Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 15 страница



1303. Хабар бойынша,Абу ъАбс Абд ар-Рахман бин Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аяғы, Аллаһ жолында шаң басқан құлды, ешқашан от шалмайды. Аль-Бухари.

 

1304. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһтан қорқып жылаған адам, сауылған сүт қайтадан желініне кірмейінше, ол да отқа кірмейді[694] және Аллаһ жолындағы шаң мен Тозақ отының түтінінің бір бірімен қосылуы мүмкін емес[695]. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1305. Хабар бойынша,Ибн Аббас, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі көзді От шалмайды: Аллаһтан қорқып жылаған көзді және түнді Аллаһтың жолындағы күзетте өткізген көзді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1306. Хабар бойынша,Зайд бин Халид, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолындағы жорыққа жауынгерді саймандаған, жорыққа өзі қатысты[696], сондай-ақ жорыққа аттанғанды, жанұясындағы тіршілікте ауыстырған жорыққа қатысты. Аль-Бухари, Муслим.

 

1307. Хабар бойынша,Абу Умама аль-Бахили, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ең жақсы амалдар болып мыналар саналады: Аллаһ жолындағы шатырдың көлеңкесіне беру[697], сондай-ақ Аллаһ жолында қызметшімен қамтамасыздау[698] және боталайтын ересек түйені Аллаһ жолына беру. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1308. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аслам руынан бір жас жігіт: «Иә Аллаһтың елшісі, мен жорыққа қатынасқым келеді, бірақ менің оған қажетті ешнәрсем жоқ», - деді. Ол: «Жорыққа дайындалып, бірақ ауырып қалған пәленшеге бар», - деді. Жігіт ол адамға барып: «Саған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған бүкіл жорыққа дайындаған саймандарыңды беруді айтып жатыр», - деді. Сонда ол адам (әйеліне): «Иә пәленше, мен дайындағанның бәрін мынаған бер де, одан ешнәрсе қалдырма, Аллаһтың атымен ант етемін, ешнәрсе қалдырма, сонда Аллаһтан игілік табасың!», - деді. Муслим.

 

1309. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бану лихйан руына қарсы әскери жорық дайындап жатып былай деді: «Екі ер адамның бірі аттансын, ал саубы екеуіне бөлінеді. Муслим.

Бұл хадистің басқа нұсқасында Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

«Әр-бір екі ер адаманың бірі аттансын», - деді де, қалған адамдарға былай деді: «Сендерден кез-келгенің жорыққа аттанғанды, жанұясын игілікті істер істеп ауыстырса, саубтың жартысына ие болады».

 

1310. Хабар бойынша,Аль-Бара, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, беті темір (сайманмен қорғалған) жабылған бір адам келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, маған бірінші шайқасып, сосын Ислам қабылдаған дұрыс болады ма?», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бірінші Ислам қабылда да, сосын шайқас», - деді. Ол адам Ислам қабылдап шайқасқа шықты да, сол шайқаста қаза тапты. Сонда Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол аз істеп көп сауб тапты», - деді. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде аль-Бухаридің нұсқасы беріліп тұр.

 

1311. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шахидтерден басқа, Жәннәтқа кіргендерден ешқайсысы, егер оған жердегі (дүниенің) бәрі ұсынылса да, бұл дүниеге оралғысы келмейді. Тек шахидтер ғана, оған көрсетілген құрметті көріп, бұл дүниеге оралып (Аллаһ жолында) он рет қаза болғысы келеді.

Бұл хадистің тағы бір нұсқасында, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі:

…шахид өлімнің дәрежесін көріп.

 

1312. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Амр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ шахидке өтелмеген қарызынан басқаның бәрін кешіреді. Муслим.

Бұл хадистің тағы бір нұысқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, была деп айтқаны келтіріледі:

Аллаһ жолындағы өлім, өтелмеген қарыздан басқа барлық күнәнің кешірілуінің себебі болады.

 

1313. Хабар бойынша,Абу Катада аль-Харис бин Рибъи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біздің алдымызда ең жақсы амалдар - ол Аллаһ жолындағы күрес және Аллаһқа иман екендігін құтпасының арасында айтып өтті. Бұны естіген бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, айтшы, егер мені Аллаһ жолында өлтірсе, бұл менің күнәләрімнің кешірілуіне себеп болады ма?», – деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, егер сен сабыр сақтап, Аллаһтың сыйынан үміт етіп және артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһтың жолында өлген болсаң», - деді. Біраз уақыт өткеннен кейін, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әлгі адамнан: «Сен не дедің?», – деп сұрады. Ол тағы да: : «Ия Аллаһтың елшісі, айтшы, егер мені Аллаһ жолында өлтірсе, бұл менің күнәләрімнің кешірілуіне себеп болады ма?», – деді. Бұл жолы Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә, егер сен сабыр сақтап, Аллаһтың сыйынан үміт етіп және артқа шегінбей тек қана алға ұмтылып, Аллаһтың жолында өлген болсаң, бірақта сенің қарызың болмау керек, расында бұл жөнінде маған Жабірейіл хабар берді», - деді. Муслим.

 

1314. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бір адам: «Иә Аллаһтың елшісі, егер мен өлсем қайда боламын?[699]», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жәннәтта», - деп айтты. Сонда ол адам қолындағы жеп тұрған құрмасын лақтырып жіберіді де, шайқасқа кіріп кетіп сонда қаза тапқанша шайқасты.

 

1315. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары жолға аттанып Бадырға көпқұдайшылдардан ерте келді, ал көпқұдайшылдар көрінген кезде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сендерден ешқайсысың менен бұрын ештеңе жасаушы болмасын![700]”, - деді. Көпқұдайшылдар жақындаған уақытта Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Ені жер мен көкке тең Жәннәтқа асығыңдар”, - деді.

Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, сөзін былай жалғастырды:

Умайр бин аль-Хумам аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын: «Иә Аллаһтың елшісі, шынымен-ақ Жәннәттің ені жер мен көкке тең бе?!», - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә!», - деп жауап бергенде, Умайр: «Тамаша, тамаша!» - деді. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен неге: «Тамаша, тамаша!», - деп жатырсың?», - деп сұрады. Умайр: «Иә Аллаһтың елшісі, Аллаһтың атымен ант етемін, мен солардың бірінің тұрғыны боламын ба, деп үміттенгенімнен!», - деді. Оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, сен соның тұрғандарының бірі боласың!», - деді. Сонда Умайр қорамсабынан құрмалар алды да, оларды же бастап, аз уақыттан соң: «Расында, егер мен құрмаларымды жеп болғанша өмір сүрсем, менің өмірім тым ұзақ болып кетеді!», - деп өзінде бар құрмаларды лақтырып тастап, соғысқа кіріп кетті де, қаза болғанша шайқасты. Муслим.

 

1316. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адамдар келіп: “Бізге, бізді Құранға және Сүннетке үйрететін адмдар жіберші”, - деді де, Пайғамбар, Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға ансарлардың ішінен Құран қарилары, деп атайтын жетпіс адам жібереді, олардың ішінде менің нағашым Харам да болды. Бұл адамдар бірге Құран оқып, түнде оны зерттейтін, ал күндіз мешітке су әкеліп қоятын. Сондай-ақ олар отын жарып оны сатып, тапқан ақшаларына тамақ алып оны перде арты тұрғындары мен кедейлерге беретін. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларға, сол қариларды жібереді, бірақта жолда оларға жау шауып, олар көздеген жерлеріне жеткенше өлтіріледі[701], сонда олар өлер алдында: “Иә Аллаһ, біз Сені кездестіріп Саған риза болғандығымызды және Сенің бізге риза болғандығыңды, біздің Пайғамбарымызға хабарла!”, - деп айтып қаза болады.

Осы хадисті жеткізуші былай деді:

Бір адам Анастың нағашысы Харамның артынан келіп найзамен шаншиды, сонда ол: «Қағбаның Раббысының атымен ант етемін, мен табсықа кенелдім!», - деді. Ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, сендердің бауырларыңды өлтірді жене, расында, олар: “Иә Аллаһ, біз Сені кездестіріп Саған риза болғандығымызды және Сенің бізге риза болғандығыңды, біздің Пайғамбарымызға хабарла!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим. Бұл жерде Муслимнің нұсқасы беріліп тұр.

 

1317. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде менің Бадр соғысына қатыспаған, әкеммен бауырлас ағам, Анас бин ан-Надр, Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, мен сенің көпқұдайшылдармен соғысқан бірінші шайқасыңа қатысқан жоқпын, бірақ Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ маған олармен шайқасуға нәсіп етсе, менің олармен не істейтінімді Аллаһтың өзі көреді”, - деді.

Артынан Ухуд соғысында, мұсылмандар өздерінің орындарынан кете бастағанда, ол (нағашым), орындарынан кетіп жатқандар жайлы: “Ия Аллаһ, бұлардың осылай істеп жатқандары үшін кешірім сұраймын және Менің олардың істеп жатқандарына қатысым жоқ екендігіне, Сені куәлікке шақырамын!”, – деп айқайлады. Ол осыны айтты да алдыға қарай жылжып, алдынан кезіккен Саъд бин Муъзға: “Иә Саъд бин Муъз, Мен Жәннәтқа және Қағбаның Раббына және ан-Надырдың Раббына асығамын! Ақиқат, мен оның аңқыған жұпар иісін Ухуд жақтан сезінемін. Артынан (бұл жайында) Саъд: “Иә Аллаһтың елшісі, мен оның істегенін істей алмадым!”, – деді.

Анас сөзін былай жалғастырды:

Ал соғыстан соң біз оны, көпқұдайшылдардың оның түрін қатыгездікпен бұзып тастаған өлі күйінде таптық. Сонда оның денеснен қылыш, найза және садақтың оғынан болған жетпістен астам жараны санап шықтық. Оны бұл күйінде апасы ғана саусақтарынан таныды.

Анас сөзін былай жалғастырды:

Жоғарыдан түсірілген мына аят сол және соған ұқсас адамдар жайлы болды деп ойладық: «Мүминдерден, Аллаһқа деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады.» («Ахзап» сүресі, 23 аят) аль-Бухари, Муслим.

 

1318. Хабар бойынша,Самура, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бірде түнде түсімде, маған екі адам келіп мені мына ағашқа отырғызып бұдан да тамаша және әдемілігінен бұдан әдемі үйді көрмеген, үйге алып кірді. Сосын маған: “Бұл үй жайлы айтатын болсақ, бұл үй шахидтердің үйі”, - деді.Аль-Бухари. Бұл хадис, көптеген басқа да мәліметтер келтірілген ұзын хадистің бөлігі болып табылады, егер Аллаһ қаласы оны толығымен “Өтірікке тыйым жайлы тарауда” келтіреміз.

 

1319. Хабар бойынша,Анас бин Малик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Харис бин Сурактың, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, шешесі болған, Умм ар-Рубаййи бинт аль-Бара, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, маған Харис жайлы айтасың ба?», - деді, ол Бадрдағы соғыс болған күні қаза болған болатын – «Егер ол Жәннәттан орын тапқан болса, онда мен шыдамдылық танытамын, ал егер олай болмаса, онда мен тоқтамастан жылаймын!» Оған Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Иә Харистің анасы, расында, Жәннәтта көптеген бақтар бар, расында, сенің ұлыңа аль-Фирдауыстан ең құрметті орны бұйырды![702]», - деді. Аль-Бухари.

 

1320. Хабар бойынша,Жәбір бин Абдуллаһ, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Имансыздардың қолынан қаза тапқан және олар ұсқынын қанішерлікпен бүлдірген әкемді Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдына алып келіп қойған кезде, мен келіп оның бетінен киімді көтергім келді. Менің руластарым маған бөгет жасамақшы болды, ал Пайғмабар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Періштелер әлі оның жүзін нұрлап жатыр», - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1321. Хабар бойынша,Сахл бин Хунайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімде-кім Аллаһтан шын жүректен Аллаһ жолында қаза болуды сұраса, Аллаһ оны, ол төсегінде өлсе де міндетті түрде шахидтердің дәрежесіне жеткізеді. Муслим.

 

1322. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім шын жүректен Аллаһ жолында өлуді сұраса, ол шахид болып өлмесе де, оған шахид болып өлгеннің саубы беріледі. Муслим.

 

1323. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өлім аузындағы қиыншылықты айтатын болсақ, онда шахид (құмырсқаның) тістеуіндей ғана ауртпашылық сезінеді. Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деп келтіреді.

1324. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Абу Ауф, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жауларды кездестіргенде, күн батуға тақалғанша күтті де сосын адамдардың арасында тұрып оларға: «Иә адамдар, дұшпандарыңмен кездесуді қаламаңдар, Аллаһтан құтылуды сұраңдар, ал егер олармен кездескен болсаңдар, онда Жәннәттің, сендердің қылыштарыңның панасында екенін біліңдер!», - деді.

Сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Кітап Түсіруші, бұлттарды қимылға Келтіруші, рулар одағын Жеңуші, иә Аллаһ, оларды талқандап, бізді жеңіске алып кел! /Аллаһумма Мунзиләль-китаби, уа Мужрйиас-сахаби, хазимиль-ахзаби-һум уа ансурна ъалей-һим!/[703] аль-Бухари, Муслим.

 

1325. Хабар бойынша,Сахл бин Саъад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Екі дұға қайтарылмайды /…не өте аз қайтарылады/: намазға шақырып азан айтқанда оқылған дұға және жаумен бетпе-бет кездескен уақытта айтылған дұға. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1326. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Әскери жорыққа аттанып жатып Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейтін: “Иә Аллаһ, маған көмек көрсетуші Сенсің және Сен – Менің Қорғаушымсың, Сенің көмегіңмен ғана жылжимын, Сенің көмегіңмен ғана шабамын және Сенің көмегіңмен ғана шайқасамын!” /Аллаһумма, Анта ъабуди, уа Анта насыри, бика ахулю, уа бика асулю, уа бика акатилю!/ Бұлхадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1327. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Егер Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біреуден қауіптенген болса былай дейтін: «Иә Аллаһ, біз Сені оларға қарсы көмекке шақырамыз және Саған Олардың зұлымдығынан сыйынамыз!» / Аллаһумма инни наджъалюка фи нухри-һим уа наъузу бикә мин шурури-һим!/[704] Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

1328. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретке дейін жылқылардың кекілінен игілік /хайыр/ кетпейді[705]. Аль-Бухари, Муслим.

 

1329. Хабар бойынша,Урва аль-Барик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретке дейін жылқылардың кекілінен, о дүние үшін сауб және осы дүние үшін әскери олжа әкеліп игілік кетпейді. Аль-Бухари, Муслим.

1330. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте Аллаһқа иман келтіріп және Оның уәдесіне сеніп Аллаһ жолында жылқы ұстағанның Таразысына, сол (жылқының) бүкіл жегені мен ішкені және оның қиы мен несебі (зәрі) салынады. Аль-Бухари.

 

1331. Хабар бойынша,Абу Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ноқталы түйе алып келді де: «Мен мына түйені Аллаһ жолына беремін», - деді, ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ахіретте бұл үшін саған жеті жүз түйе болады және олардың әр қайсысы ноқталы болады!», - деді. Муслим.

 

1332. Хабар бойынша,Абу Хаммад (сондай-ақ оның лақаб есімін – Абу Сауъад, сондай-ақ – Абу Әмір, сондай-ақ – Абу ЪАмир, сондай-ақ – Абуль-Асуад, сондай-ақ – Абу ЪАбс, делінеді), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің мінберде тұрып былай деп айтқанын естідім: «Және оларға қарсы қанша күш жинай аласыңдар, сонша күш жинаңдар, ал күш жайлы айтатын болсақ, онда, расында, ол - атыста, расында, ол - атыста, расында, ол – атыста!» Муслим.

 

1333. Хабар бойынша,Уқба бин Әмір аль-Джухфани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге көп жерлер беріледі және Аллаһ сендерді дұшпандарыңнан қорғайды, сондықтан сендерден ешқайсысың садақтарымен ойнауларын (шынығуын) қоймасын! Муслим.

 

1334. Хабар бойынша,Уқба бин Әмір аль-Джухфани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Садақтан оқ атып үйреніп, содан кейін одан бас тартқан адам бізден емес /…не болмаса бағынбаушылық танытты/. Муслим.

 

1335. Хабар бойынша,Уқба бин Әмір аль-Джухфани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, бір оқ (жебе) үшін Аллаһ үшеуді Жәннәтқа кіргізеді: оны игіліктен үміттеніп жасағанды, оны атқанды, сондай-ақ оны атушыға берушіні. Садақтан оқ атыңдар және көлікпен жүріңдер, дегенмен сендердің атуларыңды көлікпен жүргендеріңнен артық жақсы көремін. Ал садақтан оқ атып үйреніп сосын оны қаламай бас тартқан адам жайлы айтатын болсақ, онда ол мейірімнен бас тартты /не: …ол үшін алғысын айтпады/ Абу Дауд.[706]

 

1336. Хабар бойынша,Салама бин аль-Ақуа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бріде, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оқ атумен жарысып жатқан адамдардың жанынынан өтіп бара жатып: «Атыңдар, иә Исмайылдың балалары, өйткені сендердің әкелерің атқыш болған!», - деді. Аль-Бухари.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.