Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 3 страница



Егер сендерден кім есінегісі келсе қолын аузымен жапсын, олай істемесе шайтан міндетті түрде оның ішіне енеді. Муслим.

ТАРАУ

Кездескенде амандасып қол алысу керектігі, жақсы көңіл-күй таныту, тақуа адамның қолын сүйу және өзіңнің балаңды оны жақсы көріп айналғанның белгісі ретінде сүйудің және сапардан келген адамды құшақтап қарсы алудың дұрыстығы жайында.

 

885. Хабар бойынша, Абуль-Хаттаб Қатада айтты:

Мен Анастан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары бірі-бірінің қолдарын алушы ма еді?"» - деп сұрадым. Ол: «Иә!», - деп жауап берді. Аль-Бухари.

886. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бізге иемендіктер келген кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерге қол алысып амандасуды бірінші бастаған иемендіктер келді”, - деді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

887. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі мұсылман кездесіп қол алысқанда олар айырылысқанша міндетті түрде (кішігірім) күнәләрі кешіріледі. Абу Дауд.

 

888. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, бізден біріміз өзінің бауырын, не болмаса досын кездестірсе оған (сәлем ретінде) иілуі керек пе?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жоқ”, - деді. (Ол адам): “Ал құшақтап сүйуге ше?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да: “Жоқ”, - деді. Ол адам: “Ал қолынан ұстап қысуға ше?”, - деп сұрады. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә”, - деп жауап берді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.

 

889. Хабар бойынша,Аъфуан бин Ассаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде яһидилердің бірі өзінің жолдасына: “Мені сол Пайғамбарға алып баршы”, - деді де, келген соң Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын тоғыз белгі (кереметтер) жайлы сұрақ қойды[496].

Сосын Сафуан бұл хадситі толығымен келтіріп, соңнан была деді:

Осыдан кейін олар оның қолын және аяғын сүйіп. “Сенің Пайғамбар екендігіңе куәлік береміз”, - деді. Бұл хадисті сенімді иснадымен ат-Тирмизи және басқа да мухаддистер келтіреді.[497]

890. Хабар бойынша,Ибн Омар, олардың екеуінен де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Сонда біз Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келдік те оның қолын сүйдік. Абу Дауд.[498]

891. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Зайд бин Харис Мединаға Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің үйімде болған уақытында келді. Ол есік қақты да, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған қарай киімін сүйретіп асықты, сосын оны құшақтады және сүйді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис” , деп келтіреді.[499]

 

892. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бауырыңды жылы жүзбен қарсы алу тұрғысында болса да, шариғаттың барлық дұрыстаған амалдарын орындауды кішісінбе (ұмытпа). Муслим.

 

893. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аль-Акра бин Хабистің көзінше (немересі) аль-Хасан бин Алиді сүйді, сонда аль-Акра: “Расында, менің он балам бар, бірақ олардың бірде бірін бір рет те сүйген емеспін!”, - деді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Өзгені аямайтынға рахымшылық жасалынбайды!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

АУЫРҒАННЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАУ, СОНДАЙ-АҚ МӘЙІТТІ ШЫҒАРЫП САЛУ, ОҒАН ЖАНАЗА НАМАЗЫН ОҚУ, ОНЫ ЖЕРЛЕГЕНДЕ ЖАНЫНДА БОЛУ ЖӘНЕ ЖАРЛЕП БОЛҒАН СОҢ ҚАБІРІНІҢ ЖАНЫНДА БОЛА ТҰРУ ЖАЙЫНДАҒЫ КІТАП.

ТАРАУ

Ауырғанның көңлін сұрап бару жайлы.

 

894. Хабар бойынша,Омар аль-Бара бин Ъазиб, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге мыналарды орындауды міндеттеді: ауырған адамның көңілін сұрауды, мәйітті шығарып салуды, түшкіргенге игілік тілеуді[500], әлсізді қорғауды, жәбірленушіге көмек көрсетуді, сәлем беруді көбейтуді (жайуды, таратуды)[501], шақырған жерге баруды, сондай-ақ ант берушінің антын орындауға жағдай жасауды (көмектесуді)[502]. Аль-Бухари, Муслим.

 

895. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бүкіл мұсылманның бір-бірінің алдында бес түрлі парызы бар: сәлемге жауап беру, ауырғанның көңілін сұрау, мәйітті шығарып салу, шақырған жерге бару және түшкіргенге игілік тілеу. Аль-Бухари, Муслим.

 

896. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахірет күні Ұлы Аллаһ Тағала айтады: “Иә Адам баласы, Мен ауырдым, ал сен болсаң Менің көңілімді сұрап келмедің!”. Ал адам болса: “Иә менің Раббым, Сен - бүкіл Әлемнің Раббысың, ал мен Сенің көңліңді қалай сұраймын?», - дейді. Сонда Аллаһ айтады: «Сен менің пәленше құлымның ауырғанын білмеп пе едің, ал сен болсаң оның көңілін сұрап бармадың? Егер сен оған барсаң, жанынан Мені табатыныңды білмеп пе едің? Иә Адам баласы, Мен сенен, Мені тамақтандыруды сұрап едім, ал сен болсаң Мені тамақтандырмадың?», - дейді. Ал адам болса: “Иә менің Раббым, Сен - бүкіл Әлемнің Раббысың, ал мен Сені қалайша тамақтандырар едім?», - дейді. Сонда Аллаһ айтады: «Сен менің пәленше құлымның сенен тамақ сұрағанын білмеп пе едің, ал сен болсаң оған тамақ бермедің? Егер сен оған тамақ берсең, онда бергеніңді әлбетте Менен табатыныңды білмеп пе едің[503]? Иә Адам баласы, Мен сенен су сұрап едім, ал сен болсаң Маған су бермедің?, - дейді. Ал адам болса: “Иә менің Раббым, Сен - бүкіл Әлемнің Раббысың, ал мен Саған қалайша су берер едім?», - дейді. Сонда Аллаһ айтады: «Сен менің пәленше құлымның сенен су сұрағанын білмеп пе едің, ал сен болсаң оған су бермедің? Егер сен оған су берсең, онда бергеніңді әлбетте Менен табатыныңды білмеп пе едің?, - дейді. Муслим.

 

897. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аурудың көңілін сұраңдар, ашты тамақтандырыңдар және қиындыққа душар болғандарды босатыңдар[504]. Аль-Бухари.

 

898. Хабар бойынша,Саубан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

“Расында, өзінің бауырының көңілін сұрап барған мұсылман оралғанша Хурфатул-жаннада болады”. Сонда адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, Хурфатул-жанна, деген не?”, - деп сұрады да – ол: “Жәннәт жемісі”, - деп жауап берді. Муслим.

 

899. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің ауру бауырының көңілін таңертең сұрап барған кез-келген мұсылман үшін жетпіс мың періште кешке дейін Аллаһтан (күнәләрінің кешіруін сұрап) ол үшін дұға жасайды, ал егер ол ауру бауырының көңілін кешке сұрап барса, онда жетпіс мың періште таң атқанша Аллаһтан (күнәләрінің кешіруін сұрап) ол үшін дұға жасайды, ал Жәннәтта оған жемістер дайындалады. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

900. Хабар бойынша,Анас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қызмет етіп жүрген бір жасөспірім ауырып қалып, оның көңілін сұрауға Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді. Ол оның бас жағына отырып: “Ислам қабылда!”, - деді. Ол жанында отырған әкесіне қарады да, әкесі: “Абуль-Қасымға бағын”, - деді. Сонда ол Ислам қабылдады. Осыдан кейін Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол жерден: “Оны Оттан құтқарған Аллаһқа мақтау!”, - деп шықты. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Ауырған адам үшін Аллһтан қалай дұға сұрау жайлы.

 

901. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Егер адам оны қинап жатқан кеселіне, не жарасына, не ойығына шағымданатын болса, әдетте, Пайғамбар саусақтарымен былай істейтін (деп, бұл хадисті жеткізуші Суфйан бин Ъйуййна екінші саусағымын жерді шұқып, сосын көтеріп, артынан былай дейтін,) деді: «Аллаһтың атымен, Біздің елдің жері сендердің біріңнің сілекейлеріңмен, осымен Аллаһтың көмегі арқылы біздің ауру жазылады!» /Бисми-Ллаһи! Турбату ардина бирикати баъдина, йушфа сақимуна бизни Раббина!/ аль-Бухари, Муслим.

 

902. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанұясынан бірі ауырса олардың көңілін сұрап, оң қолымен денесін сипап былай дейтін: “Адамдардың Раббысы, осы ауруды кетір де сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!” /Азхибил-баъса, Раббаннаси, шфи уа Анташ-Шафи, лә шифаъа шифъука шифаъан лә йуғадиру сакаман!/ Аль-Бухари, Муслим.

903. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірде ол Сәбиттен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:

“Саған Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (ауырған адамға) оқитын дұғасын оқиын ба?“, - деп сұрады. Ол: «Әрине», - деді, Сонда Анас: “Иә Аллаһ, адамдардың Раббысы, кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!” /Аллаһумма, Раббаннаси, музхибаль-баъси, шфи Анташ-Шафи, лә шафийа иллә Анта шафиъан лй йуғадиру сакаман!/- деді. Аль-Бухари,

 

904. Хабар бойынша,Саъд бин Абу-Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мен ауырып жатқанда көңілімді сұрап келіп, былай деді: “Иә Аллаһ, Саъдты сауықтыр, Иә Аллаһ Саъдты сауықтыр!”/Аллаһумма-шфи Саъдан, Аллаһумма-шфи Саъдан!/ Муслим.

 

905. Хабар бойынша,бірде Абу Абдуллаһ Осман бин Абдуль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, денесіндегі ауруға шағымданады, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игшілігі мен сәлемі болсын былай дейді:

Денеңнің ауырып жатқан жеріне қолыңды қой да: “Аллаһтың атымен!” /Бисми-Ллаһи!/, - деп үш рет айт, сосын жеті рет мынаны айт: “Мен сезініп және қауіптеніп жатқанымнан Аллаһтың құдіреті мен Оның қуатына сыйнамын!” /Аъуза би-ъиззати-Лаһи уа қудратиһи мин шарри ма аджиду уа ухазиру!/, - деді. Муслим.

906. Хабар бойынша,Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер кімде-кім ажалы келмеген аурудың көңілін сұрап барып жеті рет: “Ұлы Күрсінің Раббысы, Ұлы Аллаһтан сені сауықтыруды сұраймын!” /Асъалю-Ллаһа-ль-Ъзыма, Раббал-ършиль-ъзыма, ан йашфийа-кя!/[505], - десе, Аллаһ оны әлбетте кеселінен айықтырды. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді. Ал Аль Хакам болса: “Аль-Бухаридің шарттарын қанағаттандыратын, сенімді хадис”, - деді.

 

907. Хабар бойынша,Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауырып қалған бәдәуидің көңілін сұрап барды, ал ауырған адамға барғанда әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Қапаланба, Аллаһ қаласа, бұл кесел сені тазартады[506]” /Ля баъса, тахурун ин шаъаЛлаһу/[507], - дейтін. Аль-Бухари.

908. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жебірейіл (періште) келді де: “Иә Мухаммад, сен ауруыңа шағымданасың ба?”, - деп сұрады да, ол: “Иә?”, - деп жауап берді. Сонда Жебірейіл былай деді: “Саған барлық ауыртпашылықтарды туғызушыдан, кез келген адамның зұлымдығынан және жаман көзден сен үшін Аллаһтың атымен сыйынамын! Аллаһтың сені сауықтыруы үшін, Аллаһтың атымен сыйынамын!” /Бисми-Ллаһи арқи-кә мин кулли шаййъин йуъзука, мин шарри кулли нафсин ау ъайни хасидин! Аллуһу йашфикә, бисми-Ллаһи арқи-кә!/ Муслим.

 

909. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри және Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанына куәлік берді:

Адам: “Аллаһтан басқа құдай жоқ” /Лә иләһә иллә-Ллаһу/ және “Аллаһ Ұлық” /Аллаһу акбар/, - деген уақытында, оның Раббы оның айтқан сөздерін растап: “Менен басқа, құдай жоқ және Мен Ұлықпын”, - дейді. Адам: “Серігі болмаған Аллаһтан басқа, құдай жоқ” /Лә иләһә иллә-Лаһу уахдәһу лә шарикәләһу/, - деген уақытында, - оның Раббы: “Жалғыз Менен басқа, құдай жоқ және Менің серігім жоқ”, - дейді. Адам: “Аллаһтан басқа, құдай жоқ, (бүкіл) билік оныңке және Оған – мақтау” /Лә иләһә иллә-Лаһу, ләһуль-мульку, уә ләһуль-хамду/ - деген кезде, оның Раббы: “Мене басқа, құдай жоқ, (бүкіл) билік Меніке және Маған – мақтау”, - дейді. Адам: “Аллаһтан басқа, құдай жоқ,,Аллаһтан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ” /Лә иләһә иллә-Лаһу, уә лә хаулә, уә лә қууата иллә би-Ллаһи/, - деген кезде, оның Раббы: “Менен басқа, құдай жоқ және Менен басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ”, - дейді.

Сонда олар Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанына куәлік берді:

Кімде-кім өзінің ауырып жатқан кезінде осы сөздерді айтса, ал сосын жан тапсырса, онда оны От шалмайды. Бұл хадисті ат-тирмизи “Жқсы хадис”, деп келтіреді.

ТАРАУ

Ауырған адамның жанұясынан оның халін біліп тұру жайында.

910. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Али бин Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, осы дүниеден өтуіне келген ауруымен жатқан Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шыққан уақытында, адамдар: “Иә Абул-Хасан[508], осы таңда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзін қалай сезінуде?”, - деп сұрағанда ол: “Аллаһқа мақтау, бүгінгі таңда ол жақсырақ!”, - деді. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Сауығудан күдерін үзген адам үшін не деу керектігі жайында.

 

911. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсы, маған сүйеніп: "Иә Аллаһ, мені кешіріп мені рахым ет және мені жоғарғы қоғамға қос" /Аллаһумма-ғфирли, урхамни уал-хақни бир-рафикыл-аъля!/, - деп айтқнын естідім. Муслим.

 

912. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен өлім аузында болған Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанында су құйылған кесе болып, соған қолын салып, одан кейін су қолымен бетін сүртіп: “Иә Аллаһ, маған өлімнің ауырпашылықтары мен өлім жанталасынан өтуіме көмектес!” /Аллаһумма, аъинни ъаля ғамаратил-маути уа сакартиль-маути!/, - деп айтқанын көрдім. Ат-Тирмизи.[509]

 

ТАРАУ

Науқастанып жатқан адамның жанұясының мүшелеріне және оған қызмет етушілерге, оған жақсы-қарым қатынас танытып және оның көрсеткен ауырпашылықтарына шыдамдық таныту керектігін айту жайында, сондай-ақ бұның түрлі қылмыстарының салдарынан өлім жазасы кесілгендіктен, өлім аузында тұрған адамадар үшін де қатысы барлығы жайында.

 

913. Хабар бойынша,Абу Нуджайда Имран бин аль-Хусайна аль-Хузаъи, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Джухайн руынан, ойнаспен жүкті болған бір әйел келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, мен жазаға лайықты күнә жасадым, сондықтан мені, менің күнәмә сәйкес жазала!”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол әйелдің қамқоршысын өзіне шақырып: “Онымен жақсы қарым-қатынаста бол, ал ол босанғаннан кейін маған алып кел”, - деді. Қамқоршысы солай істеп, ол босанғаннан кейін алып келді. Пайғамбар керек нұсқауларды беріп, киімінің шеттерін байлап0, тас боранмен жазалаған соң, оған өзі жаназа намазын оқыды[510]. Муслим.

ТАРАУ

Егер науқастанған адам: «ауырсынамын», «жаныма батты», «мен қатты ауырып жатырмын», - деген сияқты сөздерді шыдамсыздықтан, не болмса наразылықтан айтып жатпаса, онда оны айтуға болатындығы және онда тұрған ештеңенің жоқтығы жайында.

 

914. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен қатты қызуынан қиналып жатқан Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіріп оның (денесінен) ұстап: “Иә Аллаһтың елшісі, сенің қызуың қатты ғой!”, - дедім. Бұны естіген ол: “Иә, расында, мен сендердің екеуің ауырғандай ауырамын!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

915. Хабар бойынша,Саъд бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен қатты ауырып қалған кезімде, менің көңілімді сұрап, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын келді де, мен оған: “Расында, ауру менің діңкемді құртты! Мен баймын, ал мұрагерлерімнен менің қызымнан басқа ешкімім жоқ…”

Бұл хадисті Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, соңына дейін айтып шықты. Аль-Бухари, Муслим.

 

916. Хабар бойынша,Аль-Қасым бин Мухаммад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде басы ауырып жатқан Айша: “Иә менің басым!”, - деді, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Жоқ, мен: “Иә басым!”, - деймін!” [511], - деді.

Сосын Аль-Қасым бұл хадисті аяғына дейін айтып шықты. Аль-Бухари.

 

 

ТАРАУ

Өлім аузындағы адамға: «Аллаһтан басқа құдай жоқ» /Лә илаһа илла-Ллаһу/, - деген сөздерді айтуды есіне салу жайында.

 

917. Хабар бойынша,Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Соңғы сөздері: “Аллаһтан басқа құдай жоқ”, - болған адам, Жәннәтқа кіреді. Бұл хадисті Абу Дауд пен аль-Хакам: “Иснады жақсы”, - деп келтіреді.

 

918. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллһаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: “Өлім аузындағыларға: “Аллаһтан басқа құдай жоқ”, - деген сөздерді айтуды естеріне салыңдар” Муслим.

 

 

ТАРАУ

Мәйіттің көзін жапқаннан кейін не деу керектігі жайында.

 

919. Хабар бойынша,Умм Салам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Абу Саламға, оның жанары сөнгеннен кейін келді. Ол оның көзін жапты да: “Расында, жанды алғанда, оның назары соның артынан ереді”, - деді. Өлгеннің жақындары дауыстап жоқтау айта бастады, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Өздеріңе игіліктен басқа еш нәрсе тілемеңдео, өйткені періштелер, сендерлдің кез-келген сөздеріңе: “Аминь”, - дейді”, - деді. Сосын ол: “Иә Аллаһ! Абу Саламның күнәләрін кешір. Оның дәрежесін тура жолда болғандардың арасында жоғарылат, әрі оның артында қалғандарға Өзің қамқор бол. Иә Әлемдердің Раббы! Бізді әрі оны жарылқа. Оның қабірін кең етіп, оны нұрға бөле” /Аллаһуммағфирли-Аби Саламауарфаъ даражатаһу филь-махдийина, уа хлюфху фи ақибаһи филь-ғабирина, уағфирлана уа ләһу, йа Раббаль ъламина, уа фсах ләһу фи қабриһи уа наууир ләһу фихи!/ Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.