Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 5 страница



Соңынан Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, хадисті соңына дейін айтып шақты. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Жерлеп болған соң мәйіт үшін Аллаһтан сұрап дұға жасау және оның қабірінің басында оның күнәләрінң кешірілуін

сұрап дұға жасау және Құран оқу үшін

отыра тұру жайлы.

946. Хабар бойынша,Абу Амр (сондай-ақ оның лақаб аты – Абу Абдуллаһ, сондайақ – Абу Ләйлә, делінеді), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мәйітті жерлеп болған соң, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әдетте біраз уақыт тұрып былай дейтін: “Сендердің бауырларың үшін, оны мықтауды Аллаһқа жалбарынып сұраңдар, өйткені қазір оған сұрақтар қойылып жатыр. Абу Дауд.

 

947. Хабар бойынша,Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

… мені жерлеп болған соң менің қабірімнің жанында түйені сойып оның етін таратуға қанша уақыт кететін болса сонша уақыт, мен сендерге қуанып және Раббымның елшілеріне не жауап беретінімді көруім үшін тұра тұрыңдар[529]. Бұл хадис алдыңғы тарауларда толығымен келтірілген болатын[530]. Муслим.

 

ТАРАУ

Қайтқан адам үшін садақа тарату және Аллаһтан ол үшін дұға жасау жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“Сондай олардан кейін келгендерге де Олар: «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай гөр!…» ” “Хашыр ” сүресі, 10 аят.

 

948. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Менің шешем кенеттен қайтып кетті, ал мен болсам, егер ол сөйлей алғанда[531] садақа таратар еді, деп ойлаймын. Егер мен ол үшін садақа таратсам сауабын алады ма?”, - деп сұрағанда, жауап ретінде ол: “Иә”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

949. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам өлген кезінде оның үш амалынан басқасының бәрі тоқталады олар: үздіксіз садақа[532], басқа адамдар қолдана алатын ілім[533], не болмаса ол үшін дұға жасайтын тақуа балалары. Муслим.

ТАРАУ

Адамдардың қаза болған адамды мақтаулары туралы.

 

950. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біздің жанымыздан жерлеуге мәйітті алып өткенде адамдар мәйітті мақтай бастады, сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Бұл міндеттелді”, - деді. Сосын тағы бір мәйітті жерлеуге алып өтті де, адамдар бұл жолы мәйіт туралы жаман лебіз білдірді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да: “Бұл міндеттелді”, - деді. Сонда Омар бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Не міндеттелді?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендер біріншіні мақтадыңдар, енді ол міндетті түрде Жәннәтқа кіреді, ал келесісіне жаман лебіз білдірдіңдер, енді оған Тозақ міндеттелді, өйткені сендер – Аллаһтың жердегі куәгерлерісіңдер!”[534], - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

951. Хабар бойынша,Абу аль-Асуад былай деді:

Мен Мединаға келген кезімде Омар бин аль-Хаттабтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жанына келіп отырдым, сонда жиналғандардың жанынан табытта жатқан мәйітті алып өтті. Адамдар мәйіт жайлы жақсы сөздер айтты, ал Омар болса: “Бұл міндеттелді”, деді. Сосын тағы да табытта жатқан басқа мәйітті алып өтті, адамдар тағы да мәйіт жайлы мақтау сөздерін айтты, ал Омар болса тағы да: “Бұл міндеттелді”, - деді. Сосын үшінші бір табытты мәйітімен алып өтты, бұл жолы адамдар мәйіт жайлы нашар сөздер айтты, ал Омар болса тағы да: “Бұл міндеттелді”, - деді. Мен: “Не міндеттелді? Иә діндарлардың басшысы?”, - деп сұрадым. Ол: “Мен тек қана былай деп айтқан Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерін қайталап жатырмын”, - деп Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: “Төрт мұсылман мақтаған мұсылманды Аллаһ міндетті түрде Жәннәтқа кіргізеді”, Біз: “Ал егер олар үшеу болған болса ше?”, - деп сұрадық. Ол: “Үшеу болса да”, - деді. Біз тағы да: “ал егер екеу болса ше?”, - деп сұрадық. Ол: “Екеу болса да”, - деді де, біз, егер біреу болса ше, деп сұрамадық. Аль-Бухари.

 

 

ТАРАУ

Жас балалары қайтқандардың артықшылығы жайлы.

 

952. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіні, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаназа намазын өткізіп былай дегенін айтты:

Қай бір мұсылманның кәмілетке толмаған үш баласы өлетін болса, онда Аллаһ оларға деген мейірімімен ол мұсылманды Жәннәтқа кіргізеді. Аль-Бухари, Муслим.

 

953. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтты:

Үш баласы өлген кез-келген мұсылманды, Отқа, анттың орындалуы үшін ғана тигізіледі. Аль-Бухари, Муслим.

Анттың орындалуы үшін ғана тигізіледі, деген сөздер жайлы айтатын болсақ, онда ол Аллаһ Тағаланың (Құранда): “Сендерден Тозаққа келмейтін ешкім болмайды”, - деген сөздері жайлы болып тұр. Бұл жердегі келмейтін делінгені, ол Тозақтың үстінен тартылған Сират көпірінен өту жайлы айтылып тұр, одан бізді Аллаһ құтқарсын!

 

954. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір әйел келді де: “Иә Аллаһтың елшісі, сенімен тек қана ер кісілер сөйлеседі, біздерге де, Аллаһтың саған үйреткендерін үйретуің үшін бір күн тағайындашы!”, - деді. Жауап ретінде ол: “Осындай күні жиналыңдар”, -деді де, өзі сол күні келіп оларға Аллаһтың өзіне үйреткенін айта бастап сөзінің арасында: “Сендерден кімнің үш өлген баласы болса, олар оны міндетті түрде Оттан қорғайды”, - деді. Сонда бір әйел: “Ал егер олар екеу болса ше?”, - деп сұрады, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Екеу болса да”, - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

ТАРАУ

Әділетсіз (залым) адамдардың қабірінің не олардың қаза болған жерлерінің жанынан өтіп бара жатып жылау және үрей сезіну және Аллаһқа деген тәуелділікті сезіну және бұған мән бермеушілерді ескерту жайлы.

 

955. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аль-хижр деген, кезінде самуд қауымы өмір сүрген жерге жеткен кезде, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларына: “Бұл азапталып жатқандарға тек қана жылап кіріңдер, ал егер жыламайтын болсаңар, онда сендерге де оларға жеткен жаза тимес үшін ол жерге кірмеңдер!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Аль-Бухари келтірген нұсқасында, Ибн Омардың, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Аль-Хижрден өтіп бара жатып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Өз-өздерін ренжіткендердің тұрағына, сендерге де оларға тигені тимес үшін, жыламай кірмеңдер!”, - деді де, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, басын киімімен жапты да, ол жерді өткенше тезрек жүріп қадамдарын жиілетті.

 

САПАРДАҒЫ ӘДЕПТЕР ЖАЙЛЫ КІТАП.

ТАРАУ

Сапарға бейсенбі күні күннің басында (таң ертең) аттанғанның жақсы екендігі жайлы.

956. Хабар бойынша,Қаъб бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук жорығына бейсенбі күні аттанды және ол сапарға бейсенбі күндері аттануды жақсы көретін. Аль-Бухари, Муслим.

“Сахихтердің” екеуінде де келтірілген бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бесенбіден басқа күндері жолға сирек аттанатын, делінеді.

 

957. Хабар бойынша,сахабалардан болғанСахр бин Уадаъа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһ, менің үметімнің таңына береке бер!” /Аллаһумма, барик ли уммати фи букури-һа/, - деді. Ал егер ол жорыққа әскер не жасақ аттандыратын болса, онда ол күннің басында аттандыратын.

Ал Сахрдың өзі жайлы айтатын болсақ, ол саудагер болатын және ол заттарын күннің басында жолға шығаратын да ол байып байлығы көбейген болатын. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Серік іздеу және оларға арасынан біреуін (үлкенін) оған бағыну үшін басшы етіп тағайындау жайлы.

 

958. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:

Егер адамдар жалғыз жолда жүру туралы менің білетінімді білсе еді, онда бірде-бір аттылы түнделетіп жалғыз сапарға шықпас еді. Аль-Бухари.

 

959. Хабар бойынша,Амр бин Шуъайб өзінің әкесінің атасынан[535], оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:

Бір аттылы – шайтан, екі аттылы – екі шайтан[536], ал үш аттылы болса, онда олар керуен. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд, ат-Тирмизи және ан-Насаи келтіреді, ал ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, дейді.

 

960. Хабар бойынша,Абу Саъид және Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:

Егер үшеу сапарға шықса, онда араларынан бірін басшы етіп тағайындасын. Жақсы хадис жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

961. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:

Серіктердің төртеу болғаны жақсы, жақсы жасақтың саны төрт жүз сарбаз, жақсы әскер – төрт мың, ал он екі мың сарбазды (әскерді), олардың санының аздығы себебінен жеңу мүмкін емес[537]. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Сапарда жүргенде және сапарда дем алғанда және түнемекке тоқтағанда және ұйықтағанда не ұстану керктігі, сондай-ақ түнде жылжудың, сондай-ақ мініс малдарына аяушылық таныту және де егер мініс малы көтере алса артынан біреуді отырғызуға болатындығы және малдың хұқығымен санаспайтын адамдарға не бұйыру керектігі жайлы.

 

962. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтты:

Егер сендердің сапарларың шөп өсіп тұрған жерлерден өтетін болса, онда түйелеріңе (белгілі бір уақыт аралығында) оттауларына мүмкіншілік беріп отырыңдар, ал егер құнарсыз жерден өтетін болсаңдар, түйелеріңді болдыртып алмай тұрғанда көздеген жерлеріңе тез жетулерің үшін жылдамдатыңдар. Ал түнемекке тоқтаған кезде жолдан алыстап айалдаңдар, өйткені түнде ол жерге жануарлар келіп, құрт-құмырсқа үймелейді. Муслим.

 

963. Хабар бойынша,Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарда түнемекке жатқан кезде оң бүйіріне жататын, ал егерде бұл іс таң намазына жақындаған уақытта болғн болса, онда ол қолын көтеріп (бәлкім жоғарылатып) басын алақанына қоятын. Муслим.

Ғалымдар былай дейді:

Ол қолын, терең ұйқыға кетіп таң намазының уақтын не болмаса оның бастапқы уақытын өткізіп аламас үшін ғана көтеретін.

964. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін жеткізді:

Сендерге сапарға түнде аттану керек, өткені түндерде жер бүктелінеді[538]. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

965. Хабар бойынша,Абу Саъляб аль-Хушани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте сапарда дем алуға аялдаған кезде, адамдар жоталар мен сайларға тарап кететін, бірақ бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, сендердің жоталар мен сайларға тарайтындарың – шайтаннан ғана!”, - деді, осыдан кейін олар қай жерде болмасын бірге жайғасатын болды. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

966. Хабар бойынша,Сахль бин Амр, оның атын –Сахль бин ар-Рабиъ аль-Ансари деп те айтады және ол Ибн аль-Ханзалийа, деген атпен танымал, және ол Аллаһқа риза болған антын бергендерден, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аштықтан іші арқасына тартылған түйенің жанынан өтіп бара жатып: “Сөйлей алмайтын осы жануарларға қатысты Аллаһтан қорқыңдар! Олар сау болған кезде оларға мініңдер де, олар сау болған кезде оларды жеңдер. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

967. Хабар бойынша,Абу Жаъфар Абдуллаһ бин Жаъфар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мені (көлігінің) артына отырғызып маған құпия түрде, ол туралы мен ешкімге еш уақытта айтпайтын, бір сөздер айтты. Өзінің (табиғи) қажетін қанағаттандыру үшін әдетте үлкен әрі биік заттың артына жасырынғанды, не болмаса пальмалы тоғайға кіргенді жақсы көретін. Бұл хадисті қысқарған түрде Муслим келтіреді.

(Имам Абу Бакр Ахмад бин Ғалиб) аль-Баркани, Муслимнің келтірген иснадындай иснадпен келтіреді, бірақ “пальмалық тоғай”, деген сөздерден кейін мыналар айтылады:

Бірде ол ансарлардың бірінің тоғайына кіріп онда ойламаған жерден бір түйені кездестіріп, Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көрген түйе даусын шығарып көзі жасқа толып кетті. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған жақындап, өркешінен және басынан сипады да, түйе тынышталды, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мына түйенің иесі кім? Мына түйе кімдіке?», - деп сұрастыра бастады. Сонда оған ансарлардан бір жас жігіт келіп: «Ол меніңке, иә Аллаһтың елшісі», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен бұл жануардың иесі бола тұра, бұны саған тәуелді еткен Аллаһтан неліктен қорықпайсың? Расында, ол маған, сенің оны аштықтан қатырып күші жетпейтін жұмыс істететіндігіңе шағымданды!», - деді. Абу Дауд Аль барқанидің келтірген еұсқасын келтіреді.

 

968. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз қай бір жерде тоқтасақ та, Аллаһқа мадақты, малдардың ер тоқымын алғаннан кейін ғана, айтатынбыз. Бұл хадисті Муслимнің талаптарын қанағаттандыратын иснадпен Абу Дауд келтіреді.

Оның “Аллаһты мадақтауды”, деген сөздері “Нәфіл намаздарын орындауды”, деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздердің мағынасы келесіде: біздің намаз оқуға деген ұмтылысымыз күшті болғанымен, мініс малдарынан ерлерін алмағанша намаз оқымайтынбыз.

 

 

ТАРАУ

Серікке көмек көрсету жайлы.

 

Бұл тарауға байланысты хадистер алдыңғы тарауларда келтірілген болатын, мысалыға Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһ Өзінің құлына көмегін, ол (құлы) өзінің бауырына көмегін көрсеткенше жалғастырады”– деген хадисін, не болмаса: “Шариғаттың барлық дұрыс дегені, садақа”, - деген хадисін келтіруге болады.

 

969. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз сапарда болған уақытымза бізге өзінің түйесінде отырған бір кісі келді де, оң және сол жағына қарап жалтақтады, сол уақытта Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Кімде артық мініс малы болса, оны малы жоққа берсін, кімнің артық азығы болса, оны ештеңкесі жоққа берсін”, - деп, бізден ешкім артыққа хақысы жоқ екендігін түсінгенімізше, дүниелерден айтқанын айтты. Муслим.

 

970. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жорыққа атанбақ ниетімен былай деді: “Иә Мухажирлер мен ансарлар! Расында, сендердің бауырларыңның арасында, не қаржысы, не туыстары жоқтары бар, сондықтан сендерден әрқайсыларың өзімен екеуін, не үшеуін алсын, сондай-ақ малдары барлар, өздері малдарына қанша уақыт отырса, сонша уақыт оларды да отырғызулары керек.

Жәбір, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Сонда мен өзіммен екеуін /…не үшеуін/ алдым да, мінуге менің кезгім келген кезде, олар қанша отырса, сонша отыратынмын. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

971. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарда болған кезде, артқа жиі оралып, әлсіздерді өзімен отырғызып, олар үшін Аллаһтан кешірім сұрап дұға жасайтын.Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Сапарға аттанбақшы болған ниетпен көлікке отырған адамға не деу керектігі жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

“…Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты. Олардың үстіне мінесіңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: “Бұны бізге бағындырған Аллаһ пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік”, - дейсіңдер, “Күдіксіз Раббымызға қайтарыламыз”” “Зұхрұф” сүресі, 12-14 аяттар.

 

972. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің түйесіне сапарға аттанбақшы болып мінетін болса, онда үш рет: “Аллаһу акбар!”, - деп айтатын да, сосын былай дейтін:

Бұны бізге Бағындырушыға мадақ, өйткені біз үшін бұл, қолымыздан келмейтін іс, біз өзіміздің Раббымызға ораламыз! Иә Аллаһ, расында, біздің осы сапарымызда Сенен игілік пен тақуалықты, сондай-ақ Өзіңе ұнайтын амалдар жасауды сұраймыз! Иә Аллаһ, бізге осы саяхатымызды жеңілдет те, оның ұзақтығын қысқарт! Иә Аллаһ, Сен біздің сапардағы серігіміз боласың, әрі жанұямызда қалдырған уәкілімізсің, иә Аллаһ, расында, жолдың қиындығынан, (жолда) көргенімізден сары уайымға салынудан және барлық дүниемізге, жанұямызға тиетін жамандықтан Өзіңе сыйынамыз! /Субханәлләзи саххара ләнә хаза уа мә кунна ләһу мукринина, уа иннә илә Раббинә лә-мункалибуна! Аллаһумма инна насъалюка фи сафарина хазаль-бирра, уа-ттақуа уә мин аль-амали мә тарда! Аллһумма, Анта сахибу фиссафари уаль халифату филь-ахли, Аллһумма инни аъузу бика мин уаъсаъи-ссафари, уә қяабатиль-манзари уә суъиль-мунқаләьи филь-мали уәл-ахли!/

Оралғанда осы айтылғанға мынаны қосып айтатын:

Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап, әрі оған мадақ айтып оралып жатырмыз. /Аййибуна, таъибуна, ъабидуна ли-Раббинә хамидуна!/[539] Муслим.

 

974. Хабар бойынша,Али бин Рабиъа былай деді:

Бірде Али бин Абу Талибқа отыруы үшін мініс малын алып келді. Аяғын үзеңгіге салып: “Бисми-Ллаһи!”, деп айтты да, ал ерге отырып жайғасқан соң: “Бұны бізге Бағындырушыға мадақ, өйткені біз үшін бұл қолымыздан келмейтін іс, біз өзіміздің Раббымызға ораламыз!”, - деді. Сосын ол үш рет: “Аллаһу акбар!”,- деген соң: “Саған мадақ! Расында, мен өз-өзіме зұлымдық жасадым, мені Өзің кешір, өйткені Сенен басқа ешкім күнәләрді кешірмейді!” /Субханәкә! Инни зәләмту нәфси, фағфирли, фа иннаһу лә иағфириззунуба иллә Анта!/[540], - деді де, күлді. Одан: “Иә діндарлардың басшысы, неге күлдің?”, - деп сұрады. Ол: “Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мен қазір не істесем, соны істегенін көрдім, сонда ол күліп, мен: “Иә Аллаһтың елшісі, неге күлдің?”, - деп сұрағанымда, ол: “Расында, Сенің Раббың: “Менің күнәләрімді кешір!” /Иғфирли зунуби!/, - деген сөздерді Өзінің құлы айтқанда жақсы көреді – және Ол: “Ол, Менен басқа ешкім күнәләрді кешірмейтіндігін біледі”, - дейді”, - деді. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, - деп келтіреді – ал кейбір қолжазбаларда, оның: “Жақсы әрі сенімді хадис”, - деп айтқаны келтіріледі. Бұл ерде Абу Даудтың нұсқасы беріліп тұр.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.