Здавалка
Главная | Обратная связь

Аль-Бухари, Муслим. 7 страница



 

783. Хабар бойынша,Абу Римса Рифаъа ат-Тайми, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үстінде жасылдан екі кіиімі болған кезінде көрдім. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд пен ат-Тирмизи келтіреді.

 

784. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Меккені алған күні, мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қара сәлдемен болғанын көрдім. Муслим.

 

785. Хабар бойынша,Абу Саъид Амр бин Хурайс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен ұштарын жауырынының ортасына түсірген қара сәлделі Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әлі күнге дейін көз алдымда көріп тұрғандаймын. Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген Жәбірден жеткізген нұсқасында,Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың алдына құтпа айтуға қара сәлдемен шыққаны хабарланады.

 

786. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мәйіті Иеменнен алынған үш бөлек Сахулдік шыт матамен[446] оралды, сонда оның арасында не жиде, не сәлде болған жоқ. Аль-Бухари, Муслим.

 

787. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйінен, түйенің ері секілді оюлармен жүннен оюланып тоқылған киіммен[447] шықты. Муслим.

 

788. Хабар бойынша,аль-Муғира бин Шуъба, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарда бірге болған кезімде, ол менен: “Сенде су бар ма?”, - деді. Мен: “Иә”, - дедім. Осыдан кейін ол түйесінен түсті де, қараңғы түнекке кіріп көрінбей кетті. Сосын ол қайтып келді де мен ыдысымнан оған суды ағыза бастадым да, ол бетін жуды. Осы кезде оның үстінде жүннен тоқылған жубба[448] болды, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолдарының білегін жалаңаштата алмағаннан кейін, қолын (киімінің) астынан шығаруға тура келді[449]. Сосын қолдарын шынтақтарына дейін жуды да, су қолдарымен басын сүртті, ал сосын мен оған аяқ киімдерін /хуффайн/[450] шешуге қолымды создым, бірақ ол: “Оларды қоя ғой, өйткені оларды мен таза аяғыма кидім”, - деді де, содан кейін аяғын сүртті. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында аль-Муғира бин Шуъайбтың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…оның үстінде Шамнан алынған тар жеңді жубба болды.

Бұл хадистің үшінші нұсқасында былай делінеді:

Осының бәрі Табук жорығы кезінде болды.

,

 

118 ТАРАУ

Көйлек кигеннің жақсы екендігі жайлы.

 

789. Хабар бойынша,Умм Салама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүйікті киімі көйлек болатын.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

119 ТАРАУ

Көйлектің, жеңінің, изардың және сәлденің ұштарының ұзындығы, сондай-ақ осылардың бәрін көкіретіктен ұзартуға тыйым салынатындығы және басқа себептермен де олай істеудің

дұрыс еместігі жайлы.

 

790. Хабар бойынша,Асма бинт Йазид аль-Ансарийа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көйлегінің жеңі білегіне дейін жетіп тұратын.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.[451]

 

791. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “ Ахірет күні Аллаһ, киімін өр-көкіректіктен артында сүйретіп жүргенге, назар салмайды”, - деді. Бұны естіген Абу Бакр: “Иә Аллаһтың елшісі, егер мен қарамасам менің изарым кей кездері (белімнен) түсіп жерде сүйретіледі!”, - деді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, сен оны өр-көкіректіктен істейтіндерден емессің!», - деді. Бұл хадисті аль-Бухари толығымен келтіреді, ал Муслим бөлігін ғана келтіреді.

792. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Киімін өр-көкіректіктен артында сүйретіп жүргенге, Ахірет күні Аллаһ назар салмайды! Аль-Бухари, Муслим.

 

793. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қызыл асықтан төмен түскен изардың бөлігі Оттан орын алады[452]. Аль-Бухари, Муслим.

794. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үшеумен Аллаһ Ахірет күні сөйлеспейді, оларға қарамайды, оларды (күнәләрінан) тазартпайды және оларға ауыр азап дайындалған!

Абу Зарр айтты:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөздерін үш рет қайталады.

Сонда Абу Зарр: “Олар сәтсіздікке тап болып шығынға ұшырайды! Иә Аллаһтың елшісі, олар кімдер?”, - деп сұрады. Ол: “Киімдерінің соңын жерге түсірушілер, өзінің игілікті істерімен адамдарға міндетсінетіндер және (саудада) өзінің заттарын жалған антпен сатушылар”, - деді. Муслим.

Бұл хадистің басқа бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

…изарын төмен түсіруші…

 

795. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өр-көкіректіктен изарының, көйлегінің және сәлдесінің ұштарын тым түсіргендерге Аллаһ Ахірет күні қарамайды. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд және ан-Насаи келтіреді.

 

796. Хабар бойынша,Абу Журайй Жәбір бин Суляым, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен, оның ойына мән беріп және оның айтқанына ешкім қарсы шықпайтын, бір адамды көрдім. Мен: «Бұл кім?», - деп сұрадым. Адамдар: «Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын», - деді. Сонда мен, екі рет: «Саған сәлем /Алейка-с-саляму/, иә Аллаһтың елшісі!», - дедім. Бұныма ол: «“Саған сәлем”, - деме, өткені “Саған сәлем” деп өлген адамдарға айтады[453], бірақта “Сәлем саған” /Ассаляму-аалейка/, - деп айт», - деді. Сосын мен: «Аллаһтың елшісі сенсің бе?», - деп сұрадым. Ол: «Мен – егер саған қайғы келсе, сен Оған дұға жасап, оны сенен Қайтаратын, сондай-ақ сенің отырғызғаныңа құрғақшылық жылы келіп, сен Оған дұға жасап сұрағаныңда сенің отырғызғаныңды Өсіретін және шөл далада жоғалтқан түйеңді сенің дұғаңнан кейін тауып Беретін, Аллаһтың - елшісімін», - деді. Сосын[454] мен: «Маған өсиет айтшы», - дедім. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ешкімді балағаттаушы (ұрсушы) болма», - деді. Мен сол кезден бері бірде бір рет не құлды, не бас бостандығы бар адамды, не түйені, не қойды (ешкімді) балағаттаған емеспін. Содан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бауырыңмен сөйлескенде оған жылы лебіз таныту тұрғысында болса да Шариғаттың барлық қолдаған амалдарын орындауға тырыс, өйткені бұнда (сауап бар). Сондай-ақ изарыңды балтырыңның ортасына дейін көтер, не болмаса қызыл асықтарыңа дейін көтер де, одан төмен түсіруші болма, өйткені олай тек көкіректіктен ғана істейді, ал Аллаһ болса, расында өр-көкректікті жақтырмайды! Ал егер қай бір адам сені, сендегі білетін бір ісіңмен, масқаралап сөгетін болса, онда сен оны ол туралы білетін істерімен сөгіп масқаралаушы болма, сонда бұл күнәнің жазасын ол жалғыз тартады», - деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

797. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде изарын тым төмен түсірген бір адам намаз оқыған кезінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған: «Бар да дәрет ал!», - деп әмір берді. Ол адам барып дәрет алды да қайтып келді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған тағы да: «Бар да дәрет ал!», - деп әмір берді. Сол жерде болғандардың бірі: «Иә Аллаһтың елшісі, сен неге оған дәрет ал дейсің де, одан кейін ол туралы еш нәрсе айтпайсың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, ол намазды изарын төмен түсіріп оқыды, ал Аллаһ төмен түсірушінің дұғасына жауап бермейді[455]!», - деді. Бұл хадисті Муслимді қанағаттандыратын сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.[456]

798. Хабар бойынша, әкесі Абу Дардамен[457] әңгімелескен Қайса бин Бишра ат-Тағлиби былай деді:

Дамаскіде Ибн аль-Ханзалййа атты Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларыннан бір адам болды. Ол көп намаз оқитын болғандықтан жекешеленуді жақсы көріп адамдармен аз сөйлесетін, ал намаз оқып болған соң Аллаһты мадақтап Оған мақтау айтумен айналысатын, осылай үйіне қайтқанша күндерін өткізетін. Бірде біз Абу Дардамен бірге болған кезімізде, ол жанымыздан өтті де, Абу Дарда оған: “Бізге пайдалы болып және саған нұқсан келтірмейтін әңгіме айтшы”, - деді. Сонда ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жорыққа қарулы жасақ аттандырды да, ал олар қайтып келген кезде, жасақтың ішінен бір адам, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған жерге келіп, отырды да, сонда жанында отырған бір адамға: “Сен бізді жаумен кездескен кезімізде көрмегенің өкінішті-ақ! Пәленше оларға лап беріп, біреуін найзамен шаншыды да: “Менен осы соққыны ал, ал мен – ғифар руының жігітімін!”, - деді. Сен бұл сөздер туралы не дейсің?”, - деді. Ол адам: “Мен оның бұл сөздерінің кесірінен оның сауабы жоғалады, деп ойлаймын”, - деді. Оның сөзін басқа бір адам естіді де: “Мен бұл сөздерден еш жамандық көріп тұрған жоқпын”, - деді де, олар өзара тартыса бастады. Бұл әңгіменің бәрін естіп отырған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһқа мақтау! Оған Аллаһтың да сауабын алуға және мақтау сөздерін естуге де ешкім кедергі жасай алмайды!”, - деді.

Мен бұл әңгіменің: “Сен шынымен-ақ бұны Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, естідің бе?”, - деп, басын көтеріп, сұрақ қойып жатқан Абу Дардаға ұнағанын байқадым. Ал Ибн Ханзалийа: “Ия”, - деп жауап берді. Ал Абу Дарда болса, мен: “Бұл тізерлеп тұрудан тайынбайды[458]”, - деп ойлағанымша, сұрақ беруін жалғастыра берді.

Сосын, тағы бір күні Абу Ханзалйиа жанымыздан өткен кезде Абу Дарда оған: “Бізге пайдалы болып және саған нұқсан келтірмейтін әңгіме айтшы”, - деді. Сонда ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге: “Аллаһ жолында жылқыларға қаржы жұмсайтын[459], үздіксіз садақа берушімен тең”, - деді.

Сосын, тағы бір күні Абу Ханзалйиа жанымыздан өткен кезде Абу Дарда оған тағы да: “Бізге пайдалы болып және саған нұқсан келтірмейтін әңгіме айтшы”, - деді. Сонда ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Хурайма аль-Усайда туралы, егер ол шашын тым ұзын өсірмесе және изарын тым төмен түсірмесе, тамаша адам, деп айтуға болушы еді”, - деді. Бұны естіген Хурайма ұстара алып шашын құлағына дейін қысқартып, ал изарын балтырының ортасына дейін көтеруге асықты.

Сосын, тағы бір күні Абу Ханзалйиа жанымыздан өткен кезде Абу Дарда оған тағы да: “Бізге пайдалы болып және саған нұқсан келтірмейтін әңгіме айтшы”, - деді. Сонда ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, сендер жақын арада бауырларыңа келесіңдер[460], сондықтан адамдардың арасындағы меңге ұқсау үшін[461], ерлерің мен киімдеріңді реттеңдер, өйкені, расында Аллаһ ұятсызды және ұятсыз істерді жасаушыны жақтырмайды”, - дегенін естідім. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді. Бұл хадисті жеткізушілер жайлы айтатын болсақ, онда олардың ішінде Қайса бин Башир жайлы ғана түрлі көз қарастар бар. Оны кейбірі сенімге тұралық десе, ал екіншілері әлсіз дейді. Оған хадисті Муслим жеткізген.[462]

 

799. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұсылманға изарын балтырының ортасынан төмен түсіріп киу оғаштық болып табылады, егер ол изарын қызыл асықтарына дейін түсіретін болса, онда тұрған ештеңе жоқ, дегенмен қызыл асықтарынан төменгісі Оттан орын алады, кім изарын көкіректіктен жерде сүйретіп жүрсе, оған Аллаһ Ахірет күні назар салмайды. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

800. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен ұштары тым төмен түскен изар киіп Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанынан өткенімде, ол маған: “Иә Абдуллаһ изарыңды көтер!”, - деді де, мен көтердім, осыдан кейін ол: “Және (көтер)!”, - деді де, мен одан да жоғары көтердім. Содан бері мен оны солай киуге тырысамын.

Біреу: “Қай жерге дейін?”, - деп сұрағанда ол: “Балтырымның ортасына дейін”, - деп жауап берді. Муслим.

 

801. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім киімін көкіректіктен жерде сүйретіп жүрсе, оған Аллаһ Ахірет күні назар салмайды»,- деген кезде, Умм Салама: «Ал әйелдердің көйлектерінің етегімен не істейміз?», - деп сұрады. Ол: «Онда бір алақан түсірсін», - деді. Умм Салама: «Онда олардың өкшелері көрінеді», - деді. Ол: «Онда етектерін (бір) білекке түсірсін, бірақ одан төмендетпесін!», - деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді» хадис деп келтіреді.

 

 

120 ТАРАУ

Бой ұсыну мақсатында тым қымбат киімдерден бас тарту жайында.

 

Бұл тарауға қытысы бар хадистердің бөлігі № 56 “Аштықтың, қатаң өмірдің, аста, суда, киімде және басқа да барлық адамның жанына қуаныш әкелетін істерде азға қанағат етудің, және де нәпсінің артынан еруден бас тартудың мәртебесі жайлы тарауда“ келтірілген.

802. Хабар бойынша,Муъаз бин Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мүмкіншілігі бола тұра, Аллаһқа бой ұсыну мақсатында, қымбат киім киуден бас тарқан адамды, Аллаһ Ахірет күні бүкіл жаратылыстарының көзінше оған иман киімдерінің кез келгенін таңдап киуін ұсынады. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

121 ТАРАУ

Киім кигенде мүмкіншілігі болса тым адамдар күлетіндей нашар киінбеу жайында, әрине егер оның әрекеті осыған мұқтаж болғандықтан не болмаса Шариғаттың басқа да рұқсат етілген амалдарының ішіндегі бір мақсаттарға жетуімен байланысты болмаса.

 

803. Хабар бойынша,Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Өзінің (құлына берген) игілігінің іздерін Өзінің құлының үстінде көргенді жақсы көреді[463]. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

122 ТАРАУ

Еркектерге жібектен киім киуге, оған отыруға, оған сүйенуге болмайтындығы және әйелдерге жібектен киім киуге рұқсат екендігі жайында.

 

804. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жібектен киім кимеңдер, өйткені, расында жібекті осы дүниеде кигендер, оны о дүниеде кие алмайды.Аль-Бухари, Муслим.

 

805. Хабар бойынша,Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жібекті үлесі болмағандар ғана киеді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тек қана аль-Бухари келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…мәңгілік дүниеде үлесі болмаған киеді.

 

806. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жібекті осы дүниеде кигендер о дүниеде кие алмайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

807. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолына жібек алып оны оң қолына салып, сосын қолына алтын алып, оны сол қолына салып: “Расында мынау мен мынау менің үмметімнің еркектеріне харам”, - дегенін естідім. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

808. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, жібек пен алтын киу менің үмметімнің еркектері үшін харам, ал әйелдері үшін халал (рұқсат). Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

809. Хабар бойынша,Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге алтын мен күміс ыдыстардан ішуге, жібектен және негізі жібектен жасалған киімдерді киуге және оған отыруға тыйым салатын. Аль-Бухари.

123 ТАРАУ

Қотырмен ауыратындарға жібек киім

киуге болатындығы жайлы.

810. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аз-Зубайр мен Абд ар-Рахман бин Ауф қотырмен ауыратын болғандықтан, оларға жібек киім киуге рұқсат берді. Аль-Бухари, Муслим.

124 ТАРАУ

Жолбарыстың терсін төсекке жабуға және онымен жабылған ердің үстіне отыруға болмайтындығы жайлы.

 

811. Хабар бойынша,Муъавий, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жолбарыстың терісі жабылған және жібек жабылған көлікке отырмаңдар. Абу Дауд және басқа да мухаддистер “Жақсы хадис”, деп жақсы иснадпен келтіреді.

 

812. Хабар бойынша,Усама бин Умайр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы (жыртқыш) аңдардың терісін қолдануға тыйым салатын.Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд ат-Тирмизи және ан-Насаи келтіреді.

Бұл хадистің ат-Тирмизи келтірген нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,тағы (жыртқыш) аңдардың терісімен төсектерді жабуға тыйым салатындығы айтылады.

 

 

125 ТАРАУ

Адам жаңа киім кигенде







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.