лий уа яссирһу лий сумма барик лий фиһ, уа ин кунтә таһламу анна һазал амра шаррун лий фий диний уа маъаший уа ъақибати амрий (ъажилиһи уа ажилиһи) фасрифһу ъанний уасрифний ъанһу уақбур-лиал-хайра хайсу каана сумма ардый-ний биһ./[417] аль-Бухари.

 

 

98 ТАРАУ

Мерекелерге барудың дұрыстығы, ауру адамдардың көңілін сұрау, Хажге барудың, әскери жорықтарға барудың, жерлеу рәсімне және басқа да рәсімдерге қатысудың және де құлшылық еткен жердің көбейуі үшін онда барғанда бір жолмен барып, ал одан қайтқанда басқа жолмен келудің артықшылығы жайлы.

 

719. Хабар бойынша,Жәбір, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мейрам күні Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте намаздан, онда барған жолынан бөлек басқа жолмен қайтатын. Аль-Бухари.

 

720. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Омар, оларға Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (Мединадан) аттанғанда, әдетте аш-Шаджар[418] арқылы өтетін, ал одан қайтқанда аль-Муъарис[419] арқылы оралатын. Ал Меккеге кіргенде оның жоғарғы жағынан кіретін де, ал одан шыққанда төменгі жағынан шығатын. Аль-Бухари, Муслим.

99 ТАРАУ

Барлық жақсы амалдарды орындағанда оң жақтан бастауға көңіл бөлу жайында, мысалыға, дәрет алғанда, ғұсыл құйынғанда, таяммум алғанда, аяқ киім шалбар (басқа да) киімдерді кигенде, мешітке кіргенде, тіс тазалағышты қолданғанда, көзді сүрмемен бояғанда, тырнақ алағанда, мұртты басқанда, қолтықтың астын тазалағанда, бастағы шашты қырғанда, намаздан кейін сәлем бергенде, тамақ-су ішкенде, қол алысқанда, Қара тасты ұстағанда, әжетханадан шыққанда, бір нәрсені алғанда, бергенде және де осыған ұқсас істерді істегенде (оң жақтан бастау жайында). Ал бұдан өзге қарама-қарсы жағдайларда сол жақтан бастауға көңіл бөлу жайында, мысалыға, сіңбіргенде, түкіргенде, әжетханаға кіргенде және мешіттен шыққанда (сол аяқпен бастап шығу), аяқ киім шалбар, т.б. киімдерді шешкенде (сол жақтан бастап шешу), ұятты жерлерін жуғанда, таза емес нәрселерді ұстағанда және осыған ұқсас істерді істегенде (сол қолмен) істеу жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Сонда енді кімнің кітабі оңынан берілсе: “Алыңдар кітабімді оқыңдар”, - дейді.“Хаққа” сүресі, 19 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“(Амал дәптерлері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар. (Амал дәптерлері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар“. “Уақиға” сүресі, 7-8 аяттар.

 

 

721. Хабар бойынша,Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол не істесе де бәрінде, ол мейлін дәрет алуда, тарануда, аяқ-киім киуде болсын оң жаққа көңіл бөлу ұнайтын. Аль-Бухари, Мулим.

 

722. Хабар бойынша,Айша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оң қолымен дәрет алатын және тамақ жейтін, ал әжетханада және сол сияқты жерлерде[420] амалдарын сол қолымен жасайтын. Бұл сенімді хадисті, сенімді иснадпен Абу Дауд және басқа да мухаддистер келтіреді.

 

723. Хабар бойынша,Умм Атыийй, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (қайтыс болған) қызының[421], оған Аллаһтың ризашылығы болсын, денесін жуып жатқанда, ол: “Жууды оң жағынан бастап, дәрет алғанда қай жерлерін жуу керек сол жерлерінен бастап жуыңдар”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

724. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім аяқ киімін киетін болса оң аяғынан бастасын, ал оны шешкен уақытында сол аяғынан бастасын, қорытып келгенде оң аяқты бірінші киіп соңғы шешетіндей болу керек. Аль-Бухари, Муслим.

 

725. Хабар бойынша,Хафса, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оң қолымен ішіп жейтін және киінетін, ал қалған істерді сол қолымен істейтін. Бұл хадисті Абу Дауд, ат-Тирмизи және басқа да мұхаддистер келтіреді.

 

726. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Киім киіп, дәрет алғанда оң жақтарыңнан бастаңдар.Бұл сенімді хадисті, сенімді иснадпен Абу Дауд және ат-Тирмизи сенімді иснадпен келтіреді.

 

727. Хабар бойынша,Анас, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Минаға оралғанда, ол бағаналарға келіп тас ата бастады[422], сосын Минадағы тоқтаған жеріне қайта оралды да құрбан шалды, сосын шаштаразшысына: “Ал[423]”, - деді де, бірінші басының оң жағын көрсетті де, сосын сол жағын көрсетті де, артына (қырылған) шашын адамдарға тарата бастады. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим ғана келтірген нұсқасында Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бағаналарға тас атып және құрбан шалып болған соң, ол шатаразшыға басының оң жағын ұсынды да, ол оны қырып тастады, осыдан кейін ол өзіне Абу Тальха аль-Ансарды шақырып алды да, ол оған қырылған шашты берді. Ал содан соң ол оған басының сол жағын ұсынды да : “Қыр!”, - деді, қырып болған соң, Абу Тальхаға: “Адамдарға тарат”, - деді.

 

 

ТАМАҚ ІШУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ЖАЙЛЫ КІТАП.

(Исламдағы тамақ ішу мәдениеті)

 

100 ТАРАУ

Тамақ ішуді Аллаһтың атмен(бисми-Ллаһи)деп бастау және тамақ ішіп болған соң Аллаһқа мақтау(шүкірліктер)айту жайлы.

 

728. Хабар бойынша,Омар бин Абу Салам, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “”Иә балақай, Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен”, - деп баста да, оң колыңмен өзіңе жақын болғаннан же!” Аль-Бухари, Муслим.

 

729. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тамақ жердің алдында сендерден кез келгенің Аллаһ Тағаланың есімін айтсын, ал егер де ол Аллаһтың есімін тамақтың алдында айтуды ұмытып кетсе онда: “Аллаһтың атымен тамақтың алдында және соңында!” /Бисмилляһи фи аууалаһи уа ахираһи!/[424], - десін. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

730. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам үйіне кіргенде және тамақ ішер алдында Аллаһ Тағаланың есімін айтса, шайтан өзінің нөкерлеріне: “Бұл жерде сендерге пана да, тамақ та жоқ!”, - дейді. Ал егер де ол кірерде Аллаһ Тағаланың есімін аузына алмаса, онда шайтан өзінің нөкерлеріне: “Сендер пана таптыңдар”, - дейді, ал егер ол тамақ ішер кезде де Аллаһ Тағаланы есіне алып айтпаса, шайтан: “Сендер пана да, тамақ та таптыңдар”, - дейді. Муслим.

 

731. Хабар бойынша,Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге тамақ ішкен уақытымызда біз ешқашан одан бұрын, ол өзі тамақ жеуді бастамайынша, тамаққа қол салып еш нәрсе алмайтынбыз. Бірде біз бәріміз дастархан басында отырғанымызда, асығыс оны біреу қуып келе жатқандай бір қыз келді де, бірден тамаққа қол созды, бірақта Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны қолынан шап беріп ұстады. Оның артынша дәл солай біреу қуып келе жатқандай, бір бәдәуи келді, оны да Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолынан ұстап былай деді: “Расында, шайтан Аллаһ Тағаланың есімінсіз бастап жеген тамақты өзіне тиесілі санайды, сондықтан ол мына қыздың көмегімен өзіне тамақты тиесілі ету үшін оны алып келді, бірақта мен оны қолынан шап беріп ұстап қалдым. Содан кейін өзіне тамақты тиесілі ету үшін мына бәдәуиді алып келді, бірақта мен оның да қолынан ұстап алдым! Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, мына екеуінің қолын ұстағанымда шайтанның қолы менің қолымда болды!” Осыдан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Тағаланың есімін айтып тамаққа кірісті. Муслим.

 

732. Хабар бойынша,Умаййа бин Махши, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам жанында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған уақытта тамақ жеп отырды да, ол тамақтан бір түйірі қалғанша Аллаһтың есімін айтпады. (Тамақтың соңғы түйірін) аузына салайын деп жатып: “Аллаһтың атымен тамақтың алдында және соңында!” /Бисмилляһи фи аууалаһи уа ахираһи!/, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, күліп: “Осы уақыт бойы шайтан онымен бірге тамақ жеп отырда, ал ол Аллаһтың есімін еске алуы мұң еді, шайтан ішіндегісінің бәрін құсып тастады”, - деді. Абу Дауд ан-Насаи[425].

 

733. Хабар бойынша,Аиша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының алтауының ортасында тамақ жеп отыр еді, бір бәдәуи келді де (қолына тамақтың екі түйірін алып) тамақты жеп бітірді, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, егер де ол Аллаһтың есімін айтқанда, тамақ бәрімізге жетер еді», - деді. Ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп жеткізді.

 

734. Хабар бойынша,Абу Умама, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте тамақ жеп болысымен былай дейтін жеткізді:

Аллаһқа көп, хош, берекелі, әрдайым айтылатын, үздіксіз мақтау-мадақтар болсын, иә біздің Раббымыз! /Әлхамду лилләһи хамдан касиран таййбан мубаракан фийһи, ғойро (мәкфий уә лә) мууаддәъин, уә ләә мустәғнән ъанһу роббәнә/[426] Аль-Бухари.

735. Хабар бойынша,Муъаз бин Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім тамақтан кейін: “Менен ешқандай күш-қуат талап етпей мені тамақтандырып, рызықтандырған Аллаһқа шүкір!” /Әльхамду лилләһил-ләзий ат-ъамәний һәзәә, уә разақаниһи, мин ғойри хаулим-миний уә ләә қутин!/[427], - десе, оның алдыңғы кішігірім күнәләрі кешіріледі.

 

 

101 ТАРАУ

Тамақты жамандамай, оны мақтаудың керектігі жайлы.

 

736. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ешқандай тамақты жамандаған емес, егер ол оны қаласа жейтін де, ал егер ол оған ұнмаса жемейтін. Аль-Бухари, Муслим.

 

737. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйіндегі адамдардан тұздық сұрады, оған: “Бізде сірке суынан басқа тұздық жоқ”, - деді. Сонда ол сірке суын алдырды да: “Сірке суы тамаша тұздық, сірке суы тамаша тұздық!”, - деп (тамағын) жей бстады. Муслим.

 

 

102 ТАРАУ

Ораза ұстаушыға егер ол аузын ашпаса не айту керектігі жайлы.

 

738. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер қайсы біріңді қонаққа шақырса[428], онда қабыл алсын, егер оның аузы ораза болса, онда дұға жасасын, ал егер ораза болмаса, онда тамақ жесін. Муслим.

Ғалымдар: “Бұл жердегі “Дұға жасасын”, дегені, ол Аллаһ Тағаладан (ол адам үшін) тілек тілеп дұға жасасын дегені.

 

 

103 ТАРАУ

Тамаққа шақырылған адам, егерде онымен бірге тағы біреу келген болса не деу керектігі жайлы.

 

739. Хабар бойынша,Абу Масъуд аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Ансарлардан бір адам Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және онымен бірге төрт адамды үйіне тамақ беруге қонаққа шақырды, сонда олармен бірге тағы бір адам ілесті де, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйдің есігінің алдына келген уақытта, үй иесіне: “Мына адам бізге еріп келді, егер қаласаң, оны кіргізесің де, ал егер қаламасаң ол артқа қайтады”, - дегенде ол: “Жоқ, мен оған кіруге рұқсат беремін, иә Аллаһтың елшісі!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

104 ТАРАУ

Жанында отырған адамның қалай жеу керектігі және дұрыс жей алмайтын адамға үйретіп көмектесу жайлы.

740. Хабар бойынша,Омар бин Абу Салама[429], оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бала кезімде мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолында (тәрбиесінде) болдым. Әдетте мен қолымды ортадағы тамақтың әр шетіне созатынмын. Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған: “Иә балақай: “Аллаһтың атымен!” /Бисмил-Лаһи!/, - деп айт та, оң қолыңмен же және тамақтан өзіңе жақынынан ғана ал!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

741. Хабар бойынша,Салама бин Ақуаъ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бір адам Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында сол қолымен жей бастады, бұны көрген ол: «Оң қолыңмен же!», - деді. Бұған ол: «Жей алмаймын», - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, «Жей алмай қал!», деді. Өйткені оған такаппарлықтан басқа еш нәрсе кедергі жасамайтын. Осыдан кейін ол, шынымен-ақ, сол қолын аузына апара алмайтын болды. Муслим.

 

 

105 ТАРАУ

Көпшілік арасында тамақ жеп отырған адамның құрманы екіден не болмаса басқа тамақты екіден алып жеуді, тек қана сондағы адамдардың рұқсатымен ғана жасауға болатындығы жайлы.

 

742. Хабар бойынша,Жабал бин Сухайым, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Біз ибн аз-Зубайрмен бірге болған кезімізде, құрғақшылық болды да бізге құрма берілетін. Ал Абдуллаһ бин Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жайлы айтатын болсақ, ол тамақ жеп отырған біздің жанымыздан өтіп бара жатып: “Екіден алмаңдар, өйткені Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олай істеуге тыйым салатын”, - дейтін де, артынан: “…егерде оған олай істеуге оның бауыры рұқсат бермесе”, - деп қосатын. Аль-Бухари, Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.