Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 14 страница



ҚАЖЫЛЫҚ КІТАБІ

 

ТАРАУ

Қажылықтың парыз екендігі

Және оның қасиеті жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«…Оның жолына шамасы келген кісілер, Аллаһ үшін Қағбаны зират ету (қажылық ету) керек. Ал кім қарсы клсе, Аллаһ барлық әлемнен бай». «Аль-Имран» сүресі, 97 аят.

 

1271. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ислам бес діңгектен құралған: Аллаһтан басқа құдай жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі, деп куәлік беру, намаз оқу, зекет төлеу, (Аллаһтың) Үйіне қажылық жасау және Рамадан айында ораза ұстау.Аль-Бухари, Муслим.

 

1272. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге құтпа айтып, сөздерінің арасында: «Иә адамдар! Аллаһ сендерге қажылықты парыз қылды, сондықтан қажылық жасаңдар!», - деді. Бір адам: «Жылда ма, иә Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады – бірақ адам сұраған үш рет қайталағанша Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үндемеді, сосын, ол: «Егер мен: «Иә», - десем сендерге бұл міндетті түрде парыз болып қалады, бірақ сендер бұны істей аламайсыңдар ғой!», - деді. Сосын ол: «Мен сендерге айтпаған нәрселерім жайлы сұрамаңдар, өйткені, расында, сендерге дейін өмір сүргендерді, пағамбарларына көп сұрақтар қойып, сосын онымен келіспеушілік құртқан! Егер мен сендерге бір нәрсені істеудге әмір етсем, одан қолдарыңнан келгенін істеңдар, ал бір нәрсеге тыйым салсам, одан бас тартыңдар!», - деді. Муслим.

 

1273. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қайсы амал ең жақсы саналады?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһқа және Оның елшісіне иман», - деді. Одан: «Ал содан кейін ше?», - деп және сұрады. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Одан: «Ал содан кейін ше?», - деп және сұрады. Ол: «Мінсіз жасалған қажылық», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

Мінсіз жасалған қажылық дегеніміз, ол қажылық кезінде ешбір күнәлі істерді жасамау.

 

1274. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: «Кімде-кім қажылығын, балағат (жаман) сөздер айтпай және бүкіл күнәлі әрі ұятсыз істер жасамай орындаса, (онда ол) үйіне анасынан жаңа туған баладай (күнәсінен тазарып) оралады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1275. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Әр-бір умрадан кейінгі умра, осы екуінің арасындағы күнәләрдің кешірілуіне себеп болады, ал мінсіз жасалған қажылық үшін Жәннәттан басқа сый болмайды. Аль-Бухари, Муслим.

 

1276. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, біз Жихадты ең жақсы амал ретінде санаймыз, сондықтан біздің оған қатысқанымыз (дұрыс секлді) емес пе?», - деп сұрадым. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ сендер үшін[682] Жихадтың жақсысы болып мінсіз орындалған қажылық саналады», - деді. Аль-Бухари.

 

1277. Хабар бойынша,Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтың Өзінің құлдарын оттан құтқарған күндерінің ішінде, Арафат күніндей күн жоқ.Муслим.

 

1278. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Рамадан айында умраны[683] орындау қажылық орындағанмен тең /не… қажылықты менімен орындағанға тең/. Аль-Бухари, Муслим.

1279. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір әйел: «Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһ адамдарға қажылықты парыз етті, бірақ менің әкем кәртайып өздігімен ерде отыра ламайды, сондықтан ол үшін мен қажылықты орындай аламын ба?», - деп сұрағанда, - Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1280. Хабар бойынша,Лақыт бин Амр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Брде мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Расында, менің әкем не қажылыққа, не умраға, не басқа кез-келген сапарға шыдай алмайтын қаусаған шал», - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын: «Өзіңнің әкең үшін қажылық пен умраны орында», - деді. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1281. Хабар бойынша,Умм Омар аль-Ансарий, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен жеті жаста болғанымда әкем мені, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығын жасағанде, өзімен бірге алды.Аль-Бухари. Муслим.

 

1282. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Ар-Рухта керуен кездестіріп: «Неғылған адамдар?», - деп сұрады. Олар: «Мұсылманбыз», - деп, өздері: «Ал сен кімсің?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһтың елшісімін», - деді – сонда оған бір әйел өзінің баласын көтеріп: «Мынау қажылық жасай алады ма?[684]», - деп сұрады. Сонда ол: «Иә, ал саған бұл үшін сауап бар», - деді. Муслим.

 

1283. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қажылық сапарында, өзінің (жолда қоректенетін) тамақтарын артқан түйесінің ерінде отырып жылжитын. Аль-Бухари.

 

1284. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Жахілет[685] заманы кезінде Указда, Мажанда және Зуль-Мажазда жәрмеңке ұйымдастырылатын, ал сосын Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қажылық кезінде жәрмеңкені күнәлі іс, деп санайтын, да сосын бұл мына аят түскенше жалғасты: «Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіп етулеріңнің) оқасы жоқ…[686]»

 

 

ЖИХАД КІТАБІ

 

ТАРАУ

Жихадтың қасиеті жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгел соғысыңдар. Әрі расында, Аллаһ тақуалармен бірге екенін біліңдер». «Тәубе» сүресі, 36 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін хайырлы болуы мүмкін. Және сендер жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ біледі сендер білмейсіңдер». «Бақара» сүресі, 216 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар. Сондай-ақ Аллаһ жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшін хайырлы, егер білген болсаңдар». «Тәубе» сүресі, 41 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Күдіксіз Аллаһ мүминдердің жандарын, малдарын Жәннәтпен айырбастап алды. Олар Аллаһ жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тауратта, Інжілде және Құранда бар. Аллаһтан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қол жетушілік». «Тәубе» сүресі, 111 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мүминдерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Аллаһ жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Аллаһ малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырады. Сондай-ақ барлығына игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді. Аллаһтан дәрежелер, жарылқау және мәрхемет бар. Аллаһ - Жарылқаушы, Мейірімді.». «Ниса» сүресі, 95-96 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Сендерге жан түршігерлік азаптан құтқратын бір сауда көрсетейін бе? Аллаһқа, елшісіне иман келтірсеңдер, малдарыңмен жандарыңмен Аллаһ жолында күресесіңдер. Егер білетін болсаңдар, осыларың сендер үшін хайырлы. Күнәләріңді жарылқайды. Сендерге астарынан өзендер ағатын Пейіштерге, Ғадын жәннәттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы. Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллаһ жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар, (осы хабармен) мүминдерді қуандыр». «Саф» сүресі, 10-13 аяттар.

 

Бұл тарауға байланысты басқа да бәріне мәлім аяттар бар.

Ал хадистер жайлы айтатын болсақ олар санаусыз көп, солардың ішінде мыналар:

 

1285. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қай амал ең жақсы саналады?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһ пен Оның елшісіне иман», - деді. Одан: «Ал осыдан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Одан (тағы да): «Ал осыдан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Мінсіз орындалған қажылық», - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1286. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Брде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһ Тағала қай амалды бәрінен артық жақсы көреді?», - деп сұрадым. Ол: «Уақытылы орындалған намазды», - деп жауп берді. Мен: «Ал осыдан кейін ше?», - деп сұрадым. Ол: «Ата-анаға құрмет көрсетуді», - деді. Мен: «Ал осыдан кейін ше?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһ жолындағы күрес», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1287. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, қайсы амал ең жоғары бағаланады?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһқа иман мен Оның жолындағы күрес», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1288. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, таң ертең не кешке қарай (жасалған) Аллаһ жолындағы күрес, осы дүние мен осы дүниенің ішіндегісінен артық! Аль-Бухари, Муслим.

 

1289. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Адамдардың ішіндегі ең жақсысы кім саналады?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ жолында өзін де, өзінің дүниесін де аямай күрескен иман келтіруші», - деді. Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ал одан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Тау жоталарының бірінде Аллаһқа құлшылық ететін және онысымен адамдарды өзінің кесірінен сақтайтын иман келтіруші», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1290. Хабар бойынша,Сахл бин Саъд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында күзетте болған, осы дүние мен осы дүниенің ішіндегісінің бәрінен абзал, сондай-ақ Жәннәттағы сендердің қамшыларыңның орнындай жер, осы дүние мен осы дүниенің ішіндегісінің бәрінен абзал, сондай-ақ Аллаһ жолында өткізген таң ертеңгі уақыт немесе кешкіліктегі уақыт, осы дүние мен осы дүниенің ішіндегісінің бәрінен абзал! Аль-Бухари, Муслим.

 

1291. Хабар бойынша,Сальман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Күні-түні Аллаһ жолындағы күзет, ай бойы намаз оқып ораза ұстағаннан артық, ал егер адам осы жолда өлсе, онда оның амалдары жалғаса береді[687], сондай-ақ оның ризық-несібесі белгіленеді[688] және азғырушыдан құтылады[689]. Муслим.

 

1292. Хабар бойынша,Фадаля бин Убайд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында күзетте болғаннан басқаның бәрінің өлгеннен кейін амалдары тоқтатылады, өйткені, расында, Ахіретке дейін оның амалдары өсіп, ал өзі болса қабір азғыруынан құтылады. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1293. Хабар бойынша,Осман, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында күзетте болғанның бір күні, басқа жерде болғанның мың күнінен артық[690]. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1294. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ, Оның жолында шайқасқа шаққанға кепіл болады және былай дейді: «Оны бұл іске, Маған және Менің елшілеріме деген сенімнен басқа еш нәрсе итермелемейді» - ал Оның кепілдігінің мәнісі келесіде, не Ол бұндай адамды Жәннәтқа кіргізеді, не болмаса оны суабымен және әскери олжасымен шыққан (жорыққа) аттанған үйіне қайтарады. Сондай-ақ Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, ол Аллаһ жолында қай бір жарақат алмасын, Ахіретте жараланғанда қандай күйде болса, дәл сол күйде болады: оның жарақаты қан түсті болады да, ал жұпар иісі хош иісті мускус болады. Сондай-ақ Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, егер бұл мұсылмандарға қиыншылық туғызбаса, мен бірде-бір Аллаһ жолында соғысқа қатысушы жорықтың артында қалмас едім, бірақ менің олардың бәрін көлікке отырғызатын мүмкіншілігім жоқ, сондай-ақ олардың өздерінің де бұған шамалары келмейді, ал қалғандарына, менің аттанғаным ауыр тиеді. Сондай-ақ Мухаммадтың жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, расында, мен Аллаһ жолында соғысып өлуді, сосын тағы Аллаһ жолында соғысып өлуді, сосын тағы Аллаһ жолында соғысып өлуді қалар едем. Бұл хадисті Муслим толығымен келтіреді, ал аль-Бухари бөлігін ғана келтіреді.

 

1295. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, Ахіретте Аллаһ жолында жарақат алған кез-келген, жұпар иісі хош иісті мускустай, түсі - қан түсті қансыраған жарасымен келеді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1296. Хабар бойынша,Муъаз, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кез-келген адам Аллаһ жолында түйе сауым уақыттай соғысса да оның сауабы міндетті түрде Жәннәт болады, ал Аллаһ жолында жарақат алған /не… қасыретке ұшыраған/, Ахіретте жарақатын жаңа ғана алғандай болып келеді, ал ол жарақаттың түсі запыран түсті болады, ал жұпар иісі мускустің жұпар иісіндей болады. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд «Жақсы әрі сенімді хадис», деп келтіреді.

 

1297. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының бірі дәмі тәтті бұлақтың көзі бар сайдың жанынан өтіп, ол сай оған ұнап қалады да, ол өз-өзіне: «Осы сайда өзіммен-өзім адамдардан оңашалансам, бірақ бұған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, рұқсат бермейінше ешқашан олай істемеймін!», - дейді. Сосын ол бұл ойын Аллһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын айтады да, ол: «Олай істеуші болма, өйткені, расында, сендерден кез-келгеніңнің Аллаһ жолында болуларың үйлеріңдегі жетпіс жыл бойы оқыған намаздарыңнан артық! Аллаһтың сендерді кешіріп Жәннәтқа кіргізуін қаламайсыңдар ма? Аллаһ жолында шайқасыңдар, өйткені кез-келген Аллаһ жолында түйе сауым уақыт аралығындай болса да шайқасқанның сауабы (сыйы) - Жәннәт. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

 

1298. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, игілігті істердің қайсысы жихадпен теңесе алады?”, - деп сұрады. Жауап ретінде ол: “Ол, сендер орындай алмайтын іс”, - деді. Осыдан кейін олар сұрақтарын екі, не үш рет қайталады, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әр қайсысына: “Ол, сендер орындай алмайтын іс”, - деп айтып отырды да, сосын: “Аллаһ жолында шайқасушы - намаз оқитын, ораза ұстайтын, Құран аяттарын оқитын (адам), Аллаһ жолында шайқасушы оралғанша, үздіксіз ораза ұстап, үздіксіз намаз оқығанмен тең. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.

Бұл хадистің аль-Бухари Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, аоқылы келтірген нұсқасында былай делінеді:

Бірде бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, маған жихадқа тең келетін амалды нұсқашы?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен саған ондай амалды таба алмаймын», - деді де – сосын: «Жихадқа қатысушы шайқасқа кетісімен (ол оралғанша), сен өзіңінің мешітіңе барып босамастан намаз оқып және аузыңды ашпастан ораза ұстай алар ма едің?», - деп сұрады. Сонда әлгі адам: «Бұған кімнің шамасы келмек?», - деп (таңырқады).

 

1299. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өмір сүрудің жақсы үлгісі болып, Аллаһ жолында атының тізгінін бекем ұстап, қай жерден жан түршігерлік шу шықса[691] сол жерге қарай соғыс іздеп не болмаса өлімді табатын жерінен өлім іздеп[692], ұшатын (яғни шабатын) адамның өмірі жатады. Не болмаса (жақсы өмір үлгісіне), өзінің азын-аулақ қойларымен сол биіктіктерде немесе жазықтықтарда, өзінің намазын оқып, зекетін төлеп, өзінің Раббына өлім келгенше құлшылық етіп, ал адамдармен тек қана игілікті істерімен ғана араласатын адамның өмірі жатады. Муслим.

 

1300. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһтың, Жәннәтта Аллаһ жолында шайқасқандар үшін әзірлеген жүз сатылы дірежелері бар, сол дәреженің бір сатысынан екніші сатысына дейнгі аралық жер мен көктей. Аль-Бухари.

 

1301. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім Аллаһқа - Құдай ретінде, Исламға – дін ретінде, ал Мухаммадқа елші ретінде риза болса, оған міндетті түрде, сауап (сый) ретінде Жәннәт бұйырады[693].

Сонда Абу Саъидқа бұл сөздер ұнап: «Бұл жайлы қайталашы, иә Аллаһтың елшісі», - дейді. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол сөздерді қайталап, былай дейді: «Жәннәтта жүз сатылы дәреже бар, олардың сатылырының арасы жер мен көктей». Сонда Абу Саъид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Сонда ол не?», - деп сұрайды. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ жолындағы күрес, Аллаһ жолындағы күрес!», - деп жауап береді. Муслим.

 

1302. Хабар бойынша,Абу Бакр бин Абу Муса ал-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, әкесінің, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жаумен бетпе-бет кездескенде, былай деп айтқанын естіген:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың иглігігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Расында, Жәннәттің қақпасы сендердің қылыштарыңның көлеңкеснде!»

Осыны естіген киімі тозық бір адам орнынан тұрып: «Иә Абу Муса, сен шынымен-ақ Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, солай айтқанын естідің бе?», - деп сұрады. Ол: «Иә»? – деп жауап берді. Сонда ол адам өзінің жолдастарына оралып: «Мен сендерге: «Ас-Саламуалейкум», - деп айтуға келдім», - деді де, сосын қылышының қынабын сындырып шетке лақтырып тастады да, жауға лап беріп өлгенше шайқасты. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.