Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 16 страница



1337. Хабар бойынша,Әмір бин Абс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында оқ атқанның оғы құл азат еткенмен тең. Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1338. Хабар бойынша,Абу Йахй Хурайм бин Фатик, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында бір нәрсе жұмсағанға, ол үшін жеті жүз есе жазылады.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

1339. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында күні бойы ораза ұстағанның жүзін, Аллаһ міндетті түрде, сол күн үшін Оттан жеті жүз жылға алыстатады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1340. Хабар бойынша,Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ жолында күні бойы ораза ұстағанның жүзін, Аллаһ Тозақтың жалынынан, ұзындығы көк пен жердей ормен бөледі. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1341. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім Аллаһ жолында шайқаспай, не болмаса өзіне Аллаһ жолында шайқасу керектігін айтпай (ойламай) өлсе, онда ол екі жүзділіктің бір көрініснен арылмай өлгені. Муслим.

1342. Хабар бойынша, Абу Абдаллаһ Жабір бин Абдаллаһ аль-Ансари, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге қатысқан бір жорықта, ол былай деді: “Шын мәнінде, сендер қай жолмен жүрсеңдер де, қандай қырдан ассаңдар да, Мединалықтардың арасында ауырып жорыққа шыға алмағандар, бәрібір сендермен бірге болды.

Бұл хадистің басқа хабарында оның былай деп айтқаны келтіріледі:

"...әрдайым сендермен бірге сауабты бөлісіп отырды". Муслим.

Аль-Бухаридің Анастан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген хабарында, оның былай деп айтқаны келтіріледі:

Біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук соғысынан қайтып келе жатқанымызда, былай деді: "Шындығында, біздің артымызда, Мединада орынды себептермен қалған адамдар бар, бірақта олар біз қайсы бір таулы жолмен жүрсек те, қай бір қырдан ассақ та олар бізбен бірге болды[707].

 

1343. Хабар бойынша, Абу Муса Абдуллаһ бин Каис аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір бәдәуи: “Иә Аллаһтың елшісі, бір адам әскери олжа үшін соғысады, басқасы атақ үшін, ал үшіншісі көрер-көзге…”

Бұл хадистің Сахихтердің екеуінде де келтірілген тағы бір нұсқасында, ол бәдәуи былай дейді:

…біреу өзінің батырлығы үшін шайқасады, әлде біреу ашу-ыза ықпалымен шайқасады, тағы біреу ынтасымен[708] шайқасады…

Бұл хадистің үшінші бір нұсқасында, бәдәуидің былай дегені айтылады:

“…бұлардың бірі ашу-ыза ықпалымен шайқасады, сонда бұлардың қайсысы Аллаһ жолында саналады?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап берді: "Кім Аллаһтың сөзі жоғары болу үшін шайқасса, сол Аллаһтың жолында соғысқан болады." Аль-Бухари, Муслим.

1344. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Әмр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кез-келген жорықтың жауынгерлері сапарға шығып әскери олжаны алып түссе (аман есен келсе), оларға уәде етілген сыйдың үштен бірін алдын-ала (осы өмрлерінде-ақ) алады, ал кез-келген жорықтың сапарға шығып сәтсіздікке ұшырыған не болмаса жолы болмаған жауынгерлері жайлы айтатын болсақ, онда олар, өздеріне уәде етілген сыйды (сауабты) толығымен алады[709]. Муслим.

 

1345. Хабар бойынша, Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам: “Иә Аллаһтың елшісі, маған сапарға шығуға рұқсат берші”, - деді. Бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын; “Расында менің үмметім үшін сапар - ол Ұлы Аллаһ Тағалаынң жолындағы күрес!”, - деді.Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1346. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Әмр бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Оралу әскери жорыққа тең. Бұл хадисті жақсы иснадпен Абу Дауд келтіреді.

Бұл жерде біткен соң әскери жорықтан оралу жайлы айтылып жатыр. Яғни, әскери жорықтан оралғанның сауабы, сол жорыққа қатысқанның сауабымен тең, ол екеуі үшін де сауаб табады.

1347. Хабар бойынша,Ас-Саъиб бин Йазиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук жорығынан оралған кезде адамдар оны қарсы алып жатты, ал мен болсам оны басқа балалармен Санийат ал-Уадаъта[710] қарсы алдым. Бұл хадисті дәл осы күйінде сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

Бұл хадисті аль-Бухари да келтіреді. Оның нұсқасында Ас-Саъиб бин Йазиб, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дейді:

Біз басқа балалармен бірге Аллаһтың елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарсы алуға Санийат ал-Уадаъқа бет алдық.

 

1348. Хабар бойынша,Абу Умама, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім әскери жорыққа өзі қатыспаса, не болмаса сондай жорыққа қатысушыны саймандамаса, не болмаса олардың жанұясына көмек жасамаса, Аллаһ (ондайларға) Ахірет күні келгенше апат жібереді. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1349. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Көпқұдайшылдармен өздеріңнің дүниелеріңмен шақасыңдар, өздерің шайқасыңдар және тілдеріңмен шайқасыңдар. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1350. Хабар бойынша,Абу Әмір (сондай-ақ оның лақаб атын Абу Хаким, деп те айтады), оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шайқасты күннің басында бастамай, оны күн ұясына қарай жылжығанша және жел көтерілгенше шегергенін көрдім, сонда оған көмек жіберілетін.Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1351. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Дұшпандарыңмен жолығуды қаламаңдар және Аллаһтан құтылуды сұраңдар, ал егер олармен кездесуге мәжбүр болсңдар, онда шыдамдылық танытыңдар. Аль-Бухари, Муслим.

 

1352. Хабар бойынша,Абу Хурайра және Жәбір, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Соғыс – ол алдау[711]. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

О дүниеде шахидтердің дәрежесіне жететін адамдар жайлы, сондай-ақ ондай адамдардың шахидтерден өзгешелігі жерлегенде жуып жаназа намазы оқылатындығы жайлы.

 

1353. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Бесеуі шахид саналады: обадан өлген, іш ауыруынан өлген, суға батқан, үйдің құлауынан өлген және Аллаһ жолында өлген. Аль-Бухари, Муслим.

 

1354. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларынан: “Сендер кімді шахид санайсыңдар?”, - деп сұрады. Олар: “Иә Аллаһтың елшісі, кімді Аллаһ жолында өлтірсе, сол шахид саналады”, - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда менің үмметімде шахидтер аз болады!”, - деді. Олар: “Онда олар кімдер, иә Аллаһтың елшісі?”, - деп сұрады. Ол: “Аллаһ жолында өлтірілген шахид саналады, Аллаһ жолында өлген шахид саналады[712], сондай-ақ обадан өлген шахид саналады, сондай-ақ іш ауруынан өлген шахид саналады, және суға батып өлген шахид саналады”, - деді. Муслим.

 

1355. Хабар бойынша,Абдуллаһ бмн Әмір бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Өзінің дүниесін қорғап өлген кез-келген шахид саналады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1356. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жәннәт туралы қуанышты хабарды естіген он адамның бірі Абуль Аъвар Саъид бин Зайд бин Әмір бин Нуфайль, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімді өзінің дүниесін қорғап жатқан кезінде өлтірсе шахид саналады, сондай-ақ кім өзінің өмірін қорғап жатып өлсе шахид саналады, сондай-ақ кім өзінің дінін қорғап жатып өлсе шахид саналады, сондай-ақ кім өзінің жанұясын қорғап жатып өлсе шахид саналады. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

 

1357. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: “Иә Аллаһтың елшісі, маған айтшы, егер маған біреу келіп менің дүниемді тартып алмақшы болса, мен не істеуім керек?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Оған дүниеңді берме”, - деді. Адам: “Ал егер ол маған тап берсе ше?”, - деді. Ол: “Онымен шайқас”, - деді. Адам: “Айтшы, ал егер ол мені өлтірсе?”, - деп сұрады. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Онда сен шахид боласың”, - деді. Адам: “Ал егер мен оны өлтірсем ше?”, - деп сұрады. Ол: “Онда ол Тозаққа түседі”, - деді. Муслим.

 

 

ТАРАУ

Құл босатудың (азат етудің) қасиеті жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Сонда ол кедергіні асуға тырыспады. Кедергінің не екенін қайдан білесің? Ол, құл азат ету.» «Бәләд» сүресі, 11-13 аяттар.

 

1358. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі. Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған былай деді: “Егер кімде-кім құл азат етсе, Аллаһ сол құлдың әр-бір дене мүшесі үшін оның дене мүшесін Оттан азат етеді, керек десеңіз ұятты жерлері үшін ұятты жерлерін”. Аль-Бухари, Муслим.

 

1359. Хабар бойынша,Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде мен Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә, Аллаһтың елшісі, қандай амал ең жоғары саналады?”, - деп сұрадым. Ол: “Аллаһқа иман және Аллаһ жолындағы күрес”, - деді. Мен: “Ал қандай құл бәрінен жақсы?[713]”, - деп сұрадым. Ол: “Иелері ең жоғары бағалайтын және иелеріне ең қымбат түскендері”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Құлға жақсылық көрсетудің қасиеті жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға[714] жақсылық қылыңдар…»» «Ниса» сүресі, 36 аят.

 

1360. Хабар бойынша,аль-Маърур бин Суайд былай деді:

Бірде мен құлының киіміндей киім киіп алған Абу Зарды, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, көріп, одан оның себебін сұрадым, сонда ол маған Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өмірі кезінде бір адамды шыққан тегіне қарай шешесін бетіне басып ұрысқанын айтып[715], ал Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның айтқан сөздерін есітіп, былай деп айтқанын айтты: “Расында сен – бойында жәһілеттің қалдықтарының бірі қалған адамсың! Расында, сендердің құлдарың Аллаһтың сендерге тәуелді еткен бауырларың және қызметшілерің болып табылады, сондықтан сендерден кім бауырларының бірімен иеленсе, онда оны өзі не жесе сонымен тамақтандырсын, сондай-ақ өзі не кисе соны оған да киіндірсін, сондай-ақ олардың күштері жетпейтін істі оларға тапсырмаңдар, ал егер тапсырсаңдар, онда оларға көмектесіңдер!" Аль-Бухари, Муслим.

 

1361. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Егер сендердің қайсыларыңв қызметшілерің тамақ алып келсе, оны дастархан басына отырғызбаса, онда кем дегенде тамақтан бір екі асам жегізсін, өйткені ол оны дайындадады. Аль-Бухари, Муслим.

238 ТАРАУ

Аллаһтың сондай-ақ қожайындарының хақысын орындайтын құлдың қасиеті жайлы.

 

1362. Хабар бойынша,Ибн Омар, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, егер құл өзінің қожйынына адал болса және Аллаһқа дұрыс құлшылық ететін болса, ол екі есе сауаб табады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1363. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Діндар бас бостандығы жоқ құлға екі есе сауаб дайындалған.

Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Абу Храйрараның жаны қолында Болғанның атымен ант етемін, егер Аллаһ жолындағы күрес, сондай-ақ Қажылық және менің шешеме байланысты жақсы қарым қатынас болмаса, онда, расында, мен құл болып өлуді қалар едім! Аль-Бухари, Муслим.

 

1364. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Раббысының алдында дұрыс құлшылық етіп және қожайынының хақысын адал әрі бұлжытпай орындаған бас еркіндігі жоқ (құлға) екі есе сауап дайындалған.

 

1365. Хабар бойынша,Абу Муса аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Үшеуге екі есе сауап дайындалған: өзінің Пайғамбарына, сосын Мухаммадқа иман келтірген Кітап иелерінің ішіндегі адамға, Аллаһқа және өзінің қожайынына қатысты хақыларын орындаған бас бостандығы жоқ құлға, сондай-ақ қол астында күңі болып, оны жақсылап тәрбиелеген, сондай-ақ оған білім берген, ал сосын оны босатып оған үйленген адамға, - осылардың бәріне екі есе сауап дайындалған. Аль-Бухари, Муслим.

 

 

ТАРАУ

Тыныш емес уақытта, ал дәллірек айтсақ тәртіпсіздік, фитна қаптаған уақытта және осыған ұқсас уақыттарда құлшылық етудің қасиеті жайлы.

 

1366. Хабар бойынша,Мқыл бин Йаср, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Тынышсыз уақытта құлшылық еткен маған хижра (көш) жасағанмен тең. Муслим.

ТАРАУ

Сауда жасаушы, алушы және беруші адмның кеңшілік жасағанның қасиеті, сондай-ақ қарызды төлеп оны талап еткенде кеңшілік көрсетудің қасиеті, сондай-ақ көбірек таразылу және көбірек өлшеудің жақсылығы, сондай-ақ таразылығында кемітуге тыйым салнығандығы, сондай-ақ мүмкіншілігі бар адамның қарыз өтеушіге қарыз өтеу уақытын созу және оны кешірудің қасиеті жайлы.

Аллаһ Тағала айтты:

«Хайырдан не істесеңдер күдіксіз Аллаһ оны біледі» «Бақара» сүресі, 215 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Иә елім! Өлшеуді таратуды толық орындаңдар, адамдардың нәрселерін кемітпеңдер!…» «Худ» сүресі, 85 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Өлшеу тартуда кеміткендерге нендей өкініш! Олар қашан өлшеп алса толық өлшеп алады да. Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді. Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма? Ол зор күн үшін? Ол күні адамдар, бүкіл әлемнің Раббының алдында тұрады.» «Мутаффифун» сүресі, 1-6 аяттар.

1367. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, дөрекі түрде қарызының қайтарылуын талап ете бастады[716]. Сахабалар оны бұл қылығы үшін сазайын тарттырмақшы болды, бірақ Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Оны қойыңдар, расында хақысы бардың, сөйлеуге де хақысы бар”[717], - деді. Сосын ол: “Оған оның түйесінің жасындай түйені қайтарып беріңдер”, - деді. Адамдар: “Біз тек қана оның түйесінен жасы үлкен түйені ғана қарастыра аламыз”, - деді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Оған ол түйені беріңдер, расында, қарызын жақсы түрде қайтаратындар, араларыңдағы жақсыларың болып саналады!”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1368. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сатқанда, сатып алғанда және қарызын қайтаруын талап еткенде кеңшілік көрсеткен адамды, Аллаһ мейіріміне бөлесін! Аль-Бухари.

 

1369. Хабар бойынша,Абу Қатад, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімді Аллаһтың Ахіретте қасіреттен құтқаруы қуандыратын болса, онда ол қиыншылыққа тап болғанға (көмек жасап) жеңілдетсін не оны кешірсін. Муслим.

 

1370. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдарға жиі қарыз беруші бір адам, қызметшісіне: “Қиыншылыққа тап болған адамға келсең оны кешре сал, бәлкім Аллһ та бізді кешіреді”, - дейтін. Ол Адам Аллаһты кездестіргенде, Ол оны кешірді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1371. Хабар бойынша,Абу Масъуд аль-Бадр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сендерге дейін өмір сүрген бір адамнан есеп алған кезде, оның қаражатты адам болып адамдармен көп істер жасап сол кезде адамдар қиындыққа тап болған кезде, қызметшілеріне оларды кешіре салуын бұйырғаннан басқа игілігті істері болмапты, сонда Ұлы Аллаһ Та,ала: “Біздің мұндайға[718], оған қарағанда хақымыз (қабілетіміз) көбірек, оны жайына қойыңдар!!. – деді. Муслим.

 

1372. Хабар бойынша,Хузайфа, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Аллаһ Тағалаға, Ол байлық нәсіп еткен құлын алып келеді де, Ол одан: “Сен жердегі өміріңде не істедің?”, - деп сұрайды, ал олар болса еш нәрсені жасыруға шамалары келмейді. Жауап ретінде ол: “Иә Раббым менің, Сен маған байлық сыйладың да, мен болсам адамдармен сауда істерін жүргіздім. Маған кешірім жасаушылық бейім болды және мен қаражатты адамдарға жеңілдік жасайтынмын және қиыншылыққа тап болған адамға қарызының мерзімін ұзартатынмын”, - деді. Сонда Аллаһ Тағала: “Менің ондайға, оған қарағанда хақым (қабілетім) көбірек, менің құлымды (еркіне) қойыңдар!”, - дейді.

Уқба бин ЪАмиір және Абу Масъуд, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дейтін:

Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, аузынан бұл сөздерді дәл осылай естігенбіз. Муслим.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.