Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 1 страница



 

813. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаңа киім киген кезде оның атын атайтын да (мысалыға) “сәлде”, не “көйлек”, не “шапан” (деп), сосын былай дейтін: “Иә Аллаһ! Саған мақтау-мадақтар болсын! Сен маған (киім) кигіздің. Мен сенен оның берекетін тілеймін және қандай жақсылыққа арналса, оның игілігін сұраймын, қандай жаманшылыққа арналса, оның жамандығынан Өзіңе сыйынамын”. /Аллаһумма ләкәл-хамду анта касаутаниһ асәлукә мин хойриһи уә хойри мә суниъа ләһ, уә әъузубика мин шарриһи уа шарри мәә суниъа ләһ/[464] Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

 

126 ТАРАУ

Киім кигенде оң жақтан бастау керектігі жайлы.

 

Бұл тарауға байланысты хадистер №99 барлық жақсы амалдарды орындағанда оң жақтан бастауға көңіл бөлу жайындағы тарауда келтірілген.

 

 

ҚАЛАЙ ҰЙҚТАУ КЕРЕКТІГІ

ЖАЙЛЫ КІТАП

 

127 ТАРАУ

Қалай ұйықтап, қалай жату керектігі жайлы.

 

814. Хабар бойынша,Аль-Бара бин ъАзиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұйқыға жатқанда, оң жағына (бүйіріне) жатып, былай дейтін: “Иә Аллаһ! Өз нәпсімді Саған бойұсындырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабіңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім.” /Аллаһумма асламта нафси иләйк, уә фәу-уадту әмри иләйк(ә), уә уәж-жәһту уәжһий иләйк(ә), уә әлжәъту зоһрий иләйк(ә) рағбәтән уә раһбәтән иләйк(ә), ләә мәлжә-ә уә ләә мәнжәә минкә иләә иләйк(ә), әмәнту би китабикәл-ләзий әнзәлтә уә би нәбий-икәл-ләзий әрсәлт/[465] Осы күйде өзінің «Сахих» кітабында Аль-Бухари келтіреді.

 

815. Хабар бойынша,аль-Бара бин ъАзиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: “Ұйықтауға жатқың келген кезде намаз оқырдың алдында қалай дәрет аласың, солай дәрет ал да оң бүйіріңе жатып былай де…”

Осыдан кейін аль-Бара жоғарыда келтірілген хадистегі дұға секілді дұғаны оқыды да мынаны айтты:

Осыдан кейін (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,): “Осы сөздері өткізген күніңнің соңғысы қыл”, - деді.

 

816. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде он бір ракағаттан тұратын нәфіл намаз оқитын, ал таң сөгіле бастаған уақытта жеңіл екі ракағат намаз[466] оқитын, сосын азаншы парыз намазының уақытының кіргенін хабарлап азан айтқанша оң бүйіріне жататын. Аль-Бухари, Муслим.

 

817. Хабар бойынша,Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнде төсекке жатқанда бетін қолына қойып: “Иә Аллаһ, Сенің есіміңмен өліп (ұйықтап), Сенің есіміңмен тірілемін (оянамын)” /Бисмикал-лаһумма амуту уа ахийа/[467], - дейтін де – ал оянған кезде: “Бізді өлтіргеннен соң қайта тірілткен Аллаһқа шүкір! Әрі біз оған қайтушымыз” Әльхамдули-Ллаһи алләзии Ахиана баъда ма аматна уа илайһин-нушуру/[468], - дейтін. Аль-Бухари.

818. Хабар бойынша,Йаъиш бин Тихфа аль-Ғифари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол өзінің әкесінің былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде мен етбетіммен мешітте жатқан кезімде, кенет бір адам мені аяғымен түртіп: “Расында, Аллаһ бұлай жатқанды жеккөреді!”, - деді. Мен жоғары қарасам ол адам Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, екен. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

819. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың кегі /тира/ Аллаһтың есімін айтпай жатқанға қалай тиетін болса, Аллаһтың есімін айтпай отырғанға да солай тиеді. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

“Тира”, дегеніміз “кему (азаю, тартылу)”, деген мағынаны да білдіреді. Және оның мағанасын жауапкершілік деп те айтады.

 

 

128 ТАРАУ

Егер көрінбеуге тиісті (аурат) жерлері көрініп қалу қаупі болмаса шалқайып аяқты-аяққа қойып ұйықтауға болатындығы және аяқтарды айқастырып оны қолмен құшақтап отыруға болатындығы жайында.

 

820. Хабар бойынша,Абдуллаъ бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мешітте шалқасынан аяғын аяғына қойып жатқанын көргенін жеткізді. Аль-Бухари, Муслим.

 

821. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазынан кейін күн ағарып шыққанша мешітте аяғын айқастырып отыратын. Бұл сенімді хадисті Абу Дауд және басқа да мухаддистер сенімді иснадпен келтіреді.

 

822. Хабар бойынша,Ибн Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

“Мен Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Қаъбаның ауласында қолымен аяқтарын құшақтап жүресінен[469] отырғанын көрдім”, - деп өзі қолдарының көмегімен аяқтарын құшақтап жүресінен отырып Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қалай отырғанын көрсетті. Аль-Бухари.

 

823. Хабар бойынша,Қайла бинт Махрама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қолдарымен аяқтарын құшақтап жүре отырғанын көрдім, сонда мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, солай бойұсынып отырғанын көргенде қорыққаннан тітірендім. Абу Дауд, ат-Тирмизи.

824. Хабар бойынша,аш-Ширрид бин Сувайт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен сол қолымды артыма жіберіп бас бармағыма таянып шалқалап отырғанымда, жанымнан өтіп бара жатқан Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Шынымен-ақ саған Аллаһтың қаһарында болғандар секілді отыру ұнайды ма не?!”[470], - деді. Бұл хадисті сеімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

 

129 ТАРАУ

Жиналыста өзін-өзі ұстаудың әдебі және сұхбаттасушы адамман өзін қалай ұстау керектігі жайында.

 

825. Хабар бойынша,Ибн Омар, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешқайсысың оның орнына отыру үшін басқаны отырған жерінен тұрғызбасын! Бұлай істемеңдер, бірақ жылжып (араларына отырғызсын да) еркін отыруға тырысыңдар.

Ал Ибн Омардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі жайлы айтатын болсақ, ол келген жиналыстарда егер оған біреу орнынан тұрып өз орнын ұсынатын болса, оған отырмайтын болған. Аль-Бухари, Муслим.

 

826. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендерден біреуің өз орнынан тұрып, одан кейін ол жерге қайта оралса, онда ол орынға оның хақысы артығырақ болады. Муслим.

 

827. Хабар бойынша,Жәбір бин Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келген уақытымызда біз әрқайсысымыз соңынан (бос жерге) отыратынбыз[471]. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

828. Хабар бойынша,Абу Абдуллаһ Сальман аль-Фариси, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам жұма күні ғұсыл құйынып, қолынан келгенше тазаланып, шашына(, денесіне) үйінде табылған хош иістер жағып жұма намазына шықса, сосын мешітте жанында отырғандарды итермелемесе, сосын Аллаһтың оған орындауға бұйырған намаздарын орындаса[472], сосын имам сөйлегенде тыныш отырса, оған міндетті түрде осы жұма мен алдыңғы жұманың алдында жасаған күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари.

 

829. Хабар бойынша,Әмр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамға басқа екі адамды тек олардың рұқсатымен ғана арасын бөлуге болады.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

Бұл хадистің Абу Дауд қана келтірген нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Адамдардың арасына, тек олардың рұқсатымен ғана отыруға болады.

 

830. Хабар бойынша,Хузайфа бин аль-Йаман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың ортасына отырушыларға лағынет айтатын[473]. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

Ат-Тирмизи Абу Мижляздің хабарымен бір адам ортаға отырып алған кезде, Хузайфаның былай деп айтқанын келтіреді:

“Мұндай (адам) Мұхаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы қарғалған!”, - дегенін, не болмаса: “Аллаһ, Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы ортаға отырушыға қарғыс айтқан!”, - деді. Ат-Тирмизи “Жақсы сенімді хадис”, деді.[474]

 

831. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жиналыс өткізетін жерлердің жақсысы болып олардың кең жерлері саналады”, - дегенін естідім.

 

832. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам көп шулаған жиналыста болып[475], бірақ орнынан кетер кезде: “Иә Аллаһ! Сен пәксің! Сенен басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін. Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін!” /Субханака-Ллаһумма уа бихамдика, ашһаду әллә илаһа иллә әнта, астағфирука уа атубу илайка/[476], - десе, оған міндетті түрде сол жиналыста болған күнәләр кешіріледі.Ат-Тирмизи “Жақсы сенімді хадис”, деді.

 

833. Хабар бойынша,Абу Барза, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Отырған жерінен кетпекші болып Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “ Иә Аллаһ! Сен пәксің! Сенен басқа ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін. Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін!”, - дей бастады. Сонда бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, сен бұрындары айтпаған сөздерді айта бастадың”, - деді. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл – жиналсытарда болатынға өтем[477]”, - деді. Бұл хадисті Абу Дауд Айшаның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтуымен өзінің “Аль-Мустадарак” кітабінда келтіреді, сондай-ақ аль-Хакам Абу Абдуллаһ бұл хадистің иснадын сенімді, деген.

 

834. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орнынан мына дұғаны айтпай сирек тұратын: “Иә Аллаһ, бізге Өзіңе бағынбаудан бізді алыстататын Өзіңнің Жәннәтіңа кіруге жеткілікті болатындай Өзіңнен қорқуды бер және осы өмірдің тауқыметтері біз үшін кішігірім көрінетіндей, жеткілікті иман бер! Иә Аллаһ, бізден (жанымыз) кетпейінше бізден есту қабілетін, көру қабілетін және күштен айырма, сондай-ақ бұны біздің мұрагерлерімізге де нәсіп ет, сондай-ақ бізге жәбір көрсетушілерден өшімізді алып бер, және бізге қарсы күресушілермен біздің күресуімізге жәрдемші бол, сондай-ақ біздің дінімізге қай бір опаттың келуіне жол берме, сондай-ақ бұл өмірді біздің басты мақсатымыз не басты біліміміз етіп қойма және бізге, бізге рақымшылық жасамайтындарға әмір билігін беріп қойма!” Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

835. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдар Аллаһтың есімі аталмаған жиындардан шыққанда, есектің өлексесін қалдырғандай болады және сол істері үшін өкінулер[478] сезінеді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

836. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адамдар Аллаһ Тағаланы еске алмаған және Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, салауат айтылмған жиындарда болған болса, онда оларға әлбетте кек түседі, сонда оларды Аллаһ қаласа жазалайды, қаласа кешіреді.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

837. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың кегі /тира/ Аллаһтың есімін айтпай жатқанға қалай тиетін болса, Аллаһтың есімін айтпай отырғанға да солай тиеді! Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

“Тира”, дегеніміз “кему (азаю, тартылу)”, деген мағынаны да білдіреді. Және оның мағанасын жауапкершілік деп те айтады.

 

 

130 ТАРАУ

Түс көру мен соған қатысы

Бар жайлар туралы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“ Күндіз-түні ұйықтауларың, сондай-ақ Аллаһтың кеңшілігін іздеулерің де, Оның белгілерінен…” “Рұм” сүресі, 23 аят.

 

838. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Қуанышты хабарлардан /мубашшират/ басқа, пайғамбарлықтан еш нәрсе қалған жоқ”. Сонда адамдар: “Ал қунышты хабарлар, дегеніміз не?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қайырлы түстер”, - деді. Аль-Бухари.

 

839. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бұл уақыттың жақындауымен, имандының түсі өзінің бекімін (туралығын, шындығын) тауып отырады, өйткені имандының түсі пайғамбарлықтың қырық алтыды бөлігінің бірі болып табылады. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің тек Муслим келтірген нұсқасында, ПАйғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі:

Ең шыншыл түстерді, аралырыңдағы сөзінде шыншылдарың көретін болады.

 

840. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мені түсінде көргендер мені өңінде де көреді[479] /…не болмаса мені өңінде көргенмен тең/, өйткені шайтан менің келбетіме кіре алмайды. Аль-Бухри, Муслим.

 

841. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендерден кім де кім өзіне ұнайтын түстер көрсе, демек ол Аллаһ Тағаладан, сондықтан Аллаһқа мақтаулар айтсын және оны басқаларға айтсын.

Бұл хадистің Мулим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…ол туралы өзі жақсы көретіндерден басқа ешкімге айтпасын. Ал егер ол (жақсы түстен басқа жаман) түс көрген болса – ол тек шайтаннан ғана, онда Аллаһтан шайтанның кесірінен сыйынсын[480] да, бұл туралы ешкімге айтпасын, сонда оған (жаман) түстің зияны тимейді. Аль-Бухари, Муслим.

 

842. Хабар бойынша,Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Қайырлы түс /басқа нұсқада: жақсы түс…/ - Аллаһтан, ал жаман түс – шайтаннан, сондықтан өзіне ұнамағанды көрген сол жағына үш рет түкірсін[481] де Аллаһқа шайтаннан сыйынсын, сонда, расында, оның түсінде көргенінен оған зияны тимейді. Аль-Бухари, Муслим.

 

843. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендерден кім өзіне ұнамайтын түс көрсе, онда үш рет сол жағына түкірсін де, үш рет шайтанның кесірінен Аллаһқа сыйынсын, сосын басқа бүйіріне (жамбасына) аунап жатсын. Муслим.

 

844. Хабар бойынша,Абуль-Асқаъ Усаиля бин аль-Асқаъ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, өтірік айтудың ішіндегі ұлығына адамның өзінің әкесі емес адамның баласымын, деп жариялауы, не болмаса көрмеген түсін көрдім деп айтуы, не Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтпаған сөздерін айтты деп хабарлауы жатады. Аль-Бухари.

 

СӘЛЕМДЕСУ ТУРАЛЫ КІТАП

 

ТАРАУ

Сәлемдесудің қасиеті және оны таратудың міндеттілігі жайында.

Аллаһ Тағала айтты:

“Әй мүминдер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер.” “Нұр” сүресі, 27 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“…Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (бір-біріңді) Аллаһ тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер!” “Нұр” сүресі, 61 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ не соның өзін қайтарыңдар…” “Ниса” сүресі, 86 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

“Саған Ибраһимнің ардақты қонақтарының (періштелер) әңгімесі келді ме? Олар Ибраһимге кіргенде: “Сәлем!”, - десті. Ибраһим да оларға Сәлем, бөгде қауым!”, - деді.” “Зәрят” сүресі, 24-25 аяттар.

 

845. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Исламның қай көрінісі ең жақсы саналады?», - деп сұрады. Ол: «Исламның ең жақсы көрінісі - ол адамдарға тамақ беру мен танитын және танымайтын адамдармен сәлемдесу», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

846. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала Адамды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаратқанда оны бірнеше періштеге жіберіп: “Бар да оларға сәлем бер және олардың саған қалай жауап бергенін ұғып ал, өйткені сен үшін және сенің ұрпағың үшін сәлем беру - олардың саған айтқан жауабы болады”, – деді. Сосын ол оларға: “Ас-саляму алейкум” (сендерге сәлем), - деді, ал олар жауап ретінде: “Ас-саляму алека уа рахматуллаһи!” (саған сәлем және Аллаһтың рахымы болсын!), - деп, оның сәлеміне: “…және Аллаһтың рахымы!”, - деген сөздерді қосты. Аль-Бухари, Муслим.

 

847. Хабар бойынша,Омар аль-Бара бин Ъазиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге жеті түрлі нәрселерді орындауды міндеттеді: ауырған адамның көңілін сұрауды, мәйітті шығарып салуды, түшкіргенге игілік тілеуді[482], әлсізді қорғауды, жәбірленушіге көмек көрсетуді, сәлем беруді көбейтуді (жәйуді, таратуды)[483], шақырған жерге баруды, сондай-ақ ант берушінің антын орындауға жағдай жасауды (көмектесуді)[484]. Аль-Бухари, Муслим, бұл жерде аль-Бұхаридің нұсқаларының бірі беріліп тұр.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.