Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 12 страница



Табиғатында үйреншікті болып он нәрсе саналады: мұрт басу, сақал өсіру, тіс тазалығышты қолдану, мұрынға су жіберіп (сіңбіру), мұрт басу, бармақтардың арасын жуу, қолтықтың қылын жұлу, шатты қыру және әжеттенгенде сумен жуу.

Хадисті жеткізушілердің бірі былай деді:

Мен оныншы нәрсені ұмытып қалдым, дегенмен әңгіме ауызды сумен шайу жайында болды деп ойлаймын. Муслим.

1205. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мұрттарыңды басыңдар және сақалдарыңды өсіріңдер (жіберіңдер). Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Зекеттің парыз екендігін растау жайлы,

оның және оған қатысы бар заттардың қасиеттерін түсіндіру.

Аллаһ Тағала айтты:

«Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер…» «Бақара» сүресі, 43 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олар; ғибадатты нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей тура орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген, міне осы туп-тура дін» «Бәййна» сүресі, 5 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің…» «Тәубе» сүресі, 103 аят.

1206. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ислам бес дңігектен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деп куәлік беру, намаз оқу, зекет төлеу, Аллаһтың үйіне Қажылыққа бару және Рамадан айында ораза ұстау. Аль-Бухари, Муслим.

 

1207. Хабар бойынша,Тальха ибн Убайдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын Недждан шашы жалбыраған бір адам келді. Біз оның даусын естіген болатынбыз, бірақ оның не деп жатқанын ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жақындағанша түсінбедік, сөйтсек ол Ислам жайлы сұрап жатыр екен. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Күн мен түннің ішінде бес уақыт намаз орындау, парыз болып саналады», - деді. Ол: «Ал мен бұдан артық намаз оқуым керек пе?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ, тек сен өзің ғана қосымша намаз (қосып) оқығың келмесе», - деп жауап берді. Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: «Рамадан айында ораза ұстау, парыз болып саналады», - деді. Ол: «Ал мен бұдан артық ораза ұстауым керек пе?», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ, тек сен өзің қосымша ораза (қосып) ұстағың келмесе», - деп жауап берді.

Тальха сөзін былай жалғастырды:

Сосын Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, зекет беру керектігі жайлы айтты. Ол: «Мен бұдан артық зекет беруім керек пе?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ, тек сен өзің оны қаламасаң», - деді. Осыдан кейін ол адам бұрылып шығатын жаққа қарай жүріп бара жатып: «Аллаһтың атымен ант етемін, мен бұған еш нәрсені қоспаймын да, бұдан еш нәрсені алып тастамаймын», - деді, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер ол шын ықыласымен айтып тұрса, табысқа кенеледі![648]», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1208. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісіің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, Муъазды Иеменге жіберіп жатып былай дегенін жеткізді:

Оларды, Аллаһтан басқа құдай жоқ және мені Аллаһтың елшісі, деп куәлік беруге шақыр, егер олар бұған бағынса, онда Аллаһтың оларға бес уақыт намаз оқуды бұйырғандағын хабарла, егер олар бұған да бағынса, онда Аллаһ оларға, араларындағы байларының кедейлеріне садақа берулерін бұйырғанын, хабарла. Аль-Бухари, Муслим.

1209 Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Маған адамдармен олар, Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллһтың елшісі, деп куәлік бергенше, сондай-ақ намаз оқып зекет төлегенше, күресу әмірленді, ал егер олар осылардың бәрін орындаса, онда менен, бұдан былай тек Исламның хақысымен ғана алына алатын, өмірлері мен дүниелерін қорғап қалады, сол кезде олардан есебті тек қана Аллаһ талап ете алады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1210. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл дүниеден кеткен кезде, Абу Бакр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, халиф болды, сол кезде арабтардан кейбіреулері күпірлікке қайта оралды, сонда Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, одан: «Сен бұл адамдармен қалайша соғыспақсың[649], Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған адамдармен олар, Аллаһтан басқа құдай жоқ, деп куәлік бергенше күресу әмірленді, ал егер осы сөздерді айтса, сондай-ақ дүниесі мен мүлкіне хақылы түрде алып қоя алатындай (күнәлі) іс жасмаса, онда менен өмірлері мен дүниелерін қорғап қалады, сол кезде олардан есебті тек қана Аллаһ талап ете алады”, - деп айтты ғой!”, - деді. Бұған Абу Бакр, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Аллаһтың атымен ант етемін, мен зекетті намаздан бөлектегендермен міндетті түрде соғысамын, неге десең дүниеден зекет алу парыз! Аллаһтың атымен ант етемін, егер олар Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, беріп жүрген түйенің тұсауын беруден бас тартса, онда мен сол үшін де соғысамын!”, - деп жауап берді. Сонда Омар: “Аллаһтың атымен ант етемін, Абу Бакрдің олармен соғысамын деп қабылдаған шешімін жүрегіне жеткізген Аллаһтан басқа ешкім емес, менің де ол шешімнің дұрыс екендігіне көзім жетті!” аль-Бухари, Муслим.

 

1211. Хабар бойынша,Абу Аййуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Пайғамбардан: «Маған Жәннәтқа кіруіме көмектесетін амал үйретші», - деді. Сонда Ол: «Аллаһқа ғана құлшылық етіп одан басқа ешкімге құлшылық етпе, намаз оқы, зекет төле және туысқандық қарым-қатынасты ұстан», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1212. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір бәдәуи келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, маған егер оны орындасам Жәннәтқа кіретін амал айтшы», - деді. Оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһқа ешкімді ортақ қоспай құлшылық ет, намаз оқы, парыз зекетіңді төле және Рамаданда ораза ұста», - деп жауап берді. Бәдәуи: «Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, мен бұған еш нәрсе қоспаймын!», - деді. Сосын ол бұрылып кетпекші болып жатқан кезде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімге Жәннәт тұрғындарына қарау, (көзін) қуандыратын болса, онда ол, осы бәдәуиге қарасын», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1213. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқимын, зекет төлеймін және әр бір мұсылманға ықыласты боламын, деп ант бердім. Аль-Бухари, Мулим.

 

1214. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Ахірет күні дүниесінен тиістісін бермеген алтын мен күміс иелері, иеленген күміс және алтындарынан жасалған от тіліктер арқылы азапталады, тіліктерді Тозақтың отында қыздырып, сосын онымен оның алды мен артын және екі бүйірін күйдіріп басады, ал олар суығанда соның бәрі, құлдарға жүргізілетін Сот аяқталып адамға оның Жәннәтқа не Тозаққа баратын жолы көрсетілгенше, ұзақтығы елу мың жылға татитын Ахіреттің күнінде қайталанып отырады».

Одан: «Иә Аллаһтың елшісі, ал түйелер жайлы не айтасың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кез келген түйе иемденуші, дүниесінен тиістісін бермесе және сол берілетіндердің тиістісі саналатын түйелердің су ішуге келген күнінің сауылымын бермесе,[650] Ахірет күні сол түйелерінің алдында жазық шөлдің үстінде етпетінен жатқызылады, ол кезде түйелері осы дүниедегісінен анағұрлым ірі екендігі анықталады, сосын олардың бәрі емшектен ажыратылған ботасына дейін, оны аяқтарымен басып, тістерімен тістейді, олардың артқысы өтіп болысымен алындағыларын қайтадан қайтарып, ал олар болса істегендерін қайталайды, осының бәрі, құлдарға жүргізілетін Сот аяқталып адамға оның Жәннәтқа не Тозаққа баратын жолы көрсетілгенше, ұзақтығы елу мың жылға татитын Ахіреттің күнінде қайталанып отырады», - деді.

Одан және: «Иә Аллаһтың елшісі, ал сиырлар мен қойлар жайлы не айтасың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кез келген сиыр мен қой иемденуші, дүниесінен тиістісін бермесе, Ахірет күні сол сиырлары мен қойларының алдында жазық шөлдің үстінде етпетінен жатқызылады, сол кезде олардың бәрі қисық мүйіздісі, мүйіссізі және үшкір мүйіздісіне дейін бәрі оны сүзіп тұяқтарымен таптайды, олардың артқысы өтіп болысымен алындағыларын қайтадан қайтарып, ал олар болса істегендерін қайталайды, осының бәрі, құлдарға жүргізілетін Сот аяқталып адамға оның Жәннәтқа не Тозаққа баратын жолы көрсетілгенше, ұзақтығы елу мың жылға татитын Ахіреттің күнінде қайталанып отырады», - деді.

Одан және: «Иә Аллаһтың елшісі, ал жылқылар жайлы не айтасың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жылқылардың үш түрі болады: олар адамға ауыртпалық[651] әкелуі мүмкін, сондай-ақ олар қорған болуы мүмкін[652], сондай-ақ олар сауап әкелуі мүмкін. Кімге ауыртпалық әкелетіндігі жайлы айтатын болсақ, ол жылқыларды мақтан үшін, тәкәппарлықтан ұстағандар не болмаса Ислам дініндегі адамдармен соғысу үшін ұстағандар: олар үшін ауыртпалық әкеледі. Ал кімге қорған болатындығы жайлы айтатын болсақ, ол жылқыларын Аллаһ жолында ұстап, олардың мойны мен арқасына қатысытысын[653] беріп отырғандар, мінеки осындайға ол қорған болады. Ал кімге сауаб әкелетіндігі жайлы айтатын болсақ, ол жылқыларын Аллаһ жолында тоғай мен бақшаларда баққандар, ал оның сауабы жылқының тоғай мен бақшаларда жеген шөбіне тең болады, ал жылқа қанша қи тастап, несеп төксе оның иесіне, сонша жақсы амал жазылады, сондай-ақ егер ол өзінің жібін үзіп бір екі рет шауып өтсе, онда Аллаһ міндетті түрде оның басқан ізі мен тастаған қиы үшін иесіне жақсы амалдар жазады, ал егер де жылқының иесі жылқысын өзеннің жанынан алып өтіп, жылқы одан шөлін қандырып ішсе, ол адам жылқысын суғару ойында болмаса да, Аллаһ оған міндетті түрде жылқының ішкен суы қанша болса, сонша жақсы амалдар жазады».

Одан: «Иә Аллаһтың елшісі, ал есектер жайлы не айтасың?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Маған олар жайлы, ерекше әрі барлық іске қатысы бар мына аятты айтпағанда, ешқандай аян келмеді: «Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді[654]», - деді.

 

 

ТАРАУ

Рамадан айында ораза ұстаудың парыз екендігі және ораза мен оған қатысы бардың қасиеттері жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер (ораза ұстаулары ауыр болған адамдар, мысалы, кәрі не аурулар), бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып, артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы. Рамадан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамадан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Әрі Аллаһты ұлықтаңдар» «Бақара» сүресі, 183-185 аятттар.

 

Бұл тарауға қатысты хадистер жайлы айтатын болсақ, олардың бөлігі бұның алдындағы тарауларда келтірілді.

 

1215. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала айтты: Адам баласы оразадан басқа кез-келген амалын өзі үшін орындайды, ал Ораза - Мен үшін және оның сауабын Өзім беремін.

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және былай деді:

Ораза қалқан саналады, сендерден кім ораза ұстаса, ол күні өзін барлық әдепсіздіктен сақтасын және даусын көтермесін, егер оны біреу ұрысса немесе онымен таласқысы келсе, ол адамға: «Расында, мен ораза ұстаушы адаммын!», - деп айтсын. Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс, Аллаһ үшін иіс майдың жұпар иісінен де тәтті, ал ораза ұстаушының екі қуанышы бар: ол өзінің аузын ашқанда қуанады және өзінің Раббын кездестргенде ораза ұстағанына (тағы да) қуанады. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр, ал бұл хадистің аль-Бухари келтірген тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ Тағаланың былай деп айтқанын хабарлағаны, келтіріледі:

Ол тамақтан, судан және ләззәттанудан Мен үшін бас тартады. Ораза мен үшін ұсталады және ол үшін Мен сауабтаймын, ал игілікті істердің сауабы он есе беріледі.

Ал бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

Адам баласының әр-бір амалы көбейтіледі, игілікті амалдың сауабы кем дегенде он есеге көбейтіледі, сондай-ақ ол жеті жүзге дейін көбейтілуі мүмкін. Аллаһ Тағала айтты: «Бұған ораза кірмейді, өйткені, расында, ораза Мен үшін ұсталады және оның саубын Өзім беремін, өйткені адам Мен үшін өзінің тамағы мен ләззәттанудан бас тартады! Ораза ұстаушыны екі қуаныш күтіп тұр: бірі аузын ашқанда, ал екіншісі - өзінң Раббымен кездескенде, сондай-ақ, расында, ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс Аллаһ үшін иіс майдың жұпар иісінен де ұнамды!»

 

1216. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында екі затын жұмсағанды[655] Жәннәттің қақпаларынан: «Иә Аллаһтың құлы! Бұл – игілік!», - деп шақырады. Сондай-ақ намаз оқығанды намаз қақпасы арқылы шақырады, жихадта болғанды жихад қақпасы арқылы шақырады, ораза ұстағандарды «Ар-Райан» қақпасы арқылы шақырады, ал садақа бергенді садақа қақпасы арқылы шақырады. Бұны естіген Абу Бакр, оған Аллаһтың рзашылығы болсын: «Менің әкем мен шешем сенің төлемің болғыр, иә Аллаһтың елшісі! Бұл қақпалардан шақырылған еш нәрсеге мұқтаж болмайды, дегенмен осы қақпалардың бәрінен шақырылатындар табылар ма екен?», - деп сұрады. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә (ондайлар болады) және сені, солардың арасында болады, деген үмітім бар», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1217. Хабар бойынша,Сахля бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Жәннәтта «Ар-Райан», деген қақпа бар, олар арқылы Ахіретте ораза ұстағандар кіреді де, ол арқылы басқа ешкім кірмейді. Сонда: «Ораза ұстағандар қайда?», - делінеді де, олар алдыға шығады, ал олардан басқа ол қақпа арқылы ешкім кірмейді. Олар өтіп болған соң ол қақпа жабылады да, одан кейін ол арқылы ешкім кірмейді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1218. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында ораза ұстағанның жүзін, Аллаһ міндетті түрде, сол күн үшін, Отты жетпіс мың жылдық жерге алыстатады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1219. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рамаданда Аллаһтың сауабынан үміттеніп және оған сеніп ораза ұстағанның, өткен күнәләрі кешіріледі. Аль-Бухари, Муслим.

 

1220. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рамадан кіргенде Жәннәт есіктері ашылып, Тозақ есіктері жабылады, ал шайтандар кісенделеді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1221. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Оны көріп ораза ұстауды бастаңдар[656] және оны көріп ораза ұстауды тоқтатыңдар, егер ол сендерге көрінбесе (не сендерден таса болса), онда шағбанды отыз күнге толтырыңдар. Аль-Бухари, Муслим.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…егер күн бұлтты болса, онда отыз күн ораза ұстаңдар.

 

 

ТАРАУ

Рамадан айында, әсіресе ол айдың соңғы он күнінде жомарттық таныту, Шариғаттың бүкіл қолдаған амалдарын көбірек жасау және игі істерді көбірек істеу жайлы.

 

1222. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдардың ішіндегі ең жомарты болатын, ал жомарттықты онымен Жебірейіл кездескенде, (яғни) Рамадан айында ерекше танытатын. Рамадан кезінде Жебірейіл онымен әр түні кездесіп Құран оқып тексеретін[657], сондай-ақ, расында, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жебірейілмен кездескенде игі істерге, еркін желден[658] де артық жомарт болатын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1223. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Рамаданның соңғы он күні болған кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түндерді намазбен өткзіп жанұя мүшелерін оятатын, құлшылықта ерекше ынталық танытатын және изарын бекем байлайтын. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Бастаған оразасын ұстаушылардан басқа[659] не болмаса әрдайым бейсенбі дүйсенбі күндері ораза ұстауды әдет қылушылардан басқа ешкімге шағбанның бірінші жартысынан кейін Рамаданды ораза ұстап қарсы алуға болмайтындығы жайында.

1224. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден ешкім өзінің әдетте ұстайтын оразасы болмаса Рамаданның алдында екі күн бұрын не бір күн бұрын ораза ұстамасын, ал (егер әрдайым ұстайтын оразасы болса), онда оны ұстасын.Аль-Бухари, Муслим.

 

1225. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рамадан кіргенше ораза ұстамаңдар, бірақ оны көріп[660] ораза тұтуды бастаңдар және оны көріп ораза тұтуды тоқтатыңдар, егер аспан бұлтты болса, онда оразаны отыз күн ұстаңдар. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1226. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шағбанның жартысы қалғанда ораза тұтпаңдар.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1227. Хабар бойынша,Абул Йакзан Аммар бин Йасир, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Күмән тудыратын күні ораза тұтқан, Абуль-Қасымның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанын орындамаған болып табылады[661].Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.