Здавалка
Главная | Обратная связь

Не деу керектігі жайында. 17 страница



 

1373. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім қиыншылыққа тап болғанның қарызын өтеуге уақытын ұзартса, не болмаса оны кешірсе, ондай құлды Аллаһ тағала көлеңкелер болмаған күні Өзінің Күрсісінің (Тағының) төлеңкесіне алады. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1374. Хабар бойынша,Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Кезінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, менен түйе сатып алып оның ақшасын өлшеп бергенімен қоса оның үстінен кішкене қосып берді. Аль-Бухари, Муслим.

 

1375. Хабар бойынша,Абу Сафуан Сууайд бин Қайс, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде біз Махрама аль-Ъабдимен бірге Хаджардан киім алып келдік, сонда бізге Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп бізден сатып алмақшы болып (ауы кең) шалбар алатын болып келісті. Ал менде ақыға өзінің ісімен айналысатын таразшы болды, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сол таразшыға: “Көбірек өлше”, - деді.Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

БІЛІМ КІТАБІ

 

ТАРАУ

Білімнің қасиеті жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«… “Раббым! Білімімді арттыр“, - де.» «Та-ха» сүресі, 114 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…оларға: “Білгендер мен білмегендер тең бола ма?”, - де…» «Зүмәр» сүресі, 9 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Аллаһ сендерден сондай иман келтіргендердің, білім бергендердің дәрежелерін көтереді…» «Мужадәле» сүресі, 11 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында, құлдарынан ғалымдары, Аллаһтан қорқады» «Фатыр» сүресі, 28 аят.

 

1377. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамдардың екі түрлі қасиетіне ғана қызығуға болады, олар: Аллаһ оларға көп байлық беріп, оны дұрыс жолға соңына дейін жұмсағандар және Аллаһ оларға көп білім (ақыл) беріп онымен басшылық еткендер және оны басқаларға үйреткендер. Аль-Бухари, Муслим.

 

1378. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһтың менімен адамдарға жіберген басшылығы мен білімі, жерге түскен жаңбыр секілді. Ол жердің бір бөлігі құнарлы болды да, ол өзіне түскен суды сіңіріп алып, оның үстінде көптеген өсімдіктер мен шөптер өсті. Ал басқа бір жер қатты болды да, ол өзінің үстінде суды ұстап қалып, одан адамдар ауыз су алып, малдарын және егістерін суғара бастады. Жаңбыр жердің тегіс бөлігіне де түсті, онда су не тұрмады, не оның үстінде еш нәрсе өспеді. Бұл (мысалдағы) жердің бөліктері, Аллаһтың дінін қабылдаған адамдар секілді, олар Аллаһтың менімен жібергенін сіңіріп, өздері пайда тапты және өзгелерді үйретті, ал басқа бөлігі (жердің тегіс су тоқтамаған бөлігі секілді) не дінді өздері қабылдамады және Аллаһтың менімен жіберген басшылығын да мойындамады. Аль-Бухари, Муслим.

 

1379. Хабар бойынша,Абу Муса, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Сондай-ақ, Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды болса да тура жолға алып шықса, бұл сен үшін қызыл түйелерді иеленегеннен де жақсырақ болады![719] Аль-Бухари, Муслим.

 

1380. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Білім үшін қай-бір жолға шыққан адамның, Аллаһ Жәннәтқа баратын жолын жеңілдетеді. Муслим.

 

1382. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Дұрыс жолға шақырушылар, өздерінің артынан ерген бүкіл адамдардың сауабындай сауаб табады, және де ол адамдардың сауабын кемітпейді.Муслим.

 

1383. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адам өлген кезде оның үшеуден басқа барлық амалдары тоқтайды: үздіксіз садақа[720], басқалар қолдана алатын білім[721], не артынан ол үшін Аллаһқа дұға жасап сұрайтын діндар балалары. Муслим.

1384. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһты еске алғаннан басқа және соған жақын істерден басқа және білуші мен білім алушыдан басқаның бәрі бұл дүниеде лағынеттелген және бұл дүниеге лағынет тиген. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1385. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Білім жолына шыққан адам, (сол жолдан) оралғанша Аллаһ жолында саналады.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.[722]

 

1386. Хабар бойынша,Абу Саъид аль-Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Иманды Жәннәтқа жеткенше игілікке тоймайды.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.[723]

 

1387. Хабар бойынша,Абу Умам, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Білімді мен (білімсіз) құлшылық етушінің айырмашылығы менімен сендердің араларыңдағы ең төменгінің айырмашылығындай.

Сосын Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

Аллаһ, Оның періштелері, аспан тұрғындары мен жер тұрғындары, керек десеңіз ініндегі құмырсқа да және теңіздегі китке дейін жақсылық үйретушілерге игілік тілейді.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1388. Хабар бойынша,Абу Дарда, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім білім іздеп қай-бір жолға шақса, Аллаһ оның Жәннәтқа баратын жолын жеңілдетеді, сондай-ақ, расында, періштелер білім іздеушіге, өздерінің ризашылықтарын білдіріп, білім іздеушінің үстінен қанаттарын тосады, сондай-ақ, расында, білім іздеуші үшін аспан мен жер тұрғындары және керек десеңіз судағы кетке дейін, кешірім тілейді! Ал білімді мен (жәй) құлшылық етушінің айырмашылығы жайлы айтатын болсақ, онда ол айдың аспандағы басқа жарқырауықтардан (жұлдыздардан) үстемдігіндей, сондай-ақ, расында, білім иелері пайғамбарлардың мұрагарлері, ал пайғамбарлар мұраға не динар, не дирхем қалдырмайды, бірақ олар мұраға білім қалдырады, ал кім оны тапса, ол ұлы игілік тапты. Абу Дауд, ат-Тирмизи.

1389. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Біз бір нәрсе естіп, оны сол қалпында басқаға жеткізген адамды да Аллаһ қуандырсын, өйткені бұл айтқанды жеткізушіден естіген, жеткізушінің өзінен артық түсінуі мүмкін. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1390. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кімнен білім сұралып, ал ол болса оны жасырса, ондай (адам) Ахіретте отты ауыздықпен ауыздықталады.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1391. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ұлы Аллаһ Тағаланың дидарына талпыну үшін іздеп табатын білімді, осы дүние тіршілігінің мақсаттырының бірі үшін іздеген, Ахіретте Жәннәттің жұпар иісін сезбейді де. Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтуреді.

 

1392. Хабар бойынша,Абдуллаһ Әмір бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ білімді, адамдардан алып, білімді кетірмейді, бірақ Ол, білімді адамдарды Өзіне алып, білімді кетіреді, ал Ол ешбір білімдіні қалдырмаған уақытта, адамдар өздеріне надан адамдардан басшы қояды да, оларға сұрақтарымен келе бастайды, ал олар болса білімсіз шешім қабылдай бастайды, бұның аяғы өздері адасып және басқаларды адастырумен бітеді. Аль-Бухари, Муслим.

 

АЛЛАҺТЫ ҰЛЫҚТАУ МЕН ОҒАН РИЗАШЫЛЫҚ (ШҮКІРЛІК) БІЛДІРУ ЖАЙЛЫ КІТАП

 

ТАРАУ

Аллыһты ұлықтап Оған ризышылық(шүкірлік етідің)білдірудің қасиеті жайлы.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Енді, Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік қылыңдар…» «Бақара» сүресі, 52 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сол уақытта Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер арттыра беремін. Ал егер қарсы келсеңдер азабым қатты», - деп жариалады» «Ибраһим» сүресі, 7 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Барлық мақтау, бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігі болмаған сондай-ақ әлсіздіктен көмекшісі болмаған, Аллаһқа лайық, де. Және Оны ұлықта» «Ісра» сүресі, 111 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«…және олардың дұғаларының соңы. «Барлық мақтау әлемдердің Раббы Аллаһқа тән», - деу болады» «Юнус» сүресі, 10 аят.

 

1393. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Миғраж сапары кезінде Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, біріне шарап, ал екіншісіне сүт құйылған екі ыдыс беріледі, сонда ол екуінен сүт құйылғанын алады, сонда Жебірейіл, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Сені жаратылыстың бейімділігіне туралаған Аллаһқа мадақ, өйткені, егерде сен шарапты алғаныңда, үмметің тура жолдан таяр еді!”, - деді. Муслим.

 

1394. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кез келген маңызды іс “Аллаһқа мадақ!” /Әль-хамду ли-Лаһи!/, деп басталмаса, толық болмайды. Бұл жақсы хадисті Абу Дауд және басқа да мухаддистер келтіреді.[724]

 

1395. Хабар бойынша,Абу Муса Аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Аллаһ құлының баласы өлген кезде, Аллаһ Тағала, Өзінің періштелерінен: “Менің құлымның баласын сендер алдыңдар ма?”, - деп сұрайды, сонда олар: “Иә”, - деп жауап береді. Сосын Ол: “Сендер оның жүрегінің жемісін алдыңдар ма?”, - деп сұрайды. сонда олар: “Иә”, - деп жауап береді. Сонда Ол: “Менің құлым не деді?”, - деп сұрайды. Оған олар: “Ол Саған мақтаулар айтып: “Расында, біз Аллаһқа тиесіліміз және оған ораламыз!” /Инна ли-Лаһи уа инни иләйһи раджиъуна!/[725], - деп айтты”, - дейді. Сонда Аллаһ Тағала: “Менің құлыма Жәннәттан үй салыңдар да, ол үйді “Мадақ үйі”, деп атаңдар”, - дейді. Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1396. Хабар бойынша,Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында Аллаһ, құлының әрбір ішкен жұтымы үшін және әр бір жеген бөлігі үшін мақтаулар айтқанға, міндетті түрде риза болады. Муслим.

 

ПАЙҒАМБАРҒА, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ИГІЛІК ТІЛЕУ[726] ЖАЙЛЫ КІТАП.

 

ТАРАУ

Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, игілік тілеуді(салауат айтудың) қасиеті жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Расында Аллаһ, пайғамбарға рахым етеді және періштелер салауат айтады. Иә мүминдер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер» «Ахзап» сүресі, 56 аят.

 

1397. Хабар бойынша,Абдуллаһ бин Әмір бин аль-Ас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім маған бір рет игілік тілесе, оны Аллаһ он рет игіліктейді. Муслим.

 

1398. Хабар бойынша,Ибн Масъуд, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Ахіретте басқаларына қарағанда маған ең жақын тұратындар, маған ең көп игілік тілегендер (салауат айтқандар) болады. Ат-Тирмизи бұл хадисті “Жақсы хадис”, джеп келтіреді.[727]

 

1399. Хабар бойынша, Аус бин Аус, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Расында, жұма сендердің күндеріңнің ішіндегі ең жақсысы саналады, сондықтан сол күні маған көбірек салауат айтыңдар, өйткені расында сендердің салауаттарың маған көрсетіледі”, - деді. Адамдар: “Иә Аллаһтың елшісі, сен шіріп кеткенде біздің салауттырымыз саған қалайша көрсетілмек?”, - деп сұрады, сонда ол: “Расында, Ұлы Аллаһ Тағала пайғамбардардың денесін жерге харам етті[728]”, - деді.Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтуреді.

 

1400. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Менің атым аталып, бірақ маған салауат айтпаған адамға қорлық келсін!Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы хадис”, деп келтіреді.

 

1401. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Менің қабіріме зиярат жасауды мереке етіп алмаңдар, маған салауат айтыңдар, өйткені, расында, сендер қай жерде болсаңдар да, салауаттарың маған жеткізіледі.Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтіреді.

 

1402. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Кім маған менің өлімімнен кейін сәләм айтатын болса, мен оған жауап беруім үшін Аллаһ міндетті түрде маған жанымды қайтарып отырады.Бұл хадисті сенімді иснадпен Абу Дауд келтуреді.

 

1403. Хабар бойынша,Али, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Оның көзінше менің атым аталып, маған салауат айтпаған сараң болып табылады.Бұл хадисті ат-Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1404. Хабар бойынша,Фадаля бин Убайт, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адамның Аллаһқа мақтаулар айтпай және Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын салауат айтпастан Аллаһтан сұрап дұға жасап жатқанын есітіп: “Мына адам асығып жатыр!”, - деді де, сосын ол адамды /…не басқа бір адамды/ өзіне шақырып алып былай деді:

“Сендерден кім Аллаһтан сұрап дұға жасамақшы болса, онда (дұғасын) Өзінің Пәк Раббына мақтаулар айтудан бастасын, сосын Пайғамбарға” – оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын – “ салауат айтсын, ал содан кейін не сұрағысы келсе де сұрай берсін”. Бұл хадисті ат-Тирмизи мен Абу Дауд “Жақсы әрі сенімді хадис”, деп келтіреді.

 

1405. Хабар бойынша,Абу Мухаммад Қаъб бин Ъуджр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге келді де біз: “Иә Аллаһтың елшісі, саған қалай сәлем беру керек екендігін біз енді білеміз, бірақ біз сен үшін Аллаһтан қалай дұға сұраймыз?”, - дедік. Бұған ол былай деді: “Иә Аллаһ, Мухаммад пен Мухаммадтың жанұясын, Ибраһимнің жанұясын игіліктегеніңдей игілікте, Сен – мадаққа лайық, Жоғарысың! Иә Аллаһ, Мухаммад пен Мухаммадтың жанұясын, Ибраһимнің жанұясын берекелегеніңдей берекеле, Сен – мадаққа лайық, Жоғарысың! /Аллаhумма солли ъала Мухаммадин уа ъала али Мухаммад, кама солеита ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим. Иннака хамидуммажид. Аллаhумма барик ъала Мухаммадин уа ъала али Мухаммад, кама баракта ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим. Иннака хамидуммажид!/ аль-Бухари, Мулим.

 

1406. Хабар бойынша,Абу Масъуд аль-Бадри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Біз Саъад бин Убаданыңкінде отырғанымызда бізге Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын келді, сонда Башир бин Саъад оған: “Аллаһ Тағала бізге саған игілік айтуды әмір етті, иә Аллаһтың елшісі, сонда біз саған қалай игілік айтуымыз керек?”, - деді. Осыдан кейін Аллаһтың елшісінің ұзақ үндемегені сонша, біз оған сондай сұрақ қойғанына өкіне бастадық, бірақ біраздан соң Аллаһтың елшісі былай деді:

Былай деңдер: “Иә Аллаһ, Мухаммад пен Мухаммадтың жанұясын, Ибраһимнің жанұясын игіліктегеніңдей игілікте және Мухаммад пен Мухаммадтың жанұясын, Ибраһимнің жанұясын берекелегеніңдей берекеле, Сен – мадаққа Лайық, Жоғарысың! /Аллаhумма солли ъала Мухаммадин уа ъала али Мухаммад, кама солеита ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим уа барик ъала Мухаммадин уа ъала али Мухаммад, кама баракта ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим. Иннака хамидуммажид!/,- ал сәлем жайлы айтатын болсақ, онда ол туралы сендер білесіңдер. Муслим.

 

1407. Хабар бойынша,Абу Хумайд ас-Саъди, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Адамдар Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “Иә Аллаһтың елшісі, біз саған қалай игілік тілеуіміз керек?”, - деп сұрады. Ол былай деп жауап берді: “Иә Аллаһ, Мухаммад пен оның әйелдеріне және оның ұрпағын, Ибраһимнің жанұясын игіліктегеніңдей игілікте және Мухаммад пен оның әйелдеріне және оның ұрпағын, Ибраһимнің жанұясын берекелегеніңдей берекеле, Сен – мадаққа Лайық, Жоғарысың! /Аллаhумма солли ъала Мухаммадин, уа ъала азуаджиһи уа зуррийатиһи кама солеита ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим уа барик ъала Мухаммадин уа ъала азуаджиһи уа зуррийатиһи, кама баракта ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим. Иннака хамидуммажид!/ Аль-Бухари Муслим.

 

АЛЛАҺТЫ ЕСКЕ АЛУ СӨЗДЕРІ ЖАЙЛЫ КІТАП

ТАРАУ

Аллаһты еске алудың қасиеті және еске алуға талпындыру жайында.

 

Аллаһ Тағала айтты:

«Әрине Аллаһты еске алу, аса ірі нәрсе.» «Ғанкабут» сүресі, 45 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын» «Бақара» сүресі, 152 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыңа іштей жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі-кеш (таң ертең және кешке) зікір ет. Сондай-ақ қаперсіздерден болма» «Ағраф» сүресі, 205 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сондай-ақ Аллаһты көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар.» «Жұма» сүресі, 10 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Сөз жоқ, мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдер, мүмин ерлер және мүмин әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және ұятты жерлерін қорғаушы әйелдер, Аллаһты көп зікір етуші ерлер және әйелдер. Аллаһ бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі.» «Ахзап» сүресі, 35 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Иә мүминлер, Аллаһты көп зікір етіңдер. Оны ертелі-кеш (таң ертең және кешке) пәктеңдер» «Ахзап» сүресі, 41-42 аяттар.

 

1408. Хабар бойынша,Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.