Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 10 страница



 

Алдыңғы тарауларда Ибн Омар[623] мен Айшаның[624], оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізуімен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ақшам намазының парызынан кейін екі ракат намаз оқығандығы жайлы екі хадис келтірілген болатын.

 

1122. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Мутаффаль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ақшам намазының алдында намаз оқыңдар[625]”, - деп үш рет айтып, үшіншісінде: “Бұл – қалағандарың үшін”, - деп қосты. Аль-Бухари.

 

1123. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйгілі сахабаларының ақшам намазының уақыты кірісімен бір-бірімен жарыса тіректерге асыққанын көрдім[626]. Аль-Бухари.

1124. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:

“Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде біз ақшам намазының алдында күн батысымен екі ракат намаз оқитынбыз”, - деді. Сонда одан: “Ал бұл екі ракат (намазды) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оқушы ма еді?”, - деп сұрады. Ол оларға: “Ол біздің оқығынымызды көріп оны оқымауға да әрі оқуға да әмір бермейтін”, - деп жауап берді. Муслим.

 

1125. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:

Біздің Мединада болған кездерімізде азаншы ақшам намазының парызына азан айтып болған соң, адамдар екі ракат намаз оқу үшін мешіт тіректеріне асығатын, ал сапармен (қалаға) келген адам жайлы айтатын болсақ, онда ол парыз намазы басталған екен, деп ойлайтын, өйткені көпшілік осы ек ракат намазды оқитын. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Құтпан (ъиша) намазының алдында

және одан кейін қандай намаздар оқылатындығы жайлы.

 

Бұл тарауға Ибн Омардың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге менің… құтпан намазынан кейін екі ракат намаз оқыған кездерім болды”[627], - деп жеткізген хадисін келтіруге, сондай-ақ Абдуллаһ бин Мутаффильдің Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Әр-бір екі шақырудың арасында[628] – намаз…”[629], - деп айтқанын, хабарлаған хадисін келтіруге болады.

 

 

ТАРАУ

Жұма намазының алдында және одан кейін қандай намаздар оқылатындығы жайлы.

 

Бұл тарауға да Ибн Омардың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: “Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге менің… жұма намазынан кейін екі ракат намаз оқыған кездерім болды”[630], - деп жеткізген хадисін келтіруге болады.

 

1126. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім жұма намазын оқыса, одан кейін төрт ракат қосымша намаз оқысын. Муслим.

 

1127. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жұма намазынан кейін мешітте намаз оқымайтын, ал одан кейін үйіне барғанда екі ракат намаз оқитын. Муслим.

ТАРАУ

Барлық бекітілген және басқа да қосымша намаздарды үйде орындаудың жақсырақтығы, сондай-ақ парыз намазынан кейін қосымша намазды орындау үшін басқа жерге тұру керектігі, не болмаса парыз намазды қосымша намаздан сөйлеу арқылы бөлу керектігі жайында.

 

1128. Хабар бойынша,Зайд бин Сабит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иә адамдар, үйлеріңде намаз оқыңдар, өйткені, расында, парыз намаздарын есептемегенде намаздардың жақсысына үйде оқылған намаздар жатады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1129. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үйлеріңді мазарға айналдырмай, намаздарыңның бөлігін үйде оқыңдар.Аль-Бухари, Муслим.

 

1130. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендерден кімде-кім парыз намазын өзінің мешітінде оқыған болса, онда намазының бөлігінен өз үйіне де қалдырсын, өйткені, расында, оның намазының себебінен Аллаһ оның үйіне игілік енгізеді. Муслим.

 

1131. Амир бин Аттың жеткізуімен, бірде мені Нафиъ бин Жубайр оны әпкесінің баласыас-Саъбу Ибн Йазидке, кезінде оның намазы жайлы (, яғни ас-Саъбу Ибн Йазидтің намазы жайлы) Муъавианың не деп айтқанын беліп келуім үшін жұсады да, ас-Саъбу Ибн Йазид былай деді:

Бірде мен онымен бір бөлмеде жұма намазын оқығанымда, имам екі иығына сәлем беріп болған соң, мен орнымнан түрегелдім де, сол жерден қозғалмастан қосымша намаз оқыдым, ал Муъавия үйіне кірген соң: “Ендігәрі істеген ісіңді қайталама: жұма намазын оқып болып, біреуге сөйлемейінше, не орныңнан қозғалмайынша, қосымша намаз оқушы болма, расында, осылай істеуге, бір намаздан екінші намазға орнымыздан қозғалмайынша не біреумен сөйлеспейінше, ауыспауға бұйырған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болатын”, - деп айтуға, маған адам жіберді. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Үтір намазын оқуға талпындыру және бұл намазды орындаудың сөссіз Сүннетке жататындығын түсіндіру сондай-ақ бұл намаз қай уақытта орындаудың жақсырақ екендігі жайлы.

 

1132. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:

Үтір намазының парыз намаздарынан айырмашылығы, сөссіз оның парыз намаздары қатарына жатпайтындығында, дегенмен бұл ғұрыптың (яғни сүннеттің) басын бастаушы, былай деп айтқан: «Расында, Аллаһтың жұбы (арабша үтірі) жоқ және ол әрбір жұбсызды жақсы көреді, сондықтан үтір намазын орындаңдар, ия Құран оқушылар!», - Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болатын.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1133. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын үтір намазын түннің кез-келген бөлігінде: таң арайланғанша түнің басында болсын, ортасында болсын соңыда болсын оқитын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1134. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үтірді түнгі намаздарыңның соңы қылыңдар.Аль-Бухари, Муслим.

 

1134. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үтір намазын таң атқанша оқыңдар. Муслим.

 

1135. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің түнгі намазын, мен оның алдында болғанымда орындайтын[631], ал үтір намазы ғана қалған кезде, ол мені оятып, мен де сол намазды орындайтынмын. Муслим.

Ал бұл хадистің Муслим келтірген тағы бір нұсқасында Айшаның былай деп айтқаны келтіріледі:

…ал үтір намазын ған орындайтын кезде, ол: “Иә Айша түрегел де үтір намазын орында!”, - дейтін.

 

1137. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң атқанша үтір намазын орындауға асығыңдар. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1138. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім үтір намазына түннің соңында оянбаймын деп қорықса, онда оны түннің басында орындасын, ал кім түннің соңында орындаймын десе, солай істесін, өйткені, расында, түннің соңындағы намаздың куәгерлері болады[632], сондай-ақ бұл жақсырақ. Муслим.

ТАРАУ

Таң ертеңгі қосымша намаздың (духа)[633] қасиеті, оның ракат санының қаншасы көп, аз және орташа саны қанша болатындығы, сондай-ақ оны әрдайым орындауға ұмтылдыру жайлы.

 

1139. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Менің сүйікті досым[634], маған айына үш күн ораза ұстауды, таңертең екі ракат таңертеңгілік (духа) намазын орындауды және ұйықтар алдында үтір намазын орындауды талап етті. Аль-Бухари, Муслим.

Үтір намазын ұйықтар алдында оқуға көңіл бөлудің дұрыстығы тек түнде ұйқысынан оянуға сенімділігі жоқтар үшін ғана, ал егер адам оны түннің соңғы бөлігінде оқи алатындығына сенімді болса, онда оны түннің соңғы бөлігінде оқығаны жақсы.

 

1140. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн шыққан әр күні, әр қайсысың денелеріңде неше буын болса сонша садақа беруге тиістісіңдер. Әр бір айтылған: «Субхана-Ллаһ», садақа болып табылады және: «Әлхамду ли-Лаһ», садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Лә иләһә ила-Ллаһ» садақа болып табылады және әр бір айтылған: «Аллаһу акбар», садақа болып табылады, және жақсылыққа шақыру да садақа болып табылады, жамандықтан тыйу да садақа болып табылады, бірақ осының бәрін таңертіңгілік оқыған екі бас нәфіл намаз /духа/ ауыстыра алады. Муслим.

 

1141. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:

Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң ертеңгі қосымша намазды төрт ракаттан оқып, оған ракат санын Аллаһ қанша қаласа сонша қосатын[635]. Муслим.

 

1142. Хабар бойынша,Умм Хани Фахит бинт Абу Талиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын:

Бірде мен, Мекке жаулап алған жылы Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келген кезімде, ол ғұсыл құйынып жатыр екен, оны бітірісімен ол сегіз ракаттты намаз оқыды, бұл жәй таң ертең болды (ад-духа). Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслим нұсқадарының бірінен қысқартылғаны берелеп тұр.

 

 

ТАРАУ

Қосымша таң ертеңгі намазды (духа намазын) күн найза бойына көтерілгеннен сәске түске дейін оқуға болатындығы, сондай-ақ ол намазды күннің көзі қыза түскен уақытта оқығанның жақсырақ

Екендігі жайлы.

 

1143. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, бір адамдардың таң ертеңгілік қосымша намазды оқып жатқанын көріп, былай деді:

Расында, бұл намазды басқа уақытта оқудың жақсырақ екенін олар білді, өткені Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Тәубеге келушілердің намаздарының уақыты, боталар (табандарымен) қызуды сезіне бастаған уақытта кіреді”[636], - деп айтқан. Муслим.

ТАРАУ

Мешітке сәлем намазын оқуға талпындыру, сондай-ақ мешітке кірген адам қай уақытта кіргеніне қарамастан мешітке сәлем намазы болсын, не парыз намаздарының бірі болсын, не қосымша намаз болсын екі

ракат намаз оқып болған соң ғана отыру керектігі жайлы.

 

1144. Хабар бойынша,Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден қайсысың мешітке кірсең екі ракат намаз оқымай отырмасын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1145. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол мешітте болған уақытында келген кезімде ол маған: “Екі ракат намаз оқы”, - деді.

 

 

ТАРАУ

Дәрет алып болған соң екі ракат намаз оқығанның жақсы екендігі жайлы.

 

1146. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Биләлге: «Иә Биләл, маған айтшы, Исламда жасаған қайсы амалыңа сен көбірек үміт артасың, өткені, расында, мен Жәннәтта алдымнан сенің сандалыңның басқан жерлерінен шыққан тарсылды (дыбысты) естідім?», - деп сұрады. Жауап ретінде Биләл: «Күн мен түннің қай уақытында болмасын дәрет алсам сол дәретім бұзылмайынша маған міндеттелген намазды да оқитынмын, осы амалымнан артық, істегенімнің ешқайсысына көп үміт артпаймын», - деді. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр.

 

ТАРАУ

Жұманың қасиеті, жұма намазына қатынасудың парыз екендігі және жұма намазына ғұсыл құйынып келудің парыз екендігі, сондай-ақ ол намазға иіс май жағып ертерек келудің жақсырақ екендігі, сондай-ақ жұмада қандай дұғалар айту керектігі және бұл күні Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын қалай салауат айту керектігі, сондай-ақ қай уақытта дұғаға жауап берілетіндігі, сондай-ақ жұма намазынан кейін Аллаһты көбірек еске алып зікір ету керектігі жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Аллаһтың мәрхеметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Аллаһты көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар.» «Жұма» сүресі, 10 аят.

 

1147. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күн көзінің көтерілген күнүндерінің ішіндегі жақсысы болып жұма саналады: бұл күні Адам жаратылған, бұл күні ол Жәннәқа кіргізілген және осы күні ол Жәннәттан шығарылған. Муслим.

 

1148. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім дұрыстап дәрет алып, сосын жұма намазына келіп тыныштық сақтап (мұқият) тыңдайтын болса, оның осы жұма мен өткен жұманың арасындағы және (кейінгі) үш күннің ішіндегі бүкіл жасаған кішігірім күнәләрі кешіріледі, ал тасты терушілер жайлы айтатын болсақ[637], ол босқа отыр. Муслим.

1149. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күнделікті оқылған бес уақыт намаз, әр-бір жұма намазына қатысу және әр-бір келесі Рамаданда ораза ұстау солардың арасындағы кішігірім күнәләрдің кешіріліуне себеп болады, әрине егер де олардың арасында ауыр күнәләр болмаса. Муслим.

1150. Хабар бойынша,Абу Хурайра мен Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ағаштан жасалған минберде тұрып былай деп айтқанын жеткізді:

Ант етемін, адамдар не жұма намазына қатыспауларын тоқтатады, не Аллаһ олардың жұректерін мөрлеп тастайды, сонда олар міндетті түрде елемеушілердің қатарында болады[638]. Муслим.

 

1151. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім жұма намазына келмекші болса, онда толығымен ғұсыл құйынсын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1152. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жұма күні ғұсыл құйыну әр-бір кәмілетке толған адамдар үшін парыз. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл жарде оның парызы, адамның өзінің досына: “Сенің құқығыңды қорғау мен үшін парыз”,- деген сияқты, оны орындау өз қалауында[639] – ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі.

 

1153. Хабар бойынша,Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам жұмаға дәрет алса жақсы болады, ал егер кім ғұсыл құйынса одан да жақсы екенін білсін.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1154. Хабар бойынша,Сальман (аль-Фариси), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам жұма күні ғұсыл құйынып қолынан келгенше тазаланса, шаштарын майлап /не: …денесіне/ үйінде бар иіс майларын жағып, сосын жұма намазына барып, онда жанында отырғандарды итермелемей Аллаһ оған оқуға нәсіп еткен намаздарын оқыса, сондай-ақ имам сөйлеген кезде үндемей тыныш отыратын болса, онда оның осы жұма мен өткен жұмадағы күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари.

 

1155. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер адам жүніп болған жағдайда қалай ғұсыл құйынады[640], солай жұма күні ғұсыл құйынып, сосын мешіттегі намазға бірінші уақытында келген, (Аллаһқа) құрбандыққа түйе шалғанмен тең[641], бұдан кейін келген құрбандыққа сыйыр шалғанмен тең, одан кейін келген құрбандыққа мүйізді қой шалғанмен тең, одан кейін келген құрбандыққа тауық шалғанмен тең, бұдан да кейін келген құрбандыққа жұмыртқа бергенмен тең болады, ал имам (минберге құтпа айтпаққа) шыққанда, періштелер имамның Аллаһты еске алуын тыңдауға келеді[642]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1156. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жұманың қасиеттерін айтып отырып: “Жұма күні Аллаһтың, Өзінің Ислам дініндегі әрдайым Аллаһқа дұға жасап тұратын құлына міндетті түрде сұрағанына беретін бір уақыты бар”, - деп қолымен, ол уақыттың қысқа екендігіне нұсқайтын белгі көрсетті. Аль-Бухари, Муслим.

 

1157. Хабар бойынша,Абу Муса бин Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Абдуллаһ бин Омар, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, менен: “Сен әкеңнің, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерінен, жұманың сол уақыты туралы айтқанын естімедің бе?”, - деп сұрады. Мен: “Иә естігенмен, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ол уақыт имам мінберге отырғаннан намаз аяқталғанша жалғасады”, - деп айтқанын естіген”, - деп жауап бердім. Муслим.

 

1158. Хабар бойынша,Аус бин Аус, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, жұма сендердің күндеріңнің ең жақсысының бірі саналады, сондықтан мен үшін көбірек дұға жасаңдар[643], өйткені, расында, сендердің дұғаларың жайлы маған хабарланып отырады. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

ТАРАУ

Аллаһтың жәрдем жасағаны анық болған уақытта, не болмаса апаттан аман сақтап қалғанын анық сезген кезде,

Аллаһқа алғыс /не:…ризашылық/ ретінде сәжде жасау жайлы.

 

1159. Хабар бойынша,Саъид бин Абу Уаққас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге Меккеден Мединаға шықтық, ал біз Азуарға[644] жақындаған уақытымызда, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жылдамдатты, қолын көкке көтеріп біраз уақыт аралығында Аллаһқа дұға жасаумен болды, сосын ол сәжде жасап сол күйде көп уақыт жатты. Сосын тағы да қолын көкке көтеріп біраз уақыт аралығында Аллаһқа дұға жасаумен болды, сосын тағы да сәжде жасап сол күйде көп уақыт жатты. Осыны үш рет жасады да, сосын былай деді: “Расында, мен өзімнің Раббыма үмметім үшін дұға және шапағат жасап сұрадым да, Ол маған сұрағанымның үштен бірін сыйлады, сонда мен Раббыма алғыс ретінде сәжде жасап жығылдым. Сосын мен басымды көтеріп тағы да өзімнің Раббыма үмметім үшін дұға жасап сұрадым да, Ол маған сұрағанымның (және) үштен бірін сыйлады, сонда мен тағы Раббыма алғыс ретінде сәжде жасап жығылдым. Сосын мен басымды көтеріп тағы да өзімнің Раббыма үмметім үшін дұға жасап сұрадым да, Ол маған сұрағанымның (және) үштен бірін сыйлады, сонда мен тағы Раббыма алғыс ретінде сәжде жасап жығылдым”. Абу Дауд.[645]







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.