Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 13 страница



 

 

ТАРАУ

Жаңа туған айды көргенде не деу керектігі жайлы.

 

1228. Хабар бойынша,Тальха бин Убайдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әдетте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, туған айды көргенде былай дейтін: «Иә Аллаһ оны бізге қауып-қатерсіз, иманды, саламатты және Ислам айы ете гөр! Иә игілік пен тура жолмен жүруші ай, менің де Раббым және сенің де Раббың – Аллаһ! /Аллаһумма, ахилләһу ъалейна биль-амни, уал-имани, уас-саламати уаль-ислами!/[662]»Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

ТАРАУ

Тамақ ішуді және ауыз бекітуді таң арайланғанша созудың қасиеттері жайлы.

 

1229. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң ағарардың алдында жеңдер, өйткені ауыз бекітетін уақытта береке бар. Аль-Бухари, Муслим.

 

1230. Хабар бойынша,Зайд бин Сабит, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге Рамаданда таң ағарардың алдында тамақ іштік те, сосын намазға тұрдық. Сонда Зайдтан, оған Аллаһтың ризышылығы болсын:«Олардың арасында қанша уақыт өтті[663]?», - деп сұрағанда, ол: «(Құраннан) елу аят оқырлық уақыт», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1231. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын Биләль және Ибн Умм Мактум атты екі азаншысы болатын, сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Биләль азанды түнде айтады, ал сендер азанды Ибн Умм Мактум айтқанша, тамақ жеп ішуді жалғастыра беріңдер», - дейтін.

Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығ болсын, былай деді:

Екі азанның арасын, бірі түсіп екіншісі көтерлгенше дейін өтетін уақыт қана бөлетін[664]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1232. Хабар бойынша,Амр Бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Таң ағарудың алдындағы ас, біз бен кітап иелерінің арасындағы оразаның айырмашылығы[665]. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Ауыз ашуға мүмкіншілігінше ертерек кірісудің қасиеті және ауызды немен ашудың және ауыз ашқан соң қандай дұға айту керектігі жайында.

 

1233. Хабар бойынша,Сахл бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдар ауыз ашуға асыққанын тоқтатпайынша инілікпен рахаттануларынан айырылмайды. Аль-Бухари, Муслим.

1234. Хабар бойынша,Абу Атыйа былай деді:

Бірде біз Масрук екеуіміз Айшаға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келіп, былай дедік: «Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан екі адам бар. Олар екуі де игілікті істерде еш нәрсені мүлт жібермейді, бірақ олардың бірі ауыз ашу мен ақшам намазын оқуды неғұрлым тез орындауға асығады, ал екіншісі болса намазы мен ауыз ашуды бастауын созады». Айша: «Кім ауыз ашу мен намаз оқуын тезірек бастауды қалайды?», - деп сұрады. Масрук: «Абдуллаһ», - деді Ибн Масъуд, сонда (Айша): «Аллаһтың елшісі де, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, солай істейтін», - деді. Муслим.

 

1235. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағала айтты: Бәрінен ерте ауыз ашуға кірісушілер, Мен үшін құлдарымның ішіндегі ең сүйіктілерім болып табылады. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

1236. Хабар бойынша,Омар Бин аль-Хаттаб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Мына жақтан түн түскенде, мына жақтан күн кетіп батқанда, ораза ұстаушыға ауыз ашу керек. Аль-Бухари, Муслим.

 

1237. Хабар бойынша,Абу Ибраһим Абдуллаһ бин Абу Ауф, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз, Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге сапарда болдық, (сол сапарда) оның аузы ораза болатын. Күн батқан кезде ол бір адамға: «Иә пәленше, тезірек біз үшін асты араластыр[666]», - деді. Ол адам: «Иә Аллаһтың елшісі, сен үшін кешке дейін күткен жақсы емес пе?», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (және): «Иә пәленше, тезірек біз үшін асты араластыр», - деді. Ол адам: «Иә Аллаһтың елшісі, сен күні бойы ораза ұстауың керек емес пе?», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үшінші рет: «Иә пәленше, тезірек біз үшін асты араластыр», - дегенде ғана, ол адам тезінен олар үшін асты араластырды, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты жеп, сосын: «Мына жақтан түннің келе жатқанын көрсеңдер, ораза тұтушы аузын ашу керек», - деп саусағымен күн шығысты көрсетті. Аль-Бухари, Муслим.

1238. Хабар бойынша,Сальман бин Амир ад-Дааби, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім аузын ашатын болса, аузын құрмамен ашсын, ал егер құрма таппаса, онда сумен ашсын, өйткені, расында ол тазартады.Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

1239. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аузын намаз оқырдың алдында жаңа піскен құрмадан бірнешеуін жеп, ал жаңа піскен құрма болмаса, кептірілген құрманың үшеуін жеп, ал кептірілген құрма болмаса, бір екі жұтым су ішіп ашатын. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Ораза ұстаушыға өзінің тілін және басқа да дене мүшелерін бағынбаушылықтан тыйу, сондай-ақ барлық балағат және осыған ұқсас істерден бас тарту жайлы.

 

1240. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерден кім ораза тұтса, ол жаман сөздер айтпасын және даусын көтермесін, ал егер кімде-кім оны балағаттап ұрсысуға итермелесе, ондайға: «Расында, мен оразамын!», - десін. Аль-Бухари, Муслим.

 

1241. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ораза кезінде адам өтірік айтуын және өтірік істерін тоқтатпайтын болса, онда Аллаһқа, ондай адамның тамақ пен судан бас тартқанының керегі жоқ. Аль-Бухари.

 

 

ТАРАУ

Оразаға байланысты кейбір сұрақтар жайлы.

 

1242. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер кімде-кім ұмытып тамақ жеп, су ішіп қоятын болса, онда оразасын соңына дейін жеткізсін, өйткені оны тамақтандырып және сусындатқан Аллаһтың Өзі. Аль-Бухари, Муслим.

 

1243. Хабар бойынша,Ләқыт бин Сабыр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, маған қалай дәрет алу керек, (соны) үйретші», - дедім, - сонда ол: «Дәретті дұрыс ал, саусақтың араларын жақсылап жу және егер ораза болмасаң мұрныңа (су жіберіп) жақсылап жу[667]» Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1244. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, таң ағаруын, әйелімен қосылып болған соң, (яғни) жүніп жағдайда қарсы алған болса, онда ғұсыл құйынып сосын ораза ұстайтын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1245. Хабар бойынша,Айша мен Умм Салама екеуі, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, олар былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ораза кезінде таң ертең (әйелімен қосылу салдарынан) жүніп жағдайда тұрғаны бірнеше рет кездескен, сонда ол оразасын (үзбей) жалғастыратын. Аль-Бухари, Муслим.

 

ТАРАУ

Мухаррам мен Шағбан және қасиетті

айларда ораза ұстаудың қасиеттерін түсіндіру жайлы.

 

1246. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рамаданнан кейін ораза үшін жақсы ай болып Аллаһтың мухаррам айы саналады, ал намаздардаың ішіндегі парыз етілген намаздан кейінгі ең жақсысы болып түнде орындалғандары саналады. Муслим.

 

1247. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оразаны шағбан айында ұстағандай, басқа ешбір айда ұстамайтын, кей-кездері шағбан айын толығымен ораза ұстап өткізетін[668].

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында Айшаның, оған Аллаһтың ризашылығ болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…әдетте ол шағбанның кіші бөлігінен басқасын, оразамен өткізетін. Аль-Бухари, Муслим.

 

1248. Хабар бойынша,Муджиб аль-Бахалий өзінің әкесінен, оның былай дегенін жеткізген:

Кезінде ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, сосын артынан (еліне) кетеді. Жыл өткен соң оны халі мен түрі өзгереді, сосын ол Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, сен мені танымай тұрсың ба?», - дейді. (Сосын) ол: «Мен – саған жыл бұрын келіп кеткен аль-Бахилимін», - дейді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен әдемі едің, сені мұнша өзгеркен не?», - деп сұрады. Ол: «Сенімен қоштасқалы бері, мен тек түнде ғана ішіп жейтін болдым[669]», - деді. Бұнысына Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен өз-өзіңді қинадың!», - деді де, сосын: «Шыдамдылық айында[670] ораза ұста да, сосын әр айда бір күннен ораза ұста», - деді. Аль-Бахили: «Маған және қос, расында, менің күшім жетеді», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Екі күннен ораза ұста», - деді. Аль-Бахили: «Маған қос», - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Үш күннен ораза ұста», - деді. Аль-Бахили тағы да: «Маған қос», - деді – сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қасиетті айларда ораза ұста да, сосын оразаны тоқтат, қасиетті айларда ораза ұста да, сосын оразаңды тоқтат», - деп, үш саусағын алдымен біріктіріп, сосын саусақтарының араларын айырып үш саусағымен белгі көрсетті[671]. Абу Дауд.[672]

ТАРАУ

Зуль-хижжа айының алғашқы он күнінде ораза ұстаудың қасиеті жайлы.

 

1249. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

«Қайсы бір жақсы амал жасалмасын, Аллаһ Тағала олардың осы күні жасалғанын жақсы көреді», - деп зуль-хиджаның алғашқы он күні жайлы айтты. Сонда адамдар: «Сонда Аллаһ жолындағы Жихадты да ма?», - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ жолындағы Жихад та, әрине егер адам өзінің жанымен және дүниесімен Аллаһ жолында соғысып, онысын қайтадан алып келмеген адам жайлы айтылып тұрмаса[673]», - деді. Аль-Бухари.

 

ТАРАУ

Арафа күні және «ашура» мен «тасуъа»[674] күндері ораза ұстағанның қасиеттері жайлы.

 

1250. Хабар бойынша,Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ашура күні ораза ұстаудың қасиеті жайлы сұрағанда, оның былай деп айтқанын жеткізді:

Бұл күнгі ораза өткен жылғы және келер жылғы жасалған күнәләрдің кешірілуіне себеп (өтем) болып табылады. Муслим.

 

1251. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі Ашура күні ораза ұстайтын және басқаларға да соны бұйыратын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1252. Хабар бойынша,Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ашура күнгі ораза жайлы сұрағанда ол: «Бұл күнгі ораза өткен жылдың күнәләрәнің кешірілуінің өтемі болып саналады», - деді. Муслим.

 

1253. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, ендігі жылға дейін тірі болсам, онда міндетті түрде тоғызыншы күні[675] ораза ұстаймын.

 

 

ТАРАУ

Шаууаль айының алты күнінде ораза ұстағанның жақсылығы жайлы.

 

1254. Хабар бойынша,Абу Айиуб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рамадан айында ораза ұстап оған шаууальдің алты күнін қосса, онда ол үздіксіз ораза ұстағандай болады. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстағанның жақсылығы жайлы.

 

1255. Хабар бойынша,Абу Қатада, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дүйсенбі күні ұсталған ораза жайлы сұрағанда, ол: «Мен бұл күні туылдым және осы күні адамдарға жіберілдім /не: …осы күні маған алғашқы аяндар түскен/», - деп жауап берді. Муслим.

 

1256. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың амалдары дүйсенбі мен бейсенбі күндері Аллаһқа тапсырылады, сондықтан мен амалдарымның ораза болған кезімде тапсырылуын қалаймын.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді. Муслим бұны ораза туралы айтпай келтіреді.

 

1257. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрдайым дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстайтын.Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

ТАРАУ

Әр айда үш күннен ораза ұстаудың жақсылығы жайлы.

 

Бұл оразаны жарық кундері[676], яғни әр айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері тұтқан жақсы[677]. Және он екінші, он үшінші және он төртінші күндер деп те айтылады, бірақта дұрысы алғашқысы.

 

1258. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Менің сүйікті досым[678] айына үш күн ораза ұстауға, таңертең екі ракат таңертеңгілік (духа) намазын орындауға және ұйықтар алдында үтір намазын орындауды талап етті. Аль-Бухари, Муслим.

 

1259. Хабар бойынша,Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Менің сүйікті Пайғамбарым, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған үш нәрсені міндеттеді, олардан мен ешқешан тайынбаймын: ай сайын үш күннен ораза ұстауды, қосымша таңертеңгілік намаз оқуды және үтір намазын оқымайынша ұйықтамауымды (талап етті). Муслим.

 

1260. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әр айда үш күннен ораза ұстау әрдайым ораза ұстағанмен тең. Аль-Бухари, Муслим.

 

1261. Хабар бойынша,Муъаз бин Адуийа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Айшадан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ай сайын үш күндік оразаны ұстаушы ма еді?», - деп сұрағанымда – ол: «Иә», - деп жауап берді. Мен: «Оразаны айдың қай күнінен бастаушы еді?», - деп сұрағанымда – Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Ол бұл оразаны, айдың қай күнінен бастауына мән бермейтін», - деді. Муслим.

 

1262. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер айына үш күннен ораза ұстағың келсе, онда оразаны айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері ұста. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1263. Хабар бойынша,Катада бин Мильхан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндері ораза ұстауды талап етті. Абу Дауд.[679]

 

1264. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Ақ күндері (яғни ай толғанда) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың иггілігі мен сәлемі болсын, үйде болса да, сапарда болса да ораза ұстайтын. Бұл хадисті жақсы иснадпен ан-Насаи келтіреді.

 

 

ТАРАУ

Ораза ұстаушы адамға ауызын ашуға тамақ бергеннің жақсылығы, ораза ұстаушының жанында басқа біреудің тамақ жегенінің ораза ұстаушыға тиетін жақсылығы және тамақ берушіге айтылатын дұға жайлы.

 

1265. Хабар бойынша,Зайд бин Халид аль-Джухани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ораза тұтқанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауаб табады, сондай-ақ оның сауабы ораза ұстаушының сауабын кемітпейді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1266. Хабар бойынша,Умм Омар аль-Ансарий, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде маған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кіргенде, оған ас ұсынғанымда, (өзіме): «Же», - деді. Мен: «Расында, оразамын», - дедім. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, періштелер ораза ұстаушының үйінде басқалар тамақ жегенде, олар тамақ жеп болғанша /не: …тойынғанша/ ораза ұстаушыға игілік тілейді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.[680]

 

1267. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Саъид бин Убайға келеді, сонда ол оған нан мен май береді де, ол оны жейді, сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай дейді: «Үйлеріңде ораза тұтқандар ауыз ашсын, астарыңызды ізгі-жақсылар жесін әрі періштелер сендерге игілік тілесін! /Афтара ъиндакумас-саъимуна, уә әкәлә таъмакумуль-абрару уас-сәләт ъаләйкумульмәләъикәту!/[681]» Бұл хадисті Абу Дауд келтіреді.

 

ҮЗДІКСІЗ МЕШІТТЕ БОЛУ ТУРАЛЫ КІТАП (КИТАП АЛЬ-ИЪТИҚАФ)

 

ТАРАУ

Үздіксіз мешітте болудың қастиеті жайлы.

 

1268. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Рамаданның соңғы он күнінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі босын, мешіттен шықпайтын. Аль-Бухари, Муслим.

 

1269. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Рамаданның соңғы он күнінде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі босын, үздіксіз мешітте болатын және бұл Аллаһ Тағала оның жанын алғанша жалғасты, ал одан кейін оның әйелдері де солай істейтін болды.Аль-Бухари, Муслим.

 

1270. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әр-бір Рамадан сайын, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үздіксіз мешітте он күннен болатын, ал қайтыс болатын жылы жиырма күн болды. Аль-Бухари.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.