Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 6 страница



 

 

106 ТАРАУ

Тамақ жеп, бірақ тоймайтын адамға не деп, не істеу керектігі жайлы.

 

743. Хабар бойынша,Уақш бин Харб былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған: “Иә Аллаһтың елшісі, расында біз тамақ жеп тойына алмаймыз!”, - деді. Ол: “Сендер бөлек тамақ ішетін шығарсыңдар”, - деді. Олар: “Иә”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда тамаққа жиналып, Аллаһтың есімін айтып жеңдер, сонда сендерге тамақтың берекесі болады”, - деді. Абу Дауд.

 

107 ТАРАУ

Тамақты шетінен бастап жеу және ортасынан жеуге рұқсаттың жоқтығы жайлы.

 

Бұл тарауға Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “…өзіңе жақын болған жерден ғана же!”, - деген сөздері жатады.

 

744. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тамақтың берекесі, оның ортасында болады, сондықтан оның шетінен бастап жеңдер де, жеуді ортасынан бастамаңдар. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

745. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Буср оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, “Аль-Ғарра”[430], деп аталатын үлкен және оны төрт адам көтеретін ыдысы болатын. Бірде таң ертең намаз оқып болған соң, ішіне нан турап оны алып келді де, оны айнала адамдар жинала бастады, ал оның жанына көп адам жиналған соң Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның алдына тізерледі. Бір бәдәуи: “Сен неге бұлай отырсың?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында Аллаһ мені рақымсыз билеуші етіп жаратқан жоқ, мен шүкірлік етушілерден етті!”, - деді де, артынан: “Шетінен жеңдер де, төбесіне тиіспеңдер, сонда осының бәрі берекелі болады”, - деді. Бұл хадисті Абу Дауд жақсы иснадпен келтіреді.

 

 

108 ТАРАУ

Шынтаққа сүйеніп тамақ ішудің жақсы еместігі жайлы.

746. Хабар бойынша,Абу Жухайф Уахуа бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мен тамақ ішкенде еш нәрсеге сүйенбеймін. Аль-Бухари.

Аль Хттаби былай дейді:

“Бұл жердегі ”Шынтаққа сүйенуші” , дегені ол “отырушының өзі отырған төсекке сүйенгені”. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мен төсекте және жастықта тамақты көп жегісі келген адам секілді отырмаймын, керісінше тек керекті мөлшерде ғана және кез келген уақытта тұрып кететін адамның отырысымен отырамын, деп айтпақшы болған”.

Ал Аль-Хаттабидің бұл сөздерін басқалар “Шынтаққа сүенуші”, ол жантайып жартылай жатқан адамды айтады, деген, ал бәрін білуші бір Аллаһ қана.

 

747. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір тізесін көтеріп жерде отырып құрма жегенін көрдім. Муслим.

 

 

109 ТАРАУ

Тамақты үш саусақпен жеп оны жалаудың дұрыстығы, ал оны жаламай сүртудің жақсы еместігі жайлы және ыдыстағы (тамақты) жалап жеп қою, жерге түскен тамақты көтеріп жеу және де саусақтарды жалаған соң оны білекке, өкшеге сүртуге болатындығы жайында.

748. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден қайсыларың тамақ жеп болған соң саусағын жалап қоймай, не оны басқа біреуге жалатпай[431] сүртпесін. Аль-Бухари, Муслим.

 

749. Хабар бойынша,Қаъб бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты үш саусағымен жеп, ал жеп болған соң оны жалап қойғанын көрдім. Муслим.

 

750. Хабар бойынша,Жабір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саусақтармен ыдысты жалап қоюды әмір етіп, былай деді: “Расында, сендер тамақтың қай бөлігінде берекенің жасарынғанын білмейсіңдер”. Муслим.

 

751. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Егер қайсы біріңнің бір түйір тамағың түсіп қалса, оны шайтанға қалдырмай қыл-қоқымын алып тастап жеп қойсын және қолын жаламағанша шүберкпен сүртпесін, өйткені ол асының берекесі қай бөлігінде екенін білмейді. Муслим.

 

752. Хабар бойынша,Жәбір, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, шайтан сендердің әр қайсыларыңның қасында болып, ол не істесе де жанынан кетпей тамақ ішіп жатқан кезде де болады, егер қайсы біріңде бір тілім (түйір болса да) тамағың түсіп қалса, оны шайтанға қалдырмай қыл-қоқымын алып тастап жеп қойсын және қолын жаламағанша шүберкепен сүртпесін, өйткені ол асының берекесі қай бөлігінде екенін білмейді. Муслим.

 

753. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Тамақ жеп болысымен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, саусақтарын жалап былай дейтін: “Егер қайсы біріңде тамағыңнан бір түйірі (болса да) түсіп қалса, оны шайтанға қалдырмай қыл-қоқымын алып тастап жеп қойсын“ Және ол бізге ыдыстағы тамақты жалап жеп қоюды әмір етіп, былай дейтін: “Расында, сендер астарыңның қай бөлігінде береке жасырынғанын білмейсіңдер”. Муслим.

 

754. Хабар бойынша,Саъид бин Харис, ол бірде Жәбірден, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, отқа тиген тамақты жегеннен кейін дәрет алу керек пе?, днп сұрағанда[432]. Ол: “Жоқ. Бұндай тамақ Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, уақытында бізге сирек бұйыратын, ал ондай тамақ тигенде біздің орамалымыз болмайтын, қолымызды білегімізге, окшелерімізге сүртетінбіз де, одан кейін намазды дәрет аламастан оқитынбыз[433]. Аль-Бухари.

 

 

110 ТАРАУ

Тамаққа көп қол созылғанының

жақсы екендігі жайлы.

 

755. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екеудің тамағы үшеуге де жетеді, ал үшеудің тамағы төртеуге де жетеді. аЛь-Бухари, Муслим.

 

766. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бір адамның тамағы екі адамға жетеді, екі адамның тамағы төрт адамға жетеді, ал төрт адамның тамағы сегіз адмға да жетеді. Муслим.

111 ТАРАУ

Су ішу жайлы және су ішкен уақытта ыдысты ауыздан алып үш рет демалғанның жақсы екендігі, және ыдысты ауыздан алмай демалғанның дұрыс еместігі және де ыдысты, беру суды бірінші ішіп болған адамнан соң оның оң жағына қарай беру керектігі жайлы.

757. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір ыдыстан су ішкен уақытында, әдетте үш рет дем алатын. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл дегеніміз, ол ыдысты аузынан алып дем алатын.

 

758. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Түйе секілді бірден бәрін ішпеңдер, ішкенде екі не үш рет дем алып ішіңдер және ішер алдында “Аллаһтың атымен!”/Бисми-Ллаһи!/, - деп бастаңдар да, ішуді аяқтағанда Аллаһқа мақтаулар айтыңдар[434].Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.[435]

 

759. Хабар бойынша,Абу Катада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, ыдсты ауыздан алмай дем алуға тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.

Яғни, ыдыстағы суға дем алу.

 

760. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, су араластырған сүт алып келгенде, оның оң жағында бір бәдәуи тұрды да, ал сол жағында Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, тұрды. Ол сүтті ішіп болды да, ыдысын бәдуиге беріп: “Оң жақтағының артық хақысы бар”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

761. Хабар бойынша,Сахл бин Съад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сусын алып келді, ол оны ыдыстан ішті. Сонда оның оң жағында бір жасөспірім[436] отырды да, ал сол жағында қариялар отырды. Ол жасөспірімнен: «Сен маған мына ыдысты алдымен мыналарға беруге рұқсат бересің бе?», - деді. Жасөспірім: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен сенен маған тиесіліні ешкімге бермеймін!», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол ыдысты оған берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

112 ТАРАУ

Шанаштың[437] не болмаса басқа ыдыстардың тікелей аузынан ішудің жақсы еместігі жайлы және жақсы емес дегеннің толығымен рұқсат емеске жатпайтындығы жайлы.

 

762. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

“Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шанаштарды бүктеуге тыйым салатын”, - яғни, оны бүктеп аузынан ішуге, тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.

 

763. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үлкен болсын, /…кіші болсын/ шанаштың тікелей аузынан ішуге тыйым салатын. Аль-Бухари, Муслим.

764. Хабар бойынша,Хасан бин Сәбиттің апасы Умм Сәбит Қабша бинт Сәбит, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған кірді де, тұрып менде ілулі тұрған шанаштың аузынан су ішті. Сосын мен ол шанаштың аузын кесіп алдым. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

Оның шанышқының аузын кесіп алғандағы мақсаты, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсвн, аузы тиген нәрсені, кұтіп ұстап сол арқылы иглікке жету болған. Бұл хадистен алатынымыз, дегенмен аузы бар ыдыстардан тікелей аузынын ішуге Шариғат толығымен тыйым салмайды, бірақта алдыңғы хадистерге сұйенетін болсақ олай істегеннің жақсы емес екендігі айқындалады, ал бәрін білуші бір Аллаһ қана[438].

 

113 ТАРАУ

Суға үрлеудің жақсы еместігі жайлы.

 

765. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, суға үрлеуге тыйым салған уақытта, бір адам: “Дегенмен мен кей-кездері онда қиқым көремін”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “(Қиқымды) төгіп таста”, - деді. Ол адам: “Мен бір деммен сусынымды қандыра алмаймын”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда ыдысты аузыңнан ал[439]”, - деді.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

766. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ыдысқа үрлеуді және одан ауызды алмай дем алуға тыйым салды.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

114 ТАРАУ

Тұрып ішуге болатындығы, бырақ отырып ішкеннің жақсырақ екендігі жайлы.

Бұл тарауға (112 тарауда) келтірілген (№764 хадис) Қабыштың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келтірген хедисі жатады.

 

767. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Зәмзәм суын бердім, ол оны тұрған бойда ішті. Аль-Бухари, Муслим.

768. Хабар бойынша,ан-Назаль бин Сабр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, мешіт қақпаларының жанына келіп, тұрып су ішті де: “Қазір мен не істесем, расында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, соны істегенін көрдім[440]”, - деді. Аль-Бухари.

 

769. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде біз жүріп жеп және тұрып су ішуге жиі мәжбүр болатынбыз.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

770. Хабар бойынша,Амр бин Шуъайбқа әкесі оның атасының, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деп айтқанын жеткізді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұрып та отырып та ішкенін көрдім. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

771. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тұрып ішуге тыйым салғанын жеткізді, Қатада айтты:

Біз Анастан: “Ал жеуге ше?”, - деп сұрағанда, ол: “Бұл одан да нашар”, /”…не одан да жиренішті”/, - деп жауап берді. Муслим.

Бұл хадистің тағі бір нұсқасында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,адамдарға тұрып ішуге рұқсат бермейтін, делінеді.

 

772. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден еш қайсысың тұрып ішуші болмаңдар, ал егер ұмытып кетіп ішіп қойса, онда ішкенін құсып тастасын. Муслим.

 

 

115 ТАРАУ

Су үлестіруші адамның өзі суды соңынан ішуі жайлы.

 

773. Хабар бойынша,Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Су үлестіруші адам, өзі суды бәрінен кейін ішсін.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

 

116 ТАРАУ

Тікелей өзеннен не болмаса тағы (осыған ұқсас) жерлерден ыдыссыз қолдың көмегінсіз ішуге болатындығы сияқты кез келген алтын мен күмістен басқа таза ыдыстардан ішуге болатындығы жайлы және алтын мен күмістен жасалған ыдыстардан ішіп-жеуге дәрет алуға және басқа да істерде қолдануға болмайтындығы жайлы.

774. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде намаздың уақыты келген уақытта мешіттің жанында тұратындар дәрет алуға үйлеріне кетті, ал қалғандары қалды. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жайлы айтатын болсақ, оған тастан жасалған ыдыспен су алып келді, ол ыдыстың кішкентайлығы сонша, онда саусақтарды ашып салуға қол симас еді, бірақта сол ыдыстағы сумен сол жерде қалған барлық адам дәрет алды.

Бұл хадисті жеткізушілердің бірі былай деді:

Біз Анастан: “Сендер неше адам болып едіңдер?”, - деп сұрадық. Ол: “Сексеннен астам адам”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде Аль-Бухаридің нұсқасы келтіріліп тұр.

Бұл хадистің Аль-Бухари, Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Анастың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дегені келтіріледі:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, су әкелуге әмір берді де, оған бір таяз ыдыспен су алып келді, ал мен оның саусақтарының арасынан (ыдыстан) су аққанын көрдім, ал дәрет алушылардың санын айтатын болсақ олар жетпіс пен сексеннің аралығында болды.

 

775. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бізге Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді, біз оған мыс ыдыспен су алып шақтық, ол сол сумен дәрет алды. Аль-Бухари.

 

776. Хабар бойынша,Жәбір бин Абдуллаһ, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларының бірімен бір ансардың үйіне кірді де: «Сенің шанашыңда түннен қалған су бар ма, егер болмаса онда біз суаттың[441] өзінен ішеміз», - деді. Аль-Бухари.

 

777. Хабар бойынша,Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге жібектен және дибадждан жасалған киімді киуге[442] және алтын мен күмістен жасалған ыдыстардан ішуге тыйым салып былай дейтін: “Расында, бұның бәрі олар[443] үшін осы дүниеде бұйрады да, ал біздер үшін о дүниеде бұйырады” аль-Бухари, Муслим.

 

778. Хабар бойынша,Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күміс ыдыстан ішкеннің қарнында Тозақ отының жалыны шулайды. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Расында, кім күмістен жасалған ыдыстан ішсе, жесе…

Бұл хадистің тек қана Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Күміс не алтын ыдыстан ішкеннің қарнында Тозақ отының жалыны шулайды.

 

 

КИІМ КІТАБЫ

 

117 ТАРАУ

Ақ түсті киім кигеннің дұрысырақ екендігі және қызыл, жасыл, сары, қара түсті киімді киуге болатындығы, сондай-ақ киімнің матасы мақтадан, шаштан, жүннен, зығырдан және т.б. жібектен басқаның бәрінен болса киуге болатыныдығы жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәнді бұйым түсірдік (жарттық). Негізінде тақуалық киім жақсы. Солар Аллаһтың белгілері. Әрине түсінерсіңдер“. «Ағраф» сүресі, 26 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…Сондай-ақ сендер үшін ыстықтан қорғайтын киімдер және соғыста қорғанатын сауыттар пайда қылды. Әрине бой ұсынарсыңдар”. “Нахыл” сүресі, 81 аят.

 

779. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімдеріңнің ішінен ағын киіңдер, өйткені, расында, олар жақсырақ болып саналады, сондай-ақ мәйіттеріңді ақ матаға ораңдар. Бұл хадисті ат-тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис” деп келтіреді.

 

780. Хабар бойынша,Самур, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ақ киіңдер, өйткені, расында, ол таза және жақсырақ, сондай-ақ мәйіттеріңді аққа ораңдар. Бұл хадисті ан-Насай және аль-Хакам “Сенімді хадис” деп келтіреді.

 

781. Хабар бойынша,Аль-Бари бинЪазиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсы, орта бойлы болатын. Бірде мен оны қызыл түсті киімде көрдім, сондай-ақ сырт пішіні одан сүйкімді (әдемі) ешкімді көрген емеспін. Аль-Бухари, Муслим.

 

782. Хабар бойынша,Абу Жахайфа Ухф бин Абдуллуһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол Мекке (төңірегіндегі) Аль-Абтах деген жерде, қызыл түсті терімен қапталған өзінің шатырында көрдім. Биляль Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дәрет алу үшін су алып шықты да, одан кейбіреулерге бірнеше тамшы бұйырды да, ал кейбіреулері онымен денелерінің кей жерлерін сулауға мүмкіншілік алды[444]. Одан кейін сыртқа үстіне қызыл түсті киімі киген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шықты, әлі күнге дейін оның балтырының ақтығы менің көз алдымда. Содан соң ол дәрет алды, ал Биляль азан айта бастады, мен болсам ол оңға және солға бұрылып “Намазға асығыңдар!” /Хаййа ъляс-солят!/ “Құтылу жолына асығыңдар!” /Хаййа ълял-флях/, деген уақытында оның сөздерін қайталап отырдым. Содан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үшін ұшы ұшталған ағашты жерге қадады[445] да, ол алдыға шығып намаз оқыды, намаз кезінде оның алдынан еш кедергісіз иттер мен есектер өтіп жатты.Аль-Бухари, Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.