Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 4 страница



 

 

ТАРАУ

Мәйіттің жанында тұрған адамға не деу керектігі және жақыны өлген адамға не деу керектігі жайында.

 

920. Хабар бойынша,Умм Салам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Науқастың төсегінің жанында болған кезде тек жақсылық айтыңдар, өйткені сендердің бүкіл айтқан сөздеріңнен кейін періштелер: «Амин», - деп отырады», - деді. Ал Абу Салама қайтыс болғаннан кейін мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, расында Абу Салама өлді!», - дегенімде, ол маған: «”Иә Аллаһ оны да мені де кешіріп маған оның орнына жақсысын бер! ” /Аллаһумма-ғфирли уа ләһу, уа аъқибни минһу ъуқба хасанатан!/, - деп айт», - деді. Сонда мен оның айт, деген сөздерін айттым да, артынан Аллаһ маған оның орнына жақсысын – Мухаммадты, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, берді[512]. Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында:«Науқастың /… не мәйіттің/ төсегінің жанында болған уақытта», - делінеді. Ал Абу Дауд пен басқа да мухаддистер«мәйіттің», деген сөзді келтіріп, ол жөнінде күмәндәнбайды.

 

921. Хабар бойынша,Умм Салам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер Аллаһтың құлдарының бірі қайғыға тап болып: «Расында, біз Аллаһқа тиесіліміз және Аллаһқа қайтарыламыз! Иә Аллаһ, мені қайғымда сауабты ет те, маған одан жақсысын бер!» /Инна ли-Лаһи уа ина иләйһи ражиъуна! Аллаһумма-журни фи мусыбати уа хлюф ли хайран минха!/, - десе Аллаһ Тағала міндетті түрде оның қайғысы үшін сауаб жазады және оған (айрылғанының) орнына одан да жақсысын береді», - деді. Абу Салама өлген кезде, мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айт дегенін айттым, сонда Аллаһ оны маған одан да жақсысымен ауыстырды - (яғни) Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Муслим.

 

922. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ құлының баласы өлген кезде, Аллаһ Тағала, Өзінің періштелерінен: “Менің құлымның баласын сендер алдыңдар ма?”, - деп сұрайды, сонда ол: “Иә”, - деп жауап береді. Сонда ол: “Менің құлым не деді?”, - деп сұрайды. Оған олар: “Ол Саған мақтаулар айтып: “Расында біз Аллаһқа тиесіліміз және оған ораламыз!”, - деп айтты”, - дейді. Сонда Аллаһ Тағала: “Менің құлыма Жәннәттан үй салыңдар да, ол үйді “Мадақ үйі”, деп атаңдар”, - дейді. Бұл хадисті ат-тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

923. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ Тағала айтты: “Егер Мен Өзімнің иман келтірген құлымнан, осы дүниедегі жақсы көретіндерінен бірін алсам, ал ол болса Аллаһтың сауабынан үміттеніп келген қасыретке көніп шыдаса, оған Менен Жәннәттан басқа сый болмайды” аль-Бухари.

 

924. Хабар бойынша,Усама бин Зайд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қыздарының бірі[513], оған оны шақырып және оған баласының[514] өлім аузында жатқанын хабарлау үшін бір адамды жібереді, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын хабаршыға: “Оған орал да оған, Аллаһ Тағалаға, Оның бергені де, Оның алғаны да тиесілі және Ол бәріне белгілі бір өлшем белгіледі, сондықтан ол сабыр сақтап Аллаһтың сауабынан үміт етсін, де”, - деді. Сосын Абу Хурайра бұл хадисті соңына дейін айтып шықты. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Өлген адамның артынан қатты дауыстамай және жоқтамай жылауға болатындығы жайлы.

 

Жақтау жайлы айтатын болсақ, оған рұқсат жоқ /харам/, ол туралы Аллаһ Тағала жазса “Харам жйлы кітапта” сөз болады. Ал жылау жайлы айтатын болсақ, көптеген хадистерде олай істеуге болмайтындығы жайлы және өлген адамға ауыртпашылықтар тудыратындығы жайлы хабарланады, дегенмен кейбірі өлген адам жылауды өзі өсиет еткен кезде ғана қиналады, дейді. Ал жылауға рұқсаттың жоқтығы жайлы айтатын болсақ, онда қатты дауыстап жылауға ғана рұқсат жоқ, ал ақырын сыңсып жылауға рұқсат, ол туралы төменде келтірілген хадистер дәлел:

 

925. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауырып қалған Саъд бин Убадқа[515] көңіл сұрап барды, сонда онымен бірге Абд Аррахман бин Ауф, Саъд бин Абу Уақас, Абдуллаһ бин Масъуд, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын, болды. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жылады, оның жылағанын көрген басқалар да жылап қоя берді, сонда Аллаһтың елшісі: “Сендер естімеп пе едіңдер? Расында, Аллаһ не көзден аққан жас үшін, не жүректегі қайғы үшін жазаламайды, бірақта ол мынау үшін азаптап, жазалайды”, - деп өзінің тілін көрсетті. Аль-Бухари, Муслим.

 

926. Хабар бойынша,Усама бин Зайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлім аузында жатқан қызының баласын алып келген кезде, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзі жасқа толды. Бұны көрген Саъд: “Иә Аллаһтың елшісі, бұл не?”, - деп сұрады. Ол: “Бұл – Аллаһ Тағаланың құлдарының жүрегіне салған мейірімі және Аллаһ Өзінің мейірімді құлдарына ғана Өзінің Мейірімін көрсетеді”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

927. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өлім аузында жатқан баласы Ибраһимге, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, кірген кезінде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзінен жас ағып қоя берді, сонда Абд ар-Рахман бин Ауф: “Сен жылап жатырсың ба, иә Аллаһтың елшісі?”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, көз жылайды, ал жүрек қайғырады, бірақ біз тек біздің Раббымызға ұнайтын сөздерді ғана айтамыз! Расында, біз сенімен айырылысқанымызға қайғырамыз, иә Ибраһим!”, - деді. Бұл хадисті Аль-Бухари толығымен келтіреді де, ал Муслим – бөлігін ғана келтіреді.

“Сахихтарда” бұл тарауға қатысты хадистер көп келтіріледі, ал бұл жөнінде Аллаһ жақсырақ біледі.

 

 

ТАРАУ

Мәйіттің түрінің өзгергендігі туралы мағлұматты таратудан өзін-өзі үстау жайлы.

 

928. Хабар бойынша,Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, босатқан құлы Абу Рафиъ, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім мәйітті жуып, онда көргенін басқалардан жасырса, оны Аллаһ қырық рет кешіреді. Бұл хадисті Аль-Хакам "“услимнің шарттары бойынша сенімді", деп келтіреді

ТАРАУ

Мәйітке дұға айту, оны шығарып салу,

оны жерлегенде болу және жерлеу рәсімдеріне әйел баласына қатынасудың жақсы еместігі жайында.

 

Жерлеу рәсіміне қатынасудың дұрыс екендігі жайында өткен тарауларда айтылған.

 

929. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім жаназа намазы біткенше қатынасса, оған бір қарат сауб бар, ал жерленіп қойылғанға дейін қатынасқанға – екі қарат. Сонда адамадар: “Бұл қандай екі қарат?”, - деп сұрады. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол екі үлкен тау секілді”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

930. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, кім Аллаһтың сауабынан үміт етіп мұсылманның жерлеу рәсіміне қатысып оның жаназасында болып, сосын жерлегенде (қабірінің басында) тұрып келсе, онда ол әр қайсысы үлкендігі Ухуд тауына тең келетін, екі қарат сауап алып қайтады, ал кім жаназасына ғана қатысып, жерлеген кезде (қабірінің басында) болмаса, онда бір қарат сауап тауып қайтады. Аль-Бухари.

 

931. Хабар бойынша,Умм Ъатыйа, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бізге (яғни әйелдерге) мәйітті шығарып салуға тыйым салынатын, бірақ бұл мәселеде қатаңдық танытпайтын (яғни, қатаң тыйым салмайтын). Аль-Бухари, Муслим.

Яғни, бұл тыйым басқа харам нәрселер сияқты қатаң орындауға міндеттемейтін.

 

 

ТАРАУ

Жаназа намазына көп адамның қатысқанының жақсы екендігі және оларды үш және одан да көп қатарға тұрғызу керектігі жайында.

 

932. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Саны бойынша жүз адамға жететін мұсылман жамағаттың, мәйіт үшін сұрап оқыған жаназа намазында олардың әр-қайсысының сұрағаны міндетті түрде қабыл болады. Муслим.

 

933. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер кез-келген мұсылман қаза тауып, оның жаназа намазына, Аллаһтан басқа ешнәрсеге құлшылық етпеген қырық адам қатынасатын болса, онда олардың шапағаты (болысуы) қабыл болады. Муслим.

 

934. Хабар бойынша,Марсад бин Абдуллаһ аль-Йазанни былай деді:

Малик бин Хубайр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жаназа намазын өткізгенде жиналған адамдар аз болатын болса, онда келген адамдарды үш қатарға тұрғызып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

“Кімнің жаназа намазын үш қатар сапқа тұрып өткізсе, сол адам міндетті түрде Жәннәтқа кіреді”, - дейтін. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы хадис” деп келтіреді.[516]

 

ТАРАУ

Жаназа намазында не оқу керектігі туралы.

 

Бұндай намазды өткізуші адамға “Аллаһу акбар”, деген сөзді төрт рет айту керек. Бірінші рет бұл сөзді айтқаннан кейін Аллаһтан қорған сұрап дұға айтқан жақсы[517], ал содан кейін “Фатиха” сүресін оқу керек. Осыдан кейін Аллаһу акбар”, деп екінші рет айту керек те, одан кейін Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп: «Аллаһумма солли ъаля Мухаммадин уа ъалә али Мухаммадин, камә солейта ъала Иьроһима уа ъалә али Иброһима иннака Хамидун Мажид!», - салауат айту керек.

Көп жәй адамдар секілді: “Расында, Аллаһ Пайғамбарға рахым етеді және періштелер салауат айтады…”, - деген сөздері бар аятты оқу дұрыс емес, расында, осыны оқып шектелген адамның намазы жарамсыз болады.

Осыдан кейін “Аллаһу акбар”, деген сөзді үшінші рет айту керек те, сосын Аллаһтан мәйіт үшін, мұсылмандар үшін дұға жасап сұрау керек, ол жайында Аллаһ Тағала жазса хадистер келтіріп тоқталамыз.

Осыдан кейін “Аллаһу акбар”, деген сөзді төртінші рет айту керек те, сосын Аллаһтан сұрап дұға айтып, бәрінен де мына сөздерді айтқан жақсы: “Иә Аллаһ, ол үшін бізді сауабымыздан айырма және одан кейін бізді сынақтарға салма, сондай-ақ бізді және оны кешір!” /Аллаһумма лә тахримна ажраһу, уа лә тафтинна баъдаһу уағфил ләнә уә ләһу!/.

Ибн Абу Ауфтың жеткізген хадисіне сүйенсек, “Аллаһу акбар”, деп төртінші рет айтқан соң Аллаһқа көбірек жалбарынып дұға жасау керек, ол туралы Аллаһ Тағала жазса кешірек тоқталамыз.

Ал Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннеті бойынша үшінші рет “Аллаһу акбар”, деп айтқан соң айтылатын сөздерге төмендегі дұғалар жатады:

 

935. Хабар бойынша,Абу Абд ар-Рахман Ауф ьин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізді, ал мен болсам оның Аллаһтан сұрап дұға жасаған кезінде мынадай сөздер айтқанын есімде сақтап қалдым: "Иә Аллаһ! Оны жарылқа! Әрі оған рахым ет. Әрі оны (қабір азабынан) сақта, оны кешір, оның Жәннәттағы орнын несібелі ет! Оның кірер жерін кең ет, әрі оны су, қар, бұршақпен жу, аппақ киім кірден тазаланғандай, оны да қателерден тазарт. Оған өз үйінен жақсы үй, өз жанұясынан жақсы жанұя, өз әйелінен жақсы әйелмен ауыстырып, оны Жәннәтқа кіргіз. Әрі оны қабір азабынан (және тозақ азабынан) сақта!” /Аллаһумма-ғфирлә-һу, уа-рахам-һу, уә-ъфаһи, уә ъафуъан-һу уә-акрим нузулә-һу, уә уәссиъ мадхаләһу, уәғсиль-һу[518] ьиль-маъи уә-ссалджә уаль баради, уә наққыһи мин аль хатайа кәма наққайта саубаль-абйада мин ад-данаси, уа абдльһу даран хайран мин дарихһи уә-ахлән хайран мин ахлиһи, уә заужан хайран мин зажиһи, уа адхильһу-жәннәта уә аъузуһу мин ъазабиль қабри уә ъазабин-нари!/[519], - осы сөздерді айтқанда мен жатқан мәйіттің орнында болғым келіп кетті[520].

 

936. Хабар бойынша,Абу Хурайра және Абу Қатада оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, сондай-ақ Абу Ибраһим ал-Ашъали сахаба болған әкесінен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізгенде былай деп айтқанын жеткізді:

Иә Аллаһ! Біздің тірілеріміз бен өлілерімізді, үлкендеріміз бен кішілерімізді, ерлеріміз бен әйелдерімізді, (жаназаға) қатынасушылар мен қатынаспағандарды Өзің жарылқа. Иә Аллаһ! Егер бізден кімде-кімге өмір берсең, оны Ислам дінінде ет, ал бізден кімде-кімнің жанын алатын болсаң, оның жанын иманымен ал! Иә Аллаһ, бізді осы сауаптан махрұм етпе әрі одан кейін бізді адастырма! /Аллаһуммағфирли хаййина уә маййитина, уә сағирина уә кәбирина, уа заәкәринә уә унсана, уа шаһидина уә ъаибина! Аллаһумма, лә тахриана ажраһу, уә лә тафтинна баъдаһу!/[521] Ат-тирмизи бұл хадистің Абу Хурайра және аль-Ашхали келтірген нұсқасын риуаят етеді, ал Абу Дауд болса Абу Хурайра мен Абу Қатад келтірген нұсқасын риуаят етеді. Аль-Хакам: «Абу Хурайрадан хадис аль-Бухари мен Муслимнің талаптарын қанағаттандырады», - деді. Ат-Тирмизи бұл жайлы аль-Бухари былай деді: «Бұл хадистің ең сеніміді нұсқасы Аль-Ашхалидің келтірген нұсқасы», - дейді. Сондай-ақ аль-Бухари: «Ал бұл тарауға қатысы бар хадистерден ең сенімдісі Аф бин Маликтің хабарлағаны[522]», - деп айтты.

 

937. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендер Жаназа намазына қатынасатын болсаңдар, Аллаһтан мәйіт үшін сұрап дұға жасағанда ықыласпен (шын жүректен) сұраңдар. Абу Дауд.

 

938. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіні, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізіп былай дегені айтты:

Иә Аллаһ, Сен – оның Раббысың, әрі Сен оны жараттың, әрі Сен оны Исламға кіргіздің, әрі Сен оның жанын алдың және Сен оның барлық жасырын және ашық жасағандарының түгелін бәрінен жақсы білесің, ал біз болсақ оған шапағт етуге (болысуға) келдік, сондықтан оны кешір! /Аллаһумма Анта Раббуһа, уә Анта халактаһа, уә Анта хадайтаһа лиль-Иләми, уә Анта кабдта рухаһа уә Анта аъляму бисарриһа уә ъаләнийатиһа, жиънака шуфаъаа ләһу, фағфирләһу!/ Абу Дауд.[523]

 

939. Хабар бойынша,Уасилә бин аль-асқаъ былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір мұсылманға жаназа намазын оқыды да, мен оның былай деп айтқанын естідім: “Иә Аллаһ! Пәленшенің ұлы түгенше Сенің қорғауыңда. Өз кепілдігіңде. Оны қабір қиындығы мен Тозақ азабынан Өзің сақта! Сен Өз уәдеңді орындау мен әділдік Иесісің. Оны жарылқап, Өз мархеметіңе ал! Күдіксіз Сен - Жарылқаушы, Мейірімдісің! /Аллаһумма инни фуләнә-бна фуләнә би зммәтика уа хадли жифәрикә, фақиһи мин фитнатиль-қаьри уә азабин-нари, уә Анта ахлюль-уафаъи уаль-хамди! Аллаһумма, фағфир-ләһу, уархамһу, иннәкә Анталь-Ғафурур-Рахиму!/ Абу Дауд.

 

940. Хабар бойынша, кезінде өзінің қазының жаназасын шығарған Абдуллаһ бин Ауф, төрт рет тәкбір айтты, төртінші рет тәкбір айтқан соң екі тәкбірлердің арасында қанша тұрған болса сонша уақыт тұрып қызы үшін Аллаһқа жалбарынып дұға жасады да, сосын:

«Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осылай істейтін», - деді.

Бұл хадистің басқа нұсқасында жеткізуші былай дейді:

Ол төрт рет “Аллаһу акбар” деген сөздерді айтты да, сосын орнында көп тұрғаны соншалық, біз бесінші рет “Аллаһу акбар”, деп айтады ма екен, деп қалдық, бірақ та ол оң және сол иықтарына сәлем беріп намазды аяқтады да біз одан: “Бұл не?”, - деп сұрадық. Жауап ретінде ол: “Расында, мен сендердің алдарыңда Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менің көз алдымда істегенінен артық ешнәрсе істеген жоқпын” /…немесе Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осылай істейтін/, - деді. Бұл хдисті Аль Хакам “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Табытты тезірек алып жүргеннің жақсырақ екендігі жайлы.

 

941. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мәйітті тез алып жүріңдер, өйткені егер ол діндар болған болса, онда сендерге оны игілікке тезірек жеткізу міндет /фа хайрун тукаддимуна-һа иләйһи/, ал егер ол ондай болмаған болса, онда мойындарыңнан залымдықты тезірек алып тастауға мүмкіншілік болады. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсы, былай деп айтқанын жеткізді:

…фа хайрун тукадимунака-һа ъалайһи…[524]

 

942. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер жерлеуге дайындалған табытта жатқан мәйіт мүмин болған болса, онда сол табытты жайғастырып, ерлер иықтарына салған кезде ол (мәйіт): «Мені тезірек апарыңдар!», - дейді. Ал егер мәйіт мүмин болмаған болса, онда ол: «Мен құрыдым, мені қайда апара жатырсыңдар?», - дейді де оның даусын адамнан басқаларының бәрі естиді, ал егер оны (адамдар) естісе, естері шығып кетер еді. Аль-Бухари.

ТАРАУ

Кенеттен өліп оның өлімінде күмән тумағанша ұстай тұрғаннан басқа жағдайларда, қайтқан адамның

қарыздарын тезірек өтеп оны тезірек жерлеуге дайындау жайлы.

 

943. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізіп былай дегенін айтты:

Мүминнің жаны қарыздарын өтемейінше онымен байланып тұрады[525]. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис” деп келтіреді.

 

944. Хабар бойынша,Хусайн бин Уахуах, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Тальха бин аль-Бара, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ауырып қалған кезде оның көңілін сұрауға Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді. Ол оның жақындарына: “Расында, мен бұның өлімі жақын деп ойлаймын. Ол қайтқан соң маған хабарлаңдар және мүмкіншілігінше тезірек жерлеңдер, өйткені мұсылманның мәйітін жанұя мүшелерінің жанында көп ұстауға болмайды. Абу Дауд.[526]

ТАРАУ

Қабір басында насихат айту жайлы.

945. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Бақиғ аль-Ғаркадта[527] жерлеу рәсімінде болған уақытымзда, бізге Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келді. Ол отырды, біз болсақ оны айнала отырдық, оның қолында кішігірім таяқ болды. Ол төмен қарап сол таяғымен жерді шұқылай бастады да біраз уақыт өткен соң: “Сендерден араларыңда орны Жәннәттан не Тозақтан белгіленбеген адам жоқ”, - деді. Адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, онда бізге пешенемізге жазылғанға, артына салсақ болмай ма?[528]”, - деп сұрады. Бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұйырылғанын істеңдер, ал пешенелеріңе жазылғанға апаратын істерді орындау, әр қайсысың үшін жеңілдетіледі”, - деді.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.